Имани гүл.

Әйел мен еркек тең бе?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Әйел теңдігі» мәселесін қанша даурықтырғанмен, шындап келгенде, жаратылыс тұрғысынан әйел мен ер- кек тең емес. Әрқайсысы өзіне тән қасиеттерімен ерек- шеленеді. Егер бір-бірінен ешбір айырмашылығы жоқ өзара тең жаратылыс болғанда, Құдай Тағала еркек-әйел етіп бөліп жатпай, бәрін біркелкі әйел яки еркек етіп жа- ратар еді ғой. Еркек пен әйел табиғатындағы өздеріне тән ерекшеліктерімен екеуі бір-бірін толықтыра түседі. Қазақ «Екі жарты бір бүтін» деген. Әйел мен еркек минус пен плюс заңдылықтары іспетті. Әйел денедегі жүрек болса, еркек сол денедегі ақыл іспетті. Жүрек ақылсыз, ақыл жүрексіз ғұмыр сүре алмайды. Жүректі ақылдан жоғары яки ақыл жүректен артық деп айту мүмкін емес. Екеуі өз міндеттерін атқарған кезде ғана дене дұрыс қызметін жалғастыра алады. Ендеше, әйел еркектен жоғары яки төмен деу, жалпы алғанда, дұрыс айтылған сөз емес. Әрқайсысының қоғамда өзіндік қызметі бар. Әрбірі соны дұрыс атқарған кезде ғана мінсіз қоғам пайда болады.

Сыр өңірінің ақыны Тұрмағанбеттің: Әйел көктен түскен жоқ, Ол - еркектің баласы.

Еркек жерден шыққан жоқ,

Әйел - оның анасы,- дегеніндей, екі жыныс өкілінің де қоғамда өзіндік міндеттері бар. Кей тұстарда еркектен асып түскен әйел, кей тұстарда одан төмен тұрады. Мыса-

332

-----------------------------------------------------Page 332-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

лы, еркек қанша тырысса да әйелдер секілді дүниеге бала әкеле алмайды. Өйткені, тоғыз ай қабырғасы қайысып құрсақ көтерудегі сабырлылық, толғақ кезіндегі өліммен арпалысқан қайсарлылық - тек әйелдердің ғана қолынан келетін ерлік. Ер кісі сәбиге әйел секілді түн ұйқысын төрт бөліп қарай алмайды. Бала тәрбиесінде де әйелдегі мейірімділік пен ептілікті ер адам көрсете алмайды. Балабақшалардағы тәрбиешілікке көбіне-көп әйелдердің алынуы - осының айғағы. Міне, әйелдер өз табиғатындағы осындай қасиеттерімен еркектен жоғары болмақ. Ал, еркектер әйелдерге қарағанда дене бітімі жағы- нан ірілеу әрі күштілеу келеді. Міне, сондықтан жауға қарсы шауып, ел қорғау секілді басқа да ауыр жұмыстарды ер кісілер атқарады. Дер кезінде шешім қабылдау жағынан да еркектер әйелдерден анағұрлым алда. Бұған мысал ретінде әйелдер көлік айдап келе жатып, кенеттен бір жағдайға тап болса, көбінесе рулді жіберіп, бетін ба- сады екен. Ал еркектер болса, салқынқандылықпен сол жағдайдан шығудың амалына көшеді. Сондықтан да болар «әйелдер теңдігі» деп аттан салып жатқан батыстықтарда ғасырға жуық уақыт өтсе де әлі күнге дейін ұшақ айдай- тын әйел заты жоқтың қасы. Неге? Өйткені, ұшқыштық - дер кезінде шешім қабылдауды, ерлікті қажет ететін аса қиын іс. Сондықтан, әйелдер ұшқыш емес, көбінесе жолсеріктікті таңдайды. Әлем басшыларына қарасақ та, көбінесе еркектер көзге түседі. Міне, осының өзі табиғи көрсеткіш. Мұндай істерді әйел адам мүлде істей алмай- ды деуден де аулақпыз. Кейбір еркектерді он орап алатын әйелдер де кездеседі. Біз тек жалпы жағдайды тілге тиек етіп отырмыз.

