Ислам асыл дініміз

Кешірерсіздер сұрағым жөнсіздеу бірақ сіздің ойынызды білгім келеді. Күйеуім жауапкершілік дегенді мүлдем сезінбейді көп отірік сөйлейді осы кісіні қалай жөнге сала аламын?

Шындығы азайғанның досы азаяды.
Ғұламалар өтірікті үлкен күнәлар қатарына қосады. Алла тағала мен Пайғамбарымызға қатысты өтірік айту аса күпірлік. Қасиетті Құранның 167 жерінде өтірік айтудың күнә екендігі ескертілген. Басқа үлкен күнәларға мұншалықты көңіл бөлінбеген. Осының өзі-ақ өтіріктің қаншалықты ауыр екендігіне кепіл. Өтірік айту – кәпір немесе мұнапық екі жүзді адамның ісі.
Қасиетті Құранда: «Алланың аяттарына иман келтірмейтіндер ғана өтірік айтады. Әне солар өтірікшілер» делінген («Наһл» сүресі, 105-аят). Араб тілінде өтірікші адамды «кәззәп» дейді. Ислам білгірі ибн Хажар: «Өтірік – бір оқиға туралы біле тұрып, оны теріс түсірдіру» дейді. Өтірік шындыққа қарама-қайшы жаман әдет. Өтірік айту тек сөзбен емес іс-әрекетпен де болады.


Құрани Кәримнің «Наһл» сүресі, 116-аятында:
«Мынау адал, мынау арам» деп ауыздарыңа келген өтірікті айта бермеңдер. Әйтпесе Алланың атынан өтірік айтқан боласыңдар» делінсе, «Зүмәр» сүресінің 60-аятында: «(Мұхамед с.ғ.с.) Қиямет күні Аллаға өтірік айтқандардың беттері қап-қара болғанын көресің» делінген.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кім менің атымнан өтірік айтса, өзіне тозақтан орын дайындай берсін» деген. Біреулер өзі білмей тұрып пәтуа беруді әдетке айналдырған. Басқаларды һидаятқа саламын деп Алла және оның елшісінің сөздеріне ижтиһад жасайды. Білімсіз ижтиһад жоқ. Бұл үлкен күнә. Ижтиһад жасайтын адамға ғана пәту беру рұқсат етілген. Расулулла (с.ғ.с.): «Егер адам өтірік сөйлесе күнәға батады. Күнәға батса, кәпір болады. Кәпір болса, тозаққа кіреді» деген.


Ғұлама ибн Қайим: «Өтірік айту арсыз, жағымсыз қылық екеніне ешқандай күмән жоқ. Ол нифақтың (екіжүзділіктің) белгілеріне және күпірліктің тармағына жатады. Күпірліктің өзі сол өтіріктің бір көрінісі» дейді.

Өтірік айту адамды иманнан бездіреді
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Өтіріктен сақтаныңдар! Себебі ол бұзықтыққа апарады. Ал бұзықтық тозаққа апарады. Адам өтірікті әдетке айналдырса Алланың алдында өтірікші болады» дейді.
Ислам ғалымдарының бірі әл-Маудари: «Өтірік – барлық жамандықтың жиынтығы, барлық әдепсіздіктің негізі. Оның нәтижесі өте жаман. Себебі ол өсек таратады. Өсек жек көрушілікке апарады. Жек көрушілік дұшпандыққа апарады. Дұшпандық адам баласынан тыныштықты кетіреді, бейбіт тірліктің берекесін қашырады. Кімнің шындығы азайса, оның дос азаяды» депті.
Имам Маликтен риуаят етілген хадисте: «Алланың Елшісі, мүмин қорқақ бола ма?» деп сұралды. Пайғамбарымыз: «иә» деді. «Алланың Елшісі, мүмин сараң бола ма?» деп сұралды. Тағы да «иә» деп жауап қатты. «О, Алланың Елшісі, мүмин өтірікші бола ма?» деп сұралды. Ол кісі: «жоқ» деп жауап берді» делінген. (Сафуан ибн Сулайм)
Осы хадисте өтірік өте жаман күнә екенін, өтірікші адам мүмин-мұсылман бола алмайтынын ескертіп тұр. Имам Байһақи Әбу Бәкірден риуаят еткен хадисте: «Өтірік айту адамды иманнан бездіреді» деген.
Исламда өтірік айту қорқақтық пен сараңдықтан да жаман. Демек, өтірік айтудың қоғамға зияны көп.



Жалған сөйлеу – рухани қылмыс
Ислам дінінде «рухани қылмыс» деген түсінік бар. Ислам діні рухани қылмысты өте қауіпті деп санайды. Өйткені, рухани қылмыс үлкен күнәларға жол ашады. Сондықтан да кез келген рухани қылмыс қоғамға қатер. Бірақ қазіргі заңдарда рухани қылмыс жасаған адамға жаза жоқ. Мысалы, өтірік сөйлеу – рухани қылмыс. Оған қылмыстық һәм азаматтық кодексте жаза қарастырылмаған.


Ал ислам дінінде балиғат жасына жеткен әрбір адамның титтей өтірік айтуы жазасыз қалмайды. Әрбір күнә амал дәптерге жазылады. Сосын қиямет күні міндетті түрде әрбір лайықты жазасы беріледі. Ислам діні өтірікті әдетке айналдырған адамды Алланың дұшпаны санайды. Қияметте ең ауыр азаппен Алланың дұшпандары жазаланады.


Өтірік сөз бен іс-әрекет адамдардың жүрегіне дақ түсіреді. Өтірік айтушы – адамдардың сенімінен айырылады. Адамдар оның сөзіне, ісіне сенбейтін болады. Оны орталарына араластырғысы келмейді. Атамыз қазақ айтқандай: «Өтірікшінің шын сөзі заяа кетеді».
Жалпы алғанда, иманды қоғамда, ақиреттен үміті бар адамдар арасында өтірікке орын жоқ. Керісінше, имансыз дінсіз қоғамда бірін-бірі алдау-арбау өтірік айту әдетке айналады. Мұндай да өтірік айтпасаң жұмысың бітпейді. Өтірік сөйлей алмаған адам бейшара саналады. Ондай қоғамда өмір сүрген халық азғындап, түбі құрып тынады.


Кешегі Кеңес одағы дінсіз еді. Сол себепті өтірік көп айтылды. Адамдардың еті өтірікке әбден үйренді. Бір-біріне сенбейтін әдет қалыптасты. Өйткені, имансыз пенделер бір-бірін кез келген сәтте алдап кете беретін. Ақпарат саласындағы жалған марапаттаулар өлшеусіз рухани қылмысқа жол ашты. Ақыры өтірік қоғам құлап тынды.

Ең үлкен қиянат сенген досыңды алдау
Қарапайым адамдар өтірік айтқан адамның өзіне ғана зиян деп ойлайды. Өтірік барлық нәрсені жалын сияқты күйдіріп өтеді. Имам Ахмад ибн Ханбал Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткізген хадисте: «Кімде кім сәби балаға «мынаны ал деп» шақырып алып, оған ештеме бермесе, ол адам өтірікші болады» дейді.


Имам Әбу Дауд риуаят еткен хадис шәріпте Әбдулла ибн Әмір (р.а.) былай дейді: «Мен кішкентай бала болатынмын. Анам: «Әй, Әбдулла бері кел бір нәрсе беремін» деп шақырды. Пайғамбарымыз анама: «не берейін деген едің?» деп сұрады. Анам: «құрма берем» деді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) : «Егер шақырып алып ешнәрсе бермесең, саған бір күнә жазылатын еді» деді.


Осы хадиске амал етіп көрсек, бала-шағамызға қандай тәрбие беріп жатқанымызды, қаншалықты исламға сай өмір сүріп жүргенімізді аңдауға болады.
Тағы сол сияқты Имам Ахмад ибн Ханбал (р.а.) риуаят еткен хадисте Айша анамыз: «Алланың Елшісі (с.ғ.с.) үшін өтірік сөйлеуден жаман құлық жоқ еді. Егер бір адамның азғантай болса да өтірік сөйлегенін біліп қалса, сол адам тәубе қылмайынша қарамайтын» дейді.
Екінші бір хадисте: «Ең үлкен қиянат сенген досыңа өтірік айтуың» дейді. (Имам Ахмад ибн Ханбал)

Мұнапық болу кәпірден де жаман
Пайғамбарымыздың хадистерінде: мұнапықтың үш белгісі болады: сөйлесе өтірік айтады, уәде берсе орындамайды, аманатқа қиянат жасайды, деген. Демек, өтірік айту – мұнапықтың бірінші сипаты. Ол екіжүзділіктің үштен бірі. Әрине, өтірікке бой алдырған адам соңынан уәдесінде тұрмайтын болады, аманатқа қиянат жасайтын болады. Ақыры толық мұнапыққа айналады. Мұнапық болу кәпір болудан да жаман. Екіжүзді адам Құранның үкімі бойынша тозақтың ең төрінен орын алады.
Имам Термизи Ибн Ұмардан (р.а.) жеткізген хадисте: «Егер пенде өтірік сөйлесе, бұл қылығынан періштелер одан бір мил арыға ұзақтайды» дейді. Демек, пендені қорып жүретін періштелер де өтірікшінің қылығынан жиіркеніп, одан қашады екен.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) үнемі: «Ей, Жаратқан ием, жүрегiмдi екi жүздiлiктен және тiлiмдi өтiрiк сөйлеуден сақтай гөр!» дұға ететін болған.

