Ислам асыл дініміз

Күйеуімнің  намаз оқуы үшін қандай дұға оқысам болады?

Тұрсынай 

Арнайы дұға жоқ. Тура жолға түссін, маңдайын сәждеге қойсын........ деп дұға жасауға болады.

Мен күзетші болып жұмыс істеймін, Әлхамдулилләһ! Аллаһ берекесін берсін! Аяғымызғы берцы киеміз. Дәрет алғанда аяғымды шешпей, жумай-ақ қойсам бола ма?  Намазда да шешпесем болады ма? Мұны сұрайумның себебі, қазір қыс мезгілі, күн суық.  Тағы пойызда жүреміз. Уақыт тығызы болып қалады.

Болат 

Дәретте аяқ жуылады немесе мәсі киіледі. Дәреті болғанда намазда аяқ киім нәжістен таза болса оқуға болады. 

Ер адам қолына жүзік тағып намаз оқыса бола ма?

Жігер 

Шариғат мәзхабтары мұндай хадистерге сүйене отырып, ерлердің алтын жүзікті әдемілік үшін тағатынын ескере келе, бірауыздан харам деп үкім берген.

Бірақ «күмістен жасалған сақина, белдік және сабы күміс қылыш ерлерге қолдануға болады» деген ғалымдарымыз. Өйткені, бұлар хадисте рұқсат етілген дүниелер. Ал, бұлардан тыс алқабілезіксырғасекілді әшекейлер көбіне әйел затына тән болғандықтан, ер кісілер ол заттардан бойын аулақ ұстағандары жөн.Хадисші әрі фиқһ ғылымының білгірі, Шафиғи мәзһабының Имамы ән-Нәуәуи (р.а.) бұл жайында былай дейді:

Ер кісіге күмістен сақина тағу рұқсат етілген дүние, мұнда талас жоқ. Ал одан өзге: білезік, алқа сынды күмістен жасалған әшекей бұйымдарды тағу ғалымдардың басым көпшілігі бойынша тыйым салынады. Бірақ, әл-Мутәуәлли мен әл-Ғазали өздерінің пәтуаларында «болады, себебі күміске қатысты тек ыдыстар мен әйелдердің әшекейлерін тағып, әйелдерге ұқсау әрекеті ғана харам, қалған нәрселер халал» деген. Дегенмен, бұл мәселеде көпшілік ғалымдардың пікірі дұрыс. Олай болған себебі, білезік, алқа сияқты дүниелерді әйелдер тағады. Ал әйелдерге ұқсау – харам.

Ер адам қолына жүзік тағып намаз оқыса бола ма?

Жігер 

Шариғат мәзхабтары мұндай хадистерге сүйене отырып, ерлердің алтын жүзікті әдемілік үшін тағатынын ескере келе, бірауыздан харам деп үкім берген.

Бірақ «күмістен жасалған сақина, белдік және сабы күміс қылыш ерлерге қолдануға болады» деген ғалымдарымыз. Өйткені, бұлар хадисте рұқсат етілген дүниелер. Ал, бұлардан тыс алқабілезіксырғасекілді әшекейлер көбіне әйел затына тән болғандықтан, ер кісілер ол заттардан бойын аулақ ұстағандары жөн.Хадисші әрі фиқһ ғылымының білгірі, Шафиғи мәзһабының Имамы ән-Нәуәуи (р.а.) бұл жайында былай дейді:

Ер кісіге күмістен сақина тағу рұқсат етілген дүние, мұнда талас жоқ. Ал одан өзге: білезік, алқа сынды күмістен жасалған әшекей бұйымдарды тағу ғалымдардың басым көпшілігі бойынша тыйым салынады. Бірақ, әл-Мутәуәлли мен әл-Ғазали өздерінің пәтуаларында «болады, себебі күміске қатысты тек ыдыстар мен әйелдердің әшекейлерін тағып, әйелдерге ұқсау әрекеті ғана харам, қалған нәрселер халал» деген. Дегенмен, бұл мәселеде көпшілік ғалымдардың пікірі дұрыс. Олай болған себебі, білезік, алқа сияқты дүниелерді әйелдер тағады. Ал әйелдерге ұқсау – харам.

