Мәуліт қай күні болады?
Меруерт
Рабиул аууал айы мәуліт айы болып есептеледі. 22 жұлдызынан 23 жұлдызына қараған түн. Қаңтар айының 2-нен 3-не қараған түн Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туған күні.
Мәуліт қай күні болады?
Меруерт
Рабиул аууал айы мәуліт айы болып есептеледі. 22 жұлдызынан 23 жұлдызына қараған түн. Қаңтар айының 2-нен 3-не қараған түн Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туған күні.
Ассаләмуалейкум! Менің сұрағым дәрет алуға байланысты. Менің тістерімде пломба бар, ол дәретімді толық алуыма кері әсерін тигізбейді ме? Сосын дәрет алған кезде құлақтың тесіктеріне де суды өткізу керек пе? Рахмет.
Әйгерім
Уағалайкум сәләм уа рахматтулахи уа баракатух! Пломба дәретке кедергі емес. Құлаққа масиһ жасалады, яғни дымқыл қолмен құлақтың іші сыртын сипау. Ішіне су тигізілмейді. «hibatulla.kz» сайтынан қараңыз.
Біздің бас энергетигіміз сәл бір нерсені түсінбей, қате істеп қойсаң болды, сол жерде шешеңнен боқтап, жаман балағат сөздер айтады және орысшалап боқтайды. Бұны естіген мен, не дерімді білмеймін көңілім қатты қалды үндемей шығып кеттім. Енді мен әрі қарай не істерімді білмеймін. Мен өзім бес уақыт намазымды оқимын және ораза ұстаймын. Алла разылығы үшін жауап күтемін.
Сабыралы
Ең алдымен кәсіп үйрену керек. Дінде балағат сөз өзі үшін айтылған делінеді. Куәгерлер болса, ар-намысымды таптады деп қылмыстық жауапқа тартуға болады. Таңдау еркіңізде.
Мүшел жас Ислам дінінде бар ма? Және міндетті түрде жақсы көретін киім беру керек пе?
Гүлзат
Мүшел жас – қазақ халқының адам жасын есептеу үлгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында баланың 13 жасқа толуы алғашқы мүшел делінеді, одан кейінгі мүшел жасы әр 12 жыл қайталанған сайын есептеліп отырады. Ол 25-ке толғанда – екі мүшел, 37-ге толғанда – үш мүшел, 49-ға келгенде – төрт Мүшел, 61-ге келгенде бес мүшел деп есептеледі. Әр мүшел ішінде адамның өзіне тән ерекшеліктері мен болмысы қалыптасады.
Сіз айтқандай бұны ырыммен байланыстырып, мүшел жасты қауіпті кезең деп санап, аман-есен өтуі үшін құран бағыштап, өзінің қатты жақсы көретін киім-кешектерін жақын-жуықтарына тарату сияқты ырым жоралғылардың дінімізде негізі жоқ.
Шариғатта да, адамды құқықтық әрі әлеуметтік тұрғыда бірнеше категорияға бөледі:
1. Құрсақтағы (жәнин) шағы. Бала құрсақта пайда бола салысымен оның өзіндік құқықтары таңылады. Айталық өмірге келу құқы, тегі, мұрагер болу құқы т.б.
2. Сәбилік шағы. Мүмәйіз жасына, яғни, шамамен 6-7 жасқа келмеген шақ.
3. Мүмәйіз шағы. Ес кіріп, онды-солын тани бастап, әкенің насихатын тыңдайтын балиғат жасына дейінгі шақ (шамамен 7-12 жас). Бұл жастағы балаға намаз оқу, Құран оқу сияқты діни жол-жоралғылар үйретіле басталады. Бірақ міндеттелмейді. Силық алу, садақа алу, істеген жұмысының ақшасын алу сияқты оған пайда тигізер әрекеттерді өз бетінше қамқорының рұқсатынсыз жүргізе алады.
4. Балиғатқа толған шағы. Бұл шақ қыздарда 9 жастан басталса, ер балдарда 12 жастан басталады. Бұның ең кеш уақыты қыздарда – 17 жас, ұлдарда – 18 жас. Балиғат жасына толған кісіге намаз, ораза, зекет, қылмысы үшін жаза т.б. діни міндеттемелер жүктеледі.
5. Рушд шағы. «Рушд» деп өз дүниесін далаға шашпай, өзін бостан-босқа шығынға ұшыратпайтын, меншігіндегі мал-мүлкінің қадірін жетік түсінетіндей ақыл-ойы толықтасқан кісіні айтамыз. Балиғат жасына келгенімен мал-дүниесінің қадірін жетік түсінбеген болса, құлшылыққа қатысты амалдармен міндеттеліп, жасаған қылмысы үшін жауапқа тартылғанымен, өз бетінше меншігіндегі мал-мүлкін жұмсау құқына ие емес.
