Ислам асыл дініміз

Ассалаумағалейкум! Менің намаз үйреніп жүргеніме екі күн болды. Алла қабыл еткей! Менің жұмысымда әдемі киініп, боянып жүру керек. Жұмыста үш парыз намазымды (Бесін, Аср, Шам намаздарын) оқысам, ал екі парыз намазымды (Таң және Құтпан намазын) үйде оқып жүрмін. Намаз оқыған кезімде киімімді ауыстырамын. Әр намаз үшін дәрет алғанда, бетіммен бірге көзімде жуылып, соңынан қайтадан боянуға тура келеді, жалпы, күніне үш рет жуамын, үш рет боянамын. Сұрайын дегенім, бетімді жуғанымда көзімдегі бояуларды түгел жуып тастауым керек па, әлде көзді толық жумай-ақ қойса бола ма?

Айгерім

 

Уағалейкумуссалам! Айгерім, Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімдегі Нұр сүресінің 31 аятында «Зейнеттерін керсетпесін!»  деп бұйырған. Аталмыш аяттағы «әз-Зинату» сөзінің мәнін зерттей келе әйгілі тәпсірші ғалым Мухаммәд әл-Құртуби (р.а.): «Зейнет екі түрлі болуы мүмкін. Біріншісі түр-сипатының әсемдігі сияқты табиғи зейнет. Екіншісі киіну, бояну, сүрме жағу яки әшекейлер тағу сияқты жасанды зейнет», – деп бояну да аяттың аясына кіретіндігін ұғындырып отыр. Демек, қыз-келіншектерге бөтен еркектің назарын өзіне аударатындай боянуға Ислам діні тыйым салған.

Сонымен қатар, Сіздің күніне үш рет алған дәрет кезінде бетімді үш рет жуамын дегеніңізге орай, дәретті тек дәрет бұзылған жағдайда алу керектігін және әр намазға бөлек-бөлек дәрет алыну шарт еместігін назарыңызға саламыз! Ал дәреті бұзылып, жаңа дәрет алған жағдайда (дәреттің төрт парызының бірі саналатын) «бетті жуу» парыз болған секілді көзді де жуу парыз.

 

Ассаламуғалейкум! Менің намаз оқығаныма көп болған жоқ. Намаз оқып тұрғанда ойыма басқа, намаздан тыс нәрселер ойымды жаулап алады. Осыған сіздерден көмек сұрайын деп едім. Рахмет!

 Гулдана

 

Уағалейкумуссалам! Гулдана, намазда дүниелік істерді ойлау, ықыластың кемшілігінен туындайды. Бұған себеп болатын кемшіліктерді кетіруге тырысу керек. Барлық іс-әрекеттер Алларазылығы үшін жасалса ықылас пайда болады. Шынайы намаз болуы үшін, намазға бастарда Алла Тағаланы көріп тұрғандай, әдеппен намазға бастау керек. Егер дене намазда, көңіл басқа жақта болса, ол намаз сахих болса да, мақбул (қабыл болған) намаз болмайды.

Ислам ахлақы кітабында былай делінген: адам намазда: «Оң жағымда жаннат, сол жағымда жаһаннам, төбемде Әзрейіл алейһиссалам, қарсымда бәйтуллаһ (Қағба), алдымда қабір және аяғымның астында сират көпірі, менің есебім оңай бола мекен? Жасаған ғибадатым ахиретте басыма тәж, қасыма жолдас және қабірімде нұр бола мекен? Жоқ әлде қабыл болмай ескі шүберектей бетіме ұрыла мекен?-деп пікір ету керек»(Мифтахул-жаннат).

Ассаламуғалейкум! Менің сұрайын дегенім сүннет намаздардың орнына оқыса бола ма? Сол қаза намаздарды намаз кітапта айтылғандай соның жауабын дұрыс түсінбедім? Алла разы болсын Cіздерге!

Айдана

 

Уағалейкумуссалам! Айдана, қаза намаздарды мәкруһ уақыттарынан басқа кез-келген уақытта өтеуіңізге болады. Мәкруһ уақыттар:

1. Күн көкжиектен шығып, найза бойы көтерілгенге дейінгі уақыт. Бұл шамамен 40-45 минуттай уақыт.

2. Күннің дәл тас төбеде тұруы. Яғни, күннің ең биіктеболған кезеңі. Бұл уақыт бесін уақыты кіргенге дейін созылады.

