Пайғамбарымызды (с.а.с.) түсімізде көруіміз үшін не істеу керек ? Сүйікті Пайғамбарымызды түсімізде қалай көре аламыз?
«Я, Алла, бізді Өзіңнің мейіріміңмен қуандыр. Жасаған зұлымдығымыз үшін Өзіңнің мейіріміңнен құр қалдырма». Жақсы нәтижеге қол жеткіздудің бастамасы - ықыласпен дұға етуде. Егер Алладан шын ықыласпен сұрасаң, егер көздеген мақсатың тек Аллаға ғана бағытталған болса, мейірім есіктері ашылады. Тәжірибеден өтіп, тексерілген төрт түрлі амал бар. Мен осы бір төрт түрлі амалды Пайғамбарымызды (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) түсінде көргісі келетін жандарға үнемі айтып отырамын. Егер кімде кім осы бір төрт амалды үнемі тастамай жүретін болса, ол адамға Пайғамбарымызды (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) түсінде көру құрметі беріледі.
Біріншісі, көп мәрте салауат айту. Әр адамның салауат айтуға арнайы бөлген уақыты болуы керек. Сен Оған (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) көп мәрте салауат айтуың қажет. Имам әс- Сахафи «Әл Қаули Бадиъ фи- солати ъалан- Наби» еңбегінің авторы былай дейді: «300 рет салауат айту күндіз- түні оқылатын салауттың ең аз мөлшері болып табылады». Қайда жүрсең де көлікте, метрода келе жатсаң да салауат оқы. Салауатттан қолың босамауы қажет. Сансыз салауат оқу деген- осы. Егер адам өзін салауатты көп айтатын адамдар қатарына жатқызар болса, ол адам күніне жоқ дегенде 300 рет салауат айтуы қажет. Мұны Имам әл- Хафиз әс- Сахафи: «Салауатты махаббатпен оқуың қажет: Аллаһумма солли ъала саиидина Мухаммадин ан- набиул умми, уа ъала әлиһи уасохбиһи уә соллим таслиман касиран. Сондай махаббатпен оқыңдар»,- деп айтып жатыр.
Екіншісі, оның сүннетті берік ұстану. Мен сүннетті сырт келбетпен ғана көрсету деп айтып жатқан жоқпын. Көптеген адамдар сүннетті жай ғана ұстанып жүргендеріне мәз болады. Бұл әрине, жақсы. Алайда сүннетті ұстанғанда да, құрметпен ұстану керек. Егер саған Пайғамбар (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын)оң қолымен ішіп- жеген десе, бұған салт ретінде қарамай, сенің Сүйіктің қалай істеген болса дәл солай сен де ішіп- жеп жатқаныңды сезін.
тамақтанып жатқан кездіңде де Сүйіктіңмен бірге бол. Үйге оң аяқпен кіріп, сол аяқпен шығыңдар, ал әжетханаға сол аяқпен кіріп, оң аяқпен шығыңдар деген кезде кейбір адамдар: «Дін деген оң аяқпен кірме, сол аяқпен шық емес»,- деп мазақ еткендей болады. Біз мұны айтып жатқан жоқпыз. Сіз бізді дұрыс түсінбей қалдыңыз. Я болмаса, кешіріңіз, біз сізге бұл нәрсені дұрыс түсіндіре алмадық. Мәселенің бәрі бір аяқтың екінші аяқтан озуында емес, мәселенің бәрі менің жүрегімнің үйге кіріп- шыққанда Пайғамбарыммен (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) байланысуында, бір болуында.
Үйге кірген кезде әдеттегідей кіріп жүре аламын, кіріп қана қоймай көшедегі келеңсіздіктерді үйге қоса ала кірем. Өйткені ол екеуінің арасын бөлердей ешбір тосқауыл болмады. Сен үйге көңілсіз кірдің де үйдің астаң- кестеңін шығардың. Алайда, сен үйге келген кездіңде бір сәтке болса да тоқтап, ойлан. Сенің Сүйіктің үйге кірер кезде қандай әдепті сақтаған еді? Ол (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) оң аяғымен кірген болатын, ендеше сен де Сүйіктіңмен бірге оң аяғыңмен кір. Отбасыңдағыларға сәлем бер де, үйге кіргендегі дұғаңды оқы.
Үйге сол аяқпен емес, оң аяқпен кірудегі даналық осында жатыр. Ал үйден шыққан кезіңде сол аяқпен шық та, осы амалыңмен Пайғамбардың (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) ізімен жүргендігіңді біл, сезін. Сүннетті ұстану тек киіммен, сырт келбетпен я болмаса сол немесе оң аяқпен ғана шектелмейді. Сүннет – бұл амал. Алланың Елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) қатты күлгенді ұнатпайтын. Ол (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) тек қана күлімсірейтін, ол үнемі күлімдеп жүретін. Ол (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) ешқашан ашулы болып, түнеріп жүрмеген. Кейбір адамдар бір қарағанда- ақ жұмсақ әрі көңілді, мейірімді болып көрінеді. Ал егер кішкене ашуланса болды, мүлде басқа болып кетеді.
