Имани гүл.

ПЕРІШТЕЛЕРГЕ ИМАН

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Оның жанындағылар (періштелер) Ұлы

Жаратушыларына ғибадат жасаудан бас тартып, паңданбайды және құлшылық жасаудан шарша- майды. Олар жалығып, шаршамастан күндіз-түні

Алланы (күллі кемшілік атаулыдан пәктеп)

тәсбих етеді» «Әнбия» сүресі

«Періштелер Алланың бұйырған нәрселеріне қарсы шықпайды және не бұйырылса соны

қалтқысыз орындайды»

«Тахрим» сүресі

-----------------------------------------------------Page 173-----------------------------------------------------

ПЕРІШТЕ

Періштелерге иман - Ислам дініндегі иман негіздерінің бірі. Періштелер ғайып әлемінен, яғни, бізге көмескі әлемнен болғандықтан, біз оларды көзбен көріп, ақылмен толық қамтып түсіне алмаймыз. Сондықтан олар жайлы мағлұматты Құранның бізге жеткізген қасиетті аяттары мен Алла елшісінің (с.а.у.) хадистері арқылы білеміз.

Құранда: «Алла елшісі Раббы тарапынан өзіне түсірілгендерге иман келтірді және мүміндер де (иман келтірді). Барлығы Аллаға, періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына және ақырет күніне иман келтірді...» 84 - делінсе, басқа бір аятында: «Кімде- кім Аллаға және Оның періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына және ақырет күніне иман етпесе, қатты адасады...» 85 - деп періштелерінің барлығынан ха- бардар етіп және оларға еш шартсыз иман етуді бұйырады. Негізінде періштелерге иман етпеу - Алла Тағаланың же р бе т і н е ж і бе р ге н п а й ғ а м б а рл а р ы н а ж ә н е ол а р ғ а түскен кіт апт арға иман етпеумен бірдей. С ебебі, Ұлы Жаратушының адам баласына ақ пен қараны ажыратып, тура жолды көрс етіп, ақиқат перде сін ашу үшін түсірген барлық кіт апт ары уахи жолымен пайғамбарларына о сы періштелері арқылы келіп жеткен.

Періштелердің ерекшеліктері

Періштелер - нұрдан жаратылған рухани болмыс.

84 85

Бақара сүресі/285. Ниса сүресі/136.

174

-----------------------------------------------------Page 174-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

Пайғамбарымыздың хадисінде: «Періштелер нұрдан жаратылған...» 86 - делінген.

Періштелер адамнан бұрын жаратылған. Олардың өздеріне тән денелері бар. Олар адамдар секілді ішіп- жеуге, ұрпақ көбейтіп, көбеюге, шаршап-шалдығып, ұйықтауға мұқтаж емес. Жынысқа бөлінбейді. Қызғану, ашулану, ренжу, тәкаппарлану сияқты жаман сипаттар олардың пәк дүниесінен аулақ. Олар үнемі Ұлы Жа- ратушыларына ғибадат жасайды. Ғибадат - олардың қорегі. Олар Алланың бұйрықтарын бүге-шігесіне дейін бұлжытпай, айна-қатесіз орындайды. Олар ешқашан күнәнің кішісін де, үлкенін де жасамайды. Барлық күнә атаулыдан қорғалған. Құранда: «Оның жанындағылар (періштелер) Ұлы Жаратушыларына ғибадат жасау- дан бас тартып, паңданбайды және құлшылық жа- саудан шаршамайды. Олар жалығып, шаршамастан күндіз-түні Алланы (күллі кемшілік атаулыдан пәктеп) тәсбих етеді» 87 . «Періштелер Алланың бұйырған нәрселеріне қарсы шықпайды және не бұйырылса соны қалтқысыз орындайды» 88 , - делінеді.

Періштелер Алланың рұқсатымен әр түрлі бейне- пішінге кіре алады. Періштелер пайғамбарларға негізгі бейнелерімен және басқа да бейнелерімен көрінген. Мысалы, Жебірейіл періште Пайғамбарымызға және жанындағы сахабаларға жолаушы кейпіндегі адам бейнесінде көрінген 89 . Ибраһимге қартайған шағында Алла тарапынан сәби берілетінін сүйіншілеп келген періштелер де адам бейнесінде келгендіктен, Ибраһим (а.с.) оларды қонақ етпек болып арнайы тамақ дайында- тады. Бірақ олардың тамақ жемей отырғандарын көрген

86 87 88 89

Муслим, Китабуз-зуһд/2996 Әнбия сүресі/19-20. Тахрим сүресі/6. Муслим, Иман.

