Ислам асыл дініміз

Борсық майын емдік шарада пайдаланса болама, жалпы борсық, шошқа секілді жануарлардың майы харам ба, харам емес пе?  

Дәурен 

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бірнеше хадисте азулы аңның еті мен тырнақты құстың етін жеуден тыйғандығы айтылады. Соның бірі Сахих Муслимде риуаят етілген хадисте сахаба Әбу Сағләбә әл-Хушани былай дейді: «Алланың Елшісі (с.ғ.у.) азулы аңдардың етін жеуден тыйды».[1]

Осы хадистерге сүйене отырып ғалымдарымыз  «азу тісімен аң аулайтын жыртқыш аңдар мен тырнағымен бүріп азығын аулайтын жыртқыш құстардың етін жеу – халал емес» деген.[2]  Борсық та – сусар тұқымдастарына жататын «жыртқыш айуан» болғандықтан, көбіне шөп және оның тамырымен қоса майда жәндіктермен қоректенеді. Көктемде құстарды, олардың балапандарын жейді, кейде қозының да құйрығын сорады.  Сусарлар тұқымдастығына жататын аңдарда жыртқыштық ерекшелігі бар[3].

Ендеше, борсықта «жыртқыш айуандар» тұқымдастығына жататындықтан оның етін жеп, майын ішу дұрыс емес[4]. Ем үшін қолданар алдын одан өзге дәрілерді таңдаған дұрыс.

[1] Сахих Муслим, Китабус Саид – 1932.
[2] Ибн Ғабидин, Забаих – 9/441 бет.
[3] http://kk.wikipedia.org/wiki/ Борсық
[4] Helaller ve Haramlar, http://kurul.diyanet.gov.tr

Ассалаумағалейкүм! Үтір намазында ""құныт" дұғасын жаттамағанмын,  соның орнына «роббана» дұғасын оқысан болады деген еді соны оқысам болады ма?

Уағалайкум сәләм уа рахматтулахи уа баракатух! Құныт дұғасын жаттағанға дейін оқуға болады ертерек жаттасаңыз дұрыс болады.

Ассалямуалейкум! Хадисті  толық білмеймін,  бірақ Пайғамбарымыз  (с.а.с):   «Христиандар 71-ге,  яһудилер 72-ге, менің  үмметім 73 тармаққа  бөлінеді. Солардан  1 тобы ғана жаннатқа барады» -  деген. Сонда,  басқа дін өкілдерінен де жаннатқа баратын топ бар болғаны ма? Әлде  бұл хадисте тек кітап иелері туралы айтылған ба? Толық  жауап берсеніздер.

Уағалайкум сәләм уа рахматтулахи уа баракатух! Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)  хадисі: «Муса (ғ.с.) қауымы 71 бөлікке бөлінеді, соның біреуі ғана жаннаттық. Иса (ғ.с.)  қауымы 72 бөлікке бөлінеді, соның  біреуі ғана жаннаттық. Менің  қауымым 73 бөлікке бөлінеді, соның біреуі ғана жаннаттық». Олар кім? - деп сұрағанда,  «әһли сүннет» деп жауап берген. Яғни Муса (ғ.с.), Иса ғ.с. қауымдары басқа дін өкілдері емес олар да мұсылман еді. Біздің Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қауымы да мұсылман, бірақ 73 тармаққа  бөлініп жатыр. Сол себепті Әһли сүннеттен болайық.

Қанша мазхаб бар? Толық мәлімет беріңіздерші.

