Ислам асыл дініміз

Сәлеметсіздер ме! Мен сіздерге мені мазалап жүрген сұрақты қойғым келеді. Қазіргі кезде қыз бен жігіт беташар болмай жатып некесін қидыртып жатады,  бұл дурыс па? Менің ойымша беташар болмай жатып қидыртқан дурыс емес сияқты. Осы сұраққа жауап берсеңіздер, мен үшін өте маңызды еді.

Нұршат

Нұршат, иә, дұрыс түсінгенсіз. Некелерін дәстүрге сай рәсімдер өткеннен кейін қидыртқан дұрыс.

Ассалаумағалейкум! Сұрайын дегенім, менің балам 4 жаста желтоқсан айында 5 ке келеді, сүндетке келесі жазда отырғызсақ Алла бұйырса. Кеш емес пе? Әлде осы жылы отырғызған дұрыс па?

Берік

Уа ғалейкумуссалам! Сүндетке отырғызу - сүннет амалына жатады. Баланың жетінші күні немесе балиғат жасына толғанға дейінгі аралық ішінде сүндетке отырғызылғаны абзал. Жәбірдің риуаят етуі бойынша ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) екі немересі Хасан мен Хусейнге жеті күн толғанда оларға арнап ақиқа құрбанын шалды да, оларды сүндеттеді(Бәйһақи, Китабуль Әшриба», №17006-хадис).

Cәлеметсіздер ме? Мен кекеш едім. Бұл жүре пайда болған кесел. Яғни туа бітті емес. Атамда кекеш болған, тұқымқуалаушылық қой. Жақында арал жақта алдына 5 оқитын бір емші бала бар деп естігем.ешқандай құмалақ ашпайды. Көзіне қарап қандай аурумен келгеніңді және оның емін айтып береді екен егер сол балаға барсам бұл дін жолында, шариғат бойынша қалай болады екен дұрыс па, әлде бұрыс па? Барсам күнәға батпаймын ба, әлде қарғысқа ұшырамаймын ба? Шынымды айтсам өзімнің барғым келеді.

Ануар

Сәлеметсіз бе, Ануар! Әрине, ислам діні салауатты өмір салтын қолдап, мұсылмандарды соған үндейтіні белгілі. Алайда, емделу тәсілінің сізге зияны мен қауіпі жоқ болуы шарт. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Өз-өздеріңді қауіпке итермелемеңдер»(Бақара -195 аят), – деген. Ендеше мұсылман білікті дәрігерлерге жүгіне отырып, медицина ғылымы құптайтын тәсілмен емделгені абзал.

Әрине барлық емші, сынықшыларды даттауға болмайды, олардың да арасында ауруды, емшілікті терең зерттеп, неше алуан шөптердің тамырлары мен жапырақтарынан тұнбалар жасап, Алланың қалауымен берілген бұл міндетті аманат санап емдейтіндер бар. Құран аяттарының сырларын түсініп, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) үйретіп кеткендей, дем салып емдейді.

Алайда, адамдарды алдап, көзбояушылықпен тылсым күшке сүйеніп емдейтіндер де аз емес. Ондай адамдардың көп жағдайда жындармен байланысы бар. Оны олар білмеуі немесе біліп, жасыруы мүмкін. 

Айша (р.а.) анамыз риуаят етеді: Адамдар тылсым күшке сүйеніп емдейтіндер жайлы сұрағанда пайғамбар (с.ғ.с.): «Олар түкке тұрғысыз»,– деп жауап береді. Адамдар: «Уа, Алла елшісі! Олардың кейде айтқан сөзі рас боп шығады»,–дейді. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Ол бір шындық сөзді жын естіп, серігініңқұлағына сыбырлайды, ал ол оған жүз жалған сөзді араластырып айтады(Бұхари 2210, Муслим 2228)»,–деген екен.

Ассалам алейкум! Балаға көз тиіп кетпесін деп көзмоншақ тағуға бола ма?

