Имани гүл.

Музыка тыңдау харам ба?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Музыка тыңдау харам ба? Әннің де естісі бар, есері бар, Тыңдаушының құлағын кесері бар.

Абай Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ән, музыкаға рұқсат ететін де 208 , тыйым салатын 209 да көптеген хадистері бар. Музыкаға байланысты дәлелдердің әр түрлі болуына бай- ланысты ғұламалардың кейбіреуі жалпы музыканы харам десе, енді біреулері адамға пайдалысы халал деп фәтуа берген 210 .

Пайғамбарымыздың музыкаға байланысты хадистерінің әр түрлі болуының астарынан тыйым салынған немесе рұқсат етілген нәрсенің тікелей музыка

208

209

210

Мысалы, риуаятта Әбу Бәкір (р.а.) қызы Айша анамыздың үйіне кіреді. Ол жерде екі жәрияның «буғас» соғысына байланысты ән айтып жатқанын көреді де: Пайғамбардың үйінде шайтанның мизмары (шайтанның әуен аспабы) ма?-деп кейіс білдіреді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) болса: «Уа, Әбу Бәкір, оларға тиіспе! Бүгін мейрам күні ғой» деді. Осы секілді басқа да хадистерге сүйенген кейбір ғұламалар: «Егер ән айту жалпы харам болғанда, пайғамбарымыз (с.а.у.) өз үйінде оның айтылуына мүлде рұқсат бермес еді» деп, зияны жоқ музыка, әндерге рұқсат беретін фәтуалар шығарған.

Мысалы, хадисте: «Ән, өлең жүректе екіжүзділікті өсіреді» делінген. Осы секілді хадистерге қараған кейбір ғұламалар жал- пы музыка, әндерге харам деп фәтуа берген. Толығырақ мәлімет үшін қараңыз: Қ. Жолыбайұлы, Дін мен діл, 97-бет. «Дәуір» баспасы, 2010 ж.

әл-Имамул-әкбар Махмуд Шәлтут, Әл-Фәтаауа. 355-бет. Дәруш- шуруқ, Египет. 2004 ж.

350

-----------------------------------------------------Page 350-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

аспаптары емес, олардың қалай қолданылуы, сондай-ақ, тыңдаушы мен орындаушының түпкі ниетіне байланысты екенін аңғарамыз.

Себебі, кез-келген музыка аспабының жақсы- жаман әркелкі тартылуына, бұған қо са, айтылатын ән мазмұнының әр алуан болуына байланысты оның адамға тигізер әсері де әр түрлі болады. Міне, сондықтан харам-халал үкімін музыка аспабынан гөрі оның қалай қолданылуын негізге алып қарастырған жөн.

Мысалы, сіріңкені бейкүнә біреудің үйін өртеу тәрізді қастандыққа да, от жағып үй жылыту, ас пісіру сияқты игілікті істер үшін де қолдануға болады. Адам табиғаты, ішкі сезімдері, жан дүниесі ерікті- еріксіз көптеген нәрселерді қалайды. Мысалы, көркем табиғат көріністерін тамашалағанда бойы сергіп рахат- танады. Өзеннің сылдырап аққан үні өне бойына ерек- ше әсер етеді. Теңіздің буырқанып тасуы, ормандағы тоты, бұлбұл секілді жыршы құстардың сайрап ән са- луы да жан дүниесін рахатқа бөлеп, дем алдырады. Сондықтан адамның жан дүниесі, ішкі сезімдері әрдайым көркем табиғатты тамашалауды, судың сарқыраған дауы- сын естіп, құстар салған әсем әндерді естуге құмартып тұрады. Ислам діні адам баласын өз табиғатындағы осын- дай сезімдеріне тұсау салып я болмаса тамырына балта шауып мүлдем жоқ ету үшін келген жоқ. Керісінше, олар- ды реттеп, орта жолға бағыттау үшін келді 211 . Ендеше музыка - егер адам баласының уақытын босқа өткізіп ғибадаттарына кедергі жасаса, нәпсісін қоздырып, ойына харам нәрселерді салып, жаман пиғылдарға жетелейтін болса, даңғырығының қаттылығынан мидағы клеткалар- ды өлтіріп, адам мінезін ұшқалақтыққа тәрбиелесе онда

211

әл-Имамул-әкбар Махмуд Шәлтут, Әл-Фәтаауа. 355-бет. Дәруш- шуруқ, Египет. 2004 ж.

351

-----------------------------------------------------Page 351-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

- харам. «Пайғамбарымыздың кейбір хадистеріндегі музыкаға байланысты тыйымдар осындай теріс бағытқа жетелейтін музыкаларға байланысты болса керек»- дейді ХІ ғасырда өмір сүрген тақуалығымен танымал ханафи ғалымы Абдул-Ғани ән-Нәбулуси өзінің «Идахут-дәлалат фи самағил-әәләәт» (музыка аспаптарын тыңдауға байла- нысты дәлелдерді баяндау) атты кітабында 212 .

Ал егер саз бен әуен керісінше адам бойындағы мүлгіп жатқан жақсы сезімдерін оятып, рухы мен миына тыныштық сыйласа, шаршағанда жүйкесін дем алдырып, ойына көркем пікірлер салатын болса, онда неге харам болсын?!