Дәурен  

4 мәзхаб бар. Ханафи, Шафиғи, Малики, Ханбали. Әбу Ханифа 699 жылы (х.80) Куфада туды. Әке жолымен мата саудасымен айналысты, бір жағынан терең ислами білім алды. Калам, фикх, қырағат салалары бойынша білімін жетілдірді. Кейіннен ұстазының орнын басып, мектепте 30 жыл ұстаздық етті. Ирак, Хорасан, Түркістан, Йеман, Арабстаннан келген шәкірттері 4000-нан асатын. Өмірінің 52 жылы Омайадтар, ал 18 жылы да Аббасилер билік құрған тұсқа сай келді. Омайа әулетіне қарсы Аббасилерді жақтады, ал екеуіне қарсы да хз.Али әулетін жақтады. Мысалы, Омайа әулетінің соңғы билеушісі Маруан бин Мұхаммедтің Ирактағы әкімі Йазид бин Омар бин Хубайраның қазылық және қазына басшысы қызметінен бас тартып, зынданға жабылды. Одан шығып Меккеге кетті. Аббасилер билік басына келгенде (759) Мансұр дәуірінде Куфаға қайта оралды. Ол жерде Аббаси әулеті мен Хз.Али әулеті арасында тақталаста Хз.Алиді жақтағандықтан және қазылықтан бас тартқандықтан зынданға атылды. Ауыр соққы жеп, уланып өлді. Кей деректерде зынданнан шыққан соң дәріс оқудан, халықпен байланысуға тиым салынып, х.150 (767) жылы үйінде қайтыс болады.

Намаз оқығаныма бірнеше жыл болды. Кітаптан оқып үйрендім. Намаз оқығанда ойым жан-жаққа кетіп тұрады. Оның себебі арабша түсінбегендіктен, жаттанды түсінбейтін сөз болғандықтан шығар. Қалай көркем түрде намаз оқысам екен?

Нұргүл 

الخشوع في الصلاة و تحسينها

Намаздағы көңіл хошы және оны көркем орындау

Ал намазды көркем орындау дегеніміз – намаздағы күллі парыз, уәжіп, сүннет сияқты әдептерді өз орынында толық орындауды айтады.Абу Хурайра (р.а)-дан руаят етіледі:

Әр бір адам намаздың амалдарын толық орындағысы келсе, көңіл хошын келтіріп, күллі ағзаларын мамыражай күйге бөлеп, жүрегімен бір Аллаға байлануы қажет.

Сол үшін де әрбіріміз намазымызды көңіл хошын келтіріп, рукуғтарымен өзге де амалдарын кәміл орындауға айрықша көңіл бөлуіміз қажет болады.

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيَّ اللهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: أَتِمُّوا الرُّكُوعَ وَ السُّجُودَ فَوَاللَّهِ إِنَّي لآَرَاكُمْ مِنْ بَعْدِ ظَهْرِي إِذَا رَكَعْتُمْ وَ إِذَا سَجَدْتُمْ. رَوَاهُمَا الشَّيْخَانِ.

Анас (р.а)-дан руаят етіледі:

«Пайғамбарымыз (с.а.с): «Рукуғ пен сәждені толық жасаңдар. Аллаға ант етейін, мен сендерді қашан рукуғ жасайсың, қашан сәжде жасайсын арқамнан да көремін» - деді». Екі хадисті де имам Бұхари мен имам Мүслім руаят еткен.

Түсініктеме: Осынау хадис шәріптен алынатын пайдалар:

1. Намазды жақсылап оқудың қажеттілігі;

2. Намазды жүрдім-бардым оқитындарға ғалым кісілердің сын-ескертпелер айту керектігі;

3. Намаз оқушы намаздың тәртібіне мұқият болу керектігі;

4. Адамның намазды өзі үшін оқитындығы;

5. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) арт жағынан да дәл алдынан көретіндей көретіндігі.

عَنْ ابْنَ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيَّ اللهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: لاَ تُجْزِئُ صَلاَةُ الرَّجُلِ حَتَّى يُقِيمَ ظَهْرَهُ فِي الرُّكُوعِ وَ السُّجُودِ.

Абу Масғұд (р.а)-дан руаят етіледі:

«Пайғамбарымыз (с.а.с): Қашан рукуғ пен сәждеде белін тура ұстамайынша адамның намазы қанағаттанарлық болмайды» - дейді».

