Ислам асыл дініміз

Мешітке 4 ракағаттық парыз  намазға барғанда (мысалы, аср намазы) жамағт намазды оқып жатқан болса,  ал мен жамағатқа төртінші ракағаттан қосылсам, ары қарай намаз қалай оқылады?

Дастан 

Асыр намазының 4 ракағаттында қосылсаңыз 3 ракағат қалады. Имам сәлем бергеннен кейін 2 ші ракағатқа тұрасыз,  тұрғанда «Фатиха»  және  бір сүре оқисыз. Отырып «Аттахият» дұғасын оқисыз. 2 ракағат бітеді, тұрып 3-4 ракағаттарды жалғастырасыз.   

Темекі шеккен болсам  және боқауыз сөздер айтылса дарет бұзылады ма? 

Нұрсұлтан 

Бұл жағдайда дәрет бұзылмайды. Егер оразалы болсаңыз оразаңыздың сауабынан айрылып қаласыз.

Мәуліт мейрамына әйелдер, қыздар барса болады ма?

Әрине, барлық адамға есік ашық.

Құранның «Рахман» сүресінің арабшадан кириллицаға жазылған үлгісі бар ма? 

55. Рахман сүресі

Бисмилләһир Рахманир Рахиим
(1) әррахман
(2) ъалләмәл қурән
(3) халәқал инсән
(4) ъалләмәһул бәйән
(5) әшшәмсу уәлқамәру бихусбән
(6) уәннәжму уәшшәжәру йәсжудән
(7) уәссәмәә рәфәъаһә уәуәдаъал миизән
(8) әллә тәтғау фиил миизән
(9) уәәқиимуул уәзнә билқисти уәлә тухсируул миизән
(10) уәләрда уәдаъаһә лиләнәм
(11) фииһә фәкиһәтуу уәннәхлу з̃әтул әкмәм
(12) уәлхәббу з̃уул ъасфи уәррәйхән
(13) фәбиәйи әләи раббикумә тукәз̃з̃ибән
(14) халәқал инсәнә мин салсалин кәлфәххар
(15) уәхаләқал жәннә мим мәрижим мин нәр
(16) фәбиәйи әләи раббикумә тукәз̃з̃ибән
(17) раббул мәшриқайни уәраббул мәғрибәйн
(18) фәбиәйи әләи раббикумә тукәз̃з̃ибән
(19) мәрәжәл бәхрәйни йәлтәқийән
(20) бәйнәһумә бәрзәхул лә йәбғийән
(21) фәбиәйи әләи раббикумә тукәз̃з̃ибән
(22) йәхружу минһумәл лу'луу уәлмәржән
(23) фәбиәйи әләи раббикумә тукәз̃з̃ибән
(24) уәләһул жәуәрил муншәәту фиил бәхри кәләъләм
(25) фәбиәйи әләи раббикумә тукәз̃з̃ибән
(26) куллу мән ъаләйһә фән
(27) уәйәбқа уәжһу раббикә з̃уул жәләли уәликрәм
(28) фәбиәйи әләи раббикумә тукәз̃з̃ибән
(29) йәсәлуһу мән фиис сәмәуәти уәләрд [жим] куллә йәумин һууә фии шә'н
(30) фәбиәйи әләи раббикумә тукәз̃з̃ибән
(31) сәнәфруғу ләкум әййуһәс̃ с̃әқалән
(32) фәбиәйи әләи раббикумә тукәз̃з̃ибән
(33) йә мәъшәрәл жинни уәлинси ини стәтаътум ән тәнфуз̃уу мин әқтарис сәмәуәти уәләрди фәнфуз̃у [жим] лә тәнфуз̃уунә иллә бисултан
(34) фәбиәйи әләи раббикумә тукәз̃з̃ибән
(35) йурсәлу ъаләйкумә шууәзум мин нәриу уәнухәсун фәлә тәнтәсирән
(36) фәбиәйи әләи раббикумә тукәз̃з̃ибән
(37) фәиз̃ә ншәққатис сәмәу фәкәнәт уәрдәтән кәддиһән
(38) фәбиәйи әләи раббикумә тукәз̃з̃ибән
(39) фәйәумәиз̃ил лә йусәлу ъан з̃әнбиһи инсуу уәлә жәнн
(40) фәбиәйи әләи раббикумә тукәз̃з̃ибән
(41) йуърәфул мужримуунә бисиимәһум фәйу'хаз̃у биннәуәсии уәләқдәм
(42) фәбиәйи әләи раббикумә тукәз̃з̃ибән
(43) һәз̃иһи жәһәннәмул ләтии йукәз̃з̃ибу биһәл мужримуун
(44) йәтууфуунә бәйнәһә уәбәйнә хәмиимин ән
(45) фәбиәйи әләи раббикумә тукәз̃з̃ибән
(46) уәлимән хафә мәқамә раббиһи жәннәтән
(47) фәбиәйи әләи раббикумә тукәз̃з̃ибән
(48) з̃әуәтә әфнән
(49) фәбиәйи әләи раббикумә тукәз̃з̃ибән
(50) фииһимә ъайнәни тәжрийән
(51) фәбиәйи әләи раббикумә тукәз̃з̃ибән
(52) фииһимә мин кулли фәкиһәтин зәужән
(53) фәбиәйи әләи раббикумә тукәз̃з̃ибән
(54) муттәкиинә ъалә фурушин бәтаинуһә мин истәбрәқ [жим] уәжәнәл жәннәтәйни дән
(55) фәбиәйи әләи раббикумә тукәз̃з̃ибән
(56) фииһиннә қасирәтут тарфи ләм йәтмис̃һуннә инсун қабләһум уәлә жәнн
(57) фәбиәйи әләи раббикумә тукәз̃з̃ибән
(58) кәәннәһуннәл йәқууту уәлмәржән
(59) фәбиәйи әләи раббикумә тукәз̃з̃ибән
(60) һәл жәзәул ихсәни илләл ихсән
(61) фәбиәйи әләи раббикумә тукәз̃з̃ибән
(62) уәмин дууниһимә жәннәтән
(63) фәбиәйи әләи раббикумә тукәз̃з̃ибән
(64) мудһәммәтән
(65) фәбиәйи әләи раббикумә тукәз̃з̃ибән
(66) фииһимә ъайнәни нәддахатән
(67) фәбиәйи әләи раббикумә тукәз̃з̃ибән
(68) фииһимә фәкиһәтуу уәнәхлуу уәруммән
(69) фәбиәйи әләи раббикумә тукәз̃з̃ибән
(70) фииһиннә хайрәтун хисән
(71) фәбиәйи әләи раббикумә тукәз̃з̃ибән
(72) хуурум мәқсуурәтун фиил хийәм
(73) фәбиәйи әләи раббикумә тукәз̃з̃ибән
(74) ләм йәтмис̃һуннә инсун қабләһум уәлә жәнн
(75) фәбиәйи әләи раббикумә тукәз̃з̃ибән
(76) муттәкиинә ъалә рәфрәфин худриу уәъабқариййин хисән
(77) фәбиәйи әләи раббикумә тукәз̃з̃ибән
(78) тәбәрәкә сму раббикә з̃иил жәләли уәликрәм

