Әссәләму алайкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Аллаһ разы болсын сіздірге ! Сұрағым мешітте жамағатпен намаз оқып болғансоң таспих тартқанда тез айтады,кейде үлгермей қалам,мәселен, мен «Субханаллаһ» сөзін айтып бітірмей тұрып, олар«Әльхамдулиллаһ» сөзін бастап кетеді.Сонда «Субханаллаһ» сөзін 33-ке жеткізбей тұрып,«Әльхамдулиллаһ»сөзін бастапкетсем болады ма?Алла разы болсын!
Жеңіс
Уағалейкумуссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Жеңіс, оқыған намазыңыз, тартқан тәсбихыңыз қабыл болсын! Тәсбих тартуда жамағаттан қалып қоймау керек деген қағида жоқ. Сондықтан, тәсбих тартуда айтылатын сөздердің 33-ке толтырып айтқаныңыз дұрыс. Себебі, Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен Муслимдегі риуаятта Алла елшісі былай дейді: «Кімде-кім әрбір намаздан кейін 33 рет «сұбханаллаһ», 33 рет «Алхамдулиллаһ», 33 рет «Аллаһу әкбар» десе, бәрін қосқанда тоқсан тоғыз болады, ал жүзіншісінде «Лә иләәһа иллаллаһу уахдаһу лә шариика ләһ, ләһул-мулку уә ләһул-хамду уа һуа алаа кулли шаийн қадиир» деп айтса, теңіз толқынының көбігіндей күнәсі болса да кешіріледі.»(Сахих Муслим)