Түсініктеме: демек, намаз қанағаттанарлық болуы үшін рукуғ, сәжде және басқа да ережелерін өз ретімен, көңілдің хошын келтіріп оқу қажет екен. Рукуғты шала орындау немесе онда қисайып тұру, сол секілді сәждеде белді дұрыс ұстамасаң намаз қанағаттанарлықтай болмайды.

عَنْ مُطَرَّفٍ عَنْ أَبِيهِ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: رَأَيْتُ رَسُولَ اللهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يُصَلَّي وَ فِي صَدْرِهِ أَزِيوٌ كَأَزِيزِ الرَّحَى أَوِ الْمِرْجَلِ مِنَ الْبُكَاءِ. رَوَاهُمَا أَصْحَبُ السُّنَنِ.

Мутарриф (р.а)-дан, ол әкесінен руаят етеді:

«Пайғамбарымыз (с.а.с)-ның намаз оқып жатқанын көрдім. Көкрегінде қауіп-қатерден диірменнің немесе қазанның дауысына ұқсаған дауыс естіліп тұратын». Жоғарыдағы екі хадисті де «Сунан» иелері руаят еткен.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бірінші намазхан болып, басқаларға намазды қалай оқуды үйреткен. Намаздың не екенін өзгелерден алдын түсінген жан. Ол кісі (с.ғ.с) қашан намаз оқыса, көңіл хошын келтіріп, шынайы беріліп намаз оқыған.

Осынау руаяттан көрініп тұрғандай, пайғамбарымыз (с.ғ.с) намаз оқитын болса, қауіп-қатердің қаншалықты екенін сезініп, күрсінгенде көкрегінен диірмен немесе қазанның қайнағанына ұқсас дауыс есітіліп тұрады екен.

Енді өзімізге бір назар салайық. Намаз оқығанда бізді қандай қауіп-қатер басады?! Біз үрейді сезініп көрдік пе?! Көкрегімізден Алла тағалладан қорқып үйрейлену сезімі өтеді ме?! Әлде намазда күллі ағзаларымыз ғибадатқа беріліп мамырай күй кешіп, жүрегіміз өзінің Раббысымен етене қабысып кетеді ме?!

Сондықтан, біз де пайғамбарымыз (с.а.с)-нан өнеге алып, намазды көңіл хошын келтіріп, күллі ағзаларымызды ғибадатқа бейіл мамыражай күй кештіру арқылы оқуға әдеттенуіміз қажет.

عَنْ عُقْبَةُ بْنِ عَامِرٍ الْجُهَنِيَّ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيَّ اللهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: مَا مِنْ أَحَدٍ يَتَوَضَّأُ فَيُحْسِنُ الوُضُوءَ وَ يصَلَّي رَكْعَتَيْنِ يُقبِلُ بشقَلْبِهِ وَ وَجْهِهِ عَلَيْهِمَا إِلاَّ وَجَبَتْ لَهُ الْجَبَتْ لَهُ الْجَنّةَ.

Уқба ибн Амир әл-Жуһаний (р.а)-дан руаят етіледі:

«Пайғамбарымыз (с.а.с): «Кімде кім жақсылап дәрет алып, жүрегі мен жүзі арқылы тебіренген қалде екі ракат намаз оқысы, әрине, оған жәннәт уәжіп болады» - деді».

Түсініктеме: Хадис шәріптегі «жүрегі мен жүзі арқылы тебіренген қалде», дегені көңіл хошын келтіріп, күллі ағзаларын ғибадатқа бейіл ете отырып намаз оқыса дегенді білдіреді.

Осынау хадистен алынатын пайдалар:

1. Дәретті жақсылап алудың қажеттілігі. Намаздың кемел болуына бұл амалдың тигізер ықпалының маңызды екендігі;

2. Намазды күллі болмысың арқылы, жүрегің мен жүзіңді тебіренте отырып оқу керектігі;

3. Көңіл хошын келтіріп намаз оқыған жанның әрине жәннәтқа баратындығы.

