Ислам асыл дініміз

Ассалаумалейкум! Менын сурагым осы казыр когамда кездесетын узын сакалдылармен, балагы кыскалар жайлы еды, жалпы балакты неге келте устайды? сыры неде? жане сакалды неге осыреды? ол парыз ба?мысалы олай жасау куна емеспе? ягни сакал осырып, балакты кыскарту? Аллах разы болсын!

 

Уағалейкумуссалам! Даулет Серкебаев, сақал өсіру Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннеті. Ол жайында Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «сақалды жіберіңдер, мұртты басыңдар» (қысқартыңдар) деп сақал қоюға шақырған. Сақал өсірудің уәжіп екендігін айтатын ғалымдардың бар болуына қарамай көпшілік ғалымдар бұл амалды Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннеті деп атайды.
Сондай-ақ, Әбу Ханифа мазһабының ғалымдары «Ибн Омар сақалын уыстап ұстап, уысынан шыққан сақал талшықтарын қиятын» деген сенімді (сахих) хадисті негізге алып, қысқартып, ретке келтіруге кеңес берген.
Айша (р.а.) анамыз: «ер кісілерді сақалмен зейнеттеген Аллаһқа мақтау айтамын!» деген болса, ал қазақта: «Жігіттің көркі сақал ...» деген екен. Жалпы қазақта: ақсақал, қара сақал, қаба сақал, қырма сақал, шоқша сақал т.б. түрлерінің болуы, сақал қою дәстүрі қазақта кең таралғанын көрсетеді.

Балаққа байланысты айтылған бір ғана емес, бірнеше  хадистерді кездестіруге болады.  Абдуллаһ ибн Омардан риуаят етілген мына хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Алла Тағала тәкаппарланып киімін жерге сүйреткен кісіге қиямет күні қарамайды (рақымдылық көрсетпейді)», – деген. Мұны естіген Әбу Бәкір: «Менің изарымның бір жағы егер қадағалап көңіл бөлмесем, төмен түсіп тұрады», – деп сауал тастады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ей, Әбу Бәкір! Сен оны тәкаппарланып істейтіндерден емессің ғой», – деп жауап берді.

Бұл хадистен түсінетініміз Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) киімнің ұзындығына емес, оның тәкаппарлану ниетімен киілгені үшін тыйым салған. Сол уақыттағы киім үрдісінде ер адамдар шалбар емес, барлықтары изар (белден төмен киетін шалбар тәрізді мата) киген және оның ұзындығының қалыптасқан нормасы тобықтан аспаған. Ал кейбіреулері тәкаппарланып, елден ерекшелену мақсатында изарының етектерін сүйретіп жүретін болған. Сондықтан  «изардың тобықтан түскені тозақта» деген мәтінде тәкаппарлану сөзі бірге келмесе де, сол уақыттағы көпшілікке бұл мәселе түсінікті болған. Яғни, сол заманда ұзын кигендер көбінесе  тәкаппарлану үшін солай істейтін. Ал қазір біздің қоғамда балағын тобығынан сәл асырып киген адамдарды тәкаппарлану ниетімен деп айту қиын. Керісінше, балағын шолтитып алу –елден ерекшеленген болып көрінеді.

Хафиз Ахмад Ибн Әли ибн Хажар әл-Асқалани «Фатхул-Бари би шархил-Бухари» деп аталатын әл-Бухаридің хадис жинағына жасаған түсіндірмесінде былай дейді: «...Егер балақтың ұзындығы қоғамда әдет болып қалыптасқан деңгейде ұзын болса, ондай киім кию харам емес. Тек етек не балақ тыйым салынған деңгейге, яғни жерге сүйретуге дейін жетпесе болғаны. Ғалым Ғиад «киімнің ұзындығы мен кеңдігі адамдардың әдет еткен мөлшерінен артығы – мәкрүһ» екенін ғұламалардың бір ауыздан мақұлдаған пікірін жеткізді...»

 Әссәламуалейкум уа рахматуллахи уа баракатуһ. Сіздерден сурайын дегенім "Шейх" деп к3мд3 айтамыз? Алдын ала рахмет

 

Уа ғалейкумуссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Ұланбек, "Шейх" деп біздің елде Бас мүфтиді атайды. Әр елде әр қалай қолданады.

Не үшін Аллах құдай боп саналады? Не үшін басқа құдай емес? Аллахтың құдай екеніне нақты дәлел бар ма?

Құрметті Мақсат! Сіз айтып отырған "Аллаһ" сөзі мен "Құдай" сөзі бір мағынаны білдіреді.

