Таң намазы, құптан намазында тасбих тарта ма, не қолмен тартады ма? Қай намазда таспиб тартылатын еді?
Талант
Барлық намаздан кейін тасбих тартылады. Намаз парызы мен сүннеті біткеннен кейін тартылады.
Мен жолдасыммен көп керісемін, соны тоқтатқым келеді. қандай ақыл-кеңес бере аласыз? Кейде қорқамын алыстатып аламын ба деп.
Мөлдір
Адам баласын азғыру үшін арамызда шайтан жүреді. Шайтанның бірі ерлі зайыптылардың арасын бұзуға, ұрыстыруға тырысады екен. Соларға бой бермеңіз. Барлық жаманшылықты бастатады.
Мен 2007 жылы тұрмыс құрдым. Заңды некеге тұрдық, бірақ мұсылманша неке қиылған жоқ. Бір балам бар. Мұсылманша неке қиылмағандықтан, баламыз зинадан туған болып саналады ма? Бала туылған соң, көп ұзамай ажырасып кеттік. Қазір басқа адаммен көңіл қостым. Бірақ, ешқандай некеде жоқпыз. Мешітте неке қидыру керек пе? Ол адамның жасы менен біраз жас кіші. Ол шариғатқа қарсы емес пе?
Құндыз
Некеде жас шарт емес. Ақыл-есі дұрыс, балиғат жастан асса болды. Шариғат сол себепті қосылу үшін некені шарт еткен. Енді ертерек некелеріңізді қидырғандарыңыз жөн болады.
Женщина в намазе- как правельна идти на ""сажде"" логти должны косатся земли или нет? есть же такой хадис что нельзя принимать позу сабаки? ответьте пожалуйста! спосибо
Женщинам предпочтительнее выполнять намаз дома. Если выполняется намаз с мужским джаматом, то женщина должна стоять строго сзади мужчин. Не в одном с ними ряду, это считается макрух и намаз не будет считаться совершенным.
Азан и Икамат женщине читать не надо.
Весь намаз и дуа читаются негромко.
При чтении дуа, мольбы к Всевышнему Аллаху, женщине нужно соединять раскрытые ладони вместе и держать их напротив лица в наклонном положении, мужчины располагают ладони на уровне груди.
Утренний намаз предпочтительнее совершать в начале его времени.
Женщина при совершении Руку не должна сильно нагибаться. А при совершении Сажда онадолжна прижимать живот к бедрам, а руки к бокам. Имам Абу Давуд передал хадис: «Язид ибн Аби Хабиб заявляет, что Посланник Аллаха (мир ему и благословение) как-то прошёл мимо двух женщин, которые делали намаз. Он сказал им: “Когда вы делаете земной поклон, следите за тем, чтобы части вашего тела соприкасались с землёй, потому что женщина не похожа на мужчин в этом”» (Марасил Абу Давуд, стр. 118).
Бір жерден «еркек адам бөтен әйелдің денесіне тиісуіне (өзі қаласа да, қаламаса да) болмайды» деп естідім. Сол дұрыс па? Және қызбен жүруге болады ма?
Ұланбек
Некелісі болмаған жағдайда бөтен әйел мен еркек бір-біріне қол тигізуә зина болып есептеледі. Көліктерде, мәжбүр жағдайларда басқа. Көңіл көтеру мен жүру де зина болады. Ал үйленуге ниеттенсе денесіне қолына тиіспей жүруіне болады. Некесіз жақындық харам.
Алла Тағаладан дұға-тілек тілегенде ең алдымен нелер айтылу керек және соларға қысқаша мысал келтіріп бере аласыз ба?
Нұрлан
Аллаға мақтау, Пайғамбарға (с.а.у.) салауат айтып, содан кейін өз тілектеріңізді сұрай берсеңіз болады.
Қас теру күнә, қасымыз ақыретте сені жақтайды деп жатады, сол қаншалықты рас?
Шариғатта сырт көзге әсем көріну үшін қас жұлу дұрыс емес. Өйткені, Алла Елшісі (с.а.у.) өзінің бір хадисінде: «Жасанды шаш кигендер мен кигізгендер және қастарын жұлғандар мен жұлғызғандар, сондай-ақ денеге сурет салғандар мен салғызғандар Алланың лағынетіне душар болады» [1], – деген.
Десе де, «хадистегі "қас жұлмандар" деген сөз - қасты түгелімен жұлуды айтуда. Ал түгелімен жұлмай, тек қастың жан-жағын реттеуге рұқсат. Өйткені бұл да әйелдер үшін әшекейленудің бір түрі»[2] дейтін ғалымдар да жоқ емес.
[1] Әбу Дауд, Тәрәжжүл-5 (4170).
[2] У.Зухайли, Фатауа Муғасыра