Ислам асыл дініміз

Жаңа туылған нәрестеге азан шақырып, ат қояйық деп едік. Кешкі мезгілде болады ма?

Дария 

Атты кез келген уақытта қойсаңыз болады. Туылған баланың оң құлағына азан, ал сол құлағына қамат айту сүннет амал. Мұны, баланың әкесі, атасы немесе ізгі адам орындағаны жөн[1].
Құндақтағы бала құлағына азан шақырудың да өзіндік сыры бар. Нәрестенің ең алғаш естіген сөздері Жаратушының есімі болуымен қатар оның дүние есігін ашқанын білдіру.
Сондай-ақ, Пайғамбар (с.ғ.с.) немересі Хусайн бин Әлиден (р.а.): «Туылған баланың оң құлағына азан айтып, сол құлағына қамат айтса, ол балаға Үмму Сибианның (нәрселерге маза бермеуші жын-шайтан) зияны тимейді[2]»,-деген хадис риуаят етілген.
Хадисте айтылғандай азан сөздерінен жын-шайтан қашатыны мәлім болды. Ал, бала туылғанда оны шайтан мазалайтындығы жайлы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мәриям және оның ұлынан басқа, әрбір балаға туылған сәтте шайтан тиіседі. Шайтан тиіскенде бала шырылдай бастайды.[3]»,-деген.
Ал, Мәриям ана мен оның ұлы Иса (ғ.с.) пайғамбар дүниеге келгенде шайтан тиіспегендігі жөнінде Құранда Имранның әйелі қыз босанған сәтте: «...Мен оның атын Мәриям қойдым. Оны да ұрпағын да шайтаннан Саған сиындырамын[4]»,-деп дұға жасаған баяндалған.
Сондықтан, бала құлағына азан шақырылса, ұйқысы тыныш болады. Бірақ, балаға азан шақыру парыз емес. Айтпағымыз, міндетті амалға жатпайды.

[1] Фиқһ Уадих, 2-том, 470-бет
[2] Ибн Сунни
[3] Тафсир Ибн Касир, 1-том, 336-бет
[4] Әли Ғимран, 36-аят

Сәждеге барғанда екі тобықты біріктіріп ұстау керек пе?  Мен біріктірмейтін едім, оным енді дұрыс емес пе?

Нұрсұлтан  

Сәждеде  тобықтарды қосу мустахаб амалына жатады. Тигізсеңіз сауап болады, тигізбесеңіз күнә болмайды.

Ораза ұстап жүріп азанда ұйықтап қалып, таң намазынан кейін тұрса бір жұтым су ішсе болады ма? Қалай ауызды бекітеміз?

Ринат  

Кешке оразаға ниет еткеннен кейін ол мойныңызға парыз болады. Сәресіге ұйықтап қалсаңыз, ештеңе ішуге болмайды тіпті су да ішуге болмайды. Кешке  дейін ораза ұстауыңыз керек.

Риядан қалай сақтансам болады? Онымен  күресу жолдарын айтып беруіңізді сұраймын. Алла разы болсын сіздерге.

Рүстем 

Хадис шәрифте: «Басқаларға көрсету үшін намазын әдемі оқып, жалғыз қалғанда олай оқымаған адам, Аллаһу та’аланы мазақ қылған [құрметсіздік еткен] болады.» және «Сендерде болуынан ең қатты қорқатын нәрсем – ширк-и асғарға ұшырауларың. Ширки асғар – рия деген сөз» және «Дүниеде риямен ғибадат жасағанға, қиямет күні, ей жаман адам! Бүгін саған сауап жоқ. Дүниеде кімдер үшін ғибадат жасаған болсаң сауаптарыңды солардан сұра делінеді.» және«Аллаһу та’ала былай бұйырды: Менің серігім жоқ. Басқаны маған серік еткен, сауаптарын содан сұрасын. Ғибадаттарыңды ықыласпен жасаңдар! Аллаһу та’ала ықыласпен жасалған істерді қабыл етеді.» делінді. Ғибадат Аллаһу та’аланың разылығына қауышу үшін жасалады. Басқаның сүйіспеншілігіне, жақсылығына қауышу үшін жасалған ғибадат, оған табыну болады. Аллаһу та’алаға ықыласпен ғибадат жасауымыз әмір етілді. Хадис шәрифте: «Аллаһу та’аланың бір екеніне иман келтірген және намаз бен зекетті ықыласпен орындаған адамнан Аллаһу та’ала разы болады» деп бұйырылды. Расулуллаһ “салаллаһу алейһу уә сәлләм” Муаз бин Жәбәлді “радиаллаһу та’ала анһ” Йеменге басшы етіп жіберерде: «Ғибадаттарыңды ықыласпен орында! Ықыласпен жасалған аз амал қиямет күні саған жеткілікті болады» және «Ғибадаттарын ықыласпен жасағандарға сүйінші болсын. Олар – хидаят (тура жол) жұлдыздары. Фитналардың қараңғылығын жояды» және «Дүниеде харам етілген нәрселер – лағынеттелген. Тек қана Аллаһ үшін жасалған нәрселер құнды» деп бұйырылды. Дүние ниғметтері өткінші. Өмірлері өте қысқа. Бұларға қол жеткізу үшін дінін беру – ақымақтық. Адамдардың барлығы әлсіз. Аллаһу та’ала қаламайынша ешкім ешкімге пайда немесе зиян тигізе алмайды. Адамға Аллаһу та’ала жеткілікті. Расулуллаһ “салаллаһу алейһу уә сәлләм” Муаз бин Жәбәлді “радиаллаһу та’ала анһ” Йеменге басшы етіп жіберерде: «Ғибадаттарыңды ықыласпен орында! Ықыласпен жасалған аз амал қиямет күні саған жеткілікті болады» және «Ғибадаттарын ықыласпен жасағандарға сүйінші болсын. Олар – хидаят (тура жол) жұлдыздары. Фитналардың қараңғылығын жояды» және «Дүниеде харам етілген нәрселер – лағынеттелген. Тек қана Аллаһ үшін жасалған нәрселер құнды» деп бұйырылды. Дүние ниғметтері өткінші. Өмірлері өте қысқа. Бұларға қол жеткізу үшін дінін беру – ақымақтық. Адамдардың барлығы әлсіз. Аллаһу та’ала қаламайынша ешкім ешкімге пайда немесе зиян тигізе алмайды. Адамға Аллаһу та’ала жеткілікті.