Әйелдерден еркек жасағысы келетіндер мынаны ескерсе екен. Әйелдердің табиғаты тым нәзік, сезімтал. Осыған сай оның өзіндік міндеті бар. Әйелдер сырт-

333

-----------------------------------------------------Page 333-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

тан гөрі ішкі шаруаларға бейім. Егер әйел баласы өз міндетіне салғырт қарап, есіл-дерті далада болса, қоғам өмірінде кейбір келеңсіз жайттардың бой көтерері дау- сыз. Мысалы, саясатпен айналысатын әйелдің отбасында бала тәрбиесі ақсап, күйеуімен арада салқындық пайда болуы мүмкін. Мансап (карьера) қуған әйел көбіне бала туудан саналы түрде бас тартады. Өйткені, мансабын жар- ты жолда тастағысы келмейді. Мысалы, «Әйел теңдігін» желеулеткен батыста бүгінде бала саны мүлдем аз. Тіпті, демографтардың пікіріне құлақ түрсек, келешекте батыстықтардың ұрпақсыз қалатын түрі бар. Сондықтан болар, батыста «бала мәселесі» Парламент деңгейінде талқыға түсіп, оны көбейтудің жолдары қарастырылуда. Иә, әйелдер саясаткер боламын, биліктің бір тұтқасын мен ұстаймын деп желпінгеннен гөрі биліктің тұтқасын ұстайтын мықты азамат дүниеге әкеліп, елін, халқын ой- лайтын ұрпақ тәрбиелесе, биліктің тұтқасын ұстады де- ген сол емес пе?! Қазақ «әйел бір қолымен бесік тербет- се, екінші қолымен әлемді тербетеді» деп қандай әдемі айтқан.

Осы «Әйел теңдігі» мәселесі қайдан шықты? Батыс- та ХІХ ғасырдың орта шеңіне дейін әйелді адам құрлы көрмеген. Өйткені, олар өз діндеріндегі жаңсақ сенім бойынша Хауа ана Адам атаға тыйым салынған жемісті жегізіп, бүкіл адам баласын жұмақтан шығарған. Сондай- ақ қияметке дейін келетін барша адамзаттың күнәларына себепкер болған Хауа ана деп иланады. Сондықтан батыс жалпы әйелдерді лағынеттеп, оларды жек көрген. Міне, осы қорлыққа намыстанған әйелдер, еркектердің алдын- да тұқырмаудың жолын қарастырып, «феминизм», «әйел теңдігі» деген ұғымдар мен ұрандарды шығарды. Ал бізге оның түкке де керегі жоқ еді. Біз әрдайым әйел баласын,

334

-----------------------------------------------------Page 334-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

ананы қадір тұтып, құрметтей білген елміз. Батыс бүгінде мұның зардабын тартудай-ақ тартып отыр.

Иә, «менің еркектен қай жерім кем, өзімді өзім асы- рай аламын, еркектің маған қажеті шамалы, тіпті, мына ғылым дамыған заманда еркексіз-ақ балалы бола аламын» деп желігіп жүрген әйелдер де кездеседі. Ал мұндай әйелдердің күйеуіне бағынбасы айдан анық. Бағыну былай тұрсын, тәуелді болмаймын деп дала кезеді. Жұмысбасты болып үйдің тірлігінен қол үзеді, бала тәрбиесіне де салғырт қарайды. Ондай отбасылар көбінесе ажырасып тынады. Кешке жұмыстан шаршап келгенде, алдынан күлімдеп әйелі, еркелеп бала-шағасы шықпаған отбасында қандай береке болсын?! Өз жараты- лысына сай емес істермен әуреленіп жүрген нәзік жанды әйелдерде бара-бара еркек мінезділік пайда болады. Ис- лам дінінде әйелдің еркекке ұқсауына, еркектің әйелге ұқсауына қатаң тыйым салынған. Сондықтан әйелдер қоғамдағы әр түрлі іс-қызметтерде де бала тәрбиесі мен отбасының істерін қатар алып жүре алатындай өз болмы- сына сай жұмыстарды таңдағаны жөн. Бірақ қажеттіліктің күн санап артқан қазіргі мына заманда әйел баласы жанұя экономикасына өз үлесін қосып, ерінің бір жағынан шығу үшін түрлі жұмыстарда істеуде. Мұндай жағдайда әйелдің үйдегі жұмыстары мен бала тәрбиесіне ері көмек көрсеткені жөн. Бұл жатырқап қарайтындай жат нәрсе емес. Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбар да қат-қабат шаруа- лар мен сан-алуан оқиғалардың бел ортасында жүріп, үй шаруаларында жұбайларына үнемі көмек көрсетіп, бір жағына шығысқан.

Ал әйеліне сыртта жұмыс істетіп, өздері масыл боп үйде бос жатқан еркектерді пайғамбарымыз (с.а.у.) өз хадисінде қатаң сөккен.

335

-----------------------------------------------------Page 335-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

Жоғарыда әйелмен еркек минус пен плюс зарядта- ры тәріздес бір-бірін толықтырып, бір-біріне үйлеседі дедік. Ал екеуі де минус яки плюске айналған жағдайда араларындағы үйлесімділік жоғалып, бір-бірін кері тебе бастайды. Бұның арты сөзсіз ажырасуға соқтырып жата- ды.

Бір мемлекетте екі президент, бір көлікте екі рөл, екі жүргізуші болмайтыны секілді кішігірім мемлекет - от- басында да бір ғана басшы болуы тиіс. Әйтпегенде, үйдің берекесі қашады.

