Доңыз ең әуелі бүкіл әлемдердің Раббы Алла Тағала «жемеңдер» деп тыйғаны үшін харам. Мұсылмандар Алла Тағаланың тыйған тыйымдарының астарлы хикметін, зиянын білмесе де «неліктен, неге?» демес- тен дереу бойұсынуға тиіс. Себебі, оны бұйырып тұрған ұлы иеміз Алла Тағала. Мына дүниеге біздер сынақ үшін жіберілгенбіз. Алла Тағаланың адал еткен нәрселері шексіз, санасаң санап бітіре алмайсың. Ал, керісінше, харам еткен нәрселері санаулы әрі шекті. Солай бола тұра, кейбір адамдар осыншама адал нәрселерді ысырып қойып, Алла Тағаланың сынақ үшін харам еткен санау- лы нәрселеріне барып ұрынады. Құдды ол харамды же- месе яки ішпесе аштыққа ұрынатындай. Бойұсынудың ең ұлысы һәм ең сауаптысы - істің зияны мен пайдасын есепке алмастан, тек бүкіл әлемдердің раббы - Алла Тағала бұйырғаны үшін ғана орындау. Мұнымен қоса, Алла Тағаланың тыйған кез-келген тыйымдарында бұл дүниелік һәм арғы дүниелік пайдалар бар екені де сөзсіз. Доңыз етінің харам болуының да әр түрлі хикметтері бар. Оларды қысқаша қайыратын болсақ:
1. Доңыздың денесінде улы заттар бар. Доңыз еті өте майлы келеді. Бұл май жеген адамның қанына сіңеді. Сөйтіп, қан май түйіршіктеріне толып қалады. Қандағы өлшемінен көп бұл май артерия тамырларының қатаюына, қан қысымының көтерілуіне және жүрек талмасына себеп болады. Бұған қоса, доңыз майының құрамында (sutoksin)
253
-----------------------------------------------------Page 253-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
«сутоксин» делінген улы зат бар. Денеге енген бұл улы заттың сыртқа шығарылуы үшін лимфа бездерінің ша- мадан тыс жұмыс істеуі қажет. Ал бездердің бұлай ша- мадан тыс жұмыс істеуі, әсіресе, жас балалардың лим- фа бездерінің асқынуына және ісінуіне әсерін тигізеді. Ауруға ұшыраған баланың тамағы қатты ісігендіктен, доңыз кейпін елестетеді. Міне, сондықтан бұл ауруға ме- дицина тілінде «доңыз ауруы» (skrofuloz) делінеді. Ауру қатты асқынған жағдайда лимфа бездері жарақатқа ай- налып, қатты ісінеді. Аурудың ыстығы көтеріліп, қатерлі жағдайға душар етеді.
2. Доңыздың денесінде көп мөлшерде күкірт болғандықтан, оны жеген адамның организмінде өлшемнен тыс күкірт пайда болады. Ал организмдегі өлшемнен тыс күкірттің болуы шеміршек, бұлшық ет және сіңірлерге сіңіп, буындарда тұз жиналу және омыртқаның жылжуы сияқты ауруларға себеп болуы әб- ден ықтимал. Доңыз еті жиі желінген жағдайда денедегі қатты шеміршектер сол доңыз етінен келетін бөлшектердің әсерінен тым жұмсарып, дене ауырлығына шыдамайтын халге келеді. Бұл буындардың босаңсуына әкеліп соғады. Доңыз етін жейтін адамдардың қолдары ісіп, денелерінде май қабаттары пайда болады. Мысалы, ол адам спортпен айналысқан күннің өзінде жалқау, жайбасар халге енеді. 3. Доңызда өсу гармоны да көп мөлшерде кездеседі. Бірнеше жүз грамдық салмақпен ғана туылған торай- лар алты айдың ішінде жүз килоға жетеді. Торайлардың мұншалықты тез өсіп, үлкеюі доңыздың денесіндегі өсу гармонының өте көп мөлшерде болуына тікелей байла- нысты. Бұл гармондар доңыздың етін жеген адамдардың денесіне де өтетіндіктен, ол адам организміне кері әсерін тигізеді. Денедегі тканьдардың ісіну мен қабынуына әкеп соғады. Мұрын, жақ, қол, аяқ сүйектерінің табиғи
254
-----------------------------------------------------Page 254-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
қалыптан тыс үлкейіп, өсуіне және жалпы дененің майла- нуына себеп болады. Гормандардың ең үлкен зияны - де- неде қатерлі ісіктің (рактың) пайда болуына жағдай жасай- ды. Мал дәрігерлері еркек доңыздардың белгілі бір жастан кейін қатерлі ісік ауруына көптеп шалдығатындықтарын айтуда.