3. Күннің сарғайып батуға бет алған мезгілі. Шамамен бұл да күн батуға 40-45 минут қалған уақыт. Бұл уақытта сол күннің тек намаздыгер намазын мәкрүһ түрде оқуға болады.

Жалпы, сүннет намаздарының орнына қаза намаздарды өтеу уақыт үнемдеуге тиімді шығар, бірақ қаза намаздарын өтедім екен деп, сүннет намаздарын оқымай қою дұрыс емес.

Ассаламуғалейкум! Меннін бір өтінішім бар еді. Маған «Хашыр» сүресін жазып жібересіз бе? Алла разы болсын Сіздерге, Жұма мубарак болсын!

Кенжебек

سورة الحشر

بِسْمِ اللّهِ الرَّحْمنِ الرَّحِيمِ

سَبَّحَ لِلَّهِ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ وَهُوَ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ

(1)

هُوَ الَّذِي أَخْرَجَ الَّذِينَ كَفَرُوا مِنْ أَهْلِ الْكِتَابِ مِن دِيَارِهِمْ لِأَوَّلِ الْحَشْرِ مَا ظَنَنتُمْ أَن يَخْرُجُوا وَظَنُّوا أَنَّهُم مَّانِعَتُهُمْ حُصُونُهُم مِّنَ اللَّهِ فَأَتَاهُمُ اللَّهُ مِنْ حَيْثُ لَمْ يَحْتَسِبُوا وَقَذَفَ فِي قُلُوبِهِمُ الرُّعْبَ يُخْرِبُونَ بُيُوتَهُم بِأَيْدِيهِمْ وَأَيْدِي الْمُؤْمِنِينَ فَاعْتَبِرُوا يَا أُولِي الْأَبْصَارِ

(2)

وَلَوْلَا أَن كَتَبَ اللَّهُ عَلَيْهِمُ الْجَلَاء لَعَذَّبَهُمْ فِي الدُّنْيَا وَلَهُمْ فِي الْآخِرَةِ عَذَابُ النَّارِ

(3)

ذَلِكَ بِأَنَّهُمْ شَاقُّوا اللَّهَ وَرَسُولَهُ وَمَن يُشَاقِّ اللَّهَ فَإِنَّ اللَّهَ شَدِيدُ الْعِقَابِ

(4)

مَا قَطَعْتُم مِّن لِّينَةٍ أَوْ تَرَكْتُمُوهَا قَائِمَةً عَلَى أُصُولِهَا فَبِإِذْنِ اللَّهِ وَلِيُخْزِيَ الْفَاسِقِينَ

(5)

وَمَا أَفَاء اللَّهُ عَلَى رَسُولِهِ مِنْهُمْ فَمَا أَوْجَفْتُمْ عَلَيْهِ مِنْ خَيْلٍ وَلَا رِكَابٍ وَلَكِنَّ اللَّهَ يُسَلِّطُ رُسُلَهُ عَلَى مَن يَشَاء وَاللَّهُ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ

(6)

مَّا أَفَاء اللَّهُ عَلَى رَسُولِهِ مِنْ أَهْلِ الْقُرَى فَلِلَّهِ وَلِلرَّسُولِ وَلِذِي الْقُرْبَى وَالْيَتَامَى وَالْمَسَاكِينِ وَابْنِ السَّبِيلِ كَيْ لَا يَكُونَ دُولَةً بَيْنَ الْأَغْنِيَاء مِنكُمْ وَمَا آتَاكُمُ الرَّسُولُ فَخُذُوهُ وَمَا نَهَاكُمْ عَنْهُ فَانتَهُوا وَاتَّقُوا اللَّهَ إِنَّ اللَّهَ شَدِيدُ الْعِقَابِ

(7)

لِلْفُقَرَاء الْمُهَاجِرِينَ الَّذِينَ أُخْرِجُوا مِن دِيارِهِمْ وَأَمْوَالِهِمْ يَبْتَغُونَ فَضْلًا مِّنَ اللَّهِ وَرِضْوَانًا وَيَنصُرُونَ اللَّهَ وَرَسُولَهُ أُوْلَئِكَ هُمُ الصَّادِقُونَ

(8)

وَالَّذِينَ تَبَوَّؤُوا الدَّارَ وَالْإِيمَانَ مِن قَبْلِهِمْ يُحِبُّونَ مَنْ هَاجَرَ إِلَيْهِمْ وَلَا يَجِدُونَ فِي صُدُورِهِمْ حَاجَةً مِّمَّا أُوتُوا وَيُؤْثِرُونَ عَلَى أَنفُسِهِمْ وَلَوْ كَانَ بِهِمْ خَصَاصَةٌ وَمَن يُوقَ شُحَّ نَفْسِهِ فَأُوْلَئِكَ هُمُ الْمُفْلِحُونَ