Өтірік айту – ризықты азайтады
Асбиханий Әбу һурайрадан (р.а.) жеткізген хадисте: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ата-анаға жақсылық қылу – өмірді ұзартады. Өтірік айту – ризық-несібені қысқартады. Дұға – қазаны қайтарады» депті. Осы хадисте өтіріктің бұл дүниедегі зияны – ризық-несібені азайтатындығы айтылады.
Демек, өтірік сөйлегені үшін адамның жеке басының, кәсіпкердің кәсібінің, мекеме бастығының мекемесінің берекесі кетеді, ризық-несібесі шашылады.
Адамдар көбінесе пайда табу үшін өтірік айтады. Бұндай жағдайда адам пайда емес зиян табады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Пайда табу үшін өтірік ант ішіп, тауарын сатқан һәм саудасына өтірік қосқанның кәсібі құрыйды» деген.
Басқаларға ұнау үшін немесе оларды күлдіру үшін өтірік сөйлейтіндер бар. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл туралы: «Адамдарды күлдіру үшін өтірік айтқан адамға нендей өкініш. Оның соры құрысын, соры құрысын» деп үкім айтқан.
Исламда тек бір жағдайда ғана өтірік айтуға рұқсат берген. Ренжісіп қалған ерлі-зайыпты адамдардың арасын жарастыру үшін айтылған өтірік сөз зиян емес. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Жақсы сөз айтып, жақсылықты көбейтіп, адамдардың арасын жарастырған адам өтірікші емес» деген.

Ассалаумағалеикум! Сіздерге бірнеше сұрақ қойғым келіп отыр!
1)Бүгін сыныптас қызбен сабақтан қайтып келе жатып хиджаб туралы сөз қозғалып кетті ол:осы маған хиджабтағы қыздар ұнамайды,қалың оранып алып пысынап жүреді дейді, мен:ашық -шашық жүрген қыздардан сол жақсы емеспе деп, күлдім да үн қатпадым ,өйткені әлгі қызға қалай түсіндіруді білмедім,Соған келесі жолы түсіндіріп беруге бір ақылдарыңызды айтыңыздаршы!Мен келесі жолы ондай сұрақтарға ойланбай жауап қайтаратындай!
2)Намазға тұрғанда кей жағдайларда ойыма неше түрлі ойлар кіріп кетеді ,соліойлардан арылудың бір жолын айтыңыздаршы және намазға тұрғанда нені ойлау керек!Иманымды арттырудың бір жолын айтыңыздаршы!
3)достарым:намаз оқып жүрсіңбане? Деп айтқанда қалай оларға жауап қайтарған жөн ,және олар да соған қызығатындай бір жауап қайтарғым келеді!
4)Құран бағыштағанда .Ықылас сүресін 3 рет қайталау керекпе ?

Уа ғалейкумуссалам! 1. Хижап сөзі араб тіліндегі حجاب (хиджәб) сөзінен шыққан. Мағынасы “жамылғы” және “перде” деген сөздерді береді. Қазіргі заманда күллі мұсылман әйелдері киетін, әурет жерлерін жабатын киімдер хижап деп саналады. Сондай-ақ, мұсылман әйелдерінің киім кию стилі де хижап стиліне жатады. Тек қана басқа тартылатын орамалды хижап деп санауға болмайды.

“Хижап (Хижаб) — арабтың киімі. Қазаққа жат киім. Дінбұзарлардың қазақты құрту мақсатында кигізетін киімі” деп заржақ болатын ұлтшылсымақ адамдар көп-ақ. Алайда, ол сөздерге дәлел келтіре алмай, тек қазақтарда мұндай киімнің болмағанын айтады. Ия, дәл қазіргі хижап секілді киім қазақта да арабта да болмаған, бірақ өте ұқсас киімдер болған атам қазақта. Тіпті, қазіргі хижап дегеніміз арабтарда да болмаған, шынтуайтына келгенде. Олай болса, хижапты арабтың киімі дегенді қайдан алып жүрміз?
“Адам — білмегенінің жауы”
Біліміміз бен хабарымыз жоқ жағдайлар туралы сөз таластырғанды көбіміз ұнатамыз. Таныс емес тақырып сөз болып жатса, соған өзімізше үн қатып қалғымыз келеді. Ал айтқанымыздың дұрыс немесе бұрыс екендігіне тіпті мән бермейміз. Бар болғаны, жұрттан қалыспай даттағанды даттап, жақтағанды жақтап қалу. Білмеген нәрсемізге жау болатынымызды ескерсек, хижапқа деген қарсылық тек білместіктің, білімсіздіктің салдары деуге болады. Таяз білімге, жұрттың сөзінен естіп-білген “Хижап — арабтың киімі” деген жаңсақ сөздерге еріп, қазақтың ұлттық намысын қорғап, арабтанудан сақтап қалатын батырдай кеуде кереміз. Ондайлар, алдымен, мұсылмандардың киімімен емес, өздеріндегі білімсіздікпен күрес жүргізулері керек.
Хижап арабтың киімі дейтіндер қандай дәлел келтіре алады? Хижап сөзінің атауы арабтың “жамылғы” және “перде” сөздерінен шыққан демесеңіз, заты күллі мұсылманға ортақ дүние. Оны арабқа, түрікке немесе парсыға меншіктей алмаймыз. Күллі мұсылманның ортақ дүниесі болғандықтан онда қазақтың да өз алары бар.
Бұрынғы хижап пен қазіргі хижап
Алла Та’ала адамзат баласына VII ғасырдың басында Ислам дінін таратқанда мұсылман әйелдер үшін әурет жерлерін бөтен еркектерден жасырудың міндет екендігі белгілі болды. Қасиетті Құран Кәрімнің Нұр сүресінің 31-аятында: “Мүмін әйелдерге де айт: “(Бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Сондай-ақ зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өзіндігінен көрінгендері басқа. (Беті, қол-аяқтары. Ж.Б.М.К.) Және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін. Зейнеттерін керсетпесін” делінген.
Құранның түскеніне он төрт ғасыр уақыт өтті. Он төрт жасыр бойына арабтардың киім үлгісі өзгермеген бе? Ол мүмкін емес жағдай емес пе?! Қазақ халқының сонау түрік қағанаттары кезінде киген киімін қазір кім киеді? Ол кездің киімінің қандай болғанын қайсымыз білеміз? Міне, білмейміз, демек, ол жайлы сөз қозғамаймыз да. Ал арабтардың сол кездегі киген киімін, Исламды қабыл еткеннен кейінгі киген киімдерін хижапқа қарсы адамдардың қайсысы біледі екен? Білмейді. Білмесе неге қарсы шығады?
Ислам діні келгенге дейін араб әйелдер бастарын және денелерін жамылғы маталармен жауып жүрген. Олай етудегі басты себеп — күн сәулесі мен құмды шаң-тозаңнан қорғану. Қорғаныш мақсатында киген киімдері Шариғат талаптарына сай болмаған. Құранда айтылған жабылуы тиіс әурет жерлері толықтай жабылмаған. Алланың бұйрығы түсіп, мұсылман әйелдерге әуреттерін жабу парыз болғаннан соң дінге бас ұрған араб әйелдерінің киімі біраз өзгерістерге ұшырады. Жабылуы тиіс әурет жерлері жабылды. Бірақ ол кездегі киім мен қазіргі кезде “Хижап” түсінігі қамтитын мұсылман әйелдерге арналған киімдердің айырмашылығы көп болды. Он төрт ғасыр өткен киім мен қазіргі заманның киімін бірдей деген дұрыс емес. Демек,қазіргі кездегі мұсылман әйелдер киетін хижап арабтардыңкі емес. Егер ол киімді араптардың кіиіміне жатқызсақ, онда қазір бәріміз киіп жүрген киіміміз кімдікі болады? Кімнің ойлап тапқан киімін киіп жүрміз? Әрине, бір анығы, қазақтың киімін киіп жүрген жоқпыз. Қай атамыз джинсы, жылтыраған күртеше киіп еді?
Хижап туралы адамдардың түсініктері әр түрлі. Мысалы, мындай түсініктер бар:
Хижап дегеніміз
— басты толығымен жауып, беті ғана ашық қалдыратын орамал;
— басты толығымен жауып, бетті ғана ашық қалдыратын орамал және ұзын (тобыққа дейін жететін) сырт киім;
— бет-ауызды да көрсетпей оранып алатын орамал мен ұзын шапан тәріздес киім;
— тек шашты көрсетпейтіндей етіп тағылған орамал мен ұзын етекті юбка.
Хижап жайлы көп түснік бар екен. Оның қайсысы дұрыс сонда? Анығына жетпей байбалам салуымыз қалай?
Қазіргі заманның хижабы дегеніміз Шариғат талаптарына сай жасалған, мұсылман әйелге арналған киім. Ол сырты киім, плащ, жемпір, көйлек, ұзын юбка, шалбал (сым) болуы да мүмкін. Қайсы бірі болса да әйелдің әурет жерлерін жабатын болуы керек. Хижапқа қатысты “Араб мәдениетіне лайықты, арабтар киетін киімге ұқсас болуы міндетті” деген ереже жоқ, ағайын. Ислам діні — еркіндік діні, күллі мұсылманға ортақ дін. Дүниедегі барлық нәрсенің 1% ғана харам деп танылып, тыйым салынған болса, 99% пайызына рұқсат етілген. Тек оны көре білу керекпіз. “Көрмес, түйені де көрмес” дегендей тек тыйым салынған нәрселерге қарап, “Ислам діні — адам бостандығын шектейтін дін” деп, байбалам салудың қажеті жоқ.
Хижап Ислам дініне дейін болған
“Хижабты арабтардың киімі деп санайтын адамдар неге хижапты Христиандардың киімі деп айтпайды?” деген сауал туады. Егер діндер тарихын оқысақ, оларға назар салсақ, христиан дінінде де әйелдердің әуретін жабатын киімдердің бар екенін білеміз. Тіпті, ондай киімдер әлі күнге дейін бар. Христиандардың шіркеулеріндегі діндар әйелдердің киетін өзгеше киімі (әурет жерлерін жабады, бірақ қазіргі кездегі кейбір киімдері толықтай жаппайды) қайдан келе қалды? Ойландық па ол жайлы?
“Апостольник” дегенді білесіз бе? Христиан (орыс православ шіркеуі) әйелдері киетін киім бар (алғашқы суретте оң жақта). Ол, апостольник, қазақтардың “кимешек” атты әйелдерге арналған ұлттық киіміне өте ұқсас. Ұқсастығын суреттен көре аласыз.
Христиан діні саналуан тармақтарға бөлінгенімен, негізгі тамырлары бірдей. Христиан діні Ислам дініне дейін пайда болды. Ол дінде болған кей нәрселер Ислам дінінде де болды. Мысалы, әйелдердің әуретін жабуы сияқты парыз болған әрекеттер. Ұқсастықтардың болуы екі діннің де Алла Та’ала тарапынан жіберілгендігінің айғағы болады.
Егер білімсіздікке салынып тұрып айтар болсақ, қазақтың төл киімі — кимешек — орыстардың православ шіркеуіндегі әйелдердің киімі екен. Ал қалай? Ақылға сыя ма? Сыймайды, әрине. Сол сияқты, хижапты да арабтың киімі деуге болмайды. Хижап — Алланың бұйрық еткен киімі. Ислам діні — Алла Та’ала тарапынан бүкіл адамзатқа түсірілген ең соңғы дін. Ол тек арабқа түсірілген жоқ. Алланың бұйырғандары тек арабтарға ғана қатысты емес, ағайын.