Абайдың: «Құлақтан кіріп, бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй», - дегеніндей кейбір әуендер мен әуездер ешбір сөз айтылмаса да, адамның ішкі дүниесіне ағыла құйылып, өзінше бір әлемге же- телеп терең ойға шомдырады. Мысалы, қазақтың кейбір күйлері орындалған уақытта көз алдыңа кең байтақ жер мен ондағы әсемдіктер елес береді. Көктемдегі көңіл-күйді білдіретін, жауған жаңбырдың тырсылын елестететін, көңіліңді сергітіп, керемет ойға жетелейтін жұмсақ та нәзік әуендердің бар екені баршаға белгілі. Отанды, бірлікті, ерлікті уағыздайтын, ата-ананың қасиетіне бай- ланысты, адам баласын адамгершілік пен имандылыққа баулитын музыка мен әндерді тыңдау әрі айту неліктен харам болсын?

Соғыста әскердің жау алдындағы рухын көтеру әрі кейбір әскери бұйрықтарды білдіру мақсатында

212

әл-Имамул-әкбар Махмуд Шәлтут, Әл-Фәтаауа. 355-бет. Дәруш- шуруқ, Египет. 2004 ж.

352

-----------------------------------------------------Page 352-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

мұсылмандардың барабан аспабын қолданғандары 213 , тіпті кейбір психикалық ауруларды музыка арқылы емдегендіктері тарихтан белгілі 214 . Мұндай жақсы істер үшін қолдануды кім болса да құптары сөзсіз.

Ең әсем әуен Құран екені сөзсіз. Алайда қоғамдағы адамдардың дәрежелері мен болмысы, табиғаты мен ішкі сезімдері бірдей емес екені шындық. Олай болса, музыканы жалпылай харам санап, барлық адамға «Тек Құранды ғана оқы әрі тыңда!» деп күштей алмаймыз. Себебі, қоғамда Құран оқып, басқа да өзіне міндеттелген ғибадаттарын толық орындаумен қатар, өзі ұнатқан пай- далы музыкаларды тыңдағысы келетін адамдар тағы бар. Сондай-ақ адам жан дүниесі үздіксіз ғибадат жа- саудан, яки үнемі салмақты нәрселермен шұғылданудан жалығуы ықтимал. Сондықтан адамның табиғаты мен болмысы анда-санда көңілін көтеріп, рухын дем алдыра- тын нәрселерді қажетсінеді.

Хазірет Алидің (Алла Тағала одан разы болсын): «Тәннің шаршайтыны тәрізді жүрек те шар- шайды. Сондықтан оны қызық хикметтермен дем алдырыңдар!», «Жүректеріңді анда-санда дем алды- рып тұрыңдар! Себебі, жүрек зорықса, тас соқырға айналады» 215 дегені риуаят етілген.

Музыка тыңдауды ұнат атын адамдарға біз егер жақсы музыканы тыңдауға болатынын айтып жөн сілтеме с ек, тіпті көркем мағыналы әрі әуенді әндердің шығарылуына бағыт-бағдар беріп реттеме с ек, ол адамның бара-бара жаман музыкаларға ұрынбасына кім кепіл?

213 214 215

Фатауа Мустафа Зарқа, 349-бет. Дарул-қалам, Димашқ. 2001 ж. Һейет, Мүслүман Илим Өнжүлери, 149-бет. Стамбул, 2005 ж. Мухаммед Абдур-Рахман әл-Марғашли, әл-Ғина уәл-мәғазиф фил-иғламил-муғасир уә хукмуһә фил-ислам, 229-бет. «Дәрул- мағрифа» баспасы, Бәйрут. 2006 ж.

353

-----------------------------------------------------Page 353-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

Егер музыканы жалпылама харам де сек, онда мұсылмандардың мәдениеті, өнері артта қалары сөзсіз. Мысалы, ғибратқа толы ұлан-асыр тарихымыз- ды бейнелейтін киноларымызға ешбір музыка аспа- бы қо сылып, керекті жерінде эффекті берілме се, ол киноны кім ерекше әсермен тамашалай алады? Онда жастарымыздың өзгелердің өте тартымды, әсері күшті, бірақ мағынасы улы киноларының соңына түсіп кетері сөзсіз. Сол сияқты телеканалдарда бір бағдарламадан екінші бағдарламаға өту кезеңдерінде, басқа да көрермендердің назарын аударар жағдайларда музыка аспаптарының рөлінің маңыздылығын кім жоққа шығара алады?!

Сөз соңы, музыка белгілі бір мән-мағынаны жеткізу- де қолданылатын «сөз» іспетті. Сөзбен пайдалы нәрсені насихаттауға да, зиянды теріс мағынаны жеткізуге бола- тыны секілді музыканы да жақсы-жаман түрлі бағытта қолдануға болады дей келе Әбу Насыр әл-Фарабидың ба- сынан өткен мына бір оқиғаны бере кетуді жөн көрдім. Әл-Фараби бабамыз ән-күй десе ішкен асын жерге

қоятын жан болған екен.

Бір күні өзінің бір ұстазынан ән-күй жайын сұрады. Ұстазының айтуынша, сырнай-керней, әуен - жын- шайтанның ісі болып шықты. Адамды алаң қылып азды- рады, ісінен қалдырып, күнәға кіріптар етеді екен. Бұрын ән-күйді жақсы сүйетін Әбунасыр осыны естігеннен кейін қолына күй аспабын алмайтын болды. Ән-күйді сүйіп ойнайтын Әбудың бір қымбатты қимас жолдасы жоғалып қалғандай күй кешеді де мынандай ойға батады. Әсем ән деген адамды жадырататын, көңілді көтеріп, жүректің мейірімін оятатын бір қасиетті өнер ғой. Ендеше, ол қалай сайтанның меншігі болады?

