Ислам асыл дініміз

«Сізге намаз бастау керек», рахмет жауабыңызға! Алла разы болсын! Қалай бастайтынымды да білмеймін. Қайда барамын, кімнен үйренемін? Ниет бар. Бірақ,  қорқатын сияқтымын.

Әсем 

Мүмкін болса орталық мешіт жанында медресе ұстаздарына жолығыңыз уақыт,  сағатына қарай келіп оқуға болады. Ешқандай  қорқынышы жоқ.

Таң намазының парызын жамағатпен  оқуға үлгермеген адам  алдыңғы сүнетті оқиды ма?

Аманғали 

Үлерген жағдайда сіз сүннеті оқуға уақыт жететін болса,  яғни имам ұзын сүре оқып жатса енмесе бірінші ракағат болса,  сүннеті оқисыз,  ал егерде болмаса парыздан кейін сүннеті оқисыз, себебі бұл сүннет намазы уәжіпке жақын сүннет делінген.

Бауырымды ішімдіктен тию үшін оқылатын дұға бар болса,  мағынасымен жазып жібересіз бе?

Гүлфарида 

Уағалайкум сәләм уа рахматтулахи уа баракатух. Егер ол кісі сіздің шын бауырыңыз болса алдымен сіз оны түсінуге тырысып, қолдауға тырысыңыз. Арақтың емі ол ислам діні ғана. Қандай дәрі-дәрмек берме, емшімін дегендерге апарсан да пайдасы жоқ. Ең дұрысы мешітке барып иман келтіріп, уағыз тындатқан дұрыс. Өмірге не үшін келгендігі, не істеу керектігіне көзі жеткенде ғана тоқтайды.

Ассалаумағалейкүм.Шариғат бойынша кан беру, яғни донор болу рұқсат етілген бе?

Әлішер  

Уағалайкум сәләм уа рахматтулахи уа баракатух.Адамның өмірі ең маңызды сол себепті ғалымдар қан беруді қолдайды.

Ассалямуалейкум уа рахматуллахи уа баракатух! Хайыздан  кейін ғұсыл алдым. Аср уақыты оның алдындағы бесін мен таң намазының  қарызын оқимын ба?

Сабира

Уағалайкум сәләм уа рахматтулахи уа баракатух! Хайызыңыз қай намаз уақытында тоқтаса сол намаздан бастап оқисыз. Алдындағы намаз мойныңыздан түседі.

Ассаламуғалейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Аяғым ауыр еді. Шашым  ұзын,  бірақ шашым жаман болып барады, соны кішкене қидыртсам болады ма? Балаға зияны болады ма?

Мөлдір  

Уағалайкум сәләм уа рахматтулахи уа баракатух!  Ертеден  ата-бабаларымыз баланың денсаулығына кері әсер ететінімен түсіндірген. Яғни жүктілік кезінде әйел шашын қидырса, іштегі баланың дамуына кері әсер етіп, соның нәтижесінде кемтар сәби дүниеге келуі мүмкін. Алайда уақыт өте келе бұл қағиданы ұстанушылар азайып кетті. Қазір болашақ аналардың басым бөлігі аяғы ауыр екеніне қарамастан, өзіне ұнайтын шаш үлгісін қойып, шаш бояулары­мен бояп та жүргенін жиі кездестіреміз. Оған денсаулық сақтау мамандарының жүкті әйелдің организмінде болатын түрлі гармондық өзгерістер олардың шашының түсуіне себепкер болатындықтан, жүктілік кезінде, керісінше, шашты қысқартуға кеңес берулері ықпал етсе керек. Дегенмен мұндай кезеңде адам ағзасының барынша сезімтал болып келетінін ескерсек, шаш қиюда немесе бояғанда абай болғаныңыз жөн. Себебі шаш бояуларының құрамындағы химиялық қоспалар аллергия тудыруы әбден мүмкін. Шариғатта тыйым жоқ.

Ассаламуалейкум! Арақтың  харам екені белгілі, кейде суық тиіп ауырған адамды арақпен денесін сылап жатады,  бұл дұрыспа? 

Уағалайкум сәләм! Егерде адамға шипасы болса рұқсат. Себебі адамның денсаулығы маңызды. 

Парыз намазда оқыған Құран аяттарының сүрелерiн, сүннет намазда оқуға болады ма? Қандай айырмашылықтары бар? Жаңадан  үйренiп жүрген едiм. Парызда  4 ракат болса, алғашқы 2 ракатта «Фатиха» сүресіне  зәм сүрелерін оқып, қалған 2 ракатында тек «Фатиха» ғана оқу керек дейдi. Осыған  тоқтап кетсеңiздер екен. Рахмет  көп-көп!

Гүлнұр 

Парыз намазбен сүннет намаз арасындағы айырмашылық 3 немесе 4 ракағатты, парыз намазының алғашқы 2 ракағатына «Фатихадан» кейін сүре қосылады, 3 пен 4-ке тек «Фатиха» оқылады, 4 ракағат сүннет намаздарының 4 ракағатына да сүре қосылады.

Әр айдың 13, 14, 15 күндері ораза ұстау керек пе? Яғни, айдың толысқан күндері.

Жанар 

Әр айдың, яғни,  араб айларының басында, ортасында, аяғында мүмкін болса денсаулығыңыз жетсе 1,2,3 күн ораза тұтыңыз. Бұл  Пайғамбарымыздың  (с.ғ.с.)  сүннеті,  яғни нәпіл ораза.

Ассалаумағалейкум! Құлақ қағып немесе кеудеге көтеріп оқу туралы хадистер келтіріп берсеңіз. Рахмет, Алла разы болсын!