2. Адам баласының ойы шексіз екені мәлім. Пенде болғаннан кейін намазда да еріксіз санқилы ойдың келуі табиғи жайт.  Мұнда шайтан малғұнның да үлесі жоқ емес. Өйткені, азан айтылып, қамат түсіріліп болғаннан кейін ол намаздағы адамға келіп, жай уақытта ойына келе бермейтін нәрселерін еске түсіріп тұрады екен. Осылайша адам шатасып, қанша рәкәғат оқығанын білмей дал болады(Фатхуль Бари би Шархи сахихиль Бухари, Китабуль амаль фис сала – 1164- хадис). Дегенмен «ифтитах тәкбірін» тартқан кісі, ойын жинақтап, бар ынтасын намазға шоғырландыруға тырысуы керек. Ол үшін  әр қимылда айтылатын тәкбірдің, сәжде мен рукуғта айтылатын дұғалардың мағынасын іштей ұғынып оқыңыз. Бұл ойыңыздың намазға шоғырлануына көмекші болады. Мысалы, «Аллаһу әкбәр» деп тәкбір тартқанда «Алла ұлық» деген мағынасын да санаңызға келтіріп тұрыңыз. Рукуғ пен сәждеде айтылатын дұғаларды да солай мағынасымен түсіне отырып орындаңыз.
Ал өзіңіз айтқандай намаз кезінде ойыңызға қайдағы бір ойлар келетін болса, бұл жағдайда намазды қайта оқудың қажеті жоқ. Еріксіз келіп-кететін ойлардың намазға кедергісі жоқ екенін үмметіне ұғындырғысыкелген ардақты Пайғамбарымыз: «Біздің үйде бір кесек алтын бар екен. Намазда тұрып есіме түсті.Оның ертеңге дейін бізде тұрғанын ұнатпағандығымнан, таратып тастауын бұйырдым»(Фатхуль Бари би Шархи сахихиль Бухари, Китабуль амаль фис сала – 1163- хадис), – деген. Алайда, терең ойға шомып намаздың парыздарын (рукуғ, сәжде, рәкәғаттарды толық орындамау, т.б.) орындамасаңыз, ол намазды қайта оқуыңыз керек. Ал уәжіптерін (екі рәкәғаттан кейінгі әттахият отырысын, қысқа сүрелерді оқуды, т.б.) ұмытып кетсеңіз, намаз соңында сәһу сәжде жасайсыз.

 

3. Намазға жығылған мұсылманның қандай бақыт сезінетінін білесің бе? Оның жүрегі тынышталады. Ол одан кейін ешнәрседен қорықпайды, еш нәрсені уайымдамайды. Қорықса, Алланың қаһары – тозақтан ғана қорқады, уайымдаса, сол тозаққа түсіп кетермін деп қана уайымдайды. Ата-анасын, бауырларын, жұбайын, бала шағасын бұрынғыдан да бетер қадірлей бастайды. Және ең бастысы, соның бәрін берген Аллаға шүкір етіп үйренеді. Сол үшін де жүрегі тынышталады.


4. Абу Саъид әл-Худри (Алла оған разы болсын) айтады: Алланың елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) сахабалардан «Сендердің қайсыларың бір түнде Құранның үштен бірін оқып шыға алады?» – деп сұрады. Бұл оларға қиын көрінді де, олар: «Бізден кімнің бұған шамасы келеді, иә Алланың елшісі?» – деді. Сонда Алланың елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «әл-Уахид әс-Сомад (Ықылас сүресі) Құранның үштен бірі» – деді. (Имам Бухари риуаят еткен)
Хадисте Ықылас сүресінің артықшылығы, ол Құранның үштен біріне теңелетіндігін көрсеткен.

 

Сәлеметсіздер ме,менің сұрақтарыма жауап беріп жүргендеріңізге көп рахмет.Мен 4-5 жасымда ауылда жүргенмін.ата-анам қалада болатын.Менің күнәдан пәк періште кезімді ештеңе білмейтін кезімді көп адамдар пайдаланып өз арам ойларын іске асырып алды.мен түк тусінбейтінмін.бір ойын шығар деп ойлайтынмын.қазір жасым 13-те.Енді ғана түсіндім.Мен күнде жылаймын,Адам әрдайым кешірімді болу керек екенін ескеріп оларды кешірдім.Бірақ менің ендігі өмірім не болады.Олар кешірім сұрапған жоқ.Бұл мене �!
�асқа ешкім білмейді.Оның үстіне ата-анам да ажырасып кетті.Білем Аллам бізге көптеген ауыр сынақтар жібереді.Бірақ бұл сынақ өте ауыр екен.Осы жағдайлардан кейін өзімді өлтіріп тастағым келеді.Бірақ бұл күнә екенін білемін.Кейін тұрмыс құрғанда куйеуіме не деймін.Кейде мен қалай осы жағдайлардан кейін өмір сүріп жүрмін деген ой келеді.Мен Қатты қиналып кеттім не істесем болады

Құрметті Арна ханым! Болған іс болды, өткенге салауат деп ендігі өміріңізді Алла жолына арнаңыз! Алла пендесінің тәубе еткенін жақсы көреді. Тәубе етіп, өткен қате істері үшін өкінген, келер күнде тек жақсылық жасауға ниеттенген, жамандықтарын жақсылықпен жумаққа бел буған жандар Алланың алдында ең абыройлы, ең беделді адамдардан болады екен. Алла кімді жақсы көрсе, оны періштелер жақсы көреді екен, періштелер жақсы көргенді бүкіл тіршілік жақсы көреді екен!

Ассалама алейкум менің сұрағым адамға жын кірема одан қалай құтылуға болады кіргенін қалай білуге болады
2-ші сұрағым салт-дастур дінде барма

Уа ғалейкумуссалам! Алла Тағала адамдар мен жындарды өзіне құлшылық ету үшін жаратқан (Құран кәрім: 27-сүре, 56-аят.).  Сондықтан да Құран мен шариғат екеуіне де ортақ.  Жындар оттан жаралғандықтан біздің көзімізге көрінбейді. Олар бір айлық жолды бір күнде немесе бір сағатта жүруі мүмкін. Оған Құраннан дәлел: 27-сүре, 39-аят. Жындардың дене пішіні әртүрлі, үлкен және кіші. Бірақ қанша үлкен болса да олар кішкентай жыртық-тесікке кіріп кете алады. Бұл  жайлы хадисте айтылған. Әртүрлі бейнеге ауыса алады, қысқасы адам істей алмайтын көптеген нәрселерді еш қиындықсыз орындайды. Бұл жайлы тағыда хадисте дәлел бар.  Алла Тағала жындарға мұндай мүмкіндікті адамдарға үстемдік жүргізсін деп емес, өздерінің тұрмыс-тіршілігіне қолдансын және Жаратушысына құлшылық етсін деп берген.

