Ислам асыл дініміз

Жүктілігімнің 4-5 айлығында түсіме бір ақсақалды ата кіріп, ер баланың есімін қайта-қайта айтты. Сол есім болашақ сәбиіме қатысты болуы мүмкін бе?

Мүмкін көрген түсіңіздің Аллаһ Тағаладан жақсы болса орындалуын, жаман болса жамандығынан сақта деп дұға жасаңыз.

Шелпекке  қандай дұға, сүре оқиды? Толығырақ айтып өтсеңіз.

Талант 

Шелпекке Құран оқылмайды, сол үйге жақсылық болу үшін Құран оқылады. Шелпекті садақа ретінде таратып береді. Бұрынғы уақытта ақша, байлық болмағаннан кейін нанды садақа ретінде таратқан. Сол  бойынша таратасыз. Кез келген сүре оқылып оз тілегіңізді Аллаһ Тағаладан сұрайсыз.

Жолдасым орыс, бір қызымыз бар. Соңғы кезде қатты шошынатын болды, түнгі ұйқысы мүлдем бұзылды.  Шіркеуге барып, шоқындырған жоқпыз. Жолдасым қызымыз өскенде дінін өзі таңдасын деген. Міндетті түрде шоқындыру керек пе? Шошынып жүргени соған себепкер емес пе?

Аида

Мүмкін таза емес жерді басқан шығар. Мүмкін болса мешітке апарып көрсетіңіз. Мүмкін  Исламды қабылдар.

Намаз оқимын. Емдік мақсатта боза ішіп жүргенмін. Енді ол туралы екі жақты пікір естіп, көпшілігі намаз оқитын адамға ішуге болмайтыны жайында кеңес беріп жатыр. Сіз  не айтасыз? Тек  емдік қасиеттері үшін ғана ішіп жүрген едім. 

Боза уақтынан асып кетсе мастық сипаты бар. Сол себепті ашығаны болмайды,  ашымағаны болса рұқсат.

Мен Қожа Ахмет Яссауидің  «Диуани Хикметтерін» оқып жүр едім. Жақында Дарын Мубаровтың уағызын тыңдап едім, ол кісінің қате дерлері көп дейді. Анықтап бересіздер ме.

Жамал

Қожа Ахмет Яссауидің  «Диуани Хикметтері» көп ой және сабақ береді. Ол кісінің ұстағаны сопылық, тақуалық  жол болған. ҚМДБ Дарын Мубаровтың  уағыздарын тыңдауды құптамайды.

Менің бір ағам мазхаб ұстанбайды екен. Сәләф сияқты, оның білім де жоғары емес. Мен сол ағаммен кездескенде, намаз оқитын кезде  ол имам  болса, мен оған ұйып оқысам болады ма?  Мазхаб ұстанбайтындар туралы мәлімет берсеңіздер. Мазхаб ұстанбайтындар мен  мазхаб ұстанушылардың қандай айырмашылығы бар?

Мұқағали 

Кейбір бауырларымыз өкінішке орай айырмашылықтарының бірі дәретте аяқты жумайды, яғни жұқа нәскиге мәсих жасайды. Ешбір ғалым оған рұқсат бермеген. Сол себебті аяқ жумаған болса оған иқтида жасау, яғни ұйып оқу дұрыс емес.

Бірінші әйелімнен жасырып, екінші әйелмен жасырын некелессе болады ма? Өйткені бірінші әйелім қызғаншақ.

Нұрлан 

Екінші әйелді алғаныңызды күндердің күнінде бірінші әйеліңіз білген жағдайда жағдайыңыздың қандай болатынын еселтетіп көріңіз. Білмесе де,  ертеңгі күні  бала-шағалы болғанда немесе туыстарымен араласу жағын ойлап шешіңіз. Ертең өтірік айту басталады. Болмаса тастап кетем деуге шариғат рұқсат бермейді. Ойланып үйленуге рұқсат.

Кішкентай бала пневмания, бронхитпен ауырса, иттің майын ішкізсе болады ма? Шариғат не дейді екен осы мәселеге қатысты?  

Нұрлан 

Ислам ауырған адамды ем іздеуге шақырады. Ардақты Пайғамбарымыздан (с.а.у.) бір бәдәуи: «Уа Алланың Елшісі! Науқастансақ, емделейік пе? – деп сұрағанында, Ол (с.а.у.):  Әрине. Ей Алланың құлдары! Ауырсаңдар, емделіңдер! Кәріліктен басқа барлық ауруға ем бар»[1], – деп емделу керектігін айтқан.  
Бірақ, ғалымдарымыз «шариғатта харам деп танылған нәрселермен емделуге рұқсат жоқ[2]» дейді. Өйткені, ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Хараммен емделмеңдер» [3], «Алла Тағаланың харам еткен нәрселерінде сендерге шипа жоқ [4]», – деп емнің өзін адал нәрселерден іздеуімізді бұйырды.

Сондықтан да, Ханафи ғалымдары «Шариғатта харам етілген заттармен емделуге болмайды. Тек өзге ем табылмаған жағдайда, мұсылман дәрігердің құптауымен ғана рұқсат»[5] деген.

Ендеше, сізге айтарымыз,  бірнеше дәрігерге жүгініп, емнің өзге де жолдарын іздеуге тырысыңыз. Өйткені иттің етімен қоса майы да харам. Егер ем табылмаса және жүгінген дәрігердің барлығы аурудың емі иттің майында ғана десе, онда, амал жоқ, сол маймен емделуіңізге болады. Кейін емделудің басқа жолы табылып жатса, иттің майымен емделуді доғаруыңыз керек.

1. Тирмизи: Тыб - №2038 хадис.
2. Әл Маусуғатуль Фиқһия – 11/118. Кувейт.
3. Абу Дауд – 4/217.
4. Әл-Һәйсәм: Мәжмаъ - №8287 хадис.  
5. Ибн Абидин – 7/480 бет.

Үйленіп, үй болғаныма 3 жыл болды. Аллаға шүкір, менің келіншегім мен қызым бар. Алайда, келіншегім кезінде маған амалсыз тұрмысқа шықтым, қыз сенікі емес деді. Маған деген сезімім өшті деді. Бұған сенбеген едім. Осы бір ай бұрын сол адамына барып, төсектес болып келді. Маған басқа жерге барамын деп, алдып, онымен телефонмен сөйлесіп жүрді. Біреу дуалап алғандай. Ақыры маған ешқайда кетпеймін, сенімен мәңгі боламын деп кешірім сұрады. Ана бір адаммен сқйлесуін қойған секілді. Қызым мен келішегімді қатты жақсы көремін. Бірақ, жоғарыдағы жайт тағы қайталанады ма деген үрей мазалайды. Осыған байланысты ақыл-кеңес бере аласыз ба? 

Некелі адамдардың зина жасауы ең үлкен күнә. Мүмкін болса мешіттерге барып,  некеңізді қайта жаңартып,  кішкене уағыз тыңдатсаңыз дұрыс болады.

Подскажите пожалуйста, время иша намаза на сегодня (12.01.2015)

Бахытжан 

  • Таң 7:03
  • Күннің шығуы 8:42
  • Бесін 13:25
  • Екінті 16:25
  • Шам 18:12 
  • Құптан 19:36
  • Қала:Тараз 14/01/2015