Ассаламуғалайкум уа рахматуллаһу уа баракатуһ! Алла разылыгы үшңн сұрағым бар еди, мен ӘльхамдулиЛләһ намаз бастағаныма жарты жыл болды. Аллаһқа шүкір, жасым 18-де мен нәпіл намаздарын оқыған кезде мысалы үшін, 2 ракағат оқысам қаза еткен бамдат намазының қазасын жане осы нәпіл намазын бірге оқуға ниет етем немесе 4 ракағат оқыса қаза еткен 4 ракағаттан тұратын парыз намазымның атын айтып сол нәпіл намазына да ниет етем. Мен ИншАллаһ! сол намазымның қазасын өтеп нәпіл намазында оқыған боламын ба?
Жеңіс
Уағалейкумуссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Жеңіс, бір топ ғалымдар, діннен хабарсыз немесе намаздың парыз екендігін білмейтін кезінде оқылмаған қаза намаздарды өтемейді, шынайы тәубе жасауы тиіс деп санаған. Жалпы, ниет ету – намаздың бір парызы. Сондықтан, намаз парыз болса парыз деп, қазасы болса қазасы деп, нәпіл болса нәпіл деп ниет ету керек. Демек, әлгі 4 немесе 2 ракағаттан оқыған намаздарыңыз нәпіл деп ниет етсеңіз нәпіл, қазасы деп ниет етсеңіз қазасы болады.