Ислам асыл дініміз

Ассаляму'алейкум уа рахматуллаhи уа баракатуh!

  1. Құптан намазын қашан оқыған жөн?
  2. Арақтан жасалатын дәрі бар екен. Науқас адамға сол дәрі шипа дейді. 1 ай қойып, тұндырып қояды екен. Сол  дәріні ішсе харам ба?
  3. Құранды арабша үйренгенге дейін кириллицамен жаттауға болады ма?

Марал

Уағалайку м сәләм уа рахматтулахи уа баракатух!

  1. Тараз қаласында сағат 19 13 те құптан уақты кіреді және таңғы 6 50 дейін оқысаңыз болады.
  2. Егер дәрігер нақты шешім айтса болады. Және егерде құрамы да өзгертілсе дәрі ретінде рұқсат.
  3. Әрине арабша білгенге дейін кириллицамен оқуға  рұқсат. Әркім өз тілінде оқи алады.

Ассаляму'алейкум уа рахматуллаhи уа баракатуh!

1. Осы кейде бір жерімізді ұрып алсақ, үлкен кісілер ұшықтап жібер дейді. Сол дұрыс па? Жалпы бир жерімізді ұрып алсақ, бір нәрсе айту керек пе?

2. Көз тимесін деп қазақтар балаларға күйе жаққаны дұрыс па?

3. Қызды алып қашып кетсе, ол кісіні ұнатпаса да салт-дәстүр деп ұалуы керек пе? Әлде кетіп қалса болады ма? Жалпы, қыз алып қашу туралы дініміз не дейді?

Марал 

Уағалайку м сәләм уа рахматтулахи уа баракатух.

  1. Ұшық, алас шариғатта жоқ нәрсе. Құлағанда «бисмилланы»  айтып,  тұрса болады.
  2. Шариғатта көз тию бар. Сол себепті жылтыр нәрселер тағып немесе күйе жағатыны сол көзді басқа нәрсеге аударсын деген ниетте.
  3. Адам ретінде өз құқығы бар, өз еркіндегі нәрсе, қиындықпен неке жүрмейді. Алып қашуға шариғат қарсы. Егерде алдын ала әке-шешесімен келісім болса немесе алдын ала неке қиылса сол кезде рұқсат.

Ассаламуалейкум! Мен кезінде атеист болып, қызылкеңірдек болып, дін адамдарымен «құдай жоқ» деп айтысатын едім. Бірақ, 5-7 жылдан бері ол ойымнан қайтып, иманым ояна келіп,  жақыенда намазға жығылғанмын.  Бірақ, кітаптарды оқып, уағыздарды тыңдап, шайтан, періштелер жайында айтылғанда, баяғы өзімнің ділелдерім ойыма түсіп, күмәнданып, балаға ертегі аятқан сияқты деген ойлар еріксіз келетін сияқты.  Барлық  жерде жүрегіңмен сену керек дегеннен басқа ештеңе таба алмадым. Сондықтан, мықты ғұламаларға сүйеніп,  шайтан, періштелердің бар екенін немесе  менің иманымды нығайтуға мықты дәлелдер тапқым келеді. Аллаға күпір болғым келмейді, бірақ, ішкі дүниемді тыныштандырып, Алла жолында болғым келеді. Көмектессеңіздер. Алла разы болсын!

Амандық

Уағалайкум сәләм уа рахматтулахи уа баракатух! Алла Тағала періштелерге әртүрлі міндеттер жүктеген. Алла Тағаланың оларға міндет жүктеуі – олардың көмегіне мұқтаждығынан емес, керісінше, олар өз міндеттерін орындаулары арқылы Ұлы Жаратушыларының құдіретін, ұлылығын және шексіздігін күллі әлемдерге паш етіп, теңдессіз патшалығының сән-салтанатын жалпы жаратылысқа жар салып, куәлік етеді. Алла Тағала ешнәрсеге, ешкімге мұқтаж емес. Періштелер өздеріне жүктелген міндеттерін орындау арқылы өздеріне тән ғибадаттарын жасап, Ұлы Жаратушыларының рақымына бөленеді.