 

Намазда қателесіп кетсе, қайта оқу керек пе?  Әйелім ғұсыл дәретін алғанда шашының барлық жерін жууы керек пе, әлде түйіп қойса жеткілікті ме?

Айбек 

Намазда қателескенде, яғни намаздың парыздары кешіксе немесе уәжіптер қалып кетсе сәһу сәжде жасалады. Намаз соңында сәһу сәждесін жасау үшін «Әттахият» оқылып, бір жанына сәлем берілгеннен кейін, екі сәжде жасап отырылады және «Әттахият», «Аллаһуммә Салли», «Аллаһуммә Бәрик» дұғалары оқылып намаз аяқталады. 

Өз көкесіне, болмаса өз жақындарына үйленуге болады ма? Шариғатта бұл туралы не делінген?

Қасымхан  

Дінімізде ер кісіге үйленуге болмайтын әйелдер қауымын екі категорияға бөліп қарастырады:

1. Өмір бойы бір-бірімен үйленуге болмайтындар:

  • Жақын туған-туыстары. Олар: аналары мен әжелері; бірге туған әпке-қарындастары және  олардың қыздары мен немерелері; Сонымен қатар, әкесі не шешесі бөлек әпке-қарындастары және  олардың қыздары мен немерелері де үйленуге болмайтын кісілер қатарында;  бірге туған немесе әкесі бір, шешесі бөлек, не шешесі бір әкесі бөлек аға-інілерінің де қыздарымен және немерелерімен некелесе алмайды[1]. Сондай-ақ, әке жағынан ағайын әпке-қарындастарымен және нағашы әпке-қарындастарымен[2] де үйленуге болмайды. 
  • Сүт бауырлары: Әйелдің  туған баласы туысқандарынан кімге үйлене алмаса, сол секілді сүт емген бала да олармен некелесе алмайды[3]. Айта кететін маңызды нәрсе, «сүт бауырлыққа» байланысты үкімдер тек сол емшек емген балаға ғана қатысты. Оның (әлгі сүт анадан ембеген) аға-інілеріне және әпке-қарындастарына қатысы жоқ[4].
  • Құдандалы туыстар[مُصَاهَرَة)  [5): Қайын аналары мен әжелері; өгей қыздары мен олардың қыздары және немерелері; өгей ұлдарының қыздары мен немерелері[6]; өз ұлдарының әйелдері мен немерелерінің әйелдері (келіндері);  өгей аналары[7].

