Ислам асыл дініміз

Ассалямалейкум уа рахматуллахи уа баракатух! Тахажуд намазын калай окыса болады?? Алла разы болсын!

Уа ғалейкумуссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Шолпан, түннің жартысынан бастап, сәре уақытының аяқталуына дейінгі уақытта тұрып оқылған намазды «тәһажжүд намазы» дейді. Тәһажжүд намазы екі рәкаттан сегіз рәкатқа дейін. Бұл намаз–Аллаһ Елшісіне парыз. Оның дәлелі мына аят: (Мұхаммед) «Түнде оянып, өзіңе тән нәпіл оқы». (Исра, 17/79) Осы намазға үмбетін қызықтырғаны жөнінде аяттар бар: (Мұхаммед) «Сөз жоқ, Раббың, сенің әрі сенімен бірге болған бір топтың, түннің үштен екісіне жақынырақ, жартысында, үштен бір шамасында намазға тұрғанынды біледі»(Мүзәмміл, 73/20). Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Түнгі намазды үнемі оқыңдар. Өйткені, түнгі намаз оқу – сендерден бұрын өткен салихалы жандардың әдеті. Раббыларыңа бағынудың белгісі. Жамандықтарды бүркеп, күнә жасаудан сақтайды», (Тирмизи, Дә'ауат, 101.) – деп түнгі намазға шақырған. Пайғамбарымыз (с.а.у.) түнгі намазға өте жақсы мән берген. Бірде Ата деген таби'ин (Сахабаларды көргендер.) Хазірет Айшадан сұрайды: «Аллаһ Елшісінің ерекше бір жағдайын айтып бересіз бе?» Сонда Хазіреті Айша: «Оның ерекше болмаған халі бар ма? Бірде түнде бөлмеме келді. Аздан кейін маған қарап: «Бүгін маған рұксат бер, Раббыма құлшылық етейін?», – деді. Дәрет алып, намазға тұрды. Ол қиямда (түрегеп) тұрып көп жылады. Жанарынан аққан көз жасы көкірегіне сорғалап жатты. Рүкүғке барғаннан кейін де ұзақ тұрып, егіле жылады. Сәждеге барған кезде де халі осылай болды. Аллаһ Елшісінің көз жасы Біләлдің таң намазына хабар берген азан даусына дейін толастамады. Сонда мен: «Пайғамбарым! Аллаһ Тағала сенің барлық күнәларыңды кешіре тұра, сен неге осыншама жылайсың?- деп едім, ол: «Шүкір еткен құл болмайын ба? Қалай ғана жыламаймын. Аллаһ осы түні маған мына аяттарды түсірді: «Шексіз көктер мен жердің жаратылуында және түн мен күннің өзгеріп, кезектесіп алмасуында ақыл-ой иелері үшін дәлелдер бар. Олар түрегеп тұрып, отырып, жанымен жатып, Аллаһты еске алады. Сондай-ақ, олар көктер мен жердің жаратылуы жайлы ойланып, терең толғанып: «Раббымыз! Сен мұны тектен-текке жаратпадың. Сен пәксің. Бізді от азабынан сақта! Раббымыз! Сен кімді отқа салсаң, сөзсіз оны қорлап, жермен-жексен етесің. Залымдардың ешқандай көмекшісі жоқ. Раббымыз! Біз «Раббыларыңа иман етіңдер» деп шақырған шақырушыны ести сала иман еттік. Раббымыз! Күнәларымызды жарылқап, жамандықтарымызды жасыр. Әрі игі жақсылармен бірге жанымызды ал! Раббымыз! Бізге елшілеріңе уәде еткендеріңді бер. Қиямет күні де бізді тастап қор қылма. Сөзсіз, Сен берген уәдеңнен таймайсың деп тілейді» (Әли Имран, 3/190-194.). Осыдан кейін «Осы аяттарды оқып, терең ойға батпағанның халі неткен өкінішті!», – деді». Сүнниттердің төрт имамы да түнгі намаздарына қатты көңіл бөлген.

Әшәб ибн Абдулазиз Имам Мәлик туралы былай дейді: «Бірде ел жатқан уақытта сыртқа шықтым. Малик ибн Әнәстің үйінің жанынан өтіп бара жатып, оның намаз оқып жатқанын байқап қалдым. «Фатиханы» оқып болған соң, «Тәкәсүр» сүресін оқи бастады. «Сол күні берілген ырыс-береке мен несібелерден сөзсіз сұраласыңдар» аятына жеткен кезде кемсеңдеп, жылай бастады. Әлгі аятты қайта-қайта қайталап жылай берді. Мен баратын жеріме де бармай, көз алмай тыңдап қалдым. Осылайша ол таң намазына дейін жылады. Шапақ атқанда ғана, рүкүғке барып, намазын бітірді. Мен де үйге барып, дәрет алып, таң намазын оқу үшін мешітке бардым.

Кейіннен күн шығып, айнала жарыққа толып, оның айналасына ілім алқасы жиналды. Мен жақындап барып жүзіне қарағанымда, жүзі нұр шашып тұрды. Сол кезде мен «Түнгі намазы көп болғанның күндіз жүзі – нұрлы болады» деген хадисті есіме алдым». Имам Ағзам да түнде ұйықтамай Құран оқитын. Кейде бір аятты таңға дейін қайталап жылайтын. Оның қатты жылағанын көршілері де естіп, жаны ашитын. Иә, бәрі де осылай жылайтын.

Бұл ғұмырда жүрекпен жыламаған бейбақтардың ақыретте жылайтыны сөзсіз. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Жаһаннам халқы жылаумен азапталады. Олар көз жастары таусылғанға дейін жылайды. Одан кейін көздерінен аққан жастың орнына қан аға бастайды. Соңында беттеріне ойық пайда болады. Көз жастарының аққаны сонша кемелер қонса жүзер еді», (Ибн Мажә, Зуһд, 38.) – дейді.