Құранда: «Еркектер әйелдерге пана, қамқоршы, жауапкер, қорған, басқарушы» 198 деген. Ендеше, осы жауапкершілікті арқалаған еркек отбасынының тізгінін өз қолына алып, парасаттылықпен, үлкен жауапкершілікпен басқаруы тиіс. Еркек отағасы екенмін деп дөрекілікке, «мен айттым болдыға» салынбай, бар мәселені өзара түсіністікпен, үнемі ақылдасумен шешкені жөн. Әйелдер де еріне бағынуы тиіс.

Иә, әйел болмысы басшылық не қаттылыққа емес, керісінше, мейірімділік пен ұяттылыққа, инабаттылық пен ізеттілікке бейім. Ал еркектердің болмысы дөрекілік пен қатігездікке емес, жауапкершілікке, отбасына қамқоршы, қорған болуға бейім.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде «Сендердің ең ізгілерің - әйелдерімен жақсы мәмледе болғандарың» десе, басқа бір хадисте «Артында қалған күйеуі өзінен разы болған күйде жан тапсырған әйелдің барар жері - Жұмақ» деп, ер мен әйелді өзара рухани түсіністікке шақырған..

Ұлы Жаратушының алдында пенде баласы еркек не- месе әйел болғандығымен, байлық, мансабымен емес, иманының деңгейімен өлшенбек. Олай болса, еркек пен

198

Ниса сүресі, 34-аят.

336

-----------------------------------------------------Page 336-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

әйелден, оларға Жаратушы тарапынан асқан хикметпен берілген асыл міндеттердің қаншалықты атқарылғандығы да сұралмай қалмақ емес.

337

-----------------------------------------------------Page 337-----------------------------------------------------

Ислам дінінде әйел адамдарға орамал тағу, ұзын киім кию парыз ба? Орамал тағу арабтың, түріктің әдет-ғұрпы деп түсінушілер де бар. Осының ара жігін ажыратып берсеңіз.

Орамал тағып, ұзын киім кию үрдісі - тосырқап, таңдана кейде түсінбей, тіпті жатырқай да жақтырмай да қарайтын тосын құбылыс емес. Ең алдымен, киім киюдің бұл үлгісі - ислам діні әкелген жаңалық емес. Бұл үрдіс еврей мен христиан дінінде де, корей, жапон секілді көне мәдениеттерде де бар. Мысалы, еврей хахамы Ме- нахем M. Брейер ( «Йешива» университетінде киелі кітап әдебиетінің профессоры) еврейлік дін құқығы бойынша әйелдерінің орамал тағуға тиісті екенін айта келе, кейбір танымал раввиндерінің мынандай сөздерін келтірген: «Ев- рей қыздарына орамалсыз сыртқа шығу жараспайды», «Әйелдерінің орамалсыз жүруіне рұқсат еткен еркектерді қарғыс атсын!», «Еркектерге ұнау үшін басын ашып жүрген әйелдер жоқшылық әкеледі». Әйелдің орамалсыз жалаңбас жүруі жалаңаш жүрумен тең саналғандықтан, иудаизм орамалсыз жүрген әйелдің жанында дұға сияқты ғибадаттарды жасауға тыйым салады. Еврей діні бойын- ша, орамал тағу әйелдің абыройы мен беделін, әлеуметтік жағдайын білдіреді. Сондықтан төменгі таптағы әйелдер жоғарғы таптағы әйелдердің қатарында көріну үшін ора- мал тағуға тырысатын. Орамал тағу тектіліктің нышаны саналғандықтан, байырғы Израйлде зинақор әйелдердің орамал тағуына рұқсат берілмейтін. Сондықтан, зинақор әйелдер өздерін абыройлылардың санатында көрсету үшін

338

-----------------------------------------------------Page 338-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

арнайы орамал түрін тағатын. Европадағы еврей әйелдері сол жердің тұрақты мәдениетімен араласа бастаған ХІХ ғасырға дейін орамал тағып келген. ХІХ ғасырда ев- ропа қоғамы басты ашып жүруге мәжбүр еткендіктен кейбір еврей әйелдері орамалдың орнына парик киіп жүруді шығарды. Ал бүгінде еврей әйелдері синагогада ғана орамал тағады. Еврей дінінің «Hassidism» бағытын ұстанушылар орамалға балама ретінде әлі күнге дейін па- рик тағуда.

Ал христиан дінінде орамал тағу мәселесі қалай? Ка- толик шіркеуіндегі монах әйелдердің 1000 жылдан бері орамал тағатындығы белгілі. Тертуллиян атты христиан ғалымы бойжеткендердің шашын жабуға байланысты баяндамасында былай дейді: «Бойжеткендер, көшеде жүргенде бастарыңа орамал тағыңдар, шіркеуде, бөгда адамдардың жанында және өз ер бауырларыңыздың жа- нында бастарыңды ашық ұстамаңдар....».

