Менің қайын атам намаз оқиды. Бірақ ол, әулие аралап, Құран бағыштап, өзі адам емдейді. Құранмен оқиды. Оны істемеймін десе, аруақтар қысады дейді.
Қайрат
Намаз оқып, Құран аяттары мен сүрелерімен емдесе дұрыс. Ол да бір қасиет.
Мәлики мазһабындағы намаздың оқылуын, шарттарын, дәрет алуын айтып берсеңіз.
Гүлзира
Малики мазһабында дәрет парыздары:
1) Ниет ету. 2) Бетті жуу. 3) Екі қолды шынтақпен қосып жуу. 4) Басты толығымен мәсіһ ету.
5) Екі аяқты тобықпен қосып жуу.6) Мууалат (Арасын үзбей, мүшелерді бірінен соң бірін жуу).
7) Дәлк (Жуылатын мүшелерді ысқылап жуу).
Намазды бастарда ауызбен, тілмен ниет ету Ханафиде бидғат, Шафии мен Ханбалиде сүннет, Маликиде жаиз. Ханафиде көңілін жинақтай алмайтын адамның тілмен айтып ниет етуі жаиз.
Қиямда тұрғанда Шафииде аяқтар арасы бір қарыс шамасында ашылады. Басқа үш мазһабта төрт елідей шамада ашылады.
Намазда бір рукннен келесі рукнға өткенде айтылатын тәкбірлерХанбалиде уәжіп, басқа үш мазһабта сүннет.
Намазда Фатиха оқу Ханафиде уәжіп, басқа үш мазһабта парыз.
Имамның артында Фатиха оқу Ханафиде тахримән мәкрух,Шафииде парыз. Малики мен Ханбалиде имам дауыстап оқығанда тахримән мәкрух, іштен оқығанда мүстаһаб.
Соңғы отырыста салауат оқу Шафииде парыз, басқа үш мазһабтасүннет.
Үтір намазы Имам Ағзамның үкімі бойынша уәжіп, имамәйн жәнеқалған үш мазһаб бойынша сүннет.
Бес уақыт намаздың парыздарын жамағатпен оқу Ханафи, Шафиижәне Маликиде сүннет, ал Ханбалиде уәжіп.
Жұма намазына имамнан басқа Ханафиде 3, Шафии менХанбалиде 40, Маликиде 12 еркек қатысуы керек.
Ханафи ғалымдарынан көбінің үкімі бойынша тадили әркан уәжіп,имам Әбу Юсуф пен қалған үш мазһаб бойынша парыз.
Ханафиде сапарда жүргенде намаздарды жәм қылу (біріктіру) жаиз емес. Маликиде сапарда, ауырғанда, қараңғы кезде жаңбыр және лай болғанда бесін мен екіндіні, ақшам мен құптанды біріктіріп оқу жаиз.Шафииде сапарда осы намаздарды біріктіріп, тақдим немесе тәхир етіп (алдын ала немесе кешіктіріп) оқу жаиз. Жаңбыр жауғанда да тек тақдим етіп біріктіру жаиз. Ал Ханбалиде сапарда, ауырғанда, әйелдің истихаза (үзірлі) болғанында, зәр және жел ұстай алмау сияқты дәретті бұзатын үзірлерде, жанына, мал-мүлкіне және намысына қауіп төнгенде, күнкөрісіне зиян келетін адамның екі намазды біріктіріп оқуы жаиз.
Шафии мен Ханбалиде әйелдің әйелге имам болуы жаиз, Ханафидемәкрух, Маликиде сахих емес.
Тарауихты он рәкатта бір сәлем беріп оқу үш мазһабта мәкрух,Шафииде сахих емес.
Айт намазы Ханбалиде фарзи кифая, Ханафиде уәжіп, Шафии менМаликиде сүннет.
Бір намазды үзірсіз тәрк еткен адам Ханбали, Шафии жәнеМаликиде өлтіріледі. Ханбалиде кәпір болғаны үшін, қалған екеуінде үлкен күнә істегені үшін өлтіріледі. Ханафиде намазды бастағанға дейін дүре соғылып, қамауға алынады. Ал үзірмен бір немесе бірнеше намазды оқи алмаған адамның жағдайы мынадай: Шафии, Ханбали және Маликидеқазасы бар болған адамның сүннет оқуы харам. Ханбали мен Маликидетаң намазының сүннеті, үтір және айт намазы бұған жатпайды. АлХанафиде сүннеттерді және духа, әууабин, тәсбих, тахийатул мәсжидсияқты нәпіл намаздарды оқу қаза оқудан абзалырақ. Өйткені бұл қазалар бір үзірмен оқыла алмаған, осылай қазаға қалдыру күнә болмағандықтан, сүннеттерді және нәпілдерді оқитындай шамада кейінге қалдыру даХанафиде күнә емес. Бірақ намаздарды әдейі, үзірсіз тәрк еткен адам сүннет немесе нәпіл намаздарды оқуына болмайды.
