Ислам асыл дініміз

Ассаламагалейкум сиздерге АЛла разы болсын мына куран багыштаганнан кейн дуга айтканда бир сиздердикиндей ман магынасы жогары дуга тилектеринизди жазып жиберсениздер кейде куран багыштаганнан кейн айтатын алдын ала рахмет!!

Уа ғалейкумуссалам! Аскар, қасиетті Құран сүрелерін оқығаннан кейін, мына дұғаны айтсаңыз болады: «Осы оқылған Құран сүрелерінен болған сауапты Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.), Пайғамбарларға, Сахабаларға, Әулие-Әмбиелерге, Шаһидтерге, дүниеден өткен барша мұсылмандарға (өзімнің дүниеден өткен ата-бабаларыма, әке-шешелеріме, туған-туысқан-дарыма, аты-жөнін айтса болады) бағыштадым. Иә, Алла! Ата-бабаларымның рухтарын шат-шадыман етіп, осы оқылған Құранның нұрымен нұрландырып, қабір азабынан сақтап, жандарын жәннатта ете гөр! Иә, Алла! Біздерді – үй ішімізді, халқымызды қайғы – қасіреттен, қорлық – зұлымдықтан, табиғи апаттардан, мың бір атты пәледен, жүз бір атты жаладан сақтай гөр! Дұға тілектерімізді қабыл етіп, екі дүниеде де нығметіңе бөлей гөр! Раббәна атина фиддүния хасанәтән. Уә Фил-ахирәти хасанәтән уә қина ғазәбәннар. «Раббымыз! Біздерге бұл дүниеде де, ахиретте де оның жақсылығын бере гөр, от ғазабынан сақта! Аллаһу Әкбар!»

Ассаламуалейкум! Сұрақ Мен азанда және кешке оқылатын дұға және сүрелерді мысалы, азанда оқылатын дұға, сүрені бамдат намазынан кейін оқимын, ал кешкісін екінті намазынан кейін оқимын осы уақыттар дұрыс па?

Уа ғалейкумуссалам! Жеңіс, сіздің сұрағыңызға орай,дұғаның қабыл болатын уақыттарының біршамасын жолдауды жөн көрдік.

1. Жұма күні

«Расында жұма күні – күндердің ең жақсысы және Аллаһ Тағаланың қасында ең ұлығы. Ол Аллаһ Тағалаға Ораза айт пен Құрбан айттан да абзал. Оның бес қасиеті бар:

- Жұма күні Аллаһ Тағала Адам атаны жаратты.

- Осы күні Адам ата жерге түсті.

- Жұма күні бір сағат бар, сол сағатта пенде Аллаһ Тағаладан харамнан басқа не тілесе береді.

- Жұма күні Қиямет сағаты соғады. Күллі періште, аспан, жер, жел, тау, теңіздер жұма күні Қиямет болып қала ма деп қор-қады.» (Ахмад, Ибн Мәжә).

 

2. Имам: «Әмин! – дегендегі тілек қабыл.

«Қари: «Әмин!» — дегенде, сендер де:          «Әмин!» - деңдер! Себебі  періштелер де! «Әмин» — деп тұрады. Кімнің «Әмин!» — дегені періштелердің: «Әмин!»  — дегенімен сәйкес келсе, оның өткен күнәлары кешіріледі.» (Бұхари)

 

3. Түннің әуелгі (кешке), ортаңғы (түн ортасы) және соңғы (таң сәрі) бөлігіндегі дұға қабыл.

«Әр түні, түннің әуелгі үштен бір бөлігі өткенде Аллаһ Тағала аспан дүниесіне түсіп: «Мен дүниенің Патшасымын! Мен дүниенің Патшасымын! Кім Маған дұға қылады, оның дұғасын қабыл етемін. Кім Менен қажетін сұрайды оған беремін. Кім Менен жарылқау тілесе, оны жарылқаймын.» — дейді. Осылай таң атқанша жалғасады.» (Мүслим)

Екінші бір риуаятта: «…Түннің ортаңғы немесе соңғы үштен бір бөлігінде Аллаһ Тағала аспан дүниесіне түседі,» — делінген. (Мүслим).

Ал келесі бір риуаятта: «Әр түннің соңғы үштен бір бөлігінде Раббымыз аспан дүниесіне түсіп: «Кім Маған дұға қылса, қажетін сұраса, оған беремін. Кім Менен күнәсі жарылқануын тілесе, оны жарылқаймын.» — дейді.» делінген. (Мүслим).

 

4. Парыз намазының соңы. Дәлірек айтқанда, намаздың парызы оқылып, соңғы отырыста әт-тәхият пен салауат оқылғаннан кейін, сәлем берер алдында дұға ету.