Бүгінгі Католик шіркеуінің ата заңдарында шіркеуде әйелдерді бастарына орамал тағуға міндеттейтін арнайы бабтар бар. Амиш және Меннонилер сияқты кейбір христиан ағымдары әлі күнге дейін әйелдердің орамал тағуын талап етуде 199 .

Алысқа бармай-ақ орыс халқының ұлттық киіміне, назар аударсақ, олар да орамал тағып, ұзын киім киген. Демек, орамал тағу ислам діні әкелген жаңалық емес. Жаһанданудың арқасында біз бүгінгі таңда ба- тыс мәдениетінен барынша әсерлендік. Әсерленгеніміз соншалық, оған ес-түссіз беріліп, жақсы-жаманын ажыра- тып жатпастан, залалы мен пайдасын сараламастан оларға қатты еліктедік. Сондықтан, біздің қоғамда әйел адамның етек-жеңін қымтап жүруі, жартылай жалаңаштанудан

199

Шәріп Мұхаммед, Ислам ве дегер геленеклерде кадын. Иени үміт

журналы, №14, 2002 ж.

339

-----------------------------------------------------Page 339-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

да тұрпайы көрінуде. Қоғамда заман талабына ілесудің өлшемі «жалаңаштану» сияқты көзқарас қалыптасты. Ал орамал тағып, ұзын киім киіп жүрген жандар замана көшіне ілесе алмай, қатардан қалып кеткен ескішіл адам- дардай бағалануда.

Бүгінде әйел баласы бейне бір зат секілді әркімнің ойына келген арам пиғылдарына ойыншық болуы өкінішті-ақ. Мысалы, әйелдің жалаңаш тәні өзгелердің назарын тарту үшін кәсіпкерлердің тауарларын жарна- малайтын жарнама құралына айналды. Әйтпесе, газет жарнамасында, көліктің дөңгелегінің жанында жалаңаш тәнімен тұрған әйелдің оған қандай қатысы бар? Алла Тағала әрбір жаратылысқа өзіндік ерекшеліктер тарту еткен. Әйел адамның қоғамдағы, жанұядағы орны, жалпы болмысы, тәні ер адамдарға қарағанда мүлдем ерекше. Әйел адам осы ерекшеліктерін қорғай білген кезде ғана, қоғамдағы биік мәртебесін сақтай алады. Әйел адам өзінің аналық мейірімімен, күйеуіне деген ізеттілігімен қымбат. Ол осы қасиеттерімен әрдайым жоғары тұрады. Осы тұрғыдан алғанда орамал тағу, ұзын киім кию - әйел адамның нәзік болмысы мен әдемілігін бөтен адамдардың арам пиғылынан, сұқ көзінен сақтайтын бірден бір қор- ған. Әрі әйел затын мейірімділік, нәзіктік, ар-ұяттылық сияқты тағы басқа әйелге тән асыл қасиеттерімен таны- тар нышан. Әйелдердің басын жауып, ұзын киім киюі - Құранның тікелей бұйрығы.

«Нұр» сүре сінде: «Мүмін әйелдерге айт, өздеріне харам етілген нәрселерге қарамасын, ұятты жерлерін зинадан, күнә атаулыдан қорғасын, мәжбүр көрінген жерлерінен (бет, екі қол, тобықтан төмен екі аяқ) тыс әдеміліктерін көрсетпесін. Орамалда-

340

-----------------------------------------------------Page 340-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

рын жағаларының ойықтарын жабатындай етіп тақсын...» 200 -делінеді.

Жартылай жалаңаш киінген әйелдер еркектерді еліктіріп, нәпсіқұмарлығын қоздырады. Бұл жағдай бүгінде көптеген шаңырақтың шайқалуына, көпшілік бойжеткендердің абыройдан айрылуына себеп болып отыр. Нәтижесінде көзі жәутеңдеген мыңдаған пәк сәбилер тастанды болып, жетімханаларға тоғытылса, жы- лына қаншама қыз баласы қолдан түсік жасатуда 201 . Пайғамбарымызға бірде бір сахаба келіп «Уа, Алланың Елшісі, мені жұмаққа жетелер бір амал айтсаңыз», - дейді. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Ашуланба! Ашуыңды жең, ашудың жетегінде кетпе», - деп қысқа да нұсқа жауап берді.

