Ислам асыл дініміз

Әссәламуалйкум менің жасым 22 де 9 сыныпты бітіргеніме 6-7 жылдай болды 10-11 сынып және басқада оқу орнында оқмағанмын медреседе оқыйын деп едім мені оқуға алама?

Уа ғалейкумуссалам! Рүстем, елімізде ҚМДБ-ға қарасты 9 медресе бар. Солардың бірі біздің "Һибатулла Тарази" медресесі. Бұл медреселер мемлекеттік құзырлы мекемелерден тіркеуден өткен. Мемлекеттік стандарт бойынша және ҚМДБ-ның талабы бойынша орта (аттестат) немесе орта арнаулы (диплом) оқу орнын бітіргендігі туралы құжаты болуы шарт. 
Сізге берер кеңесіміз, медресеміздің жанынан ашылған "Діни сауат ашу" курсына келіп діни білім алуға шақырамыз!

Ассаламуагалейкум уа рахматуллахи уа баракатуһ! Аллаһ жұмыстарыңызға разы болсын! Сұрақ: 1. Ер адам әйел адамнын істейтін жұмысын тігінші немесе аспаз болып сол мамандықты оқып меңгеріп әйел адамның жұмысын істеуіне болады ма? Алдын ала рахмет.

 

Уа ғалейкумуссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Ұланбек, рауаят бойынша, Әли (р.а.) мен Фатима (р.а.) Алланың Елшісінен (с.ғ.с.) екеуінің үй жұмыстарын бөлу туралы пікірін сұрайды. Сонда Алланың Елшісі (с.ғ.с.) үйдің ішіндегі жұмысты Фатимаға (р.а.), ал үйдің сыртындағы жұмысты Әлиға (р.а.) тапсырды. Сол кезде Фатима (р.а.): «Жұмыстың осылай бөлінгеніне қандай қуанышты екенімді Алла Тағаладан басқа ешкім білмейді. Өйткені Алланың Елшісі (с.ғ.с.) мені ердің немесе ерлермен қарым-қатынаста болатын жұмыстардан босатты", - дейді. Және көптеген рауаяттарда хазірет Әлидің (р.а.) үй жұмыстарын орындауға Фатимаға (р.а.) көмектескені туралы айтылған. Имам Садық (р.а.) осы туралы: "Әли (р.а.) отын мен суын әкеліп, үй сыпыратын, Фатима (р.а.) диірмен тартып, қамыр илеп, нан пісіретін", - делінген. Демек, (Сіздің сарағыңыздағы) тігіншілік немесе аспазшылық мамандықдарды әйел адамның жұмысы деп бөлмеген. Жалпы, әрбір ер адам өзінің отбасының, жанұясының бақташысы әрі сол жанұясын барлық жағынан қамтамассыздандыруы талап етіледі. Ислам дінінің көркемділігінің жоғары болғаны сонша, тіпті отбасыға ақшалай жәрдем жасаудың өзі үлкен сауаптарға қол жеткізуге септігін тигізеді. Отбасыға ақшалай жәрдем жасап, асырау - ер адамның парызы. 

Mен намаз оқимын,бірақ екі жыл болды оқудан шаршап келіп,ұйықтаған кезімде біреу келіп қинайды,тұншықтырады,күйдіргендей болады, тіпті қыдықтап ,түні бойы мазамды алып ұйықтатпайды,әсіресе кеш жатқан кездерімде. ол не және оны қалай тоқтату керек?

Құрметті Аманжол, Алланың елшісі (с.ғ.с.) хадис шәріпінде: “«Лә хаулә уәлә қууәтә иллә билләһил алии ил-азыйм» кәлимасын оқу 99 дертке дауа болады. Бұлардың ең жеңілі қайғы.” деген. Бұған “тәмжид кәлимасы” деп айтылады. Қорыққан кездерде және жыннан қорғану үшін де оқылады.

Aссаламу алайкум уа рахматуллахи уа баракатух имам агалар жасап жатқан жумыстарыңызға Аллах Тағала берекесін берсін кояр сурағым кейбір сәлафи бауырлар 5 уақыт намаздың суннетін мешітте оқуға болмайды дейді ол істері менін ойымша дурыс емес бірақ олар бидғат Пайғамбарымыз Сахабаларымыз олай істемеген деп мазаны ала береді тисе береді далелмен жур дейді осыған далел сахих хадистерден жауап беріңіздерші жане тағы сурақ емдік дұғалар емдік напіл намаздар барма айтыңыздаршы бетімдегі безеу тым көбейіп жиркенішті боп кетті дерматолктар еш шарасыз жауап бергендеріңізге алдын ала рахмет!