Намазды оқып бастағаныма 2 ай болды. Намазда оқылатын дұғалардың мағыналарын толық білмеймін. Намаз оқыған кезде ойымды басқа жаққа бұрмау үшін Құран аяттарын, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадистерін, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бен сахабалары және басқа да Пайғамбарлар (а.с) бастарынан өткізген керемет оқиғаларға негізделген   ғибратты әңгімелерді ойлаймын! Енді сізге қояйын деген сұрағым! Сол дұрыс па? 

Шынтас 

Намаздағы көңіл хошы және оны көркем орындау

Ал намазды көркем орындау дегеніміз – намаздағы күллі парыз, уәжіп, сүннет сияқты әдептерді өз орынында толық орындауды айтады.Абу Хурайра (р.а)-дан руаят етіледі:

Әр бір адам намаздың амалдарын толық орындағысы келсе, көңіл хошын келтіріп, күллі ағзаларын мамыражай күйге бөлеп, жүрегімен бір Аллаға байлануы қажет.

Сол үшін де әрбіріміз намазымызды көңіл хошын келтіріп, рукуғтарымен өзге де амалдарын кәміл орындауға айрықша көңіл бөлуіміз қажет болады.

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيَّ اللهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: أَتِمُّوا الرُّكُوعَ وَ السُّجُودَ فَوَاللَّهِ إِنَّي لآَرَاكُمْ مِنْ بَعْدِ ظَهْرِي إِذَا رَكَعْتُمْ وَ إِذَا سَجَدْتُمْ. رَوَاهُمَا الشَّيْخَانِ.

Анас (р.а)-дан руаят етіледі:

«Пайғамбарымыз (с.а.с): «Рукуғ пен сәждені толық жасаңдар. Аллаға ант етейін, мен сендерді қашан рукуғ жасайсың, қашан сәжде жасайсын арқамнан да көремін» - деді». Екі хадисті де имам Бұхари мен имам Мүслім руаят еткен.

Түсініктеме: Осынау хадис шәріптен алынатын пайдалар:

1. Намазды жақсылап оқудың қажеттілігі;

2. Намазды жүрдім-бардым оқитындарға ғалым кісілердің сын-ескертпелер айту керектігі;

3. Намаз оқушы намаздың тәртібіне мұқият болу керектігі;

4. Адамның намазды өзі үшін оқитындығы;

5. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) арт жағынан да дәл алдынан көретіндей көретіндігі.

عَنْ ابْنَ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيَّ اللهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: لاَ تُجْزِئُ صَلاَةُ الرَّجُلِ حَتَّى يُقِيمَ ظَهْرَهُ فِي الرُّكُوعِ وَ السُّجُودِ.

Абу Масғұд (р.а)-дан руаят етіледі:

«Пайғамбарымыз (с.а.с): Қашан рукуғ пен сәждеде белін тура ұстамайынша адамның намазы қанағаттанарлық болмайды» - дейді».

Түсініктеме: демек, намаз қанағаттанарлық болуы үшін рукуғ, сәжде және басқа да ережелерін өз ретімен, көңілдің хошын келтіріп оқу қажет екен. Рукуғты шала орындау немесе онда қисайып тұру, сол секілді сәждеде белді дұрыс ұстамасаң намаз қанағаттанарлықтай болмайды.

عَنْ مُطَرَّفٍ عَنْ أَبِيهِ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: رَأَيْتُ رَسُولَ اللهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يُصَلَّي وَ فِي صَدْرِهِ أَزِيوٌ كَأَزِيزِ الرَّحَى أَوِ الْمِرْجَلِ مِنَ الْبُكَاءِ. رَوَاهُمَا أَصْحَبُ السُّنَنِ.