Иә, ашу атүсті қарайтын жеңіл мәселе емес. Себебі, ашуға бой алдырған адам санаға сыймайтын үлкен күнәларға да оп-оңай барып жатады. Мысалы, ашуға булыққан адам бір сәттік өзін ұстай алмай мылтықтың шүріппесіне басып кеп жіберу кесірінен жылдар бойы түрмеде отырады. Сөйтіп, ғұмыр бойы өкінумен өтеді. Міне, ашудың осындай кесірлі нәтижесін білгендіктен пайғамбарымыз (с.а.у.) кейбір сахабаларына «ашуыңды жең, ашуға салынба, ашудан аулақ жүр» деген ескерту- лер жасаған.

Ал енді ашу дегеніміз тек қана жүйкенің тырысу- мен ғана болатын құбылыс емес. Ашудың «жыныстық ашу» дейтіні де болады. Ол - адамның нәпсіқұмарлық сезімдерінің өршіп, шәһуатының қозып, өз-өзін ұстай ал- май ақылға сыйымсыз қылықтарды жасайтындай көзсіз

200 201

Нұр сүресі, 31-аят.

Қазақстанда қазіргі таңда 100 мың тастанды бала, 600 балалар үйі бар. 2003 жылғы есеп бойынша 127200 аборт жасалғаны ресми тіркелген. Ал ресми тіркелмегені қанша екені тағы белгісіз.

341

-----------------------------------------------------Page 341-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

соқырға айналуы. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде «құмарлық сезімі қозған кезде адам ақыл-есінің түгелі немесе үштен екісі кем» деген. Яғни, мұндай адам ақыл тізгініне ие бола алмай, құмарлыққа алданады. Соқыр адамша шайтанның тұзағына оп-оңай түсе кетеді. Құмарлық сезімі өршіп, нәпсісі қозған адам ақылға да, заңдарға да, ар-ожданға да қарамай небір арам істерге барады 202 . Сондықтан еркектердің осы бір осал тұстарын түрткілемеу үшін әйел адамдар ашық-шашық киінбеуі ке- рек. Әйтпесе, нәтижесі өзіне де, өзге де абырой әкелмесі ақиқат. Мысалы, «Queens әйелдер бюросы» жетекшісінің мәлімдемесі бойынша, Канадада әр 6 минут сайын 1 зор- лау оқиғасы тіркеліп, әрбір үш әйелдің біреуі әйтеуір өмірінің бір кезеңінде зорлау оқиғасына тап болады екен. Тағы бір ірі мемлекетте 1998 жылы 49280 зорлау оқиғасы ресми тіркелген көрінеді 203 .

Міне, сондықтан әйел адамға ашық-шашық киінбеуді ислам оны төмен санағандықтан емес, қайта оны қорғау, абырой-беделін көтеру мақсатында бұйырған. Әйел өзінің орамалымен көрікті. Жарасымды ғып ұзын киінуімен ибалы. Қазақтың «Есті қыз етегін қымтап ұстайды» деуі де бекер емес. Күнделікті өмірде біз құнды, асыл заттарды қоғамдағы бұзық ниеттілердің арам пиғылынан қорғаудың сан түрлі жолын іздейміз. Ендеше, әйел заты да құндылардың құндысы, асылдардың асылы, нәзіктердің нәзігі. Олай болса, оның да жат адамдардың алдында ашық-шашық жүргені құптарлық емес.

Орамал тағудың физиологиялық тұрғыдан да әйелдерге пайдасы бар. Әрине, бұл өз алдына жеке зерттеуді қажет ететін бөлек мәселе. Десек те, С. Асфен-

202 203

Ахмед Шаһин, иени айле илмихалы, 245-бет.

Шәріп Мұхаммед, Ислам ве дегер геленеклерде кадын. Иени үміт

журналы, №14, 2002 ж.

342

-----------------------------------------------------Page 342-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

дияров атындағы Мемлекеттік медицина университеті Емдік гигиена кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымының докторы, профессор Қарлығаш Тоғызбаева бұл жайлы былай дейді: «Ер адамдар көбіне көктен, әйелдер жерден қуат алады. Сондықтан да болар, әйелдің шашы магнит тәрізді ауадағы кір-лас қуатты жинағыш келеді. Бұл да оның, әсіресе, бас ауруына ұшырауына әсер етеді. Осы жолдың авторының өз тәжірибесінде кездес- кендей, орамал тартқаннан кейін «басының сақинасы», т.б. дертінен жазылып кететіндер аз емес. Бұған қоса, ашық-шашық жүрген әйел көктен өзіне қажет емес артық қуат алады, сөйтіп, онда еркектерге тән гисто- стерон гормоны пайда болады, нәтижесінде ағзаның гор- мональды бұзылуы етек алып, жыныс органдарындағы қатерлі ісік, т.б. ауруларға жол ашады» 204 .

