Имани гүл.

Ислам дінін ұстанған мұсылмандардың бүгінгі күні ғылым-білімде артта қалуы неліктен?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам - адамзатты екі дүниенің бақытына жетелер Алла Тағаланың ақырғы діні. Оның дәлелі - Құранның нұрлы аяттарын өмірлерінің сан саласына шамшырақ ете білген мұсылмандар. Иә, Құран қағидаларын берік ұстанып, аяттардың қасиетіне бас иген алғашқы мұсылмандар мәдениетте, ғылымда күллі әлемге ұстаздық етіп, үлгі бола білді. Себебі, Құранның алғашқы аяты «иқра» , яғни «оқы!» деп түскен. Бұл бұйрық тек Құранды жатқа оқу емес, жаратылыс сырларын оқу, адам- ды оқу, жалпы ғаламды зерттеп-зерделеп оқу еді. Құран аяттары мен Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбардың хадистері мұсылмандарды әрдайым білімге, ғылымға үндеді. Тіпті, Пайғамбарымыз (с.а.у.) «ғылым үйрену - әрбір мұсылман ер кісіге де, мұсылман әйелге де парыз» деп, ғылым үйренуді әйел-еркек деп бөліп жатпай, әрбір мұсылман баласына парыз етті. Ғылым іздеуді мектеп, университет сияқты білім ордаларымен, докторлық, профессорлық тәрізді ғылыми дәрежемен яки өмірдің белгілі бір кезеңімен ғана шектемей «ғылымды бесіктен көрге дейін ізде!» деп, үлкен талап қойып, бүкіл өмірді қамтитын нысананы меңзеді. Исламда әрбір ғылым саласы Алла Тағаланың құдіретін, ұлылығын, шеберлігін, шексіз білімін паш етіп, құлды Жаратушыға бір табан жақындататын болғандықтан, мұсылмандар ғылымға жай ғана ізденіс, өзінің атын шығаратын әуестік емес, ғибадат, құлшылық ретінде қараған. «...Білетіндер мен білмейтіндер тең

296

-----------------------------------------------------Page 296-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

бе?...» 166 деп келетін Құран аяттары білетіндер мен білмейтіндердің, сауаттылар мен сауатсыздардың сөз сөйлеуде, өзгелермен қарым-қатынаста, ел басқаруда, бала тәрбиелеуде, жалпы қай қырынан болмасын тең еместігін, тіпті, Алла Тағаланың алдында да бір дәрежеде болмайтындығын ашық ұқтырды. Құран иман еткен жан- дарды әрдайым «ақылға салмайсыңдар ма?», «ойлана- тын ақыл иелері үшін жаратылыста ғибраттар бар», «пікір өрбітпейсіңдер ме?» деген секілді көптеген аятта- рымен қашан да оймен саралауға, ақылға жүгініп, терең пайымдауға, салмақты пікірге шақырды. Тіпті, бір сағат ғылым-білім үйрену исламда бір жылдық нәпіл ғибадаттан да артық саналды 167 . Ислам әркімге еңбегіне қарай несібесі берілетіндігін айтып, Құдайға сеніп қам-қарекетсіз қол қусырып жатудың дұрыс еместігін түсіндіріп, еңбекке, ізденіске шақырды. Мұсылман әрбір ісін Алла Тағаланың назарына ұялмай ұсынардай тиянақты, сапалы істеуі тиіс. Себебі, Құран аяты осыны талап етуде. «Еңбең етіңдер! Себебі, істеріңді Алла Тағала, оның елшісі, жалпы мұсылмандар көреді» 168 .

Дініміздің адамзатты ғылымға қызықтырып, еңбек- ке құлшынтқанын жете түсініп, Құранның әрбір аятын өмірлеріне шамшырақ ете білген мұсылмандардан әр түрлі ғылымның негізін қалаған көптеген ғұламалар шығып, күллі әлемге сара жол қалдырды.