175

-----------------------------------------------------Page 175-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

уақытта жүрегіне үрей ұялайды. Кейіннен барып олардың сөздерінен періште екенін аңғарады 90 .

Алла Тағала періштелерге адамның қолынан келмейтін қабілеттер мен мүмкіншіліктер берген. Олар аз ғана бір мезеттің ішінде ұзақ жерлерге жылдам барып келе алады. Таудай ауыр жүктерді көтеретіндей күш- қуатқа ие.

Құранда және пайғамбарымыздың хадистерінде періштелердің қанаттары жайлы әңгіме қозғалады. Бірақ олардың қанаттарының қандай қанат екені бізге беймәлім. Періштелердің жаратылысы мына дүниедегі жаратылыстарға ұқсамағандықтан олардың қанатын дәлме-дәл құстардікіне, яки басқа нәрселерге ұқсайды деп айта алмаймыз.

Періштелердің міндеттері

Алла Тағала періштелерге әр түрлі міндеттер жүктеген. Алла Тағаланың оларға міндет жүктеуі - олардың көмегіне мұқтаждығынан еме с, керісінше, олар өз міндеттерін орындаулары арқылы Ұлы Жаратушыларының құдіретін, ұлылығын және шексіздігін күллі әлемдерге паш етіп, теңде ссіз патшалығының сән-салтанатын жалпы жаратылысқа жар салып, куәлік етеді. Алла Тағала ешнәрсеге, ешкімге мұқтаж еме с. Періштелер өздеріне жүктелген міндет- терін орындау арқылы өздеріне тән ғибадаттарын жасап, Ұлы Жаратушыларының рақымына бөленеді.

Періште түрлері

1. Жебірейіл періште. Алла тағаланың барлық пайғамбарларына уахи жеткізуші періште. Яғни, Алла

90

Һуд сүресі/69-70.

176

-----------------------------------------------------Page 176-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

елшісі мен пайғамбарларының арасындағы елші. Жебірейіл періште Құранда «рух» деп те аталады. «Әлбетте бұл (Құран) - әлемдердің Раббысының түсірген кітабы. Оны сенің жүрегіңе ескертушілерден болуың үшін Сенімді Рух (Жебірейіл) әкелді» 91 .

2. Микайл періште. Жаратылыстағы оқиғалардың, жалпы әлемдегі жан иелерінің рызықтары мен рызықтарының жел, бұлт, жаңбыр секілді себептерін қадағалайтын періште.

3. Исрафил періште. Бұл періште қиямет күні Алла Тағаланың бұйрығымен сырнайды алғаш үрлегеннен кейін Ұлы Жаратушының қалаған кейбір жаратылы- старынан тыс көктегі және жердегі барлық жаратылыс пәнилікке бас иеді. Со сын екінші рет сырнайға үрлеген уақытта бәрі қайта тіріледі.

Құранда: «Сырнай үрленді, Алланың қалағандарынан тыс жердегі және көктегі барлығы дереу жансыз жерге құлады. Сосын сырнай тағы бір рет үрленген мезетте адамдар қабірлерінен аяққа тұрып жан-жағына қарап қалады» 92 , - делінеді. 4. Әзірейіл періште. Барлық ажалы жеткен адам- дардың рухын алумен міндеттелген періште. Әзірейіл періштенің бұйрығына бағынатын басқа да періштелер бар.

5. Құрсақтағы сәбиге жанын үрлейтін және рызқын, ажалын, дүниеде істейтін амалдарын, бақытты яки бақытсыз болатынын жазумен міндеттелген періштелер- дің бар екенін хадистерден аңғарамыз 93 (тағдыр бөліміне қараңыз).

91 92 93

Шуғара сүресі/192-195. Зумар сүресі/68.

Бухари, Бәдул-халқ, Муслим, Китабул-қадар.

177

-----------------------------------------------------Page 177-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

6. Кираман-Катибин. Құлдарының жақсы-жаман амалдары мен істерін жазумен міндеттелген періштелер. Алла Тағала әрбір адамның оң жағы мен сол жағына екі періштені жақсы-жаман амалдарын жазу үшін өкіл етіп қойған. Бұл екі періште адамның істеген үлкенді-кішілі, жария яки құпия, жақсы-жаман әрбір ісін, сөйлеген әрбір сөзін қадағалап, амал дәптерлеріне жазып тұрады. Құранда: «Сендерді (жандарыңнан ажырамай- тын) арнайы бақылаушылар бар. (Олар) ардақты 94 жазушылар. Сендердің не істегендеріңді біледі» 95 . «Еш күмәнсіз адамды біз жараттық және біз нәпсісінің оған не сыбырлайтынын да білеміз. (Өйткені) Біз оған күре тамырынан да жақынбыз. Оның оң жағында және сол жағында отырған әрбір ісін жазатын екі періште бар. Бір сөз сөйлер-сөйлемес жанында оны (сөзді) жазушы және балқылаушы дайын тұрады» 96 .