Жаке

Уа ғалейкумуссалам! Көз тимесін деген ырыммен сәбидің омырауына тағылатын көз моншақ та негізінде ырым емес, сақтанудан туындаған ғылыми ақиқат болуы мүмкін. Себебі, көз тию деген нәрсенің бар екені рас. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Көз тию – ақиқат»(Сахихул Бухари,Сахих Муслим)деген. Ал енді көз тию дегеніміз не өзі? Бұл – өз алдына жеке ғылыми зерттеуді қажет ететін үлкен тақырып. Дегенмен көз тиюді адам жанарындағы жағымсыз энергиялардың теріс әсері деп түсінсек, онда көз моншақтың осы энергиядан сақтануға оң әсері болуы мүмкін. Ол былай, жағымсыз энергиясы бар адам сәбиге қараған кезде алғашқы жанары бірден сәбидің көзіне емес, жылтыраған көз моншаққа түсіп, сол моншақта әлгі энергияның шағылып, күші жоғалуы мүмкін. Яғни, жағымсыз энергияға толы алғашқы жанар әуелі баланың көзіне емес, жылтыраған көз моншаққа түсу арқылы оның залалының азаюы, яки жоғалуы үшін жасалған сақтық шара болуы ықтимал. Ал бұл нәзік ақиқатты түсінбеген кейбір адамдар көз моншаққа әлдебір рухани қасиет таңып, жәрдемді Алладан емес, сол моншақтан күтіп жатады. Әрине, бұл дұрыс емес. Сондықтан жалпы көзмоншақ тағуды ширк деп асығыс үкім беру де қате. Себебі, оқтан сақтану үшін кеудесіне оққағар таққан адамның бұл ісіне ешкім ширк демесі анық. Сондықтан екі түсініктің ара-жігін ажыратып, көзмоншақты әлгіндей энергиядан сақтану үшін таққан жағдайда ширк еместігін, ал оны Алладан басқа дербес күш, жеке рухани құдірет деген түсінікпен тақса, Жаратқанға серік қосу екенін ажыратып түсіндіру қажет. Бірақ көз тиюден бұлай сақтану ширк болмағанымен сүннет те емес.

Мен 8 сыныпта окимын.Намаз окыгым келеді.Бирак мен сабаққа баратындықтан бесін намазына үлгермейді екенмін.Енді не істесем болады

Бесін уақыты – күннің көктің ең жоғары тұсынан батысқа қарай ауа бастағанда басталып, барлық нәрсенің көлеңкесі өзінен бір есе ұзаруына дейін жалғасады. Бесіннің осы уақыты – алғашқы аср (намаздыгер) деп аталады. Бұл – Әбу Юсуп, Имам Мұхаммед, Шафиғи, Малик және Ханбәлдің көзқарастары. Әбу Ханифа бойынша, бесіннің уақыты барлық нәрсенің көлеңкесі, екі есе ұзарғанға дейін жалғасады. Осы кезде бесін намазы шығып, аср (намаздыгер) уақыты кіреді. Бұны – екінші аср деп атайды. Фақиһтердің көпшілігінің дәлелі мына хадис: Жебірейіл (а.с.) Хазіреті Пайғамбарға намаздың уақытын үйреткен кезде, екінші күні барлық дененің көлеңкесі бір есе болғанға дейін намазын оқыған (129 Әбу Дәәуд, Салат, 2; Тирмизи, Мауақит, 1;). Әбу Ханифаның дәлелі болса, Хазіреті Пайғамбардың мына хадисі: «Бесін намазын салқын түскен сәтте оқыңдар. Өйткені, бесін уақытындағы ыстықтың дәрежесі, жаһаннамның ыстығын еске түсіреді» (Бухари, Мауақит, 9-10. Муслим, Масажид, 180-181). Араб түбегінде қатты ыстық болған уақыт – барлық нәрсенің көлеңкесі бір есе болған кез. Сол себепті, бесінді жаздың салқын уақытында оқу – мұстахап. Бесін намазы уақытының бастауына байланысты барлық мүштәһиттердің сүйенген дәлелі мына аят: «Күн батысқа ауғаннан, түн қараңғылығына дейін намаз оқы» (Исра, 78). Бесін намазының соңғы уақыты жайлы екі түрлі көзқарастан құтылу үшін бесін намазын алғашқы асырдан бұрын оқу, ал аср (намаздыгер) намазын – екінші аср болғанша оқымаған абзал.