354

-----------------------------------------------------Page 354-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

Осы сауалын ол екінші бір ұстазынан сұрайды. Ол ұстазы: Әсем саз - ол қасиетті нәрсе емес пе? Мұнда аспанның сыры бар, әлемнің үні бар. Қолыңнан келсе бұл өнерден жиренбе...», - дейді. Мұны естіп Әбунасыр қатты шаттанады. Алайда ол үлкен ұстаз Әбу Мәлік хазіреттің өзінен сұрамаққа бекінді. Әбу Мәлік ұстаз былай деп жау- ап берді:

- Ол да дұрыс, ол да дұрыс. Екі айтушының екеуі де дұрыс айтады... Я, солай... Жамандық та, жақсылық та адамның өз бойындағы қасиетке сүйенеді. Азғындық пен ізгілік ежелден егіз емес пе? Ән-күйдің әуеніне еріп, басқа өнер-білімнен қол үзсең, сонымен өміріңді қапыл өткізсең өкініш емей немене. Әсем әуен алпыс екі тамыр- ды бірдей қозғайтын кереметті, құдіретті нәрсе. Оның сені билеп әкетуі ғажап емес. Алғашқы айтушы сені сонан сақтандырады. Құдіретті өнерді керекті жерінде өлшеумен ұстап, тізгінді ақыл-ойға беріп ізгілік іске қоссақ, онан келер пайда тағы көп. Көкірек кеңіп көңіл оятар, қиял қоздырып қайрат берер тағы сол... Ғылымның ата тегі әр ненің өлшеуін білуде емес пе?! Сен ән-күй үйренсең онан менің қаупім жоқ. Құдіретті күйдің сиқырлы үнін тежеп отыруға сенің ақыл-қабілетің мол жетеді 216 .

216

Ағжан Машанов, әл-Фараби. Жалын баспасы, 1970 ж.

355

-----------------------------------------------------Page 355-----------------------------------------------------

Арнайы медициналық түтікшелерде қолдан ұрықтандыру арқылы сәби дүниеге әкелуге, әсіресе, суррогаттық тәсілге (құрсақ ана) дініміздің үкімі қандай?

Қолдан ұрықтандыруға қатысты дініміздің үкімін айтпас бұрын қолдан ұрықтандырудың не екендігі жайлы оқырманға қысқаша түсіндірме бере кетейік.

«Қолдан ұрықтандыру» - табиғи жолмен өздігінен ұрықтана алмаған жағдайда, әйел жұмыртқа клетка- лары мен еркек ұрық клеткасын сыртқы ортада ар- найы медициналық түтікшелер көмегімен біріктіріп ұрықтандыру тәсілі. Ұрықтандырылған бұл зигота 217 ар- тынша әйел жатырына салынады.

Бұл тәсіл XX ғасырдың алғашқы жартысында ең әуелі жан-жануарларда қолданыла бастады. Бір ғана еркек малдың ұрығымен мыңдаған ұрғашы малдар қолдан шағылыстырылды. Бұл ғылыми жаңалық мал шаруашылығына айтарлықтай экономикалық тиімділік әкелді. Мыңдаған сиырларға бір ғана бұқа салу қиындық туғызатындықтан, шаруа иелеріне бұрынырақта көптеп бұқа ұстау, оларды арнайы күту, бағу керек бола- тын. Енді жаңаша мына тәсіл арқылы оларды күтуге жұмсалатын шығын азайды. Оған қоса, бұқаларды көптеп ұстағаннан кейін қартайған бұқалардың етін өткізу де қолайсыз болатын. Жаңа тәсіл арқылы санау- лы ғана бұқа ұсталатындықтан басқа еркек малдарды жас кезінде сойып етке өткізу де экономикалық пайда

217

Зигота - әйелдегі жұмыртқалық клетканың еркек ұрығымен

ұрықтанған кезі.

356

-----------------------------------------------------Page 356-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

әкелді. Оның үстіне, бұқалардың ұрықтарын зертхана- да зерттеу арқылы олардың ішінен аурудан таза, етті, ең мықтылары таңдалып, ұрықтандыруға қажетті бұқалар іріктелетін болды. Сөйтіп, жоғарғы сапада мал төлдету мен мал түрлерін көбейтуде бұл тәсіл таптырмайтын мүмкіндік сыйлады.

Кейін келе-келе бұл тәсіл табиғи жолмен ұрықтана алмайтын адамдарға да қолданыла бастады. 1978 жылы Эдвардс және Стептоу атты дәрігерлер, Джон Браун, Луиз Браун атты ерлі-зайыптылардың ұрықтарын түтікшеде ұрықтандырып, оны қайтадан Луиз Браунның жатырына салады. Сөйтіп, 1978 жылы 25 тамызда Лесли Браун атты алғашқы сәби дүниеге келген.

Қолдан ұрықтандыру екі тәсіл арқылы жүзеге асады: 1. Қолдан іштей ұрықтандыру тәсілі. Бұл тәсілде ер кісінің спермасы алынып, әйел жатырының қолайлы жеріне қойылады.

2. Қолдан сырттай ұрықтандыру тәсілі. Бұл тәсіл ер кісінің спермасы мен әйелдің жұмыртқа клеткасы алынғаннан кейін оларды зертханада арнайы түтікшелер- де ұрықтандырып, артынша оны әйелдің жатырына орна- ластыру арқылы жүзеге асады.

Осы негізгі екі тәсілге тән қолдан ұрықтандырудың алты түрі бар. Олардың екеуі ішкі ұрықтандыру тәсілі арқылы, қалған төртеуі сыртқы ұрықтандыру арқылы жүзеге асады.

