Күллі жаратылысты Алла Тағала
жаратқан, ал Алла Тағаланың өзін кім жаратты?
Адам баласы кез-келген нәрсені ойлаған уақытта әдетте осы дүниеде жүретін заңдарға және көрген нәрселеріне салыстыру арқылы пайымдайды. Мысалы, жәннатта бір ағаш бар екен делінсе, дереу осы дүниеде көріп жүрген кәдуілгі топыраққа, күнге, ауа мен суға мұқтаж ағаш елестейді. Бұрын-соңды мүлде көрмеген, бізге беймәлім бір нәрсе түсіндірілген уақытта: «Неге ұқсайды екен?» деп сұрақ қойып жатамыз. Демек, біз көрмеген өзімізге таңсық нәрсені тек салыстыру жолы арқылы ғана пайымдай аламыз. Ал Алла Тағаланы салыс- тыру жолымен түсіну мүмкін бе? Әрине жоқ. Өйткені, Оның мына дүниеде теңдесі әрі ұқсасы жоқ. Құранда былай делінеді: «Оның (Алла Тағаланың) еш теңдесі жоқ» 106 , «Оған еш нәрсе ұқсамайды» 107 .
Ендеше, «Алланы кім жаратты?» деген сауал әу- бастан қате. Себебі бұл Алланы мына дүниедегі заңдарға тәуелді жаратылыспен салыстыра ойлаудың нәтиже сі. Ал Ұлы Жаратушы өзі жаратқан ешбір жаратылысқа ұқсамайды. Тіпті қарапайым жай суретшінің өзі, өзінің салған суретіне ұқсамайды ғой. Өйткені, сурет - әр түрлі бояудың қоспасы ғана. Онда суретшідегідей басыбүтін қасиеттер жоқ. Қысқасы, шебер мен оның қолынан шыққан туынды екі бөлек нәрсе. Ендеше, күллі кемшілік сипаттардан пәк Ұлы Жаратушы да өзі
106 107
Ықылас сүресі/4. Шура сүресі/11.
215
-----------------------------------------------------Page 215-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
салған мына жаратылыс суретіне, жаратқан туындысына мүлдем ұқсамайды. Сондықтан жаратылысқа арналған заңдарға да тәуелді емес. Мысалы, дүниеге келу үшін не нәрсенің болсын белгілі бір себепке тәуелді екендігі анық. Барлығымыз туылғанбыз, бізді туғандарды да біреулер дүниеге әкелген. Яғни, барлық нәрсенің бастауы бар. Біздің қателігіміз сол, дүниедегі осы туу, туылу және бар болу үшін белгілі бір себепке мұқтаждық заңын Ұлы Жа- ратушымыз Алла Тағалаға да таңғымыз келеді. Ал Алла болса, барлық туу, туылу былай тұрсын, тіршілік заңдары жоқ кезде де бар еді. Тіпті, Алла Тағала осы аталмыш заңдарды да өзі жаратқан жоқ па!? Ендеше, өзі жаратқан бұл заңдарға Ұлы Жаратушының тәуелді болмасы анық. Сондықтан «Ықылас» сүресінде: «Ол еш нәрсеге мұқтаж емес, тумады да туылмады», - делінеді. Бейне бір «Ей, құлдарым, туу, туылу, сыртқы бір түрткіге зәрулік сен- дерге тән, мені ол заңдарға тәуелді етіп ойламаңдар» деп тұрғандай. Алла Тағаланы ешкім жаратпаған. Алла Тағала - «әзәли», яғни, Оның барлығының бастауы да, соңы да жоқ - Мәңгі.
Алла жаратылмағандығы үшін Алла емес пе? Мы- салы, әскерлер бұйрықты қолбасшыдан алады. Ал қолбасшы бұйрықты патшадан алады делік. Ал енді «патша бұйрықты кімнен алады?» деп сауал қоя алмай- мыз. Өйткені, патша да бұйрықты біреуден алса, онда ол шынайы патша бола алмайды. Тағы бір мысал, мешіттегі жамағаттың бәрі намазда бір имамға ұйиды. Ал сол имам да басқа бір адамға ұйыса, ол имам емес, жамағаттың бірі болып қалады. Сол сияқты Алланы да басқа бір Алла жа- ратса, онда жаратылған бірінші Алла, Алла бола алмай- ды. Өйткені, біз «Алла» деп о баста еш жаратылмаған, ешкімге мұқтаж емес, жаратылғандарда жоқ мәңгілік сияқты сипаттардың шынайы иесін ғана айтамыз.