 Әссаламу алейкум уа рахматуллаһ! Ережеп айы мубарак болсын Сұрағым «Ражаб айының басында бір күн, ортасында бір күн және соңында бір күн ораза тұтқан адамға Ражаб айында толық ұстағандай сауап беріледі.» (Мифтахул-жәннә) осылай тұтсам боладыма? Тағы «Аллаһу та'ала Ражаб айында жақсылығын арттырады. Бұл айда бір күн ораза ұстаған адам бір жыл ұстағандай сауапқа қауышады. Жеті күн ораза тұтқан адамға жаһаннам есіктері жабылады. Сегіз күн тұтқан адамға жаннаттың 8 есігі ашылады. Он күн! тұтқанға Аллаһу та'ала қалағанын береді. Он бес күн ораза ұстағанға бір хабаршы: “Өткен күнәларың кешірілді” дейді. Аллаһу та'ала Нух алейһиссаламды Ражаб айында кемеге мінгізді. Ол да Ражаб айын оразамен өткізіп, қасындағылардың да ораза тұтуларына бұйрық берді.» (Табарани) Осы қаншалықты дұрыс?

 

Уа ғалейкумуссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Жеңіс, аталған хадистер күмәнсіз қабыл етілген хадистерге жатады.

Ассаламу алейкум!ата ананы жылатып намаз окуга болама?олар маган орамал мен хиджабты киме дейди али кунге дейин жылауда анашым, акемнин давлениясы бар еди содан коркамын.

 

Жауап берілген, ол бұнысында "алмагул" деп сұрақ жолдаса, бірінде "Амако" деп осы сұрақты жолдаған болатын. Жалпы бір эл.почтамен бірдей сұрақ жолдапты. Бірақ, сонда да жауап берейін:

Уа ғалейкумуссалам! Алмагул, ата-ананың разылығын алу, оларға деген құрмет көрсету, қарсы шықпау дініміздің басты бұйрықтарының бірі екені баршамызға мәлім. Көптеген Құран аяттары мен хадистерде ата-анаға жақсы мәміле жасау жайында айтылады.    

Дегенмен, олар кейде пендешілікке беріліп бізді шариғатқа теріс келетін әрекеттерге итермелеп, күнә істерге шақыруы мүмкін, мүндай жағдайларда ата-анамызға бағынбауымызға дініміз рұқсат береді.
Ендеше, ата-анаңыз намаз, ораза сияқты дін негіздерін орындауға қарсы шықса, мұнысына құлақ аспауыңыз күнә саналмайды.  
Бірақ,  бұл «ата-анаға дөрекі мінез көрсетіп яки араздасып, олардан безіп кету керек» деген сөз емес. Керісінше, майдалап, жұмсақ түсіндіруге тырысуыңыз тиіс. Алда-жалда көнбей жатқан күннің өзінде сый-құрметіңізді аямауыңыз ләзім! Алла тағала бұл жайында былай дейді: «Егер ата-анаң білмейтін нәрсеңді – Маған серік қосуға зорласа, оларға бағынба! (Дегенмен) Олармен бұл дүниеде жақсы қарым-қатынаста бол!..»(Лұқман сүресі – №15 аят).

 

Ассаляму алейкум. ережеп айы құтты болсын. бүгінгі рағаип түнінде ин ша Аллах қандай амалдар жасаймыз? толығырақ айтсаңыз. Алла разы болсын.

 

Уа ғалейкумуссалам! Жанбуле, Алла Тағаланың ең ұлы жаратылысы адам. Алайда адам баласының қасиеттілігі оның істеген жақсылықтарымен көтеріледі. Адамзат Алла Тағаланың алдында құлшылығымен құнды. Ұлы Раббымыздың әрбір жаратқан жаратылыстары ерекше мәнге ие. Сол жаратылыстарының бірін:

Мейірімді Раббымыз Алла Құран кәрімде: «Айлардың саны Алланың құзырында он екіАлла көктер мен жерді жаратқан күні төрт харам айын да жаратты. Олай болса бұл айларда бір-бірлеріңе зұлымдық етпеңдер»(«Тәубе» сүресі, 36-аят)-дейді.

Осындай қасиетті айлардың ішінде Алланың Өз құлдарына ерекше назарын аударатын айлар бар. Сол ерекше айлардың бірі – Ережеп айы. Бұл айдың ерекшелігі жайлы Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) былай дейді:

«Ережеп айы-Алланың айы, шағбан айы – Менің (с.ғ.с.) айым, ал Рамазан айы – үмбетімнің айы».(Кешфуль Хафа 1/425)

Алланың алдында дәрежесі жоғары болған осы Ережеп айының ішінде «Рағайып» деп аталатын қасиетті түн бар. Бұл түнге «рағайып» есімін періштелер берген. «Рағайып» сөзі «рағиба» сөзінің көптік мағынасын береді. Рағиба сөзі бір жерде «құнды, бағалы» деген мағына берсе, енді бір жерлерде «арман, тілек, мақсатына жету үшін қандай да бір әрекеттер жасау» деген мағынаға да келеді.

