1. Өлімнен кейін қайта тірілуге толық иланған кез келген адамның қоғамдағы ең сенімді тұлғаға айналары сөзсіз. Себебі оның сенімі бойынша, Ұлы жаратушы- сы өзінің істеген әрбір ісін көріп тұр. Бұған қоса барлық қимыл-әрекеттері екі жағындағы періштелер тарапынан үнемі жазылып, есепке алынуда. «Зилзала» сүресінде айтылғандай: «Кімде-кім тозаңдай жақсылық істесе, жақсылығының қарымын сөзсіз алады. Ал кімде-кім тозаңдай жаманшылық істесе, оның жазасын тарта- ды».
Істеген әрбір ісінің, басқан әрбір қадамының, сөйлеген әрбір сөзінің ертең ана дүниеде есебін беретінін ойлап, жүрегімен бек сенген адам жаманшылық атау- лыдан, жалпы күнәдан алыс жүреді. Өйткені иманды адам істеген қиянаттарының жазасынан бұл дүниеде құтылғанымен, ана дүниеде құтылмайтынын ойлап, күнәларының есеп күні алдынан «қайдасың» деп аттан салып, жағасынан алып, масқара ететініне кәміл сенеді. Бұған қоса ана дүниеде қайта тірілетініне сенген кез кел- ген адам өзін жаратқан Ұлы Иесінің ризашылығын алып, жәннатында сый-сыяпатқа кенелуі үшін барлық өмірін ізгі істермен өрнектеп, жақсы амалдармен кестелеуге ты- рысып бағады. Мұндай сенімге ие болған жеке тұлғадан да, қоғамнан да жаманшылық күтудің өзі орынсыз. Жеке тұлғаның, отбасының, кез келген қоғамның, тіпті жалпы дүниенің бейбітшілікті ту етіп, бақытты ғұмыр кешуінің жалғыз жолы - ақыретке, өлгеннен кейін қайта тірілуге
160
-----------------------------------------------------Page 160-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
деген шынайы сенім. Жалпы әлемдегі істелініп жатқан зұлымдыққа, бейкүнә жандардың бостан-босқа төгілген қанына, әділетсіздікке, барлық жаманшылық атаулыға «Жетер енді, тоқта!» деп, тосқауыл бола алатын жалғыз күш - қайта тірілуге деген осы сенім. Өйткені бұл сенім әр тұлғаның ар-ұжданында, жүрегінде әрбір ісін қадағалап тұратын ең әділ күзетші іспетті. Ақиқат тек күште деп саналатын және әділетсіздікке, ұрлық- қарлыққа, жемқорлыққа, парақорлыққа толы қазіргі мына дүниеде бұл сенімнің қаншалықты қажет екені айтпаса да түсінікті. Қазақ атамның «Құдайдан қорықпағаннан қорық» деуі де бекер емес.
2. Ақыретке кәміл сенген адам ешқашан өлімнен қорықпайды. Өлім - ол үшін жоқ болып, шіріген сүйекке айналып, мәңгілікке көз жұму емес. Керісінше, екінші бір мәңгілік өмірге көшу, жалған дүниеден бақи негізгі дүние- ге қоныс аудару. Өлім құбылысы - ақырет сенімін толық қабылдаған адам үшін мәңгілік өмірдің, шексіз бақыт- тың басы болмақ. Кезіндегі ең күшті мемлекеттердің бірі Иранды жеңіп, тізе бүктірген Сағд ибн Әби Уаққас өзінің жетістігінің себебін былай деп түсіндіреді: «Мұсылман әскерлер шейіт болып, мәңгілік бақытқа қауышу үшін ешнәрседен қорықпастан өлімге жүгіреді. Ал жаудың әскерлері болса, керісінше, өлімнен қашып, әрбір қадамын өлімге деген үреймен басады» .