216
-----------------------------------------------------Page 216-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
Екіншіден, Алланы да басқа бір Алла жаратты де- сек, сол жаратқан Алланы да басқа бір Алла жаратуы тиіс. Оны да басқа бір Алла... Міне, осылайша алғашқы қойған сұрағымыз тізбектескен күйі шексіздікке дейін жауапсыз жалғаса береді. Қашан еш жаратылмаған, бас- тауы жоқ мәңгі бір Алланы қабылдаймыз, сол уақытта жауабы табылмаған сұрағымызға нүкте қойылып, жан жүрегіміз жай табады. Мысалы, нөл санының оң жағына миллиондаған нөлдерді қатар қойсақ та, олардың ешбір мәнді иеленбесі белгілі. Ал егер кез-келген бір санды қойсақ, сол нөлдер бірден мағынаға ие болады. Дәл осы мысалдағы сияқты барлық жаратылыс атаулының түп негізін - бастауы жоқ, мәңгілік жалғыз Аллаға тіреген кезде ғана, шынжырдың өріміндей бір-біріне қосақталған сауалымыз баян табады.
Иә, адамның не нәрсесі болсын шектеулі. Көзінің көре алатын аясы, құлағының есту қабілеті - бәрі, бәрі шектеулі болғаны секілді оның ақыл-ойы да шектеулі. Ал осындай шектеулі ақылмен шексіз Алла- ны қалай ғана толық түсінбекпіз? Ол - жаратушы, біз - жаратылғанбыз. Жаратылған нәрсе Жаратушысын «неге толық түсінбеймін?» деп шағым айта ала ма? Біздегі ақыл да, жан да кейіннен жаратылған. Солай бола тұра біз тіпті қарапайым жаратылған «жанның» өзін толық түсіне бермейміз. Енді жаратылған нәрсені жете түсіне алмай жатып еш теңдесі жоқ Ұлы Жаратушымызды қалай толық түсінбекпіз?! Пенденің шектеулі ой-санасы Оны қалай қамтымақ? Белгілі ойшыл Анри Бергсон былай дейді: «Ақылдың ең соңғы тоқтамы - өзінің әлсіздігін мойын- дауы». Рас, ақыл өзінің жетер жерін, шамасын білуі тиіс. Сахаба Әбу Бәкір Сыддық: «(Алла Тағалам!) Сені толық түсіне алмауымды мойындауым - сені толық түсінуім» десе, Абай атамыз:
217
-----------------------------------------------------Page 217-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
Күні-түні ойымда бір-ақ тәңірі Өзіне құмар қылған оның әмірі.
Халиққа махлұқ ақылы жете алмайды,
Оймен білген нәрсенің бәрі - дәһрі 108 -деп түйсе, тағы
бір өлең жолдарында:
«Ақылға сыймас Ол Алла,
Тағрифқа 109 тілім қысқа-ақ» 110 деп, осы ақиқатқа үлкен ой салады. Ал философ Декарт былай дейді: «Адам - тұтастай шектеулі жаратылыс. Ал осындай шектеулі адам шексіздікті мүлдем түсіне алмайды».
Алланың мәңгілік сипатын қабылдағысы келмеген өркөкірек материалистер сол сипатты жансыз материяға телімек болады. Алайда, мәңгілік сипатын шынайы Иесі Аллаға беру бір басқа да, оны қателесіп күнде өзгеріске ұшырап, пәнилікке бас иіп жатқан жансыз материяға беру бір басқа.
108
109 110
Абай, Қалың елім, қазағым, 153-бет. Атамұра баспасы,
Алматы 2002 ж.
