Ислам асыл дініміз

Қатты қиналып жүрмін. Уйде де, басқа жерлерде де жолым болмайды. Не  істеу керек?

Алишер 

Уағыз арқылы жеткізейін.  Қиыншылықтан құтылу үшін себептерге жабысу керек. «Еңбек етпей дұға еткен адам, қарусыз соғысқа аттанған адаммен тең» деген хадис шәриф те себептерге жабысуды әмір етуде. Құран кәрімде «Әрбір қиыншылықтың бір жеңілдігі (оңайлығы) де бар» делінеді. Қиыншылықтан құтылудың да шарасы бар. Еш бос уақыт өткізбеу керек, өзіне пайдалы бір кәсіп табу керек. «Сабыр - құтылудың кілті» деген сөзге амал етіп, еңбек етіп сабыр етіп, қиындықтан шығудың жолын іздеу керек. 

Психологтар қиыншылықтан құтылудың ең басты шарасы “бос отырмау” деп білдіреді. Өзіңіз жақсы көріп істейтін, өзіңізге ұнайтын істер тапсаңыз жеңілдейсіз. Сонымен қатар кейбір дұғаларды оқу да өте пайдалы.  

Хадис шәрифте былай делінеді:«Күнде таңертең және кешке жеті рет “Хасбиаллаһу лә илаһә иллаһу аләйһи тәуәккәлту уә хуә раббул аршил азыйм” дұғасын оқыған адам дүние және ақырет қиыншылығынан құтылады.» (Ибни Сүнни) 

«”Лә хаулә уә лә қууәта иллә биллаһ” кәлимасын оқу 99 дертке дауа. Бұлардың ең жеңілі қиыншылық.» (Хаким) 

«Бір қиыншылыққа тап болғанда “Бисмилләһиррахманиррахим уәлә хаулә уәлә қууәта илләбиллаһил алиилазыйм” деген адамды Аллаһу та’ала қиыншылық және бәлелерден қорғайды.» (Дәйләми, Ибни Сүнни) 

«Ризыққа қауышқан адам көп “әлхамдулилләһ” десін. Ризығы азайған адам көп истиғфар (әстағфируллаһ) айтсын. Ренжіп көңілі түскен адам “Лә хаулә уә лә қууәта иллә биллаһ” десін.» (Бәйһақи, Хатиб) 

«Қиыншылыққа түскен немесе қарызданған адам мың рет “Лә хаулә уә лә қууәта иллә билләһил алиил азыйм” десе Аллаһу та’ала ісін жеңілдетеді.» (Шира) 

«Ясин сүресін оқыған адамның қиыншылығы кетеді.»(Дәйләми) 

«”Лә илаһә иллаллаһ қаблә кулли шәй-ин, лә илаһә иллаллаһ ба’дә кулли шәй-ин, лә илаһә иллаллаһ ябқа Раббунә уә яфни куллу шәй-ин” деген адам қиыншылығынан құтылады.» (Табарани) 

«Жұма намазынан кейін Ихлас, Фәләқ және Нас сүрелерін жеті реттен оқыған адам бір апта қаза, бәле және қиыншылықтан құтылады.» (И. Сүнни) 

«”Лә илаһә иллә әнтә субханәкә инни кунту минәззалимин” деген адам ұшыраған бәлесінен құтылады.» (И. Сүнни) 

«Қиыншылықтан құтылу үшін мына дұғаны оқыңдар: “Лә илаһә иллаллаһулазыйм-улхалим лә илаһә иллаллаһу раббул-аршилазыйм лә илаһә иллаллаһу раббуссамауати уә раббул-әрди раббул аршил-кәрим.”» (Мүслим) 

«Қиыншылыққа түскен адам 7 рет “Аллаһ, Аллаһу Рабби, лә ушрику биһи шәй-ә” десін!» (Нәсаи)
 «Қиыншылықта “Аллаһ, Аллаһ Раббунә лә шәрикә-ләһ” деңдер!» (Бәйһақи 

Қиыншылықтан құтылу үшін Аллаһу та’алаға көңілден, жүректен жалбарынып 14 сәжде аятын (жатқа, түрегеп тұрып) оқып, әрбірінен кейін дереу сәжде ету керек. (Нур-ул изах) 

“Бисмилләһиррахманиррахим уә лә хаулә уә лә қууатә иллә биллаһил-алиил-азыйм” деп оқу жүйке ауруына және бүкіл қиыншылықтар үшін жақсы болады. 

Имам Жафар хазреттің қиыншылыққа түскенде оқып қиыншылығынан құтылған дұғасы мынадай: «Йа уддәти ъиндә шиддәти уә йа ғауси ъиндә қурбәти! Ухрусни би айникәлләти лә тәнаму уәқфини бирукникә әлләзи лә йураму» Мағынасы: Ауыр күнде қолдаушым, қиындықта көмегіме келетін, әр сәтте көріп білген Раббым мені құтқар, шексіз құдіретіңмен маған көмек бер!
 