Сондықтан да әрқашан да намазды көңілдің хошын келтіріп, күллі ағзаларымызды ғибадатқа бейіл ете отырып оқуды әдетке айналдырайық. Сонда мақсатқа жетеміз.

عضنْ عَمَّارِ بْنِ يَاسِرٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيَّ اللهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: إِنَّ الرَّجُلَ لَيَنْصَرِفُ – أَيْ مِنْ صَلاَتِهِ – وَ مَا كُتِبَ لَهُ إِلاَّ عُشْرُهَا تُسْعُهَا سُبْعُهَا سُدْسُهَا خُمْسُهَا رُبْعُهَا ثُلُثُهَا نِصْفُهَا. رَوَاهُمَا أَبُو دَاوُدَ.

Аммар ибн Ясир (р.а)-дан руаят етіледі:

«Пайғамбарымыз (с.а.с): «Әрине, бір адам (намазынан) тұрғанда, оңға оның оннан бірі, тоғыздан бірі, сегізден бірі, жетіден бірі, алтыдан бірі, бестен бірі, төрттен бірі, үштен бірі немесе жартысы ғана жазылған болады» - деді».

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) осынау хадис шәріпте «Намаз екі (ракат), екі (ракат)» дегенде нәпіл және таһаджұт намаздарын назарда тұтқан. Ол намаздарды екі ракаттан оқыған абзал.

Осынау хадис шәріптен алынатын пайдалар:1. Нәпіл және таһаджұт намаздары екі ракаттан болса жақсы болатындығы;

2. Әр екі ракат намаздан соң таһаджұт оқылатыны;

3. Намазда көңіл хошының болу керектігі;

4. Намазда пенденің Аллаға бойұсынушылығының болуы қажеттілігі;

5. Намазда пенде Аллаға өзінің мұқтаждығын, бейшаралығын білдіру қажеттілігі. Өйткені намаздың сыры да осында;

6. Кім осылай істемесе намазы шала.

Осынау хадис шәріпті үйреніп болғаннан соң ықылас, көңіл хошы, бойұсынушылық және мұқтаждық арқылы намаз оқудың қаншалықты маңызды екенін түсіндік.

 

Таң намазына ұйықтап қалғанда, кейін ұйқыдан тұрғанда сағат 10:30 оқуға бола ма? 

Бауыржан 

Таң намазына ұйықтап қалған  жағдайда таң намазы қаза болады. Егерде түске дейін оқысаңыз сүннетімен қоса оқисыз. Бесіннен кейін оқысаңыз тек парызды оқисыз. Себебі, сүннет уәжіб үкімінде.

Құптан намазы қанша ракат?

Әлихан  

Құптан намазы 4 ракат парыз, 2 ракағат сүннет, 3 ракағат үтір уәжібтен тұрады. 

Мен намаз оқып үйреніп жүрген едім. Әйел адамға  намаз соңында тасбих санау керек пе? Сіздердің сайттарыңызда намаз оқу үлгісінде  тасбих туралы көрсетілмепті.

Эльнура 

Намаз ішінде ер мен әйел арасында айырмашылық бар.  Ал, намаз сыртында айырмашылық жоқ. Тәсбі тартылады, Құран оқылады, дұға жасалады.

Адамды мас қылатын ішімдіктер – харам. Қымыздың  да сондай қасиеті бар.  Шариғат  қымызға рұқсат етеді ме?

Қымыздың ашымағанын ішуге рұқсат. Ал, ашып уақыты өтіп кеткені болмайды.

Тамаққа яғни ангинаға спирті бар спрей сепсе болады ма? Одан  дəрет бұзыла ма?

Бағдаулет 

Ол жердегі спирт құрамы өзгертілген. Адамға мастық бермейді. Дәріге  айналған. Ғалымдар рұқсат берген.