Халиқ - Жаратушы, Махлұқ - жаратылыс, Дәһрі - арабша «уақыт, заман» дегенді білдіреді. Алланы мойындамай, ақыретті жоққа шығаратын дінсіздерге де «Дәһри» делінеді. Бұл жерде хакім Абай «Дәһрі» сөзін «уақытша, пәни, кейіннен жаратылған» де- ген мағынада қолдануы ықтимал. Яғни, адам санасының «біліп, түсіндім» деген нәрселері кейіннен жаратылған пәни дүниелерге жатады. Ал Алла кейіннен жаратылмағандықтан, Оны толық түсіну мүмкін емес дегенді меңзеп тұр. «Халиққа махлұқ ақылы жете алмайды» дегені де сондықтан.
Тағриф - түсіндіру.
А.а.е, 189-бет.
218
-----------------------------------------------------Page 218-----------------------------------------------------
Алла Тағаланы неге көзбен көре
алмаймыз?
Әсілінде, бәріміз Ұлы Жаратушыны көрудеміз. Бірақ көру қабілеті шектеулі жалаң көзімізбен еме с, ақыл көзімізбен көрудеміз. Рас. Мысалы, түрлі жеміс- жидектердің дәмін көзбен көру мүмкін еме с, бірақ тілімізде орналасқан дәм тату түйіршіктері арқылы сеземіз, оларды бір-бірінен ажыратамыз. Дыбыстарды, әр түрлі иістерді де көзімізбен көре алмаймыз. Оларды құлағымыздың е сту, мұрнымыздың сезу қабілеті арқылы сезіп, білеміз. Міне, дәл о сылай біздер жан-жағымызды қоршап жатқан өздігінен пайда бола алмайтын мына сан- сыз таңғажайып жаратылысқа қарап, Ұлы Жаратқанның бар екенін, бір екенін, құдіретін түсінеміз, Ендеше, Оны ақыл көзімізбен көреміз.
«Өз басым Алланы көрген емеспін, олай болса Ол жоқ» деу, көру қабілеті белгілі заңдардан аса алмайтын, көру аясы шектеулі көзіміздің әлсіздігімен қоса Ұлы Жаратушының ұлылығы мен шексіздігін түсінбеуден туады. Түймедей екі көзімен күллі болмыс әлемінен ада шексіз Алла Тағаланы неге көре алмаймын деу күлкілі нәрсе.
Көздің әлсіздігі соншалық - тікелей көру мүшесі бола тұра ол өз-өзін көре алмайды. Ал енді осындай өз-өзін көруге қабілетсіз көзбен «Алла Тағаланы көре алмадым, олай болса, Ол жоқ», - деу қисынға келе ме?.
Негізінде айналамызда көзге көрінбейтін, бірақ бар екендігіне еш күмән жоқ қаншама нәрсе бар. Мысалы,
219
-----------------------------------------------------Page 219-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
адамның рухын, қуану, қайғыру сезімдерін және ақыл- ойын, әлемдегі тартылыс, гравитация күшін көзімізбен көре алмағанымызбен бұлардың бар екендігіне ешкім кү- мән келтірмейді. Өйткені, біз нәтижесіне қарап бұлардың бар екендігіне көз жеткіземіз. Айталық, жүзіміздің реңіне, даусымыздың шығу ырғағына, бет-жүзіміздің құбылуына қарап адамның қуанғанын яки қайғырғанын білеміз. Бірақ қуаныш пен қайғы сезімдерін көзімізбен көре алмаймыз. Көзбен көру үшін көрінетін заттың қарсы алдыңда тұруы және оның материалдық нәрсе болуы шарт. Де- мек, көзіміздің көруі осы тәрізді бірқатар заңдылықтарға тәуелді. Ал Алла Тағала шектеулі әрі материалды болмағандықтан, Оның тек қарсы алдымызда яки басқа белгілі бір мекенде болуы да мүмкін емес. Себебі, барлық мекен атаулы кейіннен жаратылған. Ал Алла Тағала сол жаратылған мекендер жоқ кезде де бар еді. Міне, гәп осында.