Иә, ақыретке сенбеген адам үшін өлімнен қорқынышты еш нәрсе жоқ. Өйткені олар үшін өлім - жоқ болып, тіршілік бетінен мәңгілікке өшу деген сөз. Мұндай жандар өлімді ойлап кетсе, ұйқылары қашып, өне-бойлары суып, мазалары кетеді. Әсіре се, өмірлерінің соңына таяп қалған ақыретке сенімі жоқ қарттар мен айықпас ауруға шалдыққан жандар үшін өлім өте қорқынышты. Қалған аз ғана өмірлері де олар үшін
161
-----------------------------------------------------Page 161-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
бейне бір тас қараңғы зындандай көрініп, тіршіліктен түңіліп, үмітсіз күй кешеді. Оларды о сы қараңғы зын- даннан жарық нұрға, үміт толы өмірге алып шығатын жалғыз күш, дара медет - ақыретке, қайта тірілуге деген берік сенім.
3. Ақыретке сенген адам өзінің қу қара басын ғана ойлайтын өзімшілдіктен құтылады. Ақыретте жүзінің жарқын болып, Ұлы Жаратушы алдында сүйікті құлдарының қатарынан табылу үшін әрқашан басқаларға жақсылық жасап, көмектеседі. Жалпы айтқанда, Алланың құлдарына пайдалы болуға тырысады. Мұндай жақсылық жасауды өмірлерінің түп мақсаты еткен адал жандардан құралған қоғам - жер бетіндегі ең бақытты қоғам. 4. Ақыретке деген сенім - бұл дүниеде залымдардың зұлымдығына ұшырап, адам бейне сіндегі жыртқыштардың қанды аузында ақысы кеткен әлсіз жандар үшін үлкен жұбаныш. Бұл сенімге ие әрбір жан ертең е сеп күні Ұлы Жаратушының алдында о сы дүниеде залымдарға қолды болған ақысын, мүдде сін қайтарып алатынына кәміл сенгендіктен, өз-өзін жеп, уайым-қайғыға салынып, ішкі дүние сін ызаға, кек- ке, дұшпандыққа булықтырмайды. Керісінше, сабыр сақтап, «ертең-ақ залымдар Алланың алдында сазайын тартады» деп, бойындағы иманның сиқырлы күшінің арқасында ештеңе болмағандай өмірдің нұрлы жолында бағытын өзгертіп, қадамын бәсеңдетпе стен жүре береді. 5. Жазылмайтын ауруларға, сал сияқты дерттерге шалдығып, әр түрлі себептермен мүгедектікке тап болған жандарға жұбаныш болатын жалғыз нәрсе - осы ақыретке деген сенім. Ұлы Жаратушыларынан келген қиын сынаққа сабыр етіп, сүрінбей өткен жағдайда мәңгілік ғұмырда бақытты болатындарын ойлап, жандары жай тауып,
162
-----------------------------------------------------Page 162-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
бойларына ерекше күш кіріп, жаралы жүректеріне үміт қанаты бітеді.
6. Ақ жаулықты ана мен асқар таудай әкенің, ешкім орнын толтыра алмайтын бауырдың және басқа да сүйікті адамдардың бұл дүниеден қайтуы кез келген адамның, әсіресе, жас бүлдіршіндердің нәзік жүрегінде оларға деген үлкен сағыныш сазын қалдырады. Иә, өмірдегі тірегіңнен, қысқа айтқанда, соққан жүрегіңнен, қимас адамыңнан айырылу - адамның нәзік болмысына ауыр соққы, жүрегіне үлкен айықпас жара. Мұндай ауыр соққының, айықпас жараның орнын тек қана сол сүйікті адамдарыңмен қайта қауышуға, ақыретке, қайта тірілуге деген иман ғана толтырады. Ақыретте бұл дүниеден өткен сүйікті адамдарымен қайта табысып, қайта қауышатынына иланған кез келген адамның жүрегі орнына түсіп, солған гүлі қайта тіріледі. Иманы кәміл жандар бұл дүниедегі қимасының қайтқанын естіген сәтте «Күмәнсіз, біз Ұлы Жаратушымыздан келдік, әрі Ұлы Жаратушымызға қайта қайтамыз» мағынасындағы аятты көкейінде түйіп, Құранда мақталған «сабыр» нәрін жүрегіне қорек етіп, қимасына деген ыстық сезімі мен сағынышын ертеңгі ақырет күніндегі қауышуға, мәңгілік өмірге аманаттайды. Қысқасы, өлім хабарын естіген сәтте иманнан нәсібін ала алмаған жандар не істерін білмей абдырап қалған сәтте иманды адам әрқашан сабыр сақтап, байсалдылық таны- тады.