Алланың бар екеніне бес тура дәлел

Алладан басқа құдай жоқ, ол Тірі, өмірді Қолдаушы. Оны қалғу да, ұйқы да билей алмайды. Оған аспандағы, жердегі – барлық нәрсе тиеселі. Оның рұқсатынсыз қорғай алу мүмкін бе? Ол олардың болашағы мен өткенін біледі. Ал олар Оның білгенінен, Оның қалағанынан ғана ұғынады. Оның даналығы аспан мен жерді қамтиды, Оның сақтығы олардың тыныштығын алмайды. Ол – Ұлы, Биік. (2:255)
Сіз өзіңізге біреудің Алланың барына жәй дәлел келтіргенін қалайсыз ба? Ешкім бұған «қолыңызды байлап апармайды». «Бізге жәй сенуге тура келеді» деген пайымдаудың да қажеті жоқ. Біз сізге Алланың бар екенін қолдайтын әрекеттің шын негізін ұсынамыз. 
Бірақ, назарларыңызға мынаны алыңыздар. Егер адам Алланың бар екенін көрсететін мүмкіндікті бекерге шығарған жағдайда, онда қандай дәлел болмасын бекерге шығарылып және тиімсіз болар еді. Космостық зондтардың Марсқа жеткеніне сенуден кейбіреулердің бас тартқанымен бірдей болатын еді. Мұндай жағдайда ешқандай хабар адамдардың пікірін өзгерте алмайтын еді. Планетаны шарлаған марсты іздеушілердің ізі, НАСА-ның (аэронавтика мен космос кеңістігін зерттеу бойынша ұлттық басқару) қызметкерлерімен сұхбат, марсиандық көріністің мыңдаған көріністері – бұл барлық дәлелдердің тура осы жағдайда еш құны жоқ, себебі адамдар өздеріне  халық Марсқа  ешуақытта жете алмайды деген қорытынды жасап алған. 
Сөз Алланың бары туралы мүмкіндіктерге тірелсе – Библия мен Құранда жеткілікті белгілер мен дәлелдеулерді көрген адамдарды айтады, солай бола тұра, Алла туралы ақиқатты бекерге шығарады. (Римляндықтарға 1:19-21 немесе Құран 2:28). Бір жағынан Алланың бар екенін білгісі келетіндерге, Ол былай дейді: «Сенің Раббың, Құдіреттің Раббысы, олар Оны бейнелеп көрсеткеннен, Ол таза және одан алыс. Елшілерге бейбіт өмір! Әлемдердің Раббысына, Аллаға даңқ!» ( Құран , 37:180-182).
Алланың бар екеніне қатысты дәлелдерді зерттемей тұрып, өзіңізге мынадай сұрақтар қойыңыз: «Егер Алла бар болса, Оның заңдарын қабылдай аламын ба?»
Сонымен, төмендегі дәлелдер Алланың бар екенін көрсетеді...
1.Адамзаттың барлық тарихының ағымында, әлемнің барлық мәдениетінде, адамдар Алланың барына сенімді болатын. 
Біреу осы адамдардың бәрі қателескен деп, сенімді түрде айта ала ма? Көптеген социологиялық, ой мүддесінің, жалынды, білімді орталардың өкілдерін көрсететін миллиардтаған адамдар – барлығы Алла бас июге лайықты, Жаратушы деген қорытындыға келген. «Антропологиялық зерттеулердің айтуынша, алыс аймақтарда тұратын, қарапайым адамдардың арасында, Аллаға деген наным бар. Дүние жүзі халықтарының  бұрынғы аңыздары мен ертегілеріндегі Алла туралы түсінік  Жаратушы-Алламен байланысты болған. Нағыз құдіретті Алла сол кездегі қоғамның адамдары, көпқұдайшылдардың санасында өмір сүрген».
2. Біздің планетаның күрделі жасалуы Дүниені жасаған, оны қазірде қолдап келе жатқан Жартушының бар екенін көрсетеді. 
Құдайдың ниеттері туралы айтылған, таусылмайтын мысалдарды көптеп келтіруге болады. Солардың біразын келтіреміз:
Жердің нақты өлшемі бар. Жердің өлшемі мен тартылыс күшінің сәйкестігі Жер қабатының үстінен бар болғаны 50 миль (80,46 км) жайылатын, азот пен кислородтың жіңішке қабатын ұстап тұрады. Егер Жер кішірек болған болса, онда Меркурий планетасындағыдай ауа қысымы болмайтын еді. Егер Жер бұдан үлкен болса, онда ауа қысымы Юпитердегі сияқты еркін сутекті сақтайтын еді. Жер – бұл ауа қысымына толы, адамдар, жануарлар, өсімдіктер өмірін қолдау үшін, газдың қасиетті бөлігін сақтайтын, бізге белгілі жалғыз планета. 
Жер күннен алыс қашықтықта орналасқан. Фаренгейттің шкаласы бойынша қызудың түсуі 30-дан 120 градусқа дейін тербеледі. (Цельсияның шкаласы бойынша 34-49 градусқа дейін). Жердің күнге қатысты жағдайында болымсыз ауытқуы, Жер бетіндегі өмірді жоқ етіп жібереді. Жер күнді сағатына 67000 миль жылдамдықпен айналып (107821 км), күннен тұрақты ара қашықтықты сақтап отырады. Сонымен ол шеңберінде айналып, Жер қабатына күн сайын жылынуға және салқындауға мүмкіндік береді. 
Айдың да нақты өз өлшемі бар және осындай гравитациялық тартылыста Жерден  қашық. Ай мұхит суларына қажетті төмендеу мен тасуларды реттеп тұрады, сонымен мұхит стагнацияға келмейді. Сонымен қоса ол көлемді теңіз массасының  континенттер бойынша тарауына кедергі жасайды. 
Су...түссіз, дәмсіз және иіссіз зат. Онсыз ешбір тіршілік иесі өмір сүре алмайды. Өсімдік, жануар, адам дүниесінің көп бөлігі судан тұрады (адам ағзасының 2/3 бөлігін құрайды). Судың сипатының өмірге ауадай қажет екенін түсіндім. Судың температурасы ерекше жоғары. Су бізге температурадағы тұрақсыздық кезінде өмір сүруге мүмкіндік беріп, денеде үнемі 98.6 F (36.6 C) осы температураны ұстап тұрады. 
Су ерекше еріткіш. Егер бір стакан суға бір стакан қантты қоссаңыз, стаканның кенересінен ешнәрсе сыртқа төгілмейді. Судың бұл қасиеті мыңдаған химиялық заттарға, минералдарға, сонымен бірге адам денесіне қажетті құнарлы заттарға ұсақ қан жүретін тамырлар арқылы өтеді. 
Су тағы да химиялық жағынан нейтралды. Заттардың химиялық құрамынсыз-ақ, онда тез орнығады, ол тағамға, дәрі-дәрмектерге және минералдарға ағзаға сіңіп және оларды қорыта алады. 
