Ислам асыл дініміз

Ассалаумағалейкум!  Мұхаммед Пайғамбардың өмірбаянын білгім келеді.

Рамазан 

Уағалайкум сәләм уа рахматтулахи уа баракатух!   Пайғамбарымыздың өмірбаяны туралы муфтият тарапынан шыққан кітаптар саны көп. Рұқсат  бергенін оқысаңыз болады. Мына сілтеме арқылы кітапты ХАЗРЕТІ МҰХАММЕД алейһиссаламның ӨМІРІ атты кітап http://hibatulla.meximas.com/upload/Book/Пайғамбарымыздың өмірбаяны.pdf

Әссәләму әлейкум уа рахматуллаh! Мені қатты мазалап жүрген сұрақ:  бұл өмірде кісі ақысын, кісіге зұлымдық немесе қарыз болып қалған болса, қияметте зұлым немесе қарызын ала алмай қалған кісі  сол кісіден бар сауабын алады. Немесе күнәсінің бәрін  сол кісіге жүктейді дейді. Енді мені ойландыратыны зұлымдық көрген кісі мұсылман, бірақ,  өмірінде 5 уақыт намазын оқымаған болса ше?  Сонда ол кісі күнасынан тазарып, сауаптарын алып, тозаққа кірмей жаннаттық болады ма?

Жеңіс 

Уағалайкум сәләм уа рахматтулахи уа баракатух! Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сахабаларынан: «Муфлис деген кім екенін білесіңдер ме?»– деп сұрады. Сахабалар: «Муфлис дегеніміз – ақшасы, мал-дүниесі жоқ адам»,– деп жауап берді. (Қазіргі терминмен айтсақ «таза бонкрот адам»)

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Муфлис деген – олар менің үмметтерімнен, қиямет күні намаз, зекет, қажылық, ораза сияқты құлшылықтарымен келеді. Бірақ елге зиян шеккізген, біреудің ақысын жеген, балағаттаған адамнан кейін жапа шеккендер келіп ол адамнан өз ақыларын алады (әр адам келіп, оның істеген сауаптарынан алады). Кейін оның істеген жақсы амалдары бітеді, бірақ ақысын сұрап кезекте тұрғандар бітпейді. Сол кезде олардың күнәлары алынып, бұл кісінің күнәларына артылады», - дейді. Ендеше, кісі ақысы өте қиын жағдай. 

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген: «Сендердің араларыңда бауырына қиянат жасағандар болса, онда оны осы дүниеде шешсін! Өйткені, Қиямет күні динар да, дирхам да болмайды. Ол күні тек істеген амалдар ғана жауапқа тартылады», - дейді. Ертеректе Мысыр елінде мынадай оқиға өтіпті. Бір мұсылман екінші бір мұсылманнан он соттық жер телімін сатып алады. Сатып алған кісі барып жерін өлшесе, бір соттығы кем болып шығады. Дереу сатушының үйіне барып: «Сатқан жеріңді қайтып ал немесе бір соттық жердің ақшасын бер, бермесең қияметте сол ақымды аламын»,– деді. Сатқан адам ойланбастан: «Қойшы, соны»,– деп мәселеге жеңіл қарай салады.

Бірақ ол сол түні бір түс көреді. Түсінде зәулім бір сарай көреді. Оған: «Мынау - сенің үйің, бірақ саған бір нәрсе кедергі болып тұр. Сен, ана жалған дүниеде біреудің ақысын жеген екенсің»,– делінеді. Таңертең ұйқысынан тұра салып әлгі кісінің үйіне жүгіреді. Жалынып- жалбарынып кешірім сұрайды. Әлгі бір соттық жердің ақшасын берейін, тіпті сол жердің бәрін тегін берейін деп кешірім сұрайды. Сатып алушы болса: «Егер мен адам баласымен келісімге отырған болсам, сізбен келісер едім. Бірақ мен Алла тағаланың алдында, Қияметте аламын деп келісімге отырдым. Бұл келісімімді бұза алмаймын,– деп жауап қатады. Әрине, бұл оның ақысы еді. Ұтылған кім? Әлбетте, жерді алдап сатқан адам. Сондықтан кісі ақысына мұқият болғанымыз жөн.

Ал енді бұрын біліп-білмей біреудің ақысын жеп қойғандар не істейді. Ислам шариғатында бұған қатысты тәубенің төрт шарты бар:

1. Жасап жүрген күнәлі ісін, пышақпен кескендей сап тыюы керек;

2. «Осы істі бекер жасаған екенмін» деп шын жүректен қатты өкіну;

3. Бұл істі екінші рет қайталамау;

4. Кісі ақысы заттай нәрсе болса, апарып беріп, разылығын, кешірімін алу. Рухани нәрсе болса, кешірім сұрап разылығын алу.

Міне, осы шарттар орындалатын болса, кісі ақысы ақиретке кетпей, осы дүниеде реттеледі. Бұл шарттар орындалмай қалса, жасаған істеріміз Қияметке барғанда, алдымыздан бір-ақ шығады. Бірақ ол кезде бәрі де кеш болмақ.

Сөз соңында Алладан тілеріміз, тәубелерімізді қабыл етсін, бүгінге дейін біліп, білмей жасаған пендешілік күнәлерымызды кешріп, жарылқасын!

1. Ер адамдар қай жастан бастап сақал өсіргені дұрыс?  2. Қазіргі таңда түрлі дін жолдарында жүрген адамдар көп. Солардың қайсысы дұрыс жолда жүргенін білуге болады?  