Пайғамбарымыз Мұхаммедке, салла Аллаһу алайһи уа сәлләм,«Иә, Аллаһтың Елшісі, дұғаның қайсысы өтімдірек (яғни, қандай дұғаның қабыл болуы ықтимал)?» - делінгенде, Ол: «Түннің соңғы бөлігі мен парыз намаздың соңындағы дұға,» — деп жауап берді.» (Байһақи).

 

6. Азан айтылғанда

«Намазға азан айтылғанда аспанның есіктері ашылып, дұға қабыл болады.» (Әт-Тәйәлиси)

 

7. Түн бойғы тілек қабыл.

«Расында, түнде бір сағат бар. Бір  мұсылман  пенде  Аллаһ Тағаладан дүние не Ақырет ісінің жақсылығын тілеп, дұғасы сол сағатқа сай келсе, Аллаһ Тағала тілегін береді. Ол сағат әр түнде болады.» (Мүслим, Ахмад)

 

8. Ауру адамға барып көңілін сұрағанда

Ауру адамға барып көңілін сұрағанда немесе мәйітті зиярат еткенде.

«Сендер ауру кісінің қасында немесе жаназада болсаңдар, тек жақсылықты айтыңдар! Себебі, періштелер сендер-дің айтқандарыңа: «Әмин!» — деп тұрады». (Мүслим).

 

9. Азан мен қаматтың арасында.

«Азан мен қаматтың арасындағы дұға қайтарылмайды.» (Әт-Термизи)

 

10. Сәждеде жатқанда дұға қабыл.

«Пенденің Раббысына ең жақын бола-тын мезеті – сәждеде. Ендеше сәждені дұғамен көбейтіңдер!» (Мүслим).

 

11. Шын тілегенде дұға қабыл.

«(Адамдардың) жүрегі ыдыс сияқты. Оның бірі екіншіден кеңірек болады. Ей, адамдар, егер сендер Аллаһ Тағаладан тілесеңдер шындап сұраңдар! Себебі, Аллаһ Тағала пенденің енжар, беріле сұрамаған  тілегін қабыл етпейді.» (Әт-Термизи, Ахмад).

 

12. Аллаһ Тағалаға мақтау айтып, ұлықтап әрі Пайғамбарымыз Мұхаммедке, салла Аллаһу алайһи уа сәлләм, салауат айтқанда.

 

13. Жаңбыр жауғанда

«Дұғаларыңның қабыл болуын: әскер дұшпанмен бетпе-бет тұрғанда, намаз-ға қамат айтылғанда және жаңбыр жауғанда тілеңдер!» (Әш-Шафиғи, Әл-Байһақи).

 

14. Әтеш шақырғанда.

«Әтеш шақырғанын естісеңдер, Аллаһ Тағаланың кеңшілігін тілеңдер! Себебі, ол періштені көрді (яғни, періштені көрсе – шақырады). Егер есектің ақырғанын естісеңдер, шай-танның азғыруынан Аллаһ Тағаладан пана тілеңдер! Себебі, ол шайтанды көрді (яғни, шайтанды көргенде ақыра-ды).»(Мүслим).

 

15. Рамазан айында.

 

16. Қадір түні.

 

17. Құран оқылғанда.

Аллаһ Тағала айтты: «Мен жындар мен адамдарды тек Өзіме құлшылық қылулары үшін ғана жараттым» («Зәриат» сүресі, 56 аят)Осы аятта айтылғандай мұсылман бүкіл өмірін құлшылықпен өткізуі тиіс. Өйткені, Аллаһ Тағаланың әміріне бағыну – адамзаттың саналы тіршілігінің мазмұны. Мұсылман жалғыз Аллаһ Тағалаға сәжде қылады. Себебі, бұл хақиқи ғибадат белгісі. Дұғасында жалғыз Аллаһ Тағаланы зікір етіп, бір Аллаһ Тағаладан тілейді. Бұл – нағыз имандылық.

 

18. Аср (екінтінамазынанкүнбатқанадейін.

Абдуллаһ ибн Салама (Аллаһ одан разы болсын) баяндайтын: "Мен Пайғамбарымызға (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын) "Біздің кітабымызда (яғни, Тəуратта ол - əуелде Яһуди дінінде болған, кейін исламды қабылдаған) жұма күні бір сағат бар екені айтылған. Иманда пенде намаз оқып, бір нəрсе сұраған кезде солсағатқа тап келсе, Аллаһ Тағала оның қажетін орындайды",-деген едім. Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын) қолымен "бір сағаттан да азырақ" деп көрсетті. Сол кезде мен : "Иə, сіз дұрыс айтасыз, иə, Аллаһтың елшісі, бір сағаттан да азырақ. Кейін Тəуратта айтылған сол қай сəт деп сұрадым. Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын) : "Күннің күндізгі уақытының ең соңғы мерзімі" -деді. Сол кезде мен: "Ол намаздың уақытысы емес қой" –дедім. "Иə,-деді ол –егер иман келтірген құл намаз оқып болғаннан кейін , намаз үшін отырса (ол кісі намаздың уақытын күтіп), ол намаз халінде болып есептеледі"-деді.