Ақ киім
Асқармен жолда кездескенімде азан шақырылып жа-
тыр еді.
- Бүгін жұма, білесің ғой. Сені мешітке апарайын, -
дедім.
Бұдан бұрын да бірнеше рет өтінішімді қабылдама-
ған болатын. Сондықтан ол:
163
-----------------------------------------------------Page 163-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
- Менің мешітке бармайтынымды білесің ғой, - деп
асыға-үсіге жауап берді.
- Білемін, бірақ бармауыңның себебін білгім келеді. - Қайдан білейін, әйтеуір барғым келмейді де тұрады. Қысқасы, ол жаққа тартпайды. Бәлкім, араласып жүрген айналамдағы адамдардың да әсері бар шығар. Оның үстіне шалбарымның қыры бұзылып, тізесі шыға ма деп қорқам.
Мен болсам таң қалған бойда:
- Қалжыңдап тұрған шығарсың? Шалбарымның
қыры бұзылады деп мешітті тастауға бола ма?
- Шынымен айтып тұрмын, - деді. Киімдеріме қатты көңіл бөлем әсіресе ақ түсті киімді қатты ұнататынымды білесің ғой.
Шынымен солай еді. Үнемі шырттай киініп жүретін. Қашан көрсең де киген киімдері ақ түсті, қыры пышақтың қырындай болатын.
- Жарайды, өміріңде бір рет болса да мешітке бар-
дың ба?
- Бала кезімде атаммен бір-екі рет ілесіп барғанмын. Бірақ мұнан кейін мүлде бармайтын шығармын, - деп жауап берді.
Айтқан жауабынан қатты шошындым. Тіпті бұл тақырыпты қозғағаныма өкіндім. Сөйтіп, бір-бірімізбен қол қысысқан бойда өз шаруамызбен кете бардық. Осы кездесуімізден екі айдан кейін, оның бүгін мешітке келгенін естіп, қатты таң қалдым. Дереу апыл- ғұпыл мен де мешітке келіп жеттім. Тіпті, мешітке мүлде бармайтын шығармын деген жолдасым мешіт сыртын- дағы намаз қатарларының ең алдынан орын алыпты. Міне, бүгін де үстінде сол баяғы үйреншікті ақ киімі. Тіпті, бүгін мүлдем ерекше.
Ақырындап қасына жақындадым да, сыбырлаған
бойда:
164
-----------------------------------------------------Page 164-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
- Қане, мешітке мүлде бармайтын шығармын деп едің
ғой, - дедім.
Еш жауап қатпады. Өйткені ол табыттың үстінде ақ кебінге оранған күйде жатқан-ды. Жұрт жаназасын шығаруға жиналыпты 71 .
Ақырет әлемі
Ақырет сөзі сөздікте «бір нәрсенің соңы, ақыры, кейіннен болған нәрсе» деген мағыналарды қамтиды. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы жаратылыстағы жал- пы жүйенің Ұлы Жаратушының бұйрығымен быт-шыт болып бұзылып, күл-талқан болғаннан кейін басталатын жаңа мәңгілік өмірге айтылады. Бұл күн қиямет-қайымнан кейін басталуына байланысты «қиямет күні» деп те атала- ды.
