Ислам асыл дініміз

Ассаламуалейкум уа рахматулахи уа баракатух, Имам сұрақ менде тан (фаджр) намазым қаза болды Бесін (Зухр) намазына дейін оқуға мүмкіншілік болмады, сұрақ таң ((Фаджр) намазының қазасын қалай отейді? және де аср намазының қай уақытында шамамен оқуға болмайды? Тағы бір сұрақ имам сәху сәждесі оқалай орындалады? мешітте (аттахияттан кейін оң жаққа сәлем беріп, тәкбір айтып қйта сәждеге барады) басқаша істелінеді жеке өзін оқысан (аттахияттан кеин Аллахумма сәли және Аллахума бәриді оқып екі жаққа сәлем беріп тәкбір айтып қайта сәждеге береды) басқаша істе деп айтады соны түсіндіріп бересіз бе қайсысы дұрыс әлде екеуінде істеуге болады ма? жауаптарыңызға рахмет! Баракаллаху фика братя

Уа ғалейкумуссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Таң намазы қаза болса, күн көтерілген соң қазасын өтеу ниетімен таң намаз сүннетімен қоса оқылады. Абзал уақыты осы. Бұл бесін намазына дейін оқылса. Ал, бесіннен кейін қазасы өтелсе, тек парызы ғана оқылады.
Бұған негіз, «Фиқһул ханафи уә әдиллатуһу» кітабының таң намазы қазасы қалай оқылады? деген тақырыбында: Алла елшісі (с.ғ.с.) азан айттырып, парыздан алдын екі ракағат оқып, сосын қамат айттырып адамдармен (парызын) оқып алды(Әл-Фиқһул ханафи уә әдиллатуһ, 1-том, Китаб солат, 145-бет),-деген риуаят келтірілген.
Сонымен бірге, пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Таң намазының алдындағы екі ракағат дүние мен ондағы жақсылықтан қайырлы(Муслим, Термизи)»,-деген сөзі негізінде таң сүннеті ең күшті сүннет, тіпті уәжіпке жақын деп айтылған(Әл-Лубәб шарх әдаб китаб, 100-бе

 

Аср уақыты – бесін уақытының шыққан сәтінен бастап, күннің батуына дейінгі мезгіл. Жоғарыда айтылған көзқарас бойынша, аср уақыты – мүштәһиттердің басым көпшілігі бойынша, барлық нәрсенің көлеңкесі бір есе, ал Әбу Ханифаның көзқарасы бойынша, екі есе болған сәттен басталып, күннің батқан уақытына дейін жалғасады. Бұған мына хадис дәлел: «Күн батпай тұрып, аср намазының бір рәкатына үлгерген адам, аср намазына үлгереді» (Малик, Муатта, Уқут, 5; Әбу Дәәуд, Салат, 5;). Мүштәһиттердің басым көпшілігі бойынша, аср намазын күннің сарғаю уақытына дейін кешіктіру – мәкрүһ. Өйткені, Аллаһ Елшісі (с.а.у.) былай дейді: «Бұл уақытта оқылатын намаз – мұнафықтардың (екі жүзді) намазы. Мұнафық отырып алып, күнді күтеді. Күн шайтанның екі мүйізінің арасына кірген (бата бастаған) кезде, апыл-ғұпыл аср намазын төрт бас оқып, Аллаһты өте аз еске алады» (Малик, Муатта, Қуран, 46).


Сәһу сәждесі (қателік сәждесі) намазда кеткен кейбір қателіктер мен кемшіліктерді түзету мақсатында намаз соңында орындалатын әрекет. Бұл – уәжіп(Сәмәрқанди, Тухфатуль Фуқаһа – 1/209 бет).  Өйткені, Пайғамбарымыз бір хадисінде: «Кім де кім намазда күмәнданса сәлем беріп, екі сәжде жасасын», - дейді. Тағы бір хадисінде:«Намаздағы қателіктерге, сәлемнен кейін екі сәжде бар»(Әбу Дауід - 1033. Сахих хадис), - деген.  

Бұл сәждені жасайтын адам соңғы отырыста « әттахиятты» оқығаннан кейін екі жаққа сәлем беріп, қайта «Аллаһу әкбәр» деп, екі рет сәждеге барып, қайта отырады. Одан кейін әрі қарай қайтадан «әттахият» оқып, артынан салауат және дұға оқып, сәлем беріп намазын бітіреді. Егер Имам қателессе, тек қана бір жағына сәлем беріп, екі сәжде жасайды(М.Исаұлы, Қ.Жолдыбайұлы, Ғылымхал, 264 бет. Алматы).  Имран бин Хусайнның риуаят етуі бойынша: «Пайғамбарымыз (с.а.у) имам боп тұрып қателсекен еді, (намаз соңында) екі сәжде жасап артынан тәшәһһуд оқып, сәлем беріп намазын аяқтады»(Әбу Дәуід – 1039 хадис).
Сәһу сәждесі жасалатын қателіктер төмендегідей: 1. Намаздың уәжіптерін ұмытып орындамаса (парыздарын ұмытса намаз бұзылады). Мысалы, фатиханы ұмытып оқымау, екінші отырысқа отырмау, тәшәһһуд дұғасын оқымау, құнут дұғасын оқымау т.б.; 2. Намаздың парыздарын артығымен істеп қойса. Мысалы, екі сәжденің орнына үш сәжде бір рукуғтың орнына екі рукуғ жасау сияқты; 3. Намаз ішінде дұға оқылатын жерлерде, құран оқыса. Мысалы, рукуғда, қағдада (тәшәһһуд отырысы) оқылатын дұғаның орнына құран оқып қою осыған жатады;(Маусули, Ихтияр – 1/247 бет). 4. Намаздың парызын кешіктірсе. Мысалы, төрт не үш рәкәғатты намаздардың бірінші отырысында тәшәхуттан кейін салауат, дуға оқып қойса сәһу сәжде жасау міндет.

Ассслаумағалейкум,имам ағалар! Сіздерге Алла Тағала разы болсын! Сіздерге қояр сұрағым мынадай:Қажет намазының қасиеттері туралы көбірек мәлімет берсеңіздер.Және Адамдардың ардақтысы Алла елшісінің (с.ғ.с) келтірген қажет намазы туралы хадистерінен жазып жіберсеңіздер! Рахмет! Алла раз ы болсын сіздерге!!!

Уа ғалейкумуссалам! Дүниелік немесе ақыреттік қалауы бар адам дәрет алып, құптан намазынан кейін екі немесе төрт рәкат, басқа бір көзқарас бойынша, он екі рәкат намаз оқиды. Одан кейін Аллаһқа хамд, мадақ және Оның Елшісіне салауат айтып, артынан өзіне қажет дұғасын айтып, Аллаһтан сұрайды. Мәрфу' бір хадисте намаздың бірінші рәкатында бір рет «Фатиха», үш рет «Аятул-күрсі» оқиды. Қалған үш рәкатының әр бірінде «Фатиха» мен «Ықылас», «Фәлақ», «Нас» сүрелін оқиды. Тирмизидің бір хадисінде Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Әркімнің Аллаһтан қалаған бір тілегі немесе адамдардан кімде-кімнің қандай бір тілегі болса, алдымен жақсылап дәрет алсын. Содан кейін екі рәкат намаз оқысын. Одан кейін Аллаһқа хамд, мадақ, Аллаһ Елшісіне салауат айтсын. Артынан мына дұғаны оқысын:

}لاَ اِلَهَ الاَّ اللهُ الْحَلِيمُ الْكَريمُ سُبْحَانَ اللهِ رَبِّ الْعَرْشِ الْعَظيمِ الْحَمْدُ لِلهِ رَبِّ الْعالَمِين اَسْئَلُكَ مُوجِباتِ رَحْمَتِكَ وَ عَزَآئِمَ مَغْفِرَتِكَ وَ الْغَنيمَةَ مِنْ كُلِّ بِرٍّ وَ السَّلامَةَ مِنْ كُلِّ اِثْمٍ لاَ تَدَعْ لي ذَنْباً الاَّ غَفَرْتَهُ وَ لا هَمّاً إلاَّ فَرَّجْتَهُ وَ لاَ حاجَةًَ هِىَ لَكَ رِضاً قَضَيْتَها يآ اَرْحَمَ الرَّاحِمينَ{

Оқылуы: «Ләә иләһә иллал-лоһул-халимул-кәрим. Субхан-Аллаһи Раббил-а’ршил-а’зим. Әл-хәмду лилләһи раббил-а’ламин. Әсәлукә мужибаати рахматика уә азаимә мағфиратикә уәл-ғанимәтә мин кули биррин уәс-сәләәматә мин кулли исмин ләә тәда’ ли зәнбән иллә ғафәртәһ уә ләә һәммән иллә фәррәжтәһ, уә ләә хәәжәтән һиә ләкә ридан иллә қадайтәһә иәә әр-рахамәр-рәхимиин». Мағынасы: «Халим (биязы) әрі Жомарт Аллаһтан басқа құдай жоқ. Ұлы арштың Раббы Аллаһты тәсбих етемін. Хамд пен мадақ әлемдердің Раббы Аллаһқа тән. Аллаһым! Рақымдылығың қажет еттірген нәрселеріңді, ап-анық кешіріміңді, әрбір жақсылыққа жеткізуіңді, әрбір күнәдан алыстатуыңды сенен тілеймін. Күнәларымды кешір! Қайғы-мұңымнан арылт! Ризалығыңа лайық қажеттілігімді бер. Ей, рақымдылардың Рақымдысы, Аллаһым!».