Мүбәрак Ережеп, Шағбан, Рамазан айлары-мағфират, кешірім, берекет айлары. Осыншама қасиетті өз ішіне сыйдырған бұл түнде мұсылмандардың жандары жай тауып, жүректері тазарып, көңілдерге Алланың назары түсіп, иләһи есіктер ашылады. Осы түн-өткен өміріміздегі Раббымызбен қарым-қатынасымыздың қандай болғандығына бір мәрте болса да көз салып, ой елегінен өткізіп, бойымыздағы барлық жақсы-жаман қасиеттерімізді таразылап, өкініштерді артқа қалдырып, жаңа өмір бастайтын түн. Басқа айларға қарағанда дәл осы айларда адам баласы бұл жалған дүниеге келу мақсатын көбірек ойланады. Қасиетті рағайып, миғраж, бәраат, қадір түндері де осы мүбәрак үш айдың ішінде жасырылған. Ғажайып сырлар мен рухани құндылықтарға толы рағайып түні – рамазан айының табалдырығынан аттатып, иісін иіскететін түн. Бұл түнді ғалымдар «рамазанның хабаршысы» деп те атаған. Рағайыптың дәмін татқан мұсылман рамазанның сырына қанық бола алады. Рағайып түнін бойында ұстаған Ережеп айы рамазанға дайындайды екен. Сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) Ережеп айы кірген-нен бастап:«Аллаһым Ережеп, шағбан айларын бізге мүбәрак ет және рамазан айына қауыштыр»(Имам Ахмад риуаят еткен)-деп үнемі дұға еткен екен.

Бұл түн хазіреті Әмина анамыз бен хазіреті Абдулланың неке қиған түні. Бұл түн Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (с.ғ.с.) нұры Әмина анамыздың құрсағына түскен түн. Осылайша адамзаттың асыға күткен Пайғамбарлардың мөрі, екі дүниенің сардары жаратылы-сының алғашқы кезеңі. Осыншама жақсылықтың жаршысы атанған қасиетті түн - «рағайып» түні.

Ұлы Раббымыз Алла Тағала құран кәрімде:«Мен адамдар мен жындарды тек қана маған құлшылық етсін деп жараттым»(«Зарият» сүресі, 56-аят) - дейді.

Бұл аят бізге ап-айқын өмір сүру мақсатымызды білдіріп тұр. Осы аятқа сай өмір сүруіміздің айқын көрінісі осы айларда анық көрінеді. Негізі осы айларда ғана емес басқа қалған айларда да дәл осы қасиетті айлардағыдай құлшылық етіп, иманмен өмір сүруге тырысуымыз керек.  Бұл үш ай қалған айларда қалай өмір сүру керек екендігіміздің тамаша үлгісін көрсетеді.

Алланың адамзатқа берген 365 күнінің ішінде санаулы ғана қасиетті күндер мен түндер бар. Ғапылдықта болмай осы мүмкіндіктерді пайдаланып қалуымыз қажет. Себебі бұл қасиетті күндер мен түндер бізді екі дүниеде де бақытқа жеткізуі әбден мүмкін.  

Ережеп айында жақсы амалдар үшін сансыз сауаптар берілетіні сияқты, жасалған күнәлар үшін де ауыр жаза берілуі мүмкін. Себебі бұл айдың құрметіне Алла разылығы үшін күнәлардан тыйылуымыз керек. Және бұл айда адамдардың қарғысына қалудан сақтануымыз қажет. Себебі бұл айда дұғалар тез қабыл болады. Бұған хазіреті Хусейннің (р.а.) мына оқиғасы дәлел. Хазіреті Хусейн (р.а.) әңгімесін былай бастайды:

-Қағбаны тәуап етіп жүргенімде, бар дауысымен айғайлап, қиналып, дұға етіп жатқан бір жігітті көрдім. Әкем бұл кісіні шақыруымды әмір етті. Ол жігіт әдемі әрі таза киінген жігіт еді. Бірақ оң жақ денесін қозғалта алмайтын мүгедек екен. Оған мен:

-Сен кімсің? - дедім. Ол:

-Атым Муназил. Мен ән салып, мәз болып ғапылдықта ойнап-күліп жүргенді жақсы көретінмін әрі атақты ұрылардың бірі болдым. Әрдайым нәпсімнің әмірімен ғана өмір сүрдім. Әкем тым болмаса осы басталған Ережеп айында күнәларымнан бас тартуымды сұрап, өтінді. Әкем салих кісі болатын. Соңғы ретінде әкем мені Алланың жазасынан қорық деп қатты ескертті. Мен ашуланып әкемді ұрдым. Әкем қағбаға келіп:

 - Ей, Раббым мазлұмдардың дұғасын жерде қалдырмайсың. Ұлым жанымды қатты қинады. Ұлымды мүгедек ет! - деп дұға етті. Дұғасын айтып бітпей жатып-ақ оң жақ денем сал болып қалды. Біраз уақыттан кейін әкемнен кешірім сұрап жыладым. Әкемнің мейірімі оянып, мені кешірді де денемнің сауығып кетуі үшін Алладан қайтадан дұға тілейін деп қағбаға келе жатыр еді, түйеден құлап қайтыс болды. Ендігі халім міне, - деп жылады жас жігіт. Сол жерде хазіреті Хусейн (р.а.) әлгі жігітке дұға етті. Ережеп айында жасалған бұл дұғаның берекетімен жас жігіт жазылып кетті.

Қасиетті Құран Кәрімде дәл «рағайып» сөзі кездеспейді. Бірақ «рағиба» түбірінен шығатын сегіз сөз бар.

Ал Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) рағайып түні жайлы:

«Мына бес күнде жасалған дұғалар кері қайтарылмай қабыл болады. Олар: рағайып түні, шағбанның он бесінші түні, жұманың түнінде, ораза және құрбан айттың түндерінде» - деген.                                                                    

Бұл қасиетті Ережеп айындағы рағайып түнінде күллі мұсылмандар күндіз ораза ұстап, мұқтаждарға қызмет етіп, түнде Раббысын зікір етіп, нәпіл намаздар оқиды. Нәпіл намаздардан осы түні әсіресе қажет намазын мол оқыған абзал. Себебі бұл түн «рағайып» сөзінің өзі айтып тұрғандай адамдардың қажеттері өтеліп, қалаулары берілетін түн. Тағы көп құран оқып, Алладан истиғфар тілеп, тәубемізге келуіміз шарт. Алланың берген шексіз нығметтеріне шүкір етіп, мейірімі мен рақымын еске алуымыз керек.