Олай болса, көру аясы тар, көру қабілеті кейбір заңдылықтарға тәуелді әлсіз көзімізбен Алла Тағаланы мына дүниеде көруіміз мүмкін емес. Демек, Ұлы Жарату- шыны көре алмауымыз - Оның жоқтығының белгісі емес, керісінше, көз көре алмайтындай Оның ұлылығы мен шексіздігінің, сондай-ақ біздегі көздің тым әлсіздігінің белгісі.
Алла Тағала Құран Кәрімде: «Көздер Оны көре ал-
мас, бірақ Ол көздерді көреді» 111 , - делінген.
Алла Тағала бізді бұл дүниеге Өзін мына жаратылыс- қа қарап, тапсын, танысын, білсін, Өзінің құдіретінің, шеберлігінің, ілімінің алдында таң қалып бас исін, құлшылық етсін деп, сынақ үшін жіберген. Ал енді бізге ерекше көру қабілетін беріп бұл дүниеде өзін көрсетер болса, бізді бұл дүниеге жіберуіндегі сын-сынақтың мәні болмас еді.
111
Әл-Әнғам сүресі/103.
220
-----------------------------------------------------Page 220-----------------------------------------------------
Алла Тағала неге адамдарды бай-кедей етіп
жаратқан. Оның сыры неде?
Байлық - мұрат емес, Кедейлік - ұят емес.
Халық мақалы Ең алдымен, бұл бес күндік пәни дүниенің адам- зат үшін үлкен «сынақ мекені» екенін бір сәт естен шығармауымыз қажет.
Сондай-ақ, ақыретті есепке алмастан тек қана осы пәни дүниенің күрмеуге келмейтін қысқа өлшемдерінің шеңберінде мұндай сұрақтарға жауап беруге тырысу да бос әурешілік. Ондай жағдайда сұрағымыз да тұщымды жауабын таба алмай, бейнебір мағынасы аяқсыз қалған кітап яки екінші бөлімі көрсетілмей қалған фильм іспетті жарымжан күй кешері даусыз.
Алла Тағала өзі қалаған кейбір пенделерін мал- мүлік, байлық, дәулетке кенелтіп, қайсыбіріне кедейліктің қамытын кигізеді. Бұған қоса, адамның білімінің, тәжірибесінің, еңбегінің де байлыққа қол жеткізу үшін керекті себеп екенін ұмытпағанымыз жөн. Бірақ бай болу үшін адамның бұл қасиеттерге ие болуы жеткілікті емес. Өйткені, Алла Тағала дүние мүлікке ие болудың барлық себептері мен шарттарын орындап, күндіз- түні зыр жүгірген адамға байлық бермеуі де мүмкін. Яғни, бұл тұста пешене, рызық мәселелерін де ескерген жөн. Әрбір адам мол рызыққа, не сібеге жету үшін қолынан келер бар іс-әрекетті жас ауы тиіс. Со сын
221
-----------------------------------------------------Page 221-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
Раббысының нәсіп еткен азды-көпті үле сіне разы бо- лып, соған қанағат етуі ләзім.
Байлықты әрдайым Алланың құлдарына берген жақсылығы деп түсінбеуіміз қажет. Әсіленде, Оның құлдарына берген байлығы да, кедейлігі де - сынақ. Құран Кәрімде: «Сендердің малдарың да, бала шағаларың да сынақ ретінде берілді» 112 делінеді. Байлыққа қол жеткізу - бақытқа кенелу деген сөз емес. Бай бола тұра, жан дүниесі байыз таппай бақытсыздықтан басы қатып, тіпті, өздеріне қол жұмсаған адамдар да аз емес. Қаншама байлар кедейдің бір күнгі алаңсыз бақытты өміріне зар, тіпті сол бақытты бір-ақ күн үшін барлық дүниесін бере салуға пейіл. Қара нан мен қара шайды қайғысыз ішкен қанағатшыл кедейдің қол жеткізген рахаты мен ләзззатын дәулетті кісілердің көбі небір тәтті мен дәмдіні жесе де, қол жеткізе алмай жатады.