Ассаламалейкум Рахматулаһи уә бәрәкатух! сіздерге қояр сұрағым ,биыл мен 11 сынып оқимын және намазды бастасам ба деп ойланып жүрм ,бірақ мен 11 сыныпта қосымшалар т.б нарселермен уақыт тығыз болып,намазды көп қаза етіп қоямынба деп қорқамын.Тағы мектепте дарет ала алмаймын .Осыған бір кеңес айтсаңыз ! Алла разы болсын!

Уа ғалейкумуссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Бұл жалған дүние болған соң сыналмайтын пенде жоқ. Алла Тағала әркімді әрқалай сынайды. Біреуді бай не кедей, патша немесе құл қылып жаратады. Оларға өтеуге тиіс болған бүкіл әмірлерді бұйырып, тыйым салынған нәрселерден тию арқылы сынайды. Кейін ақыретте есеп беру алаңына жиналғанда ешқандай сылтау таба алмай қиналады. Патша болған едім құлшылық қылуға қолым тимеді десе, Алла Тағала Сүлеймен де патша болды, бірақ құлшылығын тастамады. Кедей едім десе, Иса да кедей еді, бірақ кедейлігі ғибадатына кедергі бермеді. Аурумын десе, Аюып та науқас болды, бірақ Алланы еске алуды ұмытпады. Құл болдым десе, Юсуф та құл болды, бірақ құлдығы өзінің құлшылыққа арналған пенде екеніне кедергі болмады дейді.

Сондықтан бұл сынақ өмірдің қиыншылығына сабыр етіп Алланың бұйырған әмірлерін өз уақытында өтеуге тырысу қажет. Өйткені ертеңгі күніміз не болары бір Аллаға аян. Алла Тағала Құранда былай дейді: «Намазды толық орындаңдар. Өйткені, намаз мүміндерге белгілі уақытта парыз етілді» (Ниса сүресі, 103-аят).
Сізге айтар кеңесіміз намазды бастай беріңіз. Қолдан келгенше намазды өз уақытында орындауға тырысыңыз. Өйткені, кім Алла Тағаладан шынайы қорықса Алла пендесіне құтылар жол тауып берері хақ.

 

Ассаламу алейкум! кеширесиздер сурайын дегеним масхаб устанган каншалыкты дурыс бир екеулер пайгамбарымыз Мухаммед Мустафа салаллаху алейхиссалам масхаб устанбаган ол кезде масхаб болмаган дейди осы создер дурыс болсада казирги урпак масхаб устанганы дурыспа жане кандай масхаб устану керек Аллах разы болсын кате кетсе кеширим сурайм! рахмет!

Уа ғалейкумуссалам! Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жолы - Құран Кәріммен, хадис шәрифтермен және мужтаһидтердің ижтиһадтарымен көрсетілген жол! Осы үш дәлелмен бірге тағы  "Ижмаи уммет" деп аталатын Сахабалармен Табеиннің ауызбірлігін көрсететін төртінші дәлел де қосылады. Бір үкім, бір мәселе жайлы егер төрт мазһабтың ижтиһадтары (үкімдері) арасында бірдей шешім қабылданса, бұл "ижма" (ауызбірлігі) болады да бұған сену шарт болады, сенбегендер күпірге түседі. (Мәктубат 2/36)

 Бұрыс, қате бір істе, адасушылықта Ислам ғұламаларының ойы ешқашан бір жерден шықпайды. Хадис шәрифте: "Үмметім қате жолда ауызбірлігіне бармайды." делінген. (И. Ахмед) 

Осы төрт құжат Әдилләи шәрийә (шариғаттың дәлелі) деп аталады. Бұл дәлелдердің тысында қалған нәрселер бидғат болады. Хадис шәрифте: "Үмметім 73 топқа айырылады. олардың тек біреуі ғана Жаннатқа кіреді. Олар менің және сахабаларымның жолында болғандар" деп айтылды. (Ибн Мажа) 