Судың ерекше үстіңгі кернеуі бар. Сол арқылы тартылысқа қарсыласып, су өсімдіктің тамырынан жоғары көтерілуге бейім, ең биік ағашты да ұшына дейін өмірге қажетті сумен және құнарлы заттармен қандыра алады. 
Су жоғарыдан төменге қарай қатып, қыс уақытында балықтарға өмір сүруге мүмкіндік береді. 
Жер суының 97 проценті мұхитта жинақталған. Бірақ, біздің Жерімізде тұзды судан айыратын жүйе бар, содан кейін бұл суды жер шарына жаяды. Тұзды мұхит суы буға айналып, бұлт пайда болып, желмен жеңіл теңселіп, өсімдіктер, адамдар, жануарлар үшін қажетті тұщы суды жаудырады. Сөз осы планетадағы өмірді қолдайтын, суды қайта және қайта пайдалануға мүмкіндік беретін, табиғаттағы су айналымының ғаламдық жүйесі туралы айтылады. 
3. Адам миының  күрделі құрылысы осының артында тағы бір ақылды Жартушының тұрғанын дәлелдейді. 
Адамның миы... бір мезгілде көптеген керемет хабарларды қабылдайды. Сіздің миыңыз сіз көрген барлық түстер мен нысаналарды, қоршаған ортаның температурасын, еденді басқандағы қимылды, сіздің айналаңыздағы шуды, аузыңыздың құрғағанын қабылдайды. Сол кезде ми сіздің денеңізде жүріп жатқан процестерді, демалу, қастың қозғалысын, аштықты сезінуді, қолдарыңның бұлшық еттерінің қимылдауын бақылайды. 
Адамның миы секундына миллиондаған хабарларды қабылдайды. Сіздің миыңыз барлық хабарлардың маңыздылығын тексереді, мағынасыздарын елеп шығарады. Әр секундта миллиондаған бірлік хабарларын қабылдайтын ми, бір мезгілде оның маңыздылығын бағалап, бізге дәл сол кезде ең маңыздысына сүйенуге мүмкіндік береді,...осындай керемет мүше жәй ғана кездейсоқтан пайда болды деп ойлайсыз ба?
НАСА (аэронавтика және космос кеңістігін  зерттеу бойынша ұлттық басқару) космостық экспедицияны ұйымдастырады, жоспарды маймыл жасамағаны белгілі, оны білетін және сараптай алатын адам жасағанын болжалдаймыз. Адамдардан басым тұрған ақыл ғана адам миын жасауға бейім.   
4. Жәй кездейсоқтық – жеткіліксіз түсіндіру. Көз алдыңызға Вашингтонның, Джефферсонның, Линкольнның, Теодор Рузвельттің Рашмор тауына ойып салынған бейнелерін елестетіңіз. Сіз осы бейнелердің онда кездейсоқ пайда болғанына сенер ме едіңіз? Белгісіз уақыт аралығында, желде, жаңбырда, қандай жағдайда болсын, мұндай тарихпен байланысты нәрсе, кездейсоқ тау жазығында пайда болғанына сену қиын. Бұл бейнелерді жоспарлап және шеберлікпен ойып жасаған деп біздің ішкі ойымыз айтады. 
Бұл мақала біздің өмірдің керемет құбылыстарының бірнешеуін ғана қозғайды: күнге қатысты Жердің жағдайы, судың кейбір қасиеттері, адам денесінің бір ғана мүшесі. Осы құбылыстардың кездейсоқ пайда болуы мүмкін бе?
Белгілі астроном Сэр Фридерик Хойл математикалық көзқарас бойынша, адам жасаушасына аминокислоттың кездейсоқ қосылғанын,  сандырақ нәрселерді айтып көрсетті. Сэр Хойл мына ұқсастықтарын көрсетіп, мұндай жағдайдың күмәнді жақтарын мысалға келтірді. Қандай ықтималдық,  Боинг 777 самолетінің барлық бөлшектерін құрайтын, ескі заттар сататын базардан  торнадо жел айдап өтіп, кездейсоқ осы бөлшектерден самолет жасап, оны ұшуға дайын етіп қалдырады. Бұл ықтималдықтың соншалықты төмендігі, оны назарға алудың қажеті жоқ, егер торнадо көптеген қоқыстарды ұшып өтіп, дүниені толтыра алатындай жинаса да, оның бәрі бос сөз еді. 
Біздің өмір мен дүниенің құрылысының күрделі екенін ойласақ, онда ең қолайлысы, біздің өміріміз үшін ең қажеттіні қамтамасыз еткен  ақыл-ойдың иесі, оны жақсы көретін Жаратушы. Библия мен Құранда Алланы  - Жер бетіндегіні Жаратушы, осы өмірді Қолдаушы деп атайды. 
5. Алла Өзін біз табиғатты және адам өміріндегіні бақылау үшін ашқан жоқ. 
Алла материалдық емес. Біз Оның  физикалық бейнесін ешқашан көре алмаймыз, Бірақ, біз Оның барын, Оның жасағаны арқылы білеміз. Жаратқан Ием бізге қатыстыға қарағанда -    бұл галактика мен құмдардан гөрі, теңдесі жоқ үлкен және көлемді.  Алла мен біздің арамыздан қарағанда, галактика мен құмның арасында ортақтастық көп. Аллаға қатысты ешқандай сезімтал және ұтымды категорияларды қолдануға болмайды. Құранда Ол бір мезгілде бізге жақын, бір мезгілде бізден алыс деп айтады. Біздің өзіміздің ұйқы артериямыздан да жақын. Біздің жалғыз айта алатынымыз, Ол туралы негативте есептеп шығару. Ол ешнәрсе және ешкім де емес, ешкімге және ешнәрсеге ұқсамайды. Басқалардың бәрі адамдардың жорамалдары. Егер Алла Өзі туралы біздің білмегенімізді қаласа, онда біз қиын жағдайға тап болатын едік. Бірақ, Алла біздің Оның белгілерін білгенімізді қалайды, сондықтан Ол Құранда бізге Оған қатыстыны, Ол туралы білу керек екенін айтады. 
Егер адам Алла бар деген мүмкіндікті жоққа шығарса, онда келтірілген барлық дәлелдер бекер және тиімсіз болар еді. 
Археологиялық қазбалар Қасиетті Кітаптың туралығын бекерге шығармай, ары қарай дәлелдеп жатыр. Мысалы, 1993 жылғы тамыздағы Солтүстік Израильдегі табылған археологиялық зат Библияның көптеген Псалмаларының авторы Дәуіт патшаның болғанын дәлелдейді. Өлі Теңіздің  кен қабаттары мен басқа археологиялық жаңалықтар библиялық және құрандық оқиғалардың тарихи анықтығын дәлелдейді.

