Ислам асыл дініміз

Құптан намазы 10 ракаттан деп сайтта жазылған. 4 ракат бекітілмеген сүннет,  ракат парыз және 2 ракат бекітілген сүннет, 3 ракат үтір уәжіп.0 Мен  құптанды 13 ракат оқимын. Бекітілген, бекітілмеген сүнетті түсіндіре кетсеңіз. Менің 13 ракат оқығаным дұрыс па?

Аида  

Құптан намазы 4 парыз, 2 сүннет және 3 үтір уәжіп намазынан тұрады. Алдыңғы 4 сүннетті кейде Пайғамбарымыз (с.а.у.) оқыған екен, сол себепті кейде-кейде оқып тұрсаңыз болады.

Сіздерге көп рахмет! Алла разы болсын! Сәл де болсын көңілімдегі сұрақтардың жауабын алдым. Тағы бір сұрағым, егер ерімнің ата- анасы (әкесі) үй ішінде ұрыс-керіс,  айқай-шу шығарып, дастархан басында ұлдарын, немерелерін балағаттап отыратын адам болса оған қалай шыдауға болады? Жалпы айтқанда өз балаларын кезінде керекті оқумен, жұмыспен қамтамасыз етпеген тек солардың бар тапқанын өздері алып, келіндері мен оның бала-шағасын ескермей, бірақ көп нәрсені талап ететін болса оған қандай ақыл-кеңес берер едіңіздер?  Күйеуіме бөлек шығу туралы айтсам, ол маған күнә емес пе? 

Әке-шешенің міндеті ат қою, сүндетке отырғызу, от басы ету, екі  дүние ілімін беру керек. Жағдай Сіз айтқандай болса бөлек шыққан дұрыс болар.

Пайғамбарымызға (с.а.у.) бір сахаба сұрақ қойыпты: «Адам адамға тағзым етеді ме» деп.  Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Жоқ, егер адам адамға тағзым етер болса, онда әйелді ер адамға тағзым жасататын едім», - депті.  Осының мағынасын түсіндеріп бере аласыз ба?

Сания

Тағзым дегеннен мақсат сәжде ету. Алладан басқаға тағзым етілмейді рұқсат жоқ болса, әйелдің еріне сәждесі болар еді деген мағынада.

Сіздердің мешіттеріңізде студенттерге тәджуит, Құран оқып үйренуге болады ма, егер болса қай күндері, қай уақыттарда?

Асадулла

Оны толығырақ медресеге келіп білу керек.

Үтір уәжіп намазының соңғы үшінші ракағатында  «Құныт» дұғасының орнына «Ықылас» сүресін, я болмаса «Роббана» дұғасын ои аламын ба?  

Қызғалдақ 

Болады,  бірақ жаттап алғанша рұқсат.

Мен банкте қызмет етемін. Маған сол жерде қызмет етуге болады ма? Жұмысқа таң намазын оқып кетемін., жұмыстан келген соң құптанды уақытылы оқимын.  Ортадағы намаздарым ұаз болып қалады. Сол қаза намаздарды үтірден кейін оқимын ба? Әлде қазаны оқып, үтірді оқимын ба?

Нұрсұлтан 

Қызмет етуге болады. Қазаны үтірден кейін оқисыз. Мүмкін болса түскі демалыс уақтында бесінді оқып алсаңыз болады.

Боза ішуге болады ма? 

Бозаның жаңадан жасалғаны болса, ішуге  болады. Уақыты өтіп кеткеннен  кейінгісі болмайды, себебі мастық әсер береді.

3 айлық қызым жиі шошып оянады, жылайды. Неге? Не істеуге болады?

Ляззат

«Ықылас», «Фаләқ», «Нас» сүрелерін оқып қойсаңыз болады.

Мәзи, мәни, уәди деген не? 

Нұрсұлтан 

Мәни: Жыныстық қатынастан кейін немесе мастурбация соңында шәһуетпен (ләззатпен) және толқып шығатын жабысқақ сұйықтық. Еркектің мәниі сперма деп аталады. Әйелдікі сарғыштау болады. Ғұсыл керек.

Уәди: Зәр шығарғаннан кейін шығатын ақ, тұнық, жабысқақ сұйықтық. Дәрет керек.

Мәзи: Ләззат алу кезінде шығады. Шаһуеттенгенде, ұятсыз суреттерге қарағанда немесе шаһуетпен сүйіскенде және құшақтасқанда немесе осы сияқты нәрселерді ойлағанда ағатын бірнеше тамшы түссіз (мөлдір) сұйықтық.  Дәрет керек.

Мен тек 2 уақыт намаз оқып жүрмін. Таң мен құптанды. Басқасын оқымаймын, өйткені қалған кезде сабаққа барамын. 7-сыныпта оқимын. Бұл істегендерім дұрыс па? Бұрыс па? Әлде күнә ма?

Талант

Еш болмаса сол намаздарыңызды тастамаңыз. Демалыс күндері толық оқыңыз.