Мутарриф (р.а)-дан, ол әкесінен руаят етеді:

«Пайғамбарымыз (с.а.с)-ның намаз оқып жатқанын көрдім. Көкрегінде қауіп-қатерден диірменнің немесе қазанның дауысына ұқсаған дауыс естіліп тұратын». Жоғарыдағы екі хадисті де «Сунан» иелері руаят еткен.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бірінші намазхан болып, басқаларға намазды қалай оқуды үйреткен. Намаздың не екенін өзгелерден алдын түсінген жан. Ол кісі (с.ғ.с) қашан намаз оқыса, көңіл хошын келтіріп, шынайы беріліп намаз оқыған.

Осынау руаяттан көрініп тұрғандай, пайғамбарымыз (с.ғ.с) намаз оқитын болса, қауіп-қатердің қаншалықты екенін сезініп, күрсінгенде көкрегінен диірмен немесе қазанның қайнағанына ұқсас дауыс есітіліп тұрады екен.

Енді өзімізге бір назар салайық. Намаз оқығанда бізді қандай қауіп-қатер басады?! Біз үрейді сезініп көрдік пе?! Көкрегімізден Алла тағалладан қорқып үйрейлену сезімі өтеді ме?! Әлде намазда күллі ағзаларымыз ғибадатқа беріліп мамырай күй кешіп, жүрегіміз өзінің Раббысымен етене қабысып кетеді ме?!

Сондықтан, біз де пайғамбарымыз (с.а.с)-нан өнеге алып, намазды көңіл хошын келтіріп, күллі ағзаларымызды ғибадатқа бейіл мамыражай күй кештіру арқылы оқуға әдеттенуіміз қажет.

عَنْ عُقْبَةُ بْنِ عَامِرٍ الْجُهَنِيَّ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيَّ اللهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: مَا مِنْ أَحَدٍ يَتَوَضَّأُ فَيُحْسِنُ الوُضُوءَ وَ يصَلَّي رَكْعَتَيْنِ يُقبِلُ بشقَلْبِهِ وَ وَجْهِهِ عَلَيْهِمَا إِلاَّ وَجَبَتْ لَهُ الْجَبَتْ لَهُ الْجَنّةَ.

Уқба ибн Амир әл-Жуһаний (р.а)-дан руаят етіледі:

«Пайғамбарымыз (с.а.с): «Кімде кім жақсылап дәрет алып, жүрегі мен жүзі арқылы тебіренген қалде екі ракат намаз оқысы, әрине, оған жәннәт уәжіп болады» - деді».

Түсініктеме: Хадис шәріптегі «жүрегі мен жүзі арқылы тебіренген қалде», дегені көңіл хошын келтіріп, күллі ағзаларын ғибадатқа бейіл ете отырып намаз оқыса дегенді білдіреді.

Осынау хадистен алынатын пайдалар:

1. Дәретті жақсылап алудың қажеттілігі. Намаздың кемел болуына бұл амалдың тигізер ықпалының маңызды екендігі;

2. Намазды күллі болмысың арқылы, жүрегің мен жүзіңді тебіренте отырып оқу керектігі;

3. Көңіл хошын келтіріп намаз оқыған жанның әрине жәннәтқа баратындығы.

Сондықтан да әрқашан да намазды көңілдің хошын келтіріп, күллі ағзаларымызды ғибадатқа бейіл ете отырып оқуды әдетке айналдырайық. Сонда мақсатқа жетеміз.

عضنْ عَمَّارِ بْنِ يَاسِرٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيَّ اللهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: إِنَّ الرَّجُلَ لَيَنْصَرِفُ – أَيْ مِنْ صَلاَتِهِ – وَ مَا كُتِبَ لَهُ إِلاَّ عُشْرُهَا تُسْعُهَا سُبْعُهَا سُدْسُهَا خُمْسُهَا رُبْعُهَا ثُلُثُهَا نِصْفُهَا. رَوَاهُمَا أَبُو دَاوُدَ.

Аммар ибн Ясир (р.а)-дан руаят етіледі:

«Пайғамбарымыз (с.а.с): «Әрине, бір адам (намазынан) тұрғанда, оңға оның оннан бірі, тоғыздан бірі, сегізден бірі, жетіден бірі, алтыдан бірі, бестен бірі, төрттен бірі, үштен бірі немесе жартысы ғана жазылған болады» - деді».

