Бұрын мен көп зина жасадым. Бір мұсылман жігіт маған айтқан, зина жасама, күнә деп. Мен одан кейін де жасадым. Енді не истеуге болады?
Тәуба яғни Алладан кешірім сұрау керек. Күнәм үшін не істеуге тиіспін?
1) Жүрекпен орындау,өткен ісіңе өкініш білдіру және оған қайтып оралмауға мықтап бекіну,бұл Аллаһтан қорқудың оң нәтижесі болып табылады.
2) Дегенмен орындау,бұл әр түрлі жақсы амалдар,мәнісі былай тұжырымдалатын тәуба намазы:
Әбу Бәкір айтты: «Мен Пайғамбардың былай дегенін естідім: «Аллаһ күнәсі үшін тұрып,тазаланып намаз оқыған,сосын Одан рақым тілеген әрбір адамның күнәсін кешеді». «Ас-Сунан»жинағынан авторлары, «Сахих ат-Таргиб уа ат-Тархиб»1/284.
«Сосын ол мына аятты оқиды:Ал олар қашан арсыздық істесе не өздеріне зұлымдық қылса,Аллаһты естеріне алып,күнәларының жарылқауын тілейді.Күнәларды Аллаһтан басқа кім жарылқайды.Сондай-ақ олар істеген істеріне біле тұра қасарыспайды»...(Әли Имран 3:135)
Көптеген сенімді хабарларда күнәні жуатын екі ракағат намазбен бірге басқа да пайдалы амалдар келтіріледі.