Ассалаумағалайкум! Мен Ислам діні сайтына сұрақ койып едім сапар намаз жайлы . Олардың берген жауабы мынау.Мен сөздеріне куманданып отырмын.Осы дұрыс па. ЖАУАП: Жолаушы кiсi поезда парыз намазын оқыған кезде қыблаға қарап, орнынан тұрып бастауы және сәжде ететін жердің қасына компас қоюы керек. Поезд бұрылған сайын бүкiл денесiмен қыблаға бұрылады. Егерде көкірегі қыбла бағытынан басқа жаққа қарап қалса, намазы бұзылады. Автобуста, поезда, қатты толқынды теңiзде қыблаға бет бұра алмаған кiсiлердiң парыз намаздары қабыл болмайтындықтан бұлар сапар бойынша Шафии мазһабының үкімін пайдаланып, яғни тақлид етіп, бесiн мен екінді, ақшам мен құптан намаздарын жәм етiп бiрге оқиды. Яғни, осы екі жұп намазды бірінен кейін бірін оқиды. Өйткенi, Шафии мазһабында 80 км-ден асатын сапарда жолаушы кiсiге екінді намазын бесiн уақытында және құптан намазын шам уақытында немесе бесiн намазын екінді уақытында және шам намазын құптан уақытына кешiктiрiп, екi намазды бiр уақытта оқуға болады. Шафии мазһабының өкiлi жолда намаз оқитын кезде қыблаға қарай алмайтын болса, жолға шыққаннан кейiн күндiз бiр жерге тоқтаған сәтте, түс уақытында бесiн намазын оқып болғаннан кейiн артынша екінді намазға ниет етiп оқуы керек. Ал түннiң бiр уақытында тоқтаған кезде қыблаға қарап құптан намазы уақытында алдымен ақшам намазын, кейiн құптан намазын өтеуiне болады. Бұл төрт намазды оқыған кезде: «Шафии мазһабын тақлид етіп (жолын ұстап) өтеуге ниет еттiм»- деп оқиды. Сапар бiткеннен соң бұл екi намазды бiр уақытта оқи алмайды.
Әр намазды жеке оқуға мүмкіндік болмағанда, басқа үш мазһабтың бірін (мысалы Шафииді) тақлид етіп, екі намазды жәм етіп оқуға болады. Жәм етіп (қосып, біріктіріп) оқыған кезде бесін мен аср қосылады. Одан кейін ақшам мен құптан намаздарын біріктіріп оқуға болады. Ал аср мен ақшам намаздарын қосып оқуға болмайды.
Садәти Әбәдийа кітабында былай делінген: «Михраб болмаған, есеп, жұлдыз сияқты нәрселермен де қыбла бағыты анықтала алмаған жерлерде қыбланы білетін салих мұсылмандардан сұрау керек. Кәпірден, пасықтан және балалардан сұрауға боламайды. Кәпірге, пасыққа муамалат істерде сенуге болса да, діни істерде (яғни ғибадаттарда) сенілмейді. (Салих мұсылман таппағанда) қыбланы білетін адамды іздеудің керегі жоқ. Өзі іздестіреді. Өзі шамалаған, ойының ауыр басқан жағына қарап намазын оқиды. Кейіннен қателескені анықталса да намазын қайталап оқымайды.» Компас болмаған жағдайда осы жолмен оқиды.
Түрегеп оқуға ешқандай мүмкіндік болмай, отырып оқуға мүмкіндік бар деген жағдайда тізерлеп отырып намаз оқуға болады. Руку үшін жартылай иіліп, сәждеде толығымен иілесіз, яғни маңдайыңызды жерге тигізесіз. Құбылаға қарап оқу шарт. Кресло немесе орындықта (аяқты салбыратып) оқылған намаз сахих болмайды. Алдына тағы орындық іспеттес нәрсе қойып аяқты созып отыру керек немесе тізерлеп (тәшәһудта отырғандай) отырып оқу керек.