 

Ассаляму алейкум! Бір адам намазын тастаса,алайда оның парыз екенін мойындаса. Ол кісі кәпір болады ма? Пайғамбарымыз(саллалаху алейхи уа саллям) бір хадисінде:бізбен күпірліктің арасында-намаз деп айтқан осыны түсіндіріп берсеңіз. Көп рахмет

Уа ғалейкумуссалам! Анель, бес уақыт намаз әрбір балиғат жасына жеткен, ақыл-есі сау барлық мұсылманға парыз. Оның па­рыз­ды­ғы Құ­ран, сүн­нет жә­не иж­мағ дә­лел­де­рі­мен анық­тал­ған. Құ­ран­ның көп­те­ген же­рін­де: «На­маз оқың­дар жә­не зе­кет бе­рің­дер», – деген аяттармен на­маз­дың өте ма­ңыз­ды па­рыз екен­ді­гі біл­діріл­ген. Олар­дың кейбі­рі мы­на­лар: «Бар­лық на­маз­дар­ды жә­не ор­та на­маз­ды сақ­таң­дар»(Бақара, 2/238), «Ра­сын­да, на­маз бел­гі­лен­ген ар­найы уа­қыт­тар­да па­рыз етіл­ді»(Ниса, 4/103), «Алайда, олар бар­лық бұ­рыс дін­дер­ден бойын ау­лақ ұс­тап, шы­найы түр­де Аллаһ­қа құл­шы­лық ету­ден, на­маз­ды тұп-ту­ра оқу­дан жә­не зе­кет бе­ру­ден өз­ге нәр­се­ге әмір етіл­ме­ген бо­ла­тын»(Бәййәна, 98/5), «На­маз­ды то­лық оқың­дар...»(Хаж, 22/78).

«Ибн Омар­дан (р.а.) риуаят етіл­ген бір ха­дис­те Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.ғ.с.) бы­лай дейді: «Ис­лам бес нәр­се­ден тұ­ра­ды: Аллаһ­тан бас­қа құ­дай жоқ жә­не Мұ­хам­мед Аллаһ­тың Ел­ші­сі еке­ні­не куә­лік ету, на­маз оқу, зе­кет бе­ру, ша­ма­сы кел­се қа­жы­лық­қа ба­ру жә­не Ра­ма­зан ора­за­сын ұс­тау»(Бухари). Со­ны­мен қа­тар, күл­лі Ис­лам ға­лым­да­ры бір күн­де бес уа­қыт на­маз­дың па­рыз­ екенін бірауыздан мақұлдайды.

Бес уа­қыт на­маз­ды ор­ны­мен оқып, үл­кен кү­нә жа­са­ма­ған адам­ның кі­ші кү­нә­ла­ры ке­ші­рі­ле­ті­ні жайлы да аят­тар мен ха­дис­тер бар. Құ­ран­да бы­лай дейді: «(Ей, Мұ­хам­мед!) Са­ған уахи етіл­ген кі­тап­ты оқып, на­маз­ды орын­да. Кү­дік­сіз на­маз ар­сыз­дық пен жа­ман­дық­тан тыяды»(Анкабут, 29/45).

Ха­зі­ре­ті Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.ғ.с.) са­ха­ба­лар­ға: «Сен­дер­дің ара­ла­рың­нан бір адам­ның есі­гі­нің ал­дын­да өзен ағып, ол сол өзен­ге кү­ні­не бес рет шо­мыл­са, ол адам­да кір қа­ла­ ма?» – деп сұ­ра­ған­да, са­ха­ба­лар: «Жоқ қал­майды», – деп жауап қайыра­ды. Сон­да Аллаһ Ел­ші­сі (с.ғ.с.): «Су­дың кір­ді та­за­лайты­нын­дай бес уа­қыт на­маз да кү­нә­лар­ды та­за­лайды»(Бухари, Муслим,Тирмизи,Насаи), – деген.

Ақы­рет­те есеп­ке тар­тыл­ған­да, адам баласынан, ең ал­ды­мен, на­маз сұ­ра­ла­ды. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.ғ.с.) бы­лай дейді: «Адам­дар­дың қия­мет кү­нін­де ал­ғаш есеп­ке тар­ты­латын ама­лы мен іс-әре­ке­ті – на­маз». Ұлы Раб­бы­мыз ха­бар­дар бо­ла тұ­ра пе­ріш­те­ле­рі­не бы­лай дейді: «Құ­лым­ның па­рыз на­ма­зы­на қа­раң­дар. Оны то­лық орын­да­п па, ке­міс­ті­гі бар ма»? Егер оның па­рыз на­маз­да­ры то­лық бол­са, на­маз сауабы то­лық­тай жа­зы­ла­ды. Егер па­рыз на­маз­да­рын­да нұқ­сан­дық бол­са, Аллаһ Та­ға­ла бы­лай дейді: «Құ­лым нә­піл (сүн­нет) на­маз­да­рын то­лық оқы­ған ба екен?». Егер ол сүн­нет на­маз­да­рын то­лық оқы­ған бол­са, Аллаһ Та­ға­ла: «Құ­лым­ның нұқ­сан па­рыз на­маз­да­рын нә­піл­дер­мен тол­ты­рың­дар», – дейді. Одан кейін па­рыз бол­ған бас­қа амал­дар да осы­лайша есеп­ке тар­ты­ла­ды»(Тирмизи).

