Ислам асыл дініміз

Ассаламуалейкум! Менде күнде сабаққа байланысты бесін мен аср намаздары қаза болуда бұл күнәға жата ма? 

Сәлеметсізбе! Аллаһ Тағала Құран Кәрімде: «Намаз мұсылмандарға арнайы белгіленген уақыттарда парыз етілді», – дейді.

Бір намаздың ешқандай себепсіз белгіленген уақытынан кейін қаза етіп оқылуы – дұрыс емес және өте үлкен күнә. Бірақ бір адам ұмыту немесе ұйықтап қалу себептерімен намазын оқи алмаса, қазасын өтеуі қажет. Кейбір ғалымдар себепсіз намазын қаза еткендер кейіннен қазасын өтерде алдымен тәубе ету керектігін айтады. Қаза намазға бес уақыт парыз намаз бен үтір намазы кіреді. Жұма мен айт, сүннет намаздары үшін қаза қажет емес. Жұманы оқи алмаған кісі сол күннің бесін намазын оқиды. Жамағатпен оқылатын қаза намаздар үшін де азан, қамат – сүннет. Бірақ жамағатпен бірнеше қаза намазы оқылатын болса, тек қана бірінші намаздан бұрын азан шақырып, қалған намаздарда қамат айтылады. Өз үйінде жеке намаз оқитын адам үшін азан мен қамат – мұстахап.

Жамағатпен оқылатын намаз үшін азан, қаматтың айтылмауы – мәкрүһ. Сонымен қатар жұмаға қалада бола тұрып себепсіз қатыса алмаған жандарға бесін намазын оқыр алдында азан мен қамат қажет емес. Сол сияқты әйел заты үшін де азан мен қамат сүннет емес.

Бір  кісінің мойнында алты намаздан аз өтелмеген қазасы болса, ол кісіні «Сахибут тәртиб» деп атаймыз. Бұл кісі қазаға қалып қойған намазын уақыты кірген намаздың алдында оқуы шарт. Егер қазасын оқымай, уақыты кірген намазға бастап кетсе, бұл намазын қайта оқуы тиіс[1]. Мысалы, намазын өмір қаза етпейтін кісі (немесе мойнындағы қарыз намаздары алтыдан аз болса) бір жағдайлармен бесін намазын өткізіп алды делік. Бұл кісі уақыты кірген екінті намазын оқымай тұрып, әлгі бесін намазының қазасын өтеуі шарт.

Бұл жайында Даруқутнидің «Сүнәнында» жеткен бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у) былай деген: «Кім де кім ұмытып немесе ұйықтап қалып, намазын өткізіп алса және бұнысын имамға ұйып оқып тұрған басқа намазында есіне түсірсе, бастаған намазын тәмамдасын. Артынша, қазасын өтесін, кейін әлгі имаммен бірге оқыған намазын қайта оқысын!»[2].

Бірақ мына жағдайларда аталмыш «шарт» күшін жояды.

«Сахибут тәртиб» үкімінен шықса, яғни, мойнындағы өтелмеген қаза  намаздары алтыдан асса;

Қазасын өтеуі себепті, уақыты кірген намазды өткізіп алуынан қорықса («Сахибут тәртиб» үкіміндегі адамға қатысты);

Қазасы бар екендігін ұмытып, уақыты кірген намазды оқып қойса[3]. («Сахибут тәртиб» үкіміндегі адамға қатысты);

«Сахибут тәртиб» үкімінде болмасаңыз, қазаға қалған намазыңызды уақыты кірген намаздан бұрын да, кейін де өтей аласыз.

Қаза намазы да, уақыты кірген намаз да өз алдарына жеке намаз ретінде оқылады.

пайдаланған әдебиеттер:

muftiyat.kz

muslim.kz

Ассалаумағалейкум! Құранның қазақша тәпсірін білгім келеді. Қандай  кітапты алғаным дұрыс, жалпы бар ма қазақ тілінде осы Таразда?

Балжан 

Уағалайкум сәләм уа рахматтулахи уа баракатух! Әрине бар, муфтияттың қолдауымен шыққан Құран тәпсірі,  Мұхаммед Шыңғыс қажының шығарғаны және басқа да ҚМДБ-ның рұқсаты болғаны жөн.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) қабірдің жанынан өтіп бара жатып, бір мұсылман адамның ішкі дәреттен сақтанбағаны үшін азапталып жатқаны жайлы айтады. Сол хадисті толығырақ түсіндіріп  жіберсеңіз.

Құралбек 

Пайғамбарымыз (с..ғ.с.) қабірдің жанынан өтіп бара жатып, тоқтап «Кіші дәреттен сақтаныңдар,  себебі қабір азабының басы осыдан басталады» деді.

Адам озін толықтай мұсылманмын  деп айтуға Исламның қандай білім  дәрежесін меңгеруі тиіс? Рахмет.

Ержан  

Уағалайкум сәләм уа рахматтулахи уа баракатух.Ең азы ғылымхал білімін білгені жөн.Яғни дәрет, намаз, ораза білімі.

