Ислам асыл дініміз

Перзент тілеу дұғасын жазып берсеңіздер екен.

Раушан 

Бір тілегі бар адам төмендегі дұғаны оқуы керек. Көзі көрмейтін бір кісі пайғамбарымызға келіп: «Ей Расулаллаһ! Аллаһу та’алаға дұға ет, көздерім ашылсын» деді. Пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уәсәлләм”:«Жақсылап дәрет ал! Сосын, Йа Раббым, Саған жалынып-жалбарынамын. Сүйікті Пайғамбарың Мұхаммед алейһиссаламды уәсилә етіп (ортаға қойып), Сенен сұраймын. Ей ең сүйікті Пайғамбарым Мұхаммед алейһиссалам! Сені уәсилә қылып, Раббыма жалбарынамын. Сен үшін дұғамды қабыл етуін қалаймын. Йа Раббым осы ұлы пайғамбарыңды маған шапағатшы қыл. Оның құрметі үшін дұғамды қабыл ете гөр.» деп дұға етуін айтты. Ол кісі дәрет алып осылай дұға етті. Сол мезетте көздері ашылды. (Тирмизи)  Хадис шәрифте былай бұйырылды:

«Аллаһтан немесе адамдардан бір қалауы болған адам, жақсылап дәрет алып екі рәкат намаз оқысын! Кейін Аллаһу та’алаға хамд етсін, расулына салауат айтсын, кейін мына дұғаны оқысын:

“Лә илаһә иллаллаһ-ул-халим-ул-кәрим. Субханаллаһи Рабил-арш-ил-азыйм. Әлхамду лилләһи раббил аламин. Әсәлукә мужибати рахмәтикә уә азаими мағфиратикә уәл ғанимәтә мин кулли биррин уәссәламатә мин кулли исмин лә тәда ли занбән иллә ғафәртәһу уәлә һәммән иллә фәррәжтәһу уәлә хажәтән хиә ләкә ридан иллә қадайтәһә йа әрхамаррахимин.”» (Халеби)

Мүмкін болса Қажет намазы екі, төрт немесе он екі рәкат қылып оқылады. Бірінші рәкатта Фатихадан кейін үш рет “Аятәл күрси” оқылады, басқа рәкаттарында “Фатихамен” бір реттен “Ихлас”, “Фәләқ”, “Нас” сүрелері оқылады. Немесе әр рәкатта “Фатиха”, “Аятәл күрси” және “Ихлас” сүресі оқылады.

Ммен ата-анам үшін ораза ұстасам болады ма? Арабша  Құран оқимын, мағынасын түсінгім келеді. Қандай  курстарга барған жөн.  Қарағанды қаласында сенімді әрі адал курстар бар ма?

Роза 

Орталық мешітпен хабарласызың. Ата-аналарыңыз үшін нәпіл ораза ұстауға болады. 

«Аятуль-курси» дұғасын қай кезде оқу керек?

Мейірбек 

Барлық жағдайда оқылады, яғни үйден шыққанда, қорыққанда, намаздан кейін, т.б таза жағдайда оқылады.

Қарилыққа қай жерге барсақ болады? мен Көкшетауда тұрамын. 

Астана қаласында «Нұр-Астана» мешіті жанында курс бар. Хабарласыңыз. 

Біздің неке құрғанымызға биыл 13 жыл толады. Біз  некелескенде «Əзілхан ишан»  мешітіне бардық.  Ол  кезде еш жерге тіркеп жазған жоқ, біз қайтадан мешітке барып тіркеліп, қайта неке қидыруымыз керек пе?

Нұрсұлу

Тіркетіп қайтадан қидырудың қажеті жоқ. Қидырған некеңіз болады.

Мешітте құбылаға қалай намаз оқиды? Және не үшін  құбыла жақта бас имамның алдында бір домалық ойыс сияқты шығып тұрады? Соны қалай түсінуге болады?

