Құранды телефонға аудио түрінде жазып тыңдауға болама? Тыңдауға болатын болса, сол телефонмен қандай жерлерге кіруге болмайды?
Дәурен
Болады тек ласты жерлерде, моншада, әжетқанада болмайды. Сайтымызда Аудиомәліметтер бөліміне кірсеңіз болады.
Ақшаның зекетін қалай есептеуге болады, яғни қазіргі 85 грамм алтын қанша теңге болады?
1- Зекет нисабы (байлық мөлшері) 20 мисқал, яғни 85 гр алтын немесе құны осы шамадағы ақша немесе сауда-саттық заттары. Зекет нисабына ие болған адам дінімізде бай деп саналады.Қазіргі күнде 1 гр 3000 тенгеде яғни 255 000 тегнесі бір жыл айналымда жүрсе содан беріліледі.
2- Зекетке жататын мал-мүліктердің немесе ақшаның бір жыл ішінде азайып көбеюіне мән берілмейді. Нисабқа ие болған күннен бастап бір жылдан кейін қолда бар мал-мүлік нисаб мөлшеріне жететін болса, қырықтан бір бөлігі зекет ретінде кедейлерге беріледі. Нисабқа жетпейтін болса берілмейді. Зекет пайдадан емес, сауда тауарларынан немесе ақшаның толығынан беріледі.
3- Алашақтар (алынатын қарыздар) нисаб есебіне қосылады. Бірақ бұл алашақтардың зекетін ақша қолға түскеннен кейін береді. Алмай тұрып та беруге болады. Берешектер (берілетін қарыздар) ақшадан немесе мал-мүліктен алынады. Қалған бөлігінің зекеті беріледі. Он жылдан кейін алынатын ақша да нисаб есебіне қосылады. Он жылдан кейін төленетін қарыздар да нисаб есебінен алынады.
Мен бүгін азаңда тымауратып ауырып қалдым. Басымды көтеруге шамам келмеді. Бірақ, таң намазын оқыдым. Одан кейін қалған намаздарым оқылмай қалып кетті. Кешке тәуір болсам, оқимын деген едім. Бірақ, әлім болмады. Бұл күнаға жатады ма?
Гүлназ
Ұйықтап қалу, ауру сырқау себепті намаз қаза болады. Оқи алмағаныңызды қаза ретінде парыздарын оқисыз. Алла шипа берсін.
1. Мен тұрмыстамын 1 жыл болды. Намазды жақында бастадым. Күйеуім екінші әйел аламын деді. Мен разылығымды бердім. Бірақ, біз қазір жалдамалы пәтерде тұрамыз. Жағдайымыз орташа. Мұндай жағдайда екінші әйел алуға болады ма? Әлде, бірінші әйелінің жағдайын жасап, екінші әйел алу керек пе? 2. Күйеуім көп әйелмен сөйлеседі. Менің көзімше де сөйлесе береді. Әрдайым ұйықтар алдында да үйге келген соң да, әлеуметтік желілерден шықпайды. Ұйықтағанша телефоны қолынан түспейді. Басында жылайтын едім. Маған тез ашуланады. Қазір мен тіпті бұл қылықтарына үйреніп кеттім. Бұл дұрыс па?
Айсана
Діни кітаптарда айтылуы бойынша: «Төртке дейін үйлену уәжіп, тіпті мандуб (мүстаһаб) та емес. Тек қажеттілік туындағанда ғана рұқсат етілетін тірлік. Бірден артық үйлену дініміздің әмірі емес. Сол себепті әйелдер де оны қабыл етуге, онымен келісуге мәжбүр емес.» (Ниъмат-ул-ислам кітабы)
Бір еркектің екінші әйелге үйленуі үшін, бірінші әйелдің құқтарын қорғайтын материалдық және әлеуметтік шарттар бар. Екінші әйелдің де өзінше бөлек құқықтары бар. Осы екі жақтың шарттарын толық орындауға мүмкіндігі, әлі жетпейтін адамның екінші әйелге үйленуіне дініміз тыйым салған.