4. Доңыз етінің құрамындағы хистамин (histamine) және имидазол (imidazole) делінетін заттар адамның терісінде қышу тудырады, есекжем, бөртпе (экзема), дер- матит сияқты тері ауруларға себеп болады. Бұған қоса, бұл заттар соқыр ішек, өт жолдары, тамыр ауруларына да көп жағдайда себеп. Сондықтан дәрігерлер жүрегі ауыра- тын адамдарға доңыз етін жемеуге кеңес береді. 5. Доңыздың етін жеу салдарынан адамда пайда бола- тын тағы бір ауру - трихина ауруы. Доңыздар бұл ауруды трихина атты құрттары бар тышқандарды жеу арқылы өздеріне жұқтырады. Доңыздардың денесінде бұл құрт көптеп кездеседі. Бірақ трихина ауруы доңыздарға қатты әсер етпейді. Ал адамдар үшін бұл ауру өміріне қауіп төндіретіндей қатерлі ауру болып саналады. Трихина құрттары асқазан және ішектер арқылы қанға өтеді. Сосын барлық денеге тарайды. Трихина құрттары, әсіресе, жақ, тіл, мойын, жұтқыншақ және көкірек бұлшықтарының тканьдарында орналасады. Сондықтан осы мүшелердің бұлшықтарының тартылып қалуына (сал болуына) себеп болады 136 . Бұған қоса, қан тамырларының бітелуіне, ме- нингит және мидың асқынуына әкеп соғады. Трихина ау- руы кей жағдайда адам өліміне де себеп. Бұл аурудың тағы бір жаман жағы нақты емінің болмауы. Трихина көбінесе батыс елдерінде кеңінен етек алған. Мал дәрігерлерінің қатты қадағалауына қарамастан, Швейцария, Англия
136
Мустафа Зарқа, Фәтәәуа, 221-бет. «Дарул-қалам» баспасы,
Димашқ. 2001 ж.
255
-----------------------------------------------------Page 255-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
және Польшада трихина ауруы кең тараған. Ал, мұсылман елдерінде бұл ауру жоқтың қасы.
Медицина ғылымы дамығаннан кейін ғана доңыз етіндегі трихина сияқты зиянды құрттар мен микроптардың, улы заттардың бар екенін білудеміз. Ал Құран сан ғасыр бұрын доңызды «харам» деп кесіп үкім берген. Сондықтан доңыздың денесінде әлі де біз біле білмейтін, ғылым дәлелдей қоймаған зиянды нәрселердің жоқ екендігіне кім кепіл?! 137
6. Адамдар мен жан-жануарлардың табиғаты мен мінездерінің қалыптасуында жеген қоректерінің де рөлі бар. Мысалға, арыстан, қасқыр сияқты етпен қоректенетін аңдар жыртқыш болып келсе, керісінше сиыр, қой, қоян сияқты шөппен қоректенетін жануарлар жуас болып келеді. Көбіне көкөністермен қоректенетін адамдардың табиғаты жұмсақ, биязы болып келетіндігі, ал етті көбірек жейтін адамдардың табиғатының қаттылау болып келетіндігі анықталған. Қазақта адам мінезін су- реттеген кезде жылқы мінезді, қой мінезді деуі де осы айтқандарымызды айқындай түседі. Доңыз - өзінің ұрғашысын қызғанбайтын, мейірімсіз хайуан. Сондықтан доңыз етін көптеп пайдаланатын адамдарда жарына, тіпті анасына деген бөгде еркектердің арам пиғылына қарсы намыс, қызғаныш сезімдері әлсірейді екен. Мұнымен қатар, мейірім, қанағат секілді қасиеттеріне айтарлықтай қаяу түсетіні байқалған. Француз ойшылы Саворин қоректенудің маңыздылығын түсіндіре келе «Маған не- мен қоректенгеніңді айт, сенің кім екеніңді айтайын» де- ген екен.
137
Махмуд Хамди Зақзуқ, Хақайқул-Ислам фи муажаһати шубуһатил- мушаккикин, 649-бет. Каир қаласы, Мажлисул-ағла ли шуунил- Исламия. 2004 ж.
256
-----------------------------------------------------Page 256-----------------------------------------------------
Шайтан не үшін жаратылған? Елді адастыратын ондай азғырушының керегі не? Өзінің тозаққа баратынын біле тұра ол неліктен кінәсін мойындап, тәубеге келмейді? Алла ешбір жаратылысты бекерден-бекерге я болма- са жаманшылық жасау үшін жаратпаған. Шайтан әу баста шайтан болып жаратылмаған. Ол - періштелердің арасын- да ғұмыр кешкен жаратылыс. Алайда ол Алла Тағаланың алғашқы сынағынан-ақ сүрінді. Сүрінгенде жай сүріну емес, омақасып оңбай құлады. Оған берілген сынақ, Алла Тағаланың «Адамға сәжде ет!» деген бұйрығы еді. Шайтан осы бұйрыққа қарсы шығып, қырсыққан үстіне қырсығып, тәкаппарлана түсті. Паңданып, Алланың бұйрығына қарсы шығуының салдарынан, Жаратушының шексіз рақымынан қуылды. Мұның бәрін ол өзінің дер- бес қалауымен жасады. Яғни, ол өз қалауымен шай- тан болды. Шайтан алғашында періштелердің ара- сында жүріп, Алла Тағалаға құлшылық жасады. Бірақ шайтанның періштелердің қатарында жүруі - оның өзіндік іс-әрекетінің, үздіксіз күрес, тынбайтын еңбегінің нәтижесі емес еді. Бәлкім, бұл Алла Тағаланың арнайы шарапаты әрі оның шынайы дәрежесін анықтайтын сынаққа түспеуінің арқасында болған-ды. Сондықтан бо- лар, ол Жаратқанның алғашқы сынағында-ақ өзінің кім екенін байқатып, шынайы бет пердесін ашып берді. Ен- деше, шайтанның әу баста періштелермен бірге болуы - оның абыройлылығына ешқандай да дәлел бола алма- сы хақ. Ал оның періштелердің жанында жүріп жасаған құлшылығына келер болсақ, оның осы құлшылығы шынымен-ақ Алла Тағалаға бойұсынуы ма, жоқ әлде та-
257
-----------------------------------------------------Page 257-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
ғы да өзіне ұнамды болғандығы үшін бе? О жағы бізге белгісіз. Бірақ алғашқы сынақта көрсеткен қылығы - оның Аллаға емес, өз нәпсісінің құлы болғандығын білдіретіндей.