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) осынау хадис шәріпте «Намаз екі (ракат), екі (ракат)» дегенде нәпіл және таһаджұт намаздарын назарда тұтқан. Ол намаздарды екі ракаттан оқыған абзал.

Осынау хадис шәріптен алынатын пайдалар:1. Нәпіл және таһаджұт намаздары екі ракаттан болса жақсы болатындығы;

2. Әр екі ракат намаздан соң таһаджұт оқылатыны;

3. Намазда көңіл хошының болу керектігі;

4. Намазда пенденің Аллаға бойұсынушылығының болуы қажеттілігі;

5. Намазда пенде Аллаға өзінің мұқтаждығын, бейшаралығын білдіру қажеттілігі. Өйткені намаздың сыры да осында;

6. Кім осылай істемесе намазы шала.

Осынау хадис шәріпті үйреніп болғаннан соң ықылас, көңіл хошы, бойұсынушылық және мұқтаждық арқылы намаз оқудың қаншалықты маңызды екенін түсіндік.

Пайғамбарға жіберілген кітаптың мазмұны қандай?

Баян 

Алла тарапынан Пайғамбарымызға  (с.а.у.) келген кітаптың мазмұны адам баласын жамандықтан тыйып жақсылыққа шақыруды қамтиды. 

Бұл сұрақ көптеген адамдарды толғандыратынын білемін. Бүгінде әлеуметтік желілерде көптеген  смс хабарламалар көбейіп кетті. Олардың мазмұны да ұқсас: «бқл хатты таратпасаң жамандыққа ұшырайсың», «Ақтауда бір жігіт бұл хатқа сенбей таратпаған екен,  4 күннен кейін аяғынан айрылып қалған»  немесе "Бекет атадан бата алған адам ... таратпасаң жамандыққа ұшырайсың...», «Алланың есімдері жазылған... таратсаң 7 күннен кейін не болатынын қара, таратпасаң жамандық....» деген секілді бир сарынмен жалғаса береді. Таратпайын десем жазылған жаман сөздерден қорқамын,  таратайын десем адамдардан ұят.  Ойға сыймайтын нәрсе.  Жауабын беріңізші.

Жанат 

Бұл нәрсенің шариғатта орны жоқ. Айтылған нәрселердің бәрі бос нәрсе. Көңіл бөлмеңіз. 

Қыз балаға мешiтке баруға болады ма?

Баян  

Мешітке кіру үшін ешкімге тыйым жоқ. Бірақ қыз балалардың еттеккір кезінде намаз оқуына мешітке кірмегені жөн. Дұға, зікір жасауына рұқсат.

Сәлеметсіздер ме?! Менің білгім келгені нәпіл намазын күніне неше рет оқуға болады ма? Толық жазуларынызды сұраймын. Рахмет.

Азиза 

Сәләмәтсіз бе?!  Намаздың түрлері  үшке бөлiнедi. Олар: 1. Парыз. 2. Уәжiп. 3. Нәпiл.

1.       Парыз намаздары: Бес уақыт намаздың парыздары; Жұма намазынының екi рәкат парызы мен жаназа намазы. (жаназа намазы парзы кифая).

2.       Уәжiп намаздары: Үтiр намазы, Рамазан айт намазы, Құрбан айт намазы, аяқталмай қалған нәпiл намаздары. Қаза болған үтiр намазының кейiннен қазасын өтеу де уәжiп.

3.       Нәпiл намаздары: Бес уақыт намаздың сүннеттерi, тарауих намазы. Сауап алу ниетімен оқылатын тәһәжжуд намазы, тахятул масжид, ишрақ, дұха, әууәбин, истихара, тәсбих намаздары нәпiл намаздарының қатарына жатады. Нәпілді мәкруһ уақыттан басқа уақытта оқуға рұхсат.