 

19. Арафа күні – Құрбан айттың алдындағы бір күн.

Бұл күні көп адамның дұғалары қабыл болады, көп нəрселер кешіріледі жəне Аллаһ Тағала көптеген адамды тозақтан босатады. Айша (Аллаһ одан разы болсын) айтқан екен: "" Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын) былай деді: "Аллаһ Тағаланың Арафа күніндегідей, тозақтан құлдарын көп босататын ешбір күн жоқ. Аллаһ төмен түседі жəне періштелеріне құлдарын мақтан тұтады..." Муслим келтірген. Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын) айтты"Ең жақсы дұға Арафа күні жасалған дұға. Мен жəне маған дейінгі пайғамбарлар айтқан сөздердің ең жақсысы : "Лəə илəəһа иллəллаһу уахдаһу лəə шарика лəһ лəһуль-мульку уа лəһуль-хамду уаһууа ғалəə кулли шайин қадир". Тирмизи келтірген Аль-Албаний хадисті хасан деген. Аудармасы:"Аллаһтан басқа ешбір Тəңір жоқ. Ол Жалғыз. Оның серігі жоқ. Барша билік жəне барлық мақтау Оған тəн. Əрі Оның күш-құдіреті барлық нəрсеге толық жетеді".

 

Ассаламуалейкум уа рахматуллахи уа баракатух.Асыл дінімізде намазды тастап қайта бастаған адамның жағдайы қандай болмақ ,сол жайында мәлімет берсеңіз

Уа ғалейкумуссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Мұхаммедәлі, намазды тастап кеткеннен кейін, оны қайта бастағанынан бастамай қойғаны жаман болады. Тағы да күнә істеймін деп тәубе етпеуден де жаман болады. Бұл, бәрібір кірленеді ғой деп ыдысты жумағанға ұқсайды. «Тастағаннан кейін қайта бастау күнә болады» деген сөз өте қате сөз. Тастағаннан кейін қайта бастау парыз, үлкен сауап. Күнә болғаны намазды бастау емес, намазды біле тұра тастап кету. Намаз оқымау қалған амалдарға кері әсерін тигізеді. Бір хадис шәрифінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Әдейі (себепсіз) намаз оқымағанның қалған амалдарын Аллаһу та’ала қабыл етпейді. Тәубе еткенге дейін Аллаһтың панасынан ұзақ болады» (Исфахани) – деп сақтандырса, Имам Раббани хазреттері де былай дейді: «Қияметте бірінші намаздан сұрау болады. Намаз дұрыс болса қалғандарының есебі Аллаһу та’аланың жәрдемімен оңай болады» - деп ескерткен.

 

Әссаламу алейкум уа рахматуллаһ! Сұрақ Калима шахадат мысалы Әшхаду әллә иллаһа иллә Аллаһ уа әшхәду аннә Мухаммәдур "расулуллаһ" деген дұрыспа әлде Мухаммадән "Абуһу уа расулуһ" деген дұрыспа егерде "Абуһу уа расулуһ" коспаса толық шахадат еткен болама?

Уа ғалейкумуссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Сіз айтқан иман келтіру, куәлік ету кәлималары. Олардың қайсысын айтсаңызда мол сауапқа ие боласыз.

لا إله إلا الله محمد رسول الله

ЛӘӘ ИЛӘӘһӘ ИЛЛӘЛЛААһ МҮХАММӘДҮР-РАСҮҮЛҮЛЛААҺ!

АЛЛАДАН БАСҚА ҚҰДАЙ ЖОҚ , МҰХАММЕД АЛЛАНЫН ЕЛШІСІ

أشهد أن لا إله إلا الله و أشهد ان محمدا عبده و رسوله

ӘШӘДУ ӘЛЛӘӘ ИЛӘӘһӘ ИЛЛӘЛЛААһ УӘ ӘШҺӘДУ ӘННӘ МУХАММӘДӘН АБДУҺУ РАСУУЛУҺУ!

 КУӘЛІК ЕТЕМІН АЛЛАДАН БАСҚА ҚҰДАЙ ЖОҚ ЕКЕНДІГІНЕ ЖӘНЕ КУӘЛІК ЕТЕМІН ӘЛБЕТТЕ МҰХАММЕД АЛЛАНЫҢ ҚҰЛЫ ӘРІ ЕЛШІСІ ЕКЕНДІГІНЕ!