Міне намаз осындай маңызды ғибадат. Ал сұрақтағы намаз оқымайтын адамның үкіміне келер болсақ, мұны екіге бөліп қарау керек. Кімде-кім на­маз­дың па­рыз­ды­ғын біле тұра те­ріс­ке шы­ғарса, дін­нен шы­ға­ды. Өйтке­ні, на­маз ай­қын аят, ха­дис жә­не иж­мағ дә­лел­де­рі­мен анық­тал­ған. Ал жал­қау­лық, нем­құ­райлы­лық се­бе­бі­мен на­маз­ды тас­та­ған жан күнәһар бо­ла­ды. Бірақ, кәпір болмайды.

На­маз оқы­мау – дү­ние мен ақы­рет аза­бы­на се­беп. Ақы­рет­те­гі азап ту­ра­лы Құ­ран­да бы­лай айты­ла­ды: «Олар жән­нат­та тұ­рып кү­нәһар­лар­дан: «Са­қар жа­һан­нам­ға тү­су­ле­рі­ңе нен­дей се­беп бол­ды?», – деп сұ­райды. Сон­да олар: «Біз на­маз оқы­май­тын едік», – деп жауап қа­та­ды»(Мүддәссир, 74/40-43). Ха­зі­ре­ті Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.): «Әдейі на­маз­ды тас­та­ған адам­ға Аллаһ пен Пай­ғам­бар­дың кө­ме­гі бол­майды»,(Бухари, Насаи) – дейді. Сондай-ақ, «Кім­де-кім жұ­ма на­ма­зы­на нем­құ­райлы­лық­пен қа­рап, оны үш рет тәрк ет­се, Аллаһ Та­ға­ла оның жү­ре­гі­не мөр ба­са­ды», ­(Насаи, Тирмизи, Ибн Мажа)– дейді.

Имам Ағ­зам мәзһа­бы бойын­ша, жал­қау­лық жа­сап, на­маз­ды тас­та­ған адам, на­маз­дың па­рыз­ды­ғын те­ріс­ке шы­ғар­майын­ша, дін­нен шық­пайды. Бі­рақ кү­нә­һар бо­ла­ды(Ибн Абидин).

Жоғарыдағы: «Кісі мен ширктің, күпірліктің арасындағы перде – намаз»(Сахих Муслим) – деген хадисті тура мағынасында «намаз оқымаған адам кәпір» деп түсінуге болмайды. Кей ғалымдар хадистегі күпірлікті «намазды жалқаулықпен оқымай жүрген адамды емес, оның парыздығына иман келтірмеген адамды кәпір болады» деп жорамалдаған. Сондай-ақ бұл хадисті былай да түсінуге болады. Намаздың парыздығын біле тұра, жалқауланып тәрк қылған адам күпірлікке қарай алғашқы қадамын басқан болады. Хадисте «Намаз – діннің тірегі» делінген. Намазды жалқауланып тәрк қылуға дағдыланған адам бара-бара басқа да парыздарды тастауға бейім тұрады. Себебі, ең ұлы парызды тастаған адамға діннің басқа да міндеттеріне салғырт қарап, оларды басы бүтін тәрк қылу әлде қайда оңай. Кейіннен бұл ісі оны күпірлікке әкеп соқтыруы мүмкін. Олай дейтініміз әрбір күнәда күпірлікке апарар жол болады. Кісінің жүрегі күнә арқылы қарая бастайды. Жүрегіндегі осы дақ тәуба етпеген сайын ұлғая береді. Ақырында тәубе ету қиынға соғып, кісі күпірлікке құлдилайды. Ғұмыр бойы қаза еткен намазын өтеуге ерінеді, тәубе етуге қажыр-қайраты да жетпейді.

Ондай адамға ғұмыр бойы оқымаған намаздары үшін тәуба етіп, қазасын өтегеннен гөрі намаздың парыздығын, тіпті ақыреттегі азапқа түспес үшін санасынан тозақты тіптен жоққа шығарып, күпірлікті таңдауы оңайырақ болады. Мысалы, бухгалтерлік қызметте отырып ұрлық жасаған немесе есебін дұрыс толтырмаған адам кейде комиссия алдында күнәсі мен кінәсін жабу үшін құжаттар тұрған бөлмені өртеп жіберетіні тәрізді намазына немқұрайлы қараған адам үшін де тәубе етіп, кінәсін мойындағаннан көрі жүрегіндегі әлсіз иманын жағып жіберіп, тозақты жоққа шығару арқылы күпірлікке құлдилаған әлде қайда нәпсісіне жеңіл әрі оңай болуы мүмкін.

Міне, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) намазды тәрк етудің жеткізер жерін көрсету үшін: «Кісі мен ширктің, күпірліктің арасындағы перде – намаз», – деп әдейі осындай ауыр ескертуін жасаған. Әйтпесе, Аллаға иман келтірген, құлшылықтың парыздығына шынайы сенген адамдар да намазды жалқаулықтан т.б. себептермен тәрк етуі мүмкін. Қалай болғанда да бұл хадисті негізге алып, айналамыздағы намаз оқымағандарды жаппай кәпірге шығаруға болмайды. Бұлай санау аса қауіпті. Алла Елшісі: «Кімде-кім бауырына: «Ей, Кәпір!», – десе, ал ол адам шынымен кәпір болмаса, онда айтқан адамның өзі кәпір болады», – деген.