Ассаламуалейкум! Мен кезінде атеист болып, қызылкеңірдек болып, дін адамдарымен «құдай жоқ» деп айтысатын едім. Бірақ, 5-7 жылдан бері ол ойымнан қайтып, иманым ояна келіп,  жақыенда намазға жығылғанмын.  Бірақ, кітаптарды оқып, уағыздарды тыңдап, шайтан, періштелер жайында айтылғанда, баяғы өзімнің ділелдерім ойыма түсіп, күмәнданып, балаға ертегі аятқан сияқты деген ойлар еріксіз келетін сияқты.  Барлық  жерде жүрегіңмен сену керек дегеннен басқа ештеңе таба алмадым. Сондықтан, мықты ғұламаларға сүйеніп,  шайтан, періштелердің бар екенін немесе  менің иманымды нығайтуға мықты дәлелдер тапқым келеді. Аллаға күпір болғым келмейді, бірақ, ішкі дүниемді тыныштандырып, Алла жолында болғым келеді. Көмектессеңіздер. Алла разы болсын!

Амандық

Уағалайкум сәләм уа рахматтулахи уа баракатух! Алла Тағала періштелерге әртүрлі міндеттер жүктеген. Алла Тағаланың оларға міндет жүктеуі – олардың көмегіне мұқтаждығынан емес, керісінше, олар өз міндеттерін орындаулары арқылы Ұлы Жаратушыларының құдіретін, ұлылығын және шексіздігін күллі әлемдерге паш етіп, теңдессіз патшалығының сән-салтанатын жалпы жаратылысқа жар салып, куәлік етеді. Алла Тағала ешнәрсеге, ешкімге мұқтаж емес. Періштелер өздеріне жүктелген міндеттерін орындау арқылы өздеріне тән ғибадаттарын жасап, Ұлы Жаратушыларының рақымына бөленеді.

Періште түрлері

1. Жебірейіл періште. Алла тағаланың барлық пайғамбарларына уахи жеткізуші періште. Яғни, Алла Тағала мен пайғамбарларының арасындағы елші. Жебірейіл періште Құранда «рух» деп те аталады.

﴾وَإِنَّهُ لَتَنزِيلُ رَبِّ الْعَالَمِينَ * نَزَلَ بِهِ الرُّوحُ الْأَمِينُ * عَلَى قَلْبِكَ لِتَكُونَ مِنَ الْمُنذِرِينَ﴿

«Әлбетте бұл (Құран) – әлемдер Раббысының түсірген кітабы. Оны сенің жүрегіңе ескертушілерден болуың үшін Сенімді Рух (Жебірейіл) әкелді».

2. Микайл періште. Жаратылыстағы оқиғалардың, жалпы әлемдегі жан иелерінің рызықтары мен рызықтарының жел, бұлт, жаңбыр секілді себептерін қадағалайтын періште.

3. Исрафил періште. Бұл періште қиямет күні Алла Тағаланың бұйрығымен сырнайды алғаш үрлегеннен кейін Ұлы Жаратушының қалаған кейбір жаратылыстарынан тыс көктегі және жердегі барлық жаратылыс пәнилікке бас иеді. Сосын екінші рет сырнайға үрлеген уақытта бәрі қайта тіріледі.

Құранда:

﴾وَنُفِخَ فِي الصُّورِ فَصَعِقَ مَن فِي السَّمَاوَاتِ وَمَن فِي الْأَرْضِ إِلَّا مَن شَاء اللَّهُ ثُمَّ نُفِخَ فِيهِ أُخْرَى فَإِذَا هُم قِيَامٌ يَنظُرُونَ﴿

«Сырнай үрленді, Алланың қалағандарынан тыс жердегі және көктегі барлығы дереу жансыз жерге құлады. Сосын сырнай тағы бір рет үрленген мезетте адамдар қабірлерінен аяққа тұрып жан-жағына қарап қалады»,  – делінеді.