Шайтан жәннаттан, Ұлы Жаратушының рақымынан Адам үшін қуылғандықтан, ол әрқашан адам ұрпақтарына қас дұшпан. Сондықтан адам баласы әрқашан өзінің осы қас дұшпанына сақ болып, негізгі жаратылу мақсатына сай ғұмыр кешуге тырысқан уақытта ғана өзінің ішкі дүниесіндегі күнәға қарсы барлық қорғаныс механизмдері күшейе түседі. Бейне бір белгілі бір вирусқа сан рет душар болған жанның денесіндегі ішкі қорғаныс механизмінің іске қосылып, иммунитетінің қуаттанып, автоматты түрде қорғанысқа түсуі секілді.
Шайтанның сан түрлі азғыруына сақ жүрген жанның бойындағы «парасаттылық», «қырағылық» секілді сипат- тары артса, оның сан алуан айлаларына көнбей, көкірегін керіп, қарсы тұрған жанның бойындағы «сабырлылық», «төзімділік», «қайсарлылық» секілді қасиеттері дамып, шыңдала түседі. Олай болса, шайтан адам баласының мына дүниеде өте сақ боп ғұмыр кешуіне, бойындағы қорғаныс жүйесінің жетілуіне, табиғатындағы ашылмаған көптеген асыл қасиеттерінің кемелденуіне басты себепші екеннін де есте ұстауымыз керек.
Бұл дүние - адам баласының сынаққа түсер ұлы май- даны. Алла Тағала адамдарды әр түрлі себептермен сынға салуда. Сөзсіз, шайтан да сол себептердің ең бастысы. Шайтан арқылы адамдар арасындағы жақсысы мен жама- ны, осалы мен қайсары, жәннат пен тозаққа лайықтысы ажыратылуда.
Әр түрлі химикалық тазарулардан өткеннен кейін асыл тастың алтынға айналатыны секілді шайтанның да азғыруына құлақ аспай, сан-алуан айлаларына қарсы
258
-----------------------------------------------------Page 258-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
тұрып, өмір бойы оны қас дұшпаны санап өткен жандар, рухани жетіліп, кемелдене түседі. Сөйтіп, жәннатқа лайық дәрежеге жетеді. Ал, керісінше, шайтанның арбауына көніп, әр түрлі азғыруларына қуана келісіп, оның шабуы- лына ақ туды көтеріп, еш қарсылықсыз беріліп, жаманшы- лық атаулыны шімірікпей жасап, күнәларға белшесінен батқан пенде, бара-бара өзі де адам бейнесіндегі шайтанға айналып, тозаққа тән кейіпке енеді. Міне, шайтан адамның рухани жетілуіне, жәннатқа лайық жаратылыс дәрежесіне көтерілуіне яки күнә істеп, тозақтық болуына себеп болғандықтан, оны бостан-босқа хикметсіз жаратылған, не болмаса оның жаратылуы мүлдем қажетсіз дей алмай- мыз.
Мысалы, пышақты түрлі пайдалы іс үшін қолдануға болатыны секілді, онымен адам өлтіріп күнәға батуға да болады. Сол себепті, пышақтың өзін жаман, керексіз дей алмаймыз. Ендеше, шайтанның да жаратылуы жамандық емес. Алла Тағаланың құлдарына еш жаманшылық қаламасы хақ.
Ал енді шайтанның Алла Тағаланы біле тұра істеген күнәсін мойындап, тәубеге келмеуіне тоқталайық. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, шайтан Адам ата жара- тылмас бұрын ерекше дәреже-абыройға ие дара жара- тылыс еді. Оның есімі әрдайым періштелердің жанында қатар аталатын. Алла Тағала періштелердің өзі сәжде ететініндей дәрежеге ие ардақты «Адам» делінген жара- тылыс жаратты. Алайда шайтан мұны қатты қызғанды. Өйткені, ол өзін жаратылғандардың ішіндегі ең ардақтысы деп білетін. Енді міне, Ұлы Жаратушының көптеген сипаттарының көрсеткіші іспетті өзінен де артық зат жа- ратылып отыр. Шайтан мұны көре алмай, қызғанды. Ішін өрт шалған шайтан үшін осы «Адам» алдында сәжде жа- сау өте қиын еді. Бүгінгі күні де өзінен асып бара жатқан
259
-----------------------------------------------------Page 259-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
өзгелерді көре алмай, аяқтан шалушылықтар осы бір шайтани мінездің адамдағы айқын көрінісі.
Еврейлер мен христиандар арабтарды өздерінен төмен санайтын. Сол себепті, олар соңғы пайғамбардың араб ұлтынан келуін мүлде елестете алмайтын. Алай- да, соңғы пайғамбар араб ұлтынан келген сәтте олар мұны көре алмады. Қызғанды. Сондықтан олар араб ұлтынан шыққан Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у.) бойындағы барлық ерекшеліктерді қасиетті кітаптарында білдірілген сипаттамаларға дәл келсе де, «бұл біз күткен пайғамбар емес» деп тайқып шыға келді. Құранда: «Бізден кітап берілгендер (еврейлер мен христиандар) оны (Мұхаммедті) өз балаларындай анық таниды» 138 делінеді. Олардың соңғы пайғамбарды біле тұра, оны қабылдамауының астарында қызғаныш пен тәкаппарлық жатыр еді. Міне, осы сияқты көптеген оқиғалар шайтан- ның «Адамды қызғану» оқиғасын көз алдымызда жандан- дыра түседі.
