Өмір өзендей аққан бойы өтіп жатыр. Үйреншікті күн арайлап атып, алаулап батуда. Адамдардың көбі пәни дүниенің қамын жеп, өздерінің мына дүниеге қайдан, не үшін келгендерін, қайда баратындарын ұмытқан. Бәрі сағым қуғандай бір арманнан екінші бір арманның, бір белестен екінші белестің ізіне түсуде. Біріне енді жеттім дегенде, екіншісі анау жақтан мен мұндалап тұрады. Бірақ адам бәрібір тоймайды, бәрібір қанағаттанбайды. Енді асыл арманыма, аңсаған мақсат -мұратыма жеттім деген- де, өлім оны өкшелеп жетеді. Сөйтіп, адам мына пәнидің алдамшы қызылына қызығып, қайран бір ғұмырды жоқ етеді.
Бұл күнде адамдар өмірдегі өзіне жүктелген мінде- тін орындау үшін тамақ ішпейді, керісінше, тамақ ішу үшін өмір сүреді. Яғни, өмірдегі мақсаты - қарын тойды- ру. Ойланғанға екеуі екі бөлек. Тамақты мақсат ететіндей ғаламдағы ең саналы жаратылыс - адамның осындай мағынасыз жаратылғаны ма? Сонда адамның құрсағын тойдыруы үшін мектепте он бір жыл, университетте бес- алты жыл оқып, сол бір қарнының қамы үшін өтірік пен өсек айтып, басқаны қызғанғаны ма? Сол үшін қан төгіп, жауласқаны ма? Сонда адам бар ғұмырын құрсақтың қамы үшін арнайтындай осыншама төмен деңгейге түскені ғой... Жо-жооқ, әлемдегі ең саналы, ең кемел жаратылыстың әсте мұндай төмен болуы мүмкін емес. Мал екеш малдың өзін алып қарасақ, әрқайсысының белгілі бір мақсат үшін жаратылған көреміз. Қорадағы мөңіреген сиырдың
201
-----------------------------------------------------Page 201-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
да өзіндік міндеті бар. Таңертең өріске барып, кеш ауа желінін сыздата аппақ сүт әкеледі. Кім үшін? Адам үшін. Ара да таңның атысы, кештің батысымен мыңдаған гүлдерге қонып жүріп, кешке улы денесінен шипасы мол бал тарту етеді. Демек, бұл өмірдегі әрбір жаратылыс иесінің өзіндік міндеті бар. Олар саналы болмаған күннің өзінде сол міндетін мүлтіксіз орындауда. Ал ең көркем жаратылыс иесі адамның міндеті не? Ол сиыр, ара сияқты денесінен басқаға пайдалы бір нәрсе шығара ма? Иә, ең көркем жаратылыс иесі адамның да өз сана- сы мен абырой-дәрежесіне қарай өзіндік үлкен міндеті болға тиіс. Егер адамның да өзіндік орны мен міндеті болмаса, онда оның кім болғаны? Жай ғана асхана мен дәретхананың ортасында жүріп, ас қорытып-шығарудан аспайтын жанды аппарат болғаны ма?! Жо-жооқ, әсте олай емес! Ең кемел жаратылыс иесі адамның өзіне тән жоғары міндеті бар. Ол міндет бәрінен де жоғары, аса абыройлы міндет.
Ол - өзін жоқтан бар еткен құдіреті шексіз Ұлы Жа- ратушыны тану. Ол - күллі жаратылыс атаулының бойы- нан Алла Тағаланың тіл жетпес шеберлігі мен ұлылығын көріп, Оның құдірет-күшінің алдында таң қала бас иіп, құлшылық жасау.
Ол - өзіне тегін берілген сансыз жақсылық, нығметтер үшін Ұлы жаратушы Иеге алғыс-рақметін білдіріп, Оның алдында мәңгілік қарыздар екенін сезіну.
