Ислам асыл дініміз

Саид Нурсидің кітаптарына қалай қарайсыздар? Алла Тағаланың нұры жаусын рахмет!

Роза

Қазақстанда тыйым салынған.

Асық шайтанның азығына жатады ма? 

Сержан 

Орынсыз айтылған сөз. Оған еш дәлел жоқ. 

Менің жасым 17-де. Намаз оқығым келіп жүр. Және де соған ниет етпекпін.  Біріншісі: Ата-анам қарсы болса намаз оқуға болады ма? Ол  күнәға саналады ма? Ал екіншісі: 5 уақыт намазда әрбір намаз сайын дәрет алу керек пе? Және әрбірінде айтылатын сөздер бірдей ме?

Шұғыла 

Намаз оқу барлық мұсылмандарға парыз амал. Ата аналарыңызға жақсылап түсіндірсе оларда түсінеді. Күнә емес. 5 уақыт намаз үшін егер дәрет бұзылса жаңадан дәрет алу керек. Намаздың барлығында оқылатын сүрелер бірдей бірақ намаздың ракағаттары бөлек болады.

Ғұсыл қалай алынады?

Нұрлан 

Ғұсыл алынатын жағдайлар:

1. Жүнүп болу: Жыныстық қатынас, ихтилам немесе соған ұқсас жағдайлар арқылы мәнидің сыртқа шығуы. Есінен танған, мастығынан айыққан, ұйқысынан тұрған адам бойынан бөлінген ылғал бір нәрсе көрсе, ғұсыл алғаны абзал. Ерлі-зайыптылар арасындағы жыныстық қатынаста мәни шықпаса да ғұсыл қажет. Пайғамбарымыз осылай ескерткен (Әбу Дәәуд, Таһарат; 83). Аллаһ Елшісі былай дейді:«Мәзиде – дәрет, мәниде – ғұсыл бар». Яғни, құмарлық сезімсіз ақса да ғұсыл қажет. Әбу Ханифа мен Имам Мұхаммедтің көзқарасы осындай.

2. Хайыз және нифас: Әйел затының хайыз бен нифас кезеңі аяқталғанда ғұсыл алуы – парыз. Құранда былай дейді: «(Мұхаммед) олар сенен етеккір жайында сұрайды. Оларға: Ол жиіркенішті нәрсе, етеккір кезінде әйелдерден аулақ болыңдар. Оларға тазарғанға дейін жақындаспаңдар. Қашан толық тазарса, Аллаһтың өздеріңе бұйырған жерінен оларға жақындасыңдар де» (Бақара, 222). Пайғамбарымыз Әбу Хубайш қызы Фатимаға былай дейді: «Хайыз қаны аққанда намаз оқуды доғар. Тоқтағанда ғұсыл алып оқы».

3. Мәйітке (өлікке ғұсыл): Яғни, шейіттен басқа барлық мәйітке ғұсыл құю – мұсылмандарға кифая парыз.

4. Жаңа мұсылман болған адамға ғұсыл алу – парыз. Қайс ибн Асым мұсылман болуға келгенде, Пайғамбарымыз оған ғұсыл алуды әмір етеді (Әбу Дәәуд, Таһарат; 129; Сунән, Жұма; 72).

Ғұсыл алу өте оңай. Аузы мен мұрнын сумен жуып, теңізге, көлге сүңгіп шыққан немесе душ астында бүкіл денесін сулаған адам ғұсыл алған болады. Алдымен дәрет алып, одан кейін бүкіл дене жуылса, сүннетке сай болады. Ғұсыл алу үшін ниет ету Ханафиде сүннет, басқа мазһабтарда парыз. Ғұсыл алған кезде ниет етуді ұмытқан адамның да ғұсылы өтеді. 

Сапарда жүргенде (бір ай вахтада) парыз намаздарды толық оқиды, ал соңынан  үтір намазын бір рәкәт қылып оқуға бола ма? 