Осы қасиетті түнде орындалуы керек ғибадаттарды ретімен келтіретін болсақ:

1.  Алланы көп зікір ету.

(Алланың жаратқандарына қарап, 99 есімінің мағынасы жайлы ойланып, Алланы Өзіне тән сипаттарымен тануға тырысу.)

2.  Тәубәмізға келу.

(Алладан өткен-кеткен және алдағы үлкенді-кішілі күнәләріміз үшін кешірім сұрау.)

3.  Аллаға көп шүкір ету.

(Алланың берген барлық нығметтері үшін рАхмадімізді айтып, шүкіршілігімізді білдіру.)

4.  Бар болса қаза намаздарымызды өтеу, нәпіл намаздар оқу.

5.  Көп Құран оқу.

6.  Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (с.ғ.с.) салып кеткен сара жолына ой жүгіртіп, Оның (с.ғ.с.) сүннетімен қаншалықты өмір сүріп жатқанымызды ойлап, салауаттар айту.

7.  Алладан екі дүниемізге қажеттің барлығын тілеп, дұға ету.

Және осы түнгі ғибадаттармен қоса Ережеп айының басқа күндерінде де сауапты амалдарды орындап қалуға тырысуымыз керек. Туыстары-мызбен, достарымызбен жылы қарым-қатынаста болып, бір-бірімізді құттықтап, біреумен ренжіскен болсақ татуласып, ауру жандар мен қарт кісілерге қол ұшымызды созып, жетімдер мен жесірлерге қамқорлық жасап, кедейлер мен міскіндерге көмек көрсетіп, Рамазан айының жақындағанын сезінетіндей амалдар жасауымыз керек. Осынау мүбәрак айлардағы күндерімізді оразамен, қызметпен, ал түндерімізді құлшылық-пен өткізсек нұр үстіне нұр болары сөзсіз.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Ережеп бұл ұлы ай. Алла бұл айда мейірімін төгеді. Ережеп айында бір күн ораза ұстаған адам бір жыл ораза ұстағандай сауап алады, жеті күн ораза ұстаған адам үшін жәһаннамның есігі жабылады, сегіз күн ораза ұстаған адам үшін жәннат есіктері ашылады, ал он күн ораза ұстаған адамға Алла қалағанын беріп, армандарына жеткізеді, он бес күн ораза ұстаған адамның Алла өткен күнәларын кешіреді. Ережеп айында Алла Нұхты (а.с.) кемеге мінгізді және Нұх та сол түнді оразамен өткізді, өз қасындағыларға да ораза ұстауды әмір етті»(Табарани).

  Ибн Аббас (р.а.): «Расулуллаһтың (с.ғ.с.) оразаны көп ұстайтыны  соншалық, біз Расулуллаһты (с.ғ.с.) ешқашан ауыз ашпайды деп ойлайтынбыз»(Мүсілім риуаят еткен), -дейтін.

  Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тағы бір хадисінде:

  «Қасиетті Ережеп айының басында бір күн, ортасында бір күн және соңында бір күн ораза ұстағанға Ережеп айының барлық күні ораза ұстағандай сауап беріледі»(Мифтахуль жаннат) -деген.

  Cалиқалы бір әйел әр жылы Ережеп айының әр күні он екі мың рет «Ықылас» сүресін оқиды екен. Осы ғибадаты үшін арнап қойған арнайы көйлегі бар екен. Ол көйлегін тек осы он екі мың рет «ықыласты» оқитын кезде ғана киіп жүреді. Және әрдайым баласына:

  -Балам мен о дүниелік болғанда мені осы көйлегіммен көм! -деп өсиет айтып кетіпті. Бір күні өлім сағаты келіп, салиқалы әйел жан тапсырады. Баласы анасының өсиетін біліп тұрса да, анасына жаны ашып киілген киіммен емес жаңа кебінмен көмгісі келеді. Сөйтіп анасын жаңа кебінмен көмеді. Кеш батып жас жігіт ұйықтағанда, түсінде анасын көреді.

Анасы баласына:

-Балам, сен неге менің өсиетімді орындамадың? Мені Ережеп айында он екі мың рет «Ықылас» сүресін оқығанда киетін көйлегім-мен көм деп едім ғой -дейді. Баласы таң ата оянып кетеді де көйлекті алып, анасының басына барады. Анасының қабірін қанша терең қазса да, анасын таба алмайды.  Көйлекті қабірдің ішіне қалдырып, үйіне қайтады. Жас жігіт сол түні тағы түс көреді. Түсінде бір дауыс:

-Сен анаңның қабірін қазып, өзі қалаған көйлегін кигізгің келді, бірақ анаңды таба алмадың ғой, иә–дейді. Жігіт:

-Иә, анамды таба алмадым, анам қайда? -деп сұрайды. Сонда әлгі дауыс:

-Ережеп айында Алла разылығы үшін он екі мың рет «ықылас» сүресін оқыған анаңды жер астында қалдырады деп ойладың ба? -деген екен.

         Осы оқиғаға қарап-ақ Ережеп айының, оның ішіндегі рағайып түнінің қаншалықты қасиетті екенін түсінуге болатын тәрізді.

Ассаламағалейкум! Қайтыс болған әкем мен атама Құран бағыштағым келеді.Сұрақ 1)Құран қалай бағыштайды? 2)Құранды күнде бағыштауға бола ма?