Хазреті Хасан Басри жұттан, кедейліктен, бала көтере алмаудан шағымданып келгендердің бәріне истиғфар (әстағфируллаһ) айтуын бұйырды. Себебін сұрағанда мына аяти кәриманы оқитын: «Өте кешірімді болған Аллаһу та’алаға истиғфар (әстағфируллаһ) айтыңдар, көктен мол жаңбыр жаудырсын, сендерге мал-мүлік және балалар беріп жәрдем етсін, сендер үшін бақшалар, өзендер берсін.» (Нұх 10-12) 

Бір хадис шәрифте былай делінеді:«Истиғфар айтып жүрген адамды Аллаһу та’ала барлық қиыншылықтан, қайғыдан, дерттен, күн көріс тапшылығынан құтқарады, бақ-берекеге қауыштырады ойламаған жерінен ризықтар жібереді.» (Нәсаи, Әбу Дауд, Ибни Мажә) 
 

Қалтада алтын алып жүру де қиыншылыққа қарсы пайдалы. Садақа беру және 70 рет «Әстағфируллаһ мин кулли мә кәрихаллаһ» деп айту қиыншылықтарды кетіреді. Бұл истиғфардың мағынасы: Йа Рабби разы болмаған нәрселеріңнен не істеген болсам бәрін кешіре гөр, жасамағандарымды жасаудан сақта!   

Қиыншылықтан құтылу үшін мыналарға да мән беру керек. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Садақамен қиыншылықтарыңның алдын алыңдар.»(Дәйләми) 

«Тарақ қолдану мұңды кетіреді» (Дәйләми) 

«Әдемі иіс су және таза киім қамды азайтады.» (Бостан) 

«Дәреттен қалған суды ішу дертті кетіреді.» (Дәйләми) 

«Ақиқ тастан жүзік тағу қиыншылықты кетіреді» (Уқайли) 

«Өзгенің қиыншылығын, мұңын кетірген адамның қиыншылығы кетеді.» (И. Ахмет) 

«Қиыншылық кезінде дұғам қабыл болсын деген адам амандық, молшылық кезінде көп дұға етсін!» (Тирмизи) 

«Ең үстем ғибадат қиыншылыққа сабыр ету» (Тирмизи) 

Құран кәрімде былай делінеді:

«Сабыр және намазбен Аллаһқа сиынып көмек сұраңдар.» (Бақара 45) 

«Ей иман келтіргендер, сабыр және намазбен Аллаһтан көмек сұраңдар. Өйткені Аллаһ әлбетте сабыр еткендермен бірге.» (Бақара 153) 

«(Дұрыс оқылған) намаз мункәр және фахшадан(әдепсіздіктен, ақылға және дінге жат болған, наша, арақ, зина, ливата секілді әр түрлі жамандықтардан, күнәлардан) сақтайды.»(Анкәбут 45)
 Барлық қиыншылықтың шарасы бес уақыт намазды дұрыс оқу болып табылады. Намаз дұрыс оқылса, бүкіл қиыншылықтар жойылады.

: Менің отбасым менің намаз оқуыма қарсы. Анамның рұқсатымен намаз бастағым келген еді, бірақ болмай жатыр. Намазға ата-анаң қарсы болса, тығылып оқыңдар делінген. Не істеуім керек?  Анамды ренжіткім келмейді, бірақ, намаз да оқығым келеді. 3 сүре білемін. Тез жаттай алмай жатырмын. Енді сол 3 сүрені қайталып оқи беруге болады ма?

Айман 

Ата-аналарыңыздың сізді бір топқа кіріп кетеме деп ойлауы мүмкін.  Орталық  медресе ішінде қыздарға арналған курс өтеді. Мүмкіндік болса, анаңызбен келіп мағлұмат алсаңыз болады.

Некесіз қиылған некенің ақыреттегі өтемі, яғни жазасы қандай?

Қызғалдақ

Білместікпен жасалған болса, Аллаһ Тағала кешірімді, кешіреді. Тәуба қылмаса ақыретте азабы өте қатты. Ең азы аяқ астынан от жанып миы сақырлап қайнап тұрады екен.

Жайнамазды қайдан сатып алуға болады 

Жайнамазды базардан, орталық мешіт жанындағы діни дүкендерден сатып ала аласыз.

Он күн ауырып қалдым. Қаза намазы қалай оқылады?

Абдурахман 

Қаза намазыңызды есептейсіз және мәкруһ уақыттардан басқа кез келген уақытта  оқисыз.

Менің намаз оқығым келеді. Мен суннамен оқығым келеді, сол дұрыс па?  Әлде,  ханафи мазхабы бойынша оқыған дұрыс па?

Нұрлан 

Имам ағзам мазхабы суннадан бөлек  жол емес. Имамның да өз дәлелдері бар. Дұрысы мазхабпен оқу.