Бұған қоса табиғатындағы қызғану, сабырсыздық, жалқаулық, қанағатсыздық сияқты жаман қылықтардан арылып, бойындағы асыл қасиеттерді шыңдап, сан алуан сезімдерін кемелдендіріп, әр түрлі қабілеттерін жетілдіру арқылы «кәміл адам» тұғырына көтерілу. Сөйтіп, «кәміл адам» күйінде о бастағы асыл мекені - Жәннатқа оралу. Хақ Тағаланың ризашылығына бөленіп, ондағы мәңгілік
202
-----------------------------------------------------Page 202-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
бақытқа, бұрын-соңды көз көріп, құлақ естімеген, ақыл ойлап елестете алмаған Ұлы Жаратушысының өлшеусіз ғажайып сый-сияпатына қауышу һәм бұның бәрінен де қымбаты - жұмақта Алла Тағаланың аса көркем дидарын тамашалап шексіз ләззатқа кенелу.
Хақ тағалаға деген құлшылықтың мәні
Күллі жаратылыс атаулы - Алла Тағаланың құдіреті мен құзіретін, шеберлігі мен шексіздігін, өлшеусіз ілімі мен теңдессіз ұлылығын танытар жеке-жеке құдайылық мөр. Біз осыларға қарап Оны таныдық, әлі де тану үстіндеміз. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Мен жындар мен адам ба- ласын «тек қана (мені танып), маған ғибадат етсін» деп жараттым» 105 - дейді.
Демек, Алла Тағала бізді бұл дүниеге Өзін мына жаратылысқа қарап тапсын, танысын, білсін, құдіретінің, шеберлігінің, ілімінің алдында таң қалып, бас исін, құлшылық етсін деп жіберген. Мысалы, кез келген атақты суретшінің табиғатты өрнектеген суретіне қарап таң қалып, тамсана таңдай қағамыз. Оның өнерін, шеберлігін, талантын мойындап, оған мақтау айтамыз. Тіпті сол суретшімен бір сәт бірге болуды мәртебе санап, суретке түсіп жатамыз. Ал, енді сол суретшінің салған суретін бір сәт бағалап көрелікші!... Өспейді, өнбейді, төрт мезгілде әр түрлі құбылысқа енбейді, ағаштары жеміс бермейді, сула- ры ақпайды, құстары сайрап, балықтары жүзбейді. Міне, біздер осындай жансыз, жасанды, көшірме суреттерге қарап таң қалып, таңдай қағып жатамыз. Бірақ сырттағы көркемдігі ғажап мына шынайы әлемге көңіл бөлмейміз. Ондағы жұпар исі аңқыған сан алуан гүлдерді, әр түрлі жеміс-жидегін шашу еткен ағаштарды, құрлық пен теңізді
105
Зарият сүресі 56-аят.
203
-----------------------------------------------------Page 203-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
мекендеген сансыз қасиетке ие жанды-жансыз атаулыны, көздің жауын алар жасампаздыққа тұнып тұрған жалпы табиғатты жаратқан негізгі Ұлы Суретшіні, шебер Жа- ратушыны елемеуге бола ма? Саналы адам үшін нағыз мақтауға ие сол Жаратушы емес пе? Қалай ғана Оның құдіретінің, шеберлігінің, ұлылығының алдында таң қалып, Оған мадақ, мақтау айтпастан жайбарақат жүре аламыз?! Неліктен ғибадат, мінәжатымыз арқылы Ұлы Құдіретпен бірге болуды өзімізді мәртебе санамаймыз? Ендеше, адам баласының ең басты міндеті - Ұлы Жаратушыны тану. Оның ұлылығын дәріптеп, «Аллаһу әкбар», «Алла Тағалам сен қандай ұлысың!» деп бас иіп, мадақ айту.
Иә, Оның құдіреті мен құзіретінің, шеберлігі мен шексіздігінің, өлшеусіз ілімі мен теңдессіз ұлылығының алдында таң қала бас иіп, мақтау айту - құлшылықтың нағыз өзі.
Намазымыздың әр рәкатында үнемі оқылатын «Фа- тиха» сүресіндегі: «Бүкіл мадақ та, мақтау да тек қана бүкіл әлемнің Раббысы - Аллаға тән» деудің мағынасы да осы болса керек.