Алла Тағала «Адамды» жаратқаннан кейін барлық періштелермен қоса шайтанға да «Адамға сәжде етіңдер» деген бұйрығын берді. «Сәжде ету» термин ретінде маңдайды сәждеге қойып, құлшылық жасау. Ал бұл жердегі «сәжде ету» Адамды (а.с.) мойындау, оған ізет, құрмет білдіру мағынасында келген. Шынайы құлшылық мағынасындағы сәжде тек Алла Тағалаға ғана жасалады. Шынтуайтында, бұл «сәжде» Адамға салынған сәлем мен оған жасалған құрметтен бұрын, Ұлы Жаратушының бұйрығына әрі «Адам» секілді ғажайып жаратылысты жаратқан Оның құдіреті мен теңде ссіз шеберлігіне жасалған сәжде еді.
Періштелер Адамға сәлем салып, ізет білдіріп Ұлы Жаратушыны ң бұйрығына сәжде етті. Тек шайтан ғана
138
Әли Ғимран, 146 аят.
260
-----------------------------------------------------Page 260-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
тәкаппарланды. Алла Тағаланың бұйрығынан бас тар- тып, қарсы шықты. Алла Тағала: «Менің бұйрығыма қарамастан, адамға сәжде етуге не нәрсе бөгет болды?» деді. Шайтан: «Мені оттан, оны топырақтан жараттың. Мен, әлбетте, одан қайырлымын, артықпын, қалай оған сәжде етпекпін, менен артық жаратылыс бар ма?» деп тәкәппарланды. Шайтан ішіндегі қызғанышы мен тәкаппарлығының салдарынан бұйрықтың Ұлы Жа- ратушыдан келіп тұрғанына да қарамады. Шайтан бұл жа- уабы арқылы Алла Тағаланың өзінен де артық жаратылыс жарата алатын құдіретіне қарсы шығуда еді. Тіпті мұның астарында: «Сен менен асқан артық жаратылыс жара- та алмайсың?» деген «менмендік» пиғыл бар.
Шынтуайтында, шайтан төмен санаған топырақ аса қайырлы еді. Себебі, топырақ өмірдің қайнар көзі. Барлық тіршілік топырақтан өрбиді. Сондықтан топырақта Алла Тағаланың «теңдессіз жаратушы», «толассыз рызық беруші», «шексіз шебер» сияқты есімдері мен сипаттары көрініс табуда. Яғни, топырақ - Ұлы Жаратушының сан- сыз көркем есімдері мен сипаттарының айнасы іспетті. Шайтан қатесін түсініп, тәубеге келудің орнына қасарысқан сайын қасарысып, тәкаппарлана түсті. Сөйтіп шайтан Алла Тағаланың: «Ендеше, дереу ол жерден түс! Сенің ол жерде тәкаппарланып, паңдануыңа жол жоқ. Қанеки, тез шық! Сөзсіз, сен қорланғандардансың!» деген сөзімен құзырынан қудаланды. Сонда Ібіліс: «Маған қайта тірілетін күнге дейін мұрсат бер!» деп, Алла Тағаладан қиямет күніне дейін өмір сұрады. Алла Тағала: «Сен мұрсат берілгендердің қатарындасың» деді. Ібіліс «Ендеше, Сен мені қаңғыртып, адасуға ду- шар еткенің үшін мен де олардың тура жолға түсуіне барынша бөгет жасаймын. Олардың алдынан, ар- тынан, оңынан, солынан келіп азғырамын. Сөйтіп,
261
-----------------------------------------------------Page 261-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
Сен олардың азын ғана Өзіңе шүкір еткендердің қатарынан табасың» 139 деп, адамға деген дұшпандығын айтып салды. Иә, Ібіліс адамға қас. Себебі, сол үшін өзінің бар абыройынан, күллі атағынан айрылып, Алланың рақымынан мәңгілікке қуылды. Өзінің күллі атақ-абыройынан айрылып, қорланғанына, ал керісінше «Адамның» Алланың сүйікті құлы болып, күллі жараты- лыс атаулының алдында абыройға кенелгеніне шыдай алмады. Енді ол осы Адамға және оның қияметке дейін келетін бүкіл үрім-бұтағына дұшпан болмақ. Қандай жолмен болса да, оны азғырып, Алланың рақымынан қуылып, абыройынан айырылуын қалады. Қалайша Адам абыройлы күйде, ал менің жағдайым мынау. Жоо-жоқ, мен мұны көтере алмаймын дегендей ішін қызғаныш кеміріп, тәкаппарланған сайын тәкаппарлана түсті. Сол күннен бастап Адамды азғырумен болды. Адам ата мен Хауа анамыздың жәннаттан қудалануын тіледі. Сан қилы айла жасап, о сы арам пиғылын жүзеге асыру үшін небір қулықтарға барды. Ақыры Адам мен Хауаның Алла Тағаланың «жақындаушы болмаңдар!» деп бұйырған жемісін жегізіп тынды. Сөйтіп, Адам ата- мыз бен Хауа анамыз шайтанның азғыруына алданып, тыйым салынған жемісті жегені үшін жәннаттан жер- ге түсірілді. Яғни, жәннат мекенінен шығарылды. Шай- тан айласын асырғанына айран-асыр қуанды. Алайда, Адам мен Хауа дереу қателерін түсініп, «Раббымыз, біз өзімізге зұлымдық жасаушыларданбыз. Егер сен бізді рақымыңа бөлеп, күнәмізді жарылқамасаң, сөзсіз, біз ұтылғандардан боламыз» 140 деп кешірім тілеп, тәубе етті. Тәубелері қабыл болды. Шайтан одан әрі ызалана түсті. Шайтан енді Адаммен қоса оның ұрпақтарын азғырумен
139 140
Ағраф сүресі, 12-17 аяттар. Ағраф сүресі, 23-аят.