Уа ғалейкумуссалам! Тоқжігіт Жанболат, бес уақыт парыздағы сүннет намаздарға қатысты көптеген хадистер келген. Олар жалпылама және әр сүннет намазға арнайы айтылғаны да бар. Әбу Аюб (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Кімде-кім бір күн бір түнде он екі ракағат намаз оқыса, оған жәннаттан үй тұрғызылады. (Олар) Төрт ракағат бесіннен алдын және екеуі кейін, ақшамнан кейін екі ракағат, құптаннан соң екі ракағат және таң намазынан алдын екі ракағат»(Әл-Лубәб шарх әдаб китаб, Китаб солат, 100-бет),-деп айтылған.

Расында, парыз намаздарды мешітте, нәпіл намаздарды үйде оқу абзал. Алланың елшісі (с.ғ.с.):«Ей, адамдар! Үйлеріңізде намаз оқыңдар. Өйткені бір адамның парыз намаздан кейінгі ең абзал намазы – үйінде оқыған намазы» (Термези, Саләт, 203; Мәлік, Муатта, Жамағат, 4) – деген. Алайда, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) үйі мешіттің қақ іргесінде орналасқан еді.

Сондай-ақ, "Мәрақил-фәлах"  кітабы мен "Нимет-и Ислам" кітабының «Нәпіл намаздар» бөлімінде былай делінеді: «Парыз бен сүннет немесе сүннет пен парыз арасында сөйлеу алдыңғы сүннетті жоқ қылмайды. Бірақ, сүннеттің сауабын азайтады. Ондай жағдайда ең дұрыс болған қаулы – сүннетті қайта оқу. Кез-келген дұға да бұл жерде сөйлеу сияқты болады.»

Қорыта айтқанда, мешітте парыздан кейін оқылатын сүннеттерді мешітте оқып, үйінде қосымша нәпіл намаздар оқығаны абзал. Егер намазханның үйі қашық болса, сүннет намаздары кешіктірілуі немесе түрлі себептермен оқылмай қалуы мүмкін, я болмаса, сол аралықта дүние сөзін сөйлеуі немесе дүние ісімен шұғылдануы себепті сауабын азайтуы әбден мүмкін, яғни, абзал істі арзан іске айналдырады.

Сонымен қатар, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадис шәріптерінде:

 

“«Лә хаулә уәлә қууәтә иллә билләһил алии ил-азыйм» кәлимасын оқу 99 дертке дауа болады. Бұлардың ең жеңілі қайғы.” деген.

 

“Бисмилләһиррахманиррахим уәлә хаулә уәлә қууәтә иллә билләһил алии ил-азыйм”  дұғасы бүкіл ауруларға шипа.

 

“Фатиха”, “Аят әл-Курси” және “төрт Қул” (Яғни Кәфирун, Ихлас, Фәләқ, Нас) сүрелерін 7-реттен оқып ауру кісінің үстіне үрленетін болса, бұл да бүкіл дерттерге шипа болады.

Ассалаумағалейкум ! менің қояр сұарғым қарыз жайында. Мен қарыз туралы онің зардаптары туралы оқыдым. Қарызды 1 тиын болса да міндетті түрде қайтару керек. Ал егер жастық шақта мектепте, студент шақта ұсақ ақшалар қарызға алып жатамыз, кейін олар естен шығып жатады, бұл қарыздар оте көбейіп жатады, бұның қандай зардаптары бар, одан қалай құтылуға болады

Уа ғалейкумуссалам! Жомарт, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қарызды қайтаруға асығыңдар деп бұйыруының мәнісі де сол еді, кешіккен сайын көп нәрсе ұмыт болады. Қарыздың көлемі емес, қарызға деп алғаныңды қайтару маңызды. Соңғы мүмкіндікке дейін қарыздың егесін тауып қайтаруға тырысу керек. Егер егесін шын таппаған жағдайда Аллаға тәубе етіп, қарыздың көлеміндей садақа беру керек.

Ассалаумагалейкум! Менің сіздерге бір сұрағым бар еді. Бір жолы құптан намазым ұмытылып оқылмай қалды? ертесіне есіме тұүсті, бұл жағдайда не істеу керек?

Уа ғалейкумуссалам! Берік, ұйықтап қалып не ұмытып қаза қылған намазды еске түскен кезде өтеуге болады. Ол туралы

Алла елшісінің (с.ғ.с.): «Егер кімде-кім ұйықтап қалып немесе ұмытып намазын өткізіп алса, оқи алмаған намазын есіне түскен кезде өтесін» дегені дәлел (Сахих Бухари, 597).

Ассалаумагалейкум! Менің сіздерге бір сұрағым бар еді. Бір жолы құптан намазым ұмытылып оқылмай қалды? ертесіне есіме тұүсті, бұл жағдайда не істеу керек?

Уа ғалейкумуссалам! Берік, ұйықтап қалып не ұмытып қаза қылған намазды еске түскен кезде өтеуге болады. Ол туралы

Алла елшісінің (с.ғ.с.): «Егер кімде-кім ұйықтап қалып немесе ұмытып намазын өткізіп алса, оқи алмаған намазын есіне түскен кезде өтесін» дегені дәлел (Сахих Бухари, 597).

