Ислам асыл дініміз

Адамга жын киргенин калай биледи жане одан кутылу жолдары

Құрметті Камшат! Адамға жын кіргенін білу аса қиындық тудыра қоймайды. Жын кірген адамның мінез-құлқы не жүріс-тұрысы не сөйлеген сөзі, т.б. істері өзгеруі мүмкін. Жалпы ессіз қылықтар көрсете бастайды.

Одан құтылудың жолдарына келсек, Убәй ибн Кә`бтың хадисінде, бірде оның құрма қорларының азайып жатқанын байқап, сол үшін түндердің бірінде оларды қарауылдауға тұрғаны хабарланады. Сол кезде ол бойжеткен жігітке ұқсайтын біреуді байқайды. Ол амандасып, былай сұрайды: “Сен адамсың ба, жынсың ба?!”. Анау: “Жын”, - деп жауап береді. `Убәй былай дейді: “Маған қарай қолыңды созшы”. Ал әлгі кісі қолын созғанда, ол оның қолы иттің табаны секілді екенін көреді. `Убәй: “Жындар осылай жаратылған ба?”, - деп сұрайды. Ана жігіт: “Олардың ішінде менен күштірек ешкім жоқ екенін жындар біледі”, - деп айтты. `Убәй: “Сен не үшін келдің?”, - дейді. Ол былай жауап береді: ”Бізге сенің садақа беруді жақсы көретінің туралы хабар жетті. Сондықтан, біз сенен тамақ алу үшін келдік”. `Убәй: “Біздерді сендерден не сақтайды?”, - деп сұрайды. Жын: “«Бақара» сүресіндегі Курси аяты. Кім осы аятты таң ертен оқыса, сол бізден кешке дейін сақталады. Ал кім оны кешке оқыса, сол бізден таңға дейін сақталады”, - деп жауап қатады. Ертесіне таң ертен `Убәй пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келіп бәрін айтып береді. Бұған Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ол сұм (хабис) болса да, рас айтты!», - деді (ән-Нәсәи “әс-Сунән әл-кубра” 6/239, әт-Табарани “әл-Кәбир” 541, Ибн Хиббән 784. Хафиз әл-Хайсәми жеткізушілердің барлығын сенімді деп бағалаған. Хафиз әл-Мунзири хадистің иснадын жақсы деген, ал шейх әл-Әлбәни хадисті сенімді деп атаған. Қараңыз: “Мәжмә'у-ззәуәид” 17012, “Сахих әт-тәрғиб” 662).

Ассалмуғалейкум уа рахматтуллаһи уа баракатуһ! Мен бес уақыт намаз оқығым келеді бірақ қалай оқу жолдарын таза білмеймін, соған байланысты көмек берсеңіздерші. Алла разы болсын!

Айдос

Уағалейкумуссалам уа рахматтуллаһи уа баракатуһ! Айдос, намаз оқуға деген ниетіңіз қабыл болсын! Біздің сайтымыздың намаз бөлімі арқылы намаз оқуды үйренуіңізге болады. Мына сілтемеге қараңыз: http://hibatulla.kz/ru/namaz.php

Ассаламуғалейкум!Менде безправадной интернет бар (wifi)ол аркылы көршілерім, достарым интернетке кіреді. Егер олар харам нәрселер көрсе маған күнә жазылады ма?

Еркебұлан

 

Уағалейкумуссалам! Миралиев Еркебұлан, егер сіз интернет (wifi) вай-файды солардың әлгі харам әрекеттері үшін қоссаңыз, онда күнәға ортақтасқан боласыз. Ал егер өзіңіз пайдалы істеріңіз үшін қоссаңыз, онда олардың әлгі әрекеттері үшін жауапты болмайсыз.

 

Әссәләму алайкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Аллаһ разы болсын сіздірге ! Аллаһымның разылығы үшін қояр сұрағым бар,намазда рукуғта аяқтың ұшына қарайма, әлде сәжде жасайтын жерде болама назар? Тағы сұрақ, Діни сайтта оқыдым қажетті дұғалар страницасында бір дұғаны оқыдым Айдалада немесе біржерде бірденең жоғалса немесе адасып кетсен былай деңдер деген "Ей Аллаһымның құлдары маған көмектесіңдер" деп үшрет айтыңдар деген. Осылай айтуға болама? Тікелей ондай жағдайда Алладан көмек сұрау қажет емеспе? Қателескен жерім болса Аллаһ кешірсін, айып етпеңіздер!

Жеңіс

Уағалейкумуссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Жеңіс, намаз оқып тұрған кісі қиямда сәжде жасайтын жеріне(Байхақи – 2/403 бет. №3545 хадис), рукуға барғанда аяғының ұшына, кағдада екі тізесінің ортасына, ал сәждеде мұрнының ұшына қарайды(Мухтасар ат-Тахауи – 28 бет).  

Табаранидің реуаятындағы бір хадис шәріпте: «Шөлде жалғыз қалған адам бір нəрсе жоғалтса, "Ей, Аллаһтың құлдары, маған көмек беріңдер” десін. Өйткені, Алла Тағаланың сендердің көздерің көрмейтін құлдары бар» делінген. Ибн Хажар Мəкки "Изах-ул-манасиқ” кітабының хашийасында (кітап беттерінің шетіндегі бос жерге жазылған түсіндірмесінде) бұл дұғаның бірнеше рет тəжірибеден өткізілгенін айтады.