Құлшылықтың тағы бір мәні - Ұлы Жаратушы та- рапынан бізге тегін тарту етілген сан жетпес жақсылық, ризық, нығмет үшін алғысымызды ғибадат арқылы білдіріп, Оның алдында қарыздар екенімізді мойындау. Жан-жағымызды қоршап жатқан күллі болмыс атау- лы тек қана біз үшін жаратылған. Алла Тағала өзінің шек- сіз құдіретімен оларды әлсіз, дәрменсіз адам баласының қызметіне бас идірген. Алып табиғат денелерін Ұлы Жа- ратушы өзі бас идірмесе, оларды күшпен бағындыруға адам баласының қауқары жетпесі даусыз.
Арайлап таңның атуы, алаулап күннің батуы кім
үшін?!
204
-----------------------------------------------------Page 204-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
Жосылып бұлттың көшуі, еркелеп желдің есуі кім
үшін?!
Сылдырлап аққан өзен мен буырқанып тасыған теңіз
кім үшін?!
Қойнауы қазынаға толы асқар таулар кім үшін?! Етімен, сүтімен, терісімен, жүнімен өрісте жүрген
жан-жануар атаулы кім үшін?!
Жан-тәнімізді сүйсінтіп, өне бойымызды толқытып, ән салатын, тоты, бұлбұл жыршы құстар кім үшін?! Жұпар исін аңқытып, көздің жауын алатын, сан алуан түсті гүлдер мен балдай тәтті жеміс-жидек кім үшін?! Алып Күн денесінің жылуы мен жарығы кім үшін?! Бір ғана жауап - бәрі де біз үшін. Бәрі де адам баласы үшін. Бәрі де ардақты жаратылыс иесі адамзат үшін. Әр ай сайын қолданған ыстық, суық суымыз бен жаққан электр шамымыздың ақысын төлеп жатырмыз. Ал, көзімізді ашқаннан бері бізге жылуы мен жарығын күлімдей төккен күннің Ұлы Иесіне қандай ақы төледік?! Төле деп талап еткенде немізді төлер едік?! Ендеше адамның міндеті тек қана ішіп-жеп, тайраңдау емес, осы- ларды тегін берген Ұлы Жаратушысына алғыс білдіріп, құлшылық жасау. Дана Абайдың:
«Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй Ол Алланы жаннан тәтті», - деуі де
сондықтан.
Ендеше, бізге сүйіспеншілікпен қарап, таусыл- мас қымбат нығметтерді сыйлаған Ұлы Иемізге біз де сүйіспеншілікпен қарап, бас иіп, алғысымызды ғибадат арқылы білдіруіміз - ұмытылмас міндетіміз.
Адам дене мен рухтан тұрады. Денемізді күн сай- ын ішкен-жеген тамағымыз арқылы қоректендіреміз. Ал
205
-----------------------------------------------------Page 205-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
рухты немен қоректендіреміз? Рухымызды және оның мазасыздығын дамыған ғылым да, шарықтаған экономи- ка да, сәт санап өркендеген мәдениет те қанағаттандыра алмайды. Адамның төрт түлігі сай болып, жегені май болса да, бәрібір оған бір нәрсе жетпей тұрады. Өйткені оның сұрағаны заттық емес, рухани болмақ. Демек, материалдық денеміздің материалдық қорек талап еткені тәрізді, рухымыз да рухани қоректі талап етеді. Олай болса, рухымыздың, жан дүниеміздің қорегі - біздің намазымыз, оразамыз, жалпы күллі ғибадатымыз. «Рағд» сүресінде: «Біліп қойыңдар! Жүректер тек қана Алланы еске алу арқылы жай табады», - деп ғибадат жасаған уақытта ғана рухымыз еркін тыныс алып, жүрегіміз жай тауып, жан дүниеміз тыныштыққа, шексіз рахатқа қауышып, ерекше ләззатқа бөленетінін білдіреді.
Нұсқа айтсақ, ғибадат - рухымызға қорек, жүрегімізге шипа, денемізге саулық, ақылымызға туралық, ерік- жігерімізге қуат, сезімдерімізге кемелдік, әлсіздігімізге сүйеніш сыйлайды. Ғибадат - өмірімізді ретке келтіріп, күнәлардың батпағына батудан, рухани ластықтан сақтайды.
