Ислам асыл дініміз

Иман,Сабыр, канагат осылар шын ниетпен намаз окудын алгышарты бола ала ма? Жане де Алладан изгилик пен жаксылык тилеу дугалары кандай?

 

Құрметті Қасиет! Иман да, сабыр да, қанағат та мұсылман баласының асыл қасиеттері, намаз оқыған адам өзгелерге асыл қасиеттерімен үлгі бола білу керек. Алладан ізгілік пен жақсылық тілеу, дұға қабыл болудың басты шарттары!
Біздің сайттың "Дұғалар" бөлімін мына http://hibatulla.kz/ru/islams.html сілтеме арқылы пайдалануға болады.

Ассаламу алайкум менің сіздерге қояр сұрағым Орифлейм желілік компаниясының бизнесімен айналысуға болама?Оның халал не харам екендігіне далел дайектермен толық жауап берсеңіздер екен.

Уа ғалейкумуссалам! Бағдәулет, әлемде желілік маркетингтің түр-түрі бар. Әртүрінің өзінше жұмыс істеу жобасы мен шарттары бар. Сондықтан жалпылай үкім беру әрине қиын. Ал Қазақстанда соңғы жылда кеңінен өріс алған «Орифлейм» желілік маркетингіне келер болсақ, оның жұмыс істеу жобасы мынандай:

Көптеген ислам ғұламалары «Орифлейм» желілік маркетингінің жұмыс істеу кестесі мен жобасын сараптай келе харам деп пәтуа шығарған. Мысалы, Мысырдағы әл-Азһар университетінің Ислам экономикасы бойынша профессоры, ғалым Хусайн Шаххата, Қатар мемлекеті университетінің Ислам шариғаты факультетінің профессоры Әли Мұхиддин сынды көптеген ислам ғұламалары мен Сауд Арабиясының пәтуа комитеті жалпы желілік маркетингтің жұмыс жасау жобасына харам деп пәтуа шығарған. Оған дәлел:

Сауда-саттықта негізгі мақсат – төленген ақшадан белігілі бір заттың қарымын қайтару болып табылады. Саудада тауар негізгі мақсат болмаған жағдайда, Ислам бойынша ондай сауда анық харамға жатады. Ал бұл жүйеде негізгі мақсат тауар емес, желілікке өзіңнен кейін тіркелетін адамдардың төлейтін ақшасынан түсетін белгілі мөлшердегі пайданы көздеу. Яғни, бір затты алған кезде сол зат үшін емес, компанияға тіркелу үшін ақша төлейсің. Компанияға тіркелер кезде негізгі мақсат тауар емес, бизнес деп түсіндіріледі. Тіпті заттар кешіккен жағдайда: «Затым қайда?» деп сұраған адамдарға шақырушы адам тарапынан: «Зат үшін жүрсің бе?, затты емес, бизнесті ойлау керек!» деген уәж айтылады. Себебі, мақсат тауар емес, басқа тіркелген адамдардың есебінен түсетін пайда!

Ал енді алған нәрсең мақсат болмаса, ақша не үшін төленеді? Сенен кейін тіркелетін мыңдаған адамдар да не үшін төлемек?! Сондай-ақ, егер бұл сауда-саттықта тауар негізгі мақсат болмаса, ертең сенен кейін жүздеген, тіпті мыңдаған адам тіркелген жағдайда, сенің есебіңе келіп түсетін ақшаны нендей ісіңмен, қандай еңбегіңмен таптым демексің? Адамдарға бірінші кезекте қажет емес, тіпті өмір сүру стандарттарына сай емес әртүрлі коллекциялық қымбат тауарларды әртүрлі жолдармен қызықтырып сату арқылы ел экономикасына қандай үлес қосасың? (пайдасын былай қойғанда тигізетін залалына төменіректе арнайы тоқталамыз).

«Кісі ақша тапқан жағдайда, басқа жаққа жұмсап тастамауы үшін сен оны одан дереу алып ал». Бұл деген сөз кісіні белгілі бір іске мәжбүрлеу деген сөз. Исламда мұндай сауда жоқ. Кісі толық өз еркімен шешуге тиіс. Аталмыш кітаптың 20-шы бетінде: «Алдыңдағы адамның «жоқ» деген жауабын есту – жұмысымыздың бір бөлшегі. Біз бұл жұмысқа көптеген адамның «жоқ, қажет емес» деген жауабын есту үшін келдік. Бірақ, біздің жұмысымыз адамдардың «жоқ, қажет емес» деген жауабын «иә, маған қажет» деген жауапқа өзгертуде» делінген. Яғни, кісінің «қажет емес» деген сөзіне қарамастан, әртүрлі жолдармен өзіне бірінші кезекте керек емес, қымбат тауарды алуына ықпал ету деген сөз. Бұл исламда – харам. Шариғатта адамға мұнша әсер етіп бір нәрсені сатуға тыйым салынады.

