Ислам асыл дініміз

Ассалаумағалейкум! Бұл дүниеден өткен ата-бабаларымызға ,дастархан басында,құдай тамақта.т.б, жерде құран бағыштауды толық нұсқасымен жазып берсеңіз.,дұғасымен.Алдын ала рахмет!

Уа ғалейкумуссалам! «Фатиха» сүресі

Ағузу биллаһи минәш шайтанир – ражим.
Би – исми – л лаһи – р – рахмани – р – рахим.
Әл – хәмду лиллаһи рабби – л - әләмин.
Ар – рахмани- р – рахим.
Мәлики йауми – д – дин.
Ий – ака нағбуду уә ий - әкә нәстағин.
Иһдина – с – сирата – л – мустақим.
Сирата – л – ләзинә әнғамта ғалейһим ғейри – л - мағдуби ғалейһим уа – ла- д – даллин (Әмин).
(Әминді әр уақытта іштен айтады).

«Ықылас» сүресі 
Би – исми – л – лаһи – р – рахмани – р – рахим. 
Құл һуа аллаһу ахад. 
Аллаһу – с – самад. 
Ләм йалид уа ләм йуләд 
Уа ләм йакүн ләһу күфуән ахад. 

Садақол – Лаһул – Азим. 

Сүбханә Раббикә-Раббил-ғиззаты ғамма йәсифун.
Уә саламүн ғаләл-мурсәлин. 
Уәлхамду лиллаһи Раббил-ғаләмин.
(Әмин). 

Иә, Ұлы Алла осы оқылған Фатиха, Ықылас сүрелерінен болған сауапты Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.), Пайғамбарларға, Сахабаларға, Әулие-Әмбиелерге, Шаһидтерге, дүниеден өткен барша мұсылмандарға (өзімнің дүниеден өткен ата-бабаларыма, әке-шешелеріме, туған-туысқан-дарыма, аты-жөнін айту керек) бағыштадым.
Иә, Алла! Ата бабаларымның рухтарын шат-шадыман етіп, осы оқылған Құранның нұрымен нұрландырып, қабір азабынан сақтап, жандарын жәннатта ете гөр! 
Иә, Алла! Біздерді – үй ішімізді, халқымызды қайғы – қасіреттен, қорлық – зұлымдықтан, табиғи апаттардан, мың бір атты пәледен, жүз бір атты пәледен сақтай гөр! Дұға тілектерімізді қабыл етіп, екі дүниеде де нығметіңе бөлей гөр!
Раббәна атина фиддүния хасанәтән.
Уә Фил-ахирәти хасанәтән уә қина ғазәбәннар. 
«Раббымыз! Біздерге бұл дүниеде де, ахиретте де оның жақсылығын бере гөр, от ғазабынан сақта! Аллаһу Әкбар!»

Әйел затына Ішімдік ішудің зияны?

Салтанат

Құрметті Салтанат ханым! Маскүнем әйел ұлттың түбіне жетеді?

Дәрігердің айтуынша, қазір статистика көрсетіп отырғандай, 35-тен асқан азамат­тар арасында ішімдікке әуестік деңгейі жоғары болып отыр. Жасы үлкен азаматтар ара­сында да ішкілікке құмарлар баршы­лық. Соңғы үш жылда алкогольді қабылда­ған жасөспірімдер саны екі есе көбейген. Бұ­лардың дені — әке-шешесі маскүнем­дікке салын­ған балалар.

Маскүнемнің балалары көбіне ауру, кеміс, ақыл-есі кем болып туады екен. Мына статистикаға қараңыз: ішкілікті аз да бол­са ішетін әйелдердің өмірге әкелетін сәби­лерінің 80-90 пайызы әлсіз болады, олар болашақта психикалық қиындық­тар­ға ұшырайды, сөйлеу мүшелерінде кемістік бай­қалып, терісінде түрлі аурулар болады екен. 40-50 пайызының жыныстық мүше­ле­рінде кемістік байқалып, аяқ-қолының саусақтары қисық болып жаратылады. Ал 20-30 пайызында балалар жүрек ауруына шал­дығып, көру қабілеті төмен, 10 пайы­зының бүйрегі толық жасамайтын күйінде өмірге келеді. Сыра ішетін әйелдің ішіндегі баланың миына зақым келеді екен. Сыра демекші, қазір «өмірімде арақ ішіп көрген жоқ­пын» деп мақтанып, күніге кем дегенде бір-екі саптыаяқ сыра сіміруді әдетке айнал­дыр­ған әйелдер бар. Алайда жарты литр сыра­ның 50 грамм арақпен тең екенін біле бер­мейміз. ХІХ ғасырда ағылшындар қуа­ты жоғары ішімдіктермен күресу үшін олар­ды жеңілдеу деп саналатын сырамен ауыс­тыруды мақсат еткен. Алайда халық­тың сырамен тез дос болып, жағдайдың бұрынғыдан да ушығып кеткендігі соншалық – қазір оны шығарған елдің өзі сырамен күресіп әуре болып отыр.