Ғибадатымыз - екінші дүниемізге жинаған азығы- мыз, мәңгілік дүниеде бақытты болудың бірден-бір жолы да сол.
Ғибадатымыз - бәрінен бұрын Ұлы Жаратушының
бізге жүктеген ең ұлы парызы.
Ғибадатымыз - иманымыздың белгісі, әлсіздігіміз- дің, мұқтаждығымыздың, шарасыздығымыздың, қысқасы, құлдығымыздың нышаны.
Біздің Аллаға бас июіміз - басқаға бас имейтіндігіміз үшін берілген шынайы антымыз бен сертіміз. Өйткені біз Аллаға құл болған кезде ғана нәпсіге, дүниеге жалпы барлық басқа жалған құлшылықтардан құтыламыз.
206
-----------------------------------------------------Page 206-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
Тәніміз сәждеде барынша кішірейген сәтте, рухымыз Ұлылардың Ұлысына самғай ұшып, көтеріліп жатады.
Шүкіршілік
Шүкір - жаратылыстың сыры, шүкір - дүниенің мәйегі, шүкір - адамдықтың рәмізі, шүкір ету - пенденің ең үлкен міндеті. Шүкір - жақсылық иесіне жақсылығы үшін қарыздар екеніңді сезіну, оның алдында бас иіп, алғыс-рахметіңді білдіру.
Міне, жаратылыста шүкір осыншалықты маңызды бола тұра, өкініштісі, адам баласының көбі бұл қасиеттен мақұрым. Құран Кәрім бұл шындықты: «Құлдарымның арасында шүкір етушілер өте аз», - деп ескертеді. Иә, адам баласы кішкене ойланып-толғанса, өзін қоршаған қай нәрсенің болмасын Алла тарапынан ар- найы әзірленіп, адам баласының қызметіне ұсынылғанын түсінері сөзсіз. Тіпті, өзінің жоқтан бар етіліп, тіршілік иесі болуының өзі баға жетпес нығмет. Бірақ, өкініштісі бұл нығметтің қадірін жете түсініп, Жаратушысына деген шүкірінен жаңылмайтын тіршілік иесі өте аз.
Мысалы, суға батып бара жатқан адамды әлде бір кісі құтқарып қалса, өміріне себеп болған әлгі адамға: «Мен саған бұдан былай қарыздар болып өтемін, - деп оның ал- дында құрақ ұшады. Істеген бір ғана жақсылығы үшін бас иіп, өмір бойы ізет білдірері сөзсіз. Ал енді бізді жоқтан бар етіп жаратып, әр ауа жұтып, тыныс алған сайын бізді бір өлімнен құтқарып, бір өмір сыйлаған Жаратушы- мызды ұмыт қалдырып, жақсылығы үшін алғысымызды білдірмеуіміз дұрыс па?
Ұлы Жаратушымыздың адамға берген жақсылық, нығметтері шексіз. Құранда: «Егер Алланың сендер- ге берген нығметтерін санасаңдар, санап тауыса алмайсыңдар», - делінеді.
207
-----------------------------------------------------Page 207-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
Біз, адам баласы, денсаулықтың, әрбір он екі мүшеміздің баға жетпес нығмет екенін ойлап, қадірін түсіндік пе? Оларды бізге тегін берген Раббымызға рақметіміз бен алғысымызды білдіріп, Оған қарыздар екенімізді сезіндік пе? Шындығында, бізге бұл сұраққа жауап беру оңайға соқпаса керек.
Егер біреу бізге көп ақша берсе, оған рахметімізді жаудырып, алдында құрақ ұшамыз. Ал, енді бір қолымыз шолақ болса, мейлі миллиардтаған жыл жұмыс істеп, триллион ақша тапсақ та, Алланың бізге тегін берген сау қолын сатып ала аламыз ба? Сатып ала алмасақ, неге біз триллион ақша жұмсап қол жеткізе алмайтын әрбір мүшемізді бізге тегін сыйлаған Ұлы Жаратушымызға алғыс-рақметімізді білдірмейміз? Неге «Аллаһу әкбар» деп сәждеге бас ұрмаймыз?