 Бисмилла-хиррахманир-рахим айт намазын оқу уәжіп па

Әбу Ханифа мәзһабында ораза айт намазы әрбір мұсылманға – уәжіп. Уәжіп болуының басты себебі – дүниеден өткенше Мұхаммед пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ешқашан айт намаздарын тастамаған әрі жұртқа бұл күні намазға шығуларын бұйырған.

Үммү Атия былай дейді:

«Ораза айт күні біз намазға шығуға бұйырылатынбыз. Тіпті үйінде отырған қыз бала да үйінен шығып келетін. Тіпті етеккірі келген әйелдер де келіп, жамағаттың ең артында тұрып, тәкпір айтып, дұға етіп, бұл күннің берекелі әрі (күнәдан) тазару болатынына үміттенетін» (Сахих Бұхари, 956).

Ибн Аббас: «Ораза айт намазында Аллаһ елшісімен (с.ғ.с.), Әбу Бәкір және Омарлармен (р.а.) бірге болдым. Барлығы ораза айт намазын құтбадан бұрын оқыды», – деген (Бәйһақи, Сүнәну-кубра, 3/297; Мүслим, 3/18).

Айт намаздарының дұрыс орындалу шарттары жұма намазының шарттарымен бірдей. Мысалы: уақыттың кіруі, жамағатпен оқылуы (айт пен жұма намазы жеке оқылмайды) секілді шарттар. Тек құтбаның үкімі бұдан тыс. Яғни құтба жұма намазы үшін шарт болса, айт намазы үшін сүннет қана және құтпа айт намазынан кейін оқылады.

Айт намазының уақыты күн найза бойы көтерілгеннен бастап, күн тас төбеге көтерілгенге дейін оқылады. Яғни күн шыққаннан кейін жобамен жарты сағат өткеннен бастап, бесін намазы уақытының кіруіне аз қалғанға дейін. Айт намазын оқып жатқанда күн тас төбеге көтерілген болса, намаз бұзылады[1]. Айт намазын күн шығып жатқан уақытта оқыса, намаз жарамсыз. Егер ораза айт намазы, жұма күнге сай келсе, ораза айт намазын өз уақытында, жұма намазын өз уақытында оқиды. Ораза айт намазы, жұма намазының орнына жүрмейді. Ораза айт намазын алғашқы уақыты кіре салысымен емес, біраз уақыт өткізіп оқу – мұстахап. Көпшілік пітір садақасын беріп үлгерулері үшін бұл тиімді.

Ал енді оқылуына келсек, Айт намазы екі рәкаттан тұрады. Азан мен қамат айтылмайды. Айт намазының өзге намаздан ерекшелігі, айт намазының әрбір рәкатында үш тәкбір айтылады. Бұл тәкбірлерді орындау – уәжіп. Бұл тәкбірлер бірінші рәкатта қырағаттан бұрын, ал екінші рәкатта қырағаттан кейін айтылады.

 

Ассаламалейкум Рахматулаһи уә бәрәкатух!Сіздерден бір нәрсе сұрағым келіп тұр.Намазхан адам өзі біліп тұрып күнә жасап сосын дереу өкініп Алладан кешірімін сұраса ол адамға күнә жазыла ма?Және де жүректегі иманды қалай көбейтуге болады?Мен мысалға:өз басым Құранға әлі көшкен жоқпын яғни оқиалмайм Мен естігенмін Құран оқысаң жүрегіңдегі иманың күшей еді деп Иманды күшейтудін басқаша жолдары бар ма? Және де бұр сұрағым бар ағылшын музыкаларын тыңдау харам ба?

Уа ғалейкумуссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ, Жандос мырза! Шариғат үкімі бойынша фасық әрекеттің үш дәрежесі бар:
1. Күнәнің жаман екендігін біле тұра, кейде күнә істеу;
2. Бір күнәні әдейілеп істеу;
3. Бір амалдың харам әрі күнә екендігін біле тұра күнә істеу.
Үшінші дәрежесі жасалған кезде адам кәпір болады. Фасық кісі мұндай дәрежеге келмейінше, әһли сүннет сенімі бойынша мұсылман деп аталады(Елмалы Хамди Иазыр, Хақ дини Куран дили, Истанбул, 1993, 1-том, 282-бет. Иман негіздері - Алматы; Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры, 2011,  - 113 бет).
Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Барлық адам қателеседі, бірақ қателесушілердің арасындағы ең жақсысы өз қателігін мойындап тәубеге келгені» деп осы ақиқатты білдірген. Өзіне қанша мұқият қарағанымен, пайғамбарлардан өзге барлық адам қателеседі, күнә жасайды. Аяғын шалыс баспайтын адам болмайды. Біреу сөзінен, біреу ісінен, біреу қылық-әрекеттерінен, енді біреу сенімінен қателеседі. Кейде біліп тұрып, кейде білмей қалып қате жасаймыз. Өйткені адам бойында қателікке қарай тартып әкететін кейбір сезімдер бар. Негізінде, ол сезімдер жақсылыққа бастасын деп берілген. 
Ал, енді мұсылман адамның міндеті сол – күнә мен қателі істерге аяқ баспау. Себебі, күнәлар адам табиғатын өзгертіп жібереді. Алланың тап-таза парақтай пәк етіп жаратқан рухы мен жүрегі күнәлар арқылы бұзылады, бүлінеді. Күнәны көп жасау арқылы адам өзінің таза, пәк табиғатын сақтай алмай қалады. Байқап қарасақ, шариғатымыздағы бүкіл әмір-бұйрықтар адамның осы пәк табиғатын сақтауға, ал бүкіл тыйылған күнәлі істер оны бұзуға септігін тигізеді. Сондықтан адамдар үнемі «қайтсем осы таза жаратылысымды бұзып алмаймын» деген ойдың жетегінде болғаны дұрыс. Себебі күнәлі істер адамды Алла Тағаладан алыстатады. Алладан алыстаған адамның бұл дүниесі де арғы өмірі де оңбайды. 
Айша анамыздан жеткен бір хадисте Алла елшісі былай дейді: «Амал дәптерінде Алладан кешірім тілегені жазылған құлдар қандай бақытты» делінген. Ендеше, бүгінгідей күнәсі көп, тәубесі аза уақытта баршамыз Алладан бір емес мың рет кешірім тілеуге мәжбүрміз.
Алайда кешірімнің қабыл болуы бір қатар себептере байланысты екендігін естен шығармауымыз керек. Біріншіден, күнәлар адамдардың емес, Алланың назарында жасалғанын сезіне отырып жүрегіміздің түпкі жағынан «Астағфирулла» деген сөзді шығара алуымыз керек. «Я, Алла кешіре гөр!» деген сөзімізді денеміздің бүкіл клеткасы сезінетіндей деңгейде айтуға тырысқан жөн. Екіншіден, бұл тілегіміздің қабыл болуына үміт етуіміз керек. Үшіншіден, Алла Тағаламен оңаша қалған кездерде бар жүрегімізді салып отырып, кешірім тілеуіміз керек. Сөз соңында, күн сайын тілімізден тастамай жүруге арналған бір дұғаны айта кетейік: «Астағфируллаһи алиуль азиим, уә әтубу иләйк» - Ұлы Алла Тағаламнан кешірім тілеп, тәубе етем!
Иманымды қалай күшейтсем болады деген сұрауыңызға келсек, Имам Әбу Жағфар әт-Тахауи (р.а.) ақида еңбегінде: «Иман біреу. Сенім негізінде иман етушілер тең. Олардың арасындағы айырмашылық Алла тағаладан қорқуда, тақуалықта, нәпсіге бойұсынбауда және бірінші кезектегі амалдарда берік тұруда(Шарх ақида әт-Тахауиа, 101-бет)»,-деп айтқан.
Демек, иманшарт тұрғысында пайғамбарлар мен жай пенделер, иман еткен адам баласы мен періштелер бір дәрежеде. Яғни, Алла тағалаға және көркем сипаттарына сенуде олардың арасында біреу тұтастай, ал екіншісі жартылай сенеді деген түсінік жоқ.
Алайда, хадистерде: «Иман жетпіс бірнеше тармақ, оның ең биігі лә иләһа илла Аллаһ, ал төмені жолдағы кедергіні алып тастау(Әт-Таж әл-Жамиъ лил усул ли ахадис расул, 1-томы, 27-бет)» және «Күшті мұсылман Алла тағала құзырында әлсіз мұсылманнан жақсырақ(Муслим, 2664, Ибн Мажаһ 79/4168, Ахмад 2/366)»,-деп айтылғандай мұсылман иманы күшті немесе әлсіз болуы ықтимал.
Бұл мұсылманның амалына байланысты. Ал, амал жағынан адам намаз оқу, ораза тұту сияқты бірінші кезектегі парызына берік болуы, сонымен қатар әрбір іс-әрекеті Құран мен сүннетке сай келуі керек. Ал, амалын шынайы ықыласпен орындауы жүрегіндегі иманды кемелдендіре түседі. Яғни, амалына тақуалығы жолдас болса иманы күшейе бермек. Өйткені, пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Арабтың араб еместен, ал ақ тәндінің қара тәндіден тақуалықтан басқа айырмашылығы жоқ(Ахмед, 5/411)»,-деген.
Ал, тақуалық парыз амалдарға ерекше мұқияттылықты және күнә амалдардан аса сақ болуды білдіреді.
Сонымен қатар, Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен: «Мұсылмандардың кәміл имандысы ең көркем мінездісі...»,-хадисінде айтылғандай мұсылманның иманын күшейтіп, оны кемелдендіретін амалдың бірегейі мінез-құлықты түзету