Бір кісімен ренжісіп қалсаң, сол реніш туралы жолдасыңа, жақыныңа айтып берсең, мысалға оның айтқандарын, өзіңнің айтқандарыңды айтсаң, сол ғайбатқа жатады ма?
Балжан
Белгілі (танитын) бір мұсылманның артынан сөйлеу ғайбат болады. Ғайбат ету харам болып табылады.
Ғайбат етілген адамның денесінде, тегінде, мінез-құлқында, жұмысында, сөзінде, дінінде, дүниесінде, киімінде, үйінде, тіпті жануарларында болған бір кемшілігі артынан айтылса, яғни ол адам бұны естіген жағдайда ренжитіндей сөз айтылған болса, ғайбат болады. Естігенде ренжитін сөзді бетіне айту да күнә болып табылады.
Бір мұсылманның күнәсі және кемшілігі айтылғанда молдалардың, уағызшылардың «әлһамдулилләһ біз ондай емеспіз» деулері, ғайбаттың ең жаманы болып табылады. Біреу туралы айтылып жатқанда «әлһамдулиллаһ, Аллаһ бізді олай арсыз етпеді» деген сияқты сөздермен оны жамандау, өте жиіркенішті ғайбатқа жатады. «Пәленше өте жақсы кісі, бірақ ғибадаттағы мына кемшілігі болмаса, тіпті жақсы болар еді» деу де ғайбат болады. «Хужурат» сүресінің 12 аятында: «Бір-бірлеріңді ғайбат етпеңдер!» деп бұйырылды.
Ғайбат – адамның сыртынан жамандау, өсектеу деген сөз. Біреуді ғайбат ету, өлген адамның етін жеумен бірдей екендігі білдірілген. Хадис шәрифтерде былай бұйырылды:
«Миғражға шыққанда мыс тырнақтарымен беттерін, кеуделерін тырнап жатқан адамдарды көрдім. “Бұлар кімдер?” деп сұрағанымда “Ғайбат етіп, адамдардың етін жеп, өздеріне қастандық жасағандар” деді» (Әбу Дауд)
«Қияметте бір адам сауап дәптерінде жасамаған ғибадаттарын көреді. “Бұлар сені ғайбат еткен адамдардың сауаптары” делінеді» (Хараити)
«Бір жамағат ішінде болғаныңда бір адам туралы ғайбат айтылғанын көрсең ол адам үшін көмекші бол. Және жамағатты да оны ғайбаттаудан қайтаруға тырыс немесе ол жерден тұрып кет.» (И. Әбиддуния)
«Пәленшенің бойы қысқа» деген адамға пайғамбарымыз, «бұл сөзің теңізге тасталса, теңіз де сасиды» деп бұйырды. (Тирмизи)
Ғайбат – адамның сауаптарының азаюына, басқалардың күнәлары өзіне жүктелуіне себеп болады. Бұларды үнемі ойлап жүру, ғайбат айтуға кедергі болады. (Ислам Ахлақы)
Ассаламуалейкум уа рахматуллахи уа баракатух! Хайыз уақытында жұма намазына қатысуға болады ма? Әлде, мүлдем мешітке баруға болмай ма?
Аида
Уағалайкум сәләм уа рахматтулахи уа баракатух! Әйелдер мұндай кездерде намаз оқи алмайды. Ораза да ұстай алмайды. Бірақ оразаның қазасын кейін өтейді. Қажылық кезінде Қағбаны тауап ете алмайды (Бухари, Хайыз / 20). Құран оқи алмайды. Пайғамбарымыз: «Хайыз, жүніп болған әйел Құран оқи алмайды», - дейді (Тирмизи, Таһарат / 98). Ханафилер бойынша, мұндай кезде әйелдер Құранды жатқа дұға ниетінде оқуына болады. Сол секілді мешітке де кірулеріне болмайды. Бір хадисте былай айтылған: «Ешқандай хайыз әйел, жүніп кісі мешітке кіре алмас». Жыныстық қатынас та жасай алмайды. Аятта былай айтылады: «(Мұхаммед) олар сенен етеккір жайында сұрайды. Оларға тазарғанға дейін жақындаспаңдар де» (Бақара 2/222).