Бірақ, кедейлікті де бақытқа жетудің төте жолы деп түсініп қалмайық. Кедейліктің салдарынан басын тастан- тасқа ұрып, өмірден түңілген жандар да қаншама. Демек, байлық та, кедейлік те адамды бақытты ететін негізгі се- бептер емес. Себебі, адам тек асқазаннан ғана тұратын жаратылыс емес. Оның рухы, жүрегі, ішкі сезімдері, ар- ожданы бар. Негізінде адам баласын басқа жаратылы- стардан үстем ететін ерекшеліктері де адамның, міне, осы жақтары. Адам баласының осы ішкі рухани жан-дүниесі қанағаттандырылмайынша, бүкіл әлемді жалғыз өзі уы- сында ұстаса да, оның бақыты бәрібір баянсыз, күлкісі жалған.
Шынтуайтында, әр адам жағдайы өзінен жоғарыға емес, өзінен де нашар адамдарға қарап өз жағдайына қанағат етуді, шүкіршілік жасауды ғұмырының негізгі
112
Тағабун сүресі/15.
222
-----------------------------------------------------Page 222-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
ұстанымы ете білсе, өмірден опық жемейтіндігі ақиқат. Мысалы, кез-келген адам өзінен де жағдайы жақсы адам- ды өмірде кездестірері шындық. Сонда әлгі адам өз басына жетерлік жағдайы болса да, ана адамға қарағанда өзінің ке- дейлеу болғанын ойлап, ішін әлдебір қызғаныш тырмалап, өз-өзін кедей санап, Құдайға назалануы мүмкін. Ал ана бай өзінен де бай басқа адамды көріп, ол да бәсекелестік пен қызғанышқа шырмалуы ықтимал. Алайда, өздерінен де төмен жағдайдағы адамдарға бір сәт көз тастап, өзіне берілген жақсылықтарға ой жүгіртсе, Құдайға мұң шағуды қойып, шүкіршілікке бет бұрар еді. Адам көбіне есепсіз Құдай Тағаланың берген теңдесі жоқ өз бойындағы байлықтан хабарсыз. Зағип адам ешқашан үйдің тарлығын айтып шағымданбайды. «Япырай, «көз» деген, айна- лайын, басқа ешбір байлықпен өлшенбейтін Құдайдың берген керемет сыйы екен ғой, мен мұны неліктен ерте сезінбеді екенмін» деп Құдайдан жатса да, тұрса да басқа дүниені емес, тек көзінің айығуын тілейді. Ашаршылыққа душар болған жұрт та «шіркін, бір үзім нан болса ғой» деп аңсайды. Ол алтын мен күмісті яки жақсы машинаны емес, тек соны тілейді. Демек, кедейлік пен байлық адамның өз жүрегіндегі «қанағат» сандығында жатыр. Байлық т а, кедейлік те өзгелерге қарап өлшенгендіктен, бұлардың бәрі с алыстырмалы түрде болмақ. Пайғамбарымыз бір хадисінде: «Өздеріңнен көп берілгендерге емес, аз берілгендерге қараңдар! Сонда ғана Алла Тағаланың сендерге нәсіп еткен нығметтердің қадір-қасиетін ұғынасыңдар» 113 де с е, басқа бір хадисінде: «Нағыз
113
Муслим, Китабуз-зуһд. Бухари, әр-Риқақ. Бухаридегі риуаятта былай делінеді: «Сендерден де көп дүние берілгендер мен жа- ратылыстары сендерден де артық болғандарды көрген уақытта өздеріңнен де төмен болғандарға қараңдар!». Және қараңыз: Әбу Зәкария Мухиддин Иахия Ән Нәуәуий, Нузһатул Муттақин, 1 том, 353 бет. Муәссисәтур Рисәлә, Байрут 1991ж.
223
-----------------------------------------------------Page 223-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
байлық мал-мүліктің көптігінде емес, жүректің, жан дүниенің кеңдігінде» 114 деп шынайы байлықтың мән-маңызын дәлме-дәл ашып берген.
Иә, қанағат - түгесілмейтін қазына. Қанағатсыз адам қанша бай болса да, дүниеге тойымсыз келеді. Өйткені, ондай адамның ішкі дүниесі кедей. Ал қанағатшыл адам қара нан жесе де, дүниесі түгел. Себебі, оның жан дүниесі бай.