Ассаламуалейкум!!! Сіздің Маһди туралы айтқан түсініктемеңізге түсінбедім. Мәһди, Мәди, Мәді (араб.: المهدي‎ — дұрыс жолға бастаушы, Алланың жолымен алып жүруші). Мәһди жайлы Құрандааят кездеспейді,Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) оның Хорасанда туылатынын болжап, хадисінде “Хорасаннан қара белгі көрсеңдер асығыңдар, онда Алланың орынбасары — Мәһди болады” дейді (Ал-Хаким, 8572). Мәһди адам баласының бойындағы адамгершілік қасиетті қайта тірілтіп, Құран Кәрімнің құпиясын жариялайды деген түсінік қалыптасқан. Мәһдидің қайраткерлігін пайғамбар(с.ғ.с.): “әділетсіздік пен жемқорлық толы әлемге әділдік орнатушы” деп �! �ағалайды (Мишкат/Сунан Абу Дауд, 4285). Мәһди дүниеге келерде түрлі оқиғалар (дүниежүзілік соғыс, лаңкестік, тағыда басқа) және ай мен күннің тұтылуы, өзен-көлдердің тартылуы, климаттың ауысуы секілді табиғи ауытқулар болады деген болжам айтылады. Ибн Кәсир, Ас-Суйути, Ас-Сахауи, Ас-Санғани, Аш-Шауқани, Абу Нуғайма әл-Исфахани, ибн Халдун, т.б. ислам ғұламалары еңбектерінде Мәһдидің өмірге келуі туралы болжамды шындыққа балайды. Ал Шейх Рафийуддин Мухаддис Дехлеуи “Қиямет белгілері” атты кітабында “Пайғамбардың (с.ғ.с.) қызы Фатима әз-Зух! радан (р.анһә) өрбіген Мәһди 40 жасы! нда Меккеде қажылықта жүрген кезінде танылады” дейді. Жалпы мұсылман қауымы Мәһдидің келетініне сенуді иманның негізі деп есептемесе де, оны шындық деп біледі. Бұл жерде Аллахтың орынбасары- Махди болады дегенді түсіндіріп беріңізші

Алла Тағала ақыл-сана беру арқылы адам дәрежесін жаратылыстың бәрінен биік қойды, дене құрлысын ең жақсы, көркем бейнеде жаратып, адамдарды жердің қожасы, Өзінің орынбасары етті. Ол туралы Құранда былай дейді; «Ол сендерді жер бетінде орынбасар қылды» (Фатыр сүресі, 39 аят). 

Ассалямуалейкум! Сурайын дегеним мен бала котере алмай журмин, даригер берген емнен тук пайда жок, емшиге каралсам болама, iш сипатып дегендей?

ЕМШІГЕ БАРУ, БАЛ АШТЫРУ – АЙ ЖАРЫҚТА АДАСУ

«Әй мүміндер! Арақ, құмар, тігілген тастар (пұттар)
және бал ашатын оқтар лас, шайтанның істерінен.
Одан сақтаныңдар, құтыларсыңдар»[1]

Адам баласы жан мен тәннен жаратылған. Тән қалауын күнделікті өтеп жатырмыз. Шаршасақ – ұйықтаймыз, шөлдесек – су ішеміз, қарнымыз ашса - тамақ жейміз. Бір сөзбен айтқанда, тән қалауларын өтеуде ешқашан шаршамаймыз. Ал, жанымыздың яғни, рухымыздың қалауын қалай өтеп жатырмыз? Жанға да азық керек емес пе? Алла Тағала:

﴿أَلَا بِذِكْرِ اللَّهِ تَطْمَئِنُّ الْقُلُوبُ﴾

«Біліп қойыңдар! Жүректер тек Алланы еске алумен ғана тыныштық табады»,[2] –деп, тыныштық іздеген рухымыздың тек Алланы зікір қылумен, құлшылық, ғибадат жасаумен тынышталатындығын білдірген. Соны дұрыс түсінбеген адам жүрегі не нәрседен тыныштық тауып, қанағаттанарын білмей шарқ ұрады. Тынымсыз жанына тыныштық іздеп, әр нәрсеге бір ұмтылып, шарасыздықтан басын кейде тасқа, кейде ағашқа соғып жатады. Бұл адам баласының әлсіз болып жаратылғанының белгісі. Бұл туралы Алла Тағала Ниса сүресінде былай айтқан:

﴿وَخُلِقَ الْإِنْسَانُ ضَعِيفًا﴾

«Өйткені адам баласы әлсіз жаратылған».[3]
Өмірдің қиыншылықтарына тап болған адам үшін уақытша тыныштандыратын, жанға жайлы, құлаққа жағымды сөздер айтатын бақсы-балгерлер ең жақын адамындай көрінері де рас. Еңсесi түсіп езiлген пенде әрқашан жылы сөздерден жанына демесiн, сүйеу тапқысы келерi ақиқат. Осылайша, көңілі жүдеу жандар жарнамасы құлақ жарар емші, балгерлерге барып, алдағы өмірінде не күтіп тұрғанын болжатып, соған қарай әрекет еткісі келеді. Бағын аштырамын деп барып, бағын қаштырып жатыр, жолымды аштырамын деп, жаптырып жатыр.

Қазіргі кездегі халық арасында балшы, емшілерге барып, соларды жағалап кеткендердің саны көбеюде. Алла Тағала:

﴿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِنَّمَا الْخَمْرُ وَالْمَيْسِرُ وَالْأَنصَابُ وَالْأَزْلَامُ رِجْسٌ مِّنْ عَمَلِ الشَّيْطَانِ فَاجْتَنِبُوهُ لَعَلَّكُمْ تُفْلِحُونَ﴾

«Әй мүміндер! Арақ, құмар, тігілген тастар (пұттар) және бал ашатын оқтар лас, шайтанның істерінен. Одан сақтаныңдар, құтыларсыңдар»,[4]– деп, оларға барып, бал аштыру былай тұрсын, сақтаныңдар яғни, жоламаңдар деп ескертеді.

Әрине барлық емші, сынықшыларды даттауға болмайды, олардың да арасында ауруды, емшілікті терең зерттеп, неше алуан шөптердің тамырлары мен жапырақтарынан тұнбалар жасап, Алланың қалауымен берілген бұл міндетті аманат санап емдейтіндер бар. Құран аяттарының сырларын түсініп, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) үйретіп кеткендей, дем салып емдейді.

Алайда, адамдарды алдап, көзбояушылықпен емдейтіндер де аз емес. Ондай адамдардың көп жағдайда жындармен байланысы бар. Оны олар білмеуі немесе біліп, жасыруы мүмкін. Cүлеймен пайғамбардың қиссасында келгендей, өзінің Алладан жіберілген пайғамбар екенін мойындату үшін Балқис патшайымның тағын кім бірінші әкеледі дегенде бір жын: «Мен сіз орныңыздан тұрғаныңызша алып келемін», - деді. Енді бірі: «Сіз көзіңізді ашып-жұмғанша алып келемін», - деп айтуы –жындардың Алланың қалауымен берілген аса зор жылдамдық, әрі құдірет иесі екенінің дәлелі.

Ол жайында Құранда:

﴿قَالَ يَـٰأَيُّهَا ٱلْمَلَؤُا أَيُّكُمْ يَأْتِينِى بِعَرْشِهَا قَبْلَ أَن يَأْتُونِى مُسْلِمِينَ ﴿ ٣٨ ﴾ قَالَ عِفْرِيتٌ مِّنَ ٱلْجِنِّ أَنَا ءَاتِيكَ بِهِۦ قَبْلَ أَن تَقُومَ مِن مَّقَامِكَ ۖ وَإِنِّى عَلَيْهِ لَقَوِىٌّ أَمِينٌ ﴿٣٩﴾ قَالَ ٱلَّذِى عِندَهُۥ عِلْمٌ مِّنَ ٱلْكِتَـٰبِ أَنَا ءَاتِيكَ بِهِۦ قَبْلَ أَن يَرْتَدَّ إِلَيْكَ طَرْفُكَ ۚ فَلَمَّا رَءَاهُ مُسْتَقِرًّا عِندَهُۥ قَالَ هَـٰذَا مِن فَضْلِ رَبِّى لِيَبْلُوَنِى ءَأَشْكُرُ أَمْ أَكْفُرُ ۖ وَمَن شَكَرَ فَإِنَّمَا يَشْكُرُ لِنَفْسِهِۦ ۖ وَمَن كَفَرَ فَإِنَّ رَبِّى غَنِىٌّ كَرِيمٌ ٤٠﴾

«Әй қауым! Олар маған бой ұсынып, келуден бұрын, оның тағын маған қайсың әкелесіңдер?",- деді.(39) Жындардан бір ғыприт: "Оны орныңнан тұруыңнан бұрын келтіремін. Шын оған күшім жетеді де сенімдімін" деді.(40) Сондай өзі кітап ғылымына ие біреу де: "Оны кірпік қағуыңнан бұрын келтіремін" деді. (Сүлеймен Ғ.С.) оның, жанына келтіріліп, қойылғанын көрген сәтте: "Бұл Раббымның кеңшілігі. Шүкірлік қылам ба, нәсүкірлік қылам ба, мені сынау үшін. Кім шүкірлік қылса, әрине өзі үшін қылады. Ал кім нәсүкірлік етсе, Раббым бай да (оның шүкірлігіне мұқтаж емес), өте жомарт».[5]

Яғни, жындар үшін мыңдаған шақырым жерге барып қайту бір мезеттің ісі. Қазіргі кездегі кейбір көріпкелдердің өзіне келген адамдар жайында толық мәлімет білуі - осы жындардың көмегі арқылы жүзеге асады. Көріпкел өзінің бойында керемет қасиет пайда болғандай сезініп, бұл сыбырлаушы екінші жақты оның аталары деп пайымдайды... Сөйтіп, ол өзін көріпкел, балшымын деп жариялайды. Құран Кәрімде «Нәс» сүресінде жындардың адамға әсері жайында:

﴿مِن شَرِّ ٱلْوَسْوَاسِ ٱلْخَنَّاسِ﴿٤﴾ ٱلَّذِى يُوَسْوِسُ فِى صُدُورِ ٱلنَّاسِ﴿٥﴾ مِنَ ٱلْجِنَّةِ وَٱلنَّاسِ ٦﴾

(4) «Сыбырлап азғырушының кесірінен», (5) «Сондай адамдардың көкейлеріне салатын»; (6) «Мейлі жыннан, мейлі адамдардан болсын, (бүкіл азғырушылардың кесірінен Аллаға) сиынамын» де», [6] - делінген.