Иә, тіпті ішкен-жеген асымызды табиғи жол- мен сыртқа шығарудың өзі де Ұлы Иеміздің үлкен жақсылығы. Оның қадірін ұғу үшін ауруханалардағы бұл нығметтен мақрұм жандарды барып көріп, атал- мыш нығметтің қадірін түсінейік! Түсініп, Раббымызға қарыздар екенімізді шын жүректен сезінейік!
Осыншама жақсылықтың, ырыс-берекенің алғысы «шүкір» деген тіліміздің ұшымен айтылатын үйреншікті сөзбен шектелмейді. Ұлы Иемізге деген шы- найы алғысымыз бен махаббатымыздың белгісі - Оның бұйырған әмірлерін «ләббайк» деп, айна-қатесіз орындап, міндеттеген ғибадаттарын қадари халімізше толық атқару мен тыйымдарынан түгелдей тыйылу.
Көбіне біз рахметімізді, алғысымызды шынайы Ие- сіне емес, жолдағы түкке тұрғысыз себептерге білдірумен ғана шектеліп жатамыз. Қалайша дейсіз бе? Базардан бір алма сатып алдық делік. Сатушыға рахметімізді айтып, қолына ақшасын ұстатамыз. Бірақ сол алманы «құлым
208
-----------------------------------------------------Page 208-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
жесін» деп көз тартар сұлу пішінде жаратып, аузыңнан сілекейіңді ағызар тамаша дәм мен мұрныңды жарар кере- мет жұпар иіспен безендіріп бізге жіберген, яғни алманың шынайы иесі - Алла Тағалаға шүкірімізді, рахметімізді білдіріп, Оған деген қарыздығымызды сезінеміз бе? Сатушының қолына ұстатқан азды-көпті тиын- тебенді алманың құны деп ойламаңыз, ол тек сатушының еңбегі ғана. Себебі, алманың өз құны өлшеусіз. Ол бағамен өлшенбейді. Неге дейсіз бе? Егер алма жоқ болса, оны өсіру үшін дәнегін қайдан алар едік? Миллиардтаған қаржы жұмсап, жоғары деңгейдегі зертханаларды құрсақ та алманың бір түйір дәнін жасай алар ма едік? Тіпті дәні бар болған күннің өзінде оның өсіп жетілуіне керекті Күнді, ауаны, топырақты, ондағы әр түрлі минералдар- ды қайдан табар едік Бүкіл әлем жиналса, алманың өсуі үшін керекті суды, ауаны жасай алмайды. Енді осы алмаға керекті күн, ауа, топырақ, су сияқты қажетті заттардың баға жетпестігін ескере отырып, алманы бағалап көрейікші... Иә, біз көбіне жаратқанды ұмытып, ортадағы себеп- терге ғана алғысымызды білдірумен шектеліп жатамыз. Бұл ісіміздің қаншалықты әділетсіз екенін білу үшін мына мысалға назар аударайық.
Патша қызметшісі арқылы біреуге бағалы сый жіберді делік. Әлгі адам сыйлықты ала салысымен рахметін үйіп-төгіп патшаның қызметшісіне айтып, сыйды тарту еткен патшаның өзін елеме се, оның бұл ісі қаншалықты жөнсіз болар еді. Бұл тұста нағыз алғыс айтуға лайық жан қызметші еме с, патшаның өзі еме с пе?!
209
-----------------------------------------------------Page 209-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
Мінәжат
Ғұмырын осы уақытқа дейін босқа өткізіп, жүрегі ақиқат шуағына
кейінен ғана оянған бір пенденің
Хақ алдындағы тәубасы.
Уа, Жаратушы Жаппар Ием - Хақ Тағала!
