Аллаға сансыз шүкірліктер мен мақтаулар болсын! Алхамдулиллаһ, намаз оқып, иманға бет бұрып Алланың ақ жолына да түскеніме 4-5 ай болып қалды. Бұрын намазды «ыждағаттылықпен" оқитын едім. Ал қазір, мен иманымнан алыстап бара жатқан сияқтымын. Ал енді осы иманымды жоғалтып алмау үшін не істеуге болады? Намаздарым қаза болып қала беретін де болды.
Айман
Намаздағы көңіл-хош және оны көркем орындау.
Біз көңіл хошы деп түсіндіруге тырысқан «الخشوع» - «хушуғ» түсінігі ғибадаттағы жанның бүкіл ағзаларының мамыражай тепе-теңдікті сақтауы мен жүректің Алла тағалламен бір болуына қатысты айтылады.
Ал намазды көркем орындау дегеніміз – намаздағы күллі парыз, уәжіп, сүннет сияқты әдептерді өз орынында толық орындауды айтады.
Әр бір адам намаздың амалдарын толық орындағысы келсе, көңіл хошын келтіріп, күллі ағзаларын мамыражай күйге бөлеп, жүрегімен бір Аллаға байлануы қажет.
Сол үшін де әрбіріміз намазымызды көңіл хошын келтіріп, рукуғтарымен өзге де амалдарын кәміл орындауға айрықша көңіл бөлуіміз қажет болады.
عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيَّ اللهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: أَتِمُّوا الرُّكُوعَ وَ السُّجُودَ فَوَاللَّهِ إِنَّي لآَرَاكُمْ مِنْ بَعْدِ ظَهْرِي إِذَا رَكَعْتُمْ وَ إِذَا سَجَدْتُمْ. رَوَاهُمَا الشَّيْخَانِ.
Анас (р.а)-дан руаят етіледі:
«Пайғамбарымыз (с.а.с): «Рукуғ пен сәждені толық жасаңдар. Аллаға ант етейін, мен сендерді қашан рукуғ жасайсың, қашан сәжде жасайсын арқамнан да көремін» - деді». Екі хадисті де имам Бұхари мен имам Мүслім руаят еткен.
Түсініктеме: Осынау хадис шәріптен алынатын пайдалар:
1. Маңызды мәселені Алланың атымен ант етіп айқындауға болатындығы;
2. Намазда рукуғ пен сәждеге айрықша мән беріп, оны кәміл орындауға тырысудың қажет екендігі;
3. Пайғамбарымыз (с.а.с)-ның арқасында болып жатқан істерді көріп тұратындығы.
وَلِمُسْلِمٍ: صَلَّى رَسُولَ اللهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَوْمًا ثُمَّ انْصَرَفَ فضقَالَ: يَا فُلاَنُ أَلاَ تُحْسِنُ صَلاَتَكَ أَلاَ يَنْظُرُ الْصَلَّي إِذَا صَلَّى كَيْفَ يُصَلَّي فَإِنَّمَا يُصَلَّي لِنَفْسِهِ إِنَّي وَاللَّهِ لآُنْصِرُ مِنْ وَرَائِي كَمَا أُبصِرُ مِنْ بَيْنِ يَدَيَّ.
Имам Мүслімнің келтірген руаятында:
«Бір күні пайғамбарымыз (с.ғ.с) намаз оқып болып, бұрылды да:
«Ей пәленше, намазыңды жақсылап оқымайсың ба?! Намаз оқушы намазын қалай оқығандығына назар салмайды ма?! Енді, өзі үшін оқиды -ғой?! Аллаға ант етейін, мен алдымнан қалай көрсем, әрине артымнан да солй көремін» - деді».