 

Уа ғалейкумуссалам! Нұрбол, Құран бағыштаңыз келсе, қасиетті Құран Кәрімнің «Фатиха», «Ықылас» сүрелерін жатқа айтып, оқуыңызға болады. Бұл сүрелерді біліп, сол арқылы аруақтарға Құран бағыштау - әрбір мұсылманның мерейлі міндеті. Біз төменде осы сүрелердің, ол оқылғаннан кейін айтылатын тілектердің мәтінін назарларыңызға ұсынып отырмыз. Екі сүре арқылы Құран бағыштаған соң, тілектің басқаша да жақсы түрлерін айтуға болады. Ол әркімнің өз ықтиярында. Тек біз Құран бағыштаған соң оны қалай қайырып, қандай тілек айтуға болатынын білмейтіндерге өзіміз білетін тілек үлгісін ұсынып отырмыз. Осы есіңізде болсын.

«Фатиха» сүресі:
Ағузу биллаһи минәш шайтанирражим.
Бисмиллаһиррахманиррахим.
Әлхәмду лиллаһи раббилаләмин.
Аррахманиррахим.
Мәлики йаумиддин.
Ийяка нағбуду уә ийякә нәстағин.
Иһдинассираталмустақим.
Сираталләзинә әнғамта ғалейһим ғейрилмағдуби ғалейһим уа ладдаллин (Әмин).
(Әминді әр уақытта іштен айтады).


«Ықылас» сүресі:

Бисмиллаһиррахманиррахим.

Құл һуа аллаһу ахад. Аллаһуссамад.

Ләм йалид уа ләм йуләд.

Уа ләм йакүн ләһу күфуән ахад.

Садақоллаһулазим.

Сүбханә Раббикә Раббилғиззаты ғамма йәсифун.

Уә саламүн ғаләлмурсәлин.

Уәлхамду лиллаһи Раббилғаләмин. (Әмин).

 

«Иә, Ұлы Алла осы оқылған Фатиха, Ықылас сүрелерінен болған сауапты Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.), Пайғамбарларға, Сахабаларға, Әулие-Әмбиелерге, Шаһидтерге, дүниеден өткен барша мұсылмандарға (өзімнің дүниеден өткен ата-бабаларыма, әке-шешелеріме, туған-туысқан-дарыма, аты-жөнін айту керек) бағыштадым.

Иә, Алла! Ата бабаларымның рухтарын шат-шадыман етіп, осы оқылған Құранның нұрымен нұрландырып, қабір азабынан сақтап, жандарын жәннатта ете гөр!

Иә, Алла! Біздерді – үй ішімізді, халқымызды қайғы – қасіреттен, қорлық – зұлымдықтан, табиғи апаттардан, мың бір атты пәледен, жүз бір атты пәледен сақтай гөр! Дұға тілектерімізді қабыл етіп, екі дүниеде де нығметіңе бөлей гөр!

Раббәна атина фиддүния хасанәтән. Уә Филахирәти хасанәтән уә қина ғазәбәннар. «Раббымыз! Біздерге бұл дүниеде де, ахиретте де оның жақсылығын бере гөр, от ғазабынан сақта! Аллаһу Әкбар!»

Құран бағыштағанда есте болатын жағдайлар:

1. Құранды кір қолмен ұстауға болмайды. Құран оқитын адамның тәні, жаны таза болуға тиісті. Негізінен, дәрет алып барып Құран оқыған жөн.

2. Кәпірлерге, зинақорларға, маскүнемдерге, қылмыскерлерге, харам тағам жейтіндерге құран оқуға, оқытуға болмайды.

3. Құранды қатесіз, мәнерлеп, сөзін естірте оқу қажет.

4. Құранды жатып, жантайып, теріс қарап отырып оқуға болмайды.

5. Құранды жылдам, тез, асығып оқымайды.

6. Құран оқып отырған адам, оның жанындағы кісілер Құран бағышталып жатқан кезде бөтен сөз айтпайды, өзгелерге ымдап белгі бермейді, бір-бірімен әңгімелеспейді, сырттан келген адам да, оны көргендер де өзара сәлемдеспейді, жыламайды, күлмейді, ыңырсынбайды, аһ, уһ!- деп дыбыс шығармайды, бір нәрсені аузына салып шайнамайды. 7. Отырғандардың ішінде ер адамдар Құран білмесе, оны білетін әйелдердің дәреті барына Құран оқуға рұхсат етіледі. Тек әйелдер Құранды дауыстап оқымайды.

8. Автокөлік жүргізуші қорымның қасындағы жолмен өтіп бара жатқанында екі қолын рульден алып, бетін сипаймын деп қасындағы жолаушылардың өміріне, жол апатына қауіп төндірмеуге тиісті.

9. Құранды күнде оқып, әруақтарға бағыштауға болады.

 

Құран үйренудің сауабы Бұл жөнінде ұлық Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өзінің хадис-шәріптерінде былай деген: «Құранды үйреніңдер, оқыңдар, оның әр сөзі Қиямет күнінде сендерге жәрдем береді». «Кімде-кім Құранды дұрыс, қырағаттап оқыса, адам баласының жақсы істерін жазатын періштенің көзіне түседі, ал кімде-кім қиыншылықпен, көп еңбек сіңіріп үйренер болса, онда оған сыйлық екі есе болады».

 

 Aссалаумалейкум! Доқтырлар менде нақтырақ атқанда еркек мүшемде папилома вирусын тапты. Ол біріншіден өте қауыпті екіншіден жұқпалы. Оның емі әлі табылмаған дейді. Осы жыныстық қатынастан жұққан ауруымды кетіретін дұғалар барма екен? Я болмаса мен намаз оқып бастасам кетрме екен? Қуанғанда оқымай қиналғанда оқыған намазым қабыл боладыма екен?