Ассалаумағалейкум имам ағалар! Аллах разы болсын сиздерге.Менин кояр сурагым азан мен камат арасында жасалган дуганын абзалдыгы жайлы айтып берсениздер.Алдын ала рахмет.Аллах разы болсын!

Уа ғалейкумуссалам! Акежан, дұға қабыл болатын уақыттардың бірі азан мен қаматтың арасы, ол туралы мына хадис шәріпте айтылған:

عن أنس رضي الله عنه قال: قال رسول الله صلى الله عليه وسلم : «الدعاء بين الأذان والإقامة لا يرد» أخرجه الترمذي

Анас (Алла оған разы болсын) Пайғамбардың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) мына хадисін риуаят еткен: «Азан мен қамат арасындағы дұға қайтарылмайды (қабыл болады)» (Термизи).

 

Ассаламалейкум уа рахматтулла уа баракатух мен жакынан бастап тан намазын оқып бастадым бірақ әуелден темекі шегемін коялмай жүрмін ол күнәма

Дана

Уа ғалейкумуссалам уа рахматуллаһи уа барактуһ! Дана, темекі тарту пайғамбарымыздың, сахабалардың, одан кейін келген төрт мәзһаб имамдарының кезінде жоқ еді. Сондықтан темекі тартудың адал яки арамдығына байланысты хадистерден, не төрт мәзһаб имамдарының пәтуаларынан нақты дәлел табу қиын. Ал, темекі алғаш рет XVI ғасырда пайда бола бастағаннан бері оның адал не арамдығына байланысты ислам ғұламаларының түрлі пікір білдіргенін байқаймыз. Қайсібір ғұламалар темекіні нақты харам ететін Құран, не хадистен айқын дәлелдің жоқтығын және сол ғасырларда оның адам ағзасына зияндылығы анық дәлелденбегендігін алға тартып «мәкрүһ» немесе «мүбах» деп үкім шығарса, енді біреулері Құрандағы кейбір аяттарға сүйене отырып «харам» деп кесіп айтқан.

Ислам шариғатында кейбір үкімдердің заманы мен жағдаятқа қарай түрленетіні мәлім. Темекі тарту үрдісінің кең тарамаған әрі денсаулыққа аса зияндылығы нақты дәлелдене қоймаған ертеректе берілген «мәкрүһ» үкімі бүгінгі таңда басқаша қаралатыны анық. Сондықтан кейінгі ғасырларда темекі тарту әдетінің әлемде, оның ішінде мұсылмандар арасында да кең жайылып, денсаулыққа аса зияндылығы ғылыми тұрғыда нақты анықталғаннан кейін басым көпшілік ислам ғұламалары мен бірқатар ислами ұйымдар оның анық харам екендігін айтып пәтуа шығарды. Мысалы, Мысырдағы «әл-Әзһар» университетінің жанындағы «Пәтуа комитеті» 1979 жылы темекіге «харам» деп пәтуа шығарған. Сондай-ақ, әл-Әзһар университетінің бұрынғы шейһул-әкбары Жәддул Хақ Али Жаддул Хақ, Мысыр республикасының бұрынғы мүфтиі Наср Фәрид, заманымыздың Атия Сақр, Юсуф Қарадауи сынды бірқатар ғалымдары да харам деп пәтуа берген.

Темекінің харамдығына байланысты мынандай дәлелдер келтіруге болады:

1. Құранда: «(Мұхаммед пайғамбар) Оларға пайдалы пәк нәрселерді адал етіп, зиянды нахош нәрселерді харам етеді...»(«Ағраф» сүресі, 157-аят) -делінген. Демек, Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбардың әкелген дінінде адамға зиянды барлық нәрсе харам. Яғни, адамның ағзасына, жүрегіне, санасына, ұрпағына зиянды барлық нәрсе Құран бойынша харам деген сөз. Ал, темекі адам ағзасына, санасы мен ұрпағына зиян болғандықтан, Құранның осы аяты бойынша оның харам екендігін айту қиын емес. Құранда: «Өздеріңді өз қолдарыңмен қатерге итермеңдер!»(«Бақара» сүресі, 195-аят), «Өздеріңді өздерің өлтірмеңдер!»(«Ниса» сүресі, 29-аят) делінеді. Ал шылым шегіп денсаулығына зиян тигізген кісі өз қолымен өзін қатерге итермелейді әрі өз-өзін ұзақ мерзімде «баяу өлтірген» болады.