Уағалайкум сәләм уа рахматтулахи уа баракатух! Алғаныңыз қандай сайт екенін білмеймін, бірақ Сіздің жазғаныңыз Имам ағзам пәтуәсі. Сапар намазы туралы «Нимет-и Ислам» атты кiтапта былай делінген: Нәпiл намаздарын тұрып оқуға күшi жете тұрып отырып оқу әр жерде және әрқашан да жаиз. Отырып оқығанда руку жасау үшiн денесiмен сәл еңкейедi. Ал сәжде үшiн маңдайын жерге тигiзедi. Бiрақ ешбiр үзірі болмастан нәпіл намазын отырып оқыған кiсiге тұрып оқыған кiсiнiң сауабының жартысы берiледi. Бес уақыт намаздың сүннеттерi және тарауих намаздары да нәпiл намазы болып есептеледi. Жол жүрiп бара жатып, яғни қала, ауыл сыртында нәпiл намаздарын жануар үстiнде оқу жаиз. Құбылаға қарау, руку және сәжде жасау шарт емес. Ишаратпен оқылады. Руку үшiн бiраз иiлiп, ал сәжде үшiн одан төменiрек еңкейеді. Жануардың үстiнде нәжістің болуы намазға кедергi болмайды. Жерде тұрып нәпiл намазын оқып шаршаған адам асаға, адамға, дуалға сүйенiп оқи алады. Өзі жүрiп бара жатып намаз оқу сахих емес. Парыз және уәжiп намаздарын ешбiр машақат болмағанша жануардың үстiнде оқуға болмайды. Тек үзірмен ғана оқуға болады. Үзір бола алатын себептер: мүлкіне, өміріне, жануарына (көлігіне) қауiп төну, көлігінен (жануарынан) түскенде көлігіндегі немесе қасындағы дүниесінің тоналу қаупі, жыртқыш хайуан, дұшпан қаупі, жердiң лай, балшық болуы, қатты жаңбыр, ауру кiсiнiң түсіп-міну кезінде ауруының асқынуы немесе жазылу уақытының ұзаруы, көлігінен түскенде жолдастары күтпейтін болып қатерде қалуы және көлігіне біреудің жәрдемінсіз өзі міне алмайтын болуы. Осы аталған үзірмен жануар үстінде намаз оқитын кісі мүмкін болғанша жануарын құбылаға қаратып тоқтатып оқиды. Мүмкін болмаса кетіп бара жатқан бағытына қарай оқиды. Жануардың, түйенің үстіндегі махмил деп аталатын жүк сандығының ішінде, үстінде оқитын кісі де жоғарыдағыдай әрекет етеді. Жануарды тоқтатып әлгі жүк сандығының бір шетіне тірегіш қойылатын болса, стол, кереует сияқты жерде оқылғандай болады. Яғни жерде оқып жатқандай орнынан тұрып құбылаға қарап оқылады. Жерге түсе алатын болса, парыздарды жүк сандықтарының үстінде оқу да дұрыс болмайды.
Кемеде намаз оқу хазреті Жафар Таяр Хабашстанға (Эфиопия) кетiп бара жатқанында хазреті Пайғамбар алейһиссалам оған үйреткендей оқылады: Қозғалып кетiп бара жатқан кемеде үзірі болмаса да парыз және уәжiп намаздары оқылады. Кемеде жамағатпен оқу да мүмкін. Қозғалып кетіп бара жатқан кемеде ишаратпен намаз оқуға рұқсат етiлмей, руку әрi сәжденi толық жасау, құбылаға қарау тиiс. Намазды құбылаға қарап бастайды, ал егер кеме құбыладан басқа бағытқа бұрылатын болса намазда тұрып құбылаға қарай бұрылады. Имам Ағзам Абу Ханифаның үкімі бойынша, жүзiп бара жатқан кемеде парыз намаздарды да үзірсіз отырып оқуғарұқсат бар.
Теңiз ортасында тоқтап тұрған кеме, қатты толқып қозғалып тұрса оның үкiмi жүзiп бара жатқан кеме сияқты болады. Ал егерде толқу аз болса жағажайда (портта) тұрған кеме үкiмiне кiредi.
Ал жағажайда тұрған кемеде парыз намаздары отырып оқылмайды. Егер жағаға түсуге мүмкіндік бар болса кемеден жағаға шығып оқуы керек. Мал-мүлкіне, өміріне қауіп төнсе және кеменің кетіп қалу қаупі болса кемеде тұрып оқуы жаиз болады.
Ханафи мәзһабы бойынша жолға шыққан мұсылманның сапары 15 күнге толмаса, онда ол адам жолаушы болып саналады. Осы себепті де, оған парыз намаздарын қысқартып оқу міндеттелген (бесін, екінті, құптан намаздарын екі рәкағатпен оқиды).
Бұл жайында Абдулла бин Аббас (р.а.) риуаятында былай делінеді: «Пайғамбарымыз (с.а.у.) Меккеде 15 күн болды (15-ші күні Меккеден аттанды) – ол парыз намаздарын қысқартып оқыды» (Нәсәи).
Сондай-ақ, Ибн Омар (р.а.) хадисінде бөгде мекенде 15 күн немесе одан артық уақытқа тұрақтар болса, онда ол адамға парыз намаздарын толық оқу міндеттелетіні айтылады (Тирмизи).
Ал, егер сапарда жүрген уақытыңызда имамға ұйып, намазға жығылар болсаңыз, ғибадатыңызды толығымен жасауға тиістісіз (Қысқартылған парыз намаздарын толығымен өтейсіз).