Жындар жердің жарықтарын, үлкен-кіші індерді, мал қоралары мен қаңырап қалған ескі қиранды үйінділер мен үйлерді паналайды. Адамнан қалған қалдық тамақтармен, сүйектермен, сасық иістермен т.б. қоректенеді. Ал, малдың тезектері олардың көліктерінің қажетіне жарайды.  Шариғат хабардар еткен бұл мағұлматты әрбір мұсылман білуге тиіс, өйткені адам баласы білімсіздікпен жындарға қиянат жасап қойуы әбден мүмкін.

Мысалы: егер сіз індерге, жердің жарықтарына, мал қораларға дәрет сындырсаңыз, онда өмір сүріп жатқан жындарға қиянат жасаған боласыз. Сол себепті олар да сізден кек қайтаруға тырысады. Сондай-ақ тамақтың қалдығы салынған ыдысқа, нәжіске былғанған памперісті қосып тастау немесе ол ыдысқа қақырып-түкіру де дұрыс емес. Адамдар кейде кір жуған жуынды суды сыртқа шығарып шашады. Бұлай істеу жындарға зиянын тигізеді.

Шариғат бойынша жындар адамға өзінің бар екенін сездірмеуі тиіс. Егерде олар өздерінің қимылдары мен дыбыстары арқылы адамды мазалап немесе бейнелей  елес боп  көрінсе оларға үлкен күнә жазылады. Сондықтан мұсылман адам оларды байқап қалса, қолма-құл Алладан пана сұрап: «Ағузу билләһи» деп   айту керек. «Ағузу билләһи» деп айтуымыздың себебі, біріншіден, жын өзін көрсету арқылы үлкен күнә жасады, екіншіден, одан  қандай да бір зиян болмаса екен деп Алладан пана тілейміз, үшіншіден, бұл дұғаның жауабы өте тез болады. Құранда: «Егер шайтаннан саған бір түрткі болса, Сонда Аллаға сиын. Өйткені ол толық естуші, өте білуші.» делінген. «7\199).

Жалпы жындар адамдар сияқты жаратылған мақұлық. Олардың әлсіз жерлері көп. Алла Тағала қаламаса олар адам баласына ешқандай үстемдік жүргізе алмайды. Құранда: «Шын мәнінде иман келтіріп, Раббыларына тәуекел еткендерге шайтанның бір үстемдігі болмайды. Шынында оның үстемдігі, оны дос тұтып, Аллаға шерік қатушыларға ғана жүреді»делінген. (16\99-100).  Басқа бір аятта: «(Мұхаммед ғ.с.) көрмедің бе? Кәпірлерге, оларға түрткі салатын шайтандарды жібердік» дейді. (19\83).

Жындар да адам сияқты иманы һәм имансыз сипатқа ие. Имансыз жындар ақымақ.  Бұл жайында Құранда мұсылман жындардың айтқан сөздері дәлел (Жын сүресі,1-20аят.). Олардың ақымақ екеніне тағы бір дәлел: жындар аспан әлеміне көтеріліп, тағдыр жазылған тақтаны көруге ұмтылады, сол кезде олар  Алла Тағалаға жаратқан күйдіргіш тастарға соғылып өртенеді. Алдында тұрған жынның күйіп-өртеніп жатқанын көре тұра, екіншісі көзсіз көбелектей ұмылады.  Яғни оларда «мені де күйдіреді-ау» деген ақыл қорту жоқ.  Атамыз қазақ қандай бір қауіп-қатерді көріп тұрып, соған ұрынған адамға  «ол жынды емес пе?» деп айтуы осыдан қалса керек. Келесі бір әлсіздігі: жындарды бағындырған Сүлеймен ғ.с. оларды бақылап тұрған бойда таяғына сүйенген күйі тік тұрып қайтыс болып кетеді. Жындар оның өлген өлмегенін білмей, яғни тірі адам мен өлі адамды ажыра алмай   300 жылдай құлдықта жұмыс істеген. Бұл туралы Құранның «Сәбә» сүресінің 14-аятында айтылған.

Адам үйіне кіргенде дұға айтып кірсе, жын ол үйге кіре алмайды. Бисмиллә айтып жабылған ыдысты өздігінен ешқашан аша алмайды, азан айтылып, Құран оқылған үйден айналып қашады т.б. Деседе жындардың адамдарға тигізетін зияны бар. Солардың бірі «уас-уас», яғни пенделерді азғырады. Қалай азғырады? Адамның нәпсісін қоздырып, оған үлкен-кіші күнәларды әшекейлеп көрсетеді. Құранда Алла Тағала айтады: « (Ібіліс): «Ендеше, Раббым! Маған қайта тірілетін күнге дейін кеңшілік бер» деді. (Алла, Ібіліске): «Расында саған кеңшілік берілді» деді. «Белгілі мерзімге дейін». «Раббым, мені қаңғыртқандығың үшін, әлбетте адам баласына жер жүзіндегі (жаман) нәрселерді жақсы көрсетіп, олардың барлығын адастырамын» деді. «Бірақ олардың ішіндегі нағыз құлдарыңды адастыра алмаймын» (деді). (15-сүре, 35-40 аятттар).

Жындардың әртүрі бар дедік жоғарыда. Адамдардың иманына байланысты оны азғыратын жындарда әртүрлі болады. Қарапайым адамды қарапайым жын, тақуаны өте үлкен жын келіп азғырады. Бұл азғыру тоқтаусыз жүреді.  Адам ұйқыдан тұрғанда шайтандар азғыру үшін дайындалып отырады. Жыннан қорғанудың жолы: дереу Алланы еске алу. Егер адам Алланы есіне алса, жынның уас-уасы (азғыруы) тоқтап қалады.  Алланы ұмытқан сәтте қайта күшейеді. Алла Тағала барлық пенделеріне шайтанның азғырыуынан Өзінен жәрдем сұрауды (Нас сүресінде) бұйырды.

Қорыта келе айтпағымыз әрбір мұсылман пенде бұндай жаратылыстың бар екенін білуі қажет.  Әрі одан ешқандай қорықпауы керек. Себебі адамды жаратып, оған тағдыр жазатын, басына білім, деніне қуат беретін, нығметін сыйлап қуантатын, дұғасын естіп жауап қайтаратын, соңында жанын алатын тек қана бір Алла. Алланы көбірек еске алып, дінімізге бекем болайық бауырлар.

Ата-бабаларымыз ұзақ ғасырлардан бері, нақтырақ айтсақ сегізінші ғасырдан Ислам дінін ұстануымен қатар ұлттық салт, дәстүр, әдет, ғұрыптарын ұстанып келеді. Алайда соңғы кездерде кейбір бауырларымыз мұны теріске шығарып, шариғатқа қайшы деп санайды.
Алайда, Абай атамыз айтқандай: "Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар" демекші, әдет пен ғұрыптардың барлығы бірдей емес. Сол үшін, оларға бір жақты қарауға болмайды. Себебі, әдет пен ғұрыптардың ішінде тыйым салынатыны, сондай-ақ рұқсат етілетіні, тіпті орындалуы қажет болып табылатындары да бар. Әрі шариғатта, «әл-`урф» (ғұрып) және «әл-`ада» (әдет) деп аталатын, адамдар арасында қалыптасқан салттар мен дәстүрлерді айқындайтын үкімдер көп. Сондай-ақ, «әл-қоуа`ид әл-фиқһия әл-кубра» деп аталатын, бүкіл ғалымдар бірауыздан келіскен, шариғаттың бес ұлы қағидаларының бірінде: «Әдет пен ғұрыпқа хақысы беріледі» (әл-`ада мухаккамә), - деп айтылған.


Мәселен, имамдар (ғалымдар) жиі тілге тиек ететін: «Егер салт шариғатқа қайшы келмесе, онда оған шынайы көңіл бөлінеді», - деген ережені, Аллаһу Тағала Құранда бізге ескерткен болатын әрі Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оны өзінің Сүннетінде бекіткен еді. Аллаһу Тағала Құранда былай дейді: «Кішіпейілдік таныт, жақсылықты (әл-`урф) бұйыр да, надандардан бет бұр!» (әл-А`раф,199). Имам әл-Жассәс бұл аятты тәфсирлегенде: «"Әл-ма`руф" сөзі - бұл, ақылға салғанда, орандалуы жақсы деп есептелінетін, әрі ақыл-есі дұрыс (адамдардың) алдында ол айыпты болып саналмайтын нәрселер», - деп ("Әхкәм әл-Қуран" 4/214).


Имам Әбу әс-Су`уд Аллаһтың: «әл-`Урфті бұйыр» деген сөздері жайлы былай деген: «Жақсылықты, яғни, істердің ішіндегі жақсы болып саналатындарды орындауға бұйырады, өйткені осындайларды адамдар қабылдайды да, оны теріске шығармайтын болады» ("Тәфсир Әби әс-Сууд" 2/456).


Имам әл-Қарафи осы аятты келтіре отырып: «Әр нәрсенің салт арқылы көрсетілетін айрықша орны бар», - екенін айтқан. (әл-Фуруқ" 3/194).