 Бұл айырылулар усул, яғни иманда болатын айырылықтар. Сахабаи кирамнан кейін жаңа мұсылман болғандардың бір бөлігінің имандары бұзылып, сахабалардың дұрыс имандарынан өзгеше көрініс тапты. Осылайша бұзық топтар, секталар, дүмшелер пайда болды. Олардың барлығына "Бидғат секталары" деп айтылады. Олар кейбір аяттарды қате түсіну және қате түсіндіру нәтижесінде жолдан адасқандары үшін кәпір емес. Бірақ Исламға тигізген зияндары кәпірлерден көп болды: олар бір-бірлерімен және әһли сүннет мұсылмандармен көп дауласты. Соғыстар, жанжалдар шығарып көптеген мұсылманның қанының төгілуіне себеп болды. Мұсылмандардың дамуларына, өркендеп ілгерілеуіне тосқауыл болды. Ондай бидғат топтарын әһли сүннеттің хақ болған төрт мазһабымен шатастырмау керек.

 Мазһаб және мейірім

 Аллаһу та’ала және Расулы мұсылмандарға мейрім еткендері үшін кейбір істердің қалай орындалатыны Құран кәрімде ашық білдірілмеді. Ашық білдірілгенде оларды орындау парыз немесе сүннет болар еді. Парызды орындамағандар күнәға батып, мән бермегендер кәпір болар еді. Мұсылмандардың жағдайы қиын болатын еді. Мұндай істерді ашық білдірілген амалдарға ұқсатып орындау керек. Дін ғұламалары арасынан амалдарды қалай орындау керектігін осылай ұқсата отырып түсіне білгендері мүжтаһид деп аталады.

 Төрт мазһабтың жағдайы бір қала халқының жағдайына ұқсайды. Алдарынан шыққан бір істің қалай орындалуы керектігі және шешімі заңда табылмаса, ол қаланың ақсақалдары жиналып, әлгі істі заңдағы соған ұқсас басқа бір мәселемен салыстырып орындайды. Кейде бұл ақсақалдардың пікірі бір жерден шықпайды. Мәселен кейбіреулері: “Мемлекеттің мақсаты – қалалардың гүлденіп, көркеюі және халықтың рахат өмір сүруін қамтамасыз ету” деп айтады. Әлгі істі пікірлері және көзқарастарымен заңдағы басқа бір осыған ең жақын, ең ұқсас мәселеге ұқсату арқылы шешеді. Бұлар Ханафи мазһабына ұқсайды. 

Кейбіреулері әлгі бұйрықты мемлекеттің орталығынан келген басшылардың көңіл күйіне және әрекеттеріне сәйкестендіріп орындайды да мемлекеттің мақсаты осы болу керек дейді. Бұлар р Маликимазһабына ұқсайды.
Кейбіреулері бұйрықтың мәтініне, сөйлем құрамына, сөздің барысына қарап ол істі атқару жолын табады. Бұл да Шафии мазһабына ұқсайды.
 

Ал бір бөлігі заңның басқа үкімдерін жинап бір-бірімен салыстыра отырып әлгі істің дұрыс орындалу жолын іздейді. Бұлар Ханбалимазһабына ұқсайды.  

Пайғамбарымыз мазһабсыздардың шығатынын хабарлаған  

Құран кәрімде былай делінген: «Адамдар дінде әр түрлі топтарға бөлінді. Әр топ өз жолын дұрыс деп ойлап қуануда.» (Мү’минун 53) 

Пайғамбарымыз үмметінің басына келетіндерді білдіріп жатып: «Үмбетім 73 топқа бөлінеді. Олардың ішінен 72-сі тозаққа барады, тек бір топ қана құтылады.» деді. Сахабалар мұны естігенде “Ол қай топ?” деп сұрады, сонда пайғамбарымыз «Бұл топтағылар менің және сахабаларымның жолымен жүргендер!» деп бұйырды. (Тирмизи) Ислам ғалымдары бір ауыздан бұл топтың, яғни құтылатын топтың “Әһли сүннет”екендігін білдірген. (Абдулхақ Дәхләуи, Имам Раббани)