Ассаламуғалейкум! менің сұрағым мынадай: Намаз оқитын дін жолында жүрген адамдар қазіргі мемлекетімізде тойланып жүрген мерекелерді тойламайды ма? Мысалы, 8 наурыз, жаңа жыл т.б Исламда қандай мерекелерді тойлаған дұрыс деп есептеледі. Рахмет!

Алимаш

Уағалейкумуссалам! Алимаш, Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Аллаһ сендер үшін, олардан да абзал болған Рамазан мен Құрбан айт мерекелерімен ауыстырды» - деген. Олай болса, мұсылман үмбетінің қуанышпен қарсы алатын, күнәдан емес сауаптан тұратын, құлшылықпен өткізетін өз мерекелері бар. Біз бен сіздің бақытымыз үшін Алла Тағала осы мерекелерді сыйға тартқан. Аллаға және Оның елшісіне иман келтірген адам, осыны қабылдайды да, қалғанын тастайды.

Ассаламуғалейкум! Менің сіздерге сұрағым, ғұсыл құйынғанда әйел кісінің шаштарына толығымен су тию керек пе, әлде басқа да жолдары бар ма?

Гүлжан

Уағалейкумуссалам! Гүлжан, егер әйел кісінің шаштары ұзын болса, ғұсыл алу барысында су әйел кісінің шашының түбіне жетуі жеткілікті. Ұзарған шашының бәрі жуылуы шарт емес(Әл-Биная - 1/323 бет). Бұл жайында Пайғамбарымыздың (с.а.у) жұбайы Үмму Сәләмә (р.а) былай дейді:

«Мен Алла елшісінен: Уа Расулалла! Шашымды қатты қылып өріп қоямын. Жүніп болған себепті ғұсылданатын болсам, тарқатуым керек пе? – деп сұрадым. Сонда Алла елшісі: «Жоқ, басыңа үш рет алақан толы су (ثلاث حثيات ) құюың жеткілікті. Кейін дененің барлық жерін жуасың. Осылайша тазарған боласың (жүніптіктен), – деп жауап берді»(Муслим, Бәбу Хукми Дафаир, №330 бет).

Ассаламуалейкум!!! Менің сіздерге қояр сұрағым сапар намазы қай кезде және қалай оқылады? Мен Астанада тұрамын қайын жұртым Шымкент каласында мен сонда барғанымда сапар намазын бес уақыт намазында оқуыма болады ма? Мен ол жақта бір апта, он бес кейде бір айға келуімде мүмкін.Сіздерге өтініш маған осы сұрағыма толығымен түсінікті етіп жауап беріңіздерші. Алла разы болсын, Ин шаа Аллаһ!

Гүлжан

Уағалейкумуссалам! Гүлжан, шариғатта жолаушы үкіміне кіру үшін тұрғылықты елдімекеннің соңғы шеті мен баратын елдімекеннің кірер шетінің ара қашықтығы 86-90 шақырым болуы және барған елдімекенде 15 күннен кем уақыт қалуға ниет етуі керек. Жолаушы төрт ракағаттық парыз намаздарын 2 ракағат етіп оқиды. Әбу Ханифа мәзһабы бойынша жолаушы төрт рәкат парыз намаздарды қысқартып екі рәкат етіп оқудың үкімі – уәжіп. Бұл жайлы Құран Кәрімде: «Қашан жер жүзінде сапарда болсаңдар, намазды қысқартуда күнә жоқ» делінген («Ниса» сүресі, 101-аят). Сапарда қысқартып оқитын намаздар мыналар: бесін, екінті құптан. Ал таң, ақшам намаздарының парыздары мен үтір уәжіп намазы қысқартылып оқылмайды.

 

АНТ мүшелері тарапынан 510 мақала мен сұхбат БАҚ-тарда жарияланған немесе 2012 ж. АНТ 218 мың. астам адамды қамтыған 3450 іс-шара өткізді сондағы АНТ қандай ұйым?

Үміт

Құрметті Үміт, АНТ (ақпараттық насихат тобы)  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ақпараттық насихат тобы болып табылады. Ол еш қандай ұйым емес.

 

Ассалямуғалейкум! Мен Алланың қалауымен таң намазынан бастап едім, енді сол таң намазы туралы толық мәліметтер жібересізбе үйренуге, жаттауға....

Қайсар

Уағалейкумуссалам! Қайсар, намаз оқуға деген ниетіңізді Алла қабыл етсін! Біздің сайттың намаз бөліміндегі «Таң намазы» айдарына қараңыз: http://hibatulla.kz/ru/art_28.html

 

Ассаламуғалейкум! Иасин, Духа, Сәжде, Мулік-сурелерінің қазақша жазылуын берсеңіздер? .. Алла разы болсын!

Шолпан

Уағалейкумуссалам! Шолпан, «Сәжде», «Иасин», «Мулік», «Духа» – сүрелерінің транскрипциялары:

Сәжде сүресінің транскрипциясы:  http://hibatulla.kz/ru/lib1_2-b-97-p-32.html

Иасин сүресінің транскрипциясы:  http://hibatulla.kz/ru/lib1_2-b-97-p-36.html

Мүлік сүресінің транскрипциясы:  http://hibatulla.kz/ru/lib1_2-b-97-p-67.html

Духа сүресінің транскрипциясы:    http://hibatulla.kz/ru/lib1_2-b-97-p-93.html