Ислам асыл дініміз

Ассаламағалейкүм! Мысалға мен намаз оқимын, бөлелеріммен айына бір рет гап ойнаймыз, сол  жерде бірең -сараңы ішімдік ішеді, сондай жерде жалпы Аллаһ Тағала  жайында айтуыма болама және дастархан басынан тұрар кезінде Құран оқуға болама?

Перуза

Уағалайкум сәләм уа рахматтулахи уа баракатух.Арам болған жерде Құран оқылмайды. Құранды ластауға болмайды.  Аллаһ Тағала жайында айтуға болады, яғни арамнан сақтану туралы.

Әссәләму әлайкум уа рахматуллаhи! Үйге кірерде «Ықылас» сүресін оқыса жақсы болады дейді. Ал, мен дәретсіз болсам да, үйге кірерде «Ықылас» сүресін оқысам болады ма?

Жеңіс

Уағалайкум сәләм уа рахматтулахи уа баракатух.

Үйден шығарда және үйге кірерде оқылатын дұғалар 

Үйден шығарда “Аятул-Күрсиді” оқу керек. Үйінен шығарда“Аятул-Күрсиді” оқыған адам үйіне қайтқанға дейін бәле-жалалардан амандықта болады, жұмыстарында табысты болады. Үйге кірерде де оқыса екі “Аятул-Күрси” арасындағы істері қайырлы, берекелі болады. Хадис шәрифтерде былай делінеді: 

«Үйінен шығарда Аятул-Күрси оқыған адамға жетпіс періште үйіне қайтқанға дейін дұға және истиғфар айтады.»(Әййухал уәләд илмихалы) 

«Үйінен шығарда “Бисмилләһи тәуәккәлту алаллаһ, лә хаулә уә лә қууата иллә билләһ” деген адам қауіптерден қорғалады, шайтан одан ұзақтасады.» (Тирмизи) 

«Үйге кірерде “Ихлас” сүресін оқыған адам жоқшылық көрмейді!» (Әййухал уәләд илмихалы) 

Үйге кірерде бір рет “Ихлас” сүресін және бір рет “Аятул-Күрси” оқыған адамның үйіне шайтан кіре алмайды. Дәретсіз жаққа оқыса болады.

Қазір Сафар айының қай күні?

Сүйіндік 

12.12.2014 жылы -  Сафар айының 19 жұлдызы.

Ассаламалейкум! Намазда әр ракағатында  «Фатиха» сүресінен кейін  «Ыхлас» сүресін оқимын. Барлық ракағатында одан басқа сүре қосып оқимын, сол дұрыс па?

Еркебұлан 

Уағалайкум сәләм уа рахматтулахи уа баракатух! Сүрелелердің оқылу тәртібі  бойынша, жоғарыдан астыға қарай оқылады.

Ассалаумағалейкум! Пайғамбарымыз (с.а.с) лағнет шайтанмен кездескені туралы хадис бар ма? Яғни лағнет шайтан адам кейпінде келеді.

Әлішер   

Уағалайкум сәләм уа рахматтулахи уа баракатух! Уаһб ибни Мунаббих (р.а)  Аллаһ Тағала шайтанға Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) барып сұрақтарына жауап беруі үшін әмір етті. Шайтанда қарт адам келбетінде келді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сен кімсің деп сұрады. Шайтан мен Ібіліспін деді. Ол 15 дұшпаным бар деді:

  1. Ең басты дұшпаным сенсің
  2. Әділ патша
  3. Жомарт бай
  4. Турашыл саудагер
  5. Алладан қорқатын ғалым
  6. Жақсылық жасайтын мұсылман
  7. Жүрегі таза мұсылман
  8. Тәубе етіп тәубесінде тұрушы
  9. Арамнан сақтанушы
  10. Ылғи дәретті жүруші
  11. Көп садақа беруші
  12. Көркем мінезді
  13. Адамдарға пайдасы тиген адам
  14. Құранды көп оқушы
  15. Түнде тәһажжуд оқушы.

Ассаламуалейкум! Арақ қойылатын той болмаса, отырыстарға барса болады ма? Бауырлардан естігенім, ондай жерлерде отырсаң олардың күнәсіндай күнә аркалайсың дейді. Яғни, ішкендей боласың. Осыған толық дәлелмен жауап берсеңіз. Алла разы болсын!

Ердос 

Уағалайкум сәләм уа рахматтулахи уа баракатух! Он адамға Пайғамбарымыз лағынет айтады: Ішімдік  жасағанға, апарғанға, әкелгенге, дастарқанға қойғанға, ішкенге, ішкізгенге, тасушыға, қызмет еткенге, себепші болғанға, ұйымдастырушыға. Намазхан болғаннан кейін кішкене тартынған жөн. 

Ислам дінінде  «Жаңа жылды» тойлауға рұқсат етілген бе? Толығырақ мәлімет берсеңіз. Алла разы болсын! 

Сандуғаш 

Дінде мұсылман  жаңа жылы Мұхаррам айы. Шариғатта басқа діннің  жаңа жылын тойлауға  рұқсат жоқ.

Құндыздың (норка) майын сыртқа қолданса болады ма?

Марал 

Құндыздың майын сыртқа қолдануға болады. Бірақ, ішуге болмайды,  яғни жыртқыш аң, құстардың етін, майын жеуге, ішуге  тиым салынған.

Ислам нейропсихология ғылымына қалай қарайды жане жалпы мұсылманға психология ғылымымен айналысу қаншалықты дұрыс?

Марал  

Шариғаттың тиым салатын мамандығы гинеколог,  яғни ер адамның басқа әйелді қарауы. Сіздің айтқан мамандыққа тиым жоқ. 

Қасиетті Құран сүрелерін жаттауға, есте сақтау қабілетін  жақсартуға қандай кеңес бересіздер? Алла разы болсын! 

Сабыр 

Пайғамбарымыздың  (с.ғ.с.) кеңесі көп қайталау, дәретті жүру,  мағынасын түсініп жаттау, жаттағанын басқаға жеткізу. Осы істерді жасау арқылы есте сақтау қабілетіңізді арттыра аласыз.