Исламда әйел өз көркін бөгделерге емес, тек өзінің некелі еріне ғана көрсетеді. Сондықтан, шариғат әйелдердің некелі ерлерінің алдында барынша әдеміленіп жүру, күйеулерінің назарын көшедегілерге емес, өздеріне қаратуға әрекет етуді салиқалы амалдардың қатарына жатқызады. Әдемілігі мен тәнін жұртқа көрсетуге ты- рысу - әйел адамды мақтаншақтық пен риашылдыққа тәрбиелейді. Ондай адамның табиғаты әрдайым көрсеқызарлық пен бәсекелесуді қалап тұрады.

Құранда әйел адамның киетін киімінің нақты форма- сы айтылмаған. Тек әйел баласы өзінің дене бітімін қатты кескіндемейтіндей кеңдікте, жүзі, екі қолы, тобықтың төменгі жағынан тыс басқа барлық жерлерін жабатындай кез-келген киім үлгісін таңдап кисе болғаны. Бұл шарттар орындалғаннан кейін, сәнді әрі өзіне жарасымды жалпы эстетикаға сай киім киюге ислам діні қарсы емес. Сауд арабиясы мен Ирандағы әйелдер сияқты қара киіп жүру

204

Мұсылман журналы, 25-бет. №1/ қаңтар айы, 2004ж.

343

-----------------------------------------------------Page 343-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

үрдісі барша мұсылмандарға парыз киім үлгісі емес. Он- дай киім үлгісі олардың өз әдет-ғұрыптары мен қоғамына қарай таңдалған. Сондықтан Құран өлшемдерінен шық- пау шартымен әр қоғам киім үлгісін өзінің менталитеті мен әдет-ғұрыптарына, заманына қарай әрі өмір сүрген жерінің климатына ыңғайлы етіп таңдай алады. Мысалы, қазақ жерінің әр өңіріне тән әйел кимешегі болған. Тіпті, әйелдердің жас ерекшеліктеріне қарай кимешек үлгілері тігілген. Ата-бабаларымыз «ғұрпымызда орамал тағу жоқ» деп, Құран қағидасына қарсы шықпаған. Керісінше, оны ғұрпымен сабақтастырып, ою-өрнегімен көркемдеп, өзінің төл киім үлгісіне айналдыра білген. Бүгінгі таңда да Құран өлшемдеріне әрі заман талабы мен ұлттық түсінігімізге сай әр түрлі киім үлгілерін тігуге неге бол- масын? Осылай істер болсақ, бәлкім, орамал тағып, ұзын киім кию - ананың, мынаның ұлттық киімі дегендей таяз түсініктерден арылар едік.

Мәселенің тағы бір маңызды жағы - діни сауаттылығы төмен қоғамға ең әуелі орамалды емес, иман мәселелерін, сенім негіздерін насихаттау қажеттілігі. Пайғамбарымыз (с.а.у.) ең әуелі орамалды емес, иман мәселелерін кеңінен түсіндірді емес пе? Иман мәселесі шешілген қоғамда исламның кез-келген тыйымдары мен бұйрықтарының да оп-оңай шешілері сөзсіз. Иманнан бұрын орамал- ды насихаттаудың - уықсыз шаңырақ көтермек болған әурешілікпен тең болары сөзсіз.

344

-----------------------------------------------------Page 344-----------------------------------------------------

Ислам діні көп әйел алуға неліктен рұқсат

еткен?

Қазіргі таңда қоғамда бұл тақырып өте өзекті мәселеге айналып отыр. Осы тұрғыда айтарымыз, көп әйел алуға мүлдем болмайды деп үзілді-кесілді қарсы шығу да, көп әйел алуды діннің негізгі талабы іспетті жаппай уағыздау да астамдық екені. Көп әйел алу - ба- тыста қатты сынға ұшыраған тақырып. Алайда көп әйел алушылықты алғаш ойлап тауып, заңдастырған ислам діні еместігі ақиқат. Ислам келгенге дейінгі, әлемдегі әйел затының жағдайы баршаға мәлім. Ол кезде әйел затша саудаланатын, қанша әйелмен үйленем десе де еркектер- ге шек қойылмайтын. Әйелді қалаған уақытында қалаған адамына сатып немесе айырбастай салатын. Тіпті, көне Грек және Рим мәдениеттерінде әйелді адам деп те есеп- темеген. Еплатонның пікірінше, әйел бір қолдан екінші бір қолға өтіп жүре беретін ортақ мүлікке жатады. Ежелгі қытай мәдениетінде әйел заты адам саналмағандықтан, оған айдар тағып, ат та қойылмайтын болған. Тіпті, ба- тыс философтары «Әйел заты жалпы адам ба, жоқ па? Адам болса, оның жаны бар ма, жоқ па? Бар бол- са, оның жаны ер адамдардың жанындай ма, жоқ әлде жануарлардың жандарына ұқсас па?» деген тәрізді адам шошитын ой-пікір таластарын да тудырған 205 . Міне, әйел баласының жағдайы осындай жан түршігерлік қорлыққа толы бір заманда Ислам діні әйелдердің абзал жаратылыс

205

Емине Шеникоглу, Генчлерин иманыны сорыларла чалдылар,

118-бет.