4. Әзірейіл періште. Барлық ажалы жеткен адамдардың рухын алумен міндеттелген періште. Әзірейіл періштенің бұйрығына бағынатын басқа да періштелер бар.

5. Құрсақтағы сәбиге жан үрлейтін және ырзығын, ажалын, дүниеде істейтін амалдарын, бақытты яки бақытсыз болатынын жазумен міндеттелген періштелердің бар екенін хадистерден аңғарамыз.

6. Кираман-Катибин. Құлдарының жақсы-жаман амалдары мен істерін жазумен міндеттелген періштелер. Алла Тағала әрбір адамның оң жағы мен сол жағына екі періштені жақсы-жаман амалдарын жазу үшін өкіл етіп қойған. Бұл екі періште адамның істеген үлкенді-кішілі, жария яки құпия, жақсы-жаман әрбір ісін, сөйлеген әрбір сөзін қадағалап, амал дәптерлеріне жазып тұрады.

Құранда:

﴾وَإِنَّ عَلَيْكُمْ لَحَافِظِينَ * كِرَاماً كَاتِبِينَ * يَعْلَمُونَ مَا تَفْعَلُونَ﴿

«Сендерді (жандарыңнан ажырамайтын) арнайы бақылаушылар бар. (Олар) ардақты жазушылар. Сендердің не істегендеріңді біледі».

وَلَقَدْ خَلَقْنَا الْإِنسَانَ وَنَعْلَمُ مَا تُوَسْوِسُ بِهِ نَفْسُهُ وَنَحْنُ أَقْرَبُ إِلَيْهِ﴿

مِنْ حَبْلِ الْوَرِيدِ * إِذْ يَتَلَقَّى الْمُتَلَقِّيَانِ عَنِ الْيَمِينِ وَعَنِ الشِّمَالِ قَعِيدٌ

* مَا يَلْفِظُ مِن قَوْلٍ إِلَّا لَدَيْهِ رَقِيبٌ عَتِيدٌ

«Еш күмәнсіз адамды біз жараттық және біз нәпсісінің оған не сыбырлайтынын да білеміз. (Өйткені) Біз оған күре тамырынан да жақынбыз. Оның оң жағында және сол жағында отырған әрбір ісін жазатын екі періште бар. Бір сөз сөйлер-сөйлемес жанында оны (сөзді) жа-зушы және балқылаушы дайын тұрады».

Адам баласы жиырмасынша ғасырда-ақ дыбысты және әртүрлі көрініс, қимылдарды жазатын құралдар тауып шығарды. Әрине, Алла Тағаланың періштелері мұндай құрал-жабдықтарға мұқтаж емес. Дегенмен, адам баласының өзі бойындағы шектеулі қабілеттерімен осындай жазатын құралдар тауып шығарып жатса, Алла Тағаланың адамның істеген әрбір ісі мен әрбір сөзін жаза-тын жазушылары неге болмасын? Есеп күні періштелердің жазғаны бейне бір жазып алынған бейнетаспадай көрсетіледі. Қиямет күні адам баласы өз құлағымен дүниеде сөйлеген жақсы-жаман әрбір сөзін естіп, істеген әрбір амалдарын өз көзімен көреді. Күнәһарлар істеген күнәларын көріп тыныстары тарылып, өн бойынан шып-шып аққан суық терге көміліп, қызарып-сазарып, қорқыныштан жүректері діріл қағып жатқанда, тақуа жандар жасаған игіліктерін көріп жан жүректерімен «әлхамдулиллаһ» деп Раббыларына шүкір етіп, көңілдері жұбаныш тауып, шексіз қуанышқа бөленеді. Демек, ақыретте адам баласының әрбір істеген істеріне өзі істеген амалдары куәлік етпек. Күнәларын мойындағысы келмей, тұра қашқысы келген адамдардың алдынан дүниедегі әрбір ісі «Қайда барасың? Мені істеген сенсің» деп шыға келеді.