Адам баласы жиырмасынша ғасырда-ақ дыбысты және әр түрлі көрініс, қимылдарды жазатын құралдар тау- ып шығарды. Әрине, Алла Тағаланың періштелері мұндай құрал-жабдықтарға мұқтаж емес. Дегенмен, адам бала- сының өзі бойындағы шектеулі қабілеттерімен осындай жазатын құралдар тауып шығарып жатса, Алла Тағаланың адамның істеген әрбір ісі мен әрбір сөзін жазатын жазу- шылары неге болмасын? Есеп күні періштелердің жазға- ны бейне бір жазып алынған бейне таспадай көрсетіледі. Қиямет күні адам баласы өз құлағымен дүниеде сөйлеген жақсы-жаман әрбір сөзін естіп, істеген әрбір амалдарын

94

95 96

Яғни, ардақты жазушылар деп бұл періштелердің адамдардың арасынан ешкімді алалап жақтамайтын бейтарап екендіктеріне, болған оқиғаны жасырып яки асырып өтірік жазбайтындықтарына, ешбір нәрсені ұмыт қалдырмайтындарына ишарат етіліп отыр.

Инфитар сүресі/10-12. Қаф сүресі/17-18.

178

-----------------------------------------------------Page 178-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

өз көзімен көреді. Күнәһарлар істеген күнәларын көріп тыныстары тарылып, өн бойынан шып-шып аққан суық терге көміліп, қызарып-сазарып, қорқыныштан жүректері діріл қағып жатқанда, тақуа жандар жасаған игіліктерін көріп жан жүректерімен «әлхамдулиллаһ» деп Раббы- ларына шүкір етіп, көңілдері жұбаныш тауып, шексіз қуанышқа бөленеді. Демек, ақыретте адам баласының әрбір істеген істеріне өзі істеген амалдары куәлік етпек. Күнәларын мойындағысы келмей, тұра қашқысы келген адамдардың алдынан дүниедегі әрбір ісі «Қайда барасың? Мені істеген сенсің» деп шыға келеді.

7. Мүнкәр-Нәкир періштелері. Қабірдегі адамдарға «Раббың кім? Пайғамбарың кім? Кітабың не?» сияқты сұрақтарды қоятын әрі адамдардың осы сұрақтарға берген жауаптарына қарай қарым-қатынас жасайтын періштелер. Мүнкәр-Нәкир «бейтаныс, бөтен» деген мағыналарды білдіреді. Қабірдегі адамға бұрын-соңды көрмеген кейіпте, бейтаныс көрінетіндіктен осы атпен аталған.

8. зәбания періштелері. Ақыретте тозаққа барғандарды азаптау ісі міндеттелген періштелер. 9. Ридуан періштелері. Жәннатқа кіру бақытына ке-

нелгендерге қараушы періштелер.

Басқа да періштелер

Ұлы Жаратушының аршын таситын, сүйікті құлдарының жүрегіне туралықты, ақиқатты илһам ететін, намаз оқығандармен бірге «фатиха» сүресінің соңында «Амин» деп дұға ететін, әрбір таң және екінді намаз- дарында мүминдермен бірге болатын, Құран оқылған уақытта арнайы жер бетіне түсетін, ғылым алқалары мен өз араларында Алланың кітабын оқып, уағыз айтып, Оны еске алу үшін жиналған барлық жерлерді арнайы аралап,

179

-----------------------------------------------------Page 179-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

сол жердегілерге Алладан рақымдылық тілеп, кешірім өтінетін, әрбір адамды қорғап жүретін, Бәдір шайқасында көмектескендей шынайы мұсылмандарға қиын кезеңде Алланың рұқсатымен көмектесетін періштелердің де бар екенін хадистер мен аяттардан аңғарамыз. Періштелердің жалпы саны бізге беймәлім.

180

-----------------------------------------------------Page 180-----------------------------------------------------

ТАҒДЫРҒА ИМАН

«Еш күмәнсіз Біз барлық нәрсені арнайы

есеппен жараттық»

«Қамар» сүресі

«Тағдырға иман еткен адам - басынан барлық

уайым-қайғы кеткен жан»

Қанатты сөз

-----------------------------------------------------Page 181-----------------------------------------------------