Дінімізде «намаз оқымаған адам бірден кәпір болады, сөзсіз тек тозаққа барады» деп кесіп айтқан үкім жоқ. Әрине намазға салғырт қарап, жалқауланып тәрк ету кісіні тозаққа лайық ететін ауыр күнә. Алайда, ондай адамға жазасын беріп азаптайтын да, күнәсін кешіріп басқаша үкім беру де Алланың құзырындағы дүние. Бұл жайлы Алла елшісі (с.ғ.с.) Ъубадату ибн Самит риуаят еткен хадисте былай дейді: «Алла Тағала құлдарына бес уақыт намазды парыз етті. Кімде-кім намаздың қадір-қасиетін кемсітпестен, оның ешбірін қаза етпей, толық орындайтын болса, Алланың оны жұмаққа кіргізуге уәдесі бар. Ал оны орындамаған адамға Алланың ондай уәдесі жоқ. Қаласа оны азаптайды, қаласа жұмағына кіргізеді.»(Сунанул-Бәйһақил-кубра).

 

Ассалямуалейкум! нәпіл ораза устаганда кандай дугалар окылады??? ауыз ашканда ,бекиткенде? уакыттарын калай ажырата аламын? алдын ала рахмет Аллах разы болсын!

Уа ғалейкумуссалам! Айгерім, Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұсылмандарды мына күндері ораза тұтуға ынталандырған.

1) Шәуәл айынан алты күн.
Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың иглігі мен сәлемі болсын):
«Кім рамазан айында ораза ұстап, сонан соң шәуәлда тағы да алты күн ораза тұтса, ол жыл бойы ораза тұтқандай болады», -деген (Муслим)

2) Зулххижжа айындағы Арафа күні. Бұл күні қажылыққа бармағандар ораза
тұтады.
Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):
«Арафа күнінің оразасы: өткен және алдағы жылдың күнәларын жуады, ал Ашура күнгі ораза өткен жылғы күнәларды жуады»,- деген (Муслим)

3) Ашура күні – мұхаррам айының оныншы жұлдызы және оған дейін немесе одан
кейін бір күн.
Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):
«Бүгін Ашура күні. Аллаһ сендерге бұл күннің оразасын міндетті етпеді, әйтсе де мен ораза тұтамын. Сондықтан кім қаласа, ораза тұтсын, ал қаламаса, тұтпасын» (әл-Бұхари, Муслим)
«Келесі жылға дейін тірі болсам, тоғызы күні де ораза тұтамын»,- деген (Муслим)

4) Шағбан айының жартысынан көбінде ораза тұту. 
Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шағбан айының жартысынан көбін оразамен өткізген. (Бұхари, Муслим)

5) Әр дүйсенбі бейсенбі күндері.
Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): 
«Адамның іс амалдары Аллаһқа әр дүйсенбі және бейсенбі күндері көрсетіледі. Ал мен өз амалдарымның ораза тұтқам күйімде көрселілгенін қалаймын» (Тирмизи)

6) Ай толған күндері ( ай күнтізбесі бойынша әр айдың 13, 14, 15 –і күндері).
Әбу зар әл ғифари (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізге әр айдың ортасында 13, 14, 15 –і күндері ораза тұтуды бұйырды» (ән-Нәсәй)
Аталған уақыттарына орай дұғалары бар. Ауыз бекіту сәре уақытында, ал ауыз ашу күн батқанда орындалады.

Ассалаумуағалейкум.неге жума намазының алдында төрт ракағат намазды оқымаиды?жума намазы неше ракағаттан түрады?толығырақ жауаб болса екен Алла разы болсын!

Уа ғалейкумуссалам! Бауыржан, Аллаһу та’ала жұма күнiн мұсылмандарға тән қылған. Жұма күнi түс уақытында жұма намазын оқу Аллаһу та’аланың бұйрығы. Аллаһу та’ала жұма сүресiнiң соңғы аятында: «Ей, иман келтіру абыройына ие болған құлдарым! Жұма күнi намаз үшiн азан айтылған кезде хутба тыңдау және жұма намазын оқу үшін мешіттерге асығыңдар. Сауда-саттықты тоқтатыңдар. Жұма намазы және хутба сізге басқа жұмыстарыңыздан да пайдалы. Жұма намазын оқып болғаннан соң, дүние жұмыстарыңыз үшін таралуыңызға болады. Аллаһтан ризық, несiбе күтіп еңбек етіңдер. Сондай-ақ құтылу үшін Аллаһты көп зiкiр етiңдер.» -деп бұйырған.

Намаздан кейiн қалағандар жұмысына, қалағандар мешiтте қалып дұға етумен шұғылдана алады. Жұма намазының уақыты кiргенде сауда-саттықпен айналысу күнә болады.

Хазреті Пайғамбарымыз көптеген хадистерінде: «Мұсылман адам жұма күнi ғұсыл алып, жұма намазына барса, бiр апталық күнәлары кешiрiлiп және әрбiр басқан қадамы үшiн сауап беріледі»«Жұма намазын оқымаған кiсiлердiң жүректерiн Аллаһу та’ала мөрлеп тастайды». «Күндердiң ең абзалы жұма күнi. Жұма күнi - айт күндерi мен ашура күнiнен де абзал. Жұма осы дүниеде және жәннатта мұсылмандардың мейрамы». «Егерде бiр кiсi жұма намазына ешбір кедергісіз үш рет бармайтын болса, Аллаһу та’ала оның жүрегiн мөрлеп қояды. Яғни жақсылық жасай алмайтын болып қалады»«Жұма күнi бiр уақыт бар, сол уақытта жасалынған дұға қайтарылмайды». «Жұма намаздан кейiн жетi рет Ихлас, Нас, Фәлақ сүрелерiн оқыған кiсiнi Аллаһу та’ала бір апта қазадан, бәледен және жаман нәрселерден қорғайды». «Сенбi күнi яһудилерге, жексенбi күнi христиандарға берiлген, ал жұма күнi мұсылмандарға берiлген. Бұл күнде мұсылмандарға берекет пен жақсылық бар».

Жұма күнгi ғибадаттардың сауабы басқа күнде орындалған ғибадаттардың сауабынан екi есе көп. Жұма күні iстелген күнәлар да екi есе болып жазылады.