(9)

وَالَّذِينَ جَاؤُوا مِن بَعْدِهِمْ يَقُولُونَ رَبَّنَا اغْفِرْ لَنَا وَلِإِخْوَانِنَا الَّذِينَ سَبَقُونَا بِالْإِيمَانِ وَلَا تَجْعَلْ فِي قُلُوبِنَا غِلًّا لِّلَّذِينَ آمَنُوا رَبَّنَا إِنَّكَ رَؤُوفٌ رَّحِيمٌ

(10)

أَلَمْ تَر إِلَى الَّذِينَ نَافَقُوا يَقُولُونَ لِإِخْوَانِهِمُ الَّذِينَ كَفَرُوا مِنْ أَهْلِ الْكِتَابِ لَئِنْ أُخْرِجْتُمْ لَنَخْرُجَنَّ مَعَكُمْ وَلَا نُطِيعُ فِيكُمْ أَحَدًا أَبَدًا وَإِن قُوتِلْتُمْ لَنَنصُرَنَّكُمْ وَاللَّهُ يَشْهَدُ إِنَّهُمْ لَكَاذِبُونَ

(11)

لَئِنْ أُخْرِجُوا لَا يَخْرُجُونَ مَعَهُمْ وَلَئِن قُوتِلُوا لَا يَنصُرُونَهُمْ وَلَئِن نَّصَرُوهُمْ لَيُوَلُّنَّ الْأَدْبَارَ ثُمَّ لَا يُنصَرُونَ

(12)

لَأَنتُمْ أَشَدُّ رَهْبَةً فِي صُدُورِهِم مِّنَ اللَّهِ ذَلِكَ بِأَنَّهُمْ قَوْمٌ لَّا يَفْقَهُونَ

(13)

لَا يُقَاتِلُونَكُمْ جَمِيعًا إِلَّا فِي قُرًى مُّحَصَّنَةٍ أَوْ مِن وَرَاء جُدُرٍ بَأْسُهُمْ بَيْنَهُمْ شَدِيدٌ تَحْسَبُهُمْ جَمِيعًا وَقُلُوبُهُمْ شَتَّى ذَلِكَ بِأَنَّهُمْ قَوْمٌ لَّا يَعْقِلُونَ

(14)

كَمَثَلِ الَّذِينَ مِن قَبْلِهِمْ قَرِيبًا ذَاقُوا وَبَالَ أَمْرِهِمْ وَلَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ

(15)

كَمَثَلِ الشَّيْطَانِ إِذْ قَالَ لِلْإِنسَانِ اكْفُرْ فَلَمَّا كَفَرَ قَالَ إِنِّي بَرِيءٌ مِّنكَ إِنِّي أَخَافُ اللَّهَ رَبَّ الْعَالَمِينَ

(16)

فَكَانَ عَاقِبَتَهُمَا أَنَّهُمَا فِي النَّارِ خَالِدَيْنِ فِيهَا وَذَلِكَ جَزَاء الظَّالِمِينَ

(17)

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اتَّقُوا اللَّهَ وَلْتَنظُرْ نَفْسٌ مَّا قَدَّمَتْ لِغَدٍ وَاتَّقُوا اللَّهَ إِنَّ اللَّهَ خَبِيرٌ بِمَا تَعْمَلُونَ

(18)

وَلَا تَكُونُوا كَالَّذِينَ نَسُوا اللَّهَ فَأَنسَاهُمْ أَنفُسَهُمْ أُوْلَئِكَ هُمُ الْفَاسِقُونَ

(19)

لَا يَسْتَوِي أَصْحَابُ النَّارِ وَأَصْحَابُ الْجَنَّةِ أَصْحَابُ الْجَنَّةِ هُمُ الْفَائِزُونَ

(20)

لَوْ أَنزَلْنَا هَذَا الْقُرْآنَ عَلَى جَبَلٍ لَّرَأَيْتَهُ خَاشِعًا مُّتَصَدِّعًا مِّنْ خَشْيَةِ اللَّهِ وَتِلْكَ الْأَمْثَالُ نَضْرِبُهَا لِلنَّاسِ لَعَلَّهُمْ يَتَفَكَّرُونَ

(21)

هُوَ اللَّهُ الَّذِي لَا إِلَهَ إِلَّا هُوَ عَالِمُ الْغَيْبِ وَالشَّهَادَةِ هُوَ الرَّحْمَنُ الرَّحِيمُ