Қазіргі таңда ғылым темекінің адам ағзасына аса зиянды екенін дәлелдеді. Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәлiметiне сүйенсек, Жер шарындағы 1,8 миллиард 10-24 жас аралығындағы жеткіншектер темекiнiң түтiнiмен уланған. Ал Қазақстан халқының 27 пайызы (4 миллион адам) темекi шегеді. 4 миллионның 600 000 астамы қыз-келiншек болса, 120 мыңы – 13-15 жас аралығындағы жасөспiрiмдер. Отандастарымыздың басым бөлiгi 20-ға толмай жатып, шылымның «дәмiн» татады екен. Сорақысы сол, елiмiзде жылына – 25 мың, күн сайын 70 пенде темекiнiң кесiрiнен туындаған дерттерден көз жұматын көрiнедi. Дүниежүзі ғалымдарының зерттеуінше, өкпе рагы ауруларының 90 пайызы шылым шегетіндердің үлесіне тиеді екен. Егер шылым шегушілер күніне 20 тал темекі шексе, олардың өкпе рагы ауруына шалдығу қаупі өзгелерге қарағанда 10-15 есе артып, ал бүйрек дертіне бес есе көп шалдығады екен.

Езуiне шылым қыстырғандардың үштен бiрi, кейде тiптi, тең жартысының ғұмыры 15 жылға кемиді екен. Әлемде әр 13 секунд сайын бір адам, әр 65 секундта бес адам темекі кесірінен көз жұмады. Жылына үш миллион адам темекіден пайда болған кеселдердің нәтижесінде қайтыс болатын көрінеді.

Шылым алдымен, қан тамырларына әсерін тигізеді, қан тамырларының жұмысын нашарлатып, оларды жіңішкертіп, қан қысымын көтеріп, жүрек талмасына жетелейді. Темекі құрамында 4000 мөлшерде химиялық зат барлығы анықталған.

Тек бір тал темекі шеккен адамның ағзасында никотиннің зардабынан бүйрек үстіндегі бездерден арденамен және норадренамен деп аталатын гармондардың жұмысы бұзылады. Осының кесірінен асқазанның қышқыл сұйықтығы (запран) артады. Үнемі темекі шегетіндер уақыт өткен сайын асқазанында гастрит (асқазанның қабынуы) және жара пайда болады.

Никотиннің әсерінен денедегі бүкіл тамырлар белгілі мөлшерде жиырылады да, жүрек бұл жұмысты атқару үшін қиналады, адамның қан қысымы артады. Миға баратын қан азаяды. Ми өз деңгейінде жұмыс істемейді, қандағы холестерол артады, бүйрек үсті бездерінен адренамен атты гармон қабынады да, бүтін денені өртейді. Тамырлар жиырылады. Қол, аяқ тамырлары тартылып, қол мен аяққа баратын қан азаяды, қол мен аяқтың қызуы қайтады.

Денеге сіңген никотиннің әсерінен дененің барлық ағзаларында тамырдың жиырылуынан қан аз өтеді, бұл дененің, бүтін ағзалардың өз деңгейінде жұмыс істемеуіне әкеп соғады. Ми жөнінде де осындай жағдай. Демек, темекі тартатындардың жүрегі тез соққандықтан жүректің қанға және ауаға қажеттілігі артып, осыған орай, жүрекке келетін қан мен ауа азаяды. Темекі түтініндегі төрт мыңнан астам зиянды заттың біреуі – көміртегі. Көміртегі – автокөліктердің тетігінен шыққан улы газдардың бірі. Темекінің түтінімен бірге бұл да белгілі бір мөлшерде денеге кіреді.

Ерлі-зайыптылар арасындағы жыныстық қатынасқа салқындықтың басты себебі де – осы никотин.

Жалпы зерттеудің нәтижесінде, темекіден өкпе рагы, жүрек ауруы, амфизем, тыныс жолдары қабынуы сияқты аурулар пайда болады.

Темекінің зардабынан пайда болатын негізгі аурулар:

• Асқа деген тәбетті қайтарады.
• Ас қорытуды қиындатады.
• Тісті сарғайтып, ауызды сасытады.
• Асқазанда жара пайда болады.
• Ерін, тіл және өңеш рагына жол ашады.
• Жөтел және қақырық пайда болады.
• Созылмалы тыныс жолдары қабынуына әкеліп соқтырады.
• Көмекей және өкпе рагына тап болушылардың 90 пайызының себебі темекіден.
• Тамырды қатайтады (атересклероз).
• Қол – аяқ тамырлары бітеді, гангрена (тән талшықтарының жансыздануы, шіруі) пайда болып, қол – аяқ кесіліп, кемтарлыққа дейін апарады.
• Ми қызметін реттейтін тамырларды да қатайтып, салдануға себепші болады.
• Жүрек ауруларына, әсіресе жүрек бұлшық еті инфарктіне (жүрек ұстамасы) қолайлылық туғызады.
• Есте сақтау қабілетін азайтады.
• Көңілсіздікке душар етеді.
• Ұйқыны азайтады.
• Теріге әжім түсіреді.