Аллаһу Тағала тағы да былай деді: «Аллаһ анттарыңдағы бос сөзді есепке алмайды. Алайда біле тұра істеген анттарыңнан жауапкер етер. (Ант бұзсаңдар) Оның төлеуі: үй-іштеріңе жегізетін орта есеппен он міскінді тамақтандыру, не оларды киіндіру, немесе бір құл азат ету. Мұны таппаған біреу, үш күн ораза ұстау» (әл-Мәида, 89).


«Әй мүміндер! Меншіктеріңдегі құл-күңдер, әлі ержетпеген балаларың, осы үш мезгілде (жандарыңа) рұқсат сұрап кірсін: Таң намазының алдында, киімдеріңді шешкен түскі уақытта және кешкі намазынан кейін. Сендер үшін осы үшеуі ұялатын мезгіл. Бұлардан кейін (басқа уақытта) сендерге де оларға да айып емес. Өйткені, сендер бір-біріңе кіріп, шығуларыңа керексіңдер. Осылайша Аллаһ, сендерге аяттарын баян етеді. Аллаһ толық білуші, хикмет иесі» (Нұр, 58)


Хафиз әл-`Аләи осы аят хақсында «әл-Мажму`» кітабында былай деген: «Әдетте осы үш уақытта адамдар киімдерін шешетініне байланысты, Аллаһу Тағала рұқсат сұрауды әмір етті. Бұл мәселедегі шариғи үкім адамдардың дәстүрі болып табылатын нәрсеге (дініне) сай бекітілген еді!».


Тура соны, имам әл-Қуртуби де өз тафсирінде айтқан 12/304. «Әй мүміндер! Сендер үшін әйелдерге зорлықпен мұрагер болуларың халал емес. Және бергендеріңнің бір бөлімін алып қалу үшін оларды зорламаңдар. Бірақ олар ашық арсыздық істесе басқа. Сондай-ақ олармен бірге ғұрыпқа сай өмір сүріңдер!» (Ниса, 19). Тағы да Аллаһ айтты: «Ал кімнің баласы туылса, шешесін тамақ және киіммен, дәстүрге (дініне)  сай асырауға тиіс» (Бақара, 233).
Шейх Ибн әл-Қайим «әр-Рауда әл-мухиббин» кітабында: «Күйеуі, қалыптасқан әдетке сәйкес әйеліне (мал-дүниесін) жаратып, оны киіндіретіні сияқты, өз әйелімен қалыптасқан дәстүрге (дініне)  сай жыныстық қатынасқа да баруы керек».


Сүннетке келер болсақ, онда да салттар мен дәстүрлердің және әдет пен ғұрыптардың қабыл болғандығына дәлелдер таба аламыз. `Айша (Аллаһ оған разы болсын) айтқан: «Бірде Әбу Суфьянның (А.р) әйелі Хинд (А.р), Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Негізінде, Әбу Суфьян - сараң адам, егер мен оның рұқсатынсыз алмасам, өзі маған және балама жететіндей нәрсені бермейді». Сонда ол: «Өзіңе әрі балаңа әдетке сай келетін нәрсені ал!», - деп жауап қайтарды» (әл-Бухари 5364, Муслим 1714). 
Осы хадистің пайдаларын атап өтіп, имам ән-Нәуәуи: «Шариғатқа қарсы келмеген кейбір мәселелерде, салтқа сүйену керек», - деді ("Шарх Сахих Муслим" 2/8.). 
Имам әл-`Изз ибн `Абд ус-Сәләм былай деген: «Бұл хадис, әдет пен ғұрыптың орындалуына бір дәлел» ("Қауә'ид әл-ахкәм" 1/61).


Бұл орайда, қолданыстағы салт пен дәстүрге дәлел ретінде, Ибн Мас`удтың келесі сөздерін де келтіруге болады: "Бүкіл мұсылмандар жақсы деп есептейтін нәрсе, Аллаһтың алдында да жақсы. Ал бүкіл мұсылмандар жаман деп есептейтін нәрсе, Аллаһтың алдында да жаман болып табылады" (Ахмад 1/379, Таяласи 23, Бәззәр 130. Хаким, Заһәби, Ибн Хаджар, Сахауи және шейх әл-Әлбәни сахих деген).


Сахабаның бұл сөздері, мұсылмандардың бір ауызды пікірде (ижма`) адасуы мүмкін емес екендігіне дәлел болып табылады. Бүкіл мұсылмандар жаманды жақсы деп, немесе жақсыны жаман деп есептеуі мүмкін емес, өйткені хадистерде айтылғандай олардың барлығы түгелдей адасуға жиналмайды. Сондықтан Ибн Мас`удтың бұл сөздерін, әс-Суюти мен Ибн Нужәйб, және де әс-Сархаси сияқты ғалымдар мен көптеген имамдар салт пен дәстүрлер және әдет пен ғұрыптардың қолданыстағы дәлелі етіп алды. («әл-Ашбаһ», «әл-Мәбсут» 12/45). 
Имам әл-Кәсәни айтқан: «Шариғатта тікелей нұсқауы жоқ нәрсе, салт пен дәстүрге қайтарылады, өйткені салт дәлел болып табылады!» («Бадәи' әс-сәнаи'» 5/223). 
Имам Ибн `Абидин былай деген: «Шариғатта, әдет және ғұрыптармен санасады, өйткені оған арналған үкімдер бар». Сондай-ақ ол, имам әс-Сархасидің келесі сөздерін жеткізді: «(Шариғатқа қарсы келмеген) әдет және ғұрыппен бекітілген нәрсе, шариғатпен бекітілгенмен тең!» ("Расәил Ибн ‘Абидин" 2/114).


Әдет және ғұрыпқа айрықша орын бергенде, орындалатын кейбір шарттар:
1. Салт пен дәстүр, Құран мен Сүннеттің мәтіндеріне, ғалымдардың бір ауыздан келіскеніне (ижма`) немесе шариғатта бекітіліп қойған үкімге қарама-қайшы келмеуге тиіс. 
Имам әс-Сархаси: «Құран мен Сүннетке қарсы келген кез-келген салт есепке алынбайды», - деп айтқан ("әл-Мәбсут" 1/146.).


2. Әдет пен ғұрып, сирек кездесетін емес, сол қоғамдық ортада кең тараған болуы керек.
Имам әс-Суюти айтқан: «Салт және дәстүрмен тек, егер олар кең тараған (қоғамдық ортада мойындалған) болса ғана санасады, ал егер олар айқын болмаса, есепке алынбайды» ("әл-Әшбахһ уә-ннәзаир" 87).


3. Ол, бізге бұрынғылардан жеткен, бірақ қазіргі таңда да қолданыстағы дәстүр болуы керек. Өйткені, салт пен дәстүрлер және әдет пен ғұрыптар уақыттан - уақытқа, мекеннен - мекенге, халықтан - халыққа  ауыса береді. 
Бұл жайында имам әш-Шатыби «әл-Муәффақат» кітабында 2/220 айтқан. 
Ғалымдар салттарды екіге бөлген: дұрыс және бұрыс.


Жақсы әрі дұрыс салт дегеніміз - бұл, (белгілі қоғамдағы) барлық адамдарға әйгілі, Құран мен Сүннеттің мәтіндеріне және ғалымдардың бір ауыздан келіскеніне (ижма`) қайшы келмейтін, игі амалдардан тыймайтын әрі зиянды істерге себеп болмайдын әдет пен ғұрыптар ("Нәзария әл-‘урф" 36-37).


Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шариғатқа қайшы келмейтін, өз халқының әдеті мен ғұрыптарына қарсы болмаған, оларды өзі де ұстанған еді. Шейх Солих әс-Садлән айтқан: «Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кезінде адамдардың өз тұрмыстарына сай жасаған амалдарына  тыйым салмағаны, ол амалдарға рұқсат етілгенін білдіреді. Сондықтан адамдар Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мақұлдаған іс-әрекеттерді жасаған, тіпті Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)) өзі оларға қатысқан. Бұл да олардың рұқсат етілгенін білдіреді. Ислам да, адамдардың ежелгі (шариғатқа қарсы келмеген) істерін мақұлдады» ("әл-Қауә'ид әл-кубра" 345). 
Ислам ұлттық салт-дәстүрді жоққа шығарады немесе қабылдамайды деген атүсті пікірлер ата дінімізді жете түсінбегендіктен туады. Бұл көзқарас бір ұлттың тамырына балта шабу ғана емес, сонымен бірге дінді бұзушылық болып табылады.


Ата дініміз бен ұлттық құндылықтар арасына сына қағудың, оларды бірін біріне қарсы қоюдың салдары ауыр. Біріншіден, бұл діни құндылықтарды заман талаптарына бейімдеуге, әсіресе, білім-ғылымды дамытуға кедергі. Екіншіден, бұл жағдайда мемлекет қауіпсіздігін қорғау, жас ұрпақты мемлекетшіл етіп тәрбиелеу де қиынға соғады. Халықтық, яки дәстүрлі дін -ұлттық мүдде мен мәдениетті жоққа шығармайды және оларды алмастыра да алмайды. Еліміздегі дәстүрлі Ислам діні Қазақстан халқы игілігіне, ел бірлігіне қызмет етіп келе жатқаны осының айқын куәсі.
Негізі, салт бір ұлттың, қоғамның, қауымның болмысын, табиғатын айқындайтын көрініс. Салтына қарап адамдардың қай ұлттың өкілі екендігін айыру қиын емес. Дәстүр болса - рухани сенім айнасы. Адам дінсіз бе, жоқ әлде дін ұстанама? Егер дінде болса қай діннің өкілі? Яғни - дәстүр адамның рухани бейнесі.