2. Уақытша үйленуге болмайтындар: Бұл категориядағы кісілермен некелеспеу – уақытша кедергілерге сүйенеді. Кедергілер жойылысымен, некелесу құқы туындайды. Олар:

  • Өзгенің некесіндегі әйелдер. Бір әйел ерімен ажыраспайынша немесе одан жесір қалмайынша өзге еркекпен некелесе алмайды[8].
  • Иддәт мерзіміндегі әйелдер. Күйеуінен жесір қалған әйел[9] немесе ажырасқан әйел[10] өзге ерге тұрмысқа шықпай тұрып, белгілі бір мерзім күтеді. Бұны шариғатта «иддәт мерзімі» дейді[11].  Аталмыш мерзімі бітпей, тұрмысқа шығуына тыйым салынады.
  • Апалы-сіңлілі екеуін бір некеде ұстау. Ағайындас апалы-сіңлілерді бірге бір некеде ұстау –харам[12]. Ағайындас апалы-сіңлілер деп мыналарды атауға болады: бірге туған әпке-сіңлілері; әке жақтан әпке-сіңлілері;  нағашы әпке-сіңлілері;  аға-әпкелерінің қыздары  [13].     
  • Төрт әйелі бар кісі – бесінші әйелді ала алмайды. Оны алу үшін, некесіндегі біреуін талақ етуі шарт. Себебі, шариғатта ең көбі  - төрт әйел ғана алуға рұқсат берілген.
  • Үш талақпен ажырасқан әйел[14].
  • Өзге діндегі қыз[15]. Бір мұсылман жігіттің өзіне жар еткісі келген қызы – мұсылман   немесе христиан не яһуди дініндегі  қыз болуы тиіс[16]. Бұлардан өзге діндегілерді алуына рұқсат жоқ.   

Ал, мұсылман қыз  тек мұсылман жігітке тұрмысқа шыға алады. Өзге діндегілерге күйеуге шығуы тыйым салынады[17].  Өйткені әйел өз еріне тәуелді. Мұсылман емес ері, әйелдің әлсіздігін пайдаланып, оның наным-сеніміне кері әсерін тигізіп, намаз, ораза сияқты діни амалдарын орындауға кедергі жасайды. Оның үстіне дүниеге келген ұрпақтары өзге діндегі әкесінің дініне өтетіні мәлім. Бұл – Исламның мұсылман ұрпағын көбейту түсінігіне теріс. Өйткені ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у):«Үйленіңдер және көбейіңдер! Қиямет күні үмметімнің көптігімен мақтанамын», – деген.

Қорыта келе айтарымыз,  «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» - демекші өркениетті қоғамды құрайтын басты фактор - баянды отбасы. Оның баяндылығы мен беріктігі кейбір мәселелерге мән берудің арқасында туындайды. Соның бастапқы қадамы – пәк неке, таза ұрпақ алып келу. Оған қол жеткізу үшін Ұлы жаратушы Иеміздің пенделеріне міндеттеген үкімдеріне аса мән беруіміз керек.

[1]Тәсһилуль Қудури – 2/7 бет.
[2]Ниса – №23 аят.
[3]Ниса – №23 аят; Сахих Бухари
[4]Проф.Доктор У.Зухайли, әл-Уәжиз – 3/65 бет.
[5]Қыз алысып, қыз беріскен, сүйек шатысы бар (адамдар). Қ.Ә.С.;  құдалық арқылы дос, жолдас болған адамдар. (مُصَاهَرَةٌ - вступление в родственные отношения путём брака)
[6]Фатауа әл-Һиндия – 1/302 бет: Бірақ анасымен қатынасқа түспеген болса немесе онымен оңаша қалмаған   болса ол басқа;
[7]Ниса сүресі – №23-аят.
[8]Ниса сүресі – №24-аят.
[9]Бақара – №235 аят.
[10]Бақара – №228 аят.
[11]Мына сілтемеге кіріңіз: http://islam.kz/kk/questions/januya/neke/iddat-mezgili-bitpei-qiylgan-neke-ne-bolmaq-68/   
[12]Ниса сүресі – №23 аят.
[13]Фатхул бари – №4819 хадис.; Хидая – 3/13 бет.; Осындай некенің үкімі: бір некедегі апалы-сіңлілі екеуінің қайсысын  екінші кезекте некелеген болса, соның некесі бұзылады да, бірінші кезекте қиылған некесі сол күйінде қалады. Ретін білмеген жағдайда екі неке де бұзылады. (Проф.Доктор У.Зухайли, әл-Уәжиз – 3/73)
[14]Бақара – №230 аят.
[15]Бақара – №221 аят.
[16]Маида – №5 аят.
[17]Мүмтахина – №60 аят.