 أشهد ألا إله إلا الله وأشهد أن محمدا رسول الله

ӘШӘДУ ӘЛЛӘӘ ИЛӘӘһӘ ИЛЛӘЛЛААһ УӘ ӘШҺӘДУ ӘННӘ МҮХАММӘДУР-РАСУУЛУЛЛААҺ!

 КУӘЛІК ЕТЕМІН АЛЛАДАН БАСҚА ҚҰДАЙ ЖОҚ ЕКЕНДІГІНЕ ЖӘНЕ КУӘЛІК ЕТЕМІН ӘЛБЕТТЕ МҰХАММЕД АЛЛАНЫҢ ЕЛШІСІ ЕКЕНДІГІНЕ!

Кластасымызда және оның баласыда жүре алмайтын жағдайда ондай кезде қалай сөйлеуіміз керек көңілін сүрап барғанда мүмкіндік болса жауап жазынызшы

Айнұр

Құрметті Айнұр! Науқасты көңілін сұрау сүннет. Науқастың қарайтын ешкімі жоқ болса, онда кифая уәжіп болады. Хадис шәрифтерде былай делінеді: 
«Мұсылманның басқа мұсылманның алдында бес ақысы бар: сәлеміне жауап беру, ауырып қалғанда көңілін сұрап бару, жаназасына бару, қонаққа шақырғанда бару, түшкіріп "әлхамдулиллаһ" деген кезінде "йәрхамукаллаһ" деп айту.» (Мүслим)
«Біреумен дос болсаң, оның кім екенін анықта! Ауырып қалса көңілін сұрап, қайтыс болса жаназасына барасың.» (Бәйһақи)
«Науқастың көңілін сұрап бару үшін бір шақырым, екі адамды татуластыру үшін екі шақырым, Аллаһ үшін досың болған адамыңмен көрісу үшін үш шақырым алыста болса да бар!» (Ибн Әбиддүнийа)
«Аллаһу та'ала біреуге "Мен ауырып қалдым, менің көңілімді сұрап келмедің" дейдіОл адам "Йа Раббым, сені қалай зиярат ететінімді білмеймін" дегенінде, "Пәленше мұсылман ауырған кезде көңілін сұрап барғаныңда, мені табатын едің" дейді.» (Мүслим)
«Бір науқастың көңілін сұрап барған адамның кепілі Аллаһ болады.» (Хаким)
«Науқастардың көңілін сұрап барыңдар. Дұға етуін сұраңдар. Күмәнсіз науқастардың дұғасы қабыл болады, күнәлары да кешіріледі.» (Дәйләми)
«Кімде-кім бір науқастың көңілін сұрап барса, қайтқанға дейін жәннат бақшасының арасында болады.» (Мүслим, Тирмизи, И.Ахмед)
«Сүннетке сай дәрет алып, науқас болған мұсылман бауырын Аллаһ разылығы үшін зиярат еткен адам, қашықтығы жетпіс жылдық жол болған тозақтан алыстайды.» (Әбу Дауд)
«Науқастардың көңілін сұрап барыңдар.» (Бұхари)
«Науқастың көңілін сұрап бару – жақсы амал.» (Табарани)
«Науқастың көңілін сұрап барған адам Аллаһу та'аланың мейіріміне бөленеді, науқастың жанында отырғанда осы мейірімге көміліп қалады.» (Бәйһақи, И.Ахмед)
«Тек Аллаһ разылығы үшін досын немесе бір науқасты зиярат еткен адамға Аллаһу та'ала: Қандай жақсы амал жасадың. Жәннатта өзіңе зәулім сарай дайындаған болдың, – дейді.» (Бұхари)
«Бір науқастың көңілін сұрап барып, қасында біраз отырған мұсылманға бір сәт те күнә істелмеген бір жылдық амал сауабы беріледі.» (Әбу Нуайм)
«Науқастың көңілін сұрап барған адам қол алысып амандассын. Қолын науқастың маңдайына қойып, жағдайын сұрасын және оған шипа, ұзақ өмір тілесін, одан дұға сұрасын. Өйткені науқастың дұғасы – періштелердің дұғасы сияқты.» (Бәйһақи)
«Ауру адамның халін сұрауға баратын жол – жәннетке баратын жол, ал ол жолдағы адамдарға періштелер қанатын төсейді» делінген.
Біреу ауырып қалса, дереу көңілін сұрап баруға болмайды. Жиі-жиі бару да дұрыс емес. Ең көп дегенде екі күнде бір баруға болады.
Зияратқа жаңа киіммен емес, күнде киіп жүрген киіммен бару керек! Науқастың бас жағында емес, аяқ жағында отырған жөн болады!
Науқастың бетіне қарамай, оңға-солға қарау немесе алдына қарап отыру дұрыс болмайды, үздіксіз науқастың бетіне қарап тұру да дұрыс емес.
Науқастың қасында қайғылы болып тұрмау керек! Жақсы нәрселерді айтып беру керек, жазылып кетуіне дұға ету керек!
Пайғамбарымыз алейһиссалам бір науқастың көңілін сұрап барғанда «Ештеңе етпейді, Ин ша Аллаһ! бұл мазасыздығың күнәларыңды тазалайды» деді. (Бұхари)
Зияратта науқастың қасында ұзақ отыру дұрыс емес. Сүйікті пайғамбарымыз «Науқас зияратын қысқа қылу сауапты болады» деді. (Бәззар)
Науқастың жанына Әузу-бисмиллаһпен сәлем беріп кіру керек, мүмкін болса оң жағына отыру керек, дұға ету және хал-жағдайын сұрау керек. Не қажет екенін сұрап, бір нәрсе қажет болса көмектесу керек. Жанында ұзақ отырмау керек. Егер өзі қатты сұраса, тағы біраз отыруға болады. Кететін кезде тез арада қайырлы шипаға қауышуына дұға ету керек.
Қазақ халқында «Аурудың емі – саудың сәлемі» деген аталы сөз бар. Науқастанып жатқан адамның көңілін сұрау, оған жәрдем беру зор адамгершіліктің белгісі. Көңіл сұрай барған адам науқасты «ауырып тұрдың – аунап тұрдың», «ауру батпандап кіріп, мысқылдап шығады», «дертіңізге Алла шипа берсін!» деген сияқты жұбату сөздермен оның тез жазылуға деген сенімін арттыра түсуге тиіс. Көңіл сұрау – адамды құрметтеу,сыйлаудың белгісі. Мезгілсіз уақытта (кешке, түнде, бей уақытта) науқас адамның көңілін сұрамайды. Төсек тартып жатқан кісіге жаман, жайсыз хабарды, қайтыс болғандар туралы айтпайды.