«Жер домалақ па, төрт бұрышты ма, жоқ әлде мидай жазық па? Жер күнді айнала ма, жоқ күн жерді айнала ма?» деп аражігін ажырата алмай, батыс ала шапқын болып жатқан кезде жердің домалақ екендігін VIII ғасырда-ақ тәпсір ғалымдарымыз анық айтып кет-

166 167

168

Зумәр сүресі, 9-аят.

Кашфул-хафа, 1-том, 310-бет. Тахриж ахадисил-Ихиа, 9-том, 291-бет.

Тәуба сүресі, 105-аят.

297

-----------------------------------------------------Page 297-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

кен болса, ХІ ғасырда Әл-Бируни сынды мұсылман ғалымдарымыз ғылыми тұрғыдан дәлелдеген болатын. Ал батыс елі ХІ ғасыр еме с, XVI ғасырдың орта шеңінде де жердің домалақ екендігін дәлелдемек болған Ко- перник, Галилео Галилей сынды ғалымдарын Інжілдің қағидаларына қайшы деген қатігездікпен шіркеудің инквизиция сотына салып, өртейміз деп қорқытып, пікірлерінен айнуға мәжбүр етті. Ал Италияның ғалымы Бруноны пікірінен қайтпағаны үшін аяусыз тірідей өртеп жіберді. Орта ғасырлардағы батыстың ғылымға деген осындай жабайы көзқарасына қарамастан, соңғы ғасырларда ғылым мен технологияда үлкен жетістіктерге жеткендіктерінің арқасында философия мен тарих көбіне еуроцентристік көзқараста жазылып, бүкіл мәдениет пен философияның «бастауы» европалықтар болып шыға келді. Бұл көзқарасты қалыптастырғандықтары соншалық, қай қоғамда болмасын әлі күнге осы жаңсақ пікір жетегінде жүргендер баршылық. Мәдениет, білім, тарих кітаптарында мұсылман ғалымдарының атта- ры тіптен ескерілмеді. Мұсылман мәдениетінің ең бір гүлденіп, шарықтау шегіне жеткен алтын дәуірі әдейі бүркемеленіп, орта ғасырды европалықтар «қараңғылық дәуірі» деп атады.

Қазіргі таңдағы ғылымның дамуына батыстың қосқан үлесін ешкім жоққа шығара алмайды. Алайда, батыстың осындай деңгейге көтеріліп, ғылым мен техно- логия саласындағы көптеген жаңалықтарға қол жеткізуіне мұсылман ғалымдарының үлесі өте зор болғандығы анық. К.В. Бодлейдің айтқанындай: «Қазіргі батыс мәдениеті ренессансқа, ренессанс өз кезегінде исламға қарыздар». Тарихқа үңілсек, мұсылмандардың батыс ғалым- дарынан бұрын көптеген ғылымның негізін қалап, талай- талай жаңалықтарды ашқанына куә боламыз. Алғашқы

298

-----------------------------------------------------Page 298-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