Нұрберген 

Имам намаз оқығанда жамағат алдына шығып, сіздің ойыс дегеніңіз «михраб» деп аталады, сол жерде тұрып намаз откізеді.

Шариғатта әйелі күйеуін қызғануға болады ма? Ол  туралы қандай хадистер бар?

Қуаныш  

Қызғаныш – адам бойында біткен ең жақсы мінездің бірі. Қызғаныш – ер мен әйелге ортақ құп саналатын мінез. Тіпті, бұл мінез үшін адам сауапқа кенеледі. Сағид бин Зайд (р.а.): «Кімде-кім мал-дүниесін қорғап өлсе шейіт, жанын қорғап өлсе шейіт, дінін қорғап өлсе шейіт және отбасын қорғап өлсе шейіт»,-деп риуаят етеді. 

Бірақ, кез келген мінез сияқты оның мөлшері мен шегі бар. Сол себепті орынсыз және шектен тыс қызғаныштың жаман мінезге айналары сөзсіз. Бұл жағдайда қызғаныш адамның өзіне де, отбасына да жақсылық әкелмейді.

Хадисте: «Қызғаныштың Алла Тағала құп көретіні және жақтырмайтыны бар. Тәкаппарлықтың да Алла Тағала ұнататын және ұнатпайтыны бар. Алла Тағала құп көретін қызғаныш себеппен болғаны. Ал, себепсіз қызғанышты жақтырмайды. Алла тағала ұнататын тәкәппарлық соғыс алаңында болғаны, ал байлығы және даңдайсуы себепті болғанын жақтырмайды», – деп айтылған.

Жұма Намазының оқылуын жазып берсеңіздер.

Азан шақырылғаннан кейін 4 ракағат сүннет, кейін 2 ракағат парыз оқисыз. Сосын 4 ракағат сүннеттен тұрады.

Медреседе кешкі уақытта дәріс береді ме? Дәріс берсе уақытын айтсаңыз, қандай құжаттармен бару қажет?

Бағлан 

Шам намазымен құптан арасында орталық мешітте сабақ болады.

Менің көзім алыстан нашар көреді. Соны  Құран немесе дұға, сүре айтып емдесе болады ма? Қандай  дұға айтса болады?

Бекжан

Көзі көрмейтін бір кісі пайғамбарымызға келіп: «Ей Расулаллаһ! Аллаһу та’алаға дұға ет, көздерім ашылсын» деді. Пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уәсәлләм”:«Жақсылап дәрет ал! Сосын, Йа Раббым, Саған жалынып-жалбарынамын. Сүйікті Пайғамбарың Мұхаммед алейһиссаламды уәсилә етіп (ортаға қойып), Сенен сұраймын. Ей ең сүйікті Пайғамбарым Мұхаммед алейһиссалам! Сені уәсилә қылып, Раббыма жалбарынамын. Сен үшін дұғамды қабыл етуін қалаймын. Йа Раббым осы ұлы пайғамбарыңды маған шапағатшы қыл. Оның құрметі үшін дұғамды қабыл ете гөр.» деп дұға етуін айтты. Ол кісі дәрет алып осылай дұға етті. Сол мезетте көздері ашылды. (Тирмизи)  Хадис шәрифте былай бұйырылды:

«Аллаһтан немесе адамдардан бір қалауы болған адам, жақсылап дәрет алып екі рәкат намаз оқысын! Кейін Аллаһу та’алаға хамд етсін, расулына салауат айтсын, кейін мына дұғаны оқысын:

“Лә илаһә иллаллаһ-ул-халим-ул-кәрим. Субханаллаһи Рабил-арш-ил-азыйм. Әлхамду лилләһи раббил аламин. Әсәлукә мужибати рахмәтикә уә азаими мағфиратикә уәл ғанимәтә мин кулли биррин уәссәламатә мин кулли исмин лә тәда ли занбән иллә ғафәртәһу уәлә һәммән иллә фәррәжтәһу уәлә хажәтән хиә ләкә ридан иллә қадайтәһә йа әрхамаррахимин.”» (Халеби)