345

-----------------------------------------------------Page 345-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

екенін түсіндіріп, оған ерекше баға берді. Оны заттықтан адамдыққа, қорлықтан ардақты деңгейге көтерді. Тіпті, «Жұмақ - аналардың табанының астында» деген сыры терең, сыны биік ұстанымға бас идірді. Жоғарыда айтқанымыздай, ислам келмес бұрын әйелдермен үйленуде шектеу жоқ еді. Ер кісі қанша әйел алам десе де өз еркінде еді. Ислам осы шексіздікті төртеумен шектеді. Өзінің сыршыл күрделі талаптарын қойды. Олай болса, бұл да исламның әйел баласына жасаған жақсылығы де- сек артық айтқандық емес.

Екіншіден, төрт әйел алудың діндегі орны парыз яки уәжіп емес. Яғни, әрбір мұсылман ер кісі көп әйел алуға міндетті емес. Көп әйел алу, бар болғаны, кей жағдайларға байланысты адамдарға берілген рұқсат қана. Бұған қоса көп әйел алудың өзіндік күрделі шарттары мен талаптары бар. Мысалы, екі әйел алғысы келетін кісінің ең әуелі оларды бағып-қарайтындай жағдайы бо- луы тиіс. Мұнымен қоса, әйелдерінің арасында қара қылды қақ жарардай әділдік тең қарым-қатынас құруы керек. Яғни, біреуіне жылы шырай танытып, екіншісімен суық қарым-қатынас жасау, біреуінің жанында көп болып, екіншісінікінде аз уақыт қана болу секілді көңілдеріне кірбің салар әділетсіз араластықта болу дұрыс емес. Біреуіне жағдай жасаса, екіншісіне де жағдай жасауы ке- рек. Ал мұндай талаптарды орындай алатындардың саны өте аз екені айтпаса да түсінікті. Ардақты Елші (с.а.у.): «Екі әйелі бар кісі әйелдерінің береуімен артығырақ қарым-қатынас жасап, әділетсіздікке жол беретін болса, ондай адам ақырет күні бір иығы төмен салбыраған күйде келеді», - деп әйелдерінің арасында әділетсіз қарым- қатынас жасаған еркектің ақыреттегі аянышты жағдайын білдірген. Алла Тағала «Ниса» сүресінде: «Егер әйелдер

346

-----------------------------------------------------Page 346-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

арасында әділдік жасай алмаймын деп қорықсаңдар онда біреуі жеткілікті...» деген.

Ал енді ислам дінінің көп әйел алуға рұқсат етуінің өзіндік бірқатар себептеріне тоқталайық. Ер адамдардың саны әйел адамдарға қарағанда әжептеуір аз. Оның бір себебі, ер адамдардың қазалы оқиғаларға көптеп ду- шар болуында. Мысалы, соғыстарда, жол апаттарында, тағысын тағы басқа жағдайларда ер адамның көптеп қаза табатыны сөзсіз. І-ІІ дүниежүзілік соғыста миллиондаған ер адамның қаза тапқанына тарих куә. Қаза тапқан бұл ер кісілердің артында көзі жәутеңдеген бірнеше баласы- мен аңыраған жас әйелдері жесір қалды. Осы мыңдаған, миллиондаған жесір қалған әйелдердің де үйленіп жанұя құратын ер адамның, жас бүлдіршіндеріне қамқорлық көрсетер әкенің қажет екені сөзсіз. Екі әйел алуға рұқсат жоқ жағдайда бұл мәселе қалай шешілмек? Қорғансыз аналар мен бүлдіршіндер кімге аманат?

Қазіргі таңда көптеген елдерде соғыс болмаса да, әйел санының ер адамдардан әлдеқайда басым екені белгілі. Осының салдарынан көптеген бойжеткендер уақытында үйлене алмай үйде отырып қалуда 206 . Әрине, бұл қыздардың да үйленгісі келетіні, ана болуды аңсары, белгілі біреудің қамқорлығын, өмірдегі тірегін іздері хақ. Ал бұл мәселелер заңды түрде әрі жауапкершілік шеңберінде шешілмеген жағдайда қоғамда түрлі келеңсіз жайттардың етек алары сөзсіз.