Ишрак намазы туралы толық айтсаңыздар. Ишрак сөзінің мағынасы  не? Оқылатын  уақыты, ишрак намазынан кейін қанша уақыттан кейін духа намазы оқылады? Ишрак намазы неше ракат оқылады? Дәлелімен  болса жауабыңыз. Алла разы болсын!

 

Еркебұлан 

Таң намазы 2 ракағат  сүннеттен,  2 ракағат парыздан тұрады. Ишрак уақыты: Күннің көкжиек сызығынан 5 градус көтерілуінен басталатын уақыт “ишрақ уақыты” деп аталады. Бұл уақыт күн шыққаннан кейін шамамен 50-55 минуттан кейін кіреді. Күн шыға бастағаннан ишрақ уақытына дейін намаз оқу харамға жақын мәкрүх болып саналады.

 «Екі рәкат духа намазын оқыған адам ықылассыздардан болмайды. Төрт рәкат оқыған адам ғибадат етушілерден болады. Алты рәкат оқыса бұл намазы сол күнге жеткілікті болады. Сегіз рәкат оқыған адам дүниелік нәрсені тәрк етіп мойынсұнған құлдардың қатарынан жазылады. Он екі рәкат оқыған адам Жұмақта арнайы зәулім сарайға қауышады.» (Табарани)

«Жұмақтың Духа деген бір есігі бар. Бұл есіктен тек духа намазын оқығандар кіреді.» (Табарани) Ғалымдар орта оқыған дұрыс дейді,6 ракағат.

Ассалаумағалейкүм! Кек алу шариғат бойынша қалай карастырылған? Егер қарастырылған болса, мысалы жақыныңды біреу өлтірсе.

Әлішер

Уағалайкум сәләм уа рахматтулахи уа баракатух. Кек алу – істелген зұлымдық үшін, қорлағаны үшін, ренжіткені үшін қарымта ретінде әдейі жасалған әрекет, өш алу. Бұл дәстүр әлем халықтарының бәрінде де болған. “Жеті жарғының” бірінші бабы “қанға – қан, жанға – жан” деп басталады. Құранның “Маида” сүресінде (45-аят) жасалған тән жарасына сай жаза қолдану жайында айтылады. Алайда, “таспен ұрғанды аспен ұр”“алдыңа келсе, әкеңнің құнын кеш” деп қазақтар айтқандай, кешірім етуге үндейді. Сол үшін қазақтың дәстүрлі ғұрыптық құқығында қанға – қанды құнмен алмастырған.

Жұма намазының құтпасы қаншалықты маңызды? Толық  жауап болса. Рахмет.  

Нәжімеден

Уағалайкум сәләм уа рахматтулахи уа баракатух.
Ада, яғни жұма намазының сахих болуы үшiн 7 шарт бар:

1) Намазды қалада оқу.

2)Үкімет басшысының немесе әкiмнiң рұқсатымен оқу. Бұлар тағайындаған имам-хатип өз орнына басқасын өкіл ете алады.

3) Жұманы бесiн намазының уақытында оқу.

4) Уақыттың ішінде хутба оқу. (Ғалымдар жұма хутбасын оқу, намазға тұрарда  Аллаһу әкбар деп айтумен бiрдей деген.)

Екi хутбаны да тек арапша оқу керек. Имам iшiнен аъузуды айтып, кейiн дауыстап хамд уә сәна және кәлимаи шаһадат салауат оқиды. Кейiннен сауапқа, азапқа себеп болатын нәрселердi ескертеді және ҚұранКәрiм оқиды. Кейін отырып тұрады. Бұл отыруда еш қандай артық әрекет жасалмайды. Тіпті дұға үшін қол да жайылмайды. Екiншi хутба оқып, уағызда мұсылмандарға дұға етедi. Хутбада төрт халифаның атын атап өту мустаһаб. Хутбада дүние iстерiне байланысты сөздер, хабарландырулар айту харам. Хутбаны қысқа оқу сүннет, ұзын оқу мәкрух болады.

5) Хутбаны намаздан бұрын оқу.

6) Жұма намазын жамағатпен оқу.

7) Мешiт есiктері баршаға ашық болу керек.

Осы мешітке жануарлардан тек қана мысық кіре алады деген рас па? Менің естуім бойынша солай, әлде ондай жоқ па? Рахмет! 

Аидa

Уағалайкум сәләм уа рахматтулахи уа баракатух. Мысық таза жануар.  Егерде нәжісін тастамаса болады.

Ассалаумағалейкум! Мен Ақтау қаласында тұрамын,  мешітке барып намаз үйренсем болады ма? Намаз үйрететін курстар бар ма екен?

Айгүл

Уағалайкум сәләм уа рахматулахи уа баракатух! Орталық мешітке хабарласыңыз. Біз Тараздамыз.

Діни мекемелердің қоғамдағы ролі жайында толық әңгімелеп бере аласыз ба? Қандай қоғамдық істер жасап жатқандарыңызды және діни мекемелер қоғамға не үшін керек екендігі жайында білгім келеді. Алғашқы дереккөзден ақпарат алайын дегенмін. 

Аэлита 

Қазақстанымыз зайырлы мемлекет. Дін мен меллекет саясаты бөлек. Дегенімен дінсіз мемлекет жүрмейді. Мешіттердің жасап жатқан жұмыстары сайттарда жарияланып жатыр.