Құранда ақырет күніне: мұсылмандардың Алла- мен қауышып, жүздесетін күні болуына орай «қауышу күні» 72 ; адамдар бір жерге шоғырланып, жиналатын уақыт болғандықтан «махшар - жиналу күні» 73 ; қайта тірілгеннен кейін адамдардың бәрі қабірден қайта шығатындықтан «шығу күні» 74 ; мына дүниеде Алла Тағалаға иман етіп, бұйрықтары мен тыйымдарына құлақ салмағандардың алданып қалғандықтарының белгілі болатын күні болуына орай «алдану күні» 75 және кәпірлердің бұл дүниеде істеген істерінің бо сқа кеткенін көрген кезде қатты өкініп, мына дүниеге қайта қайтып, иман келтіріп, жақсы амал жасағысы келгенімен бұл ар- мандары орындалмайтын болғандықтан «қасірет күні,
71 72 73 74 75
Хайатын ишинден, Гунейд Суави
Мүмин сүресі, 40/15. Тағабун сүресі, 64/9. Қаф сүресі, 50/34.
Тағабун сүресі, 64/9.
165
-----------------------------------------------------Page 165-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
өкініш күні» 76 ; дүниеде істелінген ізгі немесе жаман істердің қарымының, есебінің берілетін күні болғандықтан «есеп күні» 77 ; мына өткінші жалған дүниеден кейін мәңгі шынайы өмір болуына байланысты «шынайы өмір» 78 деп те аталды.
Исрафил періштенің сырнайды екінші рет үрлеуінен кейін барлық адамдар қайта тіріліп Ұлы Алла алдын- да есепке тартылады. Сосын дүниедегі иман және іс- әрекеттеріне қарай жұмаққа, яки тозаққа барады.
Қабір немесе Барзах әлемі
Өлімнен кейін қайтадан тірілуге дейін жалғасатын
өмір - қабір немесе барзах әлемі деп аталады.
Кез келген адам өлгеннен кейін топыраққа көмілсе де, яки көмілмей суға батып балықтарға жем болып не- месе отқа жанып күл болып кетсе де, міндетті түрде қайта тірілгенге дейін қабір, яғни, барзах өмірін бастарынан өткізеді. Өйткені рух сол бөлек-бөлек боп шашылып кет- кен денемен байланыс құра алатындай қабілетте. Мы- салы, бір жерден жіберілген радио толқындар дүниедегі миллиондаған радиолармен байланыс құрып, бір хабар- ды әлемдегі миллиардтаған адамға таратып жатқанда, рухтар неліктен өз денесінің бөлшектерімен белгілі бір байланыста бола алмасын? Негізінде өлген адамдардың денелерінің қабірге жерленуіне байланысты барзах өмірі - қабір өмірі делінген. Өйткені рух қабірдегі денесімен белігілі бір байланыста болады.
Қабір, барзах әлемі ерекше бір әлем болғандықтан, өзіне тән заңдылықтары мен өлшемдері де болуға тиіс. Сондықтан барзах әлемінде болатын азапты яки рахатты,
76 77 78
Марям сүресі, 19/40. Фатиха сүресі, 1/4.
Анкабут сүресі, 29/64.
166
-----------------------------------------------------Page 166-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
адамдардың иманына қарай қабірдің қысуы мен қараңғы болуын немесе керісінше кең және жарық болуын бұл дүниеге тән заңдылықтармен түсіну, әсте, мүмкін емес. Оны түсінуге біздің шектеулі ақылымыздың да, мына дүниедегі физикалық заңдылықтарының да өлшемі сай келе бермейді.
Адам баласы қабірге жерленгеннен кейін Мункәр және Нәкир деп аталатын екі періште келіп оған: «Раббың кім? Пайғамбарың кім? Дінің не?» сияқты сұрақтарды қояды. Сұрақтарға жауап берген иманды жандар дүние өмірінен де тамаша, жұмақ өміріне жақын дәрежеде, рақат және ләззат ішінде болады. Ал, сұрақтарға жауап бере алмаған имансыз яки күнәһар жандар дүние өмірінен де бетер, тозаққа жақын кейіптегі азап ішінде ғұмыр кешеді. Демек, қабір адамдардың дәрежелеріне қарай жұмақ бақшаларынан бір бақша яки тозақтың шұңқырларынан бір шұңқырға айналады. Бір хадисте: «Кісі жан тәсілім еткен уақытта таңертең және кешкісін оған отыра- тын жері көрсетіледі. Егер жәннаттық болса, жәннат, тозақтық болса тозақ көрсетіледі. Сосын оған, міне, Алла сені қиямет күні қайта тірілткенге дейін отыра- тын жерің осы делінеді» 79 .