— Сыраны көп ішкен адамның бүйрегі, бауыры, жүйке жүйесі, асқазаны, өт жол­дары ауырады. Бауыры, бүйрегі ісініп, адам­ның іші қампиып кетеді. Одан соң жү­ре­гі ауырады. Сыраның құрамындағы кө­мір­қышқыл газы қан тамырларына күш тү­сіре­ді. Қан тамырларына күш түскесін жү­рек­тің қызмет етуі нашарлап, еті босап, ісініп, сырты үлбіреп кетеді. Мұны дәрігер­лер «жүректің сыра синдромы», кейде «жү­ректің капрон шұлыққа айналуы» деп атай­ды. Сыраны көп ішетін әйелдердің әйел сиқы қалмайды, дене тұрқы ерлерді­кін­дей болып өзгеріп, кейбір әйелдерде тіпті мұрт шығатын болады. Арақ-шарап іше­тін қыз-келіншектер арасында кеуде безі қатерлі ісігімен ауыратын әйелдер жиі кездеседі, — дейді мамандар.

Әйелдер ерлерге қарағанда арақтың ырқына тез көнеді. Ерлер бес-алты жыл ішкеннен кейін араққа салынып кететін болса, әйелдерге екі-үш жыл жеткілікті екен. Себебі ер адамның ағзасында спиртті ішімдіктің зардаптарынан сақтандыратын ферменттер асқазан мен бауырда болса, әйелдерде тек қана бауырда ғана болады екен. Әйелдердің тез маскүнем болатыны, бірақ өте қиын емделетіні содан болса керек. Наркологтердің айтуынша, бұрын 3-4 жыл бойы алкогольді ішімдік ішкен адам­дарға созылмалы маскүнемдік диаг­но­зы қойылатын болса, қазір адамдардың бір жылдың ішінде араққа тәуелді болып қалу жағдайлары жиі кездеседі екен.

 

Ассалаумағалейкум! Адамның бойына жын-шайтанның кіріп алуы мүмкін бе? Бейуақыт деген қай уақыт? Бейуақытта ұйықтап қалған адамға не болады? Осы сұрақтарыма қатысты исламда не делінеді?

Санжар

Уа ғалейкумуссалам, Санжар мырза! Алла Құранда , “Сондай өciм жегендер, (қабырларынан) жын соғып тұрғандай есеңгіреп тұрады” деген. (Бақара сүресі, 275 аят) демек Аяттан көріп тұрғанымыздай адамның ішіне жын кіруі мүмкін. Және оны тек құран арқылы және жындарға қарсы сүннетте келген дүғалар арқылы ғана емдеуге болады.

Қазақтың салт-санасындағы «таңмен  таласпа, тал түсте далада жүрме, бейуақытта (күн батып бара жатқан кезде) ұйықтама» деген тыйымдар Ислам дінінен енген деуге болады, себебі, бұл уақыттарда намаз оқу ұнамсыз амалға жатады.

 

Мен намазга жыгылаиан деп едим калаи окитини билмедим бириншиден екиншиден колимнан келмеи жур

Наргиза

Уа ғалейкумуссалам, Наргиза ханым! Намаз оқуға деген ниетіңізге жетуіңізге қуана игі тілек тілей отырып, Алла разы болсын демекпіз! Бүгінде намаз үйрену үшін барлық жағдайлар жасалынған, кітаптар да, бейне таспалар да қолжетімді, мешітке барсаңыз үйретеді. Қазақта даналық сөз бар «Көз қорқақ, қол батыр» дегендей, намазды бастаңыз, қабыл болсын!

 

Ассалау мағалейкум! менин сауалым? намазды канша уакытка кешиктируге болады? мысале менин жумысым барысында? уакытысымен екінті намазын оқуға мүмкіндік жоқ, мен үйге жеткенше Шам намказына 15 минуттай уакыт калады, сол уакыт аралыгында отеуге бола ма? Рахмет!