Сарина 

Сақал өсіруді көбісі парыз, міндет деп ойлайды. Ол дұрыс емес, сақал қою тек сүннет. Осының аражігін қазіргі жастарымыз ажырата алмай жүрген секілді. Ал иманды сақалмен өлшеу мүлдем қате пікір. Себебі, сақал қоймағандар және қоя алмайтындарды имансыз немесе иманы төмен деп қалай айта алмаймыз?!

Ағым көп солардың ішіндегі Аллаһтың құлы,  Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)  сүннеті мазхаб жолы болса ол адаспайды.

Азан дұғасын жазсаңыздар. 

Азан дұғасы

{أللهُمَّ رَبَّ هَذِهِ الدَّعْوَةِ التَّآمَّةِ وَ الصَّلاةِ الْقَآئِمَةِ آتِ مُحَمَّداً الْوَسِيلَةَ وَ الْفَضِيلَةَ وَ الدَّرَجَةَ الرَّفيعَةَ وَ ابْعَثْهُ مَقَاماً مَحْموداً الَّذي وَعَدْتَهُ اِنَّكَ لاَ تُخْلُفُ الْمِيعادَ }

Оқылуы:

«Аллаһумма рәббә һәзиһид-да’уатит-тәәммә уәс-салаатил-қааймә, әәти Мухаммәдәнил-уәсиләтә уәл-фадиләтә, уәд-дәрәжәтәр-рафии’а. Уәб’асһу мақамәм махмуудәниллази уа’аттәһ. Иннәкә ләә тухлифул-ми’ад».

Мағынасы: «Ей, мына толық азан мен оқылатын намаздың Раббы! Хазіреті Мұхаммедке арқау болуды, ерен ерекшелікті және жоғары дәрежені бер! Және де оны өзің уәде еткен «Махмуд шыңына» жеткіз. Сенің өз берген уәдеңді орындайтыныңа ешқандай күмән жоқ».

 

Ассаламуалейкум!  Мен бесін, екінті, ақшам намаздарында жұмыста боламын қаза болып қалады. Құптан намазына дейін үйге келген соң,  бірінші ақшам,  екінті,  бесін намаздарының парызын оқимын.  Осы  дұрыс па?  Алла разы болсын!

Мәулен  

Уағалайкум сәләм! Мүмкін болғанша қаза етпеуге тырысыңыз. Қаза болғанды құптан намазына дейін үйге келсеңіз бірінші ақшам,  сосын екінті,  кейін бесін намаздарының парызын оқисыз. Намаздың алғашқы және соңғы уақыты бар,  соңғы уақтына дейін оқуға болады.

Әссәләму әләйкум уа рахматуллаһ!  Осы қамшымен, пышақпен адамның денесіне тигізіп ұрып оқу шариғатта жоқ нәрсе ме?

Жеңіс

Уағалайкум сәләм уа рахматтулахи уа баракатух!  Шариғатта емдеудің шарты Құранмен, шөппен болса болады. Қалған нәрселер шариғатта жоқ.      

Күйеуімен жақындасып, бірақ таң амазынан бұрын ғұсыл алуға ерінсе, таяммуммен оқыса дұрыс санала ма?  

Майра 

Шариғат бойынша, кімде-кім дәрет немесе ғұсыл алу үшiн су табылмаса немесе шамамен екі шақырымдай ұзақтықтағы суға жете алмаса яки науқастанып тұрса, әлде күннің суықтығынан қауіптенсе, болмаса су алатын ыдыс таба алмаса және тағы осы сияқты қиындықтар себепті бар суды қолдана алмаған жағдайда, шаң-тозаң, топырақ, тас, кірпіш, бетон, әктас, цемент т.б. отқа жанбайтын, ерімейтін жер жынысына жататын барлық затқа таяммум соқса болады. Ал  отқа жанатын заттар мен еритін заттар жер жынысына жатпайтындықтан оларға таяммум соғу дұрыс емес. Таяммум жолымен дәрет алуға қасиетті Құрандағы: «Ал егер ауру немесе сапарда болсаңдар, не сендерден біреу түзге отырып (әжетханаға барып келсе) немесе әйелдерге жақындасып, су таба алмасаңдар, сонда таза жер жынысына таяммум соғып, беттеріңді, қолдарыңды сипаңдар» (Ниса сүресі, 43 аят), - делінген аят негіз болып табылады. Дәрет алуға ерінгендіктен таяммум алуға болмайды.

Намаздың парызын, уажіп және сүннетін жазып жіберіңізші. Аллаһ разы болсын!

Алишер

Намаз сыртындағы парыздар (шарттар) мыналар:

 

  1. 1.      Хадестен таһарат: Дәретi жоқ адамның дәрет алуы мен жүнiп болған адамның ғұсыл алуына айтылады.

 

  1. 2.      Нәжістен таһарат: Намаз оқитын адамның денесiн, киiмiн және намаз оқитын жерiн ауыр және жеңiл нәжістен, яғни дiнiмізде кір болып саналатын нәрселерден тазарту. Мәселен: қан, зәр, спирт сияқты нәрселер нәжіс болып есептеледi.

 

 

  1. 3.      Сатр-и аврат: Әурет жерiн жабу. Әурет жерін жабу Аллаһу та’аланың әмiрi. Ер адамдардың әурет жерi кiндiгi мен тiзе астына дейін. Ал әйел кiсiлер үшiн бет және қолдың білектен төмен (алақан) бөлiгiнен басқа жерлерiнiң барлығы әурет болып есептеледi.

 

  1. 4.      Истиқбал-и Қыбла: Намаз үшін Қыблаға қарап тұру. Мұсылмандардың қыбласы қасиеттi Мекке қаласындағы Қағбаның тұрған жерi. Яғни сол ғимарат тұрған орын Қыбла деп аталады.

 

 

  1. 5.      Уақыт: Намазды уақытында оқу. Яғни намаздың уақыты кіргенін бiлу және оқитын намазының уақытын  ойынан өткізу.