2. Құранда: «...Ішіңдер, жеңдер, бірақ ысырып етпеңдер!»(«Ағраф» сүресі, 31-аят) делінсе, басқа бір аятта: «Ысырап етпе, сөзсіз ысырап етушілер шайтанға бауыр болмақ. Ал шайтан болса, Раббысына тым күпірлік етуші-дүр»(«Исра» сүресі, 27-аят), – деп ысырап етудің күнә екендігін, тіпті, кісіні шайтанға бауыр ететін Жаратушыға жағымсыз іс екенін білдіреді.

Иә, адам ағзасына аса зиянды нәрсе үшін маңдай теріңмен тапқан ақшаңды жұмсаудың ысырып екені айтпаса да түсінікті. Әр күні – бір-екі құты темекіні тауысқан адам ғұмыр бойы қанша ақшаны босқа жұмсайтынын есептеді ме екен? Күніне шамамен 300 теңгенің темекісін тартқан кісі айына 9000 теңгеге, ал жылына 108000 теңгеге, ал шамамен 50 жыл тартты деп есептесек, онда 5 400 000 теңгені текке рәсуа етеді екен. Бұл сіріңке мен ауыздың жағымсыз иісін кетіру үшін шайналған сағызға кеткен ақшаны қоспағандағысы. Ал жоғарыдағы мөлшерге темекі зардабынан бұзылған денсаулығын емдеуге жұмсаған қаржысын қоссақ, аталмыш мөлшердің тағы да көбейе түсері анық. Ал енді мұндай көлемдегі қаржымен қанша мұқтаж адамның қарнын тойдырып, неше зәру жанның киімін бүтіндеп, талай науқасты емдеуге болатыны күмәнсіз. Ысырап дегенде тек ақшаны ойламауымыз керек. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бір хадисінде: «Адамдардың көбі Алланың өздеріне берген екі үлкен нығметінің қадірін білмейді. Олар денсаулық пен бос уақыт»(Сахихул-Бұхари) делінеді. Тәулігіне 20-22 дана шылым шегетіндер жылына уақытының шамамен 40 күнiн темекі тартуға пида ететінін білуші ме едіңіз?

Олай болса, «Дәрет алған кезде өзеннің жағасында болсаң да суды ысырап етпе!» деп ысырапқа қарсы соғыс жариялаған Ислам сияқты ықтиятты бір діннің темекінің үкіміне «мәкрүһ» деп жеңіл қарап, ысырапқа рұқсат беруі әсте мүмкін емес.

3. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде: «Пияз, не сарымсақ жеген кісі бізден аулақ жүрсін немесе, намаз оқитын жерімізге жақындамасын, үйінде отырсын!»(Сахихул-Бұхари) деген. Неліктен? Себебі, көпшілік жиналатын жерге жағымсыз иіспен бару – Ислам этикасына қайшы. Құлшылығын алаңсыз жасағысы келетін жандардың мазасын қашырып, жеке құқығына қол сұғу деген сөз. Ал, енді адал тамақ пияз бен сарымсақты жеп мешітке кіруге, көпшілік жүретін жерге баруға болмайтын болса, тұла бойынан темекінің жағымсыз исі мүңкіген кісінің мешітке барып құлшылықтағы жамағаттың құтын қашыруға бола ма? Бұл өзгеге жасалған зұлымдық емес пе? Себебі, кез келген шылым шекпейтін кісі темекінің исін мүлде жақтырмайды, тіпті кейбір жандардың басы айналады. Құранда: «Сөзсіз Алла тағала зұлымдық жасағандарды жақсы көрмейді»(«Әли имран» сүресі, 57-аят, 140-аят. «Шура сүресі», 40-аят) деп, өзгеге зияны тиген адамдардың Жаратқанның махабатынан алшақтайтынын ескерткен.

Шылым шегетіндердің айналасындағы бала-шағасы, басқа да адамдар темекі тартатындарға қарағанда анағұрлым көбірек зардабын тартатындығы анықталып отыр. Сондай-ақ, шылым шегетін әйелдерден туылған сәбилер көп жағдайда аурушаң боп дүниеге келеді. Бала емізген әйелдерде никотин емшек сүтіне араласып, осы арқылы сәби денесіне өтетінін көп аналар біле бермейді. Анасының жауапсыздығы нәтижесінде дүниеге келген аурушаң балалар мен ағзасын ана сүті арқылы улаған сәбилер ертең ақырет күні әкесі мен шешесінің жағасына жабысып, оларды қиын сұрақтың астына алары сөзсіз.

4. Бұларға қоса, темекі тартқан кісі бұл жағымсыз әдетін көпшілікке, бала-шағасы мен жас жеткіншектерге жарнама етіп, оларды жиіркенішті қылыққа баулығандықтан және темекісін тастаған кейбір жұрттың нәпсісін қоздырып, қайта елірткендіктен, олардың да күнәсін Алла алдына арқалай бармақ. Исламда: «Бір іске себепкер болған кісі сол істі істегенмен бірдей күнә не сауап алады» деген негізгі қағида бар.