Құлың саған келді бас иіп, тәуба тілеп. Медет тілері бар ма оның Сенен басқа? Құлың адамдық тізгінін нәпсінің қолына ұстатып, әр бұрышта тұзақ құрып, айла ойлаған ібілістің құрығына шалынды. Дүниенің жылты- рына алданып, пендешіліктің батпағына малынды. Енді міне, күнәларын арқалаған бойы бір қызарып, бір сазара ұялған күйі Саған келді. Өйткені Сен - мейірімділердің ең мейірімдісі, рақымдылардың ең рақымдысы, кешірімділердің кешірімдісісің.
Рахман Ием! Құлың қанша күнәға батса да, «бір күні келіп, Сенің ұлылығыңның алдында бас иемін» - деген көкірегіндегі үмітін жоғалтпады. Өйткені ол күнәсінің қанша үлкен екенін білсе де, Сенің кешіріміңнің одан да үлкен, шексіз екеніне бек сенді.
Алла Тағалам! «Раббым - тек Сенсің» дедім, сөйте
тұра нәпсіме, дүниеге құлдық ұрдым.
Жаратушы Ием! Ақырет дедім, сөйте тұра дүниені таңдадым. Мәңгілік дедім, сөйте тұра пәниді артық көрдім.
Жаппар Ием! Сенің: «Уа, құлдарым, шайтан сендердің ашық дұшпандарың» деген рақымға толы ескертулеріңе құлақ аспай, Ібіліспен қоян-қолтық дос болдық, жо-жоқ, дос қана емес, тіпті, ажырамас сырлас болдық. Тіпті, кей тұста шайтан бізді емес, біз шайтанның өзін азғырдық.
210
-----------------------------------------------------Page 210-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
Раббым! Мен Сені басыма бір қиыншылық түскен сәтте немесе ауру-сырқауға ұшырап, тығырыққа тірелген мезетте ғана іздедім. Сол кезде ғана Саған деген мұқтаждығымды мойындап, құдіретіңе бас идім. «Раб- бым, егер осыдан бір құтқарсаң, Сенің адал жолыңда жүрер едім», - деп Өзіңе сан рет уәде бердім. Сөйтіп, қиыншылықтан құтылған сәтте, Сені еске алмастан баяғы әдетімше кердеңдеп кете бардым.
Жаратқан Ием! Сен маған рақым етіп, ырыс- берекеңді төккен сайын, Өзіңе қарыздар екенімді сезініп, маңдайымды сәждеге қоюдың орнына, тайраңдаған сай- ын тайраңдай түстім. Сенен алыстаған сайын алыстап, күнәға белшеден баттым. Істеген әр күнәма өзімізше ақтау айтып, мың түрлі сылтау іздедім. Жүрегімнің қарайып, күнәға етімінің үйренгені соншалық ауыр күнәлардың өзін елемейтін болдық.
Күллі ғаламды мейіріміңмен тербеткен Рахман Раб- бым! Сен не деген кешірімді, не деген мейірімдісің? Мен қанша күнә істеп, жүрегім қарайып, қараңғылыққа құлдиласам да, Сен мені дереу жазалап, тас төбеме азабыңды жаудырмай, тәубе етуім үшін ғұмыр сыйлап, адам болуым үшін мұрсат бердің.
Уа, Алла Тағалам! Ертең Сенің алдыңа барғанда: «Құлым! Мен үшін не істедің?» деген сұрағыңа не деп жауап беремін? Дүниедегі қай амалымды бір ғана Сенің разылығың үшін істедім дей аламын? Қу құлқынның қамын күйттеген істерімді ме? Әлде сол бір құлқынның қамы үшін айналамдағыларға жасаған қулық-айла, ұрыс- жанжалымды ма? Жоқ әлде мына бес күндік дүние үшін құраған қилы-қилы жоспарларымды ма?
Раббым! Сенің алдыңда бір-бірлеп тұрып есепке тар- тылар Махшар күні менің жағдайым не болмақ? Ол күні жан біткеннің жүрегі дүрсілдеп, ақ тер, көк терге түсіп,
211
-----------------------------------------------------Page 211-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
ана баладан, бала әкеден қашып, күйеуі әйелінен безіп, әркім тек өзінің қара басының қамын жеп, қиналған сол күні менің жағдайым нешік?