Бал ашу — болжам жасаудың ертеден келе жатқан түрі. Ежелден қалыптасқан бұл дәстүр Фирдоусидiң әйгiлi «Шахнама» дастанында:

«Отырып үкамалар құрға салды,
Құрғаның құралдарын қолға алды.
Қарасып, сiз баяндап берiңiз деп,
Кошауаттың үйдi алдына өңшең палды», –деп жырланған.

Енді бәз біреулер Құранды ашып қойып, кітаппен бал ашып жатырмыз деп жатады. Бәрібір мұның барлығы да «бал ашушылыққа» жатады. Яғни, ғайыпты біліп, айтқысы келушілік болып саналады. Ал оларға барып, болжауларына сеніп, олардың айтқандарын растайтын адамдар да кездеседі. Енді осы емшіге бару, бал аштыру шариғат тұрғысында дұрыс па, бұрыс па деген сұрақ туындайды. Бұл тұрғыда ескерілетін жалғыз нәрсе: ғайыпты білуші - бір Алла.
Құран Кәрімде:

﴿قُل لَّا يَعْلَمُ مَن فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ الْغَيْبَ إِلَّا اللَّهُۚ وَمَا يَشْعُرُونَ أَيَّانَ يُبْعَثُونَ﴾

«Көктер мен жердегi көместi Алладан басқа ешкiм бiлмейдi»[7], -делінген. Сондай-ақ Алла Тағала «Жын» сүресінде:

﴿عَالِمُ الْغَيْبِ فَلَا يُظْهِرُ عَلَىٰ غَيْبِهِ أَحَدًا ﴿٢٦﴾ إِلَّا مَنِ ارْتَضَىٰ مِن رَّسُولٍ فَإِنَّهُ يَسْلُكُ مِن بَيْنِ يَدَيْهِ وَمِنْ خَلْفِهِ رَصَدًا﴾

«Алла Тағала ғайыпты ешкімге білдірмейді, оның сырын ешкімге ашпайды, тек разы болған елшілеріне білдіреді. Өйткені Алла өзінің елшісінің алды-артына күзетші қояды»[8], - деген.

Ғайып ол келешекке тән нәрселер. Демек, алдымызда не күтіп тұрғанын болжап біле алмаймыз. Олай болса, бұл аяттан түсінетініміз: Алла Тағала ғайыпты қарапайым кез келген адамдарға айтпайды. Сондықтан «мен ғайыпты білемін» деген адам Құранға қарсы шыққан адам болып табылады. Себебі: Сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с):

عَنْ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ مَنْ أَتَى كَاهِنًا أَوْ عَرَّافًا فَصَدَّقَهُ بِمَا يَقُولُ فَقَدْ كَفَرَ بِمَا أُنْزِلَ عَلَى مُحَمَّدٍ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّم

«Кімде-кім көріпкелге баратын болса, айтқаны рас, дұрыс айтады дейтін болатын болса, онда ол адам Алланың пайғамбары Мұхаммед (с.ғ.с)келтірген дінге қарсы шыққанмен тең»[9], - дейді.

Бал ашқан адам ғайыпты айтамын деп Алланың әміріне қарсы шығады. Кейбіреулер емші, балгерлерді қасиетті адам деп әспеттейді. Жоғарыда айтқанымыздай, бал ашып, ғайыпты болжауға тырысып, өтірік әрекетімен Аллаға қарсы шығып отырған адам қалай қасиетті болмақ.

Айша анамыз (р.ғ.): «Бірде бір топ адам Алла Елшісінен (с.ғ.с) сәуегейлер жайлы сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Олардың айтатыны шындық емес»,-деді. Екі әлем Сардарына осы сауалды қойғандар: «Уа, Алланың Елшісі! (с.ғ.с) кейде олардың бізге айтқандары рас болып жатады»,-деді. Сонда Алла Елшісі (с.ғ.с) оларға: «Ондай ақиқат сөздерді жындардың бірі алдымен (періштелерден) ұрлап алып, кейін оны досының (яғни, балгердің) құлағына сыбырлайды. Ал, балгерлер сол сөзге өз ойынан жүз өтірік қосып (болашақты білетіндей бал ашады)»-деп айтты»[10],-деген.

Кей кезде балгерлердің айтқанының дәл келетіні рас. Бұны олардың жындармен байланыста болғанымен түсіндіруге болады. Жындар көбінесе рухани төмен, тәні лас адамдарға кіреді, сондаай-ақ кәпір жындар өздеріне дос ретінде кейбір адамдарды әдейілеп таңдап алады. Сөйтіп оларды алдапарбау арқылы, түрлі айлакерлік әдістермен өз ырқына көндіреді. Негізінен жындар ғайыппен байланысты мағлұматтардан бейхабар екені анық, олар тек адамдарға белгісіз кейбір мәліметтерді ғана жеткізе алады. Көбіне олар, көктегі періштелердің әңгімесіне тыңшылық жасайды. Осы тыңшылықтан алған мәліметтерін жердегі достарына өтірік қосып жеткізеді. Бұл жайында Құранда:

﴿وَأَنَّا لَمَسْنَا السَّمَاءَ فَوَجَدْنَاهَا مُلِئَتْ حَرَسًا شَدِيدًا وَشُهُبًا ﴿٨﴾ وَأَنَّا كُنَّا نَقْعُدُ مِنْهَا مَقَاعِدَ لِلسَّمْعِ ۖ فَمَن يَسْتَمِعِ الْآنَ يَجِدْ لَهُ شِهَابًا رَّصَدًا ﴿٩﴾ وَأَنَّا لَا نَدْرِي أَشَرٌّ أُرِيدَ بِمَن فِي الْأَرْضِ أَمْ أَرَادَ بِهِمْ رَبُّهُمْ رَشَدًا ١٠﴾

«Әрине көкке қарманғанымызда оны қатал күзетші және атылған жалындарға толтырылған түрде таптық, Әлбетте тыңдау үшін аспанның кей орындарында отыратын едік. Енді біреу тыңдамақшы болса, оны көздеген жұлдызды көреді. Әрине білмейміз; жер жүзіндегілерге жамандық ойланылуда ма? Немесе оларға, Раббылары жақсылық қалауда ма?».[11]

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) және бір хадисінде: «Кімде-кім балгерге барып, одан бірдеңе жайлы сұраса және сол естігеніне сенетін болса, оның дұғасы, қырық күн бойы намазы қабыл етілмейді»[12],-деген. Яғни, ол адамның намазы, құлшылығы, тілегі қабыл болмайды деген сөз. Ғибадаттың үлкені – намаз. Намаз қабыл болмағаннан кейін басқа ешбір амалдар да қабыл болмайды.

Демек, ол адамның Алла Тағалаға жақындайтын есіктердің бәрі жабылады деген сөз. Осылайша, көп адамдар емші-балгерлерге жолымды аштырамын деп барып, өз қолдарымен жолдарын жаптырып жатқандықтарын білмейді. Алла Тағала:

﴿وَيَقُولُونَ لَوْلَا أُنزِلَ عَلَيْهِ آيَةٌ مِّن رَّبِّهِ فَقُلْ إِنَّمَا الْغَيْبُ لِلَّهِ فَانتَظِرُوا إِنِّي مَعَكُم مِّنَ الْمُنتَظِرِينَ٣﴾

«Және олар: «Оған, Раббылары тарапынан бір мұғжиза неге түсірілмейді?» – дейді. Сонда сен оларға: «Негізінен көмес Аллаға тән. Сондықтан күтіңдер! Мен де сендермен бірге соны тосамын!» - де»[13],-дейді.

Иә, басқаны айтпағанда, Құранда қайта-қайта ескертіліп, болатыны анық қиямет күнінің де қашан боларын ешбір Пайғамбар білмеген. Осындай болатыны айқын, айтылған мәселелердің нақты шешімін білмейтін пенделер тағдыр сырларын, бір адамның жеке өміріне қатысты мәселелерді қайдан біле қойсын?! Жоғарыда айтылған аяттар мен хадистерден аңғарғанымыздай, балгерлерге бару, олардың айтқандарына сену өте ауыр күнә болып есептеледі. «Құдайдан қорықпаған ғана құмалақ тартады» - деп қазақ даналары бекер айтпаған. Ненің қашан, қайда болатынын, біреудің өмірі мен ажалының қашан және қай жерде келетінін де тек қана Алла біледі. Дәуіт пайғамбардың ұлы Сүлейменнің (ғ.с) өмірі ғана емес, өлімі де адамзат баласына үлгі боларлық. Бұл жайында Құранда:

﴿فَلَمَّا قَضَيْنَا عَلَيْهِ الْمَوْتَ مَا دَلَّهُمْ عَلَىٰ مَوْتِهِ إِلَّا دَابَّةُ الْأَرْضِ تَأْكُلُ مِنسَأَتَهُ ۖفَلَمَّا خَرَّ تَبَيَّنَتِ الْجِنُّ أَن لَّوْ كَانُوا يَعْلَمُونَ الْغَيْبَ مَا لَبِثُوا فِي الْعَذَابِ الْمُهِينِ ١٤﴾

«Біз Сүлейменге өлімді жібергенімізде мұны тек жердің құрты ғана аңдады, сөйтіп, оның аса таяғын кеміріп тауысты. Жындар оның өлгенін Сүлеймен (ғ.с) тақтан құлаған кезде ғана білді. Егер жындар ғайып ілімді білсе, мұндай масқара қорлықта жүрмеген болар еді»[14].

