Мәйітханада жұмыс істеуге болады ма? Ол күнә болады ма?
Махмуд
Шариғатта қатыгез болудан сақтану үшін, басқа жұмыс істегеніңіз жөн.
Ата-дәстүрімізден белгілі, өыз алысқанда жеті атадан асу керек. Бірақ, арабтарда ондай дәстүр жоқ. Осыған байланысты менің сұрағым: Пайғамбарымыз (с.а.с.) өз қызын ағайын туысының ұлына ұзатты. Бізде бұл харам емес пе? Неліктен осындай жағдай болған? Мұны сұрап отырғаным, жақында бір қазақ бауырым (дінге сенбейді) сөз таластарып едім. Ол осы сұрақты қойғанда, не дерімді білмей, абдырап қалдым.
Қайрат
Дінімізде ер кісіге үйленуге болмайтын әйелдер қауымын екі категорияға бөліп қарастырады:
1. Өмір бойы бір-бірімен үйленуге болмайтындар:
2. Уақытша үйленуге болмайтындар: Бұл категориядағы кісілермен некелеспеу – уақытша кедергілерге сүйенеді. Кедергілер жойылысымен, некелесу құқы туындайды. Олар:
Ал, мұсылман қыз тек мұсылман жігітке тұрмысқа шыға алады. Өзге діндегілерге күйеуге шығуы тыйым салынады[17]. Өйткені әйел өз еріне тәуелді. Мұсылман емес ері, әйелдің әлсіздігін пайдаланып, оның наным-сеніміне кері әсерін тигізіп, намаз, ораза сияқты діни амалдарын орындауға кедергі жасайды. Оның үстіне дүниеге келген ұрпақтары өзге діндегі әкесінің дініне өтетіні мәлім. Бұл – Исламның мұсылман ұрпағын көбейту түсінігіне теріс. Өйткені ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у):«Үйленіңдер және көбейіңдер! Қиямет күні үмметімнің көптігімен мақтанамын», – деген.
Қорыта келе айтарымыз, «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» - демекші өркениетті қоғамды құрайтын басты фактор - баянды отбасы. Оның баяндылығы мен беріктігі кейбір мәселелерге мән берудің арқасында туындайды. Соның бастапқы қадамы – пәк неке, таза ұрпақ алып келу. Оған қол жеткізу үшін Ұлы жаратушы Иеміздің пенделеріне міндеттеген үкімдеріне аса мән беруіміз керек.
[1]Тәсһилуль Қудури – 2/7 бет.
[2]Ниса – №23 аят.
[3]Ниса – №23 аят; Сахих Бухари
[4]Проф.Доктор У.Зухайли, әл-Уәжиз – 3/65 бет.
[5]Қыз алысып, қыз беріскен, сүйек шатысы бар (адамдар). Қ.Ә.С.; құдалық арқылы дос, жолдас болған адамдар. (مُصَاهَرَةٌ - вступление в родственные отношения путём брака)
[6]Фатауа әл-Һиндия – 1/302 бет: Бірақ анасымен қатынасқа түспеген болса немесе онымен оңаша қалмаған болса ол басқа;
[7]Ниса сүресі – №23-аят.
[8]Ниса сүресі – №24-аят.
[9]Бақара – №235 аят.
[10]Бақара – №228 аят.
[11]Мына сілтемеге кіріңіз: [12]Ниса сүресі – №23 аят.
[13]Фатхул бари – №4819 хадис.; Хидая – 3/13 бет.; Осындай некенің үкімі: бір некедегі апалы-сіңлілі екеуінің қайсысын екінші кезекте некелеген болса, соның некесі бұзылады да, бірінші кезекте қиылған некесі сол күйінде қалады. Ретін білмеген жағдайда екі неке де бұзылады. (Проф.Доктор У.Зухайли, әл-Уәжиз – 3/73)
[14]Бақара – №230 аят.
[15]Бақара – №221 аят.
[16]Маида – №5 аят.
[17]Мүмтахина – №60 аят.
Мастурбация жасау күнә ма?
Нұрсипат
Истимна – мастурбация деген сөз. Ал бұл нәрсе, қай жолмен болса да, өз-өзін қанағаттандырып оргазмға жету деген сөз. Бұл нәрсе, егер тек ләззат алу үшін жасалса харам болады. Тынышталу үшін жасалса жаиз (рұқсат), зина жасау (некесіз қатынас) қаупінен құтылу үшін орындалса, уәжіп болады. Демек, тек қана ләззат алу мақсатымен мастурбация жасау күнә болады. Бірақ, адам қатты қысылып, өзін тынышталдыра алмайтын жағдайға келіп, мазасызданса, сол кезде жаиз болып, күнә болмайды. Егер еркек немесе әйелдің жыныстық құмары зина жасауға себеп болайын деп тұрған болса, зинаның алдын алу үшін мастурбация арқылы оргазмға жетіп, өзін қанағаттандыруы, тынышталуы уәжіп болады.
Мастурбация жасалып мәни келген жағдайда ғұсыл алу қажет болады, егер ораза тұтқан болса, ораза да бұзылады.
Әйелдерде мәнидің келуі қиынырақ болады. Мәни келмеген болса, мәзи деп аталатын сұйықтық келген болса, ғұсыл қажет емес. Мәни адамды дірілдетіп келеді, денеде тырысулар болады. Келген сұйықтың мәзи немесе мәни екенін осылайша түсінуге болады.