 

  1. 6.      Ниет: Намазға бастарда көңiлмен ниет ету. Тек ауызбен айту ниетке жатпайды. Намазға ниет ету сол намаздың атын, уақытын, қыбланы, намаз жамағатпен оқылатын болса имамға ұюды көңiлден өткізуболып саналады. Ниет тахрима тәкбiрінің алдында етіледі. Тәкбiр айтып қойылғаннан кейiн ниет ететiн болса, ниетi де намазы да дұрыс болмайды.

 

 

  1. 7.      Тахрима тәкбiрі: Намазды бастағанда «Аллаһу әкбар» деп айтады. Бұл тәкбiр ифтитах тәкбiрi деп те айтылады. «Аллаһу әкбардың»орнына  басқа сөз айтылатын болса тәкбiр айтылған болып саналмайды.

 

 

 

Намаздың iшiндегi парыздар үкiндер)

 

Намазға тұрғанда орындалатын бес парыз бар. Бұлардың әрқайсысын рүкiн деп атайды. Олар төмендегiдей:

1. Қиям: Намазды бастағанда тiк тұру.  Тік тұра алмайтын науқас отырып оқиды. Отырып оқи алмайтын адам жатып үшарамен оқиды.

2. Қыраат: Оқу деген мағынаға келедi. Намазда тұрғанда Құран Кәрiмнен сүре немесе аят оқу. 

3. Руку: Қырааттан кейiн қолдарын тiзеге қойып иiлу. Рукуде ең аз үш рет «Субхана раббиял азым» деп айтылады. Рукуден тұрып жатқанда«Самиаллаһу лиман хамидаһ» деп, тiк тұрғанда «Раббана ләкәл хамд»деп айтылады.

4. Сәжде: Аяқ ұштарын, тiзе, қол, мұрын және маңдайды жерге тигiзіп жасалынатын амалға айтылады. Сәждеге барғанда кемінде үш рет «Субхана раббиял ала» деп айтылады.

5. Қадаи ахир: Намаз соңында Аттахият дұғасын оқитындай уақыт отыру. Бұны соңғы отырыс деп те атайды.

Намаздың қаншама үлкен iс және ғибадаттардың ең маңыздысы болғандығын шарттарының көлемінен де байқауымызға болады. Сондай-ақ бұған уәжiп, сүннет, мустахаб, мәкрух, муфсидтер қосылатын болса Раббының құзырында құлдың қалай тұру керектігі белгiлi болады. Құл - әлсiз, күшсiз, бейшара жаратылыс. Әрбiр алған демiнде өзiн жаратқан Аллаһу та’алаға мұқтаж. Ал намаз болса, құлдың осы әлсiздiгiн сездiретiнғибадат. Бұл жайттар кiтабымызда ретімен баяндалатын болады.

Намаздың уәжiптерi

1.      Фатиха сүресiн оқу.

2.      Фатихадан кейiн бiр сүре немесе ең кемінде үш қысқа аят оқу.

3.      Фатиханы зәм сүреден бұрын оқу.

4.      Фатиханы және фатихадан кейiн оқылатын сүренi, парыз намазының бiрiншi және екiншi рәкатында, ал уәжiп және сүннет намаздарының барлық рәкаттарында оқу.

5.      Сәжделердi бiр-бірінің артынша жасау.

6.      Үш немесе төрт рәкатты намаздардың екiншi рәкатындааттахияту оқылатындай уақыт отыру. Соңғы отыру парыз.

7.      Екiншi рәкатта аттахияту мөлшерiнен көп отырмау.

8.      Сәждеде маңдай мен мұрынды бiр жерге қою.

9.      Соңғы отыруда аттахияту дұғасын оқу.

10.   Намазда тадили әрканға амал ету.

11.   Намаздың соңында «Ассаламу алейкум уә рахматуллаһ» депсәлем беру.

12.   Үтiр намазының үшiншi рәкатының соңында Құныт дұғасын оқу.

13.   Айт намаздарында тәкбiр алу.

14.   Имамның таң намазы, жұма, айт, тарауих, үтiр намаздарында және ақшам мен құтпан намазының алғашқы екi рәкатында дауыстап(басқаларға естіртіп) оқуы.

15.   Имамның және жеке оқыған кiсiнiң бесiн, екiнтi, ақшам, құптан парыздарының үшiншi және төртiншi рәкаттарында дауыс шығармай іштен (тек өзіне естіртіп) оқуы уәжiп. Имамның дауыстап оқуы уәжiп болған жерлердi жеке оқыған кiсiнiң дауыстап та, iштен де оқуы жаиз.

Құрбан айттың арафа күнiнiң таң намазынан, төртiншi күннiң екiнтi намазына дейiн 23 парыз намазының артынан Ташриқ тәкбірін оқу уәжiп.

 

Сәһу (жаңылу не ұмыту) сәждесi: Намаз оқыған кiсi намаздың парызынан бiреуiн бiле тұра немесе ұмытып тәрк етсе, намазы бұзылады. Егер бiр уәжiптi ұмытып тәрк етсе намазы бұзылмайды. Бiрақ сәһу сәждесiн жасау керек болады. Сәһу сәждесін бiле тұра жасамаған немесе намаздың уәжiптерiнен бiреуiн бiле тұра тәрк еткен кiсiнің сол намазды қайтадан оқуы уәжiп, оқымаса күнәһар болады. Сүннеттi тәрк еткен кiсiге сәһу сәждесi қажет емес. Сәһу сәждесi, парыздың не уәжiптің бiреуi кешіктірілгенде  немесе  бір уәжіп тәрк етілгенде жасалады.