Таблиғи жамағаты туралы қандай пікірдесіз? Олардың амалы дұрыс па?  

Әли 

Таблиғи жамағаты  Астана қаласының Сарыарқа аудандық  сот үкімінің шешімімен  экстремистік топ деп жарияланып, тиым салынды және кітаптарын оқыға да тиым салынды.

Халифа Алтайдың Құран аудармасы дұрыс па? 

Әрине дұрыс. Халифа Алтай  үлкен ғалым кісі болған.

«Алла»  деген дұрыс па, «Аллаһ» деген дұрыс па? Жақында осы мәселе бойынша діни басқарма пәтуа шығарыпты деп естідім.

Қайрат   

Мұндай пікірталас тудыруда тіл тәртібіне сүйену керек-ақ. Ал тіл тәртібі не дейді? Тіл тәртібі бойынша осы екі нұсқаның бірі норма, екіншісін норма емес деп үзілді-кесілді баға беруге болмайды.

Аллаһ нұсқасы ең алдымен діни уағыздарда, діни мазмұндағы мәтіндерде, діни ортадағы қарым-қатынаста жұмсалатын дін қызметшілерінің тілдік тұлғасына тән қолданыс деуге болады. Еліміздің бас мүфтиі, дін қызметкерлері немесе дінтанушы ғалымдар жұртшылыққа арнап сөйлеген сөзінде Аллаһ нұсқасын қолданады, осы ретте бұл нұсқаның діни дискурсқа (сөзге) тән сипаты ескеріледі. Бұдан Аллаһ сөзінің стильдік реңкі, осымен байланысты коммуникативтік жағдаятты «таңдайтыны» байқалады. Ал Алла сөзі стильдік мағынасы жағынан бейтарап, сондықтан әртүрлі мазмұндағы, әсіресе дүниеауи мәтіндердің барлығында жұмсала береді.


Міне, тіл тәртібіне сүйенсек, Алла, Аллаһ сөздерін «Кім?», «Қай жерде?», «Кім кімге?» деген коммуникативтік қағидатқа сай орынды қолдану керектігін, талғаусыз жұмсай беруге болмайтынын аңғарамыз.

Мен кейде бастырылып қаламын. Яғни, ұйықтап жатқанда үстіме біреу шығып алып, қылқындырады. Оянайын десем,  ояна алмаймын және калиманы айтсам даусым шықпайды. Сосын қиын болса да қатты дауыстап айтқанан кейін ғана жібреді. Кейде жатар кезде сол жағыма қарап «ағузу биллахи минаш-шайтанир-ражим» деп айтып үш рет түкіріп жатсамда бастырылам. Медицинада оны «сонный паралич» деп атайды екен. Мүмкін деңсаулыққа байланысты болатын шығар. Осы туралы айтып берсеңіз. 

Бастырылу медицинада ұйқы салы деп аталады. Дәрігерлер қан айналымындағы ретсіздіктерден және психологиялық күйзелістерден туындайтындығын білдіріп былай дейді: Ұйқы кезінде физиологиялық сал жағдайы болады, бұлшықеттер қимылдай алмайды. Адам ұйқыдан оянған кезде әрекет ете алмайды, дыбыс шығара алмайды. Үстімізде ауыр жүк бар сияқты, үстімізге біреу отырып алған сияқты болады. Біраздан соң өздігінен өтеді.

Бастырылудан құтылу үшін жатар кезде төсекке дәретпен жату керек. Әузу-бисмилләһ айтып, оң жағымен құбылаға қарсы жатып, оң алақанды бетіне қойып жату керек. Аят-әл курси, үш Ихлас, Фатиха, Фәлақ және Нас сүрелерін оқу керек. Одан кейін үш рет «Әстағфируллаһәл азыйм әлләзи лә иләһә иллә һу» оқып, үшіншісіне «Әл хаййул қаййума уә әтубу иләйһ» деп қосу керек. Одан кейін он рет «Лә хаула уә лә қууата иллә билләһ» оқып, оныншысына «..һил алийил азыйм әлләзи лә иләһә иллә һу» деп қосу керек.

Құрайш сүресін түнде жатарда 11 рет оқу керек.

Төмендегі хадис шәрифтерде білдірілген дұғаларды оқу керек:

«“Бисмилләһилләзи лә йәдурру мә’асмихи шәй ун фил әрди уә лә фиссама’и уә хуәссәми’ул алим” дұғасын азанда 3 рет оқыған адамға кешке дейін, кешке оқығанға азанға дейін ешқандай бәле келмейді.» (Ибн Мажа)

«“Әузу бикәлимәтил-ләһит-таммәти мин шәрри мә халәқа” дұғасын оқыған адамға, сол жерден кеткенге дейін ешнәрсе зиян бере алмайды.» (Мүслим)

Аяти хырзды да қырық күннен астам оқу керек және әрдайым өзімен бірге алып жүру керек.

Дәрігерге көрініп, қажетті дәрілерді қабылдау да пайдалы.