(22)

هُوَ اللَّهُ الَّذِي لَا إِلَهَ إِلَّا هُوَ الْمَلِكُ الْقُدُّوسُ السَّلَامُ الْمُؤْمِنُ الْمُهَيْمِنُ الْعَزِيزُ الْجَبَّارُ الْمُتَكَبِّرُ سُبْحَانَ اللَّهِ عَمَّا يُشْرِكُونَ

(23)

هُوَ اللَّهُ الْخَالِقُ الْبَارِئُ الْمُصَوِّرُ لَهُ الْأَسْمَاء الْحُسْنَى يُسَبِّحُ لَهُ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَهُوَ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ

(24)

Ассаламуғалейкум, имам аға! Сұрағым бар еді, осы ер балаларға ат қою мақсатында, жақында ғана дүниеге келген ініме жақсы бір есім таңдасақ деп едік. Осыған орай ер балалардың есіміндерінжазып жіберсеңіздер екен! Алла разы болсын!

Дулат

 

Уағалейкумуссалам! Дулат, балаға ат қоюдың маңызы өте жоғары. Бұның ата-ананың бала алдындағы ақысы екендігін жоғарыда айтып өттік. Бұл жөнінде Ибн Аббастан (р.а.) Имам Байһақи риуаят еткен хадисте пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Әкенің бала алдындағы міндеті – жақсы ат қою және жақсы тәрбие беру», – деген. Келесі бір хадисте Алла елшісі (с.ғ.с.): «Қиямет күні өз аттарыңызбен және әкелеріңіздің аттарымен шақырыласыздар. Сондықтан балаларыңызға жақсы ат қойыңыздар», – деп ат қоюдың қаншалықты маңызды екенін айтқан.

Балаға ат таңдау ата-ананың сана-сезіміне, имандылығына, ұлттық дәстүрді сыйлауына байланысты. Балаға қойылған есімнен ата — анасының я жақындарының ұлтжандылығы мен дінге, тарихқа қаншалықты құрметпен қарайтын кісілер екенін байқауға болады. Мәселеге дін тұрғысынан келсек, бір хадисте «Аллаһ тағалаға ең ұнамды есімдер – Абдуллаһ және Абдуррахман» делінген (Мүслим, Әдеп, 2). Бұдан жақсы есімдердің Аллаһ тағаланы, адамның құл екендігін, Жаратушының сипаттарын еске салу секілді терең мағыналарды қамтитын, ең бастысы мәнді, мазмұнды есімдер екендігін көреміз. Сахабалар ұл балаларына Мұхаммед, Ахмед, Мұстафа, Махмуд есімдерін беруді де әдетке айналдырған (Мұстафа – таңдаулы, ал қалғандары «мақтаулы» дегенге мәндес бір түбірден тарайтын есімдер). Алайда Пайғамбарымыз өз есімін балаға қоюға рұқсат еткенмен, «Әбілқасым» (Қасымның әкесі) атты екінші ныспысын қоюға рұқсат етпеген (Бұхари, Мәнақиб, 20). Бұған қоса, «Пайғамбарлардың есімдерінен қойыңыздар» (Әбу Дәуіт, Әдеп, 69) деген хадиске сай мұсылман елдерінде бұрынғы өткен пайғамбарлар мен сахабаларымыздың есімдерін қою да кең тараған.

Ассаламуғалейкум! Менің Сізге қояйын деген сұрағым, иман жолында жүрген қыз-балдарға агентке, вацапқа т.б. интернет желілерге кіруге рұқсат па?

Мадина

Уағалейкумуссалам! Мадина, бүгінде ғаламтордың пайдасы мен зияны туралы көп айтылып жүр. Пайдасы сол, көптеген діни және пайдалы ақпараттарды ғаламтор арқылы аламыз. Ал зияны сол, ғаламторға тым тәуелді болып кеткенімізде. Кейде ғаламторға көп отырғанымыз соншалық уақыттың, күннің қалай өтіп кеткенін сезбей қалып жатамыз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с):«Адам баласы екі нәрсенің қадірін білмейді: бос уақыт және денсаулық», - деп ескерткен, әрі кезінде ислам ғұламалары осыншалықты көңіл бөлген уақыт мәселесіне біз бүгін өте самарқау қарайтын сияқтымыз. Өйткені, бүгінгі күні уақытты өлтіретін жаулар көбейген. Солардың бірі ғаламтор және түрлі желілер. Сүйікті елші (с.ғ.с.) бір хадисінде о дүниеге барғанда, әрбір адамнан мына бес сұрақ міндетті түрде сұралатындығы туралы, былай: «1. Өмірін қайда өткізгендігі, 2. Жастық шағын қалай өткізгендігі, 3. Дүниесін қандай жолмен тапқандығы, 4. Дүниесін қайда жұмсағандығы, 5. Білгендерімен амал етіп-етпегендігі» - деп ескерткен.