Алла Тағала игі істер атқару үшін Сүлеймен (ғ.с) пайғамбарға жындарды бағындырып беріп, оның қызметіне салған. Құранда:

﴿وَحُشِرَ لِسُلَيْمَانَ جُنُودُهُ مِنَ الْجِنِّ وَالْإِنسِ وَالطَّيْرِ فَهُمْ يُوزَعُونَ﴿١٧﴾ حَتَّىٰ إِذَا أَتَوْا عَلَىٰ وَادِ النَّمْلِ قَالَتْ نَمْلَةٌ يَا أَيُّهَا النَّمْلُ ادْخُلُوا مَسَاكِنَكُمْ لَا يَحْطِمَنَّكُمْ سُلَيْمَانُ وَجُنُودُهُ وَهُمْ لَا يَشْعُرُونَ﴾

«Сүлейменнің жыннан, адамдардан, құстардан әскерлері жиналды. Сонда олар толық басқарылуда еді»[15],-деген. Әйтсе де оған (ғ.с) жындардың барлығы емес, бір тобы ғана бағындырылды. Тағы бір аятта:

﴿يَعْمَلُونَ لَهُ مَا يَشَاءُ مِن مَّحَارِيبَ وَتَمَاثِيلَ وَجِفَانٍ كَالْجَوَابِ وَقُدُورٍ رَّاسِيَاتٍ ۚ اعْمَلُوا آلَ دَاوُودَ شُكْرًا ۚوَقَلِيلٌ مِّنْ عِبَادِيَ الشَّكُورُ ١٣﴾

«Олар Сүлейменнің қалауымен құрылыстар, көлдей ыдыстар және орнатылған қазандықтар жасайтын еді»[16].

Яғни, жындар оған сарайлар, мешіттер салып беретін болған. Міне, осылайша, Сүлеймен (ғ.с) пайғамбар жындарға үлкен мешіт салғызады. Сол уақытта өзіне ажал сәті жақындағанын сезген Сүлеймен (ғ.с) құрылыс жүріп жатқан жерге тағын қойып, сонда отырып аса таяғына сүйенген күйі жан тапсырады. Жындар оны тірі екен деп ойлап, бас алмастан жұмыстарын атқара береді. Алайда, біраз уақыт өтіп, Сүлеймен (ғ.с) сүйеніп отырған таяқты құрт кеміріп, таяқ сынғанда Сүлеймен пайғамбардың денесі жерге сылқ етіп құлайды. Сонда ғана оның өлгенін білген жындар жан-жаққа тарап кетеді. Егер жындар ғайыпты білер болса, қастарында отырған Сүлейменнің (ғ.с) өлгенін білер еді.

Хазретті Әлидің халифа болып тұрғанында мынандай бір оқиға болған еді.

Хазретті Әли (р.а) сарбаздарымен жорыққа шыққалы тұрғанда, Ибн Ауф атты көріпкел халифаға: «Тап қазір жолға шықпа, үш сағаттан соң шық. Сонда жеңіспен ораласың, ал қазір шықсаң жеңіліп қайтасың», - дейді. Сонда Хазіретті Әли (р.а): «Біз көріпкелдерге жүгінбейміз, біз Аллаға ғана тәуекел етеміз! Құранда кімде-кім көріпкелдің сөзіне сенсе, Алланың сөзіне сенбегені, кәпір болғаны делінген. Сондықтан біз тап қазір сәтсіздік жорылып тұрған кезде шығамыз», - дейді. Сосын адамдарға қарап: «Уа, мұсылмандар! Көріпкелдердің айтқандарына сенбеңдер! Себебі көріпкелдер – сиқыршылардың бір түрі. Ал сиқыршылар құдайсыздардың бір түрі. Құдайсыздардың барлығы да тозаққа тасталатынын сендер білесіздер!» - деп, сол сағатта жорыққа аттанады. Алланың қалауымен бұл сапардан жеңіспен сәтті оралады. Елге оралған соң ибн Ауфқа және адамдарға егер көріпкел айтқан сағатта сапарға шыққанымызда мына көріпкел «мен айтқан соң ғана жеңіске жеттіңдер» деп дандайситын еді. Бірақ біз көріпкелдің шықпа деген сағатында шығып, жеңіспен оралдық. Барлық нәрсе Алланың қолында. Сондықтан мұсылмандар, бір Аллаға ғана тәуекел етіңіздер, көріпкелдерге сенбеңіздер, себебі біздің сүйенеріміз құдыреті күшті Алла!» - деді.

Міне, жоғарыда келтірген аят, хадистерді ескерер болсақ, шығатын қорытынды бір – болашақты болжайтын бақсы, балгерлердің сөзі мен әрекеттері емес. Емшілердің шариғатымызға қайшы емдері асыл дінімізде рұқсат етілмеген істер. Шипа беруші, шипа алушы да – бір Алла. Қасиетті Құран Кәрімде:

﴿ وَنُنَزِّلُ مِنَ ٱلْقُرْءَانِ مَا هُوَ شِفَآءٌ وَرَحْمَةٌ لِّلْمُؤْمِنِينَۙ وَلَا يَزِيدُ ٱلظَّـٰلِمِينَ إِلَّا خَسَارًا﴾

«Құраннан мүміндерге шипа және рахмет түсіреміз. Ол, залымдардың зиянын тым арттыра түседі»[17], - деп, мүминдердің басқа біреуге емес, тек Өзіне, түсірген сөзіне ғана сенім артып, бас июлерін бұйырады. Осыны есте сақтап, адасудан сақ, дінімізге берік болайық, бауырлар!

[1] «Мәида» сүресі, 90-аят.
[2] «Рағд» сүресі, 28-аят.
[3] «Ниса» сүресі, 28-аят.
[4] «Мәида» сүресі, 90-аят.
[5] «Нәміл» сүресі, 38-40 аяттар.
[6] «Нәс» сүресі, 4-6 аяттар.
[7] «Наміл» сүресі, 65-аят.
[8] «Жын» сүресі, 26-27 аяттар.
[9] Ахмад, 2/429 бет.
[10] Бұхари, Тәухид 57.
[11] «Жын» сүресі, 8-10 аяттар.
[12] Мүсілім және Ахмад.
[13] «Юнус» сүресі, 20-аят.
[14] «Сәбә» сүресі, 14-аят.
[15] «Нәміл» сүресі, 17-аят.
[16] «Сәбә» сүресі, 13-аят.
[17] «Исра» сүресі, 82- аят.

 Ислам бойынша уйде немесе ауласында жылан корсе не истеу кажет.

Әлбетте, ол қауіпті әрі зиянды болса, оның қаупі мен зияндығынан қорғанудың барлық шарасын қолға алу керек.

Сәлеметсіз бе! Қадір түнін де қандай намаз оқу керек жазасыз дар ма? қалай қарсы алған дұрыс?

Бұл кеште қандай амал істегеніміз абзал: Ислам ғұламалары қасиетті Қадыр түнін төмендегіше атқаруды үндейді:

Бірініші, бұл түнде Алланың рызашылығы үшін ғибадат жасап, нәпіл намаздар оқып, құлдық сезімдерімізді арттыруымыз керек.

Екіншіден, Құран Кәрім оқылып, тыңдалып, түсінунге ынта қойып, Құран Кәрімге сүйіспеншілік пен байланыстар орнатылуы тиіс.

Үшіншіден, Пайғамбарымыз (с.а.у) салауат айтып, оның шапағат етуінен үміттеніп, оның үммбетінен болғанымызды саналы түрде сезініп, оның жолын берік ұстануымыз шарт.

Төртіншіден, Уағыз-насихат тыңдап, сұхбаттар құрып, күнделікті күйбең тіршілік барысында жүрекке түскен кірбіңді жуып шайып, көңілге ұялаған көмескіліктен арылуыға тиістіміз.

Бесіншіден, Қадір кешінің маңызына байланысты және Қадір түніне қатысты жеткілікті мағұлмат беретін дін адамдарымен сұхбат құру керек. Әсіресе, адам өз өзімен сұхбаттасып, қателіктерін танып, кемшіліктерін жоюға күш салуға, адамдармен достық қарым қатынасын күшейтуге, бірлік пен біртұтастықты арттыруға мән беруі тиіс.

Алтыншыдан, Тәубе мен истиғфар жасап, өз нәпсісін есептен өткізіп, қателік жасаудан сақсынып, қайырлы істерді жасауға құмбыл болуы шарт.

Жетіншіден, Алланы зікір етіп, тефеккур (терең жақсы ойлану) етіп, Алланы еске алғаннан жүрек тынышталады.

Ұлы Жаратушының ұшы қиыры жоқ құдіретімен жоқтан бар болған жаратылыстың сырларын нәзік тефеккур (жақсы терең ойланрып) етіп, иманымызды күшейтуіміз қажет.

Сегізіншіден, Жиі-жиі дұға жасауымыз керек. Өйткені, дұға адамды Ұлы Жартушыға жақындататын дәнекер десек болады. Пайғамбарымыз (с.а.у) бұл түні көбінесе мына дұғаны жасаған: «Аллаһүмме иннеке афүввин түһиббүл афве фа фү анни». Яғни, «Аллаһым сен кешірімдісің, кешіруді сүйесің, мені кешіре гөр».