Дүниеде мұсылман құлдардың басына келетін әр түрлі аурулар мен қиыншылықтар дүниеде істелген кішігірім күнәлардың кейбіреулеріне кәффарат болып, сол күнәлардың тазалануына себеп болса, дүниеде де та- заланбайтындай кейбір күнәларға қабір азабы кәффарат болмақ. Қабірде де тазаланбайтындай үлкен күнәлар ақыретке, үлкен есеп күніне аманатталады. Бір хадисте: «Қабір ақырет аялдамаларының алғашқысы, кімде-кім осы аялдамадан аман-есен өтсе, кейінгі аялдамалардан да оңай өтеді , ал өте алмаса кейінгілерді өту одан да
79
Әл-Бухари, Жәнайз/1379.
167
-----------------------------------------------------Page 167-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
қиын болады», - делінеді. Басқа бір хадисте: «Мүшріктер (Аллаға серік қосқандар) қабірлерінде қатты азапқа душар болуда. Олардың (шыңғырған) дауыстарын тек қана жануарлар естиді» 80 , - деп қабір азабының ауыр екендігін білдірілген.
Қайтыс болған кісі үшін артында қалған адамдар көбірек дұға жасап, күнәларының кешірілуін тілеу керек. Пайғамбарымыз (с.а.у.) адамды жерлеп болғаннан кейін қабірдің жанына тұрып былай дейтін: «Бауырларыңыз үшін Алладан кешірім тілеп (иманында) тұрақты етуі үшін дұға етіңдер. Еш күмәнсіз ол қазір сұраққа тар- тылып жатыр» 81 .
Мына дүниеде оқыған құранымыз бен түнде оқыған тәһажжуд намазымыз тар орнымызды кеңейтіп, қараңғы қабірімізді ерекше нұрға бөлейді. Қабір азабына себеп болатын
кейбір күнәлар
Қабір азабына күнәлардың барлық түрі себеп бола алады. Хадистерде айтылған қабір азабына себеп болатын күнәлар мыналар:
- Ғайбат, өсек айту, біреудің сөзін екінші біреуге жеткізу. Кез келген адамның артынан оның көңіліне келетін әрі ренжитін сөздер айту қабір азабына себеп бо- лады.
- Кіші дәретті сындырғаннан кейін тазаланбау.
- Мойнында қарызы болған күйде жан тапсыру. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) «Мүминнің рухы мойнындағы борышы өтелгенге дейін сол борышымен байлаулы» хадисінен мойнында қарызы бар борыштының қабір аза- бын тартатынын аңғарамыз. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бо-
80 81
Муснәд, 6/362
Әбу Даауд, Жәнайз 73.
168
-----------------------------------------------------Page 168-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
рышты кісінің қарызы өтелгеннен кейін ғана жаназа на- мазын оқыған.
- Жалған сөйлеу, Құранды біле тұра ішіндегі айтылғандарға теріс әрекет ету, зина жасау, пайыздық өсім жеу.
Адамдарды алдау, жетімдердің ақысын жеу, мұсылмандардың қателерін, кемшіліктерін іздеу, туған- туыстардан қатынасты үзу, жалған куәгер болу, жан- жануар, жәндіктерге зұлымдық жасау, ұрлық жасау, ар- намысты пәк әйелге жала жабу, нәсібіңе разы болмау сияқты күнәлар да қабір азабына себеп болады.