Түсініктеме: Осынау хадис шәріптен алынатын пайдалар:
1. Намазды жақсылап оқудың қажеттілігі;
2. Намазды жүрдім-бардым оқитындарға ғалым кісілердің сын-ескертпелер айту керектігі;
3. Намаз оқушы намаздың тәртібіне мұқият болу керектігі;
4. Адамның намазды өзі үшін оқитындығы;
Абу Масғұд (р.а)-дан руаят етіледі:
«Пайғамбарымыз (с.а.с): Қашан рукуғ пен сәждеде белін тура ұстамайынша адамның намазы қанағаттанарлық болмайды» - дейді».
Түсініктеме: демек, намаз қанағаттанарлық болуы үшін рукуғ, сәжде және басқа да ережелерін өз ретімен, көңілдің хошын келтіріп оқу қажет екен. Рукуғты шала орындау немесе онда қисайып тұру, сол секілді сәждеде белді дұрыс ұстамасаң намаз қанағаттанарлықтай болмайды.
عَنْ مُطَرَّفٍ عَنْ أَبِيهِ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: رَأَيْتُ رَسُولَ اللهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يُصَلَّي وَ فِي صَدْرِهِ أَزِيوٌ كَأَزِيزِ الرَّحَى أَوِ الْمِرْجَلِ مِنَ الْبُكَاءِ. رَوَاهُمَا أَصْحَبُ السُّنَنِ.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бірінші намазхан болып, басқаларға намазды қалай оқуды үйреткен. Намаздың не екенін өзгелерден алдын түсінген жан. Ол кісі (с.ғ.с) қашан намаз оқыса, көңіл хошын келтіріп, шынайы беріліп намаз оқыған.
Енді өзімізге бір назар салайық. Намаз оқығанда бізді қандай қауіп-қатер басады?! Біз үрейді сезініп көрдік пе?! Көкрегімізден Алла тағалладан қорқып үйрейлену сезімі өтеді ме?! Әлде намазда күллі ағзаларымыз ғибадатқа беріліп мамырай күй кешіп, жүрегіміз өзінің Раббысымен етене қабысып кетеді ме?!
Сондықтан, біз де пайғамбарымыз (с.а.с)-нан өнеге алып, намазды көңіл хошын келтіріп, күллі ағзаларымызды ғибадатқа бейіл мамыражай күй кештіру арқылы оқуға әдеттенуіміз қажет.
عَنْ عُقْبَةُ بْنِ عَامِرٍ الْجُهَنِيَّ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيَّ اللهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: مَا مِنْ أَحَدٍ يَتَوَضَّأُ فَيُحْسِنُ الوُضُوءَ وَ يصَلَّي رَكْعَتَيْنِ يُقبِلُ بشقَلْبِهِ وَ وَجْهِهِ عَلَيْهِمَا إِلاَّ وَجَبَتْ لَهُ الْجَبَتْ لَهُ الْجَنّةَ.
Уқба ибн Амир әл-Жуһаний (р.а)-дан руаят етіледі:
«Пайғамбарымыз (с.а.с): «Кімде кім жақсылап дәрет алып, жүрегі мен жүзі арқылы тебіренген қалде екі ракат намаз оқысы, әрине, оған жәннәт уәжіп болады» - деді».
Түсініктеме: Хадис шәріптегі «жүрегі мен жүзі арқылы тебіренген қалде», дегені көңіл хошын келтіріп, күллі ағзаларын ғибадатқа бейіл ете отырып намаз оқыса дегенді білдіреді.
Осынау хадистен алынатын пайдалар:
1. Дәретті жақсылап алудың қажеттілігі. Намаздың кемел болуына бұл амалдың тигізер ықпалының маңызды екендігі;
2. Намазды күллі болмысың арқылы, жүрегің мен жүзіңді тебіренте отырып оқу керектігі;
3. Көңіл хошын келтіріп намаз оқыған жанның әрине жәннәтқа баратындығы.
Сондықтан да әрқашан да намазды көңілдің хошын келтіріп, күллі ағзаларымызды ғибадатқа бейіл ете отырып оқуды әдетке айналдырайық. Сонда мақсатқа жетеміз.