Жұма күнi рухтар жиналады және бір-бірімен танысады. Қабiрлер зиярат етiледi. Бұл күнi қабiр азабы тоқтатылады. Кейбiр ғалымдардың айтуы бойынша бұл күні мүминдердің азабы мүлдем тоқтатылады. Кәпiрлердiң азабы тек жұма күнi мен рамазан айында ғана тоқтатылып, басқа уақыттарда азап қиямет күнiне дейiн жалғасады. Жұма күнi және түнінде дүниеден өткен мүминдер қабiр азабына ұшырамайды. Жұма күнi тозақтың оты қатты ыстық болмайды. Адам алейһиссалам жұма күнi жаратылды. Жұма күнi жәннаттан шығарылды. Жәннаттағылар Аллаһу та’аланы жұма күндерінде көредi.

 

Жұма намазының парыздары

Жұма күнi он алты рәкат намаз оқылады. Бұлардың iшiнде 2 рәкаты парыз. Жұма бесiн намазынан да қуатты парыз. Жұма намазы парыз болуы үшiн мына екi шарт қажет:

1) Ада шарттары (өтелетiн шарттар).

2) Вужуб шарттары (керек болған шарттар).

Ада шарттарының бiрi кем болып немесе орындалмаса, намаз қабыл болмайды. Ал вужуб шарттары жоқ болса, намаздың қабыл болуына кедергi болмайды.

 

Ада, яғни жұма намазының сахих болуы үшiн 7 шарт бар:

1) Намазды қалада оқу.

2)Үкімет басшысының немесе әкiмнiң рұқсатымен оқу. Бұлар тағайындаған имам-хатип өз орнына басқасын өкіл ете алады.

3) Жұманы бесiн намазының уақытында оқу.

4) Уақыттың ішінде хутба оқу. (Ғалымдар жұма хутбасын оқу, намазға тұрарда  Аллаһу әкбар деп айтумен бiрдей деген.)

Екi хутбаны да тек арапша оқу керек. Имам iшiнен аъузуды айтып, кейiн дауыстап хамд уә сәна және кәлимаи шаһадат салауат оқиды. Кейiннен сауапқа, азапқа себеп болатын нәрселердi ескертеді және Құран Кәрiм оқиды. Кейін отырып тұрады. Бұл отыруда еш қандай артық әрекет жасалмайды. Тіпті дұға үшін қол да жайылмайды. Екiншi хутба оқып, уағызда мұсылмандарға дұға етедi. Хутбада төрт халифаның атын атап өту мустаһаб. Хутбада дүние iстерiне байланысты сөздер, хабарландырулар айту харам. Хутбаны қысқа оқу сүннет, ұзын оқу мәкрух болады.

5) Хутбаны намаздан бұрын оқу.

6) Жұма намазын жамағатпен оқу.

7) Мешiт есiктері баршаға ашық болу керек.

 

Жұма намазының вужуб шарттары тоғыз. Олар:

1) Жергiлiктi (муқим) тұрғын болу керек. Жолаушы (сафари) кiсiге бұл намаз парыз емес.

2) Денi сау болуы керек. Ауру кiсiге, өте қарт кiсiлерге және ауру қараушысына (егер тастап кете алмайтын болса) бұл намаз парыз емес.

3) Еркiн болу.

4) Еркек болу, әйелдерге бұл намаз парыз емес.

5) Ақылды әрi балиғатқа толған болу керек.

6) Көзi көретiн болуы керек.

7) Жүре алуы керек. Көлігі не жәрдемшісі болса да паралич кiсiге, шолақ кiсiге бұл намаз парыз емес.

8) Қамауда болмау керек. Дұшпанның, залымның және үкіметтің қауіпі болмау керек.

9) Өте қатты жаңбыр, қар, дауыл, суық, батпақ болмау керек.

 

Жұма намазы қалай оқылады?

Жұма күнi бесін азаны айтылумен он алты рәкат жұма намазы оқылады. Оқу тәртiбi төмендегiдей:

1 - Ең бiрiншi жұма намазының төрт рәкаттық алғашқы сүннеті оқылады. Бұл намаз бесiн намазының алғашқы сүннетi сияқты оқылады. Бұл намазға: «Аллаһу та’ала разылығы үшiн жұма намазының алғашқы сүннетiн оқуға ниет еттiм, жүзiмдi қыблаға қараттым»– деп ниет етiледi.

2 - Кейiн мешiт iшiнде екiншi азан және хутба оқылады.

3 - Хутба оқылғаннан кейiн қамат айтылып жамағатпен бiрге жұма намазының екi рәкат парызы оқылады.

4 - Жұма намазының екi рәкат парызы оқылғаннан кейiн төрт рәкат соңғы сүннеті оқылады. Бұның оқылуы да бесiн намазының алғашқы сүннетi сияқты.

5 - Бұдан кейiн: «Мойныма парыз болып, өз уақытысында өтей алмаған соңғы бесiннің парызын оқуға» деп ниет етiлiп Ахир зухур (соңғы бесін) намазы оқылады. Бұған халық арасында ихтяты бесін деп те айтылады.

6 - Кейiннен екi рәкат уақыт сүннетi оқылады. Оқылуы таң намазының сүннетi сияқты.

7 - Бұдан кейiн аятул курси және 33 тасбихтардың үшеуі айтылып дұға етiледi.

 

Жұма күнiнің сүннеттері мен әдептерi

1) Жұма намазына бейсенбi күннен дайындалу.

2) Жұма күнi ғұсыл алу.

3) Шашын алдыру, сақалы бiр тұтамнан ұзын болса қысқарту, тырнақтарын алып жаңа, таза киiмдер кию.

4) Жұма намазына мүмкiндiгiнше ерте бару.

5) Мешiтте алдыңғы қатарға өту үшін жамағаттың иығынан аттамау.