Мен жаңадан намаз оқуды бастадым. Күйеуiм 4 жыл бұрын бастаған. Күйеуiм маған имам болып оқиды, бiрақ, мен iлесе алмай қалып кетем. Бөлек оқысақ болады ма? Мен жай оқып сәждеде бiраз бас қойып отырғым келедi, ал күйеуiм тез-тез оқиды. Одан жүрегiм жай таппайды. Осыған жауап берсеңiздер екен. Рахмет!
Гүлнұр
Жамағатпен оқыған намаздың сауабы 25-27 есе артық. Намаз Алланың құзырына шығу деген сөз. Асықпай ықыласпен оқыған жөн. Күйеуіңіз тез оқыса асықпай оқу өте сауапты деген жөн. Көңіліңіз жай таппаса жеке оқуға да болады.
1. Сіздердің мешітте жұмада айтылған уағыздарыңызды аудио ретінде телефонымызға қайдан жүктеп ала аламыз?
2. Намазда шатасып кетсе не істеу керек, намазды қайта бастау керек пе?
3. Намазды артық қимылдар бұза ма? Мысалы: Есінеу, жөтелу, қасыну, т.б?
Рауан
Орталық мешітте айтылған жұма уағыздарын «hibatulla.kz» сайтынан, ал басқа облыстардікі керек болса «muftiyat.kz» сайтынан жүктеп ала аласыз.
2. Намазда шатассаңыз ракағаттың төменінен оқисыз, яғни,2 ма 3 па десеңіз 2 ракағаттан бастайсыз. Парыз амалдары кешіктірілсе және уәжіп амалдары қалып кетсе сәһу сәжде жасалады.
Сәһу сәждесі (қателік сәждесі) намазда кеткен кейбір қателіктер мен кемшіліктерді түзету мақсатында намаз соңында орындалатын әрекет. Бұл – уәжіп[1]. Өйткені, Пайғамбарымыз бір хадисінде: «Кім де кім намазда күмәнданса сәлем беріп, екі сәжде жасасын», - дейді. Тағы бір хадисінде:«Намаздағы қателіктерге, сәлемнен кейін екі сәжде бар»[2], - деген.
Бұл сәждені жасайтын адам соңғы отырыста « әттахиятты» оқығаннан кейін екі жаққа сәлем беріп, қайта «Аллаһу әкбәр» деп, екі рет сәждеге барып, қайта отырады. Одан кейін әрі қарай қайтадан «әттахият» оқып, артынан салауат және дұға оқып, сәлем беріп намазын бітіреді. Егер Имам қателессе, тек қана бір жағына сәлем беріп, екі сәжде жасайды[3]. Имран бин Хусайнның риуаят етуі бойынша: «Пайғамбарымыз (с.а.у) имам боп тұрып қателсекен еді, (намаз соңында) екі сәжде жасап артынан тәшәһһуд оқып, сәлем беріп намазын аяқтады»[4]
Сәһу сәждесі жасалатын қателіктер төмендегідей: 1. Намаздың уәжіптерін ұмытып орындамаса (парыздарын ұмытса намаз бұзылады). Мысалы, фатиханы ұмытып оқымау, екінші отырысқа отырмау, тәшәһһуд дұғасын оқымау, құнут дұғасын оқымау т.б.; 2. Намаздың парыздарын артығымен істеп қойса.Мысалы, екі сәжденің орнына үш сәжде бір рукуғтың орнына екі рукуғ жасау сияқты; 3. Намаз ішінде дұға оқылатын жерлерде, құран оқыса. Мысалы, рукуғда, қағдада (тәшәһһуд отырысы) оқылатын дұғаның орнына құран оқып қою осыған жатады;[5]. 4. Намаздың парызын кешіктірсе. Мысалы, төрт не үш рәкәғатты намаздардың бірінші отырысында тәшәхуттан кейін салауат, дуға оқып қойса сәһу сәжде жасау міндет.
[1] Сәмәрқанди, Тухфатуль Фуқаһа – 1/209 бет.
[2] Әбу Дауід - 1033. Сахих хадис.
[3] М.Исаұлы, Қ.Жолдыбайұлы, Ғылымхал, 264 бет. Алматы.
[4] Әбу Дәуід – 1039 хадис,
[5] Маусули, Ихтияр – 1/247 бет.
3. Намаздағы артық қимылдар мәкруһ болады. Намаздың мәкруһтары:
1) Мойынды иіп, екі жаққа қарау.
2) Үстіндегі бір нәрсені ойнату.
3) Үзірсіз сәжде ететін жерді қолдармен сыпырып тазалау.
4) Еркектердің қолдарын тік тұрғанда көкірегінің үстінде, сәждеде көкірегінің тұсында ұстауы.