Олар сол мезетте ақ түнеріп, көңілсіз бола қалады. Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) ешқашан да ондай болмаған. Үмметтің қамын Ол (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) секілді ешкім ойламаған. Сонымен қатар Ол (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) өзінің қуанышын адамдардан ешқашан да жасырған емес. Өзінің сахабаларына ең көп күлімдеп қарайтын адам еді. Бұл – Оның (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) жолы.
Ол (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) ешкімнен қуанышын жасырған емес. Ол осындай адам болған, оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын! Ол (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) жүзіндегі күлкісін ешкімнен жасырып қалған емес, Ол (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) адамдардан теріс айналып кеткен де емес, кей кездері оның жүзі өзгеріп сала беретін, алайда оның да себебі болатын еді.
Тағы қайталасам, бірінші – үзбей салауат айтып жүру.
Ал екіншісі – сүннетті құрметпен ұстану. Адамдармен көркем мәміледе болуыңның өзі Оның(оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) сүннетін ұстануың. Сен Пайғамбармен (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) өміріңнің әр сәтінде бірге болуың керек. Өміріңнің әр сәті Пайғамбармен (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) байланысты екенін сезінуің керексің.
Үнемі салауат айту, сүннетті қастерлеп ұстану. Ал үшіншісі болса, Оның (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) үмметіне қызмет ету. Сен өзгеге қалай пайдамды тигіземін деп өмір сүруің қажет, өзімшіл болма. Егер мұқтаж жанды көрсең, Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) мұқтаждармен қалай қарым- қатынаста болғанын есіңе ал. Егер сен біреуге мұқтаж болып тұрсаң да, жақсылық жасап алып, кейін оны жамандықпен алмастырушылардан болудан сақ бол. Алла Тағала өзгелерді дінге шақыру үшін Пайғамбарымызды (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) өзгелердің оған құлақ асуына мұқтаж қылып қойған кездегі оның халін есіңе ал. Ол (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) үшін үмметке қызмет ету- тек қана мұсылмандарға ғана емес, Ол (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) бүкіл әлемге жіберілген Пайғамбар екенін біліп қызмет ету болды. Алла Тағала былай дейді: «Біз сені жер бетіне рақым етіп қана жібердік»,- дейді. Жер бетіндегі оның үмметінен болған әрбір адам, дағуаттың үмметі. Сен барлығына жақсы қарым- қатынаста болуың қажет.
Төртіншісі, дағуат жасаған кездегі кезіккен қиыншылықтарға сабырлық. Бұл нені білдіреді? Мысалы біз біреуді жақсы көрдік дейік. Біз жақсы көрген адамымыздың не нәрсеге өкпелеп, не нәрсе оны қуандыратынын білеміз. Соған қарай әрекет етеміз. Өйткені махаббат бар. Егер мен біреуді жақсы көрсем, мен үшін оның жағдайы маңызды болуы керек. Оған деген менің махаббатым артқан сайын, ол қайғырған нәрсеге мен де қайғыратын боламын. Ол қуанса мен де балаша мәз боларым сөзсіз. Ал Пайғамбарымыздың (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) жүрегін не нәрсе қуандырады екен? Ол не нәрсеге қызықты, ненің қамын ойлады?
Тізімде төрт түрлі амал болды. Унемі салауат айту, оның сүннетін қастерлеп ұстану, дағуат кезіндегі қиыдықтарға сабырлық, үмметке қызмет ету. Кімде кім осы төрт шартты үнемі орындап жүретін болса, ол адамға Алла Тағала түсінде Пайғамбарымызды (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) көру құрметін береді.
Бұған тағы да Пайғамбарымыздың (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) өмір жолы жайлы кітаптар оқу да көмектеседі. Оның көркем мінезі жайлы жазылған еңбектер, Алла Тағала Мұхаммедке (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) берген ерекшеліктер туралы еңбектер оқу қажет. Сол кезде Алла Тағала біздің жүрегімізді Оған (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) деген үлкен махаббатпен толтырып қояды.
Қайтадан осы төрт амалды нақтылап қайталап кетсем. Үнемі, үзбей салауат айту, Оның (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) сүннетін құрметпен ұстану, Оған (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) байлану деген шартты жіберіп алдым, яғни қандай жағдай болмасын Оны (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) көруге ынтығу, «Я Раббым, мен Оны көргім келеді, мен Оны көргім келеді» деген ой санамызда жаңғыру керек және де Оның (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) үмметіне қызмет ету».
P.S. Құрметті жамағат! Үнемі салауат айтуды әдетке айналдырыңыздар. Сіздердің саусақтарыңыздың өзі тасбих, ол тасбих әркімде бар. 300 мәрте ол көп емес. Көлік кептелісінде тұрып-ақ қаншама салауат айтатын уақытымызды бос жіберіп аламыз. Алла Субхана уа Тағаладан баршаңызды Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) түсіңізде келіп зиярат етуін сұраймыз. Әмин!