Уа ғалейкумуссалам! Әділбек, Аллаһ тағала Құранда: «Мен адамдар мен жындарды өзіме құлшыдық етулері үшін ғана жараттым» — дейді. Әр нәрсенің өзінің бір мақсаты болады. Мысалы: қасықтың мақсаты, шәйді қозғау; көліктің мақсаты: бір жерден бір жерге жету. Сол сияқты адам баласының мақсаты ол – Аллаһқа құлшылық ету екен. Адам баласы қандай да бір жақсылық істесе ол өзі үшін. Өйткені Ақыретте шаңның тозыңындай жақсылық істесең соның пайдасын көресің. Бес уақыт намаз ол Жәннәтқа кірудің бір себебі. Адам баласын Аллаһ тағала әртүрлі жағдаймен дінге алып келеді. 
Бұл жалған дүние болған соң сыналмайтын пенде жоқ. Алла Тағала әркімді әрқалай сынайды. Біреуді бай не кедей, патша немесе құл қылып жаратады. Ал біреулерді кеселге душар етіп сынайды. Оларға өтеуге тиіс болған бүкіл әмірлерді бұйырып, тыйым салынған нәрселерден тию арқылы сынайды. Кейін ақыретте есеп беру алаңына жиналғанда ешқандай сылтау таба алмай қиналады. Патша болған едім құлшылық қылуға қолым тимеді десе, Алла Тағала Сүлеймен де патша болды, бірақ құлшылығын тастамады. Кедей едім десе, Иса да кедей еді, бірақ кедейлігі ғибадатына кедергі бермеді. Аурумын десе, Аюып та науқас болды, бірақ Алланы еске алуды ұмытпады. Құл болдым десе, Юсуф та құл болды, бірақ құлдығы өзінің құлшылыққа арналған пенде екеніне кедергі болмады дейді.
Сізге айтар кеңесіміз намазды бастай беріңіз. Қолдан келгенше уақыт тауып намазды өз уақытында орындауға тырысыңыз. Өйткені, кім Алла Тағаладан шынайы қорықса Алла пендесіне құтылар жол тауып берері хақ. 
Сондай-ақ, мешітке келіп, дін қызметкерлеріне жолығып ақыл кеңес алуды да ұмытпаңыз.

Әссаламу алейкум уа рахматуллаһ! сұрақ ұстазы жоқтың ұстазы шайтан дейді Сонда мысалы мен ұстазым жоқ бірақтан білмегенімді мешіттен немесе сіздерден сұраймын және мысалы уағыздар видео роликтен Арман Қуанышбай т.б ағаларымыздың уағызын тындаймын Сонда ұстазы болуы шартпа? Және білмегеніңді осы кісілерден біліп амал істеп жүреберуге боладыма ұстазссыз ?

Уа ғалейкумуссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Жеңіс, «Үйренем дегенге ағаш жапырағы да ұстаз» деген сөз бар. Хасан Басри кез келген жайттан бір нәрсе үйренуге болатынын былай айтып береді: «Біреудің мінін қазбауды қызтекеден үйрендім. Бір күні бір қызтекені көріп, жирене қарап едім, әлгі: - Молдеке, менен жиреніп қайтесіз. Кімнің нақ қызтеке екенін ақыретте білінер, - деп жер қылды.

Ғылым тілімен жұмбақтап сөйлеп, құрғақ уағыз айтудың ерсі екенін шырақ көтерген бір жас баладан үйрендім. Үш ай бойы уағыз айтатын адам таба алмай келе жатқанымда жолыққан сол баладан: - Мына шырақтың оты қайдан пайда болды, - деп уағыз бастай беріп ем, әлгі бала оны үрлеп өшірді де, - әуелі отты қайда кеткенін түсіндіріп беріңізші, - деп састырды.
Кеуде кермеуді кәдімгі маскүнемнен үйрендім. Бір күні шалшықта жатқан масты көріп:- Ей, бейшара батып кетпе! - деп жанымды ашытқансып өте беріп ем, әлгі маскүнем: - Уа, Хасан Басри! Мен батпаққа батып кетсем, адамзаттың саны бір маскүнемге азаяр. Діннің басында тұрған сіз батып кетсеңіз, соңыңызда тұрған миллион мүмин не болмақ, - деп аузымды аштырды.
Ал ғашық болуды бетіме телміріп қарап қалған бір әйелден үйрендім. - Ей, қарындасым, Құдайдың парызын ұмытып, жүзіңді ашық қалдырғаның не? - деп айыптай бастап едім, әлгі әйел: - Мен құдайдың құлына деген махаббаттан пәранжамның ашық қалғанын байқамадым. Құдайдың өзіне ғашық сіз қайтіп оны байқадыңыз? - деп қарсы сұрақ қойды.
Бұдан түсінетініміз, Сіз кімнен нені үйренсеңіз демек, сол Сіздің ұстазыңыз!

 

Ассаляму'алейкум уа рахматуллах дарет алынганннан кейiн кыз бала крем жакса дарет бузыла ма?жане жаман тус корсе немесе маркум болган адам туске кирсе 7 шелпек писирген дурыс па?жауап бергендеринизге рахмет ассаляму'алейкум уа рахматуллах 

 

Уа ғалейкумуссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Айнұр, сіздің сұрауыңызға орай, дәретті бұзатын жағдайларды жолдаймыз: • Несеп жолынан, тік ішектен зәр, қан, үлкен дәрет сықылды органикалық қалдықтардың бөлінуі; • Жел шығару; • Ауыздан немесе мұрыннан қан кету, кез-келген дене мүшесінің қанауы; Ауыздан түкірік көлеміндей қан кетсе, дәрет бұзылады. Қанның азды-көптігін түкіріктің түсінен білуге болады. Ағзаның басқа жерінен шыққан қан жан-жағына жайылса дәрет бұзылады. Иненің жасуындай қан жайылмай қаз қалпында қалса, дәретке кедергі келтірмейді. • Құсу; • Естен тану, мас болу; • Намазға жығылған адамның абайсызда немесе әдейі жанындағыларға естірте күлуі намазын да, дәретін де бұзады. • Босану; • Жантайып немесе әлденеге сүйеніп ұйықтау; • Үзірлі адамның үзір себебінің бітуі. Үзірлі адамның дәреті намаздың уақыты шыққанда бұзылады. Су таба алмай тәйәммүм жасаған адамның дәреті су табылғанда, мәсіге мәсіх тартқанның мәсіх уақыты біткенде дәреті бұзылады.
Егер Сіздің шелпек пісірудегі ниетіңіз оны Алла разылыгы үшін аш, жағдайы нашар адамдарға тарату болса, онда бұлай шелпек пісіруіңіз өте дұрыс. Мухаммад (с.ғ.с.) пайгамбарымыз бір хадис шәріпінде: "Тіпті құрманың жартысын садақа етумен болсада, тозақтың отынан қорғаныңдар" деп ескерткен.