Арнұр

Уа ғалейкумуссалам, Арнұр Екiнтi (намаздыгер, аср) намазының уақыты – Бесiн намазының уақыты бiтiсiмен басталады. Имам Юсуф және Имам Мұхаммедтiң үкімі бойынша бiр нәрсенiң көлеңкесi сол затпен бiрдей болғаннан бастап күн батқанға дейiнгi уақыт. Ал Имам Ағзам Абу Ханифаның үкімі бойынша, бiр заттың көлеңкесi өзiнен екi есе ұзын болғаннан бастап күн батқанға дейін.

Бiрақ күн қызарғаннан кейiн, яғни батуына найза бойы қалғанда қандай да бiр намаз оқу харам болады. Екінті намазын бұл уықытқа дейін кешіктіру харам. Алайда, сол күннің екінті намазы оқылмаған болса, күн батқанға дейін оқу керек.

 

Ассалаумағалеикум!Сіздерге қояр сұрағым ,зират басына барғанда құран бағыштаудың толық нұсқасын жазып жіберсеңіз және құран оқып болған соң дұғаларды айтсаңыз.

Уа ғалейкумуссалам! «Фатиха» сүресі

Ағузу биллаһи минәш шайтанир – ражим.
Би – исми – л лаһи – р – рахмани – р – рахим.
Әл – хәмду лиллаһи рабби – л - әләмин.
Ар – рахмани- р – рахим.
Мәлики йауми – д – дин.
Ий – ака нағбуду уә ий - әкә нәстағин.
Иһдина – с – сирата – л – мустақим.
Сирата – л – ләзинә әнғамта ғалейһим ғейри – л - мағдуби ғалейһим уа – ла- д – даллин (Әмин).
(Әминді әр уақытта іштен айтады).

«Ықылас» сүресі 
Би – исми – л – лаһи – р – рахмани – р – рахим. 
Құл һуа аллаһу ахад. 
Аллаһу – с – самад. 
Ләм йалид уа ләм йуләд 
Уа ләм йакүн ләһу күфуән ахад. 

Садақол – Лаһул – Азим. 

Сүбханә Раббикә-Раббил-ғиззаты ғамма йәсифун.
Уә саламүн ғаләл-мурсәлин. 
Уәлхамду лиллаһи Раббил-ғаләмин.
(Әмин). 

Иә, Ұлы Алла осы оқылған Фатиха, Ықылас сүрелерінен болған сауапты Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.), Пайғамбарларға, Сахабаларға, Әулие-Әмбиелерге, Шаһидтерге, дүниеден өткен барша мұсылмандарға (өзімнің дүниеден өткен ата-бабаларыма, әке-шешелеріме, туған-туысқан-дарыма, аты-жөнін айту керек) бағыштадым.
Иә, Алла! Ата бабаларымның рухтарын шат-шадыман етіп, осы оқылған Құранның нұрымен нұрландырып, қабір азабынан сақтап, жандарын жәннатта ете гөр! 
Иә, Алла! Біздерді – үй ішімізді, халқымызды қайғы – қасіреттен, қорлық – зұлымдықтан, табиғи апаттардан, мың бір атты пәледен, жүз бір атты пәледен сақтай гөр! Дұға тілектерімізді қабыл етіп, екі дүниеде де нығметіңе бөлей гөр!
Раббәна атина фиддүния хасанәтән.
Уә Фил-ахирәти хасанәтән уә қина ғазәбәннар. 
«Раббымыз! Біздерге бұл дүниеде де, ахиретте де оның жақсылығын бере гөр, от ғазабынан сақта! Аллаһу Әкбар!»

Mенің отбасыма қызығушылар көп Мен не істеуім керек

Адамға, жануарға, тіпті жансыз нәрселерге де көз тиеді. Көз тиюі ауруға шалдықтырады, тіпті өлтіреді де. Әйелдерге және кішкентай балаларға көп әсер етеді.

Пайғамбарымыздың заманында Әсәд ұлдарынан көзі тиетін біреу болған. Үш күн ешнәрсе жемей кейін сыртта өтіп бара жатқан түйеге қарап «мына сияқты күшті түйе көрмедім» деп айтуымен түйе жерге құлап ауырып қалатын еді. Мүшриктер бұл адамды тауып пайғамбарымызды көзімен өлтіруін сұрайды. Хақ та’ала расулуллаһ алейһиссаламды оның көзінен сақтады. Бұл турасында Қалам сүресінің «Кәпірлер сені көздерімен құртпақшы болды.» деген 51-ші аяты түсті.

 Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Көз тиюі хақ.» (Муслим)

 «Көз адамды мазарға, түйені қазанға түсіреді.» (Ибни Ади) 

«Адамдардың жартысы көз тиюден өледі.» (Табарани)

Көз тиген адам төмендегі дұғалардың бірін немесе барлығын оқуы керек:

1- Фатиха, Аятүл-күрси, Кәфирун, Ихлас, Фәлақ, Нас сүрелерін 7 реттен оқып ауру адамға үрлесе, дуаланған, көз тиген және басқа да барлық аурулар үшін жақсы болады. Тұзға оқып, сол тұзды суға ерітіп ішуге де болады. Бір хадис шәрифте: «Фатиха мен Аятүл-күрсиді оқыған адамға сол күні көз тимейді» делінген. (Дәйләми)

2- Бір хадис шәрифте: «Таңертең және кешке (бисмилләһпен) 3 рет “Бисмилләһилләзи лә ядурру мә’асмиһи шәйун фил арди уә лә фиссәмаи уә һуәссәмиул-алим” дұғасын оқыған адам дуаланудан және көз тиюден сақталады.» делінген (Ибн Мажә)

3- Аятул-күрси, Фатиха, Фәлақ, Нас сүрелерін және Қалам сүресінің соңын оқып жүру өте жақсы болады. (Мәдариж)

4- Пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уә сәлләм” Фәлақ және Нас сүрелерін оқып былай деді: «Осы екі сүремен (бәлелерден, көз тиюінен) қорғаныңдар! Ешкім ешнәрсемен осы екі сүремен қорғанғандай қорғана алмайды.» (Әбу Дауд)

5- “Әузу би-кәлимәтилләһиттәаммәти мин шәрри күлли шәйтанин уә хаммәтин уә мин шәрри күлли айнин ләаммәтин” дұғасын таңертең және кешке 3 мәрте оқып өзінің үстіне немесе ауырып қалған адамның үстіне үрлесе көз тиюінен, жыннан, шайтаннан және жануарлардан келетін зияндардан қорғайды. (Мәуахиб)

6- Пайғамбарымыз алейһиссалам көз тиген адамға Аллаһүммә барик фиһи уә лә тәдарруһудұғасын оқитын еді. (Ибн Сүнни)

7- Әрбір адам, әсіресе көзі тиетін (өтетін) адам бір нәрсені көріп, оны ұнатса “Машааллаһ” деп айтуы керек, айтатын сөзін одан кейін айтуы керек. Бірінші көрген сәтте “Машааллаһ” деп айтса көзі тимейді. Хадис шәрифте: «Ұнатқан нәрсені көрген кезде “ Машааллаһ лә қууата иллә билләһ” деп айтса ол нәрсеге көз тимейді» деп айтылған. (Бәйһақи) 

8- Көз тиюден қорғану үшін аяти хырз деп аталатын аяттарды оқу керек және өзімен бірге тұмар қылып алып жүру керек.

9- Хазреті Ибн Абидин Рәддул-мухтар кітабында былай дейді:

“Көз тимеуі үшін егіншілік жерге тұлып (чучело), малдың бас сүйегін қою жаиз. Бір әйел бақшасындағы өнімдеріне көз тимеуі үшін не істейтінін сұрағанында расулуллаһ “Бақшаңа малдың бас сүйегін іл” деп бұйырады. Өйткені бас сүйек биікте, ерекшеленіп бірден көзге түседі. Бақшадағы егінді кейін көреді..”

Көзмоншақ таққан адам егер осы мақсатта тағатын болса жаиз болады.

