Ислам асыл дініміз

«Аятул курсиді» парыз намазынан кейін оқыған дұрыс дейді, осы туралы түсіндіріп кетсеңіздер.

Берік 

1. Бес уақыт намаздан кейін «Аятул Курси» оқып, тасбих тарту – сүннет амал. Бұған негіз Хасан бин Әлиден (р.а.): «Кімде-кім намаздан кейін Аятул Курси оқыса, келесі намазға дейін Алла тағала қорғауында болады[1]»,-деген хадис жеткен.

Сонымен бірге, Әбу Һурайра (р.а.): «Кімде-кім әр намаздан соң отыз үш рет Алланы пәктесе (субхана Аллаһ), отыз үш рет Алланы мадақтаса (әлхамду лиллаһ), отыз үш рет Алланы ұлықтаса (Аллаһу Акбар), міне сол тоқсан тоғызды "лә иләһа иллә Аллаһу уахдаһу лә шарикә лаһ, лаһул мүлку уә ләһул хамду, уә һуә ъалә кулли шайин Қодир" (Алладан басқа тәңір жоқ, Ол жалғыз және серігі жоқ. Барлық иелік пен мақтау Оған тән. Ол барлық нәрсеге құдыреті жетуші) деп, жүз етіп толықтырса, теңіз көбігіндей болса да қателері кешіріледі[2]»,-деген хадис риуаят еткен.

Ал енді, бес уақыт парыздағы сүннет намаздарға қатысты көптеген хадистер келген. Олар жалпылама және әр сүннет намазға арнайы айтылғаны да бар. Әбу Аюб (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Кімде-кім бір күн бір түнде он екі ракағат намаз оқыса, оған жәннаттан үй тұрғызылады. (Олар) Төрт ракағат бесіннен алдын және екеуі кейін, ақшамнан кейін екі ракағат, құптаннан соң екі ракағат және таң намазынан алдын екі ракағат[3]»,-деп айтылған.

Сүннет намазы мен тасбих тартуға қатысты хадистерді саралай келе мешіттерде әуелі сүннет намаз оқылып, соңыра тасбих тартылады. Өйткені, намаз барлық құлшылықтан ілгері тұрады, қалған сүннет амалдар намаздан кейін орындалғаны дұрыс.

2.Аятул Курси оқып, тасбих тарту намаздың міндетті амалы емес. Мүмкіндік болса, отырып тасбих тартқан сауап. Ал, қысылтаяң уақытта орындалмаса оқасы жоқ.

[1]Табарани  [2] Муслим  [3] Әл-Лубәб шарх әдаб китаб, Китаб солат, 100-бет

Мен бүгіннен бастап таң намазын оқи бастадым. Бірақ, менде оқыған кезімде екі, үш қателіктерім болды. Бірінші оқығаным болғансоңғ қатты қобалжыдым.  Бұл жағдайда не істеу керек? Күнә болып саналады ма?

Маусымжан 

Білместікті Аллаһта кешіреді. Ақырындап  түзеледі. Күнә болмайды.

Аяғым ауыр болған себепті, менде әйелдерде бөлінетін сұйықтық бөлінеді. Сол сұйықтық намаз оқып жатқанда бөлінеді. Ондай жағдайда дәрет бұзылады ма?

Гули 

Әр намаз уақты кіргенде дәрет аласыз. Намаз ішінде дәрет бұзылсада намаз да, дәрет те бұзылмайды. 

Екінші айелмен неке қию үшін бірінші әйелдің рұқсаты керек пе және тағы кімнің рұқсаты керек?

Болат

Шариғатта 2,3,4  әйел алуға имам Ағзам мазхабында рұқсат керек етпейді, бірақ келісім керек.  Ертеңгі күнде білінсе өте қиын болады.

Темекі және боқауыз сөз дәретті бұзады ма?

Нұрсұлтан

Дәретті бұзбайды, бірақ, иманға кедергісі болады.

Дуа кетіретін дұғалар қандай? Бойымды тазалау үшін қалай және қанша рет оқу керек?

Маржан

Рухани қиыншылықтардың басым бөлігі жыннан және дуаланудан (сиқырланудан) пайда болады. Рухани аурулардан, қояншық ауруынан және жыннан қорғану үшін, құнды кітаптарда білдірілген дұғалардың біршамасын төменде , осылардан қолыңыздан келгенінше оқуға тырысыңыз:

1) Әузубисмилләмен Фатиха сүресін оқу керек.

2) Әузубисмилләмен Фалақ және Нас сүрелерін оқу керек.

3) Бір мөлшер суға Аятул-Күрси, Ихлас, Фәлақ және Нассүрелерін оқу керек. Дуаланған адам бұл судан үш жұтым ішіп, қалғанымен ғұсыл алуы керек.

4) Самырсын (қарағай) талының 7 дана жасыл жапырағын езіп сумен араластыру керек. Осы суға Аятул-Күрси, Ихлас, Фалақ және Нас сүрелерін оқу керек. Үш жұтым ішіп қалғанымен ғұсыл алу керек.

5) 3 рет салауат және Фатиха, Аятул-Күрси, Ихлас, Фәлақжәне Нас сүрелерін 7 реттен оқып ауруға үрлеу керек. Осыларды қайтадан оқып аурудың жататын жеріне, үйдің барлық жеріне, бақшаға үрлеп шығу керек.

6) Фатиха, Аятүл-Күрси, Ихлас, Фәлақ, Нас және Кәфирун сүрелері 7 реттен оқылып ауру адамға үрленсе дуалану, көз тию, жануарлардың тістеп алуына және басқа да бүкіл дерттерге жақсы болады. Тұзға оқып, сол тұзды суда ерітіп ішуге де болады.

1) Намазды үйде оқығанда (таң, бесін, екінті, ақшам, құптан намаздардыі бәрінде)  парызды дауыстап оқимыз ба? 2) Қай кездерде немесе қай жерінде өзімізге ғана естілетіндей етіп оқимыз?

Ринат 

Жалғыз намаз оқығанда өзіңіз еститіндей дауыспен оқу керек. Таң, шам, құптан намаздарының парыздары дауыстап сырттағы адам еститіндей, айқайламай оқылады. Бесін, асыр, парыздары іштей оқылады.

Аралаум деген ауылда бір емші бала шықты, ол қамшымен ұрып адамның үстіне  шығып алып емдейді екен.  Ол не деп ойлайсыздар? Меніңше, ол жындардың ісі сияқты.

Самат 

Емшілердің көпшілігі жын, шайтанмен байланысты болады. Шариғат сол себебті оларға баруды растауды тияды.

Мен қайын атамның үйінде тұрамын. Олардың үйі 2 бөлмелі. Намаз оқитын жер жоқ. Кредит алып, жер алып, үй салғым келеді. Айлығым 50  000 теңге.  Ақша жетпейді, не істесем болады?

Нұрлан

Ғалымдардың бір бөлігі кредитті тек үй алуға рұқсат бергендер де бар. Басқа жағдайда пайызға беру алу харам болып есептеледі.

Сары түсті киіммен намаз оқыған дұрыс емес дейді, сол рас па?

Бақыт 

Жоқ, күнә болмайды. Еркектерге мәкруһ деген жерлер де бар.