 

Намазда бiрнеше жерде сәһу сәждесiн жасау қажеттiлiгi туса бiр мәрте жасау жеткiлiктi болады. Имам жаңылса, оған ұйыған жамағаттың да сәһу сәждесiн жасауы керек. Имамға ұйыған кiсi жаңылса, оған сәһу сәждесiн жасаудың қажетi жоқ.

Сәһу сәжде жасау үшiн, әттахият оқылып бiр жаққа сәлем берiледi де екi рет сәжде жасалынып, отырылады. Отырған кезде әттахият, салауаттарды, раббана атина дұғаларын оқып намаз аяқталады. Бiр немесе екi жаққа сәлем беріп немесе мүлде сәлем берiлмей де сәһу сәждесін жасауға болады.

 

Сүннет  – Аллаһ Елшісінің  үнемі жасаған  және ешқандай себепсіз тастамаған немесе кейде себепсіз жасамаған сөз бен іс-әрекеттері. Намазда «субханака» дұғасын оқу, т.б. іс-әрекеттер – сүннет. Сүннеттің орындалуында сауап бар. Жасалмаса жаза жоқ. Тек қана айыпталады. Намаздың сүннеттері намаздың уәжіптерін толықтырып, адамды артық сауапқа кенелтеді. Сүннеттерді  орындау,  оны әрдайым  жасап отыру  Пайғамбарымызға (с.ғ.с) деген шынайы махаббат.

 

  1. Бес уақыт намаз бен жұма намазы үшін азан мен қамат оқу. Сол секілді жамағатпен оқылатын қаза на- маздар үшін де азан, қамат – сүннет. Бірақ жамағатпен бірнеше қаза намазы оқылатын болса, тек қана бірінші намаздан бұрын азан шақырып, қалған намаздарда қамат айтылады. Өз үйінде жеке намаз оқитын адам үшін азан мен қамат – мұстахап. Жамағатпен оқылатын намаз үшін азан, қаматтың айтылмауы – мәкрүһ. Жұмаға қалада бола тұрып себепсіз қатыса алмаған жандарға бесін намазын оқыр алдында азан мен қамат қажет емес. Әйел заты үшін де азан мен қамат сүннет емес.

 

2. Ифтитах (бастау) тәкбірі үшін қолдарын көтеру

– сүннет.  Ер кісілер  қолдарының  бас бармақтарын құлақтарының жұмсағының тұсына, әйелдер қолдарын иықтарына жететіндей кеуделеріне дейін көтеріп «Аллаһу әкбар» дейді. Қолды көтерген кезде алақандары ашық күйде құбылаға қаратылып, саусақтары еркін тұруы керек. Ханафилар  бұл жайлы мынандай  хадистерге сүйенеді: Бәра ибн А’зиб (р.а.) былай дейді: «Аллаһ Елшісі тәкбір келтірген кезде қолдарын көтеретін. Сонда екі басбармағының екі құлағына жақын болғанын көретінбіз». Әнәс ибн Мәликтен  мына хидис риуаят  етілді: «Пайғамбарымыз (с.а.у.) намазды бастаған кезде тәкбір айтатын да қолдарының екі басбармағын екі құлағының тұсына  дейін көтеретін»194. Дәрәқутни бұл хадисті сахих деген.

 

Мәлик ибн әл-Хуайристен риуаят етілген басқа бір хадисте: «Пайғамбарымыз (с.а.у.) тәкбір айтқан кезде қолдарын құлақтарының тұсына дейін көтеретін...»

Шафиғи  мен Маликилер  ибн Омардың:  «Аллаһ Елшісі (с.а.у.) намазға бастаған кезде екі қолын иығының деңгейіне жететіндей көтерді» – деген хадисі бойынша амал етеді. Ханафи мәзһабында намазда бір-ақ жерде қол көтеріледі. Намазға бастаған уақытта ғана. Ал рүкүғке барғанда және қайтқан кезде тәкбір айтылғанмен қолдар көтерілмейді. Бұған байланысты көптеген сахих хади- стер бар. Мысалы: Алқама Абдуллаһтан риуаят етті: Ол (Абдуллаһ ибн Мәсғуд): «Мен сендерге Аллаһ Елшісінің нама- зын оқып көрсетейін бе? -деп намаз оқыды. Намаз- да екі қолын  бір-ақ рет көтерді». Бұл хадис Насайи- де келтірілген. Дәрежесі сахих. Сондай-ақ, бұл хадис Ибн Әби Шәйбада да келтірілген. Оның риуаятындағы жеткізген жеткізушілердің бәрі Бухари мен Муслимнің шартына сай. Тек Асым ғана Бухаридің шартына сай емес. Бірақ Муслимнің шартына сай. Бұл хадис тағы да Ахмадтың «Муснадында» келген. Ханафи ғалымдары рүкүғқа барарда және рүкүғдан қайтқанда қол көтерілетіндігіне байланысты хадистерді емес, Ибн Масғудтың осы хадисін негізге алған. Себебі, Ибн Масғуд сахабалардың  арасындағы ең көп фиқһ білімін меңгерген әрі жас жағынан да ең үлкені еді.

 

3. Имамға ұйыған адамның ифтитах (бастау) тәкбірі имамның ифтитах тәкбіріне жақын болуы – сүннет. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл жайлы былай дейді: «Имам тәкбір алысымен, сен де тәкбір ал»197.