Іштей ұрықтандыру тәсілі:

Біріншісі, үйленген ер кісінің ұрығы алынып, оны әйелінің жатырының ыңғайлы тұсына орналасты- ру арқылы жүзеге асады. Сонда барып еркектің спер- масы табиғи жолмен әйелдің жұмыртқа клеткасымен ұрықтанады. Бұл еркектің спермасы өздігімен табиғи

357

-----------------------------------------------------Page 357-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

түрде әйелінің жатырына жете алмаған жағдайда қолданылады.

Екіншісі, ер кісінің спермасын өз әйелі емес, басқа бір әйелдің жатырына салу арқылы болады. Бұның әуелгіден айтарлықтай көп айырмашылығы жоқ. Айырмашылығы - ер адамның спермасы өз некелісінің жатырына емес, басқа әйелдің жатырына салынады.

Сырттай ұрықтандыру тәсілі:

Біріншісі, ерлі-зайыптылардың спермасы мен жұмыртқалары алынып, арнайы түтікшелерде ұрықтандырылғаннан кейін жұмыртқасы алынған әйел- дің жатырына қайта орналастырылады. Ұрықтандырыл- ған зигота жатырға жабысқан жағдайда өз дамуын ары қарай жалғастырады. Бұл әйелдің жұмыртқалық жолдары бітеліп қалған жағдайда қолданылады.

Екіншісі, ер адамның спермасы мен бөгде әйелдің жұмыртқасын түтікшеде ұрықтандырғаннан кейін оны әйелінің жатырына орналастыру арқылы болады. Бұл жол әйел адамның жұмыртқалығында ақау болса әрі жатыры зиготаны қабылдай алатындай сау жағдайда қолданылады.

Үшіншісі, бөгде ер-әйелдің спермасы мен жұмыртқасы түтікшеде ұрықтандырғаннан кейін оны басқа бір тұрмыстағы әйелдің жатырына салу арқылы жүзеге асады. Бұл тәсілге жатырына зигота қойылған әйелдің жұмыртқалығының жұмыс істемеуі әрі күйеуінің спермасы жарамсыз болған жағдайда жүгініледі. Төртіншісі, ерлі-зайыптылардың спермасы мен жұмыртқа клеткалары түтікшеде ұрықтанғаннан кейін, оны жүкті болып босанып беруге келісім берген басқа бір әйелдің жатырына орналастыру арқылы болады. Яғни, суррогаттық тәсіл арқылы жүзеге асады. Босанып беруші анаға - «құрсақ ана» делінуде. Бұл жолға ерлі -

358

-----------------------------------------------------Page 358-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

зайыптылардың сперма, жұмыртқалары болғанымен, әйелдің жатыры жарамаған яки түгелдей жоқ жағдайда не- месе бала көтеріп, тууды қаламаған жағдайда жүгініледі. Қазіргі таңда әлемде жоғарыда айтылған барлық тәсілдер кеңінен қолданылуда. Қолдан ұрықтандыруды біреулер тек ақша табу мақсатында пайдаланса, енді біреулері үйленбей-ақ балалы болу үшін немесе ерлі- зайыптылардың біреуіндегі яки екеуіндегі жүкті болуға бөгет келтіретін кей ақауларға байланысты кеңінен қолдануда. Бүгінгі таңда танымал яки белгісіз адамдар- дың спермаларын сақтап, сосын оны қажетсінген адамдарға сататын арнайы әлемдік сперма банкалары көптеп құрылған.

Ислам ғұламалары «Рабитатул-аламил-ислам» (Әлем мұсылмандарының өзара байланысы) ұйымы ұйымдастырған фиқһ (ислам құқығы) мәжілісінің VIII кезекті отырысында жоғарыда айтылған қолдан ұрықтандырудың барлық түрлері мен жолдарын зерттеп мынандай пәтуалар шығарған:

1. Ерлі-зайыптылардың спермасы мен жұмыртқа клет- калары табиғи түрде ұрықтана алмаған жағдайда, оларды қолдан ұрықтандыруға шариғат рұқсат етеді. Яғни, жүкті болуға қажетті «сперма, әйелдің жұмыртқа клеткасы және жатыр» бәрі бірдей бір ерлі- зайыптылардікі болған жағдайда ғана қолдан ұрықтандыруға рұқсат. Ал бұған жоғарыда айтылған сырттай және іштей ұрықтандырудың бірінші жолдары ғана сай келеді.

Рұқсат етілген бұл жолдың өзінде де мынандай шарт-

тар орындалуы тиіс:

  • Әурет жерін көрсетуге тыйым салынғандықтан, әйелдің жұмыртқасын алу немесе ұрықтанған зигота- ны жатырына қайта салу істерін мүмкіндігінше сенімді мұсылман әйел дәрігер яки басқа әйел адам, әйтпесе,

359

-----------------------------------------------------Page 359-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

мұсылман ер дәрігер, ол да мүмкін болмаған жағдайда басқа кез-келген сенімді ер дәрігер атқарады. Бірақ, жа- нында басқа туысқандары бірге болуы керек.

  • Ұрықтардың ауысып, шатастырылмайтындығына

нақты көз жеткізілуі керек.

  • Қолдан ұрықтандыру күйеуінің көзі тірісінде жаса-

луы керек. Өлгеннен кейін рұқсат жоқ.

  • Ерлі-зайыптылардың бұл іске бірдей рұқсаты бо-

луы керек.

