Менің аяғым ауыр, қыз бала дейді. Балаға мұсылманша, дұрыс мағыналы, әдемі ат қойсақ деп едік. Ерте емес пе? Алдын ала дайындау дұрыс па?
Толғанай
Барлық нәрсе ниетке байланысты. Ниет етіп дайындалуға болады. Аллаһ Тағала қуанышқа жеткізсін.
Әйел адамның ғұсыл дәреті қандай жағдайда бұзылады? Және оның бұзылмауына себеп болатын жеңілдіктер бар ма? Мен тұрмыс құрғанмын, балаларым бар.
Гули
Ғұсылды қажет ететін жағдайлар мыналар:
1) Хайз (етеккір) немесе нифас (босанғаннан кейінгі қан) жағдайы біткен кезде немесе жүніп болған кезде ғұсыл алу парыз. Хайз біткеннен кейін, жүніп те болса екеуі үшін бір ғұсыл алу жеткілікті. Әйел жүніп кезінде хайз көрсе, қаласа бірден ғұсыл алады, қаласа хайз біткенге дейін күтеді. Одан кейін екеуі үшін бір рет ғұсыл алады.
2) Еркек жыныстық мүшесінің ұшы, сүннет терісі астындағы домалақ бөлігі, әйелдің жыныстық мүшесіне кірсе, мәни келмесе де, еркек те, әйел де жүніп болып саналады. Домалақ бөлігі кірмесе жүніп болмайды.
3) Еркекте қою ақ және әйелде сұйық сары мәни шаһуетпен атып шықса жүніп болады.
4) Ихтиламмен (поллюция), яғни түсінде шахуеттеніп оянған кезде мәни аққанын көрген еркек және әйел жүніп болады. Түсінде жыныстық қатынасқа түскенін көріп, бірақ оянған кезде мәни ақпаған болса, мәни жоқ болса ғұсыл алмайды. Кейбір ғалымдар, әйелдің мәниі ішке ағады, сенімді болу үшін жуынуы жақсы болады деген.
5) Шаһуетпен шыққан мәни, сідік жолында қалып, кейінірек осы жерден шаһуетсіз шықса да ғұсыл алу керек болады. Сідік шығарғаннан кейін немесе кішкене ұйықтағаннан кейін шықса ғұсыл керек емес.
6) Истимна (мастурбация) ғұсылды қажет етеді.
7) Жүніп болып, сідік шығармастан ғұсыл еткеннен кейін мәнидің қалған мөлшері шаһуатсыз ақса, қайтадан ғұсыл алу керек болады. Сондықтан, ғұсыл алудан бұрын алдымен сідік шығарып, сідік жолында қалған мәни мөлшерін шығарғаннан кейін ғұсыл алу керек.
8) Еркек жыныстық мүшесінің ұшы әйелдің немесе еркектің артына кірген кезде, мәни ақса да, ақпаса да екеуіне де ғұсыл алу парыз болады. Хайз кезінде де, таза кезінде де әйелге артынан жақындау харам, үлкен күнә. Лиуата немесе гомосексуализм деген қатынастар одан да үлкен күнә. Жануарға жақындаған адамға да ғұсыл керек. Өте жаман және үлкен күнә.
9) Ихтилам болғанын есіне түсіре алмай, мәни көрген адамның ғұсыл алуы керек. Оянып іш киімінде мәни көрген адам ихтилам болғанын есіне түсіре алмаса да ғұсыл алады. Мәзи болса, сенімді болу үшін ғұсыл алады.
10) Әйел күйеуін ойлаған кезде, шаһуетпен дірілдегеннен кейін сарғыштау бір сұйық келсе, ғұсыл керек болады.
Ғұсылды қажет етпейтін жағдайлар
Көпшіліктің ойынша ғұсыл қажет болып саналған кейбір жағдайлар ғұсылды қажет етпейді. Ғұсылды қажет етпейтін жағдайлар:
1) Бір еркек бір әйелді немесе еркекті жалаңаш көрсе ғұсыл қажет емес. Қараған кезде шаһуеттеніп мәни келетін болса ғұсыл қажет, мәзи келсе ғұсыл керек емес.
2) Бір әйел өз күйеуін немесе бір әйелді жалаңаш көрсе ғұсыл қажет емес.