Тоғызыншыдан, Қадір түнінің күндізін де бейне кеш секілді өткізу ләзім. Осылай болған болса, мүбәрак түннің рухтарға төккен шұғыласы сіңімді болып, жүректің қақ төрінен орын алары сөзсіз.

Оныншыдан, Бұл Қадір түнінің құрметіне Раббымыздан бүкіл исі бүтін мұсылмандардың күнәларының кешірілуін тілеуіміз керек. Қадыр түнінің жақсылыққа мұрындық болуын, достық пен бауырмашылдықты арттырып, ислам әлемінің біртұтастығын және күллі адамзатты апаттардан сақта деп тілеуіміз шарт.

Әссәләму әлейкум уа рахматуллаh Сұрақ Аллаh тың көркем есимдери мысалы Дарет алып болгансон Аль Хакам деп 99 рет айтса немесе кунине 99 рет айтса Аллаh тағала оның жүрегін нұрландырады Жане Әль Ғазиз деген есимин Тан намазынан кейін 40 рет зікір етсе Аллаһу та’ала оған жәрдем береді және оны үстем етеді. Махлұқтардан ешбіріне мұқтаж болмайды Дейді осылай зікір етсек сондай сауаптарга кауышамызба жане т.б Осындай Аллаh тың есимдери жайлы жассаңыз Аллаh тың разылыгы ушин !

Уа ғалейкумуссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ! 