6) Мешiтте намаз оқып жатқан кiсiнiң алдынан өтпеу.

7) Имам мiнберге шыққаннан кейiн сөйлемей хутбаны тыңдау. Сөйлегенге белгі беріп те жауап бермеу, екінші азанды қайталамау және хутба кезінде қол ашып дұға етпеу.

8) Жұма намазынан кейiн фатиха, кафирун, ихлас, фалақ және нас сүрелерiн жетi рет оқу.

9) Екінді намазына дейiн мешiтте қалып ғибадат ету.

10) Әһли сүннет ғалымдарының дәрісіне немесе солардың кiтаптарын оқып отырғандарға қатысып, тыңдау.

11) Жұма күнiн толық ғибадатпен өткiзу.

12) Жұма күнi көп салауат айту.

13) Құран Кәрiм оқу (Кәһф сүресiн оқу).

14) Садақа беру.

15) Әке-шешенi немесе қабiрлерiн зиярат ету.

16) Үйдегi асты ерекше әрi тәттi қылып даярлау.

17) Көп намаз оқу. Қаза намазы болғандар намаздарының қазасын оқу керек.

Мойындарына парыз болмаса да әйелдердің Жұма немесе Айт намазы үшін мешіттерге барып, ер адамдардың кірулеріне, ғибадаттарына кедергі болулары күнә болады.

 

5 уақыт намаз оқымаймын. Бірақ күнделікті фатиха ықлас нас фалак сүрелерін оқып жүремін. рағайып түнінде қандай дұғалар оқылуы қажет. Намаз оқымайтын адамдардың дугасы кабыл болама?

Құрметті Жанат! Ережеп айының алғашқы жұма түні «Ләйләту Рағайып», яғни, «Рағайып түні» деп аталады. «Рағайыптың сөздік мағынасы «рағибә» сөзінің көптік мағынасын береді. Ал рағибә «жауһар, құнды, бағалы, ихсан» мағыналарына келеді. Осыған байланысты «Ләйләту Рағайып» тіркесін «Жақсылық пен игілікке толы және аса құнды, ерекше бағалауды қажет ететін түн» деп түсінеміз. Ислам ғұламаларының айтуына қарағанда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл түнді адамның жан сарайына шуақ берер амалдар жасап нұрлы сырларға қанығып, Ұлы Жаратушыға мадақ келтіріп, шүкіршілік жасап, дұға мен кешірім тілеп, намаз оқыған.

 

Әссәләму алейкум уа рахматуллаһ! Сұрақ үйде жайнамазымда мешіттің суреті бар Ол жайнамазда намаз оқи беруіме болатын шығар ?

Уа ғалейкумуссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Жеңіс, егер жайнамазда мешіттің суреті анық салынған болғанда ғана оны жерге төсеу мәкрух. 

Ассалаумағалейкүм! Сұрайын дегенім, шаруаға қабілеті әлсіз сахабалар болды ма? Мәселен, ауыр жұмысқа жарамады, қолынан онша көп нәрсе келе бермеді. Медет

Уа ғалейкумуссалам! Медет,  Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Мәдинада салдырған мешіттің бір бұрышына құрма ағаштарынан көлеңкелік баспана жасатты. Көлеңкелікке арабшада «суффа» делініп, ол жерде тұрғандар «асхабы суффа» аталды. Суффа сахабалары туған-туыс, жақындары мен дүние-мүліктері жоқ кедей сахабалар болатын. Олар өз өмірін Құран үйреніп, Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) тәлім алу жолына арнады. Олардың қажеттіліктерін Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өзі және дәулетті сахабалар қамтамасыз етті. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ілімімен сусындаған бұл бақытты жандар аз уақыттың ішінде сахабалар арасында Құран, хадис және басқа да діни ілімдерді терең меңгеруімен жоғары құрметке ие болды. Олар күндіз ораза ұстап, түнде ғибадат етіп, дүниенің күйбең тіршілігінен бойларын алыс ұстап, алтын уақыттарын Адамзаттың ардақтысынан (с.ғ.с.) естігендерін жаттап, кейінгілерге жеткізу жолында өткізді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) білім бұлағынан сусындаған бұл сахабалар жан-жаққа мұғалім етіп жіберілді. Олар Исламның шынайы рухын басқа руларға, мемлекеттерге көркем түрде уағыздау арқылы жеткізді. Өмірлерін ақиқатты паш етуге арнаған ақиық сахабалар тек уағыздаумен ғана шектеліп қалған жоқ, керекті кезінде қаруларын асынып, қасиетті соғыстарға да қатысты. Олардың арасынан ең көп хадис риуаят еткен Әбу Һурәйра (р.а.), сонымен қатар Бәрә ибн Малик(р.а.), Абдуллаһ ибн Үнәйс (р.а.) сынды ғалым, тақуа сахабалар шықты. Құран кәрімнің және хадис шәріптердің жатталып, мағыналарының кейінгілерге дұрыс жетуінде бүкілқиындықтарға төзе білген, білімге құштар жанқияр суффа асхабы табандылықтарының орны ерекше.

Сәлеметсіз бе! тәйәммум деген не?

Тәйәммум топырақпен тазалану деген сөз. Дәрет немесе ғұсыл алу үшiн су табылмаса немесе су болса да қолдануға мүмкіндік болмаған жағдайда таза топырақ, құм және тас сияқты таза нәрсемен ханафи мазһабында тәйәммум етiледi.Тәйәммумның үш парызы бар, олар: 1. Ниет ету. 2. Екi алақанын таза топыраққа сүртіп, бетiн толығымен мәсiһ ету. 3. Қолдарын таза топыраққа ұрып, алдымен оң, сосын сол қолын шынтаққа дейін мәсiһ ету. Тәйәммумның парызы екеу деген ғалымдар да бар. Олар екінші мен үшінші парызды қоса санаған. Екеуi де дұрыс.