Оң қолын сол қолының үстіне қою. Яғни, тәкбір алып, қол байланған кез. Хазіреті Алидің бір риуаятын- да: «Оң қолды сол қолдың үстіне, кіндіктің астына қою сүннеттен». Уайл ибн Хужр: «Расулаллаһтың  оң қолын сол қолының үстіне әрі кіндігінің астына қойғанын көрдім»,– деді. (Бұл хадисті Әбу Бәкір ибн Әби Шайба риуаят етті. Хадистің дәрежесі сахих.) Ерлер оң қолының іш жағын сол қолының үстіне қойып, бас бармақ пен шынашақ арқылы білекті орайды. Әйелдер екі қолын кеудесіне апарып, оң қолын сол қолының үстіне қояды. Бірақ саусақтарымен білектерін орамайды.

 

4. «Субханака» дұғасын оқу. Яғни, ифтитах (бастау)

тәкбірінен кейін құпия түрде «сәна» (мадақ) дұғасын оқу

– сүннет. Ол төмендегідей: «Субханака Аллаһумма уә би-хамдика уә тәбәракас-мука уа та’ала жәддука уә ләә-иләһә ғайрука».

«Я, Аллаһым! Сені тәсбих етіп (күллі жаратылыс пен нұқсан атаулыдан) пәктеймін. Саған «хамд» айтып, мадақтаймын. Сенің қасиетті есімің аса мүбәрак. Және де сенің ұлылығың аса жоғары. Сенен басқа ешбір құдай жоқ».

Аллаһ Елшісінің намазды бастаған сәтте осы дұғаны оқығандығын Хазіреті Айша жеткізген.

 

5. Алғашқы рәкатта – «Фатихадан» бұрын құпия түрде  «Ә’узу  мен  Бисмиллаһтың»   оқылуы  және келесі рәкаттарда  – «Фатихадан»  бұрын Бисмиллаһ оқылуы  – сүннет.  Ә’узу  мынау:   ناطيشلا نم  لاب ذوعأ ميجرلا «Ә’узу биллаһи минаш-шайтанир-ражим» (илаһи рақымдылықтан қуылған шайтаннан Аллаһқа сиынамын). Мұның айтылу дәлелі Құранда: «Құран оқыған кезде қуылған шайтаннан Аллаһқа сыйын»201

«Бисмиллаһир-рахманир-рахим» (Рахман және Рахим

Аллаһтың атымен бастаймын). Бірақ имамға ұйыған «Фатиханы» оқымайтындықтан, «Ә’узу» мен «Бисмиллаһты» да оқымайды.

 

6. «Фатиха» біткенде іштей «әмин» (дұғаларымызды қабыл ет) деу – сүннет. Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Имам  «уәладдаллин»  деген  уақытта  сендер де «әмин» деңдер, кім де кімнің «әмин» деуі періштелердің  «әмин»  деуіне  дәл келсе,  жасаған күнәлары кешіріледі», – деген.

 

7. Имамның айтатын тәкбірлері мен рүкүғтен тұрған кезінде:  «Сәми’ Аллаһу лимән хамидаһ» (Аллаһ өзін мадақтаған жанның мадағын естиді) сөзі мен намаздың соңында екі жаққа жария түрде сәлем беруі – сүннет. Сонымен қатар имамға ұйығандардың рүкүғтен тұрған кезінде құпия түрде:  «Аллаһумма Раббәнәә уә ләкәл-хамд» (Ей, Раббымыз Аллаһ! Хамд пен мадақ саған ғана лайық) деуі мен тәкбір мен сәлемді құпиялап айтуы – сүннет. Жария оқудың ең төмені – алғаш саптағы адамдар еститіндей болуы керек. Құпия оқудың ең төмені – өзіне ең жақын адамның естуі.

 

8. Рүкүғ пен сәждеге барарда және тұрғанда алы- натын тәкбір – сүннет, Абдуллаһ  ибн Масғуд (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.у.) осылай тәкбір алғанын көргенін айтады203. Бірақ рүкүғтен тұрған кезде, «Сәми’ Аллаһу лимән хамидаһ» деп айтылады. Рүкүғқа ба- рарда  және  қайтарда  тәкбір  айтылғанмен  қолдар көтерілмейді.

 

9. Рүкүғтен тұрып жатқан кезде, «Сәми’ Аллаһу лимән хамидаһ» деп, артынан «Раббәнә уә ләкәл-хамд» деу де – сүннет. Имам әуелгісін – жария, кейінгісін – құпия айтады. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Имам Сәми’ Аллаһу лимән хамидаһ» деген кезде, сендер «Раббәнәә уә ләкәл-хамд» деңдер», – дейді.

 

10. Рүкүғ   пен   сәжде   тәсбихтары   –   сүннет. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Кімде-кім рүкүғке барған кезде, үш рет «Субхана Раббиял-а’ла» десін. Бұл сан – тәсбихтың ең аз мөлшері»205 – деп айтқан.

 

11. Рүкүғте ер кісілердің қолдары мен саусақтардың арасы ашық түрде тізелерге қойылуы – сүннет. Әйелдер тек қана қолдарын тізелерінің үстіне қоюмен шектеледі. Сонымен қатар ер кісілердің рүкүғте түрегеп тік тұрулары, бастарын арқасымен тең ұстап, одан жоғары көтермеулері де, төмен түсірмеулері де сүннет. Әйелдердің тізелері аздап бүгіледі.

 

12. Қиямда (түрегеп тұрғанда) екі аяқ арасын иықтың көлеміндей ашық ұстау – сүннет.

 

13. Сәждеге бара жатқанда алдымен тізелерді, одан кейін қолдарды, одан кейін маңдайды жерге тигізу.

 

14. Сәжде отырыстары мен тәшәһһүд отырыста- рында сол аяғын жерге жатқызып, оң аяғын тік ұстап, саусақтарын құбылаға қарату – сүннет. Әйелдер сол аяқтарын оң жағына жатқызып жерге отырады.

 

15. Отырыстарда және сәжде арасындағы кідірме отырыстарда қолдарын тізеге жақын сандарының үстіне қою.