Құранның аятында немесе хадистерде адамның семіздігі, семіздік туралы айтылған? Семіздіктен құтылу үшін Алладан қандай дұға-тілек тілесем болады?

Олжас

Мұндай жағдайларда көп қыздар арықтау диетасын ұстап жатады. Мүмкін бұл да дұрыс шығар. Бірақ, ол қиынға соғады. Тамақ ішпей күні бойы аш жүру екінің қолынан келе бермейді. Жалпы семіздіктен немесе іштегі майдан құтылу үшін су мен тұзды аз қолданыңыз. Және тәттіні де аз пайдаланғаныңых жөн. Спортпен шұғылданбасаңыз да көп қозғалсаңыз болды. Баратын жереңізге жаяу әрі тез-тез жүріп барсаңыз іштегі май тез кетеді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Аз іш, аз күл, аз ұйықта сонда ауру болмайсың» деген хадисі бар.

8-наурыз жайлы мағлұмат берсеңіз? 

Алмаз 

Шариғатта тек бір күнмен шектелмеу керек екендігін білуіміз керек. Әр уақытта сыйлап қадірлеу керек. 

Намаз оқып жүрген қыз-келіншектер міндетті түрде орамал тағып және ұзын киім киіп жүруі міндетті ме? Әлде қарапайым киім киіп, тек намазға жығылғанда ғана хиджаб кисе болады ма? Және намаз оқыған қыз-келіншек түрлі жиындарда (сахнада өнер көрсеткенде) би билеуіне болады ма?

Бота 

Әйел адамдарына намаздың сыртында да ұзын киім киюлері керек. Билеу өз ерімен болса болар, ал басқа жағдайда тиым салынады.

Күйеуім екеуіміз бір-бірімізді сүйеміз, қимаймыз. Біздің бірге болғанымызды күйеуімнің ата-анасы қаламайды. Оларға мен ұнамаймын, менің мінезім ұнамайды. Біз көп ұрысатын болып кеттік. Күйеуім бөлек шығайын десе, ата-анасынан бөлек тұрған күнә деп шыға алмайды. Бірге тұрсақ тыныш өмір сүре алмаймыз. Ол кісілер 50 жастағы кісілер. Екеуі де жұмыс істейді. Біз күйеуіміз екеуіміз не істерімізді білмейміз.  Қалай істесек болады?

Айгерім 

Күйеуіңіз бөлек тұрғысы келмесе онда сіз мінезіңізді өзгертсеңіз дұрыс болар. Не дегенімен отбасыңызды сақтап қалу жағына қараңыз. Ертең Сіз де ақжаулықты ана боласыз. Сол  кезде барлығы жақсы да, жаманда қайтады.

Егер ерлі-зайыптылардың бірі намазхан болып, екіншісі намаз оқымайтын болса, доңыздың қасында жатқанмен тең болады деп естіген едім. Бұл қаншалықты рас?

Толғанай

Орынсыз айтылған сөз. Ондай болса барлығының жағдайы қандай болмақ?!

Мысалы сапар қанша километрде сапар болып есептеледі? Толық түсіндірсеңіз. 

Сапршы өз тұрғылықты жерінен 90 шақырым жерге баруға ниет етіп шықса намаздарының парыздарын 4 ракағатты намаздарды 2 ракағат етіп, уақыт тар болса сүннет терді оқымаса да болады.Толық оқу Алланың жеңілдігін қабылдамаған болып есептеледі және тәуба етуі керек болады.