 

Ассаламу Алейкум Имамдыка шыкан адамга канша сауап жазылады? джазак Аллоху хойрон

Уа ғалейкумуссалам! Асланбек, бірде халифа Омардың (Алла одан разы болсын) алдына бір сәйгүлік атты әкеліп, сынап беруін өтініпті. Сонда хазреті Омар (Алла одан разы болсын): "Бұл сәйгүлік аттың екі артықшылығы бар. Бірі имам болуға ұмтылып, таласып жатқан жерден тез қашып құтылғанға, ал екіншісі имамы жоқ жамағатқа, тез жетіп барып имамдық еткенге таптырмас жануар екен" - деп, әлгі сәйгүлік атқа ерекше сипат беріпті. Демек, имам болуға ұмтылғаннан гөрі, оның екі дүниелік өте үлкен жауапкершілік екендігін білу керектігін және имамы жоқ жамағатқа имамдық ету Алла алдында өте үлкен дәреже екендігін байқаймыз.

Салеметсизбе, Алла истеринизге берекетин берсин! Менин сизге сурагым 1) биз уйленгенимизде неке кидыруга бир молданы шакырып некемизди кидырдык 1жылдан асты бирак осы кунге дейин куманданамын. куманды сейилту ушин не истесем болады 2) куйеуим ауыр жумыс истеп шаршап келгенде аркасына шыгуымды отинеди бирак биреулер олай истеуге болмайды кунага батып жатсындар дейди сол рас па 3) Уйленгенимизге 1 жылдан ассада биз али балалы болган жокпыз содан бир емшиге бардык ол киси китап ашып тамыр устап диагноз кояды куйеуме арак шарап ишпе деди маган тумарша жазып берди соны таккан дурыспа ол киси иманды Аллага кулшылык етеди болашакты болжамайды тек емшиликпен айналысады тумаршада дуга жазылган деди 4) намаз окыгым келеди, биз жер тамда турамыз дарет алуга жагдай жасалмаган маган суык тиип калама деп коркамын кунделикти гусыл алу киындау намазды кейин жагдайымды жасаган сон окысам калай болады.

Алла сізден разы болсын! Мүмкін болса сіз мешітке келіңіз, имамдарға жолығыңыз, ақыл кеңес алыңыз. Мына сіз қойған сұрақтар бұған дейін қойылған сұрақтарды қайталауда, жауаптары берілген.

Салеметсиздер ме, менин сиздерге кояр сурагым бар еди. Киели бабалардын (маселен, Арыстан баб, Кожа Ахмет Яссауи) бастарына барып окылган, айтылган тилек, дугалардын кабыл болуы каншалыкты шындык? Аллахтын тилек дугаларды кабыл етуи неге байланысты? Алдын ала рахмет.