 10- Тиуәлә, тәмимә және әфсун жаиз емес. Мағынасыз немесе күпірлікке себеп болатын руқя (дуа, сиқыр) сөздерін оқу әфсун деп аталады. Осы нәрсе көз тиюден қорғайды деп сенілетін көзмоншақтар тәмимә (талисман) деп аталады. Махаббат бойтұмары деп аталатын, ішіне жұбайының сүйіспеншілігін тарту үшін дуа, сиқыр сөздерін жаздыру және оған сену тиуәлә деп аталады. Руқя дегеніміз оқып үрлеу немесе өзімен бірге алып жүру деген сөз. Руқя Құран аяттарымен және хадистерде білдірілген дұғалармен жасалса, тауиз деп аталады. Тауиз жасау жаиз. Хадис шәрифте: «Емнің ең жақсысы Құран кәрім» делінген. (Ибн Мажә)

 11- Хазреті Имам Раббани шәкірттерімен жол жүріп бара жатып бір жерге қонақтайды. Хазреті Имам Раббани: «Түнде бір пәлекет келеді. (Бисмилләһпен) “Бисмилләһилләзи лә ядурру мәасмиһи шәйун фил арди уә лә фиссәма-и уә һуәссәми’ул алим” дұғасын 3 мәрте оқыңдар.» дейді. Сол түні үлкен өрт шығып, барлық бөлмелердегі заттар жанып кетеді. Ал дұғаны оқығандарға ешнәрсе болмайды. Дерт, пәлекет, фитнә, сырқат, көз тиюі, сиқыр және залымдардың қастандығынан қорғану үшін таңертең және кешке хазреті Имам Раббанидің айтқанын еске түсіре отырып осы дұғаны 3 мәрте оқу керек. Хадис шәрифте де былай делінген:

«“Бисмилләһилләзи лә ядурру мәасмиһи шәйун фил арди уә лә фиссәма-и уә һуәссәми’ул алим” дұғасын таңертең 3 мәрте оқыған адамға кешке дейін, кешке оқыған адамға таңертеңге дейін пәлекет келмейді» (Ибн Мажә) 

 

салеметсизбе!менын кояйын деген сурагым,жакында быр кыз балгерге барды.балгер оган барын дурыс тауып айтып берды тыпты естып тан калды.болашакта казыргы жакын адамынызбен бырге болмайсыз, баска адамга турмыска шыгасыз деды.казыргы жагдайлардын барын дал тауып турган балгердын болашактагы болжаганы дурыс боладыма алде олай болмауы да мумкын бе? Себебы бары быр Алланын колында гой.

Уа ғалейкумуссалам! Көріпкел, балгер, құмалақшы, жұлдызшы және тәуіп. Бұлардың атаулары әртүрлі болғанымен тірлігі бір. Олар түрлі тәсілмен ғайыптан хабар берумен айналысады. Адамның өткен шағы мен болашағы жайлы айтқысы келеді. Олар карта, кофе, тас немесе құмалақ пайдалануы мүмкін.

Көріпкелдер жайлы Құран Кәрімде: «Шайтандар кімге түседі, сендерге хабар берейін бе? Олар әрбір өтірікші, күнәкарға түседі. Олар шайтандарға құлақ салады. Олардың көбі өтірікші(Шұғара сүресі, 221-223 аяттары)»,-деп айтылған.

Ғайып тек Аллаға аян. Шын мәнінде, ғайыпты тіпті таңдаулы пайғамбар да, ең ұлық періште де білмейді. Алла тағала: «(Мұхаммед (с.ғ.с.) Алла қаламайынша, өзім үшін пайда, зиян келтіру күшіне ие емеспін. Егер көместі білген болсам, әрине, жақсылықты көбейтіп алар едім. Сондай-ақ, маған бір сәтсіздік жұғыспас еді. Мен иман келтірген елді ескертуші және қуантушы ғанамын» де(Ағраф сүресі, 188-аят)»,–деп беймәлім өткеннің мен бұлыңғыр болашақтың ақиқаты айтылған.

Фиқһ ғалымдары пікірінше, көріпкелдікпен айналысу (ғайыпты білемін деп жариялау) және сол ісін кәсіп етіп тапқан табысы – харам. Бұл шариғат рұқсат етпеген жолмен келген ақша. Сонымен бірге, «тәуіпке барып өткен және болашақ жайлы немесе бір істің немен бітерін сұрау да харам» деп пәтуа берген.

Айша (р.а.) анамыз риуаят етеді: Адамдар көріпкелдер жайлы сұрағанда пайғамбар (с.ғ.с.): «Олар түкке тұрғысыз»,– деп жауап береді. Адамдар: «Уа, Алла елшісі! Олардың кейде айтқан сөзі рас боп шығады»,–дейді. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Ол бір шындық сөзді жын естіп, серігінің (көріпкелдің) құлағына сыбырлайды, ал ол оған жүз жалған сөзді араластырып айтады(Бұхари 2210, Муслим 2228)»,–деген екен.