 Мысалы: ауылға келін түскенде, жақын туыстармен таныстырып, жырға қосып өсиет-өнегемен бірге қуанышты күнге лайық жарасымды әзіл-күлкімен оның бетін ашу - салтымыз. Ал, шариғатымызға сай жұбайлардың некесін қию - дәстүр.  Атап айтқанда, Ислам шариғатымен дәстүрлер жалғасады. Дәстүр арқылы миллиондаған мұсылмандар қатарынан орын алып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) абройлы үмметінің ішінде болмақпыз.

 Исламда өмірдегі уайым қайғыдан қалай құтылуға балады

Уайым-қайғыдан айығу

Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен!

Расында, мақтау-мадақтарға Аллаһ лайық! Біз Оны дәріптейміз, әрі Одан жәрдем мен кешірім сұрап жалбарынамыз. Нәпсіміздің жамандықтары мен жаман іс-амалдарымыздың кесірінен Аллаһқа сиынып, Одан пана тілейміз. Кімді Аллаһ тура жолға бастаса, оны ешкім де адастыра алмайды. Ал Ол адастырғанды тура жолға салар ешкім жоқ. Біз Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық ешкім жоқ екеніне, Оның серігі жоқ, әрі Ол – Жалғыз екеніне куәлік етеміз, сондай-ақ Мұхаммед – Оның құлы, әрі елшісі екеніне куәлік береміз.

Әссәләму ‘аләйкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ, бағдарламамыздың аса құрметті қонақтар! Біз сіздермен жаңадан қайта жолыққанымызға шын жүректен қуаныштымыз. Бүгін не жөнінде сұхбат құрмақпыз?! Бұл мәселені қазіргі заманда өте жиі естуге болады. Көптеген кісілерден аузынан рухани шер мен мұң, уайым мен қайғы, өкініш пен күйініш, қанағатсыздық, жанын қоярға жер таппай, әрдайым зіл басып, тауқыметтен көз ашпай, демігіп, ішкі дүниесі үнемі қысылып, жабырқап, абыржып, үрейленіп, мазасызданып, әрі басқа сансыз проблемаға кіріп кеттім деген сыңайлы сөздерді естуге болады. Осы ауыртпашылықтар ешқашан шешілмейді деп есептейді. Мына халден құтылу мүмкін емес деп ойлайды. Сөйтіп, басына түскен қиыншылықтан көбінесе Алланың тыйым салған жолы арқылы арылғысы келеді. Олар өте қауіпті, зәре-құтыңды қалдырмайтын тым қорқынышты тәсілдерге иек артады. Сиқыршылар мен экстрасенстерге, балгерлер мен сәуегейлерге, құмалақшылар мен шырақшыларға, тәуіптер мен емшілерге, өтірікшілер мен дүмшелерге, көзбояушыларға барып, басына түскен қайғыны сейілтуін сұрап аса ауыр күнәға батып жатады. Солайша, адамдардың көпшілігі ауырпашылықты шынымен шешіп бере алатын, қиыншылықтан шығарып берет алатын әдісті пайдаланбайды. Оның үстіне, шығар жол тауып бере алатын Алланың мұндай тәсілдер өте жақын орналасқан, қолыңызды созсаңыз болғаны. Жоқ, жоқ, адам баласы құтылуды күнәдан, Аллаһ жек көретін істерден іздеп, бос әбігерге түседі. Ойланыңызшы, бір ауруды екінші бір аурумен емдеуге бола ма?!

Адамдармен сөйлесе қалсаңыз, еститініңіз: өмірде жолым болмай, қор болып жүрмін. Сәтсіздіктерге жолығамын да жүремін. Кедейліктен көз ашпадым, көргенім тек жоқшылық. Қиыншылыққа душар боламын да жүремін. Әрдайым отбасымызда алауыздық, кикілжің, ырың-жырың салғыласу. Бақ-дәулеттен айрылдым, саудам банкротта ұшырап, қарызға белшемнен баттым. Балаларым тәртіпсіз, тілімді алмайды. Және осыған ұқсас көптеген проблемалар, шағымдар.

Алайда, кейбіреулер осы дендеп кеткен дерттің дұрыс дауасына әдейі көңіл бөлмей, қасарысып тұрып алады. Қажетті емді қабылдамайды. Олар өздерінің аурулары не екенін де біледі және ол ауруды немен емдеу керек екенін де біледі. Бірақ, аурудың емін біле тұра сол дұрыс емді қабылдамай, теріс бұрылады. Керісінше, өз сырқатынан гөрі ауырырақ болған тағы бір кеселмен, дертпен емдегісі келеді. Олар өз ауруын басқа бір аурумен емдеген жөн деп санайды. Расында, өз ауруларымыздан емделеміз деп қолданып жүрген олардың тәсілдері – олардың қайғы-қасіретін одан сайын арттырып, жүректерінде жатқан жүкті одан сайын ауырлатып жібереді.

Негізі, бізді жаратқан Аллаһ Тағала біздің рухани және денеміздің ауруларына емді де жаратқан. Біздегі дерттің дауасын Алладан неге сұрамасқа?! Басымызға түскен проблемалар  мен қиыншылықтардың шешімін неге аса қамқор, зор құдіретті Алладан сұрамасқа?! Неге Одан пана тілемеске?! Ол бізге шынымен пайдалы болатын шешімдерді ұсынады. Ол бізді кез келген қайғыдан, күйзелістен шығарып ала алады. Су қасыңызда болса шөлдеп қажеті қанша?! Сахараның ортасы ай далада келе жатқан түйе шөлдеп өлген екен, бірақ су оның өркешінде ілінген еді. Осы түйеге ұқсаудың не қажеті бар?!

Бауырлар мен әпке-қарындастар, емделу, сауығу дәл қасыңызда, аурудан айыққысы келетін әрбір жанға қолжетімді. Алайда, көпшілік мұны аңғармай, ақылынан айрылған кісідей қаша жөнеледі. Сөйтіп ем ала алмай өздері қиналады. Ол үшін әлем түнеріп одан сайын қараңғылана береді, жағдайы одан төмен нашарлап, қиындай түседі, жүрегі қысылған үстіне қысыла түседі. Мұның бәріне өздері ғана кінәлі. Себебі, олар сары уайымнан айықтыратын, қателері мен күнәларын кешіретін, руханиятын ұлғайтып, Аллаһ Өзіне жақындататын тәсілді қолданбаған еді. Олар күнә істеу арқылы кеселден жазыламын деп пайымдайды. Яғни, ауруды аурумен емдеймін деп санайды. Қаншама кісі, мысалы, шылымнан ем іздейді. Ондай кісілер темекі тартсам, қиыншылықтан құтылып, уайымнан арыламын деп есептейді. Басқа біреулер зинақорлық, азғындық, көзге шөп салу, спиртті ішімдіктер, нашақорлық және басқа да күнәлі әрекеттер істеу арқылы ауыртпашылықты жеңілдетемін, жанға жұбаныш, көңілге жай, тауып, ләззат алып, қуанышқа кенелемін деп алданады. Құтылатын жол осы деп жалған желеу көтереді. Ол басынан өткен қайғылы оқиғаны айтып, жанұяда күнде ұрыс-керіс, әйелі мен балаларым маған қарсы өршігіп жүр, өмір сүру төзгісіз болып кетті деп шағымданып айтып отыр. Және осыларды қалай шешпек?! Көпшілік еркектер сияқты ол да ішімдік пен азғындыққа салынып кетті. Бірақ осы арқылы ол жеңілдік алды ма?! Мүлде олай емес. Оның халі ауырлаған сайын ауырлай түсті.

Әй, бақытсыз! Жоғалтқан нәрсеңізді орынды жерден іздеп жатқан жоқсыз. Неге сіз қиыншылықтан құтқар деп Мейірімді, Рақымды бір Алладан пана тілемедіңіз? Ол сіздің тәңіріңіз, Жаратушыңыз, Раббыңыз, Шипа берушіңіз. Сіз осындай шарасыз халде әлсіз күйде жатқаныңызда неге Оған жалбарынбадыңыз?! Неге Одан жәрдем бере гөр деп дұға етпедіңіз?! Қылып жүрген іс-әрекетіңізді қайта қарау үшін жалғыз өзіңіз отырып неге ойланбадыңыз?! Жарылқаушы Жаратушыдан неге кешірім сұрамадыңыз?!