5) Саусақтарды шытырлату.
6) Үзірсіз малдас құрып отыру.
7) Сәждеде бір аяқты көтеру.
8) Үлкендердің алдына шыға алмайтын, лас киіммен намаз оқу.
9) Бір адамның жүзіне қарсы қарап намаз оқу.
10) Отқа қарсы оқу.
11) Денеде және киімде сурет болу.
12) Үзірсіз есінеу.
13) Қолдарды жеңінен шығармай намаз оқу.
14) Иттер сияқты тізені көтеріп отыру.
15) Көздерді жұму.
16) Қолдарды құбыладан бұру.
17) Жамағатпен оқыған кезде алдыңғы сапта бос орын бар кезде артқы сапта оқу. Егер жанында біреу бар болса тәнзихан мәкрух, жалғыз болса тахриман мәкрух болады. Мұндай жағдайда уәжіп тәрк етілген болады, нұқсан болғандықтан бұл намаздың қайта оқылуы қажет.
18) Алдында перде сияқты араны бөліп тұратын нәрсе жоқ кезде қабірге қарап намаз оқу.
19) Нәжіске қарсы намаз оқу.
20) Бір еркек пен бір әйел бір-біріне жақын (тақалып) тұрып жеке-жеке намаз оқулары.
21) Дәрет қысып тұрғанда намаз оқу.
22) Рукудан көтеріліп түзелгеннен кейін сәждеге барарда үзірсіз алдымен қолдарды қою.
23) Бір рүкінде бір жерді екі рет қасу (егер бір рүкінде қолды көтеріп үш рет қаситын болса, намаз бұзылады.)
24) Имамнан бұрын рукуға бару.
25) Имамнан бұрын рукудан көтерілу.
26) Имамнан бұрын сәждеге бару.
27) Имамнан бұрын сәждеден көтерілу.
28) Үзірсіз бір нәрсеге сүйеніп көтерілу.
29) Сәждеден көтерілерде қолдардан бұрын тізелерді көтеру.
30) Бет пен көздегі шаңды қолмен сипап тазалау.
31) Екінші рәкатта алдыңғы рәкатта оқыған сүреден кейінгі сүреге өту, яғни бір сүре аттап оқу.
32) Бірінші және екінші рәкаттарда бірдей сүрені оқу немесе бір рәкатта бір сүрені екі рет оқу (нәпіл намазда жаиз болады).
33) Бірінші рәкатта оқыған сүреден бұрыңғы сүрені екінші рәкатта оқу.
34) Екінші рәкатта бірінші рәкатта оқыған зәм сүреден үш аят шамасында артық оқу.
35) Үзір жоқ болса да бір нәрсеге сүйеніп иілу немесе көтерілу.
36) Қонған шыбынды ұшырып жіберу.
37) Жең түрілген, иықтар, аяқтар ашық күйде намаз оқу.
38) Далада сүтре қолданбай намаз оқу. (Сүтре – намаз оқығанда алдынан өтетіндердің намазға зиянын тигізбеуі үшін алдына қойылатын нәрсе.)
39) Адамдар өтетін жолда намазға тұру.
40) Руку мен сәждеде тәсбихтарды саусақтармен санау.
41) Имамның михраб ішінде болуы, перде тартылған жағдайда толығымен михрабтың ішінде қалатындай дәрежеде михрабтың ішіне кіріп намаз оқуы.
42) Имамның жалғыз өзі жамағаттан бір зра’дан астам жоғары немесе төменде болуы. (Бір зра’ – шамамен жарты метр.)
43) Имамның михрабтан басқа жерде тұруы.
44) Намаздың ішінде «әмин»-ді дауыстап айту.
45) Қиямда оқығанын рукуда аяқтау.
46) Рукуда оқығанын қиямда аяқтау.
47) Үзірсіз бір аяғына сүйеніп тұру.
48) Намазда теңселу.
49) Шақпайтын, тістемейтін жәндіктерді өлтіру.
50) Намаздың ішінде бір нәрсені иіскеу.
51) Жалаңбас оқу. Қажылар намазды ихрамда, басы ашық күйде оқиды.
52) Қолдар ашық күйде (қысқа жеңді киіммен) намазға тұру.
53) Жалаң аяқ намазға тұру. (Әйелдердің аяқтары ашық күйде намаз оқуы бір қаулы бойынша мәкрух болып табылады. Ал екінші қаулыда намаз бұзылады.) Мешітте аяқ киімді және осыған ұқсас нәрселерді артта қалдырудың мәкрух екендігі Ибн Абидинде, 439-шы бетте жазылған.