күн сағатын ойлап тапқан орта ғасыр астрономия және ма- тематика ғалымы Жабир ибн Әфлах та мұсылмандардан еді. Ол Батыста «Geber Filius Afflae» есімімен танымал. Химия саласының атасы Жабир ибн Хаййан (721-805): «Материяның ең кішкентай бөлшегі атомда тығыз энергия бар. Грек ғалымдарының айтқанындай атом бөлінбейді деу дұрыс емес. Бұл да бөлінеді. Ал, бөлінген жағдайда Бағдаттың күл-талқанын шығаратындай күш пайда болады. Бұл - Алланың құдіретінің ныша- ны» деп, атом бомбасы жайлы алғаш түсінік берген. Зоология ғылымының алғашқы ұстаздарынан Жаһиз (негізгі аты Әбу Осман Амр ибн Бахр) және сегіз ғасыр бұрын автоматтық жүйені ал-ғаш ойлап тапқан Жәзари (1136-1206), европалықтардан 400 жыл бұрын «Хайатул-Хайауан» атты зоологиялық энциклопе- дия кітабын жазған Демири (1349-1405) (негізгі аты Мұхаммед ибн Муса), европаға математиканы үйреткен Әбу Камил Шужаъ (?-951), Тригонометрияға тангенс, котангенс, синус және косинус заңдылықтарын қосқан математик Әбул Уәфа (940-998), ең алғаш «мәд жәзір» (теңіз суының көтеріліп-түсуі) заңын ойлап тапқан ғалым Әбу Мағшар (785-886) да мұсылман ғалымдардан еді. Сондай-ақ, алғаш рет жүйелі әрі кең көлемді «Әл-Жабр уәл-Мұқабала» атты алгебра кітабын жазып, батысқа ал- гебраны үйреткен ғалым әл-Хорезми (780-850) болған. Әлі күнге дейін бұл ғылым сол кісінің жазған «әл-жабр» атты кітабымен аталғандықтан, «Алгебра» делінуде. Ба- тыста жеті ғасыр бойы кітабы қолдан түспеген астро- номия ғалымы Ферғани (негізгі аты Әбул-Аббас Ахмед ибн Мұхаммед) батыста «Alfraganus» делінеді, агроном саласында орта ғасыр бойы тек мұсылмандар арасында емес, жалпы дүниеде теңдесі жоқ «Китабул-фәлах» атты кітапты жазған Ибн Аууам (ХІІ ғасыр), жиырма тоғыз

299

-----------------------------------------------------Page 299-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

жыл бойы көптеген елдерді, құрлықтарды тынбай аралап зерттеген саяхатшы Ибн Баттута (1304-1369), он екі ғасыр бұрын алғашқы қағаз фабрикасын құрған уәзір Ибн Фазыл (739-805), Wright, Wilbur және Orville атты ағайындылар европада тұңғыш рет 1903 жылы ұшақ жасап, ұшуға қол жеткізсе, бұдан шамамен 1000 жыл бұрын, яғни, 880 жылы ұшақ жасап, ұшуға қол жеткізген Ибн Фирнас (?-888), та- рихты ғылыми негіздеп, жүйелеген алғашқы ғалым Ибн Халдун (1332-1406), туберкулез микробын R. Kochтан 150 жыл бұрын ашқан атақты дәрігер Камбур Уәсим (?-1761), дүниенің диаметрін алғаш өлшеген үш ағайындының бірі Мухаммед ибн Муса, алгебрадағы «Бином» формула- сын тапқан Омар Хайям (?-1123), 400 жыл бұрын қазіргі дүниежүзі картасына өте жақын кейіпте дүниежүзі карта- сын сызған Пири Рейс (1465-1554), тұңғыш рет компасты ойлап тапқан Кабажаки (ХІІІ ғасыр), химия саласында Кантитаф тәсілін ашқан Әбул-Касым әл-Каши (?-1436), 1000 жыл бұрын майда тамырларды тауып, алғаш рет рак ауруына операция жасаған ғалым Али ибн Аббас (?-994) секілді жүздеген ғалымдар мұсылман еді 169 .

Иман - адамда ең киелі де қастерлі нәрсе болса, ис- лам дінінде сол иманның жартысы- тазалық. Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадисінде: «тазалық - иманның жартысы» деген. Тазалыққа мұнша көңіл бөлгендіктен ибн Сина, әр-Рази, Абдулқаһир және Сахир Ибн Насруллаһ секілді ислам ғалымдары жуынудың адам денсаулығына пайдасын егжей-тегжейлі зерттеген. Емханаларда жуыну үшін арнайы орындар бөлінген. Көптеген үйлердің жанын- да моншалар болған. Ал европада болса, монша ұғымы деген тіптен жоқ еді. Европалықтардың ІХ ғасырда жуына бастағаны белгілі. ХVІІ ғасырларда Испанияның инкви-

169

Шабан Дөген, Мүслүман илим Өнжүлери ансиклопедиси. Ста - бул, 1984 ж.