 

16. Отырыстарда әт-тахиятты оқығанда «Ләә иләһә» деген кезде оң қолының сұқ саусағын көтеріп, «иллаллаһ» деп, қайта түсірілуі – сүннет. Сұқ саусақ көтерілгенде, қалған саусақтар бүгіледі. Бұл – Аллаһтан басқа құдай жоқтығын қуаттаудың белгісі.

 

17. Парыз    намаздардың    үшінші,    төртінші рәкаттарында «Фатиха» оқу қуатты көзқарастарға қарай– сүннет.

 

18. Парыз, уәжіп және мүәккәд сүннеттердің соңғы отырыстарында  және бекітілмеген сүннет пен пәпіл намаздардың да әрбір отырыстарында әт-тахияттан кейін Пайғамбарымызға (с.а.у.) салауат айту – сүннет. Қа’б ибн Ужра (р.а.) намаздағы салауаттың баста- луын былайша баяндайды: «Хазреті Пайғамбар біздің жанымызға келді. Біз оған: «Пайғамбарым, Аллаһ бізге саған қалай сәлем беретінімізді үйретті. Сен де бізге саған қалай салауат айту керек екенін үйрет», – дедік. Сонда ол салауат дұғасын былайша баян етті: «Аллаһумма салли а’ла Мухаммәдин уә а’ла әли Мухаммәд. Кәмәә салайта а’ла Ибраһимә уә а’ла әли Ибраһим. Иннәкә хамидун мәжиид. Уә бәәрик а’ла Мухаммадин уә а’ла әли Мухаммад. Кәмәә бәәрәктә а’ла Ибраһимә уә а’ла әли Ибраһим. Иннәкә хамидун мәжиид». «Я, Аллаһым! Пайғамбарымыз (с.а.у.) Мұхаммедке және Оның отбасы мен ұрпағына, мейіріміңді төгіп, олардың мерейін үстем ет. Тура хазіреті Ибраһим және оның отбасы мен ұрпағына мейіріміңді төгіп, олардың мерейін үстем еткеніңдей. Және Хазреті Мұхаммед пен оның отбасын, ұрпағын мүбәрак ет. Олардың ырыс- берекетін ұдайы арттыр. Тура Хазіреті Ибраһим және оның отбасы мен ұрпағын мүбәрак еткенің секілді. Күмәнсіз,  Сен – Хамидсің,  мәжидсің.  Яғни  барлық мадақ пен ұлылық, асқақтық саған ғана тән». Хазреті Ибраһимнің айтылуы – оған үлкен берекет берілгендігі үшін. Әрі Пайғамбарымыз да (с.а.у.) соның ұрпағынан келеді.

19. Сәлемнен бұрын дұға оқылуы – сүннет. Бұл дұғаға Құран мен Пайғамбарымыздың  (с.а.у.) сахих дұғаларының таңдалуы абзал. Намазда оқылатын дұға: «Раббәнәә әәтинә фид-дүниә хасанатән. Уә фил- әәхирати хасанатән. Уә қинәә а’зәбән-нәр». Яғни,

«Я, Раббымыз! Бізге бұл дүниеде де, ақыретте де жақсылық бер. Және бізді жәһаннам азабынан сақта».

20. Намаз соңында алдымен – оңға, сонан соң – солға сәлем беру – сүннет.

 

21. Намазда алдына қалтқы қою – сүннет. Яғни, ашық жерлерде намаз оқыған адам, алдынан басқалар өтпеу үшін алдына 60-70 сантиметрдей қалың немесе жіңішке ағаш немесе қазық, т.б. қадайды. Жамағатпен оқылатын  намазда  имамның  алдына  ғана  қойылуы жеткілікті. Намаз оқыған кісі алдынан өтпекші болған адамға «Субханаллаһ» деп ескерте алады.

Ассаламуалейкум! Кім тақуа болады,  кім күнаһар болады Алла таңдаған ба? Яғни, біз сауап амал жасасақ,  Алланың қалауымен жасадық па, әлде, өз қалауымызбен бе?  Кәпір не мұсылман болуымыз өз таңдауымыз ба? Әлде  Алланың тағдыры ма? Алдын ала рахмет!  

Бауыржан 

Уағалайкум сәләм уа рахматтулахи уа баракатух!  "Тағдыр" деген не? Ислам дініндегі иман негіздерінің соңғысы –тағдырға  иман.  Пайғамбарымыздан  (с.а.у.)  «Иман  дегеніміз не?» – деп сұраған уақытта: «Аллаға, періштелеріне, кітаптарына және пайғамбарларына, ақырет күніне, тағдырдың жақсысы мен жаманына иман ету»,  – деп жауап берген.

Тағдыр сөзі – бір нәрсені белгілі бір өлшем, мөлшерге қарай реттеу, арнайы есеппен жүйелеу, жобалау деген мағыналарды білдіреді.

Ал, шариғаттық термин бойынша: өткен шақ, осы шақ және келер шақтан, яғни, жалпы уақыт ұғымынан пәк – Ұлы Алланың әу бастан қияметке дейін және қияметтен кейін болатын барлық нәрсені, барлық оқиғаны жаратпастан бұрын шексіз, әзәли ілімі арқылы егжей-тегжейіне дейін білуін және оларды   белгілі бір өлшем, мөлшерге қарай реттеуін, белгілі бір есеппен жүйелеуін, арнайы бір жобамен тағайындап белгілеуін «тағдыр» дейміз.

Ұлы Жаратушының тағдыры тек адамға ғана байланысты емес, жалпы болмысты, күллі жаратылысты қамтиды.