Қиямет күні
Қиямет деп Исрафил атты періштенің сырнайға алғаш рет үрлеуінен кейін жалпы жаратылыстың, жан- жағымыздағы жүйенің күл-талқан болып қирауын, барлық жан иелерінің өлім құшуын айтады. Қияметтің болуы ақыл қабылдай алмайтындай теріс құбылыс емес. Өйткені барлық жаратылысты жаратып, күллі болмыс атаулыдан үйлесімді таңғажайып жүйе құрған Ұлы Жаратушымыз бұл жүйені бұзамын десе кім кедергі? Кім алдын орап «жоқ» деп айта алады? Кез келген жұлдыздың орбитасы- нан шығып кетіп Жер шарына соғылуы қияметтің болуы- на себеп емес пе? Қияметтің қашан болатыны Құранда яки хадисте білдірілмегендіктен, нақты уақыты бір Аллаға ғана мәлім. Құранда: «Олар сенен қияметтің қашан бо- латынын сұрап жатыр. Оларға айт: Оның қашан бола- тыны жайлы мәлімет тек қана Раббымның жанында ғана. Оның уақытын Одан басқа ешкім білдіре ал- майды. Қиямет көктегіге де, жердегіге де (қиындығы, қорқыныштылығы соншалық) ауыр келеді. Қиямет сендерге кенеттен келеді. Сен оны білетіндей олар сенен (қашан болатынын) сұрастырады. Оларға бы-
169
-----------------------------------------------------Page 169-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
лай деп айт: Қияметтің уақыты жайлы білім тек қана Алланың жанында. Бірақ адамдардың көбісі мұны білмейді» 82 .
Адам баласы үшін қияметтің қашан болатынын білу өте маңызды емес. Қияметтің қашан болатынын білсек те, білмесек те әрбір адамның өлімі сол адам үшін қиямет емес пе? Міне, сондықтан әр адамның қияметі саналатын өлімінен кейін басталатын мәңгілік өмірде бақытқа қол жеткізуіміз үшін ізгі істер істеп, күнәлардан аулақ болуы- мыз ләзім.
Алла Тағала өзінің сүйікті құлдары үшін жәннат мекенінде мына дүниеде бұрын-соңды көзіміз көрмеген, құлағымыз естіп-білмеген, ақылымыз ойлап, елестете алмаған мәңгілік сый-сыяпат әзірлеген. Қиямет немесе ақырзаман көріністері
Ұлы Жаратушының белгілеген уақыты келіп жетіп, дүниедегі сынақ мерзімі бітіп тоқтаған мезет. Исрафил періште Ұлы иесінің бұйрығын алар-алмас ғажайып сыр- найын үрлеп кеп жіберуі мұң екен дүниенің астаң-кестеңі шығып тас-талқан болды. Еш түгесілместей көрінген, тіпті мәңгілік деп болжалған Күн де бүгінде пәнилікке бел бүгіп, мәңгіліктің шынайы Иесін адам баласына ұқтырғандай. Ғасырлар бойы әлемді жарыққа бөлеп, жы- луын толассыз төгіп тұрған күннің де бүгін осылайша нұры сөніп, жер мен қоса көптеген әлем қараңғылыққа қамалды. Көктегі жымыңдаған сансыз жұлдыздардың жарығы сөніп, тас-талқан болған күйде күл боп ша- шылып үрейге үрей қосты. Жердің қазығы кейпінде жаралған биік-биік асқар таулар да көкке көтеріліп ба- рып, жерге құлап, бір-біріне ұрылып, шаң-тозаңға айна-
82
Ағраф сүресі / 187.