Салеметсіздерме тәһәжжуд намазы қашан оқылады

Құрметті Ақтоты Ахан! Құптан намазынан кейін немесе аз уақыт ұйықтап тұрғаннан кейін оқылатын нәпіл намазды «түнгі намаз» дейді. Түннің жартысынан бастап, сәре уақытының аяқталуына дейінгі уақытта тұрып оқылған намазды «тәһажжүд намазы» дейді. Тәһажжүд намазы екі рәкаттан сегіз рәкатқа дейін. Бұл намаз – Аллаһ Елшісіне парыз. Оның дәлелі мына аят: (Мұхаммед) «Түнде оянып, өзіңе тән нәпіл оқы» (Исра, 79).

1) Кубыланы калай дурыс табуга болады?

2) Дарын Мубаровтын уағыздарын тындауға болама?

3) Пайғамбарымыз (с.ғ.с): менің үмбеттерім 73 топқа бөлінеді,тек бір тобы ғана жәнатка кіреді деген екен осы туралы нақтырақ айтып берсеңіздер.

Алдын ала рахмет, Алланың нұры жаусын!

Уа ғалейкумуссалам! Назерке, құбыланы табу үшін, күн батыстың оңтүстік жағын назарға алу керек немесе арнайы компаспен анықтау керек. 
Дарын Мубаровтың уағызын тыңдауға болмайды. Себебі, оның уаһһабилік ағымның өкілі екені айқын.
Хадис шәрифте былай делінеді: "Үмбетім 73 топқа бөлінеді. Олардың ішінен 72сі тозаққа барады, тек бір топ қана құтылады. Тозақтан құтылатын сол жалғыз топ Менің және сахабарымның жолымен жүргендер болады" (Тирмизи, Ибн Мажә)7 Бұл жол “Әһли сүннәт уәл жамағат” мазһабтары 4-еу, олар Әбу Ханифа, Малики, Шафии, Ханбали. … Бұлардың бiрiншiсi, Әһлi сүннеттiң басшысы, Имам Ағзам Әбу Ханифа Нуғман бин Сабит. Екiншiсi, Имам Малик бин Әнас, үшiншiсi, Имам Мухаммед бин Идрис Шафии, төртiншiсi, Имам Ахмед бин Ханбал, Аллаһ олардан разы болсын.

 

Ассаламағалейкум. Дүниеге келген қыз балаға азан шақырып аты қашан қойылады? Молдданы үйге шақырып, қырқынан шықпай тұрып ат қоюға бола ма? әлде қырқынан шыққанын күту керек пе?

 

Уа ғалейкумуссалам! Нурила, Пайғамбарымыз (с.а.с.) баланың құлағына азан шақырып, жақсы есім қоюды үмбетіне өсиет еткен. Күнделікті оқылатын бес уақыт намаздың уақыты кіргенін мұсылмандарға хабарлағанда азан айтылады, сондай-ақ, сәбиге ат қояр сәтте де құлағына азан шақырылады. Ибн Аббастың (р.а.) риуаят етуі бойынша пайғамбарымыз (с.а.с.) немересі Хасан дүниеге келгенде, оның оң құлағына азан, сол құлағына қамат оқыған (Тирмизи, Әдаһи, 15).

Сондай ақ нәрестенің ең алғашқы естіген даусы азан үні болғаны дұрыс. Себебі оқылған азан мен қамат, сәбиге жасалған алғашқы иман қадамы болып табылады. Азанның мағынасы мен мазмұнында тәкбір (Алланың Ұлылығы), таухид (Алланың жалғыздығы), пайғамбарлық және намаз сияқты діннің негіздері қамтылуда. Сонымен қатар нәрестенің құлағына азан шақырып, жақсы ат қою – ата-ананың перзенті алдындағы маңызды міндеттерінің бірі. Азан айтып ат қою үшін қырқынан шығуын күту керек емес.

Ассалямалейкум уа рахматуллахи уа баракатух,мен намазды 39 жасымда бастадым оған дейнгі парыздарымды қандай ретпен оқысам болады? Панкреатит ауруы үзір болып саналады ма?