 Жалпы жаратылысқа байланысты тағдыр

 

Жалпы ғаламға көз жүгірткен уақытта әр нәрседегі арнайы өлшемді, нәзік есепті, жалпы әлемді қамтыған таңғажайып жүйені байқаймыз. Әр нәрсе өзінің бойына берілген бағдарламамен жүруде. Мысалы, өрік ағашы кішкене дәнегіне қойылған бағдарлама арқылы жер бетіне қылтия шығып, күннен-күнге жайқала өсіп, көктем кіре бүршігін атса, артынан жемісінің сүйіншісі іспетті гүлін ашады. Сосын сол бағдарламаға қарай өзіне тән аңқыған исімен, көзді тартар реңімен, балдай тәтті дәмімен құлпыра өскен жемісін береді. Күн Алланың қойған бағдарламасына  қарай  арайлап  атып,  алаулап  батады. Сол бағдарламаға қарай сәулесін шашып, жылуын төгеді. Жердегі судың бу боп көтеріліп, артынша бұлтқа айналып, уақыты жеткенде жерге қайта жаңбыр боп жаууы, құрғақ топырақтың, жалпы суға мұқтаждардың қажетіне жарауы – Ұлы Жаратушының арнайы бағдарламасына қарай жүзеге асады. Судағы ағу, тастағы қаттылық, жердегі тартылыс заңдары – бұл әрқайсысының өзіндік тағдыры. Құстардың ұшуы, балықтың жүзуі, еліктің жүгіруі – бәрі- бәрі Ұлы Жаратушының әрқайсысына лайық етіп қойған заңдары, арнайы тағдыры болмақ.

Құран Кәрімде: «Еш күмәнсіз біз барлық нәрсені арнайы есеппен жараттық»[1].  «...Барлық нәрсені жа- ратып, әрқайсысына белгілі бір өлшем берді»[2], -  деп жалпы әлемдегі осы арнайы есепке, тағдырға назарымызды аударады.

Демек, Ұлы Жаратушымыз әр нәрсеге өзіндік тағдырын жазған. Жаратылыстағы әрбір нәрсе сол тағдырдан, арнайы бағдарламадан асып, жалпы жүйеден шығып кете алмайды. Әлемдегі бас айналдырар мына теңдессіз сұлулық, ерекше жүйе алдын-ала белгіленген арнайы жобаны, дәлме-дәл есепті, яғни, иләһи тағдырды нұсқайды.

Жымыңдап, жарқыраған сансыз жұлдыз белгіленген өз межесінен еш ауытқымай қозғалып, ғарышта жүзіп жүрсе, жан-жануар, өсімдік, жалпы жаратылыс Алла Тағаланың жазған арнайы бағдарламасын айна-қатесіз қайталап ғұмыр кешеді.

Адамға байланысты тағдыр

 

Адамға байланысты тағдыр мәселесі, задында, күрделі болғандықтан кейбір адамдар қате түсінеді. Бәзбіреулер істеген күнәларынан «Тағдырымда осылай болса, не істеймін?» деп ақталып жатса, енді біреулер әр істеген ісімді өз қалауыммен істеймін, «олай болса, тағдыр жоқ» деп шектен шығып жатады. Бұл екі пікірдің біреуі астамдық болса, екіншісі нұқсандық. Орта жолды, дұрыс тағдыр ұғымын түсіне алмаған.

Адам баласы басқа жаратылыстардан өзіндік ақыл- ойымен, айрықша ерік-қалауымен екшеленгендіктен  Оның тағдыры да өзгеше.

Адамға байланысты тағдырдың екі жағы бар.

 

  1. 1.      Адамның еркінен тыс жағы

 

Адамның еркінен тыс Алла Тағаланың қалауы, арнайы белгілеуі арқылы болатын құбылыстар осыған жатады. Мысал ретінде, адамның ұлты, туылған жылы, жынысы, денінің сау, яки ауру болып дүниеге келуі, бойының ұзын немесе қысқа болуы, зерек және әр түрлі қабілеттерге ие болуы, басына жер сілкінісі, өрт секілді пәлекеттердің   келуі,   жетім   қалуы   тәрізді   қалауынан тыс болатын нәрселерді айтуға болады. Адам баласы қалауынан тыс бұл істерден ақыретте сұраққа тартылмайды. Бірақ тағдырдың жанында адамның ерік-қалауының бар екенін де ұмытпағанымыз жөн. Мысалы, бір адамның тағдырында жетім қалуы жазылғанмен, сол жетімдікке сабыр етіп, қиындықтарға мойымай адамдығын, арын таза ұстап,  сынақты жіберген  Ұлы  Жаратушысына бас иіп, имеуі – өз еркінде. Ол жетім қалғандығы үшін сұраққа тартылмағанымен, өзінің қалауы мен еркі арқылы іске асатын басқа істерден сұралмақ.

Алла белгілі бір адамға сәтін салып, барлық шарттарды ыңғайлап, күні-түні жүгіріп істеген істеріне берекет беріп, бай етті делік. Яғни, Алла Тағала оның бай болуын қалап, тағдырына байлықты жазды. Демек, Ұлы Иесі бұл құлына мына дүниеде «байдың рөлін» беріп, байлықпен сынағысы келді. Бірақ бұл байлықты жақсы жолда қолданып, жетімдердің басын сипап, кедей-кепшікке қол ұшын беріп, Ұлы Иесіне шүкіршілік етуі немесе керісінше байлықтың буына мастанып, Жаратқанды ұмыт қалдырып, тәкаппарлыққа бой алдыруы – бәрі-бәрі құлдың өз қолында, өз еркінде. Құл екі жолдың біреуін өз қалауымен таңдап, жәннатқа яки тозаққа қарай жол салады.