Намаз оқығым келеді. Бірақ, ата-анам қарсы, оқытпай жатыр. Не істесем болады және құлы Аллаға қалай жақындауға болады? 

Аллаға құлшылық арқылы жақындайды. Хадисте: «Құлым парызды орындау арқылы және нәпіл құлшылықтарды орындау арқылы маған жақындайды», - делінген. Ата-анаңызға жақсылап түсіндірген жөн. Мешіт  имамдарына жолықтырсаңыз болады.

Қалай сабырлы болуға болады? сабырлы болу үшін қандай амал жақсы? 

Сабыр үш түрлі болады. Ең маңыздысы күнә істемеуге сабыр ету. Хадис шәрифте: «Сабыр үш түрлі болады: Бәлеге, бақытсыздыққа сабыр. Дін ілімдерін үйренгенде, ғибадаттарды орындағанда сабыр ету. Күнә істемеуде сабыр. Бәлеге сабыр еткенге 300, ғибадат етуге сабыр еткенге 600, күнә істемеуге сабыр еткенге 900 дәреже ихсан етіледі», -  делінген. (Әбушшәйх)

Бір хадисте «Кімде-кім жұма күні 80 рет салауат айтса, 80 жылдық күнәсі кешіріледі» делінген, «Аллаһумма сали 'али» деп басталатын салауатты айтса. Осы хадистің дұрыстығын дәлелдеп кетсеңіз. Және парыз намаздан кейін «Аят-аль курсиді» оқу туралы айтып берсеңіз.

Самат 

Әнас атты сахаба риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Кімде-кім маған бір рет салауат айтса,  Алла Тағала оған он салауат айтады. Әрі он күнәсі кешіріліп, дәрежесі он есе көтеріледі».ән-Нәсаий. Сәһу/55.Хадиста  бір деген енді осыны өзіңіз  қанша айтқыңыз келсе көбейте бересіз.

Екінші сұрағыңызға келер болсақ, бес уақыт намаздан кейін Аятул Курси оқып, тасбих тарту – сүннет амал. Бұған негіз Хасан бин Әлиден (р.а.): «Кімде-кім намаздан кейін Аятул Курси оқыса, келесі намазға дейін Алла тағала қорғауында болады[1]»,-деген хадис жеткен.

Сонымен бірге, Әбу Һурайра (р.а.): «Кімде-кім әр намаздан соң отыз үш рет Алланы пәктесе (субхана Аллаһ), отыз үш рет Алланы мадақтаса (әлхамду лиллаһ), отыз үш рет Алланы ұлықтаса (Аллаһу Акбар), міне сол тоқсан тоғызды "лә иләһа иллә Аллаһу уахдаһу лә шарикә лаһ, лаһул мүлку уә ләһул хамду, уә һуә ъалә кулли шайин Қодир" (Алладан басқа тәңір жоқ, Ол жалғыз және серігі жоқ. Барлық иелік пен мақтау Оған тән. Ол барлық нәрсеге құдыреті жетуші) деп, жүз етіп толықтырса, теңіз көбігіндей болса да қателері кешіріледі[2]»,-деген хадис риуаят еткен.

Ал енді, бес уақыт парыздағы сүннет намаздарға қатысты көптеген хадистер келген. Олар жалпылама және әр сүннет намазға арнайы айтылғаны да бар. Әбу Аюб (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Кімде-кім бір күн бір түнде он екі ракағат намаз оқыса, оған жәннаттан үй тұрғызылады. (Олар) Төрт ракағат бесіннен алдын және екеуі кейін, ақшамнан кейін екі ракағат, құптаннан соң екі ракағат және таң намазынан алдын екі ракағат[3]»,-деп айтылған.

Сүннет намазы мен тасбих тартуға қатысты хадистерді саралай келе мешіттерде әуелі сүннет намаз оқылып, соңыра тасбих тартылады. Өйткені, намаз барлық құлшылықтан ілгері тұрады, қалған сүннет амалдар намаздан кейін орындалғаны дұрыс.

2.Аятул Курси оқып, тасбих тарту намаздың міндетті амалы емес. Мүмкіндік болса, отырып тасбих тартқан сауап. Ал, қысылтаяң уақытта орындалмаса оқасы жоқ.

[1]Табарани [2] Муслим  [3] Әл-Лубәб шарх әдаб китаб, Китаб солат, 100-бет

Қазір Аллаға шүкір, аяғым ауыр, намаз оқимын. Бірақ, ай-күнәм жақын қалған себепті, намаз оқып жатқанда әйелдерден бөлінетін сұйықтық бөлініп кетеді. Сол сұйықтық дәретті бұзады ма?

Гули 

Аллаһ Тағала жеңілдік берсін. Намаз ішінде бұзылса дәрет те, намаз да бұзылмайды, жалғастыра  бересіз. Себебі, уақытша себеп  бар болғандықтан рұқсат.