Бақара сүресінің  оқылуын дискіге жазып алып, үйге жіберіп қоюға бола ма?

Бұл сүреде Аллаһу Тағаланың болмысы, құдіреті, ұлылығы, пайғамбарларға мойынсұнудың маңызы, бақара (сиыр) сою оқиғасы білдірілген. Сондықтан бұл сүре «Бақара» сүресі деп аталған. Бақара сөзі сүренің 67, 68, 69 және 71-ші аяттарында өткен. Сонымен қатар сүреде мыңдаған мәселелер, ақиқаттар айтылған. (Мәуахиби алийа).

Бақара сүресін оқу - өте құнды болып табылады. Бірнеше хадис шәрифте былай делінген:

«Бақара сүресін оқыған адамға жаннатта бір тәж кигізіледі.» (Бәйһақи)

«Барлық нәрсенің шыңы бар. Құранның шыңы – Бақара сүресі. Түнде оқылатын болса үш түн, күндіз оқылатын болса үш күн ол үйге шайтан келе алмайды.» (Әбу Йала, Табарани)

«Бақара сүресінің әр аятымен сексен періште түскен. “Аллаһу ла илаһа илла һуәл Хаййул қаййум” Аршы аланың қабатынан шығарылып жеткен.» (И. Ахмед)

«Құран сүрелерінің абзалы – Бақара сүресі. Бақара сүресінің аяттарының ең үлкені – Аятәл күрси. Шайтан Бақара сүресі оқылғанын естіген үйден шығып кетеді.» (Рамуз)

«Жындардың қанішерлеріне Бақара сүресіндегі мына екі аяттан қатты тиетін нәрсе жоқ. “Уә илаһукум илаһун уахидун”-нен басталатын екі аят.» (Дәйләми)

«Үйлеріңді қабірге айналдырмаңдар, намаз оқыңдар. Шайтан Бақара сүресі оқылған үйден қашады.» (Мүслим)

«Сөздердің мырзасы – Құран, Құранның мырзасы – Бақара сүресі. Бақараның мырзасы – Аятәл күрси.» (Дәйләми)

«Құранды оқыңдар. Өйкені Құран, оқығандарға қияметте шапағат ету үшін келеді. Екі жарқын сүре болған Бақара мен Али-Имран сүресін оқыңдар. Өйткені, бұл екі сүре қияметте екі бөлік бұлт, екі көлеңкелі жер немесе сап түзеген екі топ құс сияқты оқығандардың және үкімдерімен амал еткендерді жақтау үшін келеді. Бақара сүресін оқуды жалғастыру – берекет, тәрк ету – қасірет. Еріншек адамның мұны тұрақты оқуға күші жетпейді.» (Мүслим)

Әмәнәррасулу деп аталатын аяттар – Бақара сүресінің соңғы екі аяты. Аятәл күрси 255-ші аяты. Бірнеше хадис шәрифте былай делінген:

«Аятәл күрси – аяттардың сәйиді (үстемі). Бір жерде оқылған кезде шайтан ол жерде тұра алмай міндетті түрде қашады.» (Хаким)

«Аятәл күрси – Құран кәрімнің төрттен бірі.» (Әбушшәйх)

«Әр парыз намазынан кейін Аятәл күрси оқыған адам үшін жәннатқа кіруіне ешқандай бөгет жоқ» (Нәсаи, Ибн Хиббан, Бәйһақи, Табарани)

«Түнде “Әмәнәррасулуды” оқығанның сауабы бүкіл нәрсе үшін жеткілікті. Осы екі аятты құптан намазынан кейін оқыған адамға түнді ғибадатпен өткізгендей сауап беріледі.» (Шира)

«Менен бұрын келген ешбір пайғамбарға берілмеген Арштың астындағы қазынадан маған Бақара сүресінің соңғы аяттары (Әмәнәррасулу) берілді.» (И. Ахмед)

«Рахмет (мейірім), Құран және дұға болып табылатын Бақара сүресінің соңғы екі аятын біліңдер, бала-шағаларыңа да үйретіңдер.»(Хаким)