Ислам асыл дініміз

Азаншы азан айтып жатқанда оның ізінен қайталау қажет пе және оның ізінен қайталаса ол да азан айтқанның сауабын алады дейді. Сол  хадисті айтып бере аласыздар ма?

Ардақ 

Азан оқыған уақытта сөйлеуін доғарып, тіпті Құран оқыған адам да тоқтап, азан тыңдауы абзал. Кейбір көзқарастар бойынша, мешіт пен үйінде Құран оқыған адам, Құран оқуын тоқтатпай жалғастыруына болады. Азан мен қаматты естушінің азаншымен бірге құпия оқуы – мұстахап. Бірақ, «Хаййә а’ләс-Саләһ», «Хаййә а’ләл-Фәләх» оқылғанда тыңдаушы: لا حَوْلَ وَلا قُوَّةَ إلاََّ بِالله

«Ләә хаулә, уә ләә қууәтә иллә билләһ (Нағыз күш-қуат Аллаһта)» – деп айтады.

Таң намазын оқи алмаған жағдайда, күн шыққанда оқыса болады ма?

Күн шыққанан кейін 40-45 минуттан кейін оқысаңыз болады. Таң намазының сүннеті уәжіпке жақын болғандықтан, егер бесін намазына дейін оқысаңыз сүннетті де оқисыз.

Мен намаз оқимын және де жұмыс жасаймын. Жұмысымда намазым қаза болып қалады. Соны  күнде екі рет оқысам болады ма? Және де оны қалай оқуым керек? 

Уақты өтіп кеткен жағдайда қаза болып орындалады. Қазаны 3 уықыт сыртында кез келген уақытта орындасаңыз болады. Сүннет намаздары орындалмайды тек парыздар орындалады.Уқба ибн Амир әл-Жуһени (р.а.) былай дейді: «Аллаһ Елшісі (с.а.у.) үш уақытта бізге намаз оқу мен өлілерімізді жерлеуімізге тыйым салды: Күн шығып көтерілгенге дейін, күн дәл тас төбеге шығып, төмен түсе бастағанға дейін және күн батуға бет алған уақытта» (Муслим, Мусафирин, 293; Әбу Дәәуд, Жәнаиз, 51; Тирмизи, Жәнаиз, 41).

Намазда «Субханака» дұғасын ұмытып кетсе қате болып саналады ма? Және Құранның «Рахман» сүресін жаттағым келеді. Сол сүренің аудармасын жіберсеңіз.

Айғаным 

«Сана» дұғасын намазда оқу сүннет амалы, намаз бұзылмайды. «Рахман» сүресінің кириллица әріптерімен жазылған нұсқасы жоқ. Арабшасынан жаттасаңыз дұрыс болады.

Таң намазы мен ақшам, құптан намаздарын жалғыз оқығанда парыз намаздарын қалай оқиды? Дыбыстап па, әлде іштей оқыған жөн бе?

Нұрболат

Жалғыз оқығанда өзі еститіндей оқылады. Таң, шам, құптан намаздарында  сырттай оқисыз.

: Әлеуметтік желілер арқылы  бөтен қызбен араласудың зияндарын айтып берсеңіз.

Алишер 

Жай танысып немесе көңіл көтерудің арты зинаға, яғни үлкен күнаға себеп болатындықтан, ол іс харам болып саналады. 

: Алла бұйыртса, намаз оқиын деген ниетім бар. Намаз  оқып бітірген соң, соңғы отырыстан кейін, «Аллахума антас саламды» сосын,  «Аллахумма сали ғала саидина» дұғасы, одан кейін «Субханаллахи уалхамдулилахты», сосын «Ағузу бисми» дұғасын,  «Аятул курси» дұғасын оқып, тасбих тартып, сосын «Кулли шаин қадир» дұғасын оқысам болады ма? Сізден сұраған себебім, әр кітапта әртүрлі жазылған. Осылай оқуыма болады ма?

Жеңіс  

Намазын жалғыз немесе имаммен оқыған адам екі жаққа сәлем бергеннен кейін 3 рет «Әстағфируллаhәлазыйм  уә әтубу иләйh» деп айтады. Бұған истиғфар дұғасы деніледі.

Кейін: «Аллаһуммә әнтәс-сәләм уа минкәс-сәләм, тәбарактә иә зәл-жәләли уәл-икрам» деп айтады.

Одан кейін Аят-әл-курси оқылады және артынан 33 рет«Субханаллаh», 33 рет «Әлхамдулилләh», 33 рет «Аллаhу әкбәр», және 1 рет «Лә илаhә иллаллаһу уахдәhу лә шәрикә ләh ләhул-мулку уә ләhул-хамду уә hуә алә кулли шәйин қадир» деп айтылады. Бұлардың арасына басқа дұғаларды араластыру – бидғат.

Кейін қолдар жайылып дұға етіледі. Дұғадан кейін амин деп қолдармен бет сипалады. Хадис шәрифте: «Бес уақыт парыз намаздарынан кейін жасалған дұға қабыл болады» делінген. Дұғаны сергек, ояу көңілмен дауыссыз оқу керек. 

Əжетханаға кіргенде бас киім кию керек пе? 

Бас киіммен кіру шарт емес. Әдеп ретінде жабық болғаны дұрыс.

«Лә уксима» деген Құранда қаншасыншы сүре?

Ермек  

Құранның 90 сүресі. 20 аяттан тұрады.

«Кахри  кулл» деген не? Қазақша мағынасын айтып берсеңіз.

Нұргүл 

Алдында жауап берген едік. Имамдарға жолығып оқытқызыңыз деген едік.  Қандайда бір дұғаның есімі болса керек. «Барлықты  жоқ ету» деген мағынаға келеді.