170
-----------------------------------------------------Page 170-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
лып, Құранның тілімен айтқанда «түтілген жүндей» болды. Таулар көшіп, сынаптай толқып, әр жерден атқылап шыққан жанартаулар сай-сайды қуалап, алдынан шыққанды өртеп, жұтқан күйде ағып барады. Әшейінде отты сумен өшірсек, бүгін, міне, су атасы теңіздер де өртке айналып, жалын шашып тұр. Жай уақытта аз ғана жер сілкінуден үрейі қашып, жүрегі жарылатын адамның бұл күнгі жағдайын бір ойлаңызшы?! Жер беті қап-қараңғы. Тек әр жерден аққан жанартаулар мен теңізден шыққан қалың өрттің қорқынышқа толы қызғылт түсті жарығы ғана бірде сөніп, бірде жанып, бірде күшейіп, бірде әлсіреп тұр. Бұл көріністерге куә болған тау-тастағы, ну ормандағы жай уақытта бір-бірінен үрке қашатын жабайы аңдар да қорқыныштан бір-біріне үйездеп, бүріскен бойда шоғырланып әр жерде топ-топ боп, шыңғыра шыққан әр түрлі дауыстарымен қорқынышқа қорқыныш қосқан. Иманнан нәсібін ала алмаған «шығайбайлардың» бір-бірімен бәсекелесіп, жарыса соққан ұзын-ұзын, қабат- қабат үйлері күлдей үгітіле құлап, ішіндегі адамдар «ой- бай» деген үйреншікті сөзді ғана айтуға шамалары келіп, жермен-жексен болып, бетондардың астында мыж-тыж боп жаншылған бойда көміліп жатыр. Қорқыныштан не істерін білмей, жүректері аузына келіп, өне бойы қалтырап, не болып кеткенін түсінбей абдырап қалған адамдар. Ары-бері сабылып шырқырай жүгірген жандар бір-бірін танымайды. Бұл күні қорқыныштан аяғы ауыр жүкті әйелдер де түсік тастайды.
Күн-түн демей тер төгіп қол жеткізген байлықтарға да, асыл, құнды дүниелерге де бұл күні ешкім пысқырып та қарамайды. Бұл сәтте асыл тастардың да, алтын- әшекейдің де ешкімге керегі жоқ. Хадисте айтылғандай «масаның сынық қанатынан да құнсыз». Кедей, жарлы- жақыбайларға соқыр тиынын да қимаған «шығайбайлар»
171
-----------------------------------------------------Page 171-----------------------------------------------------
ИМАНИ ГҮЛ
бұл күні амалсыз артта қалып бара жатқан мал-мүлік, дүниелеріне қараған бойда «неліктен бұл күн келіп жет- пес бұрын Алла жолында жұмсап, ізгілікке сарп етпедім?» деп өкініштен бармақтарын шайнайды. Бірақ оларға осы сағатта жасаған бұл өкініштерінен не пайда? Не қайыр? Айқайлаған құлындағы дауыстар, түсініксіз сөздер. Әшейінде тәкаппарланып Ұлы Жаратушысына қарсы шы- ғып, бұл күнді ескертіп келген Құранға да, Пайғамбарға да жалған деп, намаз оқып, ораза ұстап дінге бас иіп, осы күннен қорыққан құдайшыл жандарға мысқылдай күле қарап, оларға «кері қалған, артта қалған байғұстар» лақабын тағып, менсінбей қарайтын кәпірлер де бұл күнде тілі келсе де келмесе де «Лә иләһә иллаллаһ Мухаммадур- расулуллаһ» деу үшін аузындағы қызыл етті алай да бұлай да бұрап көріп, жанталасып, бір өліп, бір тіріліп қылғынып жатыр. Бірақ, олардың Құдіреті шексіздің осындай дүниедегі сынақ уақыты біткен сәтте, әр нәрсенің Оны ашықтан-ашық паш еткен мезгілде келтірген имандары- нан не пайда?! Не үміт?!
Бірақ осы күн келмес бұрын Ұлы Жаратушысына иман етіп, өмірлерін ізгі істермен кестелеген адал жандар бұл қорқынышты оқиғаны, үрейлі құбылысты көрместен, Рахман Иелері тарапынан жіберілген ғажайып хош иісті иіскеген бойда жан тапсырады. Иә, шынайы мұсылмандар осы бір сұрапыл оқиғаны көрмек емес, хадисте бұл жай- лы: «Қиямет тек адамдардың жаманына болады» 83 , - делінеді.
83
Муслим, Фитән 131.
172
-----------------------------------------------------Page 172-----------------------------------------------------