Құрметті Айгерім! Асыл дінімізде қабыр басына зиярат ету дұрыс болып саналады. Жалпы, қабір басын (әулиелі жерлерді) зиярат етудің ережелері мен тәртіптері:

-        Ең әуелі зиярат етуші адам ниетін дұрыстау керек. Яғни, ниетбірАллатағаланыңразылығыүшінболуышарт;

-        Зиярат кезінде дәрет немесе ғұсыл (бойдәрет) алып шығу дұрыс амалдың қатарына жатады;

-        Үйден шығарда екі рәкағат сапар намазын оқып шығу мұстахаб (жағымды амал);

-        Зиярат етудің негізгі мақсаты – тарихи жерлермен танысу, және сол жерде жатқан марқұмдардың ақысына дұға ету болуы керек;

-        Қабырстанға кірген кезде сәлем беру – мұстахаб;

-        Мазар ішінде орта жүріспен, жәй жүрген жөн;

-        Қабырды сипаудан, сүюден, айналудан (тауаф етуден) сақтану қажет. Қабырды сүю, қолмен сипау, көзге сүрту, т.б. амалдар жасау өзге діндегілердің ұстанатын мәселесі болып табылады;

-        Қабыр басында «Ясин» немесе басқа да Құран аяттарын оқып, марқұм болғандарға сауабын бағыштаған жөн;

-        Қабыр үстін баспау керек. Өткені, қабыр үсті – мәйіттің ақысы. Екі қабырдың ортасынан өтерде тәкбир, тасбих, тахлил, дұға ету ләзім;

-        Дүниеден өткен марқұмдардың өмірдегі жақсы амалдары мен жасаған жақсылықтарын еске алу – сүннет. Бұл өте сауапты амалдардың бірі;

-        Дұға – тілекті тек бір Аллаһ тағаладан тілеу парыз. Яғни, мазар басына барып, сол жерде жатқан әруақтардан тілеуге болмайды. Барлық тілек пен дұғаның өтеуін Аллаһ тағала ғана береді;

-        Қабырге қарап дәрет сындырудан, түкіруден, т.б. жағымсыз іс-әрекеттен аулақ болу керек;

-        Қабырстанның ішінде ғайбат сөз айтудан, боғауыз сөздерден тиылу қажет;

-        Зиярат орындарында темекі, насыбай, ішімдіктер қолданудан сақ болу керек;

-        Кесенелер мен мазарларға оң аяқпен кіріп, сол аяқпен шығу – марқұмға деген құрметтің бір түрі;

-        Әулиелі жерлерде түнеу мәселесі -  дінде көрсетілмеген;

-        Перзент тілеу мақсатында әулиелі жерлерге бару қандай да бір шартқа жатпайды. Перзентті беруші тек қана Алла тағала;

-        Мазарға қарап намаз оқудан мүмкіндігінше сақтанған жөн;

-        Мазарға барып, қабыр жанында құрбандық шалуға болмайды;

-        Қабыр немесе кесенелердің төрт бұрышына шамшырақ жағу – діндегі тыйым салынған амалдардың бірі;

-        Зиярат жасаушы әйел кісілер (қыз баласы) басына орамал, денесіне жабық киім кигені жөн;

-        Зиярат ету барысында көпшілікке діни уағыз айту – жақсы амалдардың қатарынан саналады;

-        Қабыр басына қымбат тастар, күмбез орнату – ысырап. Ең дұрысы, зиярат жасауға кететін қаражатты жетімдер үйіне немесе жоқ-жітіктерге берудің сауабы жоғары екенін түсінген жөн;

-        Құлпытастар, мүсіндер орнату, тастарға марқұмның суретін салдыру – дінге қайшы;

-        Қабірдың жанындағы өсіп тұрған ағаштарға шүберек, мата байлау – макруһ тахрима (харамға жақын амал);

-        Мазар басында жылап-сықтау – макруһ (макруһ –ұнамсыз амал болып саналады);

-        Қабыр басында дауыс көтеруден, әзілдесуден сақтану керек. т.б.

Сондай-ақ, Дұға қабыл болу үшін... Фәдала ибн Үбәйд (р.а.) әңгімелеуде: «Аллаһ расулы (с.а.с.) мешітте отыр еді. Бір адам келді де, намаз оқыды. Бітіргеннен кейін былай деп дұға етті:

–  Я, Аллаһ, мені кешір, маған мейірімді бола гөр!

Мұны бақылап отырған Аллаһ елшісі (с.а.с.):

–  Сен асықпа. Намазыңды бітіргеннен кейін алдымен жақсылап Аллаһқа мадақ айт, одан кейін маған салауат айт, содан кейін барып тілек тіле, – деді.