2. Қолдан ұрықтандырудың қалған барлық түрі шариғат бойынша - харам. Бұл жолдардың кез-келгені зинаның бір түріне жатады 218 . Өйткені, бұл тәсілдерде сперма мен жұмыртқа бірдей ерлі-зайыптыға тиесілі емес яки тиесілі болған күннің өзінде жатыр оларға еш қатысы жоқ бөтен біреудікі. Мұндай жолдар ата-тектің шата- суына, көптеген келеңсіз жайттардың етек алуына әкеп соғары сөзсіз. Аталмыш тәсілдердің ішіндегі кең тараған суррогаттық (құрсақ ана) тәсілмен балалы болуға оң көзбен қарайтын адамдар да кездесіп жатады. Алайда, оның да өзіндік қауіп-қатері мен кері нәтижелері болатындығын ескермей болмайды. Айталық, олардың кейбірі: • Батыста туылған сәбиді құрсақ ананың зигота иелеріне қайтармау оқиғасы жиі кездеседі. Расында да, ұрық басқа біреудікі болғанмен өз қанымен қоректендіріп, тоғыз ай бойы қиналып көтерген, жан алып - жан берісіп барып толғатып дүниеге әкелген бауыр еті баласын кім басқа біреуге көзі қиып бере салсын? Қайтарған күннің өзінде бұл жағдайдың ананың ішкі жан дүниесіне, пси- хологиясына қалай әсер ететінін дүниеге сәби әкелген аналар жақсы түсінер. Ана баласын табыстағаннан кейін

218

әл-Имамул-әкбар Махмуд Шәлтут, Әл-фәтәәуа, 281-бет. Даруш- шуруқ, Каир, 2004 ж.

360

-----------------------------------------------------Page 360-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

өмір бойы оны санасынан өшіре алмасы анық. Ғұмыр бойы рухани күйзеліске түседі. Бала мен ана арасында өзара рухани тығыз байланыс болатындығын ешкім де жоққа шығара алмайды. Себебі, жаратылысының негізгі кезеңдерін бала ананың жатырында тәмамдайды. Рухы ананың жатырында беріледі. Құранда былай делінеді: «Расында, біз адамды нағыз (сүзілген) балшықтан 219 жараттық. Сосын оны шәуеттің бір тамшысы күйінде мықты жерге орналастырдық. Сосын ол тамшыны алақаға (жабысқақ ұрықтанған клеткаға) сосын оны мудғаға (бір тістем ет бейнесіндегі жаратылысқа) сосын мудғаны сүйектерге айналдырдық, сосын сүйектерді етпен қаптадық, сосын оны басқа бір жара- тылыс жасадық. Алла - ең керемет Жаратушы» 220 . Құранда баланың анасы ұрығын берген әйел еме с, оны дүниеге әкелген жан екені айтылады: «Oлардың аналары - оларды дүниеге әкелгендер ғана» 221 . «Біз адамдарға әке-шешесіне жақсылық жасауды өсиет еттік. Анасы оны қиындықпен құрсағында көтеріп, сондай ауыртпашылықпен дүниеге әкелді...» 222 . «Әлсіреген үстіне әлсіреген күйде анасы оны көтерді» 223 .

  • Сәби өскеннен кейін әке-шешесіне қарсы шығып, өзін тапқан құрсақ анасына қайтамын деп қиғылық салған жағдайда не болмақ?
  • Бұған қоса, баланың пікірімен санаспастан оны туған анасына емес, жұмыртқа иесі әйелге тапсырылуы-

219

220 221 222 223

Бұл жерде Адам атамыздың әу баста балшықтан жаратылғандығы яки адам денесінің топырақтағы элементтерді қамтитындығына ишарат етілуде.

Муминун сүресі,12-14-аят. Мужадәла сүресі, 2-аят. Ахқаф сүресі, 15-аят.

Тафсируль-мунир, 13-т, б. 347

361

-----------------------------------------------------Page 361-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

на кім рұқсат берді. Яғни, әр сәби өзін туған анасының құшағында өсуге, ақ сүтін емуге құқылы емес пе? • Құрсақ ана алдын ала берілген қаржыны қанағат тұтып, өзгесін керек етпей ішіндегі баласын әдейі түсік қып тастаса ше?

  • Ал баланың түр-әлпеті ұнамаса немесе дене бітімін- де бір ақау кездесе қаласа, тіпті, ешбір себепсіз балаға тап- сырыс берген ұрық иелері баладан бас тартқан жағдайда баланың және құрсақ ананың жағдайы қалай болмақ? Құрсақ ана өз өмірінде бірнеше жанұяның ұрпағын туып берсе 224 , кейіннен ол балалары ер жете келе бір- бірімен үйленіп жатса қалай болады? Яғни, шешелері бір аға-қарындастар бір-бірімен тұрмыс құрып жатса қалай болғаны? Олай дейтініміз, құрсақ ана бәрінің бірдей ана- сы емес пе?
  • Құрсақ ана үйленбеген қыз болған жағдайда оның тұрмысқа шықпастан жүкті болғанын көрген ел не ойлай- ды? Бұл бәлкім діні бұзылған батыста ерсі болмағанмен, біз секілді зинаны үлкен күнә санайтын мұсылман елдерінде өте жиіркенішті қылық.
  • Батыста суррогаттық ананың өз күйеуінен жүкті болып қалу жағдайы да кездесуде. Германияда бір әйел суррогаттық ана болуға келісім берген. Сөйтіп, жатыры-