Сапарыңыз 15 күннен ұзақ болса парыздарды толық оқисыз. Ал үтір уәжіп намазы қысқармайды, себебі 1 ракағаттық намаз болмайды.

Масхаб ұстану керек пе?

Самат

Мәзһаб – жол, мектеп, бағыт, көзқарас деген мағынаны білдіреді. Шариғат тұрғысынан алғанда, арнайы тәсілдер, ережелер арқылы Құран мен сүннеттен шығарылған үкімдер мен көзқарастар жиынтығын мәзһаб дейміз. Мұсылмандар өміріндегі намаз, ораза, зекет, қажылық сынды діни іс-амалдардың барлығы мәзһаб ғұламалары анықтаған үкімдерге сай атқарылады. Исламның төрт құбыласын тең қылып тұрған төрт мәзһаб ішіндегі қарға тамырлы қазақтың жүрегі мен табиғатына, салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпына жақыны, әрі жалпақ даланы желіп өткен бабаларымыздың ықылым заманда-ақ таңдағаны имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабы. Негізінен Үндістан, Пәкістан, Ауғанстан Түркия, Ресей, Кавказ, Орта Азия мен Қазақстан жұртына кеңінен тараған Ханафи мәзһабы тұла бойы адамгершілік пен бүкіл адамзатқа ортақ асыл құндылықтарға бай. Мәзһаб ұстану – адасу емес, керісінше дініміздің негізгі қайнар көздеріне сүйенген дұрыс жолға түсу. Мәзһабтардағы айырмашылықтар тек абзал және дұрыс деген сөзде ғана. Яғни, біз өз мәзһабымызды абзал санаймыз да, ал қалған үш мәзһабты дұрыс деп білеміз.

Сунна деген не?

Абду Самат

Әһл әс-Cунна (араб.أهل السنة و الجماعة‎, Сүннет адамдары) — Сүннетке мойынсұнып, оны қолдап-қуаттаушы сунниттер тобының атауы. Сүннет — шариғат заңдарының қайнар көзі. Ол Мұхаммедтің  іс-әрекеттері мен айтқан өсиет, тұжырымдарынан тұрады. Әһл әс-Суннаның негізгі сипаттары: алғашқы төрт халифаны мойындау (Әбу БәкрОмарОсман ибн АффанӘли ибн Әбу Талиб), алты хадистер жиынтығын мойындау (Сахих әл-БұхариСахих МуслимСунан Әбу Дәуд,Жамиғ әт-Тирмизиәс-Сунан әс-СуғраСунан Ибн Маджаһ) және негізгі төрт сунни мазһабтың (фиқһ мектебі) біріне тиістілігі (малики, ханафи, ханбали және шафиғи мазһабы). Әһл әс-Суннаға жататындар Иран мен Ирактан өзге (бұл екі елдешииттер саны басым) мұсылман елдерінің бәрінде басым. Қазақ халқы да Сүннетті мойындаушыларға, яғни Әһл әс-Суннаға жатады.[1]

Менің Ислам дінінде арнайы білімім жоқ. Бірақ, кішкентай кезімде мешітте білім алғанмын. Исламнан мүлдем хабары жоқ, қазақша толық білмейтін қарындасымыз маған Ислам діні туралы, намаз оқытып, Құран оқытып үйретуімді өтінді. Мешітке барып оқуға ата- анам қарсы дейді. Мен бар білгенімді үйретіп, білмегенімді осы «Асыл арна»  телеарнасындағы уағыздардан үйреніп, сол қызға барынша түсіндіріп жүрмін. Енді сұрақ: менің істеп жүргенім дұрыс па? Болмаса сабақ беруімді тоқтатайын ба? Бірақ, Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбарымыздың басты мақсаты Ислам дінін таратып насихаттау болды емес пе? Менде Исламға тарыдай болса үлесімді қосқым келеді.

Дәурен

Дінді түсіндіріп сауат ашуға рұқсат береді. Бірақ Ислам жеке қалып некесі жүретіндерге тасаланып жаюды  тиым салады. Себебі шайтан тыныш тұрмайды. Қыз балалар үшін орталық мешіт жанында сауат ашу курсы бар. Сол жерге келсе болады. 