عضنْ عَمَّارِ بْنِ يَاسِرٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيَّ اللهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: إِنَّ الرَّجُلَ لَيَنْصَرِفُ – أَيْ مِنْ صَلاَتِهِ – وَ مَا كُتِبَ لَهُ إِلاَّ عُشْرُهَا تُسْعُهَا سُبْعُهَا سُدْسُهَا خُمْسُهَا رُبْعُهَا ثُلُثُهَا نِصْفُهَا. رَوَاهُمَا أَبُو دَاوُدَ.
Осынау хадис шәріптен намаздың әрқайсысының өзіндік артықшылығы барлығын, тіпті қабыл болған намаздар да бір бірінен айырмашылығы болатыны көрініп тұр. Намазды барша оқиды, алайда сол намазға Алла тағалла тарапынан берілетін әжір намаз оқушының ықласына, көңіл хошы мен ынтасын тұтастай ғибадатқа бағыттауына қарай толықтай беріледі екен. Аталған қасиеттер азайған сайын оларға берілетін әжір-сауаптар да кеми түсіп, жартысы, үштен бірі, төртен бірі, бестен бірі, алтынадан бірі, оннан бірі болып қалады екен.
Сондықтан намазды қолымыздан келгенше толық орындап, ықлас-ынта, көңіл хошын келтіріп, кәміл етіп орындауға әрекет етуіміз керек болады.
عَنْ الْفَضْلِ بْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيَّ اللهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: الصَّلاَةُ مَثْنَى مَثْنَى تَشَهَّدُ فِي كُلَّ رَكْعَتَيْنِ وَ تَخَشَّعُ وَتَضَرَّعُ وَ تَمَسْكَنُ وَ تُقْنِعُ يَدَيْكَ – يَقُولُ تَرْفَعُهُمَا – إِلَى رَبَّكَ مُسْتَقْبِلاً بِبُطُونِهِمَا وَ جْهَكَ وَ تَقُولُ يَا رَبَّ وَ مَنْ لَمْ يَفْعَلْ فَهِيَ خِدَاجٌ. رَوَاهُ أَصْحَابُ السُّنَنِ.
Фазл ибн Аббас (р.а)-дан руаят етіледі:
«Пайғамбарымыз (с.а.с): «Намаз екі (ракат), екі (ракат). Әр екі ракатта таһаджұт оқисың. Көңіл хошын келтіресің, мұңыңды шағасың, міскіндігіңді білдіресің, Раббыңа екі қолыңның алақандарын жүзіңе көтеріп: «Уа, Раббым!», «Уа, Раббым!» - деп айтасың. Кім осылай істемесе, намазы шала болады» - дейді. «Сунан» иелері руаят еткен.
Түсініктеме: Әуелі осынау хадис шәріпті руаят етуші Фазл ибн Аббас (р.а) туралы қысқаша мәлімет келтіре кетейік:
Бүгінгі таңда міне осы нәрселер жетіспейді. Сол үшін болса керек, намазымыз талап деңгейінде емес. Ал ол, өз кезегінде барша нәрсеге өзінің әсерін тигізеді. Бұл әсердің қарапайым мысалы ретінде дұғаның қабыл болмауын айтсақ жеткілікті. Дұға қабыл болмаған соң, қалғаны қалай болатынын әркім өзі түсініп алады.
Бүгінгі таңдағы қиыншылықтарымыз, мүмкін намазымызды өзінің талап деңгейінде кәміл оқымай жатқанымыздан шығар. Өзіміз, отбасымыз, қоғамымыз және күллі адамзатқа бағытталған қайыр-берекеге себеп бола алмай жатқандығым да мүмкін, осыдан шығар?
Оқып үйренген нәрселерімізге амал етуге өтейік, әрбір намазға Алланың қабылдауына кіретіндей даярлық жасайық. Әрбір намазды Алла тағаллаға мінәжат деп білейік. Ондағы рукуғдерді, көңіл хошын келтіріп, бүкіл болмысымызбен ғибадатты сезіне отырып оқуды меңгерейік.