Ассаламу ғалейкум ағалар! Сіздерге қояр сұрағым, аяқ киіммен намаз оқуға бола ма, үйден тыс жерлерде?

Нұрлан

Уа ғалейкумуссалам! Нұрлан, сұрауыңызға орай, Намаздың сыртқы мына екі шарттарын жолдаймыз:

Хадастан тазалық. (рухани тазалық)

Хадас халы дегеніміз – ғұсылсыз болу, дәретсіз болу, әйелдердің хайыз, нифас жағдайында болуы. Бұл хадастан тазару – ғұсыл алу, дәрет алу немесе тәяәммум соғу арқылы жүзеге асырылады.

Құранда Аллаһ тағала былай дейді:

«Ей, иман еткендер! Намазға тұрарда жүздеріңді, қолдарыңды шынтаққа дейін жуыңдар. Бастарыңа мәсих тартыңдар, және екі тобыққа дейін аяқтарыңды жуыңдар. Егер жүніп болсаңдар, яғни сапарда болсаңдар, не болмаса біреу түзге отырып келсе, яки әйелге жақындассаңдар, сонда су таба алмасаңдар, таза жерге тәйәммум соғыңдар, онымен беті-қолдарыңды сипаңдар. Алла сендерге салмақ түсіруді қаламайды. Бірақ сендерді тазартуды сондай-ақ шүкіршілі етулерің үшін сендерге ниғмет, ырыс-берекесін толықтыруды қалайды» (Маида сүресі, 5-6 аяттар).

Әбу-Хуруайра (р.а.)дан жеткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.):«Дәреттерің бұзылған кезде қайта дәрет алмайынша, Алла намаздарыңды қабыл етпейді»- деді.

Ибн Омардан (р.а.) жеткен тағы бір хадисте Пайғамбардың (с.а.с.):«Алла тағала дәретсіз оқылған намазды және соғыстан түскен олжадан, ұрланған нәрседен берілген садақаны қабыл етпейді»- дегені айтылады.

1.Нәжесаттан тазалану (заттық тазалану)

Намаз оқымастан бұрын денеде, киімде немесе намаз оқитын жердегі ластықтарды тазалау қажет. Денені тазалаудың қажеттігіне Анас (р.а.)дан жеткен хадис дәлел болады, Пайғамбар (с.а.с.):«Кіші дәреттен тазаланыңдар, расында қабір азабының көбі содан болады».

Алла тағала Құран Кәрімде:«Киіміңді тазала»-деп бұйырады (Мүддәсир сүресі 4-аят). Бұл аят киімді тазалаудың қажеттігін білдіреді. Бұған дәлел болатын тағы бір хадис Әбу Сағидтен жеткен:«Пайғамбар (с.а.с.) намазда аяқ киімін шешті, артындағы адамдар да аяқ киімдерін шешті. Намаз аяқталғаннан кейін Пайғамбар (с.а.с.) олардан: «неге олай істедіңдер?»-деп сұрады. Олар: «Сенің шешкеніңді көрдік, сосын солай істедік»- деді. Пайғамбар (с.а.с.): «расында Жабраил маған келіп, аяқ киімімде ластықтың бар екендігін хабарлады.Сендерден біреу мешітке келсе аяқ киімдерін аударып қарасын. Егербір ластық көрсе, топыраққа сүртіп, тазаласын да сонан соң онымен намаз оқи берсін»- деді»

Ал Әбу Хурайрадан (р.а.) ластықтан тазалаудың қажеттілігіне дәлел бола алады.«Бір бәдәуи мешіттің ішінде тұрып дәрет сындырады. Адамдар оны жазаламақ болып тұра ұмтылады. Пайғамбар (с.а.с.): «Оған тимеңдер, оның дәретінің үстіне бір шелек су құйыңдар. Шынында сендер жеңілдетуші ретінде жіберілдіңдер, ауырлатушы ретінде жіберілмедіңдер»- деді»

«Намазға кедергі жасайтын нәжісаттар: ауыр нәжіс және жеңіл нәжіс болып екіге бөлінеді. Ауыр нәжіске саналатындар: егер қатты болса, төрт грамм салмағында, сұйық болса, алақан аясынан астам жерді қамтыған мөлшер киімде, денеде немесе намаз оқитын жерде болса, намазға кедергі жасайды. Жеңілге келсек, бұл дененің яки киімнің төрттен бірінен аз мөлшері намазға кедергі жасамайды».

Барлық мазһабтарда киімнің, дененің, намаз оқитын жердің таза болуы намаздың шарты екендігіне келісілген. Демек, егер аяқ киіміңіз нәжістен таза болса намазға зияндығы жоқ.