Алыс мемлекетте қайтыс болған адамның артынан осы жерде жаназа намазы Шафии мен Ханбалиде оқылады, Ханафи мен Маликидеоқылмайды. Шәһидтің жаназа намазы Ханафиде оқылады, қалған үш мазһабта оқылмайды. Өзіне қол жұмсаған адамның жаназа намазы төрт мазһабта да оқылады. Ал Малики мен Ханбалиде мемлекет басқарушысы өлтірген адамның жаназа намазы оқылмайды. (Мизан-и кубра)
Сафари (жолаушы) болу үшін Ханафиде 104 км, басқа үш мазһабта 80 км ұзақтыққа кету керек. Кетерде жолда да сафари болады. Үш мазһабта кірген және шыққан күндерін санамағанда 4 күннен, алХанафиде 15 күннен аз қалуға ниет еткен адам сафари болады. Ханафиде сапарда төрт рәкаттық парыздарды екі рәкат қылып қысқартып оқу уәжіп, Маликиде күнә болмаған сапарда екі рәкат қылып оқу сүннет, Шафии менХанбалиде екі немесе төрт рәкат оқу да жаиз.
Шафии немесе Малики болған, яки тақлид еткен адам мұқим кезінде, қажылықта сафари болған Ханафи имамға ұйып төрт рәкат парыздарды екі рәкат қылып оқитын болса, бұл намаздары сахих болмағандықтан қазасын оқуы керек болады.
Неке қию рәсімі қалай өтеді? Кімдердің қатысуымен, рұқсатымен өтеді? Жалпы неке қию жайында ақпарат алғым келеді?
Мақсат
Дінімізде некелесу – сүннет. Ал зинаға барып қою қаупі болса, онда үйлену уәжіп болады. Отбасы құрып, ұрпақ көбейту – Ислам дінінде қасиетті де ардақты іс. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Үйленіңдер және көбейіңдер! Қиямет күні үмметімнің көптігімен мақтанамын», – деп, үйленудің қаншалықты маңызды екенін айтады. Сондықтан да, осы өсиетті орындаудың жолы – неке қию. Некенің шарттары төмендегідей:
1.Неке сөзі.
Тұрмыс құрғалы жатқан ер мен әйел үйленбек ниеттерін сөз жүзінде білдірулері керек. Бұны «ижәб» және «қабуль» дейді[1]. Неке сөзі «өткен шақта», бір-біріне түсінікті тілде және бетпе-бет отырған кезде (иттихадуль мәжлис) айтылуы тиіс. Мәселен, жігіт «мен сенімен некемді қидым» немесе «сені өзіме жар етіп алдым» т.б. деуі керек, ал қыз сол жерде жауабын беруі керек.
Тағы да айта кету керек, бірінші айтылған сөз (ижәб) үйленуді, некелесуді ашық білдіруі шарт. Ал оған жауапты «қабыл еттім, разымын, келістім т.б.» (қабуль) деген сөздермен беруге болады.
Сондай-ақ, неке сөзі өмірлік некені білдіруі керек. Уақытша некелесуді білдіретін сөз некеге жарамайды. Мысалы, «мен сені бір жылға жар етіп алдым» десе, екінші тарап оған келісім берсе де, ол неке қиылған болып есептелмейді. Бұл Әбу Ханифа және көпшілік ғалымдардың тұжырымы.
2. Ақыл есі дұрыс және балиғат жасына толған болуы керек.
Некелесуді ұйғарған екі жастың екеуі де балиғат жасына толған әрі ақыл есі дұрыс болуы шарт. Ақылы толыспаған бала мен есі дұрыс емес жындының некесі есепке алынбайды. Ақылы толысып, оңды-солын білетін, алайда, балиғат жасына әлі тола қоймаған ұлдың не қыздың некесі қамқоршысының рұқсат беруінен кейін ғана өз күшіне енеді. Балиғат жасына толған қыз өзінің қамқоршысының рұқсатынсыз некелескен болса, Әбу Ханифаның пікір бойынша, ол неке дұрыс болып есептеледі. Ал Имам Мұхаммәдтің тұжырымы бойынша, қиылған неке қамқоршысының рұқсатына дейін өз күшіне енбейді. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.а.у.) қамқоршының рұқсаты маңызды екенін өзінің хадистерінде айтқан.