Түннің соңғы бөлігінде, Алланың айрықша дұға қабылдайтын уақытта тұрып, Алладан жалбарынып жәрдем тілемедіңіз бе?! Себебі, сол мезетте Аллаһ аспан әлеміне түсіп: «Кім Менен бір нәрсе сұраса, сұрағанын беремін. Кім Маған дұға қылса, Мен оған жауап беремін. Кім Менен кешірім сұраса, кешіремін!» — дейді. Осы дәрі сіздің қылып жүрген жиіркенішті ісіңізден жақсы емес пе?! Түнгі клубқа барып, ішімдікке салынып, ортаға шығып секеңдеп билеп, зина жасап, немесе интернетке байланып, порносайттарға кіріп тәуелді болып қалу сіздің жараңызды жазып, уайым-қайғыдан арылтады ойлайсыз ба?! Жағдайымды өзгертіп, басқа азғындық пен интернет“әлеміне” кіріп кетіп құтыламын деп сенесіз бе?! Өтірік, бәрі жалған. Ең құрығанда өз-өзіңізге өтірік айтпасаңызшы! Мұның барлығы сіздің әлсіздігіңізді арттырып, жараның жағдайын нашарлатып, уайымның үстіне уайым, мазасыздықтың үстіне мазасыздық қосады.

Бүкіл қайғы-қасіреттен арылтатын жалғыз Аллаға неге жүгінбейсіз?! Ол Құранда: «Егер құлдарым Мен туралы сенен сұраса: «Өте жақынмын, қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін. Ендеше олар да әмірімді қабыл етсін. Және Маған сенсін. Әрине тура жол тапқан болар еді» — дейді (Бақара сүресі, 186-аят). Бүкіл жасырын мен жария нәрсені білетін Аллаға неге жүгінбедіңіз?! Ол сіздің не істеп, не қойып жүргеніңізді біледі. Уайым-қайғыңызды айтып неге Оған шағымданбайсыз?!

Яқуб (Жақып) пайғамбар өз ұлы Юсуфтен (Жүсіп) айрылып, қатты сағынған кезде айтқан дұғасын сіз де неге айтпайсыз?! «Мен күйзелісімді де, күйінішімді де Аллаға ғана айтып шағымданамын» (Юсуф сүресі, 86-аят). Осылай деп айтқан еді, Аллаһ оны қайғыдан арылтып, күйініштен босатып, баласын өзіне қайтарды. Юнус (Жүніс) пайғамбарды балық жұтып қойып, үш қараңғылықтың астында қалғанда айтқан сөздерін неге қайталамайсыз?! Балықтың ішіндегі қараңғылық, түпсіз тұңғиық теңіздің қараңғылы мен түннің қараңғылығында қалып қатты қайғырып: «Сенен басқа құлшылыққа лайық ешбір шынайы тәңір жоқ. Пәксін. Шын мәнінде, мен залымдардан болдым» (Әнбия сүресі, 37-аят). Осылай деп дұға қылған еді, Аллаһ оны балықтың ішінен шығарып, теңіз оны құрлыққа лақтырып тастап, астынан асқабақ ағашын өсіріп, аяғына тұрғызып, оны таңдап, Өзінің елшісі етіп, ізгі қылды.

Қара-құрым жауларды жоятын, бұлттар пайда қылатын, Кітаптар түсіретін бір Алланың көмегіне неге асықпайсыз?! Ертелі кеш: «Маған жалбарыңдар! Тілектеріңді қабыл етемін. Расында, Маған құлшылық қылудан паңданып тәкәппарланғандар Тозаққа қор болып кіреді» дейтін Мейірімді Алладан неге дұға қылып, тілек тілемейсіз?! (Ғафир сүресі, 60-аят).

Сізге анаңыздан да, тіпті өзіңізден де мейірімдірек, сараңданбай жомарттықпен есепсіз беретін, пенделерін күн сайын тәубеге, кешірімге ынталандыратын, бұ дүние мен о дүниеде тура жолда болу үшін құтылуға шақыратын бір Алладан неге сұраймыз?!

Рухани азғындықтан, психикалық тұрақсыздықтан, іштей күйзелістен, тоқырауға ұшыраудан зиян көретін елімізде қаншама жанұя бар?! Осының бәрінің түбінде жатқан кесел – Алладан толыққанды қажетіңізді сұрамау немесе тіптен дұға қылмау. Иманның әлсіздігі – бүкіл қайғының бастауы. Аллаһ Тағала былай дейді: «Егер ол өлкелердің тұрғындары иман келтіріп, қорыққанда еді, әрине оларға көк пен жердің берекесін ашып жіберер едік» (Ағраф сүресі, 96-аят).

Жаныңызда тұрған қолжетімді емді қолданбай сізге не көрінді?! Ол сізден көп шығын талап етпейді. Аурухана, емхана, дәріханаға баруды талап етпейді. Мен медицина қызметінен бас тарту керек деп жатқан жоқпын. Айтқым келіп тұрғаны: ең басты емді ұмытпауымыз қажет. Оның үстіне ол өте жақын, қолжетімді, әрі тым тез әсер етеді.

Келіңіздер, кейде ұмыт қалдырып жүрген осы емделу жолдарының кейбіреулерін атап өтейік. Бірінші емделу тәсілі – Алламен араңыздағы қарым-қатынасты қайта қарау қажет. Раббыңызға бойұсынасыз ба, Оның әмірін орындайсыз ба, өсиеттерін басшылыққа аласыз ба, Ол разы болмайтын, тыйым салған нәрселерінен аулақсыз ба?! Міне, осы ең күшті, ең әсерлі емнің түрі, нығметтің бірі. Тәубеге асығып, күнәларыңызға кешірім сұрап дұға қылуға ұмтылыңыз! Жүрегіңізді Аллаға байлаңыз, маңдайыңызды табаныңызбен теңестіріп, Аллаға құл екеніңізді мойындап сәжде етіңіз, Алланың мейірім есігін қағыңыз! Құран мен Сүннетте баяндалған Алланың бұйрықтарын орындап, тыйым салғандарынан аулақ болыңыз! Шын мәнінде, күнәлар – адам баласының жүрегін қарайтып, тастай қылады, жүрекке салмақ салады. Күнәдан алыстап, шын жүректен ықыласты түрде өкініңіз және сол күнәларға енді қайтып оралмаймын деп ниет етіңіз. Сонда күнәңыз жойылып, әрдайым пенделерін Өзіне оралуға шақыратын Раббыңызға жақындай түсесіз, тынышталып, жүрегіңіз орнығып, бақытқа қол жеткізесіз. Аллаһ пенделерін тәубе етуге шақырып қасиетті Құранда былай дейді: «Әй, өздеріне зиян қылған құлдарым! Алланың мейірімінен күдер үзбеңдер! Алла бүкіл күнәларды кешіреді. Өйткені Ол тым Кешірімді, өте Мейірімді» (Зумар сүресі,53-аят).

Аллаһ Тағала былай дейді: «Әй мүміндер, барлығың түгел Аллаға тәубе қылыңдар! Әрине құтыларсыңдар» (Нур сүресі,31-аят).

Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қанша тақуа, діндар, ізгі, пәк болса да күніне жетпіс рет Алладан кешірім сұрап, тәубе ететін болған. Ендеше, елшіден үлгі алайық!

Расында, күнәлардың кесірінен басымызға ауыртпашылық келеді. Тәубе ету арқылы күнәлар кетеді.

Емделудің екінші тәсілі – намаз. Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) басына қиыншылықтар келген кезде намазға асығатын. Ол: «Намаз – көзімнің қуанышы» — дейтін. Тұрыңыз да, дәрет алыңыз, екі ракағат намаз оқып, Алладан осы дүние мен о дүниеде жақсылық тілеңіз! Сонда жүрегіңізде үлкен жеңілдік пайда болғанын байқайсыз. Намаз – адамның күнәларын жуып-шайып жібереді, қайғы-қасіреттен айықтырады.

Емделудің үшінші тәсілі – ізгі, тақуа, Аллаға бағынатын жақсы адамдардың ортасында болу. Күнә мен арсыздыққа итермелейтін жолдастардан аулақ болыңыз!

Емделудің басқа да тәсілдеріне жүректің Аллаға тәуекел етуі, Алланы жиі еске алу, Алланың сөзі Құранды көп оқу жатады. Расында, Алланы ескел арқылы жүректер тынышталады. Кім Алланы еске алудан бас тартса, оның ғұмыры ауыр болады.

Сонымен қатар, дұғаны да ұмытпаңыз! Алладан ауыртпашылықтан құтқарып, жеңілдік бер деп көп дұға қылыңыз! Дұға – мүміннің қолындағы қуатты қару. Дұға дегеніміз не, дұға қылу үшін қандай талаптарға сай болу керек деген сыңайлы мәселелер жайында, Аллаһ қаласа, келешек бағдарламамыздың бірінде сөз етеміз.

Барлық ісіңізде Аллаға ғана тәуекел етіңіз, бүкіл ісіңіздің шешімін Одан сұраңыз, себебі Ол Қамқор. Бізге Аллаһ жеткілікті, Ол нендей керемет Қамқоршы.

Аллаһ Тағаладан Оның әдемі есімдері арқылы баршамызды қиыншылықтардан, уайымнан, қайғы-қасіреттен құтқарып, олардан шығу жолын көрсетуін сұраймын. Және бүкіл мақтау-мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға ғана лайық! Әссәләму ‘аләйкум уа рахматуллаһ!

Ассалаумағалейкум. 1.Таң намазын қаза қылып қойғанда, егер бесін уақыты кіріп қойған болса, алдымен таң оқып, сосын бесін оқи ма?