7. Мүнкәр-Нәкир періштелері. Қабірдегі адамдарға «Раббың кім? Пайғамбарың кім? Кітабың не?» деген сияқты сұрақтарды қоятын әрі адамдардың осы сұрақтарға берген жауаптарына қарай қарым-қатынас жасайтын періштелер. Мүнкәр-Нәкир «бейтаныс, бөтен» деген мағыналарды білдіреді. Қабірдегі адамға бұрын-соңды көрмеген кейіпте, бейтаныс көрінетіндіктен осы атпен аталған.

8. Зәбания періштелері. Ақыретте тозаққа барғандарды азаптау ісі міндеттелген періштелер.

9. Ридуан періштелері. Жәннатқа кіру бақытына кенелгендерге қараушы періштелер.

Басқа да періштелер

Ұлы Жаратушының Аршын таситын, сүйікті құлдарының жүрегіне туралықты, ақиқатты илһам ететін, намаз оқығандармен бірге «фатиха» сүресінің соңында «Амин» деп дұға ететін, әрбір таң және екінді намаздарында мүминдермен бірге болатын, Құран оқылған уақытта арнайы жер бетіне түсетін, ғылым алқалары мен өз араларында Алланың кітабын оқып, уағыз айтып, Оны еске алу үшін жиналған барлық жерлерді арнайы аралап, сол жердегілерге Алладан рақымдылық тілеп, кешірім өтінетін, әрбір адамды қорғап жүретін, Бәдір шайқасында көмектескендей шынайы мұсылмандарға қиын кезеңде Алланың рұқсатымен көмектесетін періштелердің де бар екенін хадистер мен аяттардан аңғарамыз. Періштелердің жалпы саны бізге беймәлім.

Жын және иллюзия

 Жындарға иллюзия (елес) дейтіндер бар, олардың айтқаны дұрыс па?

 Кейбір адамдардың жындарды елес (иллюзия, қиял) деп санап, оларды жоққа шығаруы қате. Қорыққан кездегі көз алдында пайда болған елестер әрине жоқ. Бірақ бұл елестерді жын деп санау – жыннан хабары жоқ болу деген сөз. Бір нәрсеге жоқ деп айта алу үшін ол нәрсені тану керек. Танымай тұрып жоқ деу жас баланың сөзі болады. Осындай адамдарға білімді деп айту орынсыз болады. Бүкіл пайғамбарлар хабар берген және әсіресе біздің пайғамбарымыз әр түрлі уақыттарда хабар берген мәліметке ақылға, тәжірибеге сүйенбестен, болжамдау жолымен «Жоқ» деп аузына келгенін айту білімді адамға жарасатын тірлік емес.

Жындарға, періштелерге, жәннатқа, тозаққа сенбейтіндер «Кім барыпты ол жаққа, кім көріпті? Бар болғанда көрер едік. Көрмеген нәрсеге сенбеу керек» деп жатады. Көз ақылға емес, ақыл көзге бағыну керек деп санайды. Алайда ақыл сезім мүшелерінен жоғары бір қуат және сезілген нәрселердің дұрысын, қатесін ажырататын басқару мүшесі. Адамдар көзге бағынышты болғанда, адамның қадірі көздің қуатымен өлшенгенде, мысық, ит және тышқан адамдардан қадірлірек болуы қажет болар еді. Өйткені бұл жануарлар қараңғыда да көреді, ал адам көре алмайды. Олай болса, көре алмағанына сенгісі келмейтін адам, адамды жануардан да төменге түсіруде. Демек, сезім мүшелері – ақылдың құралдары. Басқарушы, бұйрық беруші – ақыл. Ақыл көрінбейтін, сезілмейтін нәрселерді жоққа шығармайды, дәл осылай жоқ екендігі анықталмаған, аңғарылмаған нәрселерге де жоқ демейді. Бұларға жоқ деп айту ақылға сай болмайды. (С.Әбәдийа) 