Бұлардан да жиі кездесетін бір жағдай - ер адамның екі әйел алуға мәжбүр болу жағдайы. Перзент сүйгісі келетін ер азамат некелескен әйелі дүниеге бала алып келе алмайтын бедеу болған жағдайда не істейді? Бірінші әйелімен ажырасып, басқамен үйлене ме? Яғни, сәби

206

Қазақстанда қазіргі таңда 182700 әйел баласы жастары отыздан асса да әлі тұрмысқа шыға алмаған. (2006 ж)

347

-----------------------------------------------------Page 347-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

дүниеге әкеле алмағандығы үшін онсыз да жарым көңіл жүрген әйеліне опасыздық жасап, оны талақ етіп, басқа біреумен қол ұстасып кете бармақ па? Жоқ әлде әйелін де далаға тастамай, оған күйеу әрі сүйеу болып екінші бір әйелмен некелесе ме? Әрине, бұл тұста ақылға да, ар- ожданға да қонымдысы екінші таңдау екені сөзсіз. Осы жерде бірінші әйелімен де ажыраспасын, екінші әйел де алмай жүре берсін деген ой туындауы мүмкін. Алай- да, бұған барлық азамат көне алмайды ғой. Әр адамның өзінше бір әлем екені де ақиқат. Өмірде өз белінен перзент сүю сияқты арманы бар адам мақсатына жетпей байыз таппасы және белгілі. Тіпті, екі-үш бала емес, ұрпағының көп болғанын қалайтын еркектер де кездеседі.

Сондай-ақ, адам баласы өмірде әр түрлі жағдайға тап болады. Мысалы, әйелі айықпас дертке шалдығып, күйеуіне дұрыс қарай алмайтындай жағдайға душар бол- са, ер азаматтың тағы да екінші нұсқаны таңдағаны абзал емес пе?

Жоғарыда айтылған жағдайлар болмаған күннің өзінде де көп әйел алуға ислам діні рұқсат етеді. Олай дейтініміз, бірінші әйелін жақсы көрумен қатар көңілі басқа әйелге де бұрып тұратын адамдардың да кезде сері сөзсіз. Себебі, барлық адамның табиғаты, жаратылысы бірдей еме с. Кейбір азаматтардың жыныстық қабілеті мен құмарлығы артықтау келеді. Бұған қо са, бірінші әйелі көңілінен шықпай қалуы да әбден мүмкін. Көп әйел алуға тыйым салған жағдайда мұндай күйдегі адамдар әйтеуір бір жолын тауып алғашқы жұбайымен ажырасып тынуы немесе жасырын көңілдес тауып, шариғат тыйған зина сияқты харам істерге баруы бек мүмкін. Сөйтіп, Жаратушының алдында - күнәһар, ал бала-шағасының ал- дында екіжүзді болады. «Біреу біліп қоя ма?» деген күдікті ойдан құтыла алмағандықтан, психологиялық тұрғыдан

348

-----------------------------------------------------Page 348-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

мазасыз болады. Ол ол ма, көңілдес әйелдерді тек өткінші төсек ләззаты үшін ғана пайдаланғандықтан, олардың да абыройы айрандай төгіліп, әркімнің қол жаулығына айна- лары белгілі. Екі ортада тірі жетім қорғансыз сәбилер мен олардың қорланған шешелері қалады. Бүгінде көп әйел алуға үзілді-кесілді тыйым салған европа бұнысымен қаншама әйелдермен жасырын түрде төсектес болуға, яғни көңілдестік пен ойнастықтыққа, жезөкшеліктің етек алуына, мыңдаған балалардың әкесіз дүниеге келуіне, қолдан сансыз түсік жасалуына көз жұмып қарауда. Бұл шындықты батыстық ғалым Густав Ли Вон: «Мұсылмандардың көп әйелмен некел есуі - заңды түрде бір әйелмен некел есіп, жасырын түрде көп әйелмен көңілдес болып жүре беретін европалықтардан әлдеқайда артық» 207 деп ашық мойындаған.

Негізінде, көп әйел алу ислам дінінде парыз да, уәжіп те емес. Тек рұқсат етілген кеңшілік жол ретінде ғана қарастырылады. Жоғарыда айтылғандай, көп әйел алудың өзіндік күрделі шарттары мен арнайы талаптарын ескерер болсақ, көп әйел алудың әркімнің батылы жете бермейтін жауапкершілігі зор іс екенін байқаймыз. Бұған қоса, ер кісінің екі немесе бірнеше жанұяны бірдей басқаруға қабілеті жеткіліксіз болса немесе екінші әйел алған жағдайда бірінші жанұяның шаңырағы шайқалар болса, мұндай іске барудың өзі қатерлі әрі жауапкершілігі де ауыр. Сондықтан үйленетін адам өз жағдайын, жанұясының әрі қоғамының ахуалын, тыныс-тіршілігін есепке алмастан мұндай қадамға баруы мүлдем дұрыс болмаса керек-ті.

207

Проф. Др. Ибраһим Жанан, Күтүб-и ситте, 2-том, 274-бет.

«Акчаг» баспасы, Стамбул.

349

-----------------------------------------------------Page 349-----------------------------------------------------