Ассаламуғалейкум. Менің сіздерге бір сұрағым бар еді. Мен 17 жастамин атам қазақ 13 жаста отау иеси деген. Мен бір қызды жән тәним мен суйп қалдим мен ол қызбен отбасы қурғым келет, мен ол қызды алып қашип кеттсем күнә емеспе.

Уа ғалейкумуссалам! Жалпы адамның бостандығы мен құқығына қол сұғуға шариғатымызда қатаң тиым салынған. Бұл адамның ар-намысын аяқ асты ету және күнә іс. Қыз алып қашу да сол сияқты.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қоштасу қажылығында Мина жазығында тұрып, құрбандық күні: «Расында, сендердің қандарың, мал-дүниелерің және ар-намыстарың бір-біріңе осы қасиетті (Мекке) қаласы, осы қасиетті (қажылық) айы, осы қасиетті (құрбан айт) күніндей қастерлі (қол сұғуға тыйым етіледі)», – деп,(Бұхари мен Муслим) адам ар-намысының қаншалықты қастерлі екендігін ескерткен.

Сонымен қатар, ҚР Ата Заңы бойынша да мұндай әрекет қылмыс саналады. Адам ұрлау және бас бостандығынан айыру заңмен жазаланады(ҚР Қылмыстық кодексінің 125 және 126-баптары).

Халқымызда «Қыз мұраты – кету» дегендей, теңін тапқан қыздың жолын байламау дәстүр тағы бар. Бұл – шариғатқа негізделген дәстүр. Шариғатта «Ең жақын уәли ұзақ сапарда болса, қыздың теңін күттірмеу үшін кейінгі уәли тұрмысқа береді(Әл-Ихтияр лит-таълил мухтар, 2-том, 119-бет)» деп айтылған. Мәселен, қыздың жақын туыстары қайтыс болса, қызды айттырып келу ерсі саналады. Қазалы үйде біраз уақытқа дейін құда күту сияқты қуанышты шаралар жасалмайды. Бірақ, қыздың бағын байламау үшін ана-атасы өз баталарын береді де «қыз қашып» кетеді. Алайда, бұл қызды зорлықпен алып қашу емес.

Қызды тұрмысқа ешкім мәжбүрлеп бере алмайды. Неке мәселесінде қыздың өзі шешім қабылдайды Тіпті, әкесі де еріксіз тұрмысқа бере алмайды.

Ибн Аббас (р.а.): «Бір қыз Алла елшісіне (с.ғ.с.) келіп әкесі еркінен тыс тұрмысқа беріп жатқанын айтып шағымданады. Сонда пайғамбар (с.ғ.с.) қызға өзіне таңдау жасауға рұқсат етеді(Ахмет, Әбу Дауд, Ибн Мажаһ)»,-деп риуаят етеді.

 Ассаламаалекум уа рахматуллахи уа баракатух!шариғат бойынша қызға сөз салу ,үйленбей тұрып күтім ,үйлену туралы діни жолмен айтып кетсеңіз

Уағалейкумуссалам уа рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Шариғатта қалыңдық айттырып, құда түсуді «Хитба» дейді. Бір қызды айттырмас бұрын жігіт мына төмендегі кеңестерді ескергені жөн:

1. Айттырғысы келген қызды көруі тиіс. Исламда үйленгісі келген жігіт, болашақ жарын  алдымен көргені дұрыс. Өйткені, өзара ұнату маңызды. Ұнатқандығын не ұнатпағандығын білудің бастапқы жолы бірін-бірі көру екендігі сөзсіз. 

Алланың Елшісі бірнеше хадисінде айттырғысы келген қызды алдымен көруді кеңес етеді. Бірде сахаба әл-Муғира бір әйелді айттырғанын айтқанда, Пайғамбарымыз (с.а.у): «Оны көр! Көру – араларыңды нықтай түседі»(Тирмизи, ән-Никах – №1087 хадис.; Әл-Мустадрак, ән-Никах – №2743 хадис), – деген.