262
-----------------------------------------------------Page 262-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
болды. Адам пайғамбардың ұрпақтары хақ жолында жүрген сайын оны ашу кернеп, азғындығы асқына түсті. Пұт атаулыны күл-талқан етіп, жер жаһанға Хақты жаяр соңғы пайғамбар Мұхаммед (с.а.у.) дүниеге келгенде, сірә шайтан қатты ашуланып, терісіне сыймаған болар. Міне, о сылайша тұла бойын ашу билеп, ішін қызғаныш өрті шалған Ібіліс айықпас тәкаппарлық ауруына шалдықты. Алланың рақымынан қуылып, болмысындағы тәубеге деген барлық жолдарды бітеді. Жүрегі қарайған сайын қарайғандықтан енді хаққа қарай қайтуы да мүмкін еме с-ті.
Үнемі адамдарды қойша бауыздап қырып жүретін қатігез адамның жүрегінде мейірімділік сезімінің мүлдем өшетіні секілді шайтанның да бойындағы тәубе етуге, Хаққа бет бұруға деген қасиеттері мүлдем өшіп, оның ор- нын тек ыза мен кек қана басқан.
Шыдамы таусылған момын адамның ашу үстінде ешқандай үгіт-насихатты тыңдамай, өршелене түсіп, алдындағы адамның кім екенін де ажыратып жатпай небір сорақы іс-әрекеттерге баратыны секілді шайтан да мәңгі- лік ашу үстінде. Адам ұрпағының әрбір жетістігі оны ашуға булықтырып, қызғаныштың қызыл отына көмгендіктен ол өзінің кінәсын мойындап, тәубе етуді бір сәт болсын ойламақ емес. Өйткені, оның болмысындағы игілікке, ізгілікке деген барлық жақсы сезімдер мен қасиеттер өшіп, өзі қызғаныш пен тәкаппарлықтың айықпас дертіне шалдыққан. Адам ұрпақтарының әрбір жетістіктерін көрген сайын ашуға булығып, ал керісінше адасулары- нан ләззат алып, жаны жай табады. Міне, шайтан осын- дай кеселге ұрынғандықтан оның жүрегі мөрленіп, көзі перделенген. Бойын ашу кернеп, Хақтың рақымынан алшақтаған сайын алшақтай түсуде.
263
-----------------------------------------------------Page 263-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
Дұрысын Алла біледі. Ұлы Жаратқан бізді шайтанның кесірінен сақтап, әрдайым тәубешіл құлдарынан болуды нәсіп етсін!
264
-----------------------------------------------------Page 264-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
«Жиһад» деген не? Оның терроризммен
байланысы бар ма?
«Жиһад» сөзі араб тілінде белгілі бір нәтижеге, мақсатқа жету үшін яки бір істі істеу үшін бар қажыр- қайратың мен ынта-жігеріңді төгу, тырысу, күресу деген сияқты мағыналарды білдіреді.
«Жиһад» ұғымының аясы өте ауқымды. Бүгінгі таңда теріс бағыттағы ақпарат салдарынан көптеген адам- дар жиһадтты қару алып соғысу деп біржақты түсінеді. Әрине, мұндай түсінік жиһадтың мағынасын шектейді. Құранда «жиһад» сөзі 35 жерде өткенімен төрт жерде ғана тікелей соғыс мағынасында келген. Құранда соғыс ұғымы «харб», «мухарабә», «мағрака», «қитал» терминдерімен білдірілген. Бірақ, жиһад сөзі соғысты да қамтығандық- тан, көпшілік жиһад делінген кезде тікелей соғысты түсінеді.
«Жиһад» - адамның Алла Тағаланы тануына кедергі келтіретін барлық тосқауылдарды жою. Жаратушы мен адамның арасындағы бөгеттерге сауатсыздық, әлеуметтік жағдайдың төмендігі, ерік-ойға, санаға жасалған шектеу- лер жатады. Ендеше, «Жиһад» деп осы бөгеттерді жою үшін жасалатын барлық іс-шара, күреске айтылмақ. Алла ризалығы үшін істелген әрбір іс-қарекет «жиһад» саналады. Қандай да болсын қиын жағдайларға қарамастан күн сайын үздіксіз бес уақыт намаз оқу, кейде аптап ми қайнатар ыстықта ораза ұстау, Алла Тағаланы өзге жандарға түсіндіру үшін істелген әрбір іс, қоғамдағы
265
-----------------------------------------------------Page 265-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
кейбір керітартпа келеңсіздіктерді 141 түзету үшін атқарылған үлкенді-кішілі барлық шара исламдағы жиһад ұғымының аясына кіреді.