3) Ерлі-зайыптылар ойнасқанда, жалаңаш адамның суретіне қарағанда немесе ойлаған кезде мәзи келсе, бірақ мәни келмесе ғұсыл қажет емес.
4) Кіші немесе үлкен дәреттен кейін шыққан жабысқақ простат сұйығы және уәди ғұсылды қажет етпейді.
5) Ауыр бір зат көтеру немесе бір жерден құлау сияқты себеппен мәни шықса Шафииде ғұсыл қажет болады, қалған үш мазһабта керек емес.
6) Ихтилам болғанын есіне түсірген адам оянған кезде іш киімінде мәни көрмесе ғұсыл алуы керек емес. Ихтилам болған адам оянған кезде жатқан орнында, киімінде немесе аяғында дымқылдық байқаса, мұның мәзи деп аталатын ақ сұйық нәрсе екенін түсінсе немесе ояу кезде мәзи ақса, ғұсыл қажет емес.
7) Жүніп болып ғұсыл алғаннан кейін әйелден күйеуінің мәнисі шықса ғұсыл қажет емес.
8) Әйел немесе еркек әурет жерін қырса ғұсыл керек емес.
9) Әйелдер себінген иіссуды еркектер иіскесе, иіссу себінгенге де, иіскегенге де ғұсыл қажет емес. Тіпті дәретті де бұзбайды. Бірақ әйелдердің күйеулерінен басқа адамдар үшін иіссу себінуі жаиз емес.
10) Жүніп кезде киілген киімді, үстінде нәжіс жоқ болса қайтадан киюдің және сол киіммен намаз оқудың зияны жоқ.
Мен отбасы жағдайына байланысты ақыл-кеңестер алайын деп едім.
Гүлжайна
Үйленудегі мақсат
Қыз бен жігіттің үйленуі – үлкен мақсатқа бастайтын Аллаһ Тағала жолға қойған бере-келі келісім, сауапты іс. Оның негізгі мақсаты – Аллаһ Тағалаға ғибадат қылатын, өзі өлгенде соңында дұға оқып, адам- дар ортасында атын өшірмейтін ұрпақ сүю, зина және басқа да әдепсіз іс-әрекеттер тә-різді харамнан сақтану. Анас ибн Малик (Аллаһ оған разы болсын!) риуаят еткен бір хадисте Пайғамбарымыз Мұхам-мед (с.ғ.с) бізге мынандай өсиет айтады: «Көп туатын сүйкімді әйелге үйленіңдер. Өйткені, Қиямет күні мен сіздермен бірге басқа пайғам-барлардың алдында көп болып тұрамын».
Қалыңдық таңдау, атастыру Мұсылман жігіт өз қалыңдығын таңдаған-да асықпайды. Оның ислами тәрбие көрген, берекелі отбасылық өмірді қамтамасыз ете- тін бойжеткенді іздес- тіруі қажет. Пайғамба-рымыз (с.ғ.с.) былай деген: «Жарды таңдау кезінде төрт нәрсеге көңіл аударған жөн: байлығына, атағына, сұлулығына және дін-дарлығына. Сен үшін абзалы діндар, тақуа қыз. Егер керісінше бол- са, сен ұтыласың». Оған қоса бойжеткен ақыл-ды, жақсы мінезді бо-луға тиісті.
Үйленер алдында атастыру рәсімі өткізіледі. Мұсылмандық некеде атастыру – жігіт пен қызды бір-біріне таныстыру. Бұл рәсім – сүннет, ол неке қиған- ша орындалады. Атастыру кезінде қыздың қамқоршысының пікірі, келісімі сұралады. Ша- риғат бойынша үйле-нерде қыз бен жігіттің келісімі міндетті түрде болуға тиіс.
Неке қиюдың төрт шарты Шариғат бойынша, неке – Аллаһ алдында- ғы екі жақ арасында жасасқан қасиетті ке- лісім-шарт. Мұсылман-дық неке қиюдың төрт шарты бар. Оның бірі бұзылса, орындалмаса, неке рәсімі дұрыс орын- далмаған, заңды күші-не енбеген, мұндай не- кеден туылған бала «заңсыз туылған» бо- лып саналады. Мұсыл-манша неке қиюдың төрт шарты мынан- дай:
1. Қамқоршысының (арабша – уәли) болуы, оның неке қиюға келісім беруі. Уәли ре- тінде қалыңдықтың әке- сі, атасы, ағасы, ағасы-ның ер баласы, әкесі-нің ағасы т.б. бола алады. Қалыңдықтың туысқандары болмаса, мешіт имамының уәли болуы мүмкін.