 Демек дұрыс жолда болу үшін пайғамбар және оның сахабаларының жолымен жүру керек екен. Сахабалардың жолын оларды көргендерден басқа ешкім жақсы біле алмайды. Ал пайғамбарды жолын сахабалардан өзге ешкім толық біле алмайды. Әһли сүннет жолының имамы болған Имам Ағзам әбу Ханифа Сахабалрды көрген ұрпақтың заманында туып өскен. Яғни Табеин деп аталатын екінші ұрпаққа жатады. Қалған үш мазһабтың имамдары Табиинді көрген “Табе-ул Табеин”, яғни үшінші ұрпақтың ғұламалары саналады. Осы ақиқаттарды ескеретін болсақ алғашқы үш ұрпақтан ғасырлар кейін майданға шыққан жаңа ағымдардың әһли бидғат екендігі және тозаққа баратындығы нақты түсінілген болады. 

Өйткені хадис шәрифтерде былай деп айтылды: «Ең жақсы, ең қайырлы адамдар менің ғасырымда болған мұсылмандар(Сахабалар). Олардан кейін ең жақсылары олардың артынша келгендер (Табеин). Олардан кейін ең жақсы адамдар олардың артынан келетін мұсылмандар (Табеул Табеин). Ал олардын кейін келетін қауымдар арасында өтірік, жалғандар көбейіп кетеді. Олардың сөздеріне де, істеген істеріне де сенбеңдер.» (Бұхари) 

Олай болса кейін келетін мұсылмандардың жазғандары, айтқандары, істегендері осы үш ұрпақтың мирасына сәйкес болмағанша түкке де тұрмайды. 

«Әрбір ғасыр өзінен бұрынғы ғасырға қарағанда жаманырақ болады. Осылайша қияметке дейін бұзылып бара береді.» (Хадиқа) 

Пайғамбар заманынан ұзақтаған сайын жамандықтар және жамандар арта береді. Уақыт өткен сайын ескі ғасырлардағы мәдениетке, имандылыққа жету қиын болып кете береді. 

«Аллаһтың салиһ құлдары бір-бірінің артынша ахыретке көше береді. Ал артта арпамен құрманың қалдықтарына ұқсап, қадірсіз төменгілер қала береді. Аллаһу та’ала оларға ешқандай мән бермейді.»(Бұхари) 

Кейін келгендердің бұрын өткендердің ізімен жүру керектігі, кейін келген ғалымдардың бұрын өткен ғалымдардан нақыл ету арқылы, яғни олардың кітаптарындағы үкімдерге сүйеніп, уағыз-насихат жасауы керектігі бұл жерден де көрініп тұр. 

«Қиямет жақындаған сайын ілім азаяды, сауатсыздық артады.» (Ибн Мажә) 

Бұл хадис шәриф те барған сайын ғалымдардың емес, керісінше дүмшелердің көбейетінін хабар беруде. 

«Ахыр заманда кейіннен келетіндер бұрын өткен ғалымдарды сауатсыздықпен айыптайтын болады.»(Ибн Асакир) 

Бұрын өткен ғұламаларды хадистің сахихын, зайифын ажырата алмаған деп айыптайтын дүмшелердің келетінін де осылайша пайғамбарымыз хабар берген. 

«Аллаһу та’ала бір ғалымның рухын алатын болса, Исламның бір бөлігі ойылғандай болады. Қияметке дейін оның орнын ешкім толтыра алмайды.» (Дәйләми)

 Бұл да ахыр заманда көбейіп кеткен Шейх Албани, Шейх ибн Баз сияқты жасанды шейхтардың ешбірінің ислам ғалымы еместігін және бұрынғы ислам ғұламаларының орнын баса алмайтынын көрсетіп тұр.

 

Ассалаумаалейкум уарахматуллахи уабаракату. Менин сурагым каспи банктен депозит ашып 1000000 тг жиналды, сонын пайызын жетимдерге берип, ал салган акшамды озиме алсам боладыма екен. Бул шаригатка кайшы емеспе?