3. Неке кедергілерінің болмауы.
Үйленгелі жатқан ерлі-зайыпты арасында шариғат бойынша некелесуге тыйым салынған жақын туыстық немесе уақытша кедергі болмауы тиіс. Мұндай кедергісі бар ерлі-зайыптылар неке қиса да некелері дұрыс боп есептелмейді. Мысалы, бірге туған болмау, сүт бауыр болмау, өзгенің некесінде болмау, жігіт өзге дін иесі болмау т.б.
4. Куәгерлердің болуы.
Болашақ ерлі-зайыптылар неке қиярда мұсылман, ақыл есі дұрыс, кәмелетке толған екі ер немесе екі әйел бір ер кісіні куәгер етуі керек. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Куәгерлерсіз неке жоқ», – деген. Куәгерлерсіз қиылған неке шариғат бойынша неке болып есептелмейді.
5. Қызға тең келер жігіт. Үйленген жігіті теңі болмай шықса да, қиылған неке дұрыс. Десе де, Ханафи мәзһабы бойынша, қыздың үйленгісі келген жігіті: біріншіден, қыздың тегіне сай; екіншіден, мәһрін беріп болашақта нәпәқамен қамтамасыз ете алатын; үшіншіден, қыздың «діні» мен «тақуалығына» сай болғаны жөн. Өйткені, ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у) бұл жайында: «Әйелдерді тек теңіне үйлендіріңдер...», – деген. Теңіне шықпаған жағдайда, оның қамқоршысы қызға тиер зиянның алдын алу мақсатында соттан некенің бұзылуын талап ете алады. Бірақ, ол неке дұрыс.
6. Мәһр[2].
Мәһр көлемі бекітілмей немесе мәһр бермеуге келісіп, қиылған неке дұрыс. Алайда, «мәһр мисл» есептеліп берілуі тиіс. «Мәһр мисл» дегеніміз – қыздың туыстары арасында қай жағынан алғанда да өзіне тең әйелдерге берілген мәһрдің көлемі. Қамқоршысының рұқсатынсыз теңі болмаған жігітке үйленген қыздың мәһрі «мәһр мислдің» көлемінен аз болса, оны толықтырмайынша, қыздың қамқоршысы некенің бұзылуын талап ете алады.[3]
[1] Ижәб деп – бірінші боп үйлену ниетін білдірген кісінің сөзін айтамыз. Мысалы: «Мен сізді өзіме жар етіп алдым» дегені сияқты. Ал «қабул» болса – бірінші айтқан кісінің сөзіне келісім беруі. Мысалы, «Мен де сізге жар болуды қабыл еттім» дей отырып, әлгі кісіге тұрмысқа шығуға ризашылығын білдіруі.
[2] Мәһр жайында толығырақ білгіңіз келсе мына сілтемеге кіріңіз: [3]Кәсәни, Бадиғ, Никах; Әл-Хәләф: Әхкәмул Әхуалуш Шахсия.;
Әл-Әхкәмуш Шәрғия филь Әхуәлиш Шәхсия; Әр-Рази, Хуләса;
Зухайли, Әл-Уәжиз: Китабун никах; Мәдани, Любаб – 3/13бет.
Абдрахман әл-Хазири, Әл-Фиқһуль Алаль Мәзәхибиль арбаға, Китабун никах.
Дәрукутни, Китабун Никах – 3545.;
Әз-Зубайди, Әл-Жаухаратун Нәйира, Китабун Никах – 668 бет.
Сапарда бастығыңмен кетіп бара жатып, намазды көзбен оқуга болады ма? Өйткені бастық жақтырмайды.
Нұржан
Дінде көзбен намаз оқылмайды. Отырып оқу бар. Ол да рукуғда сәл иілу. Сәждеде маңдайды жерге тигізу керек.
Ақшам намазынан кейінгі «туфайрассул» намазы жайлы жазсаңыз екен.
Нұржан
Ақшам намазынан кейін оқылатын нәпіл намазға «Әууәбин намазы» делінеді, бұл намазды оқу мүстаһаб. Алты рәкат етіп оқылады.
Барлығын бір сәлеммен немесе екі рәкатта бір сәлеммен оқуға болады. Бұл намазды сүннеттен кейін бөлек оқуға да болады. Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Ақшам намазынан кейін алты рәкат намаз оқитын адамның күнәлары теңіз көбігіндей болса да кешіріледі.» (Табарани)
«Ақшам намазынан кейін арасында жаман нәрселер айтылмастан алты рәкат нәпіл намаз оқу, он жылдық ғибадатқа тең болады.» (Тирмизи)