224

Мысалы, Ұлыбританияның 38 жасар тұрғыны құрсақ ана - Керол Хорлок осымен қатарынан сегіз рет өзгелердің баласын босанып, енді тоғызыншысына аяғы ауыр. Ол - Childlessness overcome through Surrogacy (ұрпақсыздыққа қарсы бөтен кісілердің нәрестесін көтеру) ұйымында жұмыс істейтін көп әйелдердің бірі. Өздігінен сәби көтере алмайтын жанұяларға жалдамалы құрсақ аналарды іздеу мақсатында 1990 жылы құрылған бұл ұйымға Ке- рол Хорлок 1994 жылы келген. Ол жыл сайын бір нәресте көтеріп келеді. АҚШ-та бұл үлкен бизнес көзіне айналған. Заң жүзінде төлемнің ең жоғарғы мөлшері белгіленбеген. Алайда, Sunday Times - тың хабарлауынша төлем мөлшері 12 мен 18 мың евро көлемінде өзгеріп отырады. (бұл мағлұмат Mednovosti.ru сайты- нан алынды.)

362

-----------------------------------------------------Page 362-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

на келісілген шарт бойынша ерлі-зайыптылардың зиго- тасы қойылғаннан кейін аяғы ауырлайды. Алайда, уақыт өте келе оның сол зиготадан емес, өз күйеуінен жүкті боп қалғаны анықталады. Бірақ, ол алдын ала 8000 АҚШ долларын алып қойғандықтан, әлгі ерлі-зайыптыларға күйеуінен жүкті болған өз баласын табыс етуге мәжбүр болған. Кейбір адамдар өз балаларын ақшаға осылай сату- да. Міне, бұл - дінсіз, рухсыз ғылымның жетістіктері 225 . • Қазір батыста табиғи жолмен өзі бо сануға денсаулығы жете тұрып, әйелдің баланы ке стіртіп ал- дыруы сәнге айналды. Себебі, толғатып, қиналып туғанша ке стіріп алдыра салу әлдеқайда оңайырақ. Бірақ қиналмай әкелген баланың анасына деген құрмет- ықыласының қаншалықты болары тағы белгісіз. 226 Себебі, ана мен баланың арасында рухани байланыстың бар екені сөзсіз. Ол ғылыми зертханада білінетін нәрсе еме с. Ананың аналығы да, қаһармандығы да оны тоғыз ай бойы қабырғасы қайыса көтеріп, қиналып бо сануын- да еме с пе? Ал енді суррогаттық тәсілдің де бара-бара еріккендердің ермегіне айналмасына кім кепіл? Бала көтеріп қиналғысы келмейтін кей әйелдер баласын тауып беретін басқа біреуді жалдауды әдетке айналдыруы мүмкін ғой. Бұл - батыста кең етек алған ауру. Қазіргі күннің өзінде елімізде «Мен бала туып дене-бітімімді бұзғым келмейді», «жасым қырықта, баламды басқа біреу туып берсе... Өйткені, мен үшін жұмысым маңыздырақ» деп, орталыққа келетіндердің бар екендігін Қазақстандағы «Экомед» клиникасының бастығы Салтанат Берденқызы да айтуда 227 . Сонда әйел ана болудан қашса, күйеу бөгде

225

226 227

Мухаммед Али әл-Баарр, Дин ве тып ачысындан түп бебек. 80-81 бет. Ауд: Адил Бебек. Несил иайынлары, Стамбул, 1989 жыл.

Әрине, мәжбүр жағдайда кестіріп алу басқа жағдай. «Қазақстан заман» газеті, 11 қараша 2005.

363

-----------------------------------------------------Page 363-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

еркектің ұрығын өзінің әйелінің жатырына қойылуына намыстанбаса, оны ұят деп қабылдамаса, ағасының ба- ласын қарындасы немесе анасы тағысын тағы жақын туысқандары туып беріп жатса бұл адам баласының азғындауы емес пе?

  • Жоғарыдағыларға қоса, сперма мен жұмыртқаны түтікшеде ұрықтандырғаннан кейін оны үшінші бір әйелдің жатырына қою жолымен дүниеге келген баланың жаратылыс, болмыс, мінез-құлық, психология, ақыл- есінің ақаусыз болатындығына ешкімнің кепілдік бере алмасы және хақ 228 . Мұны алдағы уақыт көрсетеді. Бұл өз алдына зерттеуді қажет ететін тақырып.

Қысқасы, суррогаттық тәсілмен дүниеге бала әкелу мейлі діни тұрғысынан болсын, мейлі адамгершілік жағынан болсын құптарлық іс емес екені айқын. Ислам ғұламалары бірауыздан қолдан ұрықтандырудың бұл тәсіліне «харам» деп анық пәтуа берген.

Иә, өмірде бала сүюдің қандай бақыт екені баршаға аян. Алайда, міндетті түрде бала сүю керек екен деп шариғат тыйымдарын аттап, адамгершілікке жат қылықтарға бару дұрыс емес. Бұл тұрғыда батыстық экспериментер мен адасулар бізге үлгі бола алмай- ды. Батыст а үйленбей-ақ балалы болуды қалайтын ә й е л д е р а р н а й ы қ ұ р ы л ғ а н с п е рм а б а н ка л а р ы н а н б е л г і л і бір мөлшердегі қаражатқа қалаған адамының ұрығын с атып алып балалы бола береді. Белсіз азаматт ар өз әйеліне о сы сперма банкаларынан т анитын яки т аны- майтын еркектердің ұрығын пайдалануына рұқс ат ету- де. Бедеу әйелдер күйеулеріне өзі мүлдем т анымайтын б ө т е н ә й е л д і ң ж ұ м ы р т қ а к л е т ка л а р ы н қ о л д а н у ы н а р а з ы болуда. Керек де с еңіз, шеше сі қызының баласын, қызы

228

Мұхаммед Барада Ғазиюли, әл-ихсабус-синағи мин манзурин исламии.