Аллаhтан нені сұрасаң, барын береді ме? Мен ғаламаторда бір баланың суретін қойып едім, ол менің суретім емес. Сол  бала біліп қояма деп уайымдаймын. Сол  Аллаhтан сұрасам болады ма, сол бала біліп қоймасын деп?

Ильяс 

Шариғат біреудің атынан сөйлеуге тиым салады. Өзіңіздің Аллаһ жаратқан келбетіңіз әдемілігіңіз  бар ғой, неге жасырынасыз? Ол ісіңіз қате болады.

Дүниеге жаңа келген балаға қанша күнде және қалай есім қойылады?

Нұрлан

Балаға қойылатын немесе бұрын қойылған аттың мағыналарын дінімізге және әдет-ғұрыптарымызға сай келе ме, келмей ме соны білу керек. Сай келмесе, жаман мағыналы болса оны өзгерту керек. Хадис шәрифте «Есімі жаман болған адам оны әдемі атқа ауыстырсын» деп бұйырылған. (Бәриқа) Хазреті Айша анамыз«Расулуллаһ жаман есімдерді өзгертетін еді» деген. (Тирмизи)  Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Балаға әдемі ат қою, дінін үйрету және уақыты келгенде үйлендіру баланың әкесіне деген ақыларына жатады.» (Әбу Нуаим) «Қияметте әкелеріңнің атымен бірге шақырыласыңдар.(Мәселен Әлиқызы Әмина деп) Олай болса аттарың әдемі болсын!»(Әбу Дауд) 

Пайғамбарымыз хазреті Хасан туылған кезде құлағына азан оқыған. Азан оқитын адам баланы жастық сияқты жұмсақ бір нәрсенің үстіне қойып құшағына алады. Баланы біреу құшағына алып, азанды басқа біреу де оқыса болады. Бір хадис шәрифте былай делінген:

«Жаңадан туылған баланың оң құлағына азан, сол құлағына қамат оқылса, «Умму сибиан» ауруынан қорғалған болады.» (Бәйһақи)

Нәрестеге есім қойғаннан кейін салих перзент болуы үшін және дінге қызмет етуі үшін дұға ету керек. Сүйікті пайғамбарымыз, «Йа Раббым, бұл баланы қайырлы, әрі салихтерден ет және оны жақсы болып жетілуін нәсіп ет» деп дұға еткен.

Әбу Мусәл Әшари хазреттері «Баламның туылған күнінде оны Расулуллаһқа апардым, атын Ибрахим деп қойды» деді. Амр бин Шуайбтың әкесі «Расулуллаһ жаңадан туылған балаға жетінші күні есім берілуін және ақиқа сойылуын әмір етті» деген. (Тирмизи)

Бұхариде «Егер ақиқа сойылмайтын болса, баланың туылған уақытында есім қойылады және аузына тәтті жағылады.» делінген.

Ақиқа малын сою да сауап болады. Ақиқа – бала ниғметі үшін Аллаһу та'алаға шүкір ету үшін мал сою. Ақиқа малы Құрбан айт үшін сойылатын мал сияқты болу керек.

Ақиқа баланы бәле-жаладан, ауру-сырқаудан қорғайды. Қияметте ата-анасына шапағат етеді. Ер бала үшін екі, қыз бала үшін бір қой сойылады. Сойылған ақиқаның етін өзі және бай-кедей барлығы жей алады. Піскен күйде де, шикі күйде де бай-кедей бәріне бере алады.

Cәадати Әбәдийа кітабында былай делінген: «Жетінші күні есім қою, шашын қырып, шашының ауырлығындай алтын немесе күміс садақа беру және мүмкіндік болса ақиқа қойын сою мүстаһаб болып табылады.»  

Шашын алмай шамалап беруге де болады. Алтын немесе күміс орнына қағаз ақшамен берсе де және жеті күннен кейін берсе де болады.