Дегенмен, айттырғысы келген қызды көрудің шариғатта өзіндік талаптары мен шарттары бар. Олар төмендегідей:

  • Үйлену ниетінде болуы тиіс.Пайғамбарымыз (с.а.у) өзінің бір хадисінде: «Кімде-кім бір қызды айттырғысы келсе, оған (мұқият) қарауына рұқсат, егер шынымен де айттыру мақсатында болса. Қыздың (оны көргендігін) білуі шарт емес»(Әл-Һайсәми, Мәжмәғ, ән-Никах – №7455 хадис), – дей отырып, қызды тек айттыру мақсатымен көре алатындығын айтуда.
  • Қыздың жүзіне, білезікке дейін қолына қарауына рұқсат.Себебі, арада неке болмағандықтан, қыздың қалған жерлері шариғат бойынша жабық болуы шарт. 
  • Қол ұстасу, құшақтасу сияқты тыйым салынған (неке қиылмайынша) әрекеттерге бармауы керек.
  • Оңаша қалатын жерде кездеспеуі тиіс. Кездескенде қыз жалғыз емес, қасында туысының бірі болуы керек. Пайғамбарымыз (с.а.у): «Ер кісі өзіне бөтен әйелмен оңаша қалмасын. Сөзсіз, үшіншісі шайтан болады. Бірақ (қыздың) туысын серік қылса, ол басқа»(Ахмад ибн Ханбал – №15269 хадис), – деген.
  • Өз таңдауына толығымен сенімді болуы үшін бірнеше рет көрісуіне рұқсат.
  • Сондай-ақ, айттырғысы  келген қызды сырттай бақылауға да рұқсат. Жоғарыда келген хадисте Алланың Елшісі: «...Қыздың (оны көргендігін) білуі шарт емес»(Әл-Һайсәми, Мәжмәғ, Китабун-Никах – №7455 хадис), – дей отырып, айттырғысы келген қызды сыртынан бақылауға болатындығын айтып отыр. Кей кездерде қызды әуелі сырттай көрудің де пайдалы жағы жоқ емес. Өйткені, жігіт ұнатпаған жағдайда, қыздың көңіліне қаяу түспеуіне септігін тигізеді. 

Қазіргі таңда жоғарыдағы талаптарға көбіне назар аудармағандықтан, арты сүйкімсіз әрекетке алып кеп жатады.   

2. Өзгенің сөз байласқан қалыңдығын айттыруына болмайды. Пайғамбарымыз (с.а.у) Сахих Бухариде келген бір хадисте: «...Ешкім өзінің дін бауырының қалыңдығын айттырмасын. Бірақ, егер байласқан сөзін бұзған болса немесе өзі рұқсат берген болса, ол басқа», – деген. Алайда, хадисте айтылғандай, егер жігітінің өзі рұқсат берген болса яки қыз бен жігіт өзара уәделерін бұзған болса, ол жағдайда әлгі қызға сөз салудың еш әбестігі жоқ.Сонымен қатар, қыз жағынан оңды жауап берілмеген болса да, бұл қызға өзге жігіттің сөз айтуына рұқсат, алдыңғы жігіттің жауапсыз ұсынысы кедергі емес.

3. Ажырасқаннан кейінгі «ъиддәт мерзімін»(Ажырасқан қыз өзгеге тұрмысқа шығуы үшін (егер аяғы ауыр болмаған болса) үш етеккір уақыты күтеді) күтіп отырған қызды мерзімі біткенше айттыруға болмайды. Себебі, әлі ерлі-зайыптылық құқы толығымен жойылмаған әйел кісіге өзгенің сөз салуы – әбестік, әуелгі еріне көрсеткен құрметсіздік. Мұндай, әрекеттер қоғамда ұрыс-керіс тудырып, адамдар арасында дұшпандық пайда болады.

Ал, жесір әйелдің күтетін мезгілі (ъиддәті) – төрт ай он күн. Осы  уақыт ішінде оған үйлену ұсынысын ашық түрде, тікелей білдіруіне болмағанымен,  ниетін астарлап жеткізуге рұқсат(Бақара – 235 аят) 

Ендеше, әрбір отбасы құрғысы келген мұсылман қыз бен жігіт жоғарыда айтылған талаптарды қатаң ескергені жөн. Бұл алғышарттар болашақта отбасы іргесінің берік те мығым болуына септігін тигізері анық(Абдулла Насых, Әдәбуль Хитба; Әбу Заһра, әл-Әхуалуш Шахсия - 28 бет; АбдульУаһһаб әл-Хәлләф, Әхкәмул Әхуалиш Шахсия - 19 бет.; Әхкәмуш шарғия филь Әхуалиш Шахсия ала мәзхаби Әби Ханифа - 14 бет).