Уа ғалейкумуссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Иә, өсіммен айналысатын банктерге депозитке ақша салып, оның үстіндегі өсімін алу – харам. Құран Кәрімде осыған қатысты Ұлы Жаратушы: «Әй мүміндер! Аллаһтан қорқыңдар. Егер (Аллаһқа) сенсеңдер өсімнен қалған (үстіндегі пайызын)қалдырыңдар(алмаңдар). Егер оны істемесеңдер, (өсім алғанды қоймасаңдар)онда Аллаһ пен Пайғамбары тарапынан соғыстың болатынын біліңдер. Егер тәубе қылсаңдар, малдарыңның басы (пайыздық өсімнен бөлек қаржыларың түгелімен) өздеріңе қалып, сонда ғана зұлымдық етпеген және зұлымдыққа ұшырамаған боласыңдар»(Бақара, 278-279.), – деп ескерткен. Бұл жердегі тәубе сөзінің мағынасын көрнекті ғалым Юсуф әл-Қардауи: Адамға пайыздық өсімнен тыс, мал-дүниесінің таза өзі, ақшаның басы қалу мағынасын береді. Ал бастапқы ақшаға қосылғаны – өсім болып саналады. 
Сондықтан, депозитке салған ақшаңызды алып, өсімді садақа етіп таратсаңыз болады.

Ассаламу алейкум! Имамдарга сурак койсам кешириниздер. мен 2 курста окып жургенде группадагы кыздар дебатка катысты сонда такырып хиджаб маселеси болыпты мен сонда 2 курста енди динге кирип келген ем ендигана хиджаб киген ем дебатка катыскан кыздар хиджаб жайлы сурак койган болар сонда имам хиджаб арабтардын улттык киими арким ози биледи киема жокпа оз еркилери депти неге олай деген хиджабтын парыз екени неге айтылмаган мен тан калдым бирак сондада ойым озгерген жок имамдарымыз осылай десе намаз окысада хиджаб кимей журетиндер кобеймей ма акикатты айтудан халыктан неге жаскану керек автобуста журсен кыздарымыз турмак казир айелдеримиз аже апаларымызды корип мен уялып кетем кемпир болып кыз болам диди хиджаб жайлы кобирек айтсаныздар уагыздасаныздар отинем кеширим сурайм алдын ала озиме ынгайсыз болды кеширесиздер Аллах разы болсын!

Уа ғалейкумуссалам! Әйелдердің басын жауып, ұзын киім киюі – Құранның тікелей бұйрығы. «Нұр» сүресінде: «Мүмін әйелдерге айт, өздеріне харам етілген нәрселерге қарамасын, ұятты жерлерін зинадан, күнә атаулыдан қорғасын, мәжбүр көрінген жерлерінен (бет, екі қол, тобықтан төмен екі аяқ) тыс әдеміліктерін көрсетпесін. Орамалдарын жағаларын да (яғни, мойын, көкіректері ашық қалмасын) жабатындай етіп тақсын...» ("Нұр" сүресі, 31-аят),– делінеді. Құранда қыз-келіншектердің киетін киімінің нақты пішімі айтылмаған. Тек әйел баласы өзінің дене бітімін ерекше айқындамайтын кеңдікте, жүзі, екі қолы, тобықтың төменгі жағынан тыс басқа барлық жерлерін жабатындай кез келген киім үлгісін таңдап кисе болғаны. Бұл шарттар орындалғаннан кейін, сәнді, әрі өзіне жарасымды жалпы эстетикаға сай киім киюге ислам дінінде қарсылық жоқ. Сауд Арабиясы мен Ирандағы әйелдер сияқты қара киіп жүру үрдісі барша мұсылмандар ға парыз емес. Ондай киім үлгісі олардың өз әдет-ғұрыптары мен қоғамына қарай таңдалған. Сондықтан, Құран өлшемдерінен шықпау шартымен әр мұсылман киім үлгісін өзінің менталитеті мен әдет-ғұрыптарына, заманына қарай, әрі өздері өмір сүріп отырған жерлердегі ауа райы ерекшеліктеріне ыңғайлы етіп таңдай алады. Мысалы, қазақ жерінің әр өңіріне тән әйел кимешегі болған. Тіпті, әйелдердің жас ерекшеліктеріне де байланысты кимешек үлгілері тігілген. Ата-бабаларымыз «ғұрпымызда орамал тағу жоқ» деп, Құран қағидасына қарсы шықпаған. Керісінше, оны ғұрпымен сабақтастырып, ою-өрнегімен көркемдеп, өзінің төл киім үлгісіне айналдыра білген. Бүгінгі таңда да Құран өлшемдерін ескере отырып, заман талабына сай әр түрлі ұлттық киім үлгілерін тігуге неге болмасын?! Осылай істер болсақ, бәлкім, орамал тағып, ұзын киім кию – ананың, мынаның ұлттық киімі дегендей таяз түсініктерден арылар едік. (Қ.Жолдыбайұлы «Күдікпен күрес», «Көкжиек» баспасы, Алматы, 2008ж. 151-бет.)