Біраздан кейін мешітке тағы бір адам кірді. Намазын бітіргеннен кейін Аллаһқа мадақ айтты, елшісіне салауат айтты. Мұны да қарап тұрған Пайғамбарымыз (с.а.с.):

–  Ей, жолаушы, қазір не қаласаң да сұра, дұғаңды Аллаһ қабыл етеді, – деді».

Екі қабырдың ортасынан өтерде тәкбир, тасбих, тахлил, дұға ету ләзім;" дегенди толыгырак айтасыз ба?

 Айгерим

Құрметті Айгерим

-        Тәкбир - Аллаһ Тағаланы ұлықтау дұғасы. Тәкбир «Аллаһу әкбар» (Алла Ұлы) сөз тіркесімен айтылып, мұсылманның ғибадатқа, құлшылыққа, белгілі бір іс-әрекетке кірісер алдындағы ауызға алатын сөзі. «Аллаһу акбар» - Аллаһтың ұлықтығын сипаттайтын көркем есімдерінің бірі.

-        Тәсбих (Зікір) – Алланы еске алу, ұлықтау, мақтау, мадақтау, кешірім сұрау. Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) дәріптеулер, салауаттар айту. Зікірдің үш түрлі деңгейі бар.
1. Ашық зікір (еске алу). Мысалы: «Субханаллаһ, уәл-хамдулилләһ, уә лә иләһә иллал-лаһу уаллаһу әкбар (Алла (кемшілік атаулынан) Пәк, барлық мақтаулар Аллаға тән, Алладан басқа құдай жоқ, Алла Ұлы), — деп Алла тағалаға мадақ айту.
Немесе: «Раббәнә заләмнә әнфусәнә уә илләм тагфир ләнә уә тархамнә ләнәкунәннә минәл-хасирин (Раббымыз! Біз өзімізге зұлымдық жасадық. Егер бізді кешірмесең және мейіріміңе бөлемесең қасіретке ұшырағандардан боламыз)».
«Я Хайю, я Қайюм! Бирахмәтикә әстәғис (Ей, Тірі! Ей, Меңгеруші! Сенің мейіріміңмен көмек сүраймын)», — деген сияқты дұғаларды айту.
Я болмаса: «Алла менімен бірге, маған назарын салады және менің куәгерім», — деген секілді Алланың қатысуын еске салатын сөздер айту. Мұндай сөздер жүректің саулығына игі ықпал жасайды, Алламен катынастың әдебін үйретеді, бейқамдылықтан абай болуға және Алла атымен шайтан мен нәпсінің кесапаттарынан сақтануға итермелейді. Пайғамбардың (с.ғ.с.) зікір-дұғалары да аталған үш түрді қамтыған. Оларда Аллаға мадақ та, дұға-тілекке жүгініп, ашық түрде сұрау да бар. Сонымен қатар ондай дұғалар жүректің саулығын, бейқамдылықтардан абай болуды, нәпсінің азғыруы мен шайтаннан Алланың атымен қорғануды да түгел қамтыған.
2. Жасырын зікір дегеніміз — тек жүрекпен зікір ету. Бейқамдылық пен ұмытудан арылып, жүрек пен Раббының арасында болатын пердені ысырып, зікірді жүрекке құдды Алланы көріп тұрғандай етіп орнықтыру. 
3. Хақиқи (шынайы) зікір дегеніміз — Алла тағала Өзінің пендесін есіне алуы. Бұл туралы Құранда: «Енді Мені еске алындар, Мен де сендерді еске аламын және Маған шүкірлік етіндер де қарсы болмандар», -делінген (Бақара, 152).
Алла елшісі (с.ғ.с.): «Алла тағала: «Мен пендемнің Мен туралы ойлағанындаймын. Ол Мені есіне алса, Мен де оны есіме аламын. Мені іштей есіне алса, Мен де оны іштей есіме аламын. Ол Мені көпшілік арасында есіне алса, Мен де оны одан да жақсы көпшілік арасында есіме аламын. Ол Маган бір сүйем жақындаса, Мен оған бір шынтақ жақындаймын. Ол Маған бір шынтак, жақындаса, Мен оған бір құлаш жақындаймын. Ол Маған аяңдап келсе, Мен оған асыға басып жетемін», - дейді»,-деген (әл-Бұхари, Муслим).