2. Қыздың келісім беруі.
3. Кем дегенде екі куәгердің болуы.
4. Белгілі шарттар-дың ескерілуімен не-келік келісім-шарттың орындалуы. Неке қию рәсімін кез-келген тілде өткізуге болады, тек куәгерлер айтылып жат-қан сөздерді түсінуге тиіс.
Қалыңдықтың қамқоршысы мен куәгерлерге қойылатын шарттар:
1. Олардың мұсылман болуы.
2. Кәмелетке толуы, өз сөзі мен әрекетіне бақылау (жауап беру) жасай алуы, Ислам қа-ғидаларын сақтауы.
3. Мінез-құлығының адамгершілік талапқа сай, ниеттерінің таза болуы.
4. Куәгерлердің есту,
көру, сөйлеу мүмкіндігі-нің болуы, ақыл-есінің дұрыстығы.
Мұсылман отбасының ерекшелігі
1. Мұсылман отбасы
Мешітте некелесу арқы-лы құрылады.
2. Мұсылман отбасы-ның Аллаға деген сенімі берік, ол Ислам шартына сай өмір сүреді.
3. Мұсылман отбасы
мүшелері арасындағы қарым-қатынас сүйіспен- шілік пен бауырмалды-лыққа негізделеді.
4. Мұсылман отбасы-ның мәдениеті жоғары болады, отбасы мүшеле-рінің физикалық және рухани жағынан дамуына көңіл бөлінеді, білім алуына қарсылық жасалмайды.
5. Мұсылман отба- сы көрші-қолаңмен тату-тәтті тұрады.
6. Мұсылман отбасы-ның туған-туыстарымен қарым-қатынасы жақсы, сыйластығы берік бо-лады.
7. Мұсылман отбасы
тек қана халал ас ішіп, адал іс жасайды, жаман-дық, жат қылықтан бойларын аулақ ұстайды.
Отбасының асыл парызы
1. Ерлі- зайыптылардың өзара міндеттері 1. Ең бірінші, ерлі-зайыптылар арасында өзара сүйіспеншілік бо-луға тиісті.
2. Отағасы – отбасы-ның киімін және басқа да қажеттіліктерін қам-тамасыз ету үшін еңбек етуге міндетті. 3. Отағасы – отбасын-да діни және адамгерші-лік міндеттердің орын- далуына ұйытқы болу- ға, олардың игіліктерін толтырып отыруға жауапты.
4. Ерінің әйеліне нә- зік, жұмсақ болуы, дө- рекілік жасамауы, рен-жітпеуі шарт.
5. Әйелі күйеуіне сүйіс-пеншілікпен, құрметпен қарап, үй шаруасында, бала тәрбиесінде жұба-йына көмектесуі қажет.
6. Әйелдің үнемшіл болуы керек. Жұбайы-ның тапқанын ысырап етпей, үйге ие болуға тиісті.
7. Әйел үйін, отбасын ойлап, оның намысын қорғауға міндетті.
8. Күйеуіне әйелі қар-сы шықпай, шайпау мі-нез көрсетпейді, бір жақ-қа шығарда күйеуінен рұхсат алады. 2. Ер адамның міндеті 1. Ері ізгі мінезбен әйе- лін қадірлеп, жарасым-ды өмір кешуге тиіс. Ешуақытта әйеліне жа- маншылық жасауына бол- майды. Ұлық пайғамба-рымыз (с.ғ.с.): «Сендер-дің ең жақсыларыңыз- әйелдеріңізге жақсы болғандарыңыз», - деген. 2. Мұсылман еркектің зайыбына, үй шаруасына көмектесуі – сүннет.
3. Әйеліне мейірімді болу.
4. Еркек әйелінің намысын аяқасты етпей, қадірін сақтауға міндетті және аяғы келеңсіздікке апаратын істен сақтан-дырғаны жөн.