364

-----------------------------------------------------Page 364-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

шеше сінікін, қарындасы ағасының баласын бо с анып беретін жайтт ар да ке зде с еді.

Бүгінде батыст а құрс ақ ана лар ме н б а л а с ыз е рл і- з а й ы п т ы л а р а р а с ы н д а б и з н е с т і к м а қ с ат т ы к ө з д е п делда лдық жас айтын мекемелерді ң, ә й е л д е рд і ң жұмы ртқа клетка лары мен ер адамда рд ың с п е рма л а- рын с ауда лайтын орт а лықт ардың ке ң т а р а ғ а н д ы ғ ы б аршаға мәлім. Бұлардың қай-қа й с ыс ы б ол ма- сын біздің а дамгершілігімізге сыйы с п а й т ы н, ке л е р ұ р п а қ а л д ы н д а ғ ы а д а л д ы ғ ы м ы з ғ а н ұ қ с а н ке л т і р е р жиіркенішті істер екені сөзсіз. Сұр а қ т ы ң ж ауа б ы н Шәкәрімнің:

«Ғылым деген бұл болса - адыра қалсын,

Демеске бара жатыр ішім толып» 229 - деген даналық

сөзімен тамамдайын.

229

Шәкәрім, Өлеңдер мен поэмалар, 139-бет. Жалын баспасы, А - маты 1988 ж.

365

-----------------------------------------------------Page 365-----------------------------------------------------


Пайғамбарға салауат айту деген не? Біздің салауат айтуымызға пайғамбарымыз мұқтаж ба?

«Салауат» сөзі араб тілінде «береке», «құрмет көрсету», «тілек» сияқты мағыналарды білдіреді. Ал діни терминде болса, салауаттың айтушыға байланыс- ты мағыналары да өзгеріп отырады. «Ахзаб» сүресінде: «Сөзсіз, Алла Тағала және Оның періштелері әрдайым пайғамбарға салауат етеді. Ей, иман еткендер! Сен- дер де Оған (Мұхаммедке) салауат айтып, жан- дүниелеріңмен сәлем жолдаңдар!» 230 делінеді.

Жоғарыдағы аятта білдірілгендей, Пайғамбарымызға тек адамдар ғана емес, Алла Тағаланың өзі де және Оның періштелері де салауат етеді. Сондықтан са- лауат Алла Тағаладан болған жағдайда «рақым ету, дәрежесін көтеріп, мерейін үстем ету, берекеге кенел- ту» мағыналарын білдіреді. Ал періштеден айтылған жағдайда «ізгі дұға және кешірім тілеу» мағынасында қолданылады. Ал мұсылман үмбетінің салауат айтуы - ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) Алла Тағаланың ерекше рақымына бөленіп, асқақ дәрежесінің одан әрі биіктеп, мерейінің үстем болуын тілеуі болмақ. Яғни, үмбетінің пайғамбарына деген ізгі тілегі. Салауат тура- лы қысқаша осылай түсінік бергеннен кейін жоғарыдағы сұраққа қайта оралайық.

Онсыз да Алла Тағаланың рақымы мен берекетіне бөленген, абырой-дәрежесі жоғары Пайғамбарға (с.а.у.) салауат айтып, жақсық тілеу не үшін қажет?

230

Ахзаб сүресі/56.

366

-----------------------------------------------------Page 366-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

Біріншіден, ақырғы пайғамбар Мұхаммедке (с.а.у.) са- лауат айтуымыз - мойнымыздағы қарызымыз. Оның (с.а.у.) алдындағы жақындығымыз бен сүйіспеншілігіміздің белгісі. Оған деген алғысымызды тілек ретінде білдіріп, жүрек жарды сағынышымыз бен құрметімізді салауат түрінде жеткізу болмақ.

Егер пайғамбарымыз жіберілмегенде, біз Ұлы Жа- ратушыны барлық кемел сипаттарымен танып, қатесіз түсіне алатын ба едік? Пайғамбарымыз келмес бұрын адамзат ай, жұлдызға, жансыз, тілсіз, меңіреу, қолдан жасалған пұттарға Құдай деп табынғаны баршаға белгілі. Ендеше, адамзатқа таухид дінін үйретіп, Раббымызбен табыстырған ардақты елші хазреті Мұхаммедке (с.а.у.) са- лауат айту - әрбір мұсылманның пайғамбары алдындағы адал борышы. Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзіне білдірілген ақиқаттарды жан шыдатпас қиыншылықтармен қырқыса жүріп адамзатқа жеткізді. Сол жолда малын да, жа- нын да аямады. Сол үшін апталап емес айлап аш қалды. Мүшріктердің: «Әбдімүттәліптің жетімегінен басқа пайғамбарлыққа адам табылмай қалып па?!» дейтіндей қорлық сөздерін естіп, келеке-мазағына душар болды. Мүбәрак жүзіне дұшпандары сан рет түкіріп, ғибадат жасап жатқан кезде түйенің қан-жынын әкеп төбесіне қотарып, айыздары қана алшаң басып кете барған кездері де болды. Жаңа дінге қарсы шыққан Мекке мүшріктері Пайғамбарызды өлтіруге ант ішіп, мүбәрак өмірін қауіп-қатерге кіріптар етті. Жақын туыстары мен жора- жолдастарын өлтіріп, мал-мүліктерін талан-таражға сал- ды. Бірақ, хақ діннің адамзатқа жетуі үшін пайғамбарымыз (с.а.у.) осының бәріне мойымай шыдады. Пайғамбарымыз бұл жан түршігерлік қиыншылықтарға қияметке дейін келіп-кетер жалпы адамзаттың бақыты үшін душар бол- ды. Иә, ол ақырғы дін исламды бізге жеткізбегенде, ақ