Сенің: «Ей, құлым! Менің саған берген болаттай жастық шағыңды, темірдей денсаулығыңды, көл-көсір уақытыңды, мал-мүлкіңді қайда, кімнің жолында, не үшін жұмсадың», - деген сұрағыңа не деп жауап беремін? Ешкімге пайдасы жоқ бо с сөздер мен мағынасыз ойын-сауыққа, күнәға толы жастық шағымды қалайша, қалай ғана «Алла Тағалам! Сенің жолыңда, адамзаттың игілігі үшін», - дей алам?! Түкке тұрмайтын бо с нәрселер үшін өзгелермен бәсекеле сіп, ысырап етуден асып- артылмаған мал-мүлкімді қалайша, қалай ғана «Раб- бым! Тек сенің жолыңда, кедей-кепшік, жетім-жесірдің қамы үшін?», - деп Сені де, өзгені де алдай алам? Атақ- абырой, мансап үшін атқарған қызметімді қалай ғана «Алла Тағалам, тек сенің ризалығың мен халқымның жақсылығы үшін», - дей алам?!
Қызығын көретініме көзім нақты жетпесе де пәни дүниенің қамы үшін жанымды алып-салып күндіз-түні тер төктім. Сөйте тұра сөзсіз келіп жететін өлім үшін, ау- зын ашып күтіп тұрған қараңғы қабір үшін, сұрағы ауыр есеп күні үшін, жалпы мәңгілік ғұмыр үшін Өзің тегін берген ағыл-тегіл жиырма төрт сағаттың ең болмаса бір- екі сағатын да қимадым-ау. Ақыретте құлдың ең бірінші сұралатын нәрсесі «намазы» демекші, осы уақытқа дейін ананы сылтауратып, мынаны сылтауратып, дүниені көлденең тартып, қаза еткен сансыз намаздарымның есебін қалай беріп, сұрағынан қалай құтыламын? Жаратушы Раббым! Мен қанша күнәһар болсам да сенің шексіз кешірім-мейіріміңнен үміткермін. Есеп күні: «Құлым! Сені де кештім» деген рақымға толы ілтипатыңа ынтызармын. Өйткені Сен - рақымдылардың рақымдысы
212
-----------------------------------------------------Page 212-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
- бүкіл әлемдердің Раббысысың. Өйткені Сен Құрандағы: «Ей, (көп күнә істеп) өздеріне жаманшылық жасауда шектен шыққан құлдарым! Алланың рақымынан үміттеріңді үзбеңдер! Алла барлық күнәларды кешіреді. Өйткені Ол - өте кешірімді және рақымды», деп үміт шашқан қасиетті сөздің Иесісің.
Уа, Алланың мен секілді ертеңінен
бейғам құлдары!
Өлімнен кім қашып құтылған? Пәнилікке бас име- ген, сірә, біреу бар ма? Қайда кешегі сән-салтанатымен саят құрып, зәулім-зәулім сарайларда ғұмыр кешкен аты әйгілі заңғар тұлғалар? Қайда кешегі біздің көз алдымыз- да жүрген ақ сақалды қариялар мен бетін әжім басқан ақ жаулықты әжелер? Олардан қане, кім қалды? Кім? Кешегі олардың орнын бүгінгі біздер басатынымызды ұмытпайық!
Жастығыңның тұла бойыңды жасындай шарпып, сарқылмастай көрінген күш-қуатын «мәңгілік» деп ал- данба! Жалғанның жарын жағалап жүріп, күндердің бір күнінде аңдаусыз ажалдың құрығына іліккен сәтте ғана қу түлкідей құбылған сұм дүниеге алданғаныңды аңғарып: «Қап, әттеген-ай, жарығы сөнбестей көрінген жалған дүние жалт бұрылып мені де қапыда қалдырды-ау» деп аһылап -үһілеп өкінгеннен не шара?!
Алла Тағалам! Мен Саған, Сенің асыл дініңе бет бұрдым. Алла Тағалам! Қалған ғұмырымда Құран нұрынан таймай, Сенің жолыңда, иман нұрында, тақуалықтың ізінде жүруді нәсіп ет! Амин, Әмин!!!
213
-----------------------------------------------------Page 213-----------------------------------------------------