Шұжық жеу мұсылмандарға жат па?

Гүлия

 

Алла Тағала қасиетті Құранда: «Әй мүміндер! Ризықтандырғанымыздың жақсысынан жеңдер. ...»(Бақара-172) – деп бұйырған. Бұл аятта Алла тағала мүміндерге нығметтерімді пайдаланыңдар, бірақ ешнәрсені себепсіз харам етпеңдер, өйткені негізінде бұл нығметтер сендер үшін жаратылған дейді. Демек, егер шұжық халал стандартқа сай болса, оны мұсылмандарға жат деуге болмайды.

 

Намазды үйренгім келіп жур? Егер қиын болмаса менің эл адресіме намаз бастаушыларға арналған материалдар болса жиберсеңіздер нұр үстіне нұр болар еді. Рахмет

Мақсат

 

Құрметті, Мақсат! Намаз оқу мақсатымен үйренуге деген ниетіңіз қабыл болсын! Сайтымыздың намаз бөліміне назар аударыңыз: http://hibatulla.kz/ru/namaz.php

 

Ассаламуғалайкум уа рахматуллаһу уа баракатуһ! Сіздерге Аллаh разы болсын ! Менің қояр сұрағым маған жиі ықылық тиеді ол неге Оған шипаға дұғалар бар ма Аллаh разылығы үшін жауап берсеңіз?

Жеңіс

Уағалейкумуссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Жеңіс, мамандар пікіріне жүгінсек, ұзаққа созылған ықылық адам­ның құрсақ қуысындағы ас­қы­ну­лар­дың, тіпті өкпесіндегі, бауы­рын­­дағы әлдебір қатерлі ісік бел­гілерінің көрінісі болуы мүм­кін. Ықылық сондай-ақ диа­фраг­ма­ның өңештік саңылауында кінә­рат барын да көрсетеді. Со­ны­мен қа­тар ол ми мен жұлынның кей­бір сыр­қат­та­рын­да, миокард ин­фарк­ті, жұқ­палы аурулар жә­не кө­бі­не­се пси­хи­калық қозу ба­ры­сында пайда бо­лады. Ықы­лық­таумен бір­ге, адам­ның іші түйіліп, жүрегі ай­нитын бол­са, бұл ұйқы безі мен өттің, бауыр­дың жұмысында ауыт­қу­шы­лық ба­ры­на меңзейді. Ықы­лық ұзақ­қа со­зыл­ған жағдайда мін­детті түр­де дәрігерге көрінген жөн. Алла шипа берсін! 

Ықылықтан арылу жолдары:

  • Тез әрі терең дем алыңыз. Тыныс алу кезеңін 4-6 рет қайталаңыз.
  • Кеңсе, үйде болсаңыз, терезені ашып, таза ауаға шығып, терең дем алыңыз.
  • Су ішіп, оны жұтқанда терең тыныс алыңыз. Содан кейін суды аз-аздан жұтыңыз.
  • Күнге, жарыққа қарап, түшкіруге тырысыңыз.
  • Физикалық жаттығуларды жасаңыз.
  • Ұйқы қыспаса да, жиі-жиі есінеңіз.

Ассаламуғалейкум! Құран оқығанда көбінесе қандай сүре оқылады. Транскрипциясымен жазып жібересіз бе? Алдын ала рахмет! Сіздерге Алла разы болсын! Әр сөздеріңізді Алла сауабынан жазсын!

Кенжебек

Уағалейкумуссалам! Кенжебек, қасиетті Құранның сүрелері мен аяттарын көп оөылатын не аз оқылатын деп бөліп қарауға болмайды. Сайтымыздың кітапхана бөліміндегі (Транскрипция) Құранның қазақша жазылуына қараңыз: http://hibatulla.kz/ru/lib1_2-b-97.html Жалпы, қасиетті Құран оқуға деген ниетіңіз қабыл болсын! Мүмкін болса, мешітке барып Құранды арабшасымен оқуға әрі жаттауға дағдыланғаныңыз дұрыс! Алла разы болсын! Әмин.