Ислам асыл дініміз

Ломбардтан алып сату үшін тауар алу қаншалықты дұрыс? Мысалға, техника (ноутбуктар, телефон, т.б.). Өзім алып сатумен айналысамын. 

Талғат 

Нақты ақшаға сатып  алсаңыз болады. Пайызға тиым салынады.

Көз тимесін деген ниетпен тағылатын амулет тастарды тағу дұрыс емес екенін естідім. Сұрайын дегенім, менің үйімде сондай амулет тас бар, бірақ ішінде «Алла» деген тағы бир неше арабша жазулар бар. Лақтырып жіберейін десем, ішінде «Алла» деген жазу бар, соны не істесе болады? 

Дінде көз тию бар «Назар адамды қабырға, түйені қазанға түсіреді» деген хадис бар. Содан көзі бар адамдардан сақтану үшін жылтырақ, көз моншақ тағып немесе күйе  жаққан. Бұл амалдардың ешбіреуі  Исламға қарсы емес. Арабша жазылған болса тартпаларға салып қойсаңыз болады.

Қлым Диас қазір 8 жаста. Ол к.нде намаз үйретіңдер дейді. Намазды қалай үйретіп бастасам екен? Өзім намаз оқимын.

Динара 

Білгеніңізді үйретіңіз. Сайтымызда намаз оқу үлгісі бар. Әйелдер мен ерлердің намаз оқу арасында айырмашылықтар  бар. Соған көңіл бөлсеңіз, қалғаны бірдей.

Мен таң намазын оқығым келеді. Тек таң намазын оқыса болады ма?

Анар 

Қай намаздан болсада бірінші тәуекел етіп бастау керек. Таң намазы болса да бастаңыз. 

Мен медреседе оқығым келеді. Ата-анам қарсы болса не істеймін?

Әлібек 

Әке-шешеңізбен бірге келіп, медресе ұстаздарымен жолықсаңыз болады.

Медреседе Құранды араб тілінде оқуға үйретеді ме? Егер үйрететін болсаңыздар,  қандай құжаттармен қабылдайсыздар?

Сандуғаш 

Жеке куәлікпен келсеңіз болды. Күндіз оқитындарға құжат керек емес.

Мен келіншегіммен ЗАГС-те тіркелгенбіз. Бірақ, шариғат жолымен некеміз қиылмаған. Барып, қидыруымыз керек пе? Және некесіз туылған бала харам деп естідім, сол рас па?

Нұрлан 

Некеде бірінші ризалық және ел алдында жария ету керек. Сол себепті,  зинаға жатпайды. Дегенмен, ертерек барып некелеріңізді қидырсаңыз болады. 

Таң  намазын ғана оқуға болады ма? Оқуға болған жағдайда күйеуім бар, күнде ғұсыл алу керек пе?

Мөлдір 

Әрине, қай намаз болса да бастағаныңыз дұрыс. Ал егер қосылған жағдайда ғұсыл алу керек. Ал егер, сол сәтте алуға мүмкіншілік болмаса таяммум (құрғақ ) дәрет аласыз.

Мен жұма намазға барып жүрген едім. Енді сабақ кестесі ауысып, сабақ 13:00-ден 14:15-ке дейін болатын болды. Не істесем болады? 

Жұма намаздың орнына бесін намазын оқисыз, себебі жұма намазы уақыты бар, басы бос адамға парыз. Ілім алу да парыз.

Намаз оқығанда дұғаны ұмытып, кейде оқымай қоятын кезім болады. Бұл намаз қабыл болады ма?

Жолжан 

Әрине қабыл деп толық сенім керек. Ешкім қабыл болмады деп айта алмайды.