Ыбырай Алтынсариннің «Сақып» атты мына бір қысқа әңгімесі осы айтқанымызды дөп басып суреттеген- дей:
«Сақып деген бір жақсы кісі мал жинамай жүріп, ақырында әл кеткенде қатты кедейшілік тартып, бір күні етігі болмаған соң жалаңаяқ далада жүргенінде, аяқтарын тас жыртып ренжіңкірепті. Сөйтіп келе жа- тып, екі аяғы жоқ ағаш балдақпен жүрген бір тіленшіге жолықты. Мұны көріп, Сақып аһ ұрып айтты дейді: - Әй, Құдайым, ренжігеніме тоба қылдым, шүкір саған - менің жүруге аяғымды аман сақтағаныңа; мынау балдақты бишараға жаңадан аяқ табылса, жалаңаяқ та болса жүруді дүниенің бір қызығы деп білер еді-ау деді,- дейді» 115 .
«Алла Тағала барлық құлдарын неліктен бірдей бай етіп жаратпаған?» деу де орынсыз. Өйткені жал- пы жаратылыстың өзі позитив және негативтік жүйеден құралған. Токтағы минус- плюс, бұлттардағы негатив- позитив ағымдары және қатты жұмсақ, суық ыстық, қараңғы жарық, әйел- еркек сияқты көптеген мысал келтіруге болады. Міне, осы кереғар заңдылықтар арқылы жалпы ғаламда тамаша үйлесімділік, керемет жүйе
114 115
Хадисті Имам Муслим жеткізді.
Ыбырай Алтынсарин, Таңдамалы шығармалары, 125-бет.
«Ғылым» баспасы, 1994 ж.
224
-----------------------------------------------------Page 224-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
сақталуда. Олай болса жалпы ғаламның негізгі бір бөлшегі саналатын адамзат та ғаламдағы осы кереғар заңдылыққа бағынуы тиіс. Сөйтіп қоғамның біртұтастығы, өзара үйлесімділігі сақталады. Қоғамдағы әрбір тұлға басқа бір тұлғамен бірігіп селбескенде ғана өз қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Барлық адам басшы болып кетсе, кім кімге басшылық етіп, кім кімге жұмыс істемек? Міне, сондықтан қоғамда біреуі басшы болса, екінші бірі соған тәуелді жұмысшы, енді бірі дәрігер болса, басқа бірі ау- ырып ем қабылдайды. Бұлардың бәрі табиғи түрде Ұлы Жаратушының қойған белгілі заңдылықтарымен жүзеге асып жатады. Сондықтан бір адамның бай, екінші бір адамның кедей болуы - табиғи нәрсе болумен қатар, жалпы ғаламдағы Ұлы Жаратушының қойған кереғар заңдылығының бір көрінісі.
Барша адам бірдей бай немесе кедей болсын деу - барлық адам бірдей басшы яки бәрі ер кісі немесе түгел әйел болсын дегенге саятын күлкілі жайт. Осы жобалас істі жасамақ болған кешегі коммунизмнің немен аяқталғаны бәрімізге белгілі.
Түптеп келгенде, Алла Тағаланың адамға байлықты беруі де, бермеуі де игі һәм қайырлы. Адам егер берілген мал мүлік, дүниені жақсы жолда жұмсап, сол байлықты берген оның шынайы Иесіне үнемі шүкір етіп, кедей- кепшіктерге қол ұшын созып, ғұмырын ізгілікпен, қайырымдылықпен өрнектей білсе, онда байлық ол адам үшін әлбетте қайырлы. Алайда байлықтың буына мас- танып, оны берген Жаратқанды естен тарс шығарып, небір күнәға батып, айналасындағы кедей -кепшік, мұң- мұқтаждарға мұрнын шүйіре қарап, өзге байлармен бәсекелесіп, бақ таласқандар үшін байлық әрдайым қатерлі, әрі ақыреттік өмірін тамұқ ететіндіктен қайырсыз. Кедейлік те дәл осылай. Егер кедей адам қара нанның өзін
225
-----------------------------------------------------Page 225-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
қадір тұтып, қара суды қанағат ететін иман нұрына шомған жан болса, кедейлік мұндай адам үшін қайырлы. Өзінің әлсіздігін түсініп, Ұлы Жаратушысына деген мұқтажды- ғын әр сәт естен шығармауға итермелейтін кедейшілікті қалай ғана қайырсыз дей аламыз? Оразада күні бойы ауызға нәр татпай, ауыз ашарда ішкен бір жұтым суды тұла бойымыз шымырлап, бар жан-тәнімізбен сезінеміз. Жоқшылық та Ұлы Жаратушының адамға берген сансыз нығметтерінің қадір -қасиетін түсіндіреді.