Әкесінің не жақын адамының, өзіне дәріс үйреткен ұстазының, тіпті, бейтаныс үлкен кісінің шылым шекке-нін көрген бала санасында ол іс өзінің жиіркеніштілігін жоғалтады. Будақтап шыққан темекінің көк түтініне кішкентайынан көзі үйреніп, жан дүниесіне жақын қабылдаған жас жеткіншек темекі тартуға әрдайым құмарланып, құмбыл тұрады. Тіпті, шылым шегу олар үшін есеюдің нышанындай боп көрінеді. Міне, сондықтан темекі тартқан кісі қанша адамды өзі секілді жиіркенішті нәрсеге тәуелді еткенін ұмытпауы тиіс.

5. Иә, темекі тарту – әлдебір нәрсеге тәуелділік. Олай дейтініміз, темекі тартқан кісі өзін онсыз өмір сүре алмайтындай сезінеді. Темекі тартпаса ішкен асы бойына дарымайтындай, төсекке жатса ұйқысы қашатындай боп көрінеді. Тіпті, шылым шекпесе, көңілі сергімей үнемі тұнжырап жүреді. Темекі үшін абыройын түсіріп көшедегі бейтаныс адамнан қол жайып сұрауға дейін барады. Тіпті, кейбіреулері қатты қысылғанда өзгелердің шегіп тастап кеткен қалдығын да қолданып жатады. Міне, бұл дегеніміз, Алла тарапынан ардақтап жаратылған адам баласының осындай исі жағымсыз қураған құр жапыраққа қол қусырып, тәуелді болғандығының белгісі. Ендеше, шынайы да кемел мұсылман мұндай тәуелділіктен бо-йын аулап ұстап, әрдайым бір Аллаға ғана тәуелді болуды мақсат етеді.

Кейбіреулер «темекі тартсаң жүйкеңді жұбатып, ашуыңды тарқатады» деп өздерін алдаған болады. Алайда Хақ пайғамбары (с.а.у.) ашуланғанда шылым шегуді емес, дәрет алып, намаз оқуды бұйырғанын ұмытпайық.

Сөз соңы, Пайғамбарымыздың (с.а.у.): «Қиямет күні әрбір құл ғұмырын қайда өткізгенінен, алған білімімен қандай амал жасағанынан, дүние-мүлкін қалай тауып, қайда жұмсағанынан және дене мүшесін қайда тоздырғандығынан сұралып, есеп бермейінше орнынан бір қадам алға жылжымақ емес»(Мұхаммед ибн Иса Әбу Иса әт-Тирмизи, Сунанут-тирмиз, 4-том, 612-бет. «Дарул-ихиаайт-турасил-араби» баспасы, Бәйрут), – деген жауапкершілігі ауыр, тағылымы мол хадистерін әркез жадымызда ұстасақ игі.

Ассаламу Алайкум уа рахматуллаһ ! Сұрағым Мына дұғаны оқуға болама және оқысан мынадай сауапқа қауышасың деген толық жауап жазссаңыз Мына дұға?«ИСМИ АҒЗАМ» "Рауаятта айтылуынша, Расулулла алайһиссалам бір күні мешітте мүбәрәк арқасын михрабқа сүйеп отыр екен. Бір кезде Жебірейіл періште келіп сәлем беріп, айтыпты:
- Ей, Мұхаммед, тәңірі азза уа жалла саған сәлем жіберді,- деді және айтты: - ей, Мұхаммед, кімді-кім бұл дұғаны оқыса немесе өзінде тұтса, күнәлары таудан да үлкен, теңізден де көп болса да Алла тағала жарылқайды. Осы дұғаны күніне бір рет оқып жүрсе. Егер кімде-кім бұл дұғаны өмірінде бір рет оқыса немесе есітіп тыңдаса, Алла тағала ол пендеге үрдің қыздарын дайындайды. Бұл дұғаны Рамазан айының он үшінші күні, ауыз ашар уақытта оқыса немесе оқи білмейтіндер алдына қойып он рет салауат айтып, әр түрлі қажетін тілесін. Йа, Мұхаммед, кімде-к!
ім бұны оқып қолына ұстаса, оқытып тыңдаса, қиямет күні сираттан оңай өтеді, осы дұға қасиеті арқасында : Қияметте ол пенденің жүзі он төрт күндік толған айдай жарқырап тұрады. Машқар күнінде халайық таңырқай қарап, бұл кім өзі, қайсы пайғамбар болды екен деп ойлайды. Сол кезде ғайыптан бір үн, әуез келеді, сендердің таңырқап тұрғандарың ең құрметті құлым, ол «Исми Ағзам» дұғасын оқып, өзіне тұтқан еді деген. Мұнан соң Мұхаммед ғалайһиссалам айтты: - Йа, жолдасым Жебірейіл, сенен бұл дұғаның қасиетін естіп таң қалдым, - деді. Жебірейіл айты!
 Йа, Мұхаммед, кімде-кім бұл дұға!
ны оқыса немесе өзінде тұтса, егер ол намазға жалқау болса – намазхан болады, дұшпаны болса – оған ешбір зиян жасай алмайды. Бұл дұғаны жүкті әйелге жазып ішкізсе, онда әйелдің босануы жеңіл болады. жанып жатқан отқа кірсе де, еш жері күймейді. Бұл дүниеден имансыз өтуден сақтайды. Бұл дұғаның сауабын бүкіл әлем халқы жазушы болса да, жазып жеткізе алмайды. Бұл дұғаны «Исми Ағзам» дейді. Бір өзі жетпіс екі түрлі дертке дауа. Бірақ біз мұны мұхтасар еттік, қысқарттық.

Иа Жамилу иа Аллаһу иа Қарибу иа Аллаһу
Иа Мужибу иа Аллаһу иа Нажибу иа Аллаһу
Иа Хабибу иа Аллаһу иа Раззақу иа Аллаһу
Иа Маъруфу иа Аллаһу иа ъазизу иа Аллаһу
Иа Латифу иа Аллаһу иа Ханнану иа Аллаһу
Иа Маннану иа Аллаһу иа Мухсину иа Аллаһу
Иа Рахману иа Аллаһу иа Рахиму иа Аллаһу
Иа Кариму иа Аллаһу иа Мажиду иа Аллаһу
Иа Муқтадиру иа Аллаһу иа ъалиму иа Аллаһу
Иа Ғафуру иа Аллаһу иа Ғаффару иа Аллаһу
Иа Мубдиу иа Аллаһу иа Қадиру иа Аллаһу
Иа Муъиду иа Аллаһу иа Қадиму иа Аллаһу
Иа Рафиъу иа Аллаһу иа Шакуру иа Аллаһу
Иа Латифу иа Аллаһу иа Сабуру иа Аллаһу
Иа Басиру иа Аллаһу иа Самиъу иа Аллаһу
Иа Аууалу иа Аллаһу иа Ахиру иа Аллаһу
Иа Заһиру иа Аллаһу иа Батину иа Аллаһу
Иа Уакилу иа Аллаһу иа Қуддусу иа Аллаһу
Иа Саламу иа Аллаһу иа Мумину иа Аллаһу
Иа Муһаймину иа Аллаһу иа ъазизу иа Аллаһу
Иа Жаббару иа Аллаһу иа Халлақу иа Аллаһу
Иа Барийу иа Аллаһу иа Раззақу иа Аллаһу
Иа ъалиму иа Аллаһу иа ъалламу иа Аллаһу
Иа Хаййу иа Аллаһу иа Қаййуму иа Аллаһу
Иа Қабизу иа Аллаһу иа Баситу иа Аллаһу
Иа Муъизу иа Аллаһу иа Муззилу иа Аллаһу
Иа Қауйуу иа Аллаһу иа Муъиду иа Аллаһу
Иа Маниъу иа Аллаһу иа Хафизу иа Аллаһу
Иа Рафиъу иа Аллаһу иа Қафилу иа Аллаһу
Иа Жалилу иа Аллаһу иа Жамилу иа Аллаһу
Иа Зал Жалали уал Икрами иа Аллаһу иа Камалу иа Аллаһу
Иа Саййдас саадати иа Аллаһу иа Ғиясал Мустағиси иа Аллаһу
Иа Мужибат даъауати иа Аллаһу иа Мунзилал баракати иа Аллаһу
Иа Қафиял хасанати иа Аллаһу иа Мухис саббиати иа Аллаһу
Иа Рафиъад даражати иа Аллаһу иа Қауййу иа Аллаһу

Иа Муфанниқал аб уаби иа Аллаһу иа Дайму иа Аллаһу
Иа Фарду иа Аллаһу иа Уйтру иа Аллаһу
Иа Ахаду иа Аллаһу иа Самаду иа Аллаһу
Иа Махмуду иа Аллаһу иа Садиқал уаъди иа Аллаһу
Иа ъалийу иа Аллаһу иа Шафиъу иа Аллаһу
Иа Кафилу иа Аллаһу иа ъаффу иа Аллаһу
Иа Мустаъану иа Аллаһу иа Мустаъали иа Аллаһу
Иа Һадийу иа Аллаһу иа Қадиру иа Аллаһу
Иа Қаһиру иа Аллаһу иа Қаһһару иа Аллаһу
Иа Фаттаху иа Аллаһу иа Муһаймину иа Аллаһу
Иа Раббас самауати уал арзи иа Аллаһу иа Малиқал мулки
иа Аллаһу. Иа Зал уал икрами Аллаһума инни асалуқа баһза
һазиһил асмаи куллиһа ан тусалли ала Мухамаддан уа ала
али Мухаммадин қама саллайта уа салламна уа бараката ъала
Ибраһима уа ала али Ибраһима фил ъаламин раббана инка
хамидан мажидан бирахматика иа архаммар рахимин."

Уа ғалейкумуссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Жеңіс, 

Исми ағзам – Құран кәрімнің ішінде. Қай аят екені белгісіз. Хадис шәрифте былай делінген:

«Исми ағзаммен жасалған дұға қабыл болады және тілегі орындалады.» (Ибн Мажа)

«Аллаһу та’аланың Әсма-и хуснасымен дұға етілсе қабыл болады.» (Шира)

«Исми ағзам мына үш сүренің ішінде: Бақара, Али Имран және Таха.» (Ибн Мажа)

Пайғамбарымыз алейһиссалам исми ағзам жайында кейбір белгілер, ишаралар білдірген:

«"Йа бәди’ассәмәуәти уәл әрди, йа зәл жәләли уәл икрам" деп дұға еткен адамның дұғасы қабыл болады.» (Тирмизи)

«Басына дерт пен пәлекет келген адам Юнус пайғамбардың дұғасын (Лә илаһә илла әнта субханака инни кунту минәззалимин)оқысын! Аллаһу та’ала оны міндетті түрде құтқарады.» (Тирмизи)

«Исми ағзам "Уә илаһукум илаһун уахид, лә илаһә иллә һуәррахмануррахим" аяты мен "Аллаһу лә илаһә илла һууәл хаййул қаййум" аятының ішінде.» (Тирмизи) (Бақара 162 және Али Имран 2 аяттары.)

«"Аллаһумма бисмикәл а’зам уә ридуаникәл әкбар" дұғасын оқып жүріңдер, себебі бұл әсма-и хуснадан саналады.» (Табарани)

«Йа Раббым, йа Раббым деген адамға Аллаһу та’ала "Сұра құлым, сұрағаныңды берейін" дейді.» (Дәйләми)

«Қабыл болуы үшін дұғаны ықыласпен жасау керек, ішіп-жегені мен кигені халалдан болу керек, бөлмесінде харам болған бір жіп бар болса, бұл бөлмеде жасалған дұға қабыл болмайды.» (Тәрғиб-ус-салат)

«Пайғамбарымыз дұға еткен кезінде "Йа хаййу йа қаййум" дейтін еді.» (Тирмизи)

«Аллаһумма инни әс’әлука би-әнна ләкәл хамду лә илаһә илла әнтә йа ханнан йа мәннан йа зәл жәләли уәл икрам» деп дұға еткен адамға да былай деді: «Аллаһтың исми ағзамымен дұға еттің. Бұлай дұға етілгенде Аллаһу та’ала ол дұғаны қабыл етеді.» (Нәсаи)

Хазреті Айша анамыз айтып берген:

«Расулуллаһ дұғаның қабыл болуына себеп болған исми ағзамды білесің бе?» деп сұрады. Мен білмейтіндігімді айтқанда «Йа Айша, оны үйрету және онымен дүниелік үшін бір зат сұрау дұрыс болмайды» деді. Орнымнан тұрып, дәрет алып, екі рәкат намаз оқыдым да «Аллаһумма инни әдукәллаһ уә әдукәррахман уә әдукәлбәрраррахим уә әдука биәсмаикәл хусна кулләха мә алимәту минһә уә мә ләм аләм әнтағфирәли уә тәрхамәни» дұғасын оқыдым. Күлімдеп «Исми ағзам оқыған дұғаңның ішінде» деді. (Ибн Мажа)

«Йа зәл жәләли уәл икрам» деген бір адамға «Аллаһтан не сұрасаң сұра, қабыл болады» деді. (Тирмизи)

«"Лә илаһә иллаллаһу уәллаһу әкбар, Лә илаһә иллаллаһу уахдәһу лә шәрика ләһ, ләһул мулку уәләһул хамду уә һууә алә кулли шәйин қадир, Лә илаһә иллаллаһу уәлә хаула уәлә қууата илла биллаһ" деп дұға еткен адам барлық тілектеріне жетеді.» (Табарани)

«Аллаһумма инни әс’әлука би-әнни әшһәду әннәка әнталлаһу лә илаһә иллә әнтәл әхадус-самадул-ләзи ләм йәлид уә ләм йуләд уә ләм йәкулләһу куфууән ахад» деп дұға еткен бір кісіге сүйікті пайғамбарымыз былай деді:

«Аллаһтың исми ағзамымен дұға еттің. Бұлай дұға етілсе Аллаһу та’ала қабыл етеді.» (Тирмизи)