5. Әйелді асырау, киін- діру және тапқан нә-пақаны ысырап етпей ретімен жарату ер адам-ның міндеті.
6. Егерде әйелі діни міндеттерді білмесе, кү-йеуінің үйретуі қажет.
7. Мұсылман еркек-тің сөзімен де, ісімен де әйелінің жаратылысын, мінезін келемеждеуіне, туған-туыстарын бала-ғаттап қорлауына, кемсі-туіне рұхсат жоқ.
8. Отбасына жан-жақ- ты жағдай жасауға, бас- панамен, ас-ауқатпен, ки- ім-кешекпен қамтамасыз етуге тиіс.
9. Алыс сапарға шы-ғарда үй іші тарықпас үшін қажетті заттармен қамтамасыз етуге мін-детті.
10. Зайыбын сыйлауы, оған күш көрсетпеуі, қоқан-лоқы жасамауы – ерлерге қойылатын басты талаптардың бірі. 11. Ері әйеліне бір жақ- қа кетерінде қайда бара- тынын ескертуге тиіс.
3. Әйелдің отбасындағы міндеттері 1. Күйеуіне бағыну, оның абыройын қорғау, сыйлау және күту.
2. Ерінің тапқанын ұқ- сату, балаларын жақсы-лап тәрбиелеу.
3. Бір жаққа шығарда міндетті түрде күйеуінің рұхсатын алу.
4. Күйеуіне қарсы шық- пау, шайпау мінез көр-сетпеу.
5. Басқа еркекке көз салмау.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистері бойынша:
Æ Ерінің рұқсатынсыз бір жаққа қыдырып кетуге, қонақ шақыруға қа-қысы жоқ. Æ Ерінің ықтиярынсыз оның мүліктерін, ақша-дүниесін, өзге де нәр- селерін (мәселен: кіта- бын, қалам-қағазын) өз- гелерге бере алмай- ды.
Æ Әйел ешкімнің зорлауынсыз отбасындағы міндеттерін атқара беруге тиіс.
Æ Ерінің қас-қабағы-на қарап, оның қуанышы мен қайғысын бірге бө- ліседі. Мәселен, ері әл-денеге ренжіп, қайғыға батып отырғанда әйелі- нің ештеңе ойламай жарқылдап, күліп жүр-гені жарамайды.
Æ Әйелі ерінің тапқа-нын қанағат тұтады. Ері-нен артық нәрселерді та-лап етпейді.
Æ Еркек үшін жақсы әйел ерінің сөзін екі ет-пейтіні.
Æ Себепсізден себеп-сіз ерінен ажырасқан әйелге жәннат иісі – арам.
Æ Әйел еріне ашуланып үйіне кетіп қалса, қайта оралғанынша Ал-ланың қаһарында болады.
Æ Дүние –бір пайдаланатын нәрсе, оның ең жақсысы – мінезі мен амал-әрекеті дұрыс әйел.
Æ Алла Тағала әлде-кімге адал да дұрыс әйел нәсіп етсе, расында оған діннің жартысындай кө-мек көрсеткендей болады. Қалған екінші жары- мы үшін өзі әрекеттен-сін.
4. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың міндеттері 1. Балаларын дені сау етіп өсіру, оның тән мен жан саулығын қорғау.
2. Балаларына арам нәрселерді жегізбеу.
3. Баласына жақсы ат қою.
4. Баласын жақсы тәрбиелеп, оған ахлақ тұрғысынан үлгі болу.
5. Баласына намаз оқытуы, басқа да діни және ахлақи міндеттерін үйрету.
6. Баласын оқытып, күнін көре алатындай мамандық иесі етіп қал-дыру.
7. Балаларды жақсы көріп, оларға әр уақыт көңіл бөлу. Өйткені, олар ішіп-жеуді қажет еткені сияқты сүйіспеншілікті де қажет етеді. Пайғам-барымыз (с.ғ.с.) балаларын өте жақсы көр- ген.
8. Балаларын жақ-сы көре отырып, оларға сыйлық бергенде ажыратпау, тең және әділет-ті болу.
9. Ержеткен шақта балаларын үйлендіру.
5. Балалардың ата-анасына міндеттері 1. Ата-анаға жақсылық жасау.
2. Күн көрісі қиын болса, оларға көмектесу.