 

Ассалаумағалейкум! Мені мазалап жүрген бір сұрақ бар еді... Оны былайғы жұртқа айта алмаймын. Қысқаша былай, менің еркімнен тыс ойыма Аллаһ Тағала жайлы неше түрлі сұмдық ойлар келеді. Қанша елемеуге тырыссам да, қайталанып ойыма оралады да тұрады. Және бұның басталғаны кеше-бүгіндері емес. Кішкентай күнімнен бері десем де болады. Кейде қатты қорқамын, ойыма осындай ойлар келгені үшін Аллаһтың азабы келіп жете ма деп. Ең қиыны намазда тұрғанда осындай сұмдық ойдың бірден сап ете қал�! �ы. Ол кезде тіпті аласапыран болып кетемін, қорыққанымнан денем ысып жанып терлеп кетемін. Бұның барлығы шайтанның уәсуасасы екенін де білемін. Лағнеті шайтанның азғыруынан Аллаһ Тағалаға үнемі сиынып жүремін. Осы үшін ауыл молдасына барып оқытылып та көрдім. Бірақ бұл ойлар тоқтаған емес. Түнде жатар кезде де қорқып жатамын, түсіме немесе ойыма бұл сұмдық ойлар келіп қала ма деп. Көп жағдайда бұл оңаша кезде болады. Кітап оқысам да, жағаласып келіп тұрады, тамақ ішіп отсам да жағаласады. Қысқасы барлық кезде бұл ойлар еріксіз келіп т�! �рады. Кейде ойлаймын, бұл сұмдық �! �йлар миыма жатталып қалмаған ба деп. Аллаһ Тағала барлы кемшілік атаулыдан пәк. Осы ойлар иманымды әлсірете ма деп және жүйкеге кері әсерін тигізбес па екен деп қорқамын. Тоқетері, шайтанның уәсуасасынан құтылуға қалай кеңес бересіз, және үнемі айтып жүретін дұға бар ма?

Уа ғалейкумуссалам! Жомарт, бірде Әбу Һурайра (р.а.) жиылған зекетті қарауылдап тұрғанда, ол бір ұрыны ұстап алады, ал оған былай айтады: “Мені жіберші, сонда мен саған сондай сөздер үйретем, оны саған Алла өз пайдаңа айналдырады!”. Әбу Һурайра (р.а.): “Ол қандай сөздер?”, - деп сұрады. Ол: “Ұйықтар алдын басынан соңына дейін «аят әл-Курсийді» оқы. Сонда жаныңда әрқашан Алланың тарапынан бір қорғаушы болады, ал шайтан сенің қасыңа таңға дейін жақындай алмайды!”. Бұдан кейін Әбу Һурайра (р.а.) осы оқиғаныПайғамбарға (с.ғ.с.) айтып береді. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Ол саған шынымен де ақиқат айтты, бірақ ол – барып тұрған суайт!». Сосын Аллаһ елшісі (с.ғ.с.) Әбу Һурайраға (р.а.) әлгі кісінің адам кейіпінде келген шайтан лағнет екенін баяндайды (Бухари 2311). 
Тағы да Убәй ибн Кә`бтың (р.а.) хадисінде, бірде оның құрма қорларының азайып жатқанын байқап, сол үшін түндердің бірінде оларды қарауылдауға тұрғаны хабарланады. Сол кезде ол бойжеткен жігітке ұқсайтын біреуді байқайды. Ол амандасып, былай сұрайды: “Сен адамсың ба, жынсың ба?!”. Анау: “Жын”, - деп жауап береді. `Убәй (р.а.): “Сен не үшін келдің?”, - дейді. Ол былай жауап береді: ”Бізге сенің садақа беруді жақсы көретінің туралы хабар жетті. Сондықтан, біз сенен тамақ алу үшін келдік”. `Убәй (р.а.): “Біздерді сендерден не сақтайды?”, - деп сұрайды. Жын: “«Бақара» сүресіндегі Курси аяты. Кім осы аятты таң ертен оқыса, сол бізден кешке дейін сақталады. Ал кім оны кешке оқыса, сол бізден таңға дейін сақталады”, - деп жауап қатады. Ертесіне таң ертен `Убәй (р.а.) Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келіп бәрін айтып береді. Бұған Аллаһтың елшісі (с.ғ.с.): «Ол сұм (хабис) болса да, рас айтты!», - деді (ән-Нәсәи “әс-Сунән әл-кубра” 6/239, әт-Табарани “әл-Кәбир” 541, Ибн Хиббән 784. Хафиз әл-Хайсәми жеткізушілердің барлығын сенімді деп бағалаған. Хафиз әл-Мунзири хадистің иснадын жақсы деген, ал шейх әл-Әлбәни хадисті сенімді деп атаған. Қараңыз: “Мәжмә'у-ззәуәид” 17012, “Сахих әт-тәрғиб” 662).

Баяғыда арабтар бір мекенде тұрақтаса араларындағы біреуі: «Осы ойпаттың мырзасынан (яғни, үлкен бір жыннан) қорғаныш тілейміз» - деп, жындар қауымының ақымақтарынан пана тілейтін еді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл істі теріске шығарып, оны керемет дұғамен алмастырды: «Кім бір мекенде тұрақтайтын болса: “Аллаһтың жаратылыстарының жамандығынан, Оның кемел сөздеріне сиынамын”, - деп айтсын. Сол мекеннен аттанбайынша, оған ешнәрсе зиян тигізе алмайды» (Муслим 2708).
/Ә`узу би кәлимәти-Лләһит тәммәти мин шәрри ма холәқ/
Имам әл-Қуртуби (р.а.) былай деген: “Бұл сенімді хабар және шынайы сөз. Оның рас екенін біз дәлел мен тәжірибе арқылы білдік. Осы хабарды естігелі бері, мен оған амал етіп жүретінмін. Бірақ бір түні, Мәһдия қаласында мені шаян шағып алды. Ойланып көрсем, мен әлгі сөздер арқылы исти`азә жасауды (пана сұрауды) ұмытып кеткен екенмін” («Фәтхул-Мәжид» 190).
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Ибн `Аббасқа (р.а.): «Көмек сұрайтын болсаң, оны Аллаһтан сұра!» - деп бұйырды (Тирмизи, 2516-ші. Шейх әл-Әлбәни хадисті сахих деген).