300

-----------------------------------------------------Page 300-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

зиция сотында мұсылман испандықтар мен христиандар тазалығына қарап ажыратылатын болған.

Сабынды да алғаш қолданған мұсылмандар еді. Сондықтан мұсылман елдерінде базарларда сабынның хош иісі аңқып тұратын. Батыс тілдерінде сабынға «savon» делінсе, ағылшын тілінде «soap» делінуде. Бұл батысқа сабынның мұсылмандардан өткендігінің белгісі болса ке- рек.

Ислам пайғамбары Мұхаммед (с.а.у.): «Ей, Алла Тағаланың құлдары, емделіңдер! Құдай түсірген кез- келген дерттің дауасы бар. Тек кәріліктің дауасы жоқ» 170 деп, емі жоқ аурудың жоқ екенін білдіріп, мұсылмандарды емделуге, ем іздеуге шақырды. Сондықтан исламда дәрігерлік, емхана саласы ерте дамып, басқа адамдарға жол көрсетіп, бағыт берді. Оныншы ғасырдың орталарында бір ғана Кордова қаласында елуден астам емхана болған. Біз қазір қолданып жүрген әлемдік терминдегі «медици- на» сөзі Ибн Синаның атымен тікелей байланысты деген де көзқарас бар. Бұл көзқарас бойынша «Медед» арабтың «көмек» деген сөзі, ал оның артына қосылған «Сина» сөзі Ибн Синананың аты. Сонда «Синаның адамзатқа көмегі» деген мағынаны білдіреді. Ибн Синаның медицина са- ласы бойынша жазған «Шифа» атты кітабы әлемнің әр түрлі тілдеріне аударылып, алты ғасырдай дәрігерлердің қолдарынан түспейтін дерек көзіне айналды. Тіпті, әлі күнге дейін батыс сөздіктері Ибн Синаға «дәрігерлердің патшасы» деген түсінік беруде. Кейінгі дәрігерлік сала- сы дамығанға дейін батыста Ибн Сина теңдессіз ұстаз қабылданды.

170

Мусаннафу Ибни Әби Шәйба, 5-том, 421-бет. Қосымша мына кітаптарға қараңыз: Сунану Ибни Мәәжа, әл-Мустадрак алас- сахихайн, әл-Муғжамул-кабир лит-Табарани, Шуғабул-иман лил-Бәйһақи.

301

-----------------------------------------------------Page 301-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

Батыста психикалық ауруға шалдыққан адамдар- ды «ішіне шайтан кіріп алған, жын иектеген» деген түсінікпен абақтыларға қамалып, тоқпақтау арқылы емделетін. Тіпті, Інжілге қарсы келетін сөздері үшін оларды өлтіруге дейін баратын. Ауырып жатқан адам дін адамының алдында күнәсін айтып, мойындамаса, ол адам өлмеші халде болса да, оны дәрігерлердің емдеуіне қатаң тыйым салатын. Емдеген жағдайда христиан дінінен шығарылатын. Поптардың түсінігі бойынша, дәрі - тәңір- ге деген күпірлікке жетелейтін жол. Бұл жайлы шіркеу мұғалімі Татиан былай дейді: «Дүниелік дәрілерге, шөп пен тамырларға сенім арту - тәңірге деген сенімсіздік. Адамдарды тәңірден алыстатқысы келетін шайтандар мен лас рухтар иманы әлсіздерді алдауда» 171 .

Кейіннен батыс елі мұсылмандардан көп нәрсе үйренді. Батыста орын тепкен Андалусия ол кез- де мұсылмандардың қолында еді. Қазіргі Испания ол кездері мұсылмандардың ғылым мен мәдениет орталы- ғы болатын. Бар ғылым мен мәдениет батысқа ашылған о сы мұсылман өлке сінен тарайтын. Андалусияның Кордова қаласының бір ғана кітапханасында 600 000- ға жуық қолжазба кітаптар бар еді. Ал ІХ ғасырда батыстың ең бай деген Сенегалдағы кітапханасында 400 дей ғана кітап бар болған көрінеді. Кейіннен батыс мұсылмандардан әсерлене бастаған шақта Сен Венсан кітапханасында кітап саны 11000-ға жетті. Мен бұларды батысты жамандау үшін еме с, тек тарихи шындықты жеткізу мақсатында айтып отырмын. Шіркеудің ғылымға деген о сындай қараңғылығының салдарынан батыста ғылым мен мәдениет едәуір артта қалған еді. Бірақ батыс ХVІІІ ғасырда шіркеудің үстемдігін құлатып, саналарын