Жиһад - ең әуелі өзіңді түзету. Ішкі дүниеңді, жүрегің- ді тазарту. Болмысыңды қызғаншақтық, қанағатсыздық, сабырсыздық, жалқаулық, тәкаппарлық секілді күллі жаман қасиеттерден арылтып, олардың орнын көркем қасиеттермен толтыру. Қысқасы, нәпсіңмен әрдайым үздіксіз күрес. Себебі, әуелі өз басын түзете алмаған адам, нәпсісін жеңіп, кәміл адам болу жолына түспеген жан өзгені қалай түзетіп, тура жолға қалай шақырмақ. Сыртқы күрестен бұрын ішкі күресті қолға алудың маңыздылығы айтпаса да түсінікті. Себебі, адам өзінде жоқ нәрсені басқаға қалай бермек? Пайғамбарымыз бірде соғыстан шаршап, шалдығып келе жатқан сахабаларына: «Біз қазір кіші жиһадтан үлкен жиһадқа қайттық» де- ген кезде, сахабалары: «Уа, Расулуллаһ, «үлкен жиһад» деген не?» - деп, таң қала сауал қойды.
Пайғамбарымыз: «Ол - өз нәпсіңмен күрес», - деп жа- уап қайырды. Міне, көрдіңіз бе? Неге? Өйткені, нәпсімен күрес қолға қару алып дұшпаннан соғысқаннан да қиын. Олай дейтініміз, сыртқы дұшпанның кім екені, қайда екені, қашанға дейін болатындығы белгілі. Сондықтан онымен күресу оңай. Ал, нәпсің болса, олай емес. Ол сенің ішіңде. Қай жақтан, қалай келіп айласын асыратыны да белгісіз. Оның дұшпандығы белгілі бір уақытпен шектелмейді, әрдайым сенімен бірге. Міне, сондықтан Пайғамбарымыз сыртқы дұшпанмен күресті «кіші жиһадқа» жатқызса, нәпсімен күресті «үлкен жиһадқа» балаған.
141
Қазіргі таңда кең етек алған болмашы себептермен ажыр - су, тастанды бала, жемқорлық, иманнан бейхабар ғұмыр кешу сияқты келеңсіздіктерді түзету үшін жасалған әрбір салиқалы іс, қажырлы күрес жиһадқа жатады.
266
-----------------------------------------------------Page 266-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
Пайғамбарымыз басқа бір хадисінде: «Нағыз жиһад жасаушы кісі - өзінің нәпсісімен күресуші» деп, нәпсімен күрестің маңыздылығын тағы бір рет айшықтай түскен. Жиһад ұғымы адамға, қоғамға, жағдайға қарай түрленіп отырады. Бір дәрігердің өз саласында кәсіби деңгейге қол жеткізу үшін тынбай талпынуы мен ізденуі, экономика маманының мұсылмандардың әлеуметтік жағдайларының түзелуі үшін жұмсаған қажыр-қайраты, мұғалімнің сауатты түрде бала оқытуы - мұның бәрі жиһадқа жатады. Мұсылмандардың керекті қаржыны тірнектеп жинап, өздеріне мешіт, медресе тұрғызуы; жоқ- жітіктерге көмектесіп, жетім-жесірлерге қарайласқан қалталы азаматтардың бұл істері де Хақ жолындағы күреске - жиһадқа жатады.
Пайғамбарымыз бір хадисінде: «Жесірлер мен міскіндер үшін жұмыс істеуші кісі Алла жолында жиһад жасаушы адамға тең» 142 дейді.
Кейде нағыз сөз саптайтын ұрымтал тұста бір ғана кесімді сөз айту да, сөздің кері әсер ететін тұсында сабыр сақтап, тіліңді тістеу де жиһадқа саналады. Тіпті, кейде қажеттілігіне қарай тек қабағыңды шыту яки күлімсіреу- дің де жиһадқа саналуы ғажап емес. Қысқасы, істелетін әрбір істің Хақтың ризашылығына қарай реттелуіне «жиһад» делінеді.
Жиһад мәжбүр жағдайда қарумен де болады. Барлық дипломатиялық байланыстар нәтижесіз аяқталып, келіссөздерден толықтай үміт үзілген шақта отанды қорғау үшін қолға қару алып жиһад жасауға рұқсат. Пайғамбарымыздың дәуіріндегі жиһадқа, яғни мұсылмандардың Хақ жолындағы күрестеріне назар
142
Бухари, китабун-нафақат. Және қараңыз Әбу Зәкария Мухиддин Иахия Ән Нәуәуий, узһатул Муттақин, 1 том, 227 бет. Муәссисәтур- Рисәлә, Байрут 1991ж.
267
-----------------------------------------------------Page 267-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
аударсақ, жоғарыда айтылған жиһадтың барлық түріне куә боламыз.
Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбарлығының алғашқы үш жылында исламды жасырын насихат- тады. Мұсылмандардың бұл кезеңдегі жиһадтары дұшпандардың көзіне түспестен, пайғамбарымызбен жа- сырын түрде кездесіп тұруы болатын.
Пайғамбарлықтың төртінші жылынан бастап, Адамзаттың ардақтысы (с.а.у.) елді жаңа дінге жа- рия түрде шақыра бастады. Міне, осы кезде Мек- ке мүшріктері иман келтіріп, жаңа дінге кірген ат төбеліндей аз ғана мұсылмандарды келеке, мазақ етіп, сан-алуан қиыншылықтарға душар етті. Осы кезеңдегі мұсылмандарға тиесілі жиһад - мүшріктердің жан шы- датпас азаптарына сабыр етіп, жаңа дінді насихаттауды тоқтатпау болатын. Әз сахабалар мұны ең керемет түрде атқара білді.
