Ақида жайлы бір сұрағым бар еді. Салафи ағымындағы бір жігіт маған бір сұрақ қойды: егер Аллах Тағала мекенсіз болса, онда неге Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір түнді айтты (қазір есімнен шығып кетті), сол түні 7 қабат аспанға көтерілді деді. Неге деп қоя берді. Соған жауап берші. Егер шынымен Аллах Тағала мекенсіз болса, неге 7 қабат аспанға көтерілді, деп өзіме сұрақ қойды. Соған жауап бере алмай қалдым. Сол оқиға жөнінде және сол оқиғадан нені түсінуге болады?
Айболат
Миғраж түні. Ислам ғалымдары былай дейді: «Миғраж рух және денемен бірге жүзеге асты. Аятпен көрсетілгендіктен, Меккеден Құдысқа апарылғанына сенбеген адам кәпір болады. Көктерге, білінбейтін жерлерге апарылғанына сенбеген адам күнәхар болады».
Расулуллаһ миғражда жұмақты, тозақты, сансыз жерлерді көріп, күрси, арш және рух әлемдерінен өтіп, мекенсіз, уақытсыз, бағытсыз, сипатсыз түрде Аллаһу та’аланы көрді. Ешкім білмейтін, түсіне алмайтын ниғметтерге қауышып, бір сәтте Құдысқа, ол жерден Мекке-и Мүкаррамаға келді.
Имам Раббани былай деген:
Аллаһу та’ала уақытқа, мекенге, бағытқа тәуелді емес. Бір жерде, бір жақта емес. Уақытты, жерлерді, бағыттарды Ол жаратқан. Надандар Оны Арштың үстінде немесе жоғарыда аспанда деп ойлайды. Аршты да, жоғарыны да, төменді де Ол жаратқан. Кейіннен жаратылған нәрсе әзәли, бастаусыз болғанға мекен бола алмайды. Аллаһ зат, дене және газ емес. Ұқсасы, серігі, терісі жоқ. Білетін нәрсеміз, ойымызға, қиялымызға келетін барлық нәрсе Ол емес. Қандай екендігін түсіне алмаймыз, ойлана да алмаймыз. Ойға келген барлық нәрсе қате. Ол ғаламның ішінде де емес, сыртында да емес. Ішінде сыртында болу, бар болған екі нәрсе арасында ойланылады. Бұл ғалам қиял мәртебесінде жаратылған. Қиял мәртебесіндегі әлемнің тұрақты бар болып көрінуі Аллаһтың құдіретімен жүзеге асуда. (2/67)