171

Шабан Дөген, Мүслүман илим Өнжүлери ансиклопедиси, 32-бет.

Стамбул, 1984 ж.

302

-----------------------------------------------------Page 302-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

билеген шектеуден азат болғаннан кейін ғана ғылым көкжиегіне еркін қанат қақты. Бүгінгі таңда батыс ғылым мен технологияда алдыңғы қатарда. Дейтұрғанмен, дінсіз ғылым да өзінің кері нәтиже сі мен кемшіліктерін байқатпай қалған жоқ.

«Ғылым деген бұл болса - адыра қалсын,

Демеске бара жатыр ішім толып» 172 -деп Шәкәрім Құдайбердіұлы жырлағандай дінсіз, руханиятсыз ғылым адамға кейбір тұстарда қасірет әкелді. Ол атом бомбасы боп жарылып, оқ боп бейкүнә жандарға атылды. Руха- ниятсыз ғылым өзгелерді қанауға қолданылды. Соңында «клондауды» шығарып, жаратылысты жаратуға адамның да құдіреті жетеді дегендей күпірлікке барды. Ол - ол ма? Оны адам деген киелі жаратылысқа да қолдануға шақ қалды. Қолдан ұрықтандыруды дамыта келе ешбір шектеусіз оны адамға да қолдана бастады. Сөйтіп, ер адамдардың спермалары сатылатын сперма банкалары пайда болып, әйелдер тұрмысқа шықпай-ақ жүкті болу мүмкіншілігіне ие болды. Нәтижеде әйелдер «күйеу» деген Құдай қосқан жұбынан айрылды. Тіпті, оларды керек те қылмайтын болды. Балалар болса тумай жатып жетімдік көріп, дүниеге әкесіз келді. Киелі ұғым, ата-тек әбден шатасты. Ежелгі қастерлі ұғымдар бүгінде «ескінің сарқыншағы», «керітартпалық» саналса, небір сорақы әрекеттер «ғылым, мәдениет, даму, әйел еркіндігі» деген ұранменен көкке аспандатылды. Міне, мұның бәрі ру- ханиятсыз ғылымның жемісі екені сөзсіз. Бүгінгі таңда батыстың ғылымда, технологияда өркендегенімен руха- ни азғындап, тығырыққа тірелгені баршаға мәлім. Дінсіз жерде ғылым құлды Құдайға жақындатудың орнына, керісінше, оны алшақтатты. Адамды «мен жасадым, мен

172

Шәкәрім, Өлеңдер мен поэмалар, 139-бет. Жалын баспасы,

Алматы 1988 ж.

303

-----------------------------------------------------Page 303-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

бүйттім» деген тәкаппарлыққа тәрбиелеп, азғындауға душар етті. Атақты ғалым Эйнштейн: «Дінсіз ғылым - ақсақ болса, ғылымсыз дін - көр», - деп бекер айтпаса ке- рек. Қысқасы, дінсіз жерде ғылым, ғылымсыз жерде дін болмайды. Құранның алғашқы аятына назар аударсақ, «Оқы, жаратқан Раббыңның атымен!» делінеді. Яғни, Ұлы Құдіретті танытудан ада, Оның ризашылығы жоқ оқу - ғаламға пайдасынан гөрі зиянын тигізбек. Ыбырай Алтынсариннің:

«Бір Құдайға сыйынып,

Кел, балалар, оқылық!»-деп, оқудың жанына жарату- шы иеміз Алла Тағаланы да қосуы, ақын Мұқағалидың:

«Қол қусырып Құдайға,

Ғылым мен дін бірге бар!» 173 -деуі де бекер болмаса

керек-ті.