Мүшріктердің жан түршігерлік азабына душар болған кейбір мұсылмандарға пайғамбарымыз (с.а.у.) Эфиопия еліне көшуді бұйырды. Жағфар және басқа да онымен бірге барған бірқатар ардақты сахабалар Эфио- пия патшасы Нәжашиға жаңа дінді жеткізіп, оның иманға келуіне себеп болды. Осылайша бұл көш жай ғана көш емес, Жағфар сынды әз сахабалардың үлесіне тиген сол кездегі дін жолындағы жиһадтың нағыз өзі болатын. Мүшріктер мұсылмандарды азаптаптауда жаңа бір айлаға көшті. Мұсылмандарды өзге халықтан бөлектеп, сауда-саттық секілді жалпы адами барлық қатынастарына тыйым салып, оларды қоғамнан оқшаулап, саяси- экономикалық байкот жариялады. Тоз-тоз болып, аш- жалаңаш күй кешкен мұсылмандар бұл қиын кезеңде де сабыр сақтап, жаңа діндерін тастамастан, өздеріне жасалған зұлымдықтарға табандылық танытты. Осындай
268
-----------------------------------------------------Page 268-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
қиын кезеңде Хадиша анамыз қолындағы бар дүниесін мұсылмандарға үлестіру арқылы өзіне тиесілі жиһад міндетін атқара білді. Исламнан бұрын Меккенің аса ірі байларының санатына жататын Хадиша анамыз бар байлығын Хақ жолына жұмсағандықтан, өзі қайтыс болған кезде ақыреттік кебініне бір орам бөз де табылмаған еді. Сол қиын кезеңдерде Әбу Бәкір өз үйінде Құран оқитын. Бірақ Құранды ішкі бөлмелерінде емес, ел жүретін жаққа қарайтын сыртқы бөлмеде оқитын. Көшеден ары-бері өткен адамдар Әбу Бәкірдің тебіреніп оқыған Құранынан әсерлене бастады. Әбу Бәкір арқылы Құранмен табысқан көптеген адамдар мұсылмандықты қабылдап жатты. Міне, Әбу Бәкір қиын заманда өзінің бір ғана Құран оқуымен де жиһад міндетін атқара білді. Мүшріктердің жан шыдатпас ауыр азаптары күн санап артып жатты. Осындан кейін мұсылмандар ғибадаттарын емін-еркін атқарып, жаңа діннің қанат жа- юын қамтамасыз ету үшін Меккедегі туған жерлерін, бар дүние-мүлік, туған-туыстарын тастап, Мәдина қаласына хижрет етті (көшті). Сөйтіп мұсылмандар Мәдинада екі жылдай ғұмыр кешті. Мекке мүшріктері олардың Мек- кеде қалған бар мал-мүліктерін талан-таражға салып, өртейтінін өртеп, құртатынын құртты. Қалған дүниелерін үлкен керуендермен Шамға, Сирияға сатуға жіберді. Мұсылмандар бұлардың бәрінен хабардар еді. Енді олар Мәдина қаласының маңайынан өтіп бара жатқан мүшріктердің керуенінен өздерінің мал-мүліктерін қайтарып алуды ниет етті. Алайда, мұны білген Меккелік мүшріктер мұсылмандарға қарсы үлкен әскер жіберді. Яғни мұсылмандардың ниеттері соғыс емес, өздерінің талан-таражға түскен дүниелерін қайтарып алу болатын. Бірақ мүшріктер соғысты қалады. Міне, Алла Тағала осы- дан кейін ғана мұсылдандардың рухын көтеріп, әлсіздер
269
-----------------------------------------------------Page 269-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
мен қорғансыздарға қорған болу мақсатында күн санап қиянат жасауда шектен шыққан кәпірлердің шамасын көздеріне көрсету үшін соғысқа алғашқы рет мына аят арқылы рұқсат берді. «Өздеріне қарсы соғыс ашылған мұсылмандарға (мүшріктермен) соғысуға рұқсат берілді. Өйткені олар зұлымдыққа ұшырап, жәбір көрді. Әлбетте, Алла Тағала оларға жәрдем беруге толық күші жетеді. Олар ешбір себепсіз тек «Раббы- мыз - Алла» дегендері үшін отандарынан қуылды...» 143 Демек, өздеріне ешбір себепсіз зұлымдық жасап, сан-алуан қиыншылықтарға душар етіп, елінен-жерінен кетуге мәжбүрлеп, мал-мүліктерін талан-таражға салған адамдарға қарсы соғысуға тек он бес жылдан кейін ғана рұқсат етілді.
Исламда негізгі ұстаным - бейбітшілік. Бұл туралы Алла Тағала былай дейді: «Егер олар сендерден аулақ тұрса, әрі сендермен соғыспаса, тіпті сендермен бейбіт тұруды ұсынса, онда Алла Тағала сендердің оларға шабуыл жасауларыңа ешқандай жол бермеді» 144 . Алла Тағала өзге дін өкілдерімен бейбіт ғұмыр кешу- ді былай қойғанда, мұсылмандардың оларға жақсылық әрі әділдік танытуларына қарсы еместігін білдірген. «Дін турасында сендермен соғыспаған әрі сендер- ді өз отандарыңнан қуып шығармаған адамдарға жақсылық жасауларыңа және оларға әділетті болуларыңа Алла Тағала қарсы емес. Өйткені, Алла Тағала әділеттілік жасағандарды жақсы көреді» 145 . Соғыс - дипломатиялық жолдар түгелдей іске аспаған жағдайларда ғана амалсыз барылатын ақырғы шара. Ал бейбітшілікке, келісімге қайтадан мүмкіншілік туған жерде соғысқа жол жоқ. Яғни, қарсы жақ соғысты
143 144 145
Хажж сүресі, 39-40 аят. Ниса сүресі, 90-аят.