Алишер  

Уағалайкум сәләм! Ифтитах (бастау) тәкбірі үшін қолдарын көтеру – сүннет. Ер кісілер қолдарының бас бармақтарын құлақтарының жұмсағының тұсына, әйелдер қолдарын иықтарына жететіндей кеуделеріне дейін көтеріп «Аллаһу әкбар» дейді. Қолды көтерген кезде алақандары ашық күйде құбылаға қаратылып, саусақтары еркін тұруы керек. Ханафилар бұл жайлы мынандай хадистерге сүйенеді:

عَن الْبَرَاءِ بْنِ عَازِبٍ قَالَ كَانَ النَّبِيُّ صَلَّى ا عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِذَا كَبَّرَ رَفَعَ يَدَيْهِ حَتَّى نَرَى إِبْهَامَيْهِ قَرِيبًا مِنْ أُذُنَيْهِ

Бәра ибн А’зиб (р.а.) былай дейді: «Аллаһ Елшісі тәкбір келтірген кезде қолдарын көтеретін. Сонда екі басбармағының екі құлағына жақын болғанын көретінбіз» (Сунануд-Дарәқутни, 3-том, 245-бет. Муснад Ахмад). Әнәс ибн Мәликтен мына хидис риуаят етілді: «Пайғамбарымыз (с.а.у.) намазды бастаған кезде тәкбір айтатын да қолдарының екі басбармағын екі құлағының тұсына дейін көтеретін» (әд-Дарәқутни). Дәрәқутни бұл хадисті сахих деген.

عَنْ مَالِكِ بْنِ الْحُوَيْرِثِ أَنَّ رَسُولَ ا صَلَّى ا عَلَيْهِ وَسَلَّمَ كَانَ إِذَا كَبَّرَ رَفَعَ يَدَيْهِ حَتَّى يُحَاذِيَ بِهِمَا أُذُنَيْهِ

Мәлик ибн әл-Хуайристен риуаят етілген басқа бір хадисте: «Пайғамбарымыз (с.а.у.) тәкбір айтқан кезде қолдарын құлақтарының тұсына дейін көтеретін...» (Муслим, әс-Салат) Шафиғи мен Маликилер ибн Омардың: «Аллаһ Елшісі (с.а.у.) намазға бастаған кезде екі қолын иығының деңгейіне жететіндей көтерді» – деген хадисі бойынша амал етеді.

Ханафи мәзһабында намазда бір-ақ жерде қол көтеріледі. Намазға бастаған уақытта ғана. Ал рүкүғке барғанда және қайтқан кезде тәкбір айтылғанмен қолдар көтерілмейді. Бұған байланысты көптеген сахих хадистер бар. Мысалы:

عَنْ عَلْقَمَةَ عَنْ عَبْدِ ا أَنَّهُ قَالَ أَ أُصَلِّي بِكُمْ صَ ةَالَ رَسُولِ ا صَلَّى ا عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَصَلَّى فَلَمْ يَرْفَعْ يَدَيْهِ إِ مَرَّةً وَاحِدَةً

Алқама Абдуллаһтан риуаят етті: Ол (Абдуллаһ ибн Мәсғуд): «Мен сендерге Аллаһ Елшісінің намазын оқып көрсетейін бе? - деп намаз оқыды. Намазда екі қолын бір-ақ рет көтерді». Бұл хадис Насайиде келтірілген. Дәрежесі сахих. Сондай-ақ, бұл хадис Ибн Әби Шәйбада да келтірілген. Оның риуаятындағы жеткізген жеткізушілердің бәрі Бухари мен Муслимнің емес. Бірақ Муслимнің шартына сай. Бұл хадис тағы да Ахмадтың «Муснадында» келген (Зафар Ахмад, Иғлаус-сунан, 3-том, 70-71 бет. Дарул-кутубул-ғилмия, Байрут. 1997 ж).

Ханафи ғалымдары рүкүғқа барарда және рүкүғдан қайтқанда қол көтерілетіндігіне байланысты хадистерді емес, Ибн Масғудтың осы хадисін негізге алған. Себебі, Ибн Масғуд сахабалардың арасындағы ең көп фиқһ білімін меңгерген әрі жас жағынан да ең үлкені еді.

 Имамға ұйыған адамның ифтитах (бастау) тәкбірі имамның ифтитах тәкбіріне жақын болуы – сүннет. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл жайлы былай дейді: «Имам тәкбір алысымен, сен де тәкбір ал»(Бухари, Салат, 18; Муслим, Салат, 62).

Оң қолын сол қолының үстіне қою. Яғни, тәкбір алып, қол байланған кез. Хазіреті Алидің бір риуаятында: «Оң қолды сол қолдың үстіне, кіндіктің астына қою сүннеттен» (Әбу Дәәуд, Салат. 118).

رأيت النبي صلى الله عليه وسلم وضع يمينه على شماله في الصلاة تحت السرة

Уайл ибн Хужр: «Расулаллаһтың оң қолын сол қолының үстіне әрі кіндігінің астына қойғанын көрдім», – деді (Әсғад Мухаммад Сағид әс-Сағиржи, Фиқһулханафи уә адиллатуһ, 163-бет. Дәрул-калимут-таййб, Димашқ. Рахматуллаһи Абдунғаний Ибараһим Халил, Нақлул ихтилаф биқасдил-и′тиләф, 77-бет. Сауд Арабия, Әл-мактабатул-мәккиаһ. 2000 ж).

(Бұл хадисті Әбу Бәкір ибн Әби Шайба риуаят етті. Хадистің дәрежесі сахих.)

Ерлер оң қолының іш жағын сол қолының үстіне қойып, бас бармақ пен шынашақ арқылы білекті орайды. Әйелдер екі қолын кеудесіне апарып, оң қолын сол қолының үстіне қояды. Бірақ саусақтарымен білектерін орамайды.