3. Ата-ананы ешқа- шан сөзбен не қылығы-мен ренжітпеу, тіпті «УҺ!» демеуі керек.
4. Ата-анаға жылы шы- райлы қарап, сыпайы сөйлеу. Олардың жүзде-ріне ашулы немесе қабақ түйіп қарамау.
5. Шақырғанда лезде жетіп бару.
6. Аллаһтың бұйрықта-рына қарсы болмаған ата-ананың әмір-талап-тарына мойынсұну және орындау.
7. Кез-келген істе олар- дың ризашылығын алу және оларды риза ету.
8. Олардың қасында дауыс көтеріп сөйлемеу.
9. Ата-ана жәрдемге мұқтаж болған шақта-рында оларға жан-тәні-мен қызмет ету.
10. Жолда кетіп бара жатқанда алдын кеспеу.
11. Олардың рұқса-тынсыз еш жерге бармау.
12. Қайтыс болғанда оларды құрметпен еске алып, дұға қылу, олардың рухтары үшін қайырлы істер жасау, өсиеттерін орындау, ата-ананың достарына жақсылық жасау, ата-анасына жаманат келтірмеу.
Ер - әйел құқықтары Ниса сүресінен:
«Әй, мүминдер! Сендер үшін әйелдерге зор- лықпен мұрагер болула-рың халал емес және бергендеріңнің бір бөлі-гін алып қалу үшін оларды зорламаңдар.
Бірақ олар ашық арсыздық іс- тесе басқа. Сондай-ақ олармен жақсы шығысың- дар. Егер оларды жек көрсеңдер, сендердің жақтырмаған нәрселе-ріңді Алланың көптеген хайыр жасап қойған болуы мүмкін» (19 аят). Мүмтаһина сүресінен:
«Ей пайғамбар! Мүмин әйелдер саған келіп, Аллаға ешнәрсені теңе-меуге, ұрлық істемеуге, зина жасамауға, бала- ларын өлтірмеуге (надан-дық кезінде қыз баланы намыстанып өлтіріп тастайтын болған), бас-қа біреудің баласын жалғаннан өз байының баласы етіп алмауға (жолбике баланы өз байымнан таптым демеуге), сен бұйырған жақсы істерден бас тартпауға серт берсе, сен де олар-ға серт бер, олар үшін Жаратқаннан жарылқау тіле. Алла ақиқатында өте кеңпейілді, өте ме-йірімді» (12 аят).
Тағабун сүресінен:
«Ей, мүминдер! Сен-дердің әйелдеріңнің, ба- лаларыңның өзіңе дұш- пан болатындары бар (олардан сақ болыңдар).
Егер (оларды) кешірсең-дер, кеңшілік жасаңдар, жарылқасаңдар Алла ке- шірімшіл, әрі өте мейі-рімді» (14 аят).
«Сендер үшін малда-рың да, балаларың да бір түрлі сынақ. Алла қолында зор сауап бар» (15 аят).
Отбасы, неке туралы хадистерден:
Æ Ержеткен жігіт жар таңдағанда әуелі қыз-дың адамгершілік, адам-дық қасиетіне көңіл ау- даруы керек. Бұрын кө-ріп-білмеген қызға тек ата-ананың қалауымен үйлене салуға болмай-ды.
Æ Қыздың жасы, бо-йы, дәулеті, шыққан тегі күйеуінен төмендеу тұр- ғаны, ал ажар – көркі, мінезі, әдептілігі, нәзік-тігі күйеуінен жоғары тұрғаны абзал.
Æ Егер әйел... бұ- рын тұрмыс құрған, ал екінші рет күйеуге шық-қанда тек бұрынғы кү- йеуден қалған балалары-ның жолында екіншісі-нің дүние-мүлкін шашу- ды ғана ниет етсе, өзінің байлығын, шық-қан жерінің ірілігін мақ- тап міндет етіп, ерін қорлауға дайын тұрса, сыртқы ажар-көркі көз тартқанмен, өзі ақыл-сыз, мінезі шайпау болса, онда мұндайлардан бойды аулақ салғанның өзі жақсы.