Жындардың жаратылысы

Қалыпты ақылға ие болған адам әлемдегі ғажайып тәртіпті зерттеп қараса, мұның өздігінен болмайтындығын түсінеді. «Жер өздігінен ғажайып тәртіппен қалайша ғасырлар бойы айнала алады? Әлбетте айналдырып тұратын бір жаратушы бар» дейді. Ал жаратушыға сенген адам Оның білдіргендеріне сенеді. Өйткені жындарды, шайтандарды жоққа шығару – Аллаһу та'аланы жоққа шығару деген сөз. Осы себептен ақылды, ғылымды көзге бағынышты қылмау керек, керісінше көзді ақылға бағынышты қылу керек! Ақыл да жалғыз өзі ақиқатты таба алмайды.

Ақыл көз сияқты, ал Ислам діні сәуле сияқты. Яғни ақылдың дұрыс шешім қабылдауы үшін Ислам дінінің сәулесіне қажеттілігі бар. Ислам дінінің сәулесі де бұлардың бар екенін білдіруде. Барлық нәрсені жоқтан жаратқан Аллаһу та'ала: «Адам мен жындарды тек мені тануы, ғибадат етуі үшін жараттым» дейді. (Зарият 56)

Нур-ул-ислам кітабында былай делінеді:

Жындардың алғашқы әкесі – Жан. Құран кәрімде былай делінген:

«Жанды да ертерек улы, түтінсіз оттан жараттық.» (Хижр 27)

Шайтандар – Ібілістің ұрпақтары. Ал Ібіліс – жын тайпасынан. Құран кәрімде: «Ібіліс жындардан болған» делінеді. (Кәһф 50)

Жын сүресінің алғашқы аятында жындардан иман келтіргендерінің де бар екендігі білдірілуде.

Нас сүресінде жындардан адамдарға зиян тигізетіндердің бар екендігі, зиянынан Аллаһқа сиыну керектігі білдірілуде. Осы тұрғыдан жындарды жоққа шығарып, олардың адамдарға зиян тигізетінін де жоққа шығарған адам кәпір болады. Сүлейман алейһиссаламның жындардан да қатардағы әскерлері бар болғаны Құран кәрімде білдірілген. (Нәмл 17)

Тозақ жын және адамдармен толтырылады. (Сәжде 13)

Жындардың мұсылманы және кәпір болғандары бар.

Құран кәрімде жынға қатысты тағы көптеген аяти карималар бар. Хадис шәрифте жындардан қорғану үшін дұғалар білдірілген. Көзбен көрмегенін жоққа шығару ақылға да, ғылымға да қайшы.

Жындарды жоққа шығару – Аллаһу та'аланы жоққа шығару болып табылады. Сондықтан ақылды, ғылымды көзге бағынышты қылмау керек! Керісінше көзді ақылға бағынышты қылу керек! Ақыл да жалғыз өзі хақты таба алмайды. Ақыл көз сияқты, ал Ислам діні сәуле сияқты. Яғни ақылдың дұрыс шешім қабылдауы үшін Ислам дінінің сәулесіне қажеттілігі бар. 

Шайтан жалғыз ба, әлде көп пе? Шайтандар жындар сияқты көбейеді ме? Жын да адамды азғырады ма? Жын мен шайтанның арасындағы айырмашылық қандай?

Ібіліс – жын тайпасынан. Шайтан – адастырушы, дұрыс жолдан айырушы деген сөз. Осы себептен Ібілістің балаларына шайтанделінеді. Құран кәрімде шайтандардың көп екендігі білдірілген. Мысалы«Ысырап етушілер – шайтандардың бауырлары» делінген. (Исра  27)

Шайтан мен жын арасында аздаған айырмашылық бар. Шайтандар да жын сияқты от пен ауадан жаратылған. Алғашқы адам топырақтан жаратылған болса да, топырақ емес, ет-сүйектен құралған. Жын да от пен ауадан жаратылған болса да, от пен ауа емес. Жын мен шайтандар ең кішкентай жерлерден өтеді, адамның ішіне кіреді. Шайтанның уәсуәсасынан құтылу үшін дінге мойынсұну керек. Хадис шәрифте былай делінеді:

«Ібіліс шайтандарға айтады: "Ет, әйел және ішкілікпен адамдарды алдауға тырысыңдар! Бұлардан әсерлі болатын басқа ештеңе жоқ."» (Дәйләми)

Артық ет жеудің зиянды екені осы хадис шәрифтен де аңғарылуда.