Уа ғалейкумуссалам! Тәртіп иесі болған адам бір парыз намазын үзірсіз түрде өз уақытында оқымаса, уақыты кірген алғаш намаздан бұрын бұл намаздың қазасын оқуы керек. (Алауддин Хаскефи)
Тәртіп иесі деген, мойнында қазаға қалған намаз борышы болмаған немесе қазаға қалған намаздарының жалпы саны бес уақыт намаздан аспаған және намазда ретін сақтауы керек болған адам. Тәртіп иесінің бір күндік бес уақыт намазының парызы мен үтір намазын оқығанда және қазасын оқығанда тәртіпті (намаздың ретін) сақтауы парыз болып табылады. (Халеби)

Өткізіп алған намаздары алтау немесе одан да көп уақыт болса, өткізіп алған намазы мен уақыт намазының екеуін де оқи алмайтындай уақыт тар болса, мұндай жағдайда алдымен уақыт намазын оқиды. Кейін өткізіп алған намазының қазасын оқиды. Қазаға қалған намаз ұмытылып, одан да кейінгі уақыт намазының оқылуымен тәртіптік қасиеті жойылады.(М.Зиһни)

Тәртіп иесінің алдыңғы оқымаған намазы келесі намаз ішінде есіне түссе, намазы бұзылады. Алдымен оқымаған намазының қазасын өтейді, содан кейін уақыт намазын оқиды. (Ибн Абидин)

Бестен көп қазалары болған адам бұлардың қазасын өтей-өтей азайтып, санын алтыдан төмен түсірсе, тәртіптік қасиетіне қайта келмейді. Ондай кісілер намаздарын кезегіне қарамай оқи алады. (М. Зиһни)

Салеметсiздерме.сiздерден сурайын дегенiм осы кошеде немесе базарда сиякты жерлерде осы узын салалды кыска балакты адамдарды коремiз осындай адамдар жайлы не дейсiздер?

Уа ғалейкумуссалам! Жалпы ұзын сақал қойғандар мен балақтарын қысқартқандардың бәрі теріс көзқараста деп айту дұрыс емес, себебі, сақал қою мен балақты қысқарту Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннеті екендігін естен шығармауымыз керек. Десекте, сақал қойып, балақ қысқартқандардың бәрі дұрыс ниеттегілер деп айта алмаймыз. Сондықтан, ондайларға мән бермей, діни сауаттылықты мешіт имамдарынан алған дұрыс!

Салеметсизбе!Сизге кояр сурагым,Жасым31де.Куйеуге шыкканыма 13жыл.Аурудан крз ашпаймын.Бир жеримди емдесем ,екинши жерим ауруга шалдыгады.Дарилерди ишуден де шаршадым. Озим коп жаман ойлармен кетип каламын.Комек сураймын,бунын бари содан болуы мумкин бе?Отиниш

Уа ғалейкумуссалам! Басыңызда болған жағдайларды (тұрмыстық болсын, денсаулық болсын) тек бір Алладан деп біліңіз, оның баршасын Алланың жақсылығы, сынағы деп біліңіз. Алладан сабырлықпен тұрмыстық жағдайыңызға жақсылық, денсаулығыңызға есен-саулық, шипа тілеңіз!

Саламатсызба!Кеширисиз.Куйеуим коа ауырып,жаман ойларга бара бергендиктен,тангы "Бамдат"намазын окы дейди.Бир жыл бурын окып денсауоыкка байланысты тастап кеттим.Куйеуим сол кезде жаман ойлардан айырылганымды корип,казир жалгастыруымды сурайды.Тек бир уакыт намазды окысам бола ма?

Уа ғалейкумуссалам! Намаз – өте көп орындалатын құлшылық және Исламның бес тірегінің екіншісі. Балиғат жасына жеткен, ақыл-есі дұрыс, ер және әйел мұсылманға әр күні бес уақыт намаз оқу Құранда парыз етілген. Таң намазы – бес уақыт намаздың алғашқысы. Мұнан кейін бесін, асыр, ақшам, құптан намаздары боп жалғасады. Бұларды толық орындау – мұсылманның ең маңызды міндеттерінің бірегейі. Бүгінде тек жұма намазын, яки бес уақыт намаздың кейбіреулерін ғана орындап жүргендер бар. Оған да шүкір дейміз. Әрине, оларға түсіністікпен қарау керек. Дей тұрғанмен Алланың үкімін ешкім бұза алмайды. Яғни, тек қана таң намазын орындасаң болады деген кесімді пікір айтып, ешкім рұқсат бере алмайды. Ол әр пенденің иманының беріктігіне байланысты жүзеге асады.

Уәссаламу алайкум уарассулуллах. Ясин сүресінің қадір-қасиеті туралы білгім келеді және оны қандай жағдайларда оқу керек? Ясин сүресін толық жаттағанға дейін қағазға қарап оқуға бола ма?

Уа ғалейкумуссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Ясин сүресінің қасиеті:

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Әр түні Ясин сүресін оқуды әдет қылып, сол жағдайында қайтыс болған адам шәһид болады.»

«Құран кәрімде бір сүре бар, оқыған адамға шапағат етеді, ал тыңдағанның кешірілуіне себеп болады. Ахиретте қорыққанынан сақ болады. Бұл сүре – Ясин шәриф.»

«Өлім халінде жатқан аурудың қасында Ясин шәриф оқылатын болса, әрбір әрпі үшін бір періште келіп, рухының оңай шығуына дұға етеді. Жуындырғанда жанында болады. Табытымен бірге барады. Намазына, жерлеуіне де қатысады және әрдайым дұға етеді.»

«Шайтандар Ясин сүресінен, Хашр сүресінің соңғы бөлімінен және Муаууизәтәйн (Фәлақ, Нас) сүрелерінен қашады.»

«Мазарға кірген адам Ясин сүресін оқыса, сол күні мәйіттердің азаптары жеңілдейді. Ал оқыған адамға мәйіттердің санымен бірдей сауап беріледі.»

«Жанында Ясин сүресі оқылған науқас суға қанған күйде өледі және тойған күйде қабірге кіреді.»

«Мұсылман болған науқастың жанында Ясин шәриф оқылатын болса, Ридуан есімді періште науқасқа жәннат шәрбетін әкеледі. Суға қанған күйде жанын тапсырады. Тойған күйде қабірге кіреді. Суға мұқтаждығы болмайды.»

«Ясин оқыңдар. Бұл сүреде он берекет бар. Аш адам оқыса – тояды. Киімі жоқ адам оқыса – киім табады. Бойдақ оқыса – үйленеді. Қорқуда болған адам оқыса – сақ болады. Мұңды адам оқыса – көңіл-күйі көтеріледі. Жолаушы оқыса – сапарда жәрдем табады. Жоғалған нәрсе табылады. Науқас адам оқыса – шипа табады. Өлгеннің жанында оқылса – азабы жеңілдейді. Шөлдеген адам оқыса – суға қол жеткізеді.»

«Кімде-кім ата-анасының немесе екеуінен бірінің қабірін әр жұма сайын зиярат етіп, сол жерде Ясин оқып тұрса, Аллаһу та'ала оны Ясин сүресіндегі әріптердің мөлшеріндей кешіреді.»

«Құран кәрімнің жүрегі – Ясин. Сөзсіз бұл сүре дерттерге шипа. Кімде-кім Аллаһты және ахиреттіктерді ойлап Ясин оқыса, Аллаһ оны міндетті түрде кешіреді.

«Әр түні Ясин сүресін оқыған адам міндетті түрде шәһид болып өледі.»

«Жұма түндері Ясин сүресін оқыған адам таңды Аллаһу та'аланың кешіріміне қауышқан күйде қарсы алады.»

 

Ясин сүресінің пайдалары

Хадис шәрифте былай делінген:

«Құран кәрімде бір сүре бар, оған Аллаһ дәрежесінде «Азыйма» делінеді. Бұл сүрені оқыған адам қиямет күні көптеген адамдарға шапағат етеді. Бұл сүре – Ясин сүресі.»

Ясин сүресін оқудың біршама пайдалары:

1) Ажалы келмеген науқас шипа табады.

2) Ажалы келген науқас өлім азабын тартпайды.

3) Өлген кезде жәннат періштелерін көреді.

4) Адам қорыққан нәрсесінен сақ болады.

5) Мұқтаждар жәрдемші табады.

6) Аш адам тоқ болады. Яғни күтпеген жерден ризық келеді.

7) Сусыз қалған адам қанғанша дейін жететін су табады.

8) Бойдақтардың үйленуі оңай болады.

9) Киімі болмаған адам киім табады.

10) Жоғалған нәрсе табылады.

Бірақ осыған ниет етіп және сеніп оқу керек.

Имам Шарани былай деген:

«Ауруымнан жазылсам немесе пәлен жұмысым жүріп кетсе, сауабын хазіреті Сәйидәт Нәфисаға бағыштау ниетімен үш Ясин сүресін оқу немесе бір қой сою нәзірім (атағаным) болсын десе, осы тілегінің қабыл болатындығы көп рет тәжірибе етілген.»

 

Иә, жаттағанға дейін қағазға қарап оқыса болады.