Ислам асыл дініміз

Намаз оқығанда күндіз жұмыста қолтимейді. Сол себепті жинап оқуға болады ма? Үйден таң намазын оқып шықсам, бесін, екінті, ақшам және құптан намаздарын жинап бірге оқуға болады ма? Тағы бір сұрағым тіліңді қалай келтіруге болады? Бірінші кезде қиындау болып, әрі қарай үйренуге болатын шыған деп ойлаймын. Сосын тұрмыс құрмаған қыз баласы гнамаз оқыса, жұмыс күндері орамал тартып, ұзын көйлек киіп жүруі міндет пе, жоқ әлде бола береді ме?

Іңкәр 

Амал жоқ қаза болады. Қазаны да оқисыз. Демалыс күндері толық оқыңыз. Тіліңіз  ақырындап кәлимаға келеді.

«Ясин» сүресін қайдан табуға болады ?

Сайтымызда аудиомәліметтер бөлімінде бар.

Үйімде араб тілінде жазылған екі Құран кітәбы бар. Маған сол кітаптарды бір қазақша нұсқасына ауыстырып бере аласыздар ма? Араб тілін білмегендіктен, азақша мағынасын оқып білсем деймін.

Данияр

«Һибатулла Тарази» медресесіне келіп, ұстаздарға жолықсаңыз болады.

Менің Аллаға шүкір, қазір 8 ай болды  аяғым ауыр. Намазды отырып оқимын. Бірақ, отырып оұығанның өзінде балам қабырғама тіреліп кетеді. Намазды оқып болғанша, ішім ауырып қиналып кетемін. Бірақ, намазды тастағым келмейді. Намазды оқи берудің басқа амалы бар ма және не істеу керек?

Гүлназ 

Аллаһ жеңілдігін берсін. Қатты иілмеңіз.

Түсімде Құран Кәрім суға батып бара жатыр және мені де тартып бара жатыр екен. Түсті жорып берсеңіздер. Және түсімде Пайғамбарымызды (с.а.у.) көрдім. Үйге есекпен келді де, қарап тұрды жанында сахабалары бар секілді. Түсімді жорып берсеңіздер. Және Құран Кәрімді электонный түрде оқығанның сауабы кітабын оқығанмен тең бе? Мысалы сүрелерді дәретсіз жай кезде өзің далада жүргенде айтып жүре беруге болады ма? Таң намазының пайдасы туралы жазсаңыздар?

Рауан

Түс жорымаймыз. Түс көргеннен кейін азанда дұға етіңіз: «Аллаһ Тағалам жақсы болса орындалсын,  жаман болса жамандығынан сақта», - деп.

Құранның арабшасын оқысаңыз, сол сауапқа ие боласыз.

Сүрелерді дәретсіз жүргенде айтып жүреуге болады. Намазда және Құранды ашып оқығанда дәрет керек.

Хадис: «Кімде кім таң мен асыр намазын қаза етсе, дүниесін жоғалтқанмен тең».

Әйелдердің  намаз оқу үлгісін қалай жүктеп алуға болады?

Гүлжанар 

Сайтымызда намаз оқу үлгісі бар, сол жерден алсаңыз болады.

Таң намазын азаңда оқып кетіп, ортадағы намаздарды оқуға мүлдем уақытымыз болмаса кешкі намазда барлығын қосып оқуымызға болады ма?  Яғни, күніге осылай оқыса болады ма?

Ақтөре 

Егер уақытында оқуға еш мүмкіндігіңіз болмаса, амал жоқ солай оқисыз. Мүмкін болса қаза етпеуге тырысыңыз.

Мен намаз оқимын. Кейде мешітте, жұмыста намаздарда азан шақырамын.  Бірақ, азаннан кейінгі дұған білмеймін. Осы дұғаның орнына не айтсам болады? Қазақша болса да. Және құптан намазынан кейінгі үтір-уәжіп намазында үшінші ракағатта оқылатын дұғаны білмеймін. Оның орнына не оқып айтсам болады?

Нұрманбет  

1. Азан айтылып жатқанда бірге іштей қайталауға болады. Азан дұғасынан басқа ештеңе айтылмайды, ертерек жаттап алыңыз. 2. Құныт дұғасы айтылады. Білмеген жағдайда «Фатиха» сүресін оқуға болады, бірақ оны да уақытша жаттау керек. 

Тұрмыс құрмай тұрып, мектепте, колледжде оқып жүргенде ораза ұстайтын едім. Тұрмысқа шыққан соң ұстаған жоқпын. Намаз оқығым келеді. Тұрмысқа шыққан соң 3 жыл аяғым ауыр болғаныммен, балаларымды қолымда ұстай алмадым. Күнде ұйықтар алдында Құдайдан жалынып сұрайтын едім, қазір Құдайға шүкір 3 баламыз бар. Қазір қалай оқып, үйрену керек екенін білмеймін. Ғаламтордан қараймын, түсінбедім көбін. Қалай үйренкге болады?

Нұрзада 

Сайтымызда намаз оқу үлгісі бар. Немесе орталық медреседе қыз-келіншектерге  сабақ болады, келсеңіз болады.

Менің намаз оқығым келеді. Бірақ, қалай бастайтынымды білмеймін. Әлде қорқамын ба?  Менің қасымдағы құрбыларымның барлығы намаз оқиды. Маған да оқы деп қанша рет айтты. Сүрелердің жартысын жаттап қойдым. Бірақ, намаз оқыған кезімде қателіктер жіберіп қоямын ба деп қорқамын. Және  хиджаб кигенге менің әкем қарсы. Әлде хиджаб кигендер басқа ағымға түсіп кетеді деп ойлайды ма? Сіздер қалай ойлайсыздар?  

Гаухар 

Намазға бастағаныңыз дұрыс. Намазда шатасып қателессек, Аллаһ кешіреді, уақыт өте түзеледі. Хиджаб болмаса да, ұзын киім киіп жүріңіз.