-        Дұға – мағынасы «сұрау», «жалбарыну» дегенге келеді. Аллаға дұға ету деген сөз оған жалбарынып, әр нәрсенің қайырлысын сұрау дегенді білдіреді . Басқа бір адамға дұға ету – оған жақсылық тілеу дегенге саяды. Демек, дұға – пенденің Раббысынан жалбарынып сұрауын білдіреді екен. Дұға зікір етудің бір түрі. Негізінде зікір ету үш түрлі болады.
Біріншісі: Алла тағаланың көркем есімдерімен, сипаттарымен, сол создердің мағыналарымен, Оны мақтап-дәріптеумен зікір ету. Алланы сол есім-сипаттарымен Жалғыз деп біліп, кемелдігіне нұқсан келтіретін әр нәрседен пәктеу. Мұның өзі екіге бөлінеді:
а) Аллаға деген мадақты сөз тіркестері түрінде айту. Мысалы, хадистерде айтылған: «Субханаллаһ, уәлхамдулилләһ, уә лә илә-һә иллал-лаһу уаллаһу әкбар»,-деген секілді зікірлер жатады. Мағынасы: Алла (кемшілік атаулыдан) Пәк, барлық мақтаулар Аллаға тән, Алладан басқа Құдай жоқ, Алла Ұлы.
ә) Жаратушы Раббының көркем есімдері мен сипаттары туралы толық сөйлемдермен зікір ету. Мысалы: «Алла тағаланың құдірет-күші барлық нәрсеге жетеді. Ол пендесінің тәубе еткеніне жоғалтып алған көлігін тауып алған елсіз түздегі жолаушыдан да бетер қуанады. Ол пенделерінің дауыстарын естиді, жасаған іс-әрекеттерін де көреді. Ол үшін олардың ешбір ісі жасырын емес. Алла олардың ата-аналарынан да мейірімді».
Екіншісі: Алланың бұйрықтары мен тыйымдары, халал мен харам үкімдері арқылы зікір ету. Яғни, Оның әмірін орындап, тыйымдарынан тыйылу, харамын арам, халалын адал деп білу. Зікірдің бұл түрі де екіге бөлінеді:
а) Алла тағала былай істеуге әмір еткен, былай істеуге тыйым салған, мынаны ұнатып, ананы жек көреді, осы іске разы болады деп хабарлы сейлем түрінде айту.
ә) Әмірінің (мысалы намаздың) уақыты келгенде оған бойсұнып, орындап және тыйымына жолыққанда одан дереу бет бұрып, аулақтау.
Үшіншісі: Алланың рақымшылығы мен нығметтерін, шексіз жақсылығын үнемі еске алып жүру. Бұл да зікірге жатады. Демек, барлығын қосқанда зікірдің бес түрі бар екен.
Ал басқа қырынан алғанда зікір үшке бөлінеді.
а) Жүрек пен тілге нық орныққан зікір. Бүл зікірдің ең биік түрі.
ә) Тек қана жүрекпен зікір ету. Бұл екінші дәрежесі.
б) Тек тілмен ғана зікір ету. Бұл ең соңғы дәрежесі 1.
Зікір - дегеніміз — бейқамдылық пен ұмытудан арылу. Бейқамдылық (ғафлә) адамның ізгі істі ез еркімен тастауын білдірсе, ұмыту (нисян) деп сол істі еріксіз түрде тастауды айтады.

Саламатсыздарма!Менин атым Эльмира жасым 28 де.Мен осындай аз омиримде коп кателик жибердим.Онын ен улкени куйеуимди жане онын аке-шешесин багаламадым.Сонында жолдасым мени тастап кетти.Менин кесиримнен балам жетим болды.Осы кунге дейин минезим де жаман еди,енди озгергим келеди,катемнин барлыгын тусиндим бирак кеш тусиндим,Аллам менин кателеримди кеширсин деп намаз бастадым,сондыктан намаздын пайдасы кандай,менин жасап жатканым дурыс па?Аллам менин кателигимди кеширип т! агы да бир мукиндик бередима?Маган ойларынынзды акылдарынынзы айтыныздаршы?.

Құрметті Эльмира! Сүйікті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз өзге хадистерінде:«Шын жүректен өкіну - тәубе» - деген, және: «Күмән жоқ, Алла тағала күнә істегеніне өкінген пенденің тәубесін, оның жаны алқымынан шықпастан бұрын қабыл етеді»- деген. Шариғатта мұны күнәсіне өкініп, одан қайтуды айтады.

Сондай-ақ, қасиетті Құранда: «Шынында жақсылықтар жамандықтарды жояды. Бұл түсінушілер үшін бір насихат» (11\114) делінген.Осыған байланысты Сүйікті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз бір хадисінде адамдарға: «Қайда жүрсеңде Алладан қорық, әрбір жаман істің артынан (оны кетіру үшін) жақсылық жаса, адамдармен жақсы қарым-қатынаста бол» -деп өсиет етеді. «Әрбір жаман істің артынан (оны кетіру үшін) жақсылық жасаудың» мәні арқылы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) адамдарды жақсы істерді көбірек істеуге шақырады. Өйткені әрбір жақсы амал адамның жаман амалын жояды. Демек, жақсы амалдарды көбейту керек. Намаз оқуға ниет еткеніңіз өте құптарлық іс.