367

-----------------------------------------------------Page 367-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

пен қараны, дүние мен ақыретті, тозақ пен жұмақты, адамдықтың асыл қасиеттері мен құндылықтарын, Ұлы Жаратушының бізді екі дүниеде де бақытты ететін, адамзатты тура жолға бастайтын ескірмейтін заңдарын қайдан біліп, кімнен үйренетін едік? Осының бәрін бізге тұнық күйінде үйреткен хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) са- лауат айту - біздің Оған деген шексіз алғысымыз бен сүйіспеншілігіміздің рәмізі.

Салауат - сан ғасырлар бойы жалғасып келген әрбір үмбетінің «Уа, Пайғамбарым! Мен де сенің үмбетіңмін» ,- деп көкірек кере қуаныштан жар салуының көрінісі. Салауат - сан ғасырды артқа тастаса да, үмбетінің Пайғамбарына деген түгесілмес сағыныш сазының әуені. Салауат - үмбетінің Оған (с.а.у.) бір қадам болса да

өзін жақын сезінуінің шарасы болса керек.

Екіншіден, үмбетінің әрбір істеген жақсылығының сауабы Пайғамбарымыздың да амал дәптеріне жазылып отырады. Сол себепті, Оның «махмуд мақамы» биіктеген сайын биіктеп, ақыретте көптеген үмбетіне шапағат ете алатын болады. Салауат арқылы Пайғамбарға Алла Тағаладан береке, рақым тілеп, асқақ дәрежесінің одан сайын биікке көтеріліп, мейірімінің үстем етілуін сұрау - Оның (с.а.у.) ақыретте шапағатына кенелуімізге себеп болады. Үмбеті Оған салауап айтқан сайын оның биіктегі дәрежесі одан әрі асқақтап, шапағат ету ауқымы кеңейе түседі.

Хақ Елшісі Мұхаммед (с.а.у.) хадисте: «Қиямет күні адамдардың маған ең жақыны - мына дүниеде маған көп салауат айтқан адам» 231 - деген. Пайғамбарына са- лауат айтып, сәлем жолдаған құл, иншалла, ана дүниеде пайғамбарға анағұрлым жақын тұрады. Сөйтіп Хақ ал- дында есебімді қалай беремін деп ақ тер, көк терге

231

әт-Тирмизи. Салат/357.

368

-----------------------------------------------------Page 368-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

түсіп абдыраған құл күтпеген жерден пайғамбарының кең шапағатына ие болады. Сондықтан салауат айтудың пайдасы Пайғамбарымыздан бұрын Оның үмбеті, бізге тиеді. Шындап келгенде, салауат айтуға Ол емес, біз мұқтажбыз.

Үшіншіден, біз пайғамбарымызға салауат айтқан сай- ын Алла Тағала бізге он рет салауат айтады. Он күнәміз кешіріліп, дәрежеміз он есе көтеріледі.

Әнас атты сахаба риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Кімде-кім маған бір рет салауат айтса, Алла Тағала оған он салау- ат айтады. Әрі он күнәсі кешіріліп, дәрежесі он есе көтеріледі» 232 .

Демек, Ұлы Жаратушының рақымына бөленіп, күнәларымыздың кешіріліп, дәрежеміздің өсуіне се- беп болар салауатқа Пайғамбарымыз емес, керісінше біз зәруміз.

232

ән-Нәсаий. Сәһу/55.

369

-----------------------------------------------------Page 369-----------------------------------------------------

ПАйДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Абай Құнанбаев, Өлеңдер мен поэмалар. «Ғылым»

баспасы, Алматы - 1977 ж.

2. Абай, Қара сөз, Поэмалар. «Кітап» баспасы,

1992ж.

3. Абдул Мәжид Азизул-зандани, Китабу Тәухидул-

Халиқ. Дарус-Салам, Египет, 1994 ж.

4. Абдуллаһ Аймаз, Кадер Илми Исбаты. Силм мат-

басы. Измир, 1983.

5. Абдул-Фаттах Әбу ғудда, Әр-Расулул-Му'аллим уа Әсалибуһу фит-та'лим. Дарул-Башаирул-Исламия, Бай- рут, 1997 ж.

6. Адем Татлы, Мерак еттиклеримиз. Жиһан иайын-

лары, Станбул.

7. Адем Якуп, Куран Мужизелері. Несил Матбажы-

лык, 2003 ж.

8. Али Жума Али, әл-Кәлимут-таййбу фәтәәуа асрия.

«Дәрус-сәлам» баспасы. Египет, 2005 ж.

9. Афиф Әбдул-Фаттаһ Таббара, Рухуд-динил- Исламий. Дарул-ғилм Лилмәлаййн, Байрут. 1995. 10. Ахмад ибну Али ибни Хажарил-Асқалани, Фатхул- Бәри ли шархил-Бухари. Дәрул-Фикр, Бәйрут. 2000 ж. 11. Ахмед Шаһин, иени айле илмихалы. Жихан иай-

ынлары.

12. Әбу Зәкария Мухиддин Иахия ән Нәуәуий, Нузһатул муттақин, «Муәссисәтур рисәлә» баспасы, Бай- рут 1991ж.

370

-----------------------------------------------------Page 370-----------------------------------------------------