Өкінішке орай, кейбір адамдардың «Батыс діннен алшақтағанда ғана ғылымда қайта өрлеу дәуірі бастал- ды, дамушылық белең алды. Мұсылмандар да діндерінен алшақтар болса, бәлкім, артта қалудан құтылар ма еді» дегенін де құлақ естіп жүр. Алайда, батыс бізге өлшем емес. Батысты мұсылмандармен салыстыруға мүлде болмайды. Себебі, сол кездегі шіркеу ғылымға қатты қарсы болғандықтан, батыстың одан құтылған шақта да- муы табиғилық. Ал, ислам діні ешқашан ғылымға қарсы болмаған. Тіпті, әрдайым қолдап отырған. Сондықтан дінді жақсы түсініп, Құранға құлақ асқанда ғана мұсылмандар ғылымда шарықтап, мәдениетте өркендеген. Әлемге ғасырлар бойы ұстаздық еткен. Алайда, Құран қағидаларынан алшақтап, өзгелерге ес-түссіз еліктеп, өз тектерінен адасып, қастерлі ұғымдарды аяқасты ет- кен кездері еріксіз кері кетушілік бой көрсетті. Ғылымда

173

Мұқағали шығармалары, 2-том, 26-бет. «Жалын» баспасы,

2001ж.

304

-----------------------------------------------------Page 304-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

артта қалып, сауатсыздықтың шыңырауына құлады. Ендеше, мұсылмандардың артта қалуы Ислам дінінің керітартпалығынан емес, керісінше олардың өз діндерінен алшақтауында, Құранның өміршең қағидаларын жаңа өмірге сай дұрыс түсіне алмауларында жатыр. Содан барып жақсы мен жаманның парқын білмейтін, дос пен дұшпанды ажырата алмайтындай мешелдікке ұрынды. Өз құндылықтарын мақтан ете бойын тік ұстаудың орнына, өзгелердің жылтырақ мәдениетінің алдында бүгежектеп өздерін төмен санаудан аса алмады. Ынтымақ-бірліктеріне сызат түсті. Талқыланатын қаншама маңызы зор мәселелер бола тұра түймедей жайттар түйедей етілді. Сол бол- машы нәрселерге бола бір-бірімен қызыл кеңірдек боп айтысып-таласып, жаға жыртысуға дейін барудан тайын- бады, береке-бірліктен айрылды. Ал береке-бірлік кеткен жерде даму емес, тек кері кетушілік қана болады. Иә, бұл айтылғандар мұсылмандардың артта қалуының негізгі себептері. Бұған қо са, кешегі тарих беттеріндегі шытырман оқиғалар да мұсылмандардың сергелдеңге түсіп, сансырауына себеп болды. Бұған орта Азияның ғылым мен мәдениет ошағы Отырар- ды, сан ғасырлар бойы мұсылмандарға ғылым-білімде орталық болған Бағдат шаһарын жалмап жұтқан моңғол-татар шапқыншылығын, бүкіл батыстың шоғырланып мұсылмандарға е с жиғызбай неше қайтара жасаған «крест жорығын», ғылым мен өнерде күллі адамзаттың мақтанышына айналған «Андалусияның» мұсылмандардың уысынан шығуын, «Осман империясының күйреуін» жатқызуға болады.

Андалусияны (қазіргі Испанияны) христиандар жаулап алған уақытта, мұсылмандардың мәдениетін,

305

-----------------------------------------------------Page 305-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

ғылымы мен білімін ойрандай етіп 174 , кітапхаларындағы бар құндысын талан-таражға салып, өз елдеріне әкетті 175 . Сөйтіп, Андалусия батыстың қазіргідей ғылым-білімде дамып-жетілуіне жағдай жасады.