Иә, пешенеге жазылған тағдырдың жанында адамға берілген өзіндік ерік-қалау бар. Тағдырдың өзіне жүктеген рөлін дұрыс жолда, салиқалы мағынада ойнап-ойнамауы әркімнің өз еншісінде.

  1. 2.      Адамның қалауына байланысты жағы

 

Алла Тағала әу баста әр адамның қай жерде, қай уақытта не істейтінін бастауы жоқ әзәли әрі шексіз ілімі арқылы білген. Өйткені Алла үшін өткен шақ, осы шақ, келер шақ деген ұғым жоқ. Міне, Ұлы Жаратушымыз сол білгенін адам үшін тағдыр етіп «Ләухул-Махфузға» жазған. Басқаша айтқанда, адамның қалауы – Алла Тағаланың жазған тағдырында есепке алынған.

Адам баласы күнә немесе ізгі іс істеуге мәжбүр емес. Өйткені адамда таңдау еркі бар. Мысалы, жолда кетіп бара жатып, түсіп қалған ақшаны көрдік делік. Осы сәтте адамның таңдауына бірнеше нұсқа келеді. Біз соның біреуін өз қалауымызбен таңдаймыз.

1. Ақшаны ақырын ғана қалтамызға сүңгітіп жіберіп, ол жерден дереу қарамызды батырамыз.

2. Ақшаны алып, иесін тауып қайтарамыз. Жоғарыдағы таңдаулардың қайсысын таңдасақ та өз еркімізбен, дербес қалауымызбен іске асырамыз. Бірінші таңдауды істеп күнәға батуымыз да, екіншісін таңдап сауапқа кенелуіміз де мүмкін.

Алла Тағала Құранда: «Оған (адамға) жақсылық және жамандық жолдарын көрсетпедік пе?» «Кім жақсылық істесе пайдасы өзіне, ал, кім жаманшылық істесе оның зияны да өзіне. Раббың құлдарына ешқашан зұлымдық жасамайды»[4], -деп жақсы, жаманды таңдаудағы адамға берілген ерікті білдіреді. Ақын Майлықожа да осы ақиқатты мына жыр жолдарымен жеткізген:

«Алла берді екі жол
Бірі оңда, бірі сол.
Ойланыңдар, бауырлар!
Дүние қысқа, ақырет мол».

Алла Тағаланың бұйрықтарын орындаған адам Жаратушының салиқалы құлдарының тұғырына көтеріледі. Ал бұйрықтарына қарсы шыққан пенде күнәһар болады. Алла Тағала әу баста күнәһар және салиқалы құл болудың жолдарын осылай тағайындап белгілеген. Сондықтан кімде-кім осы екі жолдың қайсысын ұстанса, жазылған нәтижесіне жетеді. Міне, осы құлдың қалауына қарай таңдалған нәтиженің Алла Тағала тарапынан әу бастан білінуіне «тағдыр» делінсе, білінген нәрсенің уақыты жеткен мезетте Алла Тағаланың құдіретімен жүзеге асуына «қаза» делінеді.

Жоғарыда  Ұлы  Жаратушымыз  әзәли  ілімі  арқылы біздің мына дүниеде не істейтінімізді біліп, білгенін тағдыр  етіп  «Ләухул-Махфузға»  жазған  дедік.  Демек, біз бұл дүниедегі барлық істерімізді Алла Тағала алдын ала білгені үшін істемейміз, керісінше, Алла Тағала не істейтінімізді білгені үшін тағдырға жазған. Яғни, Алла Тағаланың біздің істейтін ісімізді алдын ала білуі – бізді сол істі істеуге мәжбүр етпейді.

Мысалы, біз күннің шығу сағатын астрономия ғылымы арқылы алдын ала біліп, күнтізбеге жазып қоямыз. Уақыты жеткен мезетте, дәл сол минутта күн шығады. Ал енді осы күннің шығуы біздің алдын ала есептеп білгеніміз үшін жүзеге асты ма? Жоқ, әлде сол уақытта шығатын болғаны үшін біз білеміз бе?[4]

[1] Қамар сүресі/49 бет
[2] Фурқан/2
[3] Фуссилат сүресі/46
[4] Қ.Жолдыбайұлының "Имани гүл" атты еңбегінен алынды, 182-187 бет. Алматы. 

Ассаламуалейкум! Ұл балаға жақсы, шариғатқа сай есімдер жазып беріңізші.

Данияр

Уағалайкум сәләм уа рахматтулахи уа баракатух.  Балаларға ат қою Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннеті. Ата-ананың перзенті алдындағы ең алғашқы борышы – баласына лайықты есім беру. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) «Қиямет күні өз аттарыңыз және әкелеріңіздің аттарымен шақырыласыздар. Сондықтан балаларыңызға жақсы ат қойыңыздар» – десе, Ибн Аббастан (р.а.) Имам Байқақи риуаят еткен хадисте пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Әкенің бала алдындағы міндеті – жақсы ат қою және жақсы тәрбие беру», - деген.  Ер бала есімдері: Ерасыл, Диас, Нұрасыл, Әлихан, Мирас, Бейбарыс, Артем, Санжар, Нұрислам, Азамат, Ислам, Нұрдәулет, Дамир, Руслан , Даниил, Әмір, Арсен, Әділет, Бекзат, Ернұр, Алдияр , Роман, Бекарыс, Тимур, Асылхан, Айдарбек, Ерсұлтан, Думан, Әли, Әлішер, Жан, Айбек, Фархад, Рафхад, Рахман, Әбдірахман, Аманғали, Есен, Жүрсін, Тоқтар, Тұрсын, Жәнібек, Ерназар, Ақназар, Жеңіс, Қуаныш, Азат, Ғазиз, Адам, Мырзабек, Сырым, Мейірбек т.б