Жынға үйлену Шафии мазһабында жаиз, Ханафиде жаиз емес. Жынның көбеюі газ (ауа) арқылы жүзеге асады. Сондықтан жынға үйлену шынайы үйлену емес. Жыннан, жынмен айналысатындардан ұзақ жүру керек.

Әр адамның жанында ең аз дегенде бір кәпір жын, бір шайтан болады. Хадис шәрифте былай делінеді:

«Әр мұсылманға жүз алпыс періште уәкіл. Егер адам бір сәтке болса да жалғыз қалдырылғанда, шайтандар оған шабуылдайтын еді.» (Табарани)

Шайтан періште болған ба?

Ібіліс періштелерге ұстаз болған, бірақ өзі періште емес, жын тайпасынан болғаны діни кітаптарда жазылған.

Жындармен және жын шығарушы емшілермен көрісіп, олардан пайдалы мағлұматтар үйренуіме болады ма?

Жоқ. Жын шығарушы емшілерге де бармау керек. Мухиддин Араби хазреттері былай деген:

«Ешбір адам жыннан Аллаһу та'алаға қатысты мағлұмат ала алмаған. Өйткені жындардың діни білімдері өте таяз. Олардан дүниелікке қатысты мағлұмат аламын деп ойлайтын адамдар алданады. Өйткені пайдасыз нәрсемен уақыт өткізуге себеп болады. Олармен танысқандар тәкәппар болады. Алайда Аллаһу та'ала тәкәппар адамды жақсы көрмейді.» (Футухат)

Сәйид Абдулхаким Аруаси хазреттері де былай деген:

«Адамның жынмен танысуы, дос болуы зиянды. Олармен сөйлесу – пасықпен (күнәхармен, жаман адамдармен) достық құру сияқты болады. Олармен танысқандар ешқандай пайда көрмейді. Жынмен танысуға қызықпау керек, әулиелердің рухтарынан пайдалануға тырысу керек.(Кәшкул рисаласы)

Қыз баласына қас жұлуға бола ма, болмаса себебі неде? 

Бота 

Шариғатта сырт көзге әсем көріну үшін қас жұлу дұрыс емес. Өйткені, Алла Елшісі (с.а.у.) өзінің бір хадисінде: «Жасанды шаш кигендер мен кигізгендер және қастарын жұлғандар мен жұлғызғандар, сондай-ақ денеге сурет салғандар мен салғызғандар Алланың лағынетіне душар болады» [1], – деген.

Десе де, «хадистегі "қас жұлмандар" деген сөз - қасты түгелімен жұлуды айтуда. Ал түгелімен жұлмай, тек қастың жан-жағын реттеуге рұқсат. Өйткені бұл да әйелдер үшін әшекейленудің бір түрі»[2] дейтін ғалымдар да жоқ емес. 

[1] Әбу Дауд, Тәрәжжүл-5 (4170).
[2] У.Зухайли, Фатауа Муғасыра

Мен жатақханада тұрамын. Бөлмемде қабырғада арабша «Бисмилләһи рахмани рахим» деген сөз жазылып тұр. Өшіруге болады ма? Оны біздің алдымызда тұрған студенттер жазған-ау шамасы.

Рауан 

Мүмкін болса өшіріңіз, зияны жоқ болса тұрса болады, егер бөлме таза болса.

Менің қаза намазым өте көп. Кейде оқимын, 2-3 оқимын да, қайтадан оқымай кетемін. Не істесем болады?

Аян 

Қаза намаздарыңызды жазып жүрген жөн, бос уақыттарда оқысаңыз белгілеп қоясыз.