Кешегі, ғасырлар бойы төрткүл дүниені аузына қаратып, мәдениет пен ғылымда өзгелерден оқ бойы озып шығып, оларға жетекшілік еткен ата-бабаларындай бола- мыз десе, бүгінгі мұсылмандар да Құранның нұрлы аятта- рын өмірлерінің әр саласына шамшырақ ете білуі керек. Құран аяттарын заманға зай тапсірлеп, жорамалдай білуі қажет.

174

175

Бір ғана Гырнатаны қолға түсірген уақытта қаланың ортасында мұсылмандардың 80000-ға жуық кітабын өртеп жіберді.

Ахмет Гүркан, Ислам күлтүрүнүн гарбы меденилештирмеси,

230-бет.

306

-----------------------------------------------------Page 306-----------------------------------------------------

Рухтың денеден денеге өтуі, яғни, «реенкорнация» сенімі дұрыс па?

Рухтың бір денеден екінші денеге өтуі ғылымда « ре- енкорнация» немесе «тәнасұх» (ислами) деп аталады. Бұл жаңсақ наным-сенім бойынша, рух қонған денелердің барлығы оның сыртқы шапаны іспетті. Өмір - үлкен мек- теп. Бұл өмірге қайта келіп, кем-кетігіңді толықтыруға болады. Рух өзінің кемел дәрежесіне жеткенше денеден- денеге өтіп, үлкен мектепті тәмамдайды екен.

Бұл сенімнің негізінде өлімнен қорқу, жер бетінде мәңгі өмір сүруге деген құштарлық, дүниеде кездесетін жаманшылықтарды өзінше түсіндіру сияқты психологиялық себептер жатыр. Яғни, өлуді қаламайтын адамдар бұл сенім арқылы өздерінің мәңгілік өмір сүруге деген құштарлықтарын қанағаттандырмақ болған. Реенкорнация сенімінің нақты қай жерде бастау алғаны белгісіз. Кейбір деректер бойынша, бұл көзқарас көне Мысырдан бастау алған. Тарихшы Геродот та осы- ны мақұлдаған. Өйткені, көне Мысырда өлген адамның жаны жануарлардың, әсіресе, құс немесе жыланның денесіне өтіп, сол жерде өмірін жалғастырады-мыс де- ген наным болған. Ежерлгі мысырлықтар дене өле сала, рух құрлықта болсын, мейлі суда болсын бірнеше жан- жануардың дене сін аралағаннан кейін қайта айналып адам дене сіне қонады деген пікірге сенген. Перғауындар заманында Пирамидалардың салынуына да о сы бір түсініктің ықпал еткені мәлім.

307

-----------------------------------------------------Page 307-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

Ал басқа дерек көздеріне сүйенсек, бұл жалған сенім Мысырда ғылыммен айналысқан Пифагор арқылы грек- терге, осылайша батыс әлеміне жеткен.

Шығыста тәнасұх сенімінің ең көп тараған жері -Үндістан. Ганга және Сент өзендерінің бойында өмір сүрген тұрғындар адам өлгеннен кейін жаны құсқа ба- рып қонады, сол арқылы тіршілігін үзбейді деген пікірге иланған.

Бұл сенім түрлі қоғам мен мәдениеттердің ерекшеліктеріне, уақыттың өтуіне қарай әр түрлі си- пат алып, өзгерістерге ұшырап отырған. Сондықтан бұл жалған көзқарас көне Греция, Мысыр, Үндістан, Қытай, Иран елдерінде әр түрлі. Айталық, тәнасұх пікірі Үндістанда жалпыға ортақ кейіпте болса, Будда мен Брах- ман діндерінде аңыз ретінде сипатталады. Тіпті мынадай ой қалыптасқан: «Тазарған күнәсіз рухтар Нирванаға қол жеткізеді, ал күнәһар рухтар болса, тазарғанға дейін аңдар мен айуандардың денелерінде көшіп жүреді». Көне мысырлықтар реенкорнацияны адамнан жануарға, жануардан қайтадан адамға өту деп түсінген. Иранда бол