Мумтахина сүресі, 7-аят.
270
-----------------------------------------------------Page 270-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
тоқтатып, келіссөз сұраса, мұсылмандар да соғысты тоқтатып, келіссөзге жүгінулері абзал. «Егер олар келісөзге, бейбітшілікке (ниет білдірсе) жақындаса, сен де жақында» 146 .
Исламда қарулы соғысқа тек мынандай жағдайларда
ғана рұқсат етіледі:
1. Қорғану мақсатында. Шабуыл жасаған жауға қарсы соғысу. Құранда: «Сендермен соғысқандарға қарсы сендер де Алла жолында соғысыңдар. Бірақ шек- тен шықпаңдар. Алла Тағала шектен шыққандарды жақсы көрмейді» 147 -делінеді.
2. Өзіңе шабуыл жасайтыны нақты анықталған дұшпанға соғыс тактикасы бойынша бірінші болып шабу- ыл жасауға рұқсат етіледі.
3. Жазалау мақсатында.
4. Түрлі зұлымдықтарға жол бермеу мақсатында. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) барлық соғыстарына көз жүгіртсек, тек осы айтылған себептерге ғана сүйенгеніне куә боламыз. Ендеше, соғыс - тек Алланың ризалығы үшін Оның рұқсат еткен жағдайларда ғана болуға тиіс. Жай кезді былай қойғанда, соғыс жағдайында да Ислам озбырлық әрекеттерге жол бермейді. Айталық, соғыста әйелдерді, жас балаларды, соғысқа қатыспаған қарт кісілер мен ешкіммен шаруасы жоқ монахтар- ды өлтіруге қатаң тыйым салды. Өсіп тұрған ағаштар мен егін алқаптарын өртеуге, түйе, сиыр сияқты мал- дарды өлтіруге, әр түрлі өзге діннің ғибадатханаларын қиратуға жол бермеді. Дұшпан әскерлерінің өлі денелерін тілгілеп, көздерін ойып, мұрындарын кесуге де қатаң тыйым салды. Пайғамбарымыз соғысқа кетіп бара жатқан қолбасшыларына мынандай е скертулер жасады:
146 147
Әнфал сүресі, 61-аят. Бақара сүресі, 190 аят.
271
-----------------------------------------------------Page 271-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
«Алланың атымен жолға шығыңдар. Алла жолында күресіңдер. Соғысатын адамдарыңмен араларыңда келісімдер бар болса, оны қадағалаңдар. Шектен шықпаңдар, соғыс кезінде өлтірген адамдарға «мүсле» (өлі денелерін тілгілеп, көздерін ойып, мұрындарын кеспеңдер) жасамаңдар. Балаларды, әйелдерді, қарт кісілерді, ғибадатханалардағы адамдарды өлтірмеңдер» 148
Пайғамбарымыз (с.а.у.) тіпті өзіне қарсы соғысып жатқандарды қарғауы былай тұрсын, оларға «Алла Тағалам, олар Сенің құлдарың, біз де Сенің құлдарыңбыз...», «Алла Тағалам, олар білмейді, Сен оларды кешіре гөр!» деген кең пейіл игі тілекте болған. Пайғамбарымыздың өмірбаянының атақты жазушы- сы Қади Мұхаммед Сүлеймен әл-Мансұрдың «Сира- ту рахматан лил-аламин» атты кітабындағы келтірген санақ бойынша һижри жыл санауымен ІІ-ІХ жылдар аралығында болған барлық соғыстарда дұшпан әрі мұсылман қатарынан бар болғаны 1018 кісінің ғана көз жұмғаны төңірегіндегі мәліметтерді е скерер болсақ, соғыс деп әй-шәй жоқ қан төге берудің де дұрыс еме с екендігін аңғарамыз. Ал 1914-1918 жылы болған Бірінші дүниежүзілік соғыста 21 миллион адам жараланып, олардың 7 миллионы өмірмен қош айтысқаны белгілі 149 . Жоғарыда да айтылғандай, соғыс - тек бейбіт шешу жолы түгелдей таусылған кезде барылатын соңғы жол. Рұқсат етілген бұл соғыстың өзін жекелеген адамдар, яки белгілі бір топ бұйрық беріп бастата алмайды. Соғысқа қатысып-қатыспауды шешетін, «жиһад!» деп аттан сала- тын, «соғысыңдар!» деп бұйрық беретін тек қана мемле-
148 149
Ахмед ибн Ханбәл, Муснәд, 1/300. әбу Дәуід, Жихад, 82.
Идрис Шенгул. Куран кайнаклы һошгөрі ве һурриет. Иени умит журналы, 24-бет. №47, 2000 ж. Стамбул.
272
-----------------------------------------------------Page 272-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
кет болуы тиіс. Әйтпесе, кез-келген соғысқұмар адамның ашқан соғысы жиһадқа жатпайды.
Әлемде болып жатқан террорлық әрекеттермен Исламның ешқандай байланысы жоқ. Ислам сө