1. الله T Аллаһ – Оның (Аллаһ тағаланың) бар екендігі және Оның иләһи сипаттарын білдіретін есім. Раббымыздың ең ұлық есімі. Кім Жаратушының осы әдемі есімін күніне 1000 рет қайталап зікір етсе, иманы берік болады.
2. الرَّحْمَنُ T Ар-Рахману – Аса қамқор. Оның қамқорлығы Өзі жаратқан бүкіл мақұлықтарына тиесілі. Қамқоршы Аллаһ тағала мүмин-мұсылмандардың, сондай-ақ кәпірлердің өмірлік қажеттерін өтейді. Алланың бұл есімін зікір еткен адамның ойлау және жаттау қабілеті күшейеді. Сондай-ақ ол адам қаталдықтан арылады.
3. الرَّحِيمُ T Ар-Рахиму – Ерекше мейірімді, Рахымды. Бір жақсы іс үшін бірнеше есе береген және ешқашан сауап істерді жоймайды. О дүниеде тақуа мұсылмандарға мейірімді болады. Кімде-кім бұл есімді 100 рет атап жүрсе қайғы-қасіреттен аман болады.
4. المَلِكُ T Әл-Мәлику – Патша, Ол T қалай басқарам десе де Өзі біледі. Оған кеңесші керек емес. Оған барлығы тәуелді. Мұсылман адам бұл есімді зікір етіп жүрсе, ақшадан қысылмайды.
5. القُدُّوسُ T Әл-Қуддусу – Қасиетті, Өте пәк, кемшіліктерден пәк және адам баласының ойына келетін пішін келбеттен тыс.
6. السَّلاَمُ T Ас-Сәламу – Есендік беруші. Жетіспеушіліктерден пәк. Өзінің жаратқан мақұлықтарына амандық береді. Егер бұл есімді 99 рет оқып, науқасты ұшықтаса шипа табады.
7. المُؤْمِنُ T Әл-Му:мину – Қорғаушы, Сенуші. Өзі туралы ұлық кітаптар мен пайғамбарлар арқылы білдіртеді. Өзінің сүйікті құлдарын қауіп-қатерден сақтайды.
8. المُهَيْمِنُ T Әл-Мухаймину – Үстем, Қорғаушы. Баршаның үстінде билік жүргізеді және бәрі де Оның иелігінде. Жаратқан мақұлығының үстінен қарап, бақылап тұрады. Кімде-кім бұл керемет есімді ғұсыл алғаннан кейін екі рәкағат намаз оқып, 100 мәрте шынайы ықыласпен айтса Аллаһ тағала оны рухани тазартады.
9. العَزِيزُ T Әл-Азизу – Аса зор, Ұлық, Қуатты, зор кеңшілік Иесі. Онымен ешкім теңесе алмайды. Кімде-кім Алланың бұл көркем есімін таң намазынан кейін 40 рет қайталап оқыса Аллаһ тағала оны қаржы мәселесінде басқалардан тәуелсіз етеді.
10. الجَبَّارُ T Әл-Жәббару – Аса өктем. Билік пен қуат Иесі. Нені қаласа соны кімге де болсын істете алады.
11. المُتَكَبِّرُ T Әл-Мутакаббиру – Паң, ұлылық және биіктік Иесі. Кім бұл көркем есімді зікір етіп жүрсе халық арасында құрметті болады.
12. الخَالِقُ T Әл-Халиқу – Жаратушы. Мақұлықтарын Өз еркімен жаратады. Ол T әр нәрсені көркем түрде жаратады.
13. البَارِىءُ T Әл-Бариу – Жаратушы, жоқтан бар етуші. Жаратқан мақұлықтарына әр түрлі пішін және бейне береді. Аллаһ әрдайым жаратуда. Егер бала таба алмаған әйел 7 күн ораза ұстап, «Әл-Бариу, Әл-Халиқу, Әл-Мусаууиру» деп 21 рет айтып суға дем салып ауызды сол сумен ашып, шынайы ықыласпен жалғыз Аллаһ тағалаға дұға етсе, иншааллаһ оған Жаратушы бір нәресте береді.
14. المُصَوِّرُ T Әл-Мусаууиру – Келбет беруші. Өзінің қалауымен әрбір жаратқан нәрсесіне өзгеше келбет және әр түрлі пішін береді. Миллиардтаған келбет жаратқан Аллаһ тағалаға ешкім теңесе алмайды.
15. الغَفَّارُ T Әл-Ғаффару – Аса жарылқаушы. Күнә және жаман істерді кешіруші. Бұл дүниеде құлдарының жамандықтарын жасырып, қияметте күнәларын кешіріп, жарылқайды. Кім осы әдемі есімді жұма намаздан кейін 100 рет қайталаса оған Аллаһ тағала ғафу етеді. Ал кім екінті намазынан кейін «Иә Ғаффару ғфирли» деп айтып жүрсе, Аллаһ тағала оны кешірім еткен құлдардың қатарына қосады.
16. القَهَّارُ T Әл-Қаһһару - Өте үстем, Қаһарлы. Өзіне қарсыларды қатты азаппен қорлайды, өлтіреді не болмаса көпшіліктің алдында беделін түсіреді. Оның жазасынан ешкім аман қалмайды. Дүние сәнін жақсы көретін пенде Алланың бұл есімін қайталап Оған мойынсұнып жүрсе Аллаһ тағала ол адамның иманын күшейтеді.
17. الوَهَّابُ T Әл-Уаһһабу - Өте жомарт, Береген. Адамдарды Өз нығметтерімен ризықтандырады. Берем деген нәрсесін береді. Кімде-кім дұғада бұл есіммен Аллаға жалбарынса, ол ешқашан қайыршы болмайды.
18. الرَّزَّاقُ T Ар-Раззақу – Ризық, тамақ беруші. Алуан түрлі ризықтарды жаратады және сол ризықтарымен мақұлықтарын ризықтандырады.
19. الفَتَّاحُ T Әл-Фәттаху – Жақсылық жасаушы. Асқан мейірімінен құлдарына төгіп беріп, жақсылық істейді. Шындықты әшкерелеп, өтірікті өрге асырмайды. Кімде-кім өзінің оң қолын кеудесіне қойып Аллаһ тағаланың бұл әдемі атын таң намазынан кейін 70 рет қайталаса жүрегі нұрланады, көңілі шаттанып жәй табады.
20. العَلِيمُ T Әл-Алиму – Бәрін білуші, Терең білім иесі. Ол T әр нәрсені толық біледі және де Ол T білмейтін ешнәрсе жоқ. Аллаһ тағала – білушілердің білушісі. Аллаһ тағала ғайыпты да, көмескіні де біледі. Кім бұл есімді атап, зікір етіп жүрсе Аллаһ тағала оған білім мен даналықтың есіктерін ашады.
21. القَابِضُ T Әл-Қабиду – Қысып алушы. Кімге қаласа ризығын береді, қаласа бермейді. Кім бұл есімді қайталап айтып жүрсе аш-зарыққан болмас.
22. البَاسِطُ T Әл-Баситу – Жаюшы. Өз ризық нығметтерін қалаған құлдарына береді.
23. الخَافِضُ T Әл-Хãфиду – Түсіруші. Аллаһ тағала кәпірлерді тозақтың түбіне түсіреді және кәпірлерге қайғы, мұң-зар мен азап береді. Кім Аллаһ тағаланың бұл ғажайып есімін 500 мәрте зікір етсе Хақ Тағала оның дұғасына жауап береді.
24. الرَّافِعُ T Әр-Рафиу – Көтеруші, Биіктетуші. Өзіне жақын құлдардың беделін бұл дүниеде де, ахиретте де көтереді.
25. المُعِزُّ T Әл-Муиззу –Қуат беруші. Өзінің мүмин құлдарына мықты қуат береді. Олардың мойынсұнғандары үшін күнәларын кешіріп, жәннатта құрметті орын береді.
26. المُذِلُّ T Әл-Музиллу – Кемсітуші. Кәпірлерді мойынсұнбағандықтары үшін кемсітеді, оларға «азап үйін» - тозақты дайындайды.
27. السَّمِيعُ T Ас-Самиу - Әр нәрсені Есітуші. Әр естілетін дыбыс ғайып айтылса да Оның есітуінен тыс қалмайды. Ол T құпияның бәрін біледі. Оның ести алмайтын нәрсесі жоқ. Ол T барлық сыбыс, дыбысты естиді.
28. البَصِيرُ T Әл-Басиру – Көруші. Ол T бәрін Көреген. Адам және басқа мақлұқтар көрмейтінін бәрін көреді. Оған көрінбейтін зат жоқ. Ол T ғайыпты да көреді.
29. الحَكَمُ T Әл-Хакаму – Хәкім. Қазы, Төреші. Соттың үкімі Оның құзырында. Оның үкімі кесімді. Оны ешкім сынай алмайды және Алланың үкімдерін кемсітіп, жамандауға ешкімнің хақысы жоқ. Кім дәрет алып, осы есімді күніне 99 рет зікір етсе Аллаһ тағала оның жүрегін нұрландырады.
30. العَدْلُ T Әл-Ғадлу - Әділ, Адал. Ол T кімге болмасын, ешбір әділетсіздік жасамайды. Ол T өз шешімдерінде әділ.
31. اللَّطِيفُ T Әл-Ләтифу – Жұмсақ, зор кеңшілік Иесі. Өзінің құлдарына өте ілтипатты. Өз құлдарының істерін толық біледі және адамдардың мінездеріне жұмсақтық салады.
32. الخَبِيرُ T Әл-Хабиру – Толық хабар алушы. Барлық істер оның қалауымен жасалады. Ол T ешқашан хабарсыз қалмайды. Жаратушының бұл көркем есімін қайталаған адамды Аллаһ тағала қанағатты етеді.
33. الحَلِيمُ T Әл-Халиму – Ерекше Мейірімді, Өте Жұмсақ. Азабын тездетпейді, бірақ малғұн шайтанға еріп, күнәлі іс жасағандарға азабы жақын.
34. العَظِيمُ T Әл-Ғазиму – Аса зор, кеңшілік Иесі, Мәртебелі, Ең Ұлы. Оның мәртебесінің басы да, соңы да жоқ.
35. الغَفُورُ T Әл-Ғафуру – Кешіруші, күнәларды кешуші. Кешірім сұраушыларды күнәлары үшін қолға алмайды, жаман істерін жақсы амалдарға ауыстырады.
36. الشَّكُورُ T Әш-Шәкуру – Шүкірді қадірлеуші. Адамдарға шүкірлік айтқаны үшін мәрхамет етеді. Құлдарына көркем істері үшін ізгілік етеді.
37. العَلِىُّ T Әл-Ғалиу - Өте биік, Жоғары, Мәртебелі. Адамдардың сезім, сана және басқа қабілетіне келетін бейнелерден тыс, одан жоғары. Ол T әр уақытта биіктікте.
38. الكَبِيرُ T Әл-Кабиру – Ұлық, Ең Ұлы, Абырой және мәрхамет иесі. Адамдардың ойлау, көру және сезу мүшелерінен тыс.
39. الحَفِيظُ T Әл-Хафизу – Қорғаушы. Сүйікті құлдарын жамандық пен кесірден сақтайды. Өз құлдарының сауап істерін қиямет күні мәрхамет ету үшін жазып, сақтайды. Аллаһ тағала әлсіздердің жәрдемшісі.
40. المُقِيتُ T Әл-Муқиту – Азық беруші. Азықты жаратып мақұлықтарына таратып береді. Даналықты және білімді жүректерге жеткізеді.
41. الحَسِيبُ T Әл-Хасибу – Есеп беруші, Жеткізуші. Өз құлдарының қажеттерін өтейді. Олардың бұл дүниеде жасаған амалдарына қиямет күні есеп береді.
42. الجَلِيلُ T Әл-Жәлилу – Биік, Үлкен, Өз ұлығында өте биік. Қадір-қасиетінде аса Ұлы.
43. الكَرِيمُ T Әл-Кариму – Құрметті, Мәрхамет иесі, ізгілік істеуші. Оның рахымында шек жоқ. Ізгілігі ешқашан таусылмас. Уәде берсе, толығымен орындайды.
44. الرَّقِيبُ T Әр-Рақибу – Қараушы, Бақылаушы. Ол T әр нәрсені көріп, біліп тұрады. Ешнәрсе оның алдынан өтпей кетпейді.
45. المُجِيبُ T Әл-Мужибу – Жауап беруші. Оған дұға етіп жалбарынған құлдарына жауап береді. Ол T жауап қайтаруда. Ол T адам баласы үшін не нәрсе пайда беретінін біледі. «Иә Мужибу дағуати тәммәти» деп дұға етілсе, Жауап беруші Хақ тағаланың жауап беруі сөзсіз.
46. الوَاسِعُ T Әл-Уасиғу – Қоршап алушы, толтырып салушы. Ол T Өз құлдарын ризықтармен бөлейді. Мәрхаметін тақуа құлдарына төгіп, байытады.
47. الحَكِيمُ T Әл-Хакиму – Даналық Иесі, қате жасаудан пәк. Қате жасау Оның даңқына келмейді. Ол әр нәрсені өз орнына қояды.
48. الوَدُودُ T Әл-Уадуду – Ізгілік істеуші, Сүюші. Мақұлықтарын жақсы көреді. Сөйтіп, Ол T мәрхаметі, мейірімі және ризықтары арқылы Өзі туралы білдірттеді.
49. المَجِيدُ T Әл-Мәжиду – Даңқты, Құрметті. Өз істерінде Көркем. Ол T дүниені ризықтарымен толтырады.
50. البَاعِثُ T Әл-Бағису – Тірілтуші, Жіберуші, Қайта өмір беруші. Өлілерді есеп беру үшін тірілтеді. Өз елшілерін (пайғамбарларын) адамдарға жібереді.
51. الشَّهِيدُ T Әш-Шахиду – Куә. Ол T анығын да, белгісізін де біледі және соған Куә. Аллаһ тағала Өзінің Иләһи сипаттарыменен жалғыз Құдай T екенін білдіртеді.
52. الحَقُّ T Әл-Хаққу – Шындық иесі. Хақ Тағала әрбір нәрсені өз даналығымен жаратты. Қабірдегілерге есеп беру үшін және жәннат немесе тозаққа жіберу үшін тірілтеді.
53. الوَكِيلُ T Әл-Уакилу – Басқарушы. Өкіл иесі Аллаһ тағала барлығын басқарады. Құлдары Оған тәуекел етіп, тәубе келтіреді.
54. القَوِىُّ T Әл-Қауийу – Қуатты, Мықты, Құдіретті. Оның шамасы әр нәрсеге жетеді.
55. المَتِينُ T Әл-Мәтину – Мықты, Тұрақты, Құдіретті. Оның күшіне ешкімнің қуаты жетпейді. Ол T ешқашан әлсіз немесе шамасыз бола алмайды.
56. الوَاسِعَُ T Әл-Уасиғу – Қорғаушы. Ол тақуаларды (әулиелерді) жақсы көреді және оларға мықты қуат береді. Кәпірлердің беделін бұл дүниеде де, о дүниеде де түсіреді.
57. الحَمِيدُ T Әл-Хамиду – Пәктеулі, Дәріптеулі, Мақтаулы. Мадақ Иесі. Аллаһ тағаланы кәпірлер мен екіжүзділерден басқасының бәрі мадақтайды.
58. المُحْصِى T Әл-Мухсий – Санаушы. Ол бәрін санайды. Оған ешкім санауға бөгет жасай алмайды. Ол бір нәрсеге көңіл бөліп басқаны назарынан тыс қалдырушы емес.
59. المُبْدِىُْ T Әл-Мубдиу – Бастаушы. Ол T қандай-да бір жаратылысты жаратар алдында ешбір бейне, мысалсыз жаратты.
60. المُعِيدُ T Әл-Муғиду – Қайтарушы. Ол T тірілерді өлілерге айналдырады және оларды қайтадан бастапқы қалпына келтіреді. Егер мал, мүлік немесе адам жоғалса Аллаһ тағаланың осы көркем есімін 70 рет қайталап дұға етсе, жоғалған нәрсе Аллаһ тағаланың қалауымен қайта оралады.
61. المُحْيِى T Әл-Мухий – Тірілтуші. Ол денелерге жан салып тірілтеді. Егер біреу бұл есіммен Аллаһ тағалаға жалбарынса шипа табады.
62. المُمِيتُ T Әл-Мумиту - Өлтіруші. Денелерден жан алып өлтіреді. Ахіреттің қайғы-мұңның дәмін татпау үшін Аллаһ тағаланың осы атын көбірек қайталап, зікір етіп жүру керек.
63. الحَىُّ T Әл-Хайю – Тірі. Ол T мәңгі өмір сүреді, мәңгі болды және мәңгі болады. Оның тірі болуының басы да, соңы да жоқ.
64. القَيُّومُ T Әл-Қаююму – Бәрінің үстінде тұрушы. Әрбір заттың үстінен қарайласып оған Қамқоршы болып тұрады. Әр нәрсе тек Аллаһ тағаланың қалауымен тұрады. Өздігінен мықты тұрушы.
65. الوَاجِدُ T Әл-Уәжиду – Бай, Табушы. Нені тапқысы келсе, сәтінде-ақ табады, өйткені бүкіл жаратылыс оның құзырында. Ол T ештеңені жоғалтушы емес.
66. المَاجِدُ T Әл-Мәжиду – Құрметті, Сыйлы. Ол T жақсы қасиеттерді иемденеді. Құрмет пен сый оған тән.
67. الوَاحِدُ T Әл-Уахиду – Жалғыз. Барлық Құдайлық сипаттар Оған тән. Одан басқа Құдай жоқ. Аллаһ тағала расында жалғыз, сондықтан Аллаға ғибадат етіледі.
68. الصَّمَدُ T Ас-Самаду – Мұңсыз. Адамдардың қажеттерін өтеп беруші Аллаһ тағала, сол үшін құлдары Оған бұл көркем атымен жалбарынады. Ол T – аса Құдіретті, Қуатты.
69. القَادِرُ T Әл-Қадиру – Мықты, Қадірлі. Оны T мақұлықтар қадірлейді. Оған ешкімнің көмегі керек емес. Ол T әр нәрсеге шамасы жетеді.
70. المُقْتَدِرُ T Әл-Муқтадиру – Құдіретті. Не істегісі келсе соны істеуге қуаты жетеді. Оның T істей алмайтын ісі жоқ.
71. المُقَدِّمُ T Әл-Муқаддиму – Алға шығарушы. Өз пайғамбарларын алға шығарады. Өзіне инабатты құлдарын тура жолға салады. Оларды ұлық дәрежелерге көтереді.
72. المُؤَخِّرُ T Әл-Муаххиру – Артқа тартушы. Өз жауларын артта қалдырады. Ол T Өзі мен кәпірлердің арасына бөгет перде салады.
73. الأَوَّلُ T Әл-Әууәлу – Бірінші, Алғашқы. Баршаның алдында. Ол T мәңгі тұрады. Оның алдында ешбір зат болған емес.
74. الآخِرُ T Әл-Ахиру – Соңғы, Ақырғы. Барша мақұлық қиямет күні қайтыс болғанда Аллаһ тағала тірі болады. Оның соңы жоқ. Кім күніне осы көркем есімді 1000 рет зікір етсе Аллаһ тағаланың махаббаты баурап алады, сол адам нәпсіқұмарлықтан арылып, көз жұмғанда иманмен қайтады.
75. الظَّاهِرُ T Аз-Заһиру – Анық, Көзге көрініп тұрушы. Ол T Өзін аяттары (күн, ай, жұлдыз т.б.) арқылы бар екенін анық көрсетіп тұрады.
76. البَاطِنُ T Әл-Батину – Көрінбей тұрушы, Ішкі. Ол T мақұлықтардың көзіне көрінбейді. Ол T мақұлықтардың не ойлап, не қоятынын біледі және олар не нәрсеге ұшырайтындарын меңгеріп тұрады.
77. الوَالِى T Әл-Уали – Басқарушы, Уәлі. Ол T әр нәрсенің басқарушысы. Ол T не бұйрық берсе, сол мезетте бұлжытпай орындалады. Ол T Өз қалауымен және даналығымен билік жүргізеді. Үкімдерін іске асырады.
78. المُتَعَالِ T Әл-Мутаәлу – Биікке көтерілуші (Самғаушы). Мақұлықтардың сипаттары Оған тән емес. Пайғамбарлардың сипаттарын биік дәрежеге көтереді.
79. البَرُّ T Әл-Барру – Ізгілік істеуші. Ол T ешуақыт жаманшылық істемейді. Құлдарға ізгілік және қамқорлық етеді.
80. التَّوَّابُ T Әт-Тауәбу – Тәубені қабылдаушы. Ол T әрдайым адамдардың шынайы жасаған тәубесін қабыл етеді. Тәубе етушілерге ғафу етіп, оларға рахым-мейірімін төгеді. Кім залымның зұлымдығына қарсы Алланың бұл есімін 10 рет айтса зұлымдығына ұшырамайды.
81. المُنْتَقِمُ T Әл-Мунтақиму - Өш алушы. Ол T Өзіне мойынсұнбайтын құлдарын істеген амалына қарай азаптайды.
82. العَفُوُّ T Әл-Ғафуу – Аса кешірімді, Ғафу етуші. Адамдар жалбарынып кешірім сұрағанда күнәларын жойып, сауап істерін қалдырады. Бұл есіммен Аллаһ тағалаға жалбарынып артынан «Аллаһумма иннәкә ғафуун карим, тухиббуль ғафуа, фағфу ғаннә» десе оның күнәлары кешіріледі.
83. الرَّءوُفُ T Ар-Раууфу – Қамқоршы. Аллаһ тағала Өз құлдарына жақсылық пен қамқорлық жасайды.
84. مَالِكُ المُلْكِ T Мәликуль Мульк – Мүліктердің Патшасы. Иелігі өте зор. Байлық қазынаның барлығы, күллі мүлік Оның қолында. Кім осыны көп қайталап жүрсе Аллаһ тағала Өз байлығынан төгіп береді.
85. ذُو الجَلاَلِ وَ الإِكْرَامِ T Зүл Жәләли уәл Икрам – Құдірет және құрмет Иесі. Өзінің ұлы сипаттары үшін құрметті және атақты болады.
86. المُقْسِطُ T Әл-Муқситу - Әділ. Шешімдерінде өте Әділ. Әрбір қиянат жасаған мен зиянға ұшырағанды о дүниеде сұрайды және істеген амалдарына қарай жәннат немесе тозаққа жібереді.
87. الجَامِعُ T Әл-Жәмиғу – Жинаушы. Қиямет күні «Махшарда» бүкіл адамдарды жинайды. Ол біреуін де қалдырмайды.
88. الغَنِىُّ T Әл-Ғаниу – Бай. Оған ештеңе керек емес. Барша мақұлық Аллаһ тағаладан қажеттерін сұрайды және Оған тәуелді.
89. المُغْنِى T Әл-Муғни – Байытушы. Өзінің қай құлын байытқысы келсе, шексіз ризық беріп байытады. Осы арқылы сынайды. Байлықтың барлығы Оған қайтарылады.
90. المَانِعُ T Әл-Мәниғу – Харам етуші, рұқсат бермеуші. Ол Өз құлдарына кейбір нәрсені харам етеді. Өзінің сүйікті құлдарын залымдардан қорғайды.
91. الضَّارُّ T Ад-Дарру – Зиян келтіруші. Азап ретінде кейбір құлдарына күнәлары үшін зиян келтіреді.
92. النَّافِعُ T Ән-Нафиғу – Пайда беруші. Өз жаратқан мақұлықтарына пайда береді. Кейбір құлдарының пайдасын көбейтеді.
93. النُّورُ T Ән-Нуру – Нұр, Нұр шашушы. Әр түрлі жетіспеушіліктерден пәк. Бұл дүниені Өз нұрымен нұрландырып тұрады. Соқырға нұрды көру үшін көз нұрын, жанар береді. Адасқандарды тура жолға салады. Осы керемет есімді қайталап жүрген адам қайғыға салынбайды.
94. الهَادِى T Әл-Һәди – Апарушы, Жүргізуші, Ілестіруші. Мустақим жолға салушы. Жүректерді хақты табу үшін бағыттайды. Дінде немесе дүниауи амалда пайда беретін нәрсеге жолықтырады.
95. البَدِيعُ T Әл-Бәдиғу – Жаратушы. Ешбір нұсқа, мысалсыз жаратады. Оның биік сипаттарына ешкім жете алмайды.
96. البَاقِى T Әл-Бақи – Бақи, Мәңгі. Ол T соңсыз мәңгілік жасайды. Ол T тірілмейді де, өлмейді. Егер бұл есімді күніне 1000 рет қайталап жүрсе Аллаһ тағала қасіреттен аман сақтайды.
97. الوَارِثُ T Әл-Уарису – Мұра Иесі. Барлық мұра Аллаһ тағалада.
98. الرَّشِيدُ T Әр-Рашиду – Салушы. Ол T Өз құлдарын пайда беретін жолға салады. Өз даналығымен билік жүргізеді.
99. الصَّبُورُ T Әс-Сабуру – Сабырлы. Ол T сабырмен құлдарының күнәларын кешіріп, азабын тездетпейді. Кім осыны меңгеріп 100 рет айтып, Алланы еске алып зікір етсе сол күннің бәле-жаласынан аман жүреді.