Иманды жан Ұлы Иесіне «неге кедейлік бердің?» деп шағым жасауы былай тұрсын, «маған байлық бергеніңде, бәлкім, сол байлықтың буына мастанып, Сені естен шығарып, Саған деген мұқтаждығымды қазіргідей сезінбес пе едім?» деп, кедейлікпен сынаған Раббысына шүкір етеді. Кедейлікті әрдайым Раббысы тарапынан тарту етілген сансыз сауаптың қазынасы мен мәңгілік байлықтың қайнар көзі деп біледі. Себебі, кедейлігіне сабыр етіп, шүкір ете білген жан Раббысының ризашылығына бөленіп, ақыретте мәңгілік бақытқа кенеледі.
Ал, керісінше, жүрегі иманмен нұрланбаған жан- дар үшін кедейлік те қайырсыз. Күн сайын байлардың байлығына қызыға қарап, өзі ондай мал -мүлікке ие болмағандықтан, ішін қызғаныш өрті шалып, үнемі өзгелердің ақшасын сырттай санап әуре болады. Мұндай жандар уақыт өте келе Раббысына қарсы шығып, күпірліктің тас түнегінен бір-ақ шығады. Сөйтіп, кедейлік сынынан сүріне құлап, ақыретін де ойран етеді.
Міне, Ұлы Жаратушының байлығы да кедейлігі де адамдар үшін сын -сынақ. Байлықты да, кедейлікті де жақсы, жаман дей алмаймыз. Өйткені, бұлардың қайырлы яки қайырсыз болуы адамның өзіне байланысты.
226
-----------------------------------------------------Page 226-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
Иә, мына қысқа дүниеде бір айлық жалақы алу үшін күні бойы барымызды салып жұмыс істейміз. Ендеше, ана дүниеде мәңгілік бақытқа, көз көріп, құлақ е сті- меген, ойша еле стете алмаған Раббымыздың ғажайып сыйына қауышу үшін мына дүниеде кезде скен кейбір қиыншылықтар мен кедейшілікті ауырсынып, өкпе ар- туымыз былай тұрсын, ризашылықпен күле қарсы алуы- мыз керек еме с пе? Бұл дүниедегі уақытша кедейліктің е се сіне ақыретте мәңгілік бақытқа қауышуға кім разы болмас?!
Мәселенің екінші жағы - кедейлер ғұмыр кеш- кен қоғамға байланысты болмақ. Егер сол қоғамда өмір сүретін әрбір дәулетті адам тек өзінің қара ба- сын ғана ойламай, Құранның: «Тақуа жандар - Алла Тағаланың өздеріне берген нәсібесінен (кедейлерге, қажетті жерлерге) жұмсайды, (игілік жолында сарп етеді)» 116 , «Олардың байлықтарында кедейлердің белгілі мөлшерде үлесі бар» 117 секілді аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.а.у.): «Жанындағы көршісі аш екенін біле тұра өзі тоқ ұйықтаған адам толық иман еткен болмайды» 118 секілді хадистерін әрдайым жадын- да сақтап, байлықтарының қырықтан бірін зекет етіп мұқтаждарға берер болса, мұндай қоғамда кедейліктен түңіліп, үміті үзілген пенде қалмас еді.
Бұған қоса, кедейлердің де оқып-білуіне, жұмыс істеп, тұрмыстарын жақсартуларына мүмкіншілік жасап, жол ашу әрі олардың мүддесін қорғау - сол қоғамның басшыларының міндеті. Ақыретте ол