Биз 8 сыныпта окимыз намаз окуга ниет етип журмиз биз сабакка баратындыктан бесінді намазына улгере алмайды екенбиз енди калай окысак болады жане еттеккир келген жагдайда кыздар окымайды екен бирак онын казасын калай окиды

Бесін уақыты – күннің көктің ең жоғары тұсынан батысқа қарай ауа бастағанда басталып, барлық нәрсенің көлеңкесі өзінен бір есе ұзаруына дейін жалғасады. Бесіннің осы уақыты – алғашқы аср (намаздыгер) деп аталады. Бұл – Әбу Юсуп, Имам Мұхаммед, Шафиғи, Малик және Ханбәлдің көзқарастары. Әбу Ханифа бойынша, бесіннің уақыты барлық нәрсенің көлеңкесі, екі есе ұзарғанға дейін жалғасады. Осы кезде бесін намазы шығып, аср (намаздыгер) уақыты кіреді. Бұны – екінші аср деп атайды. Фақиһтердің көпшілігінің дәлелі мына хадис: Жебірейіл (а.с.) Хазіреті Пайғамбарға намаздың уақытын үйреткен кезде, екінші күні барлық дененің көлеңкесі бір есе болғанға дейін намазын оқыған (129 Әбу Дәәуд, Салат, 2; Тирмизи, Мауақит, 1;). Әбу Ханифаның дәлелі болса, Хазіреті Пайғамбардың мына хадисі: «Бесін намазын салқын түскен сәтте оқыңдар. Өйткені, бесін уақытындағы ыстықтың дәрежесі, жаһаннамның ыстығын еске түсіреді» (Бухари, Мауақит, 9-10. Муслим, Масажид, 180-181). Араб түбегінде қатты ыстық болған уақыт – барлық нәрсенің көлеңкесі бір есе болған кез. Сол себепті, бесінді жаздың салқын уақытында оқу – мұстахап. Бесін намазы уақытының бастауына байланысты барлық мүштәһиттердің сүйенген дәлелі мына аят: «Күн батысқа ауғаннан, түн қараңғылығына дейін намаз оқы» (Исра, 78). Бесін намазының соңғы уақыты жайлы екі түрлі көзқарастан құтылу үшін бесін намазын алғашқы асырдан бұрын оқу, ал аср (намаздыгер) намазын – екінші аср болғанша оқымаған абзал.
Демек, сіз бесін намазын алғашқы басталған уақытында оқи алмасаңыз, аср (екінті, дігер) намазына дейін оқып алсаңыз дұрыс болып саналады.


Хайз (етеккір) және нифас (босанғаннан кейін келетін қан) күндерінде намаз, ораза, мешіттіің ішіне кіру, Құран кәрім оқу және ұстау, тауаф, жыныстық қатынас төрт мазһабта да харам болады. Оразалардың қазасын ұстайды. Намаздарын қаза етпейді. Намаздары кешіріледі. Әр намаздың уақытында дәрет алып, жайнамаздың үстінде сол намазды оқитындай уақыт отырып зікір, тәсбих етсе, ең жақсы оқыған намазының сауабын алады.