Ассалаумағалейкум, Ағалар. Қаза намаздарымды өтемек ойдамын. Мұқият оқып шығуыңызды өтінемін. Егер де мен алдын балиғат жастан бастап намаз оу керек екенін білмесем, кейін 20 жасқа толғанда намаз бастасам, қаза намаздарды өтеуім керек пе? Егер өтеу керек болса онда төмендегідей өтеуге бола ма? 1. Бесін намазының алғашқы сүннетінде: ниет еттім мысалыға 3 ақпан 2009 жылғы қаза болған бесін намазының парызын өтеуге және бүгінгі бесіннің алғашқы сүннетін өтімекке деп ЕҢ 1-ші таң емес бесіннен бастап. 2. Бесіннің соңғы сүннетінде: ниет еттім 3 ақпан 2009 жылы қаза болған таң намазының парызын өтеуге және бүгінгі бесіннің соңғы сүннетін өтеуге деп ТАҢ-ды 2-ші орында оқуға бола ма? 3.Екінтінің бекітілмеген сүннетінде: ниет еттім 3 ақпан 2009 жылғы қаза болған екінтіні өтеуге деп. 4.Шамның сүннетінде: ниет еттім 3 ақпан 2009 жылғы қаза болған шамның парызын өтеуге және бүгінгі шамның сүннетін өтеуге деп 2 ракат емес 3 ракат оқысам, қазаны да және сүннетті де өтеген боламын ба? 5.Құптанның бекітілмеген сүннетінде: қаза болған парызды, 6.Құптанның соңғы 2 ракат сүннетінде: ниет еттім 3 ақпан 2009 жылы қаза болған ҮТІР намазын өтемекке және ҚҰПТАН сүннетін өтеуге деп қаза болған намаздарды өтесем бола ма?

Қайрат

Уа ғалейкумуссалам, Қайрат мырза! Әрине қаза намазды кешеуілдетпей, ертерек өтеп алғаныңыз дұрыс. Десе де, сіз айтқандай,бір намазбен екі намазға ниет етіп өтеу тәртібі шариғатта жоқ, дінге қайшы, мүлде дұрыс емес.