«Ешбір қажеттілік, зәру жағдай болмастан екінші некеге тұрып, бірінші әйелді ренжіту харам болады. Қазіргі тұрмыстық шарттардың ауырлығын ескеретін болсақ, екінші әйелге үйленудің жаиз болмай шығуы да әбден мүмкін.» (Баршаға қажетті иман кітабы)
Егер де мен имамға бесін немесе екінті намазы кезінде (бұл намаздарды негізі іштен оқиды дейді жамағатпен болса да) ұйығанда ішімнен «Фатиха» мен қосымша сүрені өз бетімше оқуыма болады ма немесе имам оқыған жеткілікті ме? Пайғамбарымыздың (с.а.у.) «Имаммен жарыспаңдар» деген сөзін қалай түсіндіресіз?
Айболат
1. Қай намаз болса да, имамға ұйығанда барлық оқылатын қырағатты имам жамағат үшін оқиды имамға тапсырамыз.
2. Пайғамбарымызбен (с.а.у.) жарысып жамағат оқитын намаздан кейін имамның оқығаны жамағат үшін жеткілікті деген. Яғни имамның оқығаны болады.
Мен келіншегіммен көп керісіп қаламын. Қалай қоюға болады? Бір жағдай болды. Мен Құранды айтып отырдым. Келіншегім қазіргі заманды айтып отырды. Менің дауысым қаттырақ шығып кетті, соған қызым шошып оянып, келіншегім маған айқайлады. «Құраның құрысын, өтірік зат» деді. Солай айтқанына мен жынданып, келіншегімді боқтап тастадым. Қайын атамның үйінде тұрамыз. Бірдеңе десем, үйден кет дейді, ажырасайық дейді. Мен бірақ келіншегімді қатты жақсы көремін. Жақсы көретінімді қалай көрсетсем болады? Құранға қалай сендіремін? Маған үйден кет дегенде жүрегім жаман болады. Өмірдің мәнісі болмай қалады. Не істеуім керек?
Нұрлан
Ашу шақыру шайтаннан. Ақырындап түсіндіру керек. Мүмкін, Сіз түсіндіре алмаған шығарсыз.
Қаза болған намазды қалай оқыған дұрыс?
Айбек
Қаза намаздардың тек парызы оқылады. Азан, қамат айтылады. Сүннеті оқылмайды.
Мен тұрмыстамын. Дін жағынан хабарым бар. Күйеуім екінші әйел аламын дейді. Мен разылығымды бердім. Бірқа, өзіміз жалдамалы пәтеде тұрамыз, жағдайымыз орташа. Бірінші әйелінің жағдайын толыққанды жасамай тұрып, екінші әйел алуға болады ма?
Айсана
«Төртке дейін үйлену уәжіп, тіпті мандуб (мүстаһаб) та емес. Тек қажеттілік туындағанда ғана рұқсат етілетін тірлік. Бірден артық үйлену дініміздің әмірі емес. Сол себепті әйелдер де оны қабыл етуге, онымен келісуге мәжбүр емес». (Ниъмат-ул-ислам кітабы)
Бір еркектің екінші әйелге үйленуі үшін, бірінші әйелдің құқтарын қорғайтын материалдық және әлеуметтік шарттар бар. Екінші әйелдің де өзінше бөлек құқықтары бар. Осы екі жақтың шарттарын толық орындауға мүмкіндігі, әлі жетпейтін адамның екінші әйелге үйленуіне дініміз тыйым салған.
«Ешбір қажеттілік, зәру жағдай болмастан екінші некеге тұрып, бірінші әйелді ренжіту харам болады. Қазіргі тұрмыстық шарттардың ауырлығын ескеретін болсақ, екінші әйелге үйленудің жаиз болмай шығуы да әбден мүмкін». (Баршаға қажетті иман кітабы)