Уа ғалейкумуссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһу! Эльмира, бұрынғы білместікпен оқылмайған қалған намаздар үшін шын өкініп, тәубе ету керек. Намазды тұрып оқи алмаса, отырып оқысын, егер отырып оқи алмаса, жатып ишарамен оқысын деген ғалымдарымыздың кеңесін назарға алып, қалайда Аллаға құлшылық етуіңіз керек.

Әссәламуалейкум уа рахматуллахи уа баракатуһ. Ораза туралы сурайын деп едім ауыз бекіткенде, ауыз ашқанда кандай дуғалар окылады, және ауыз ашу мен ауыз бекіту уақыттарына да тоқталып өтсеңіздер, алдын ала рахмет.

Уа ғалейкумуссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ, Ұланбек!

Ауыз бекітердегі дұға

وَبِصَوْمِ غَدٍ نَّوَيْتَ مِنْ شَهْرِ رَمَضَانَ

«Уа би сауми ғадин науайту мин шахри рамадан» (Әбу Дәуід)

Аудармасы: Рамазан айының оразасын Алла ризашылығы үшін ұстауға ниет еттім.

Ауызашардағы дұға

اللَهُمَّ لَكَ صُمْتُ وَ بِكَ آمَنْتُ وَ عَلَيْكَ تَوَكَلْت وَ عَلَى رِزْقِكَ
اَفْطَرْتُ فَاغْفِرْلِى يَا غَفَّارُ مَا قَدَّمْتُ وَ مَأ اَخَّرْتُ

«Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту уә саумәлғади мин шәһри Рамадана нәуәйту, фәғфирлии мәә қаддамту уә мә аххарту» (Әбу Дәуід)

Аудармасы: «Аллаһым! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет еттім. Сен менің өткен және келешек күнәларымды кешір»

 

ассаламағалейкум! менің қояр сұрағым мені коре алмай қызғанатын адамдар көп, жақында бойымда дуа бар екенін білдім, содан қалай құтылуға болады екен???? болмаса озімді сақтап жүретін дұғаларды тұмар ретінде сақтап жүрсем көмектеседі ме??? бірақ ең бастысы Алла Тағалаға сенемін; бірақ сондада бойымда қорқыныш бар. қалай сақтанып жүрсем болады??? коп рахмет

Уа ғалейкумуссалам! Мөлдір, Сіздің сұрауыңызға орай мына төмендегі дұғаларды жолдаймыз:

اللّهُمَّ إِنا نَجْعَلُكَ في نُحورِهِم، وَنَعوذُ بِكَ مِنْ شُرورِهمْ

«Аллаһуммә иннәә нәжіъалукә фии нухууриһим уә нәъуузу бикә миң шурууриһим»

(Иә, Аллаһым! Сенен жәрдем тілейміз, олардың жамандықтарынан және Сенен қорған сұраймыз, олардың зұлымдықтарынан!)

أعوذُ بِكَلِمَاتِ الله التَّامَّاتِ مِنْ غَضَبِهِ و عِقابِهِ، و شَرِّ عِبادِهِ، وَ مِنْ هَمَزَاتِ الشَّيَاطِينِ و أنْ يَحْضُرُونِ

«Әъуузу би-кәлимәәтилләәһит-тәәммәәти мин ғадзабиһи уә ъиқаабиһи, уә шәрри ъибәәдиһи, уә мин һәмәзәәтиш-шәйаатыйни уә ән йахдзуруун.»

(Аллаһтың қаһарынан және Оның жазаларынан, Оның құлдарының зұлымдықтарынан және шайтандардың азғырулары мен олардың маған жақындауынан Аллаһтың кемел сөзіне сиынамын.)

 

 Ассалямалейкум уа рахматуллахи уа баракатух. Менім қояр сұрагым тан намазының қазасын қалай отеді осы туралы айтып берсеңіздер.