Æ Отбасының иесі – еркек. Отбасында туын- дайтын әрбір мәселе өзі- нің мақұлдауымен, ық- тиярымен шешіледі. Осыны ұмыта бастаған әйелге әрдайым ескертпе жасап, есіне түсіріп қоюдың артықшылығы жоқ. Æ Ерлер мен әйел-дер бір-біріне мейірімді сүйіспеншілік көздерімен қараса, ар алдында ашық махаббат болса, олар-дың барлық күнәсі бар-мақтарының арасынан төгіледі. Ер мен әйел бір-бірін қатты қадірлесе, араларына үшінші кісі кірмесе, бұлардан туған бала да жақсы қылықты болып өседі.
Ерлі-зайыптылар туралы хадистерден:
Æ Қашанда ер кісі әйеліне, әйелі еріне ме- йіріммен қараса, Ал- ла Тағала да оларға рахмет назарымен қа- райды. Бірінің алақа-нына екіншісі алақа-нын қойса, саусақтары арасынан күнәлары тө-гіледі. Æ Барлығың бақта- шысыңдар, сондай-ақ барлығың баққандары-ңа жауапкерсіңдер. Ер- кек – үй бағушысы жә-не ол баққандарына жа- уапкер. Әйел – ерінің, үй-ішінің күзетшісі, қыз-метшісі. Қожайынының малының күзетшісі әрі қоластындағылар үшін жауапкер. Æ Әйелге өз туған ана-қарындасыңа қа- рағандай мейір-шапа-ғатпен қара.
Æ Екі әйелі бар адам ол екеуінің арасында әділдікті сақтамаса, ахи- рет күніне жарты тәні-мен жетеді.
Æ Алла алдында ең сорақы да жазалауға лайықты іс ерлі-зайып-тылардың ажырасуы. Æ Әйел жататын бөлмеге бірге ту- ғандары мен бала- шағасынан басқа ері- нің рұқса-тынсыз еш-кімнің кіруіне рұқсат етілмейді.
Æ Адал және рұхсат етілген нәрселер іші-нен Алла Тағаланың ұнатпайтыны – талақ айту.
Æ Үйленуге мүмкін-дігі бола тұрып, неке құрмаған адам Ислам дінінде емес.
Æ Бөгде әйелдерге әуестеніп, әуейленуден бой тыйыңдар. Сонда ғана сенің әйелің де мұндайдан аулақ болады. Æ Алла Тағаланың ең жақсы көретін адамы өзінің бала-шағасы үшін пайдалы іс істеген кісі. Яғни, адам мүсә-пірге себін тигізуге мін-детті. Ол үшін алды- мен өзінің бала-шағасы-ның тәрбиесінен кейін мүсәпірлерге көңіл бө- луі керек. Осылайша, қаражат жайы да ше-шіледі.
Æ Пәленің ауыры – өзі кедей, бала-шағасы көп болуда. Қолыңыз-да болса, сондай туыс- тарыңызға көмектесіңіз.
Æ Дәулеті жеткілікті болса да, қатыны мен балаларына тарлық жасайтын адам – жаман адам.
Мен 12 жастамын. Таң намазы мен құптан намаздарын оқып жүрмін. Құптанды оқыған соң, сүннетін де оқып жүрмін. Сүннет оқығанда басында қамат айтылады ма? Мен айтып жүр едім.
Талант
Қамат тек парыз намаздарында айтылады. Сүннет намаздарында қамат айтылмайды.
Мазхаб жайында сұрайын деп едім. Мазхабтардың ең абзалы Абу Ханифа мазхабы екені хақ. Ал басқа мазхабтағылардың құлшылықтарында көп күмәнді істерді байқадым. Өйткені жақын бір танысым шафиғи мазхабында. Ол мазхаб бойынша дәрет алғанда носкидің сыртынан масих тарта салғанын өз көзіммен көрдім. Намазда да ерсі қылықтар көп жасайды, аяғын талтайтып қояды, қолдарын сәждеге барардың алдында көтереді және т.б. Осылардікі қаншалықты дұрыс.
Қайрат
Абу ханифа мазхабында ондай әрекеттерді жасау мәкрух, яғни сауаптар кемиді. Олар мәзхабтың сыртындағы амалдар. Нәскидің үстіне масих жасап намаз оқу дәретсіз намаз оқығанымен бірдей, себебі ешбір ғалым оған рұқсат бермеген.