Уа алейкум ассалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ!  Назерке, таң намазы қаза болса, күн көтерілген соң қазасын өтеу ниетімен таң намаз сүннетімен қоса оқылады. Абзал уақыты осы. Бұл бесін намазына дейін оқылса. Ал, бесіннен кейін қазасы өтелсе, тек парызы ғана оқылады.Бұған негіз, «Фиқһул ханафи уә әдиллатуһу» кітабының таң намазы қазасы қалай оқылады? деген тақырыбында: Алла елшісі (с.ғ.с.) азан айттырып, парыздан алдын екі ракағат оқып, сосын қамат айттырып адамдармен (парызын) оқып алды(Әл-Фиқһул ханафи уә әдиллатуһ, 1-том, Китаб солат, 145-бет),-деген риуаят келтірілген. Сонымен бірге, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Таң намазының алдындағы екі ракағат дүние мен ондағы жақсылықтан қайырлы(Муслим, Термизи)»,-деген сөзі негізінде таң сүннеті ең күшті сүннет, тіпті уәжіпке жақын деп айтылған(Әл-Лубәб шарх әдаб китаб, 100-бет).

Әссәләмуалейкум уа рахматуллахи уа баракатуһ. Сіздерге Аллаһ разы болсын, сұрақ: адам қайтыс болып, жерге көмілгеннен кейін не болады , оған қандай сұрақтар қойылады сол туралы айтып берсеңіздер.

 

Уа ғалейкумуссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Ұланбек, қабірдегі сұрақтарға жауап беру үшін мыналарды үйрену керек:

Раббың кім? – Алла тағала. 

Дінің не? – Ислам діні. 

Қай пайғамбардың үмметіненсің? – Мұхаммедтің (с.ғ.с.). 

Кітабың не? – Құран кәрім. 

Құбылаң қай жақта? – Қағба-и муаззама. 

Итиқадта (сенімде) мазһабың қандай? - Әһли сүннет уәл жамағат. 

Амалда мазһабың қандай? – Төрт мазһабтың қайбірін ұстанса, соны, мысалы Ханафи, Малики, Шафии және Ханбали мазһабтарының бірі айтады. 

 

Одан бөлек төмендегі негіздерді де білу қажет:

Кімнің нәсіліненсің? – Адамның (ғ.с.). 

Кімнің ұлтынансың? – Ибрахимнің (ғ.с.). 

Иман деген не? Әмәнту-дің негіздері қандай? – Иман дегеніміз – Мұхаммедтің (с.ғ.с.) Алла тағала тарапынан келтірген әмір мен тыйымдарға сену және сенгенін тілмен айту деген сөз.

Иман – Әмәнту-де білдірілген алты негізге сену және Алла тағала тарапынан білдірілген әмір мен тыйымдардың барлығын толығымен қабылдау, әрі ұнату.

Әмәнту дегеніміз: «Әмәнту биллаһи уә мәләикатиһи уә кутубиһи уә русулиһи уәл йәумил әхири уә бил қадари хайриһи уә шәрриһи миналлаһи та’ала уәл бә’су бә’дәл мәути хаққун. Әшһәду әнлә илаһә иллаллаһ уә әшһәду әннә Мухаммәдән абдуһу уә расулуһу.»

(Яғни Аллаға, періштелеріне, жіберген кітаптарына, пайғамбарларына, ахирет күніне, тағдырға, жақсылық пен жамандықтың Алладан екеніне, өлгеннен кейін тірілуге сенемін. Алладан басқа илаһ (тәңір) жоқ екеніне және Мұхаммедтің (с.ғ.с.) Алланың құлы, әрі соңғы пайғамбары екеніне куәлік етемін.) 

Исламның шарттары қандай? – Мыналар:

1) Кәлимаи шахадат келтіру.

«Әшһәду ән лә илаһә иллаллаһ уә әшһәду әнна Мухаммәдән абдуһу уә расулуһ» деп айту. Мағынасы мынадай:

«Мен куәлік етемін (яғни көргендей білемін және білдіремін), Алладан басқа илаһ (тәңір) жоқ. Тағы куәлік етемін, Мұхаммед (с.ғ.с.)Алланың құлы және елшісі.)

Алланың елшісіне (с.ғ.с.) сену дегеніміз – Оның келтіргендерінің барлығын толығымен қабылдау, сену және барлығын ұнату деген сөз.

2) Намаз оқу.

3) Зекет беру.

4) Ораза тұту.

5) Қажылыққа бару. 

Алла тағаланың сипаттары қандай? – Мынадай:

Алла тағаланың заттық сипаттары алты:

1) Вужуд.

2) Қыдем.

3) Бәка

4) Уахданийат.

5) Мухаләфәтун лил хауадис.

6) Қиям би нафсиһи.

Алла тағаланың субути сипаттары сегіз:

1) Хаят.

2) Илм.

3) Сәм.

4